Главная страница
Навигация по странице:

  • Активтік бақылау

  • 10-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеузертханалары (орталықтары) және өлшемдердiорындау әдiстемелерiн метрологиялықаттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар

  • Эксперт аудиторларға қойылатын талаптар

  • Тәжірибе жүргізуші эксперт аудиторлар білуі және қолдануы тиіс

  • EN 45001 «Тəжірибелік лабораторияның əрекеттеріне қойылатын жалпы талаптар »

  • 6. Тәжірибеге әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар

  • 7. Сертификаттық тәжірибелер жүргізудің маңызы

  • Өлшеу

  • 8. Сәйкестікті бекіту және зертханаларды аккредиттеу ұйымдары

  • 9. Өлшеу, талдау және жақсарту

  • 10. Импорттық өнімдерді сертификаттау.

  • 11.Тәжірибелік зертханалар орындарына қойылатын талаптар

  • 1

  • 13.Аккредиттеудің ұлттық жүйесі.

  • аккредиттеу. 1блок. Сапаа жетуді проблемалары


    Скачать 116.09 Kb.
    Название1блок. Сапаа жетуді проблемалары
    Анкораккредиттеу.docx
    Дата08.05.2018
    Размер116.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааккредиттеу.docx
    ТипДокументы
    #19035
    страница3 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    4.Өлшеу құралдары мен тәжірибелерді бақылау. Өлшем құралы - өлшем жүргiзуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал; Тəжірибенің мақсаты : өнім сипаттамаларын бағалаудың сандық және сапалық нәтижелерін алу. Бақылаудың мақсаты: өнімнің нормативтік құжаттардағы көрсетілген талаптарының тәжірибе нәтижелерімен сәйкестігін бекіту. Бұл мақсаттарды эксперттер шешеді, яғни бақылаудың мақсаты эксперттік бағалау деуге болады. Сертификаттауда бұл екі операция параметрлерді өлшеумен байланысты.Сапа және қызмет көрсету жүйелерін сертификаттауда өлшеу техникасы қолданылмайды: көз арқылы немесе сезім органдарының сезгіштігімен анықталады. Персоналды сертификаттауда тек бекітілген ережелер бойынша емтихан алынады.Аккредиттеу саласы өтініш берілген өнімге қолданылатын сәйкестікті растау үшін, кез-келген ұйымға жүгінуіне болады. Өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растау кезінде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін. Төменде берілген таблицада сертификаттау кезіндегі қолданылатын бақылау түрлерінің классификациясы келтірілген .

    І. Кешенге байланысты бақылау түрлері : өнімді бақылау. қызмет көрсету, сапа жүйелері, персонал. Барлық кешендер шикізат, материалдар, өнімдер, қондырғылар мен инструменттер бекітілген ережелер мен нормативтерге сәйкес бақыланады. Бақылауға алынатын кешендерден басқа сапа жүйесінің элементтері мен өндірістің процестер барысы бақылауға алынады. Станокта, престе жасалатын операцияларды бақылау – операциялық деп аталады. Детальдарды, өнімдерді жасағаннан соң, қабылдау тексерісі, жинақтау, тасымалдау және сақтау процестері бақыланады. Қабылдау тексерісі мемлекеттік стандарттарға, жалпы-техникалық жағдайларға сәйкес өткізіледі. Өндірістегі кешендер мен процестердің кензеңдерін бақылау болуы мүмкін: тез уақытта-өткізу мерзімі анықталмаңан; периодты түрде - белгіленген уақыт аралығында өткізіледі; үздіксіз – тұрақты үнемі өткізіледі;

    ІІ.Бақылау құралына байланысты : көзбе-көз, сезім органдарын қолдану арқылы, инструментальдық әдістерге бөлінеді.

    ІІІ. Өнімнің көлеміне байланысты бақылау әдістері бөлінеді: түтас – яғни шығарылатын өнімнің әрбірін тексеру арқылы жүргізіледі, ал таңдалған әдіс бойынша белгілі партиялардың тексерісі бойынша шешім қабылданады. Өндірістік процестің жұмысына әрекет ету сипатына байланысты активтік және пассивтік бақылау түрлері болады. Активтік бақылау – алынған нәтижелер өнімді жасау процесін үздіксіз басқаруға қолданылады. Пассивтік бақылау - алынған нәтижелерді тек тіркейді.

