қосымша ойындар жинағы. аза тілі сабатарында олданылатын ойын трлері мен ойнатылу шарттары. Дидактикалы ойындар
Скачать 65.93 Kb.
|
Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ойын түрлері мен ойнатылу шарттары. Дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі не одан да көп бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді: 1.Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. 2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б. 3. Сөздік дидактикалық ойындар. «Сиқырлы қоржын» ойыны Сиқырлы қоржында ай аттары бар қағаздар жатады. Балалар сол қағаздарды алып шығады да, ай аттарын оқиды. Мысалы: наурыз, сәуір, мамыр – деген ай аттарын алып шықса, тақтада ілініп тұрған төрт жыл мезгілінің қайсысына сәйкес екенін тауып, сол жыл мезгілінің қасына іліп қоюы керек. «Кері сана» ойыны. Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау. Барысы: Мұғалім көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды. Мұғалім балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады. «Тез ойла» ойыны. Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшаңдыққа, тез ойлауға баулу. Мұғалім балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. «Нешінші?» ойыны. Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру. Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтардың суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында...«нешінші?».деген..ұғымды..қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру. «Апта күндері» ойыны. Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету. Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Мұғалім бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады. «Апта күндері» ойыны. 7 бала тақтаға шығады да, апта күндерінің атаулары жазылған қағаздарды қолдарына алып, рет-ретімен сапқа тұрады. Сыныптағы балалар апта күндерін бір рет қайталап шығады. Содан кейін апта күндерінің атауларын ұстап тұрған балалар бір-бірімен араласып тұрады. Сыныптаға балалардың ішінен бір бала шығып, апта күндерін рет-ретімен тұрғызуы керек. Сондай-ақ балаларды екі топқа бөліп, бұл ойынды жарыс түрінде өткізуге болады. «Сиқырлы қап» ойыны. Мақсаты: Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу. Ойын барысы: Мұғалім балаларға таныс ойыншықтар мен заттарды жәшікке жинайды. Балаларға менде бір сиқырлы дорба бар онда не бар екен? - дейді. Кәне, көрейік! Бір ойыншықты алып шығып, мынау не дейді? Балалар заттың атын атайды. Кейін жұмбақтарды шешуге болады. «Сиқырлы суреттер» ойыны. Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау үдерістерін дамыту. Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы бөлінділерден үлгі бойынша сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну. «Сиқырлы қапшық» ойыны. Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. «Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта» ойыны. Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар. Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді. «Зейінді бол» ойыны. Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту. Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді. «Мекенін тап» ойыны. Үй және жабайы жануарлар суретін біртіндеп ала отырып, немесе бірнеше балаға бөліп берілген суреттерді мекенжайларына орналастыру қажет. Мысалы: үй жануарларын жайлауға орналастыру. Ал жабайы жануарларды орманға орналастыру керек. Жаңылмай тапсырманы дұрыс орындаған балаларды мадақтап, жаңылысқан балаларға көмектесіп түсіндіру. «Оқу құралдары» ойыны Бір бала тақтаға шығып, оқу құралдарына толы жәшікті қолына алады. Сол жәшікпен әр баланың қасына барады. Әр отырған бала көзін жұмып, қолына түскен оқу құралын алуы тиіс. Бала сол алған оқу құралының атауын дұрыс айтуы қажет. Оқу құралының атауын дұрыс атаған балалар марапатталады. (Бұл ойынды басқа да бір тақырыптарға байланысты өткізуге болады. Мысалы: түстер, сандар, бөлме заттары, ойыншықтар, киім атаулары, т.б.) «Бір сөзбен айт» ойыны. Әр топқа 6 парақ қағаз беріледі. Парақтарда оқу құралдары, мамандықтар, жемістер, үй жануарлары, азық-түліктер, дене мүшелері, көкөністер, түстер, киімдер, отбасы мүшелері деген сөздер жазылған. Оқушы қолына тиген парақтағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек. I –топ Оқу құралдары - дәптер, өшіргіш, қалам, күнделік, сызғыш Мамандықтар - инженер, дәрігер, суретші, жазушы Азық-түліктер - қант, нан, айран, шұжық, кәмпит. II-топ Отбасы..мүшелері - әже,.әке,.ана,.аға,.ата,.