    5.Тәжірибе жүргізушілерге қойылатын талаптар. Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шiлдедегi Заңының 10-11 баптарында көрсетілгендей жүзеге асырылады. 10-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеузертханалары (орталықтары) және өлшемдердiорындау әдiстемелерiн метрологиялықаттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар: 1. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар өз қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

    2. Салыстырып тексеру зертханалары (орталықтары) өнiм (көрсетiлетiн қызмет) өндiрушiлерден (орындаушылардан), өнiмдi (көрсетiлетiн қызметтi) берушiлерден және тұтынушылардан тәуелсiз болуға тиiс. 3. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес - шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердiң шама бiрлiктерi ұлттық эталондарынан шама бiрлiктерiнiң өлшемдерiн алу арқылы өлшемдердiң қадағалануын қамтамасыз етуге тиiс.

    11-бап. Аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi,өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағысарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар. 1. Аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады. 2. Аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар өз қызметiн еңбек не азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде жүзеге асырады. Эксперт аудиторларға қойылатын талаптар: сол салада жоғары білімі бар, аккредиттеу, аттестаттау, сәйкестікті бағалау және эканомика саласында тәжірибесі бар мамандар болуы керек. Тәжірибе жүргізуші эксперт аудиторлар білуі және қолдануы тиіс: ҚР Заңдарының негізін білуі тиіс;стандарттау, сертификаттау, т.б нормативтік құжаттарды білуі тиіс;Өнім сапасын бағалау принциптерін, әдістерін, тексеруді, өндіріс жағдайын талдауды және есепті дайындауды, тексеруді ұйымдастыруды білуі тиіс; этика мен психологиялық негіздерді білуі тиіс, т.б.

    EN 45001 «Тəжірибелік лабораторияның əрекеттеріне қойылатын жалпы талаптар » Еуропалық стандарт ИСО /МЭК стандарттарын басшылыққа алады . Стандарт тəжірибелік лабораторияларға келесі талаптарды қояды : 1) міндетті түрде заңдық статусын анықтау; 2) лабораторияның тәуелсізлігі, адалдығы және сенімділігі; 3) белгілі тәжірибелерді өткізуге біліктілігі; 4)барлық талаптарды орындауға жауапты ұйымдастыру құрылымы бойынша техникалық басшылықтың болуы; 5) лабораторияның бағытын көрсететін құжаттық ережелердің болуы; 6) сәйкес білімі, техникалық біліктілігі мен тәжірибесі болуы қажет,т.б.

    6. Тәжірибеге әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар

    Сыртқы əрекет факторлары (СƏФ) көбінесе қауіпсіздік талаптарын анықтайды жəне міндетті түрдегі сертификаттауда бағаланады. Өнімнің сенімділігі негізгі тұтынушылық қасиет ретінде нарық жағдайында бəсекелестікте маңызды рөль атқарады. Сенімділік көрсеткіштері ерікті сертификаттаудабағалау қасиеті ретінде қолданылады. Өнімге əсер етуіне байланысты барлық (СƏФ) келесі кластарға бөлінеді: механикалық, биологиялық, радиациялық, электр-магниттік өрістер, арнайы орталар, климаттық, термикалық.

    Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің қызмет етуіне байланысты, яғни, көзделген сападағы өнімді шығара алу мүмкіндігі. Оларды келесідей түрлерге классификациялайды: техникалық, ұйымдық, экономикалық, қоғамдық.

    Техникалық факторлар ең қарапайым жолмен өнім сапасына әсер етеді. Жаңа технологияны енгізу, жаңа материалдарды пайдалану бәсекеге қабілетті өнім шығаруға тікелей әсер етеді.

    Ұйымдық факторлар өндірісті және еңбекті жетілдірумен, өнім сапасына жауапкершілікті жіне өндірістік тәртіпті жоғарылатумен, қызметшілердің білімнің сәйкес деңгейде жетілдірілуімен байланысты.

    Экономиалық факторлар өнімді реализациялауға кеткен шығындарға байланысты.

    Қоғамдық факторлар жұмыс жағдайын жақсарту үшін қолданылатын фактор

    7. Сертификаттық тәжірибелер жүргізудің маңызы

    Өлшеу, тəжірибе жəне бақылау сертификаттау кезінде сəйкестікті бағалаудың негізгі əдістері болып табылады. Оларды қолдану ерекшеліктері сертификаттау мен тəжірибелік лабораториялар шешетін талаптарымен анықталады.