сіңлі. Көкөністер - қызанақ, орамжапырақ, пияз, қияр. Аңдар...-...қасқыр,...түлкі,.қоян,.арыстан,.кірпі. Киімдер - көйлек, жейде, шалбар, құлақшын. «Суреттерді сөйлет» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды 2-3 суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттер бойынша топ - топпен 8-10 сөйлем көлемінде мәтін құрастырады. Берілген тақырып бойынша хат, эссе, ой-толғау құрастырып жазуға болады. «Мамандықтар» ойыны. Power point-та мамандықтар суреттері беріледі. Олар 3 топқа бөлінген. Ойыншы солардың бірін таңдау керек. Суреттер кезек-кезек шығып тұрады. Әр сурет шыққан соң, оқушы 3 секундтың ішінде оның кім екенін айту керек. 3 секундтан кейін суреттегі мамандықтың аты өздігінен шығады. Егер ойыншы мен суреттегі мамандықтың аты сәйкес келсе, ойыншыға 1 ұпай беріледі. Осылайша көп ұпай жинаған ойыншыға сыйлық беріледі. «Не артық» ойыны. Интерактивті тақтадан «Не артық» ойынын ойнатуға болады. Тақырып үй жануарларына байланысты болса, суретте үй жануарларымен қатар басқа да суреттер беріледі. Балаларға осы суретте не артық? деген сұрақ қойған кезде балалар артық суреттердің атауларын айтып беруі керек. (Кім тез және дұрыс жауап беретініне назар аударылады). «Дүкенде» ойыны. Тақтада дүкенде сатылатын заттардың суреттері ілініп тұрады. Ойыншық дүкенінің заттары бір бөлек, кітап дүкенінің заттары бір бөлек, киім дүкенінің заттары бір бөлек, азық-түлік дүкенінің заттары бір бөлек. Оқушыларға «Бұл қандай дүкен?» және «Дүкенде не сатылады?» деген сұрақтарды қойып, олардан дұрыс жауап алу. Содан кейін сол ілініп тұрған суреттерді араластырып іліп қоямын. Балаларға араласқан заттарды өз дүкендеріне апарып қоюды тапсыру. Қай топ тапсырманы дұрыс және тез орындағанына мән беру. Сабақтың соңында жеңімпаз болған топқа сыйлық тарату. (Мысалы: кәмпит, т.б.) «Жұбын тап» ойыны. (мақал-мәтел тақырыбында қолданылады) Әр түрлі қағаздарда мақалдар беріледі. Мақалдың сыңарлары екі қағазда болады. Ойыншы сол мақалдарды белгілі уақыт ішінде жұптастыру керек немесе аралас сөздерден мақал құрастыру керек. Дәл сол сияқты тұрақты тіркес пен оның мағынасын жұптастыруға болады. Дәл, нақты, дұрыс жауап берген ойыншы жеңімпаз атанады. “Сиқырлы ағаш” ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету. Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады. Сөздік дидактикалық ойындар “Асхана” ойыны. Ойынның мақсаты: “Асхана” тақырыбына байланысты сөздерді қайталау. Ойынның шарты: Тақтаға аспазшының суреті және әр түрлі тақырыпқа байланысты сөздер ілінеді. Сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ «Асхана»тақырыбына байланысты көп сөз тапса, сол топ..жеңген..болып..шығады. Бұл ойынды түрлі тақырыптар бойынша жүргізуге болады. «Сөздерді аудар» ойыны. Екі бала тақтаға шығып, жаңа танысқан бір сөзді айтады да, алға бір қадам жасайды, ал отырған балалар сол айтылған сөздің аудармасын айтады, содан кейін екінші бала да, жаңа сөздің біреуін айтып, бір қадам алға жасайды. Отырған балалардан сол сөздің аудармасын алуы керек. Ойын солай жалғаса..береді. «Тізбек» немесе «Қайталай ғой» ойыны. Бірінші отырған бала тақырыпқа байланысты танысқан бір сөзді айтады, екінші бала сол баланың айтқан сөзін қайталайды да, тағы бір сөзді қосады, үшінші бала бірінші, екінші баланың айтылған сөздерін қайталайды және тағы бір сөзді айтады. Солай ойын жалғаса береді «Есіңе сақта!» ойыны Тақтаға немесе плакатқа жазылған 10 -12 сөз оқушылар назарына көрсетіледі. 2-3 минут өткеннен кейін тақтадағы сөздер өшіріледі. Оқушылар есінде қалған сөздер атауын дәптерлеріне жазу керек. Дұрыс, нақты 10 сөз жазған оқушы жеңімпаз атанады. «Сөздік» ойыны Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады. Мақсаты: өтілген тақырыпқа қатысты сөздерді еске сақтау қабілеттерін дамыту. Ойынның тәртібі: Мұғалім жүргізуші болады. Ойын жарыс түрінде жүргізіледі. Ойынның мақсаты: Мұғалім өткен тақырыптар бойынша сөзді орыс тілінде айтады, ал оқушылар бұл сөзді қазақ тіліне аударады. Ойын жеке жұмыс түрінде өтіледі. Ойын басталмас бұрын оқушылардың міндеттерін түсіндіреді. Кім бірінші қол көтерсе, сол жауап береді. «Кім тез?» ойыны Өтілген тақырыпқа байланысты өтілген сөздерді қайталау, бекіту, білімдерін тексеру мақсатында ойнатылатын ойын-жарыс. Балаларды екі топқа бөліп тақтаға шығару. Алдын ала тақтаға орыс тілінде дайындап жазылған сөздер жазылып тұрады. (Екі шеткі тақтаның ар жағына). Балалар жазылып тұрған сөздердің аудармасын қатесіз, дұрыс жазулары тиіс. Бірінші жазып болған топ жеңімпаз атанады. Фонетика саласына байланысты ойындар “Жоғалған әріптер” ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау. Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу. Мысалы: к... гершін балдыр... ан ән... ран к... тап к... ктем ... же ... ңгіме о... ушы айда... ар Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады. «Кім көп және тез?» ойыны. Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты айтады, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді. Көп жұлдызша жинаған бала жеңімпаз атанады. «Кім жылдам?» Балаларды 2-3 топқа бөліп ойнату. 1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай. 2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық. І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең. 3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық. (тапсырманы бірінші болып орындаған топ жеңіске жетеді) «Сөз табу» ойыны Сөздің бастапқы әрпі – а, соңғы әрпі – р болатын сөздер жазу керек. Әріп саны әр түрлі болуы мүмкін немесе төрт әріптен тұру керек деп айтуға болады. Мысалы: анар, Ажар, асар Аңсар, т.б. Осы сияқты сөздің бас әрпі мен соңғы әрпін беріп, сөздер жаздыруға болады. Ең көп сөз жазған оқушы жеңеді. “Қалалар” ойыны. Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру. Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді. «Моншақ» ойыны (Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу). Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет. Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді. Морфология саласына байланысты ойындар Бірнеше бала орындығының артында жалғау мен жұрнақтар бар қағаздар ілініп тұрады. Бала сол жұрнақ немесе жалғауы бар қағазды алады да, тақтада берілген сөздердің ішінен сол жұрнақ немесе жалғау қай сөзге байланысты екенін тауып, сол сөзге жалғап қоюы керек. Мысалы: алма+лар, Арман+ға, бір+інші, алты+ншы. «Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны. Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады? Болды Анар мен Асқар сыныпта бүгін кезекші. “Орныңды тап “ойыны. Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу. Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады. Қимыл-қозғалыс ойындары Түс атауларына байланысты ойын түрі. 2-3 бала тақтаға шығады, мен кез келген бір түсті айтқан кезде, балалар сол түсті сыныптың ішінен тез жүгіріп, тауып алып, көрсетулері керек. Сол түсті тауып алған кезде оның атауын айғайлап айтуы керек. (Кім жылдам және дұрыс тауып алатынына назар аударылады). «Салат» ойыны Оқушылар шеңбер құрып, жемістердің атаулары бойынша есептеседі; алма, алмұрт, қара өрік, шабдалы, т.б. Алдымен алмалардың, содан кейін алмұрттардың, одан кейін қалғандарының орындарын ауыстыруы ұсынылады. (оқушылардың қолдарында жемістердің суреттері болады) «Ұшты-ұшты» ойыны Мақсаты: Балалардың есту және қимыл реакциясын арттырады. Шарты: Жүргізуші ұшақтың, түрлі құстардың атын атап, «ұшты-ұшты» деп қолдарын сермейді, барлық ойыншылар қайталап, қимылдар жасайды. Бір сәт жүргізуші: мысалы «сиыр» дейді. Егер ойыншылардың біреуі қолын былғап қалса, ол қандай да болсын...бір...тапсырманы...орындайды. Сюжеттік – рөлдік ойын «Азық-түлік дүкені» ойыны (Кейіпкерлер: сатушы мен сатып алушы) Тақтада азық-түліктердің суреттері ілініп тұрады (не болмаса шынай азық-түліктерді әкелуге болады). Сыныпта отырған балалардың ішінен бір бала сатушы, ал екінші бала сатып алушы болады. Сатушы мен сатып алушының айтатын сөздері. Сұрақ-жауап: Сатып алушы: Сәлеметсіз бе! Сатушы: Сәлеметсің бе! Қалың қалай? Не аласың? Сатып алушы: Рахмет, жақсы. Сүт пен шұжық қанша теңге тұрады? Сатушы: Сүт 300 теңге, ал шұжық 950 теңге тұрады. Сатып алушы: Маған екі сүт пен бір шұжық беріңізші. Сатушы: Алағой, балам! Сенен 1550 теңге. Сатып алушы: Рахмет. Сау болыңыз! Сатушы: Сау бол! «Адасқан әріптер» ойыны Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау. Қ,у,о,ы,ш-оқушы Т,п,і,к,а-....................... І,і,б,л,м-........................ М,м,ғ,ұ,а,л,і-................. «Шашылған дыбыстар» ойыны. Мақсаты: Шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу. Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады. Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау, мысалы: а,л,к,л,й,ү,н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады:ай,күн,үй,т.б. «Қалалар» ойыны. Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру. Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.