    Өлшеу - шаманың мəнін анықтау. Өлшеу нəтижесінің деңгейінің нақты мəнге жақындауы. Өлшеу қателіктері - ��өлшеу

    Тəжірибе - шаманың мəнін берілген режімде жəне əрекет етуші факторларға сәйкес анықтайды. Тəжірибе режімі мен əрекет етуші факторлар сəйкес келуі керек. ��б= ��р+��ф +��өлшеу. ��р - режім қателігі, ��ф - фактор қателігі.

    Бақылау - берілген интервалда шаманың берілген режімде жəне əрекет етуші факторларға тəн анықталынуы. I – ші жəне II – ші текті қателіктердің ��б ескергендегі ықтималдылығы.

    Тəжірибенің мақсаты: өнім сипаттамаларын бағалаудың сандық және сапалық нәтижелерін алу.

    Бақылаудың мақсаты: өнімнің нормативтік құжаттардағы көрсетілген талаптарының тәжірибе нәтижелерімен сәйкестігін бекіту. Бұл мақсаттарды эксперттер шешеді, яғни бақылаудың мақсаты эксперттік бағалау деуге болады. Сертификаттауда бұл екі операция параметрлерді өлшеумен байланысты.Сапа және қызмет көрсету жүйелерін сертификаттауда өлшеу техникасы қолданылмайды: көэ арқылы немесе сезім органдарының сезгіштігімен анықталады. Персоналды сертификаттауда тек бекітілген ережелер бойынша емтихан алынады.Аккредиттеу саласы өтініш берілген өнімге қолданылатын сәйкестікті растау үшін, кез-келген ұйымға жүгінуіне болады. Өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растау кезінде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін. Төменде берілген таблицада сертификаттау кезіндегі қолданылатын бақылау түрлерінің классификациясы келтірілген. Кешенге байланысты бақылау түрлері: өнімді бақылау. қызмет көрсету, сапа жүйелері, персонал. Барлық кешендер шикізат, материалдар, өнімдер, қондырғылар мен инструменттер бекітілген ережелер мен нормативтерге сәйкес бақыланады. Бақылауға алынатын кешендерден басқа сапа жүйесінің элементтері мен өндірістің процестер барысы бақылауға алынады. Станокта, престе жасалатын операцияларды бақылау – операциялық деп аталады. Детальдарды, өнімдерді жасағаннан соң, қабылдау тексерісі, жинақтау, тасымалдау және сақтау процестері бақыланады. Қабылдау тексерісі мемлекеттік стандарттарға, жалпы-техникалық жағдайларға сәйкес

    8. Сәйкестікті бекіту және зертханаларды аккредиттеу ұйымдары

    Сəйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханаларды аккредиттеу техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкес жүзеге асырылады. Аккредиттеу субъектілері: сəйкестікті растау ұйымдары, зертханалар болып табылады. EN 45003 стандарты бойынша аккредиттеудің типтік схемасы:



    Басқарушы кеңес: осы ұйымның жұмысына тәуелді министрліктер, кәсіподақ және басқа құрылымдардан тұрады.

    Бақылаушы кеңес: аккредиттеу ұйымын құрған мұшелерден тұрады, кеңес ұйымды басқарады.

    Ұйымның басқарушы дирекциясы: басшы,эксперт-аудиторлардан құрылған, секретариат және бухгалтерия.

    Сапа жүйесін қамтамасыз етуші: сапаны басқару саласында тәжірибесі бар штаттық жұмыскер.

    Апелляциялық комиссия: ұсынушылардың тарапынан түскен арыздарды қарастырады. Аккредиттеу комиссиясы: аккредиттеуді жүргізетін эксперттердің отчеттерін қарап шешім қабылдайды.

    Секторлық комитеттер: аккредиттеу салалары бойынша әртүрлі ұйымдардың мамандарынан құралған, ережелер мен процедураларды жобалау үшін. Аккредиттеу кезеңінде егер керек болса, сырттан эксперттер шақырылады. Аккредиттеу ұйымының үш бөліктен тұратын құжаттары болады: 1) Аккредиттеу ережелері бойынша жалпы құжаттар. 2) Аккредиттеу процедураларына арналған ішкі құжаттар. 3) Ұйым және оның жұмысы туралы ақпараттық мәліметтер

    9. Өлшеу, талдау және жақсарту

    Мәліметтерді өлшеу фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау үшін өте маңызды. Жоғарғы басшылық ұйымның нәтижелік жұмысы мен мүдделі тараптардың қажеттіліктері қанағаттандырылғанына сенім білдіру үшін мәліметтердің тиімді өлшенуін, жинақталуын және валидациясын қамтамасыз ету қажет. Бұл қызметке өлшеудің нақтылығы мен мақсаттары, сонымен қатар ұйымды құндылықтармен қамтамасыз етуге арналған мәліметтердің болжамды түрде қолданылуы кіреді.