«Жалғасын тап» ойыны. Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару. А) Ердің сыншысы бітеді Ә) Жақсы болсаң, жүректе Б) Ерлік білекте емес, ашу-дұшпан В) Жері байдың ел Г) Ақыл дос, ардақты ат, Ғ) Кім еңбек етсе жақын көп Д) Мал баққанға сол тоқ Е) Адам деген- елі бай «Сын есімдер ұясы» ойыны. Мақсаты: Сын есімдерді білдіретін мағынасына қарай топтап хазуға дағдыландыру. Ойын шарты: Оқушыларды топқа бөліп орындарында отырып жұмыс істетуге болады. Тақтаға сын есімдер тізбегі жазылады. Әр топқа кесте таратылады.
Тақтаға мынадай сын есімдер тізбегін жазуға болады: ақ , қысқа, таза, дәмді, тәтті, шұбар, өткір, үшкір, жуан, дөңгелек, жалпақ, тұщы, қалың, жұқа, т.б. Оқушының міндеті сын есімнің тізбегін кестеге сәйкес орналастыру. «Кім көп біледі?» ойыны. Мақсаты: Сөздердің мағынасын ажырату. Ойын шарты: Берілген сөздердің мағынасын ажырату. Мысалы: Сайман өсімдік мүшесі Ара Сабақ Жәндік .............. .............. .............. Алма Қал .............. .............. .............. .............. Қыс Жаз «Бәйге» ойыны. Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру. Ойын шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу. Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады. 1. Сөз дегеніміз не? 2. Сөз құрамына не жатады? 3. Түбір дегеніміз не? 4. Қосымша дегеніміз не? 5. Жұрнақ дегеніміз не? 6. Жалғау дегеніміз не? 7. Түбірлес сөз дегеніміз не? 8. Туынды сөз дегеніміз не? 9. Көптік жалғауларын тап? «Тапқыш» ойыны. Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру. Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу. Зат есім : қонақ, ... Етістік: оқыды, ... Сан есім: он,... Сын есім: көк,....
«Қ» ойыны. Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын анықтау, ізденімпаздылыққа бағыттау. Ойын шарты: Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін «Қ» әріпінен басталып, «Қ» әріпінен аяқталатын бес әріптен тұратын жеті сөз ойлап жазу.
«Бұл қалай өзгерген ?» ойыны. Мақсаты: Бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысыпкететіндігіне оқушылардың назарын аудару. Ойын шарты: ойында шағын топ болып жасыр түрінде өткізуге болады. Екі топқа бір сөз беріледі. Әр топ берілген сөздің бір әріпін өзгерте отырып жаңа сөздер жазу қажет. Қай топ көп сөз жазса, сол топ жеңімпаз аталады. Мысалы: қала- бала- дала т.б. «Күрделі сөздер» ойыны. Мақсаты: Күрделі сөз жасау, сөз мағынасын түсіндіру . Ойын шарты: Екі бөліктегі сөздерді қосу арқылы, күрделі сөз жасау. Бел құлақ Қырық аяқ Саңырау қазық Кемпір қазық Темір қосақ Тас бақа «Қызық сөздер» ойыны. Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру . Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру. Қолқанат Ішік Есек Тымақ Қыран Балта Нағашы Шұлық Қысым Түс Балта Ұршық Мысалы: Ішік – кіші «Кім – не?» ойыны. Мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау. Ойын шарты: Бұл ойынды жарыс түрінде немесе топтар бойынша ойнауға болады. Кім?
«Жұлдызша» ойыны. Мақсаты: Сөздік қорларын бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын шарты: Әріптердің орналасуын сақтай отырып, жаңа сөз қырау. Бір әріп екі рет қайталанбау қажет. Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын шарты