    Ұйым міндетті түрде өз қызметін жақсарту және олардың іске асырылуын тіркеу бойынша әрекеттердің мониторингін ұдайы жүзеге асырып отыруы тиіс, себебі бұл алдағы уақыттағы жақсартулар үшін мәліметтерді қамтамасыз етуі мүкін.

    Жақсарту бойынша қызмет барысында алынатын мәліметтерді талдау нәтижелері сол ұйымның қызметін жақсарту жөніндегі ақпаратты қамтамасыз ету мақсатымен басшылық тарапынан талдау үшін кірістердің бір қызметін атқарады.

    Өлшеу, талдау және жақсарту кезінде төмендегілерді ескерген жөн:

    - өлшеу деректерін ұйым пайдасына шешілетін ақпаратқа және білімге түрлендіру қажет;

    - өнім немесе үрдістердің өлшеу, талдау және жақсарту жұмыстарын ұйымның сәйкес приоритеттілігін орнатуда қолдану керек;

    - ұйым қолданатын өлшеу әдістерін мезгілімен талдап отыру керек, ал деректерді тұрақты негізде дәлдік пен толықтығына верификациялау керек;

    - жеке үрдістердің ең жақсы жетістіктерімен салыстырылуын үрдістердің нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту құралы ретінде пайдалану қажет;

    - тұтынушылардың қанағаттануын өлшеуді ұйым қызметін бағалау үшін өмірлік маңызды құрал ретінде қарастыру қажет;

    - өлшеулерді қолдану, алынған ақпаратты жинау, оны барлық мүдделі тараптарға жеткізу ұйым үшін өте маңызды және қызметті жақсарту, мүдделі тараптарды тарту негізін құрайды; мұндай ақпарат өзекті болуы және дәл анықталып тағайындалуы тиіс;

    - өлшеулерді талдаудан шығатын ақпаратты жіберудің сәйкес құралдарын қолдану керек;

    - мүдделі тараптармен байланысты қолдау нәтижелілігі мен тиімділігін ақпараттың уақытында және дәл түсініктілігін орнату үшін өлшеп отыру міндетті;

    - егер үрдістер көрсеткіштерінің критерийлері мен өнім сипаттамалары тұтынушыларды қанағаттандыратын болса, бұрынғыдай мәнін толық түсіну мақсатында сипаттамалары туралы деректердің мониторингі мен талдауын жүргізу міндетті;

    - сәйкесінше статистикалық немесе басқа да әдістерді қолдану үрдіс сияқты өлшеу ауытқуларын түсінуге, сонымен қатар осындай ауытқуларды басқару көмегімен үрдіс көрсеткіштері мен өнім сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік туғызады;

    - менеджмент жүйесін дамыту толықтығын, ұйым қызметінің деңгейін бағалау, сондай-ақ қызметті жақсартуға арналған мүмкіндіктерді анықтау мақсатында өзіндік баға беруді уақытында қарастырған жөн.

    Ұсынылатын қызмет көрсетудің талаптарға сәйкестігін растау сол қызметтің операциялық және шығыс бақылауының үрдісінде іске асырылады. Кәсіпорында көрсетілетін қызмет сапасының өзгерісіне уақытында мониторинг жасалады және оған талдау жүргізіледі, соның ішінде, нәтижесінде жақсарту бойынша ұсыныстар қалыптасатын статистикалық әдістерді қолдану арқылы талдау ең маңыздысы болып есептеледі.

    10. Импорттық өнімдерді сертификаттау. ҚР техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде импортталатын өнімге қатысты келесі іс әрекеттер бекітілген:

    • Келісімге қатысушылар ТМД елдері берген сәйкестік сертификатын мойындау.

    • Қазақстан Республикасы Мемстандартымен аккредиттелген шетелдің сертификаттау бойынша органдарының берген шетел сертификаттарын мойындау

    • Сертификат ұстаушы болып келетін заңды тұлға немесе сертификат беруші сертификаттау органымен расталған, келісімге қатысушылар ТМД елдері берген сәйкестік сертификаттар көшірмесін мойындау

    • Қазақстан Республикасы ТР МЖ бекітілген талаптарға сәйкес өнімді сертификаттау.

    ҚРда аталған құжаттар болмаған жағдайда өтінім беруші ұсынған, импорттаушы елдің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізіледі. Халақаралық, мемлекетаралық, ұлттық және аймақтық жүйелер немесе ҚР саудадағы серіктес елдерінің сертификаттау органдары берген шетел сертификаттарын мойындау туралы шешімді ҚР Мемстандарты осы жүйелерге қосылу немесе сол жүйелермен сәйкес келісім жасау арқылы қабылдайды. Келісімге қол қойылғаннан кейін Мемстандарт қол қойылғанын және мойындау шарттарын сертификаттау органдарына мәлімдейді. ҚР территориясына әкелінген өнім, кедендік мағлұмдамалау органдарында бекітілген ретпен кедендік рәсімдеуден өтеді. Сырттан әкелінген өнімді кедендік тексеруден өткізуге қажетті құжаттардан басқа негіз болатын құжаттар:

    • Келісімге қатысушы: ТМД елі сертификаттау органының сертификаты немесе сәйкестік белгісі;

    • ҚР ТР МЖ орнатылған рет бойынша аккредиттелген шетел ұйымдарының сертификаты немесе сәйкестік белгісі;

    • Сертификаттау органдарында тіркелеген өнімнің қауіпсіздігі туралы өтінім декларация.

    11.Тәжірибелік зертханалар орындарына қойылатын талаптар. Тәжірибелік зертханалар өз қызметін аккредиттеу туралы Заңға, ҚР Техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігінің тұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Тәжірибелік зертханалары өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден(орындаушылардан), өнімді берушілерден (көрсетілген қызметті) берушілерден және тұтынушалардан тәуелсіз болуы тиіс. Тәжірибелік зертханалары ҚР-ның өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес – шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамтамасыз етуі тиіс.

    1. Кез келген зертхананың заңдық статусы болуы тиіс

    2. Зертхананың тәуелсіздігі,әділдігі және қолсұқпаушылығы

    3. Тәжірибе жүргізуге зертхананың мамандалуы

    4. Барлық жұмысқа жауап беретін техникалық басшылықтың болуы

    5. Зертхананың белгілі бір бағытта жұмыс істеуіне арналған құжаттардың болуы тиіс

    6. Сәйкес білімдері,мамандары болуы тиіс

    Зертхана сәйкес замандық қондырғылармен жасақталуы тиіс. Аккредиттеу органдарымен бірге жұмыс істеуі тиіс.

    12.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары. ГОСТ 8. 009 бойынша өлше құралдарының төмендегідей сипаттамалары бар:

    1. Шкала бөлігінің ұзындығы

    2. Шкала бөлігінің құны

    3. Өлшеу аспабының көрсетуінің өзгергіштігі

    4. Өлшеу құралының өлшеу аумағы

    5. Өлшеудің номиналды мәні

    6. Өлшеу құралының сезгіштігі

    7. Өлшеу құралының сезгіштік сатысы

    8. Өлшеу құралының қателігі

    Өлшеу құралының тұрақтылығы

    13.Аккредиттеудің ұлттық жүйесі.

    Аккредиттеу жүйесiне:1) Қазақстан Республикасының Үкiметi; 2) уәкiлеттi орган; 3) аккредиттеу жөнiндегi орган; 4) аккредиттеу субъектiлерi; 5) аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар, техникалық сарапшылар кiредi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәйкестiктi бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыретiне: 1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) аккредиттеу жөнiндегi органды айқындау жатады. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде: 1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; 2) аккредиттеу жөнiндегi органды айқындау немесе оны осы мәртебеден айыру жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi; 3) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 1. Аккредиттеу жөнiндегi орган - акциялары не жарғылық капиталындағы үлестерi мемлекеттiк меншiкте болатын акционерлiк қоғам не шаруашылық серiктестiк ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға.

    Акцияларға не жарғылық капиталындағы үлестерге иелiк ету және оларды пайдалану құқығын уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Аккредиттеу субъектiлерiне:

    сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар;

    сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары);

    өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. . Аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады. Аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар өз қызметiн еңбек не азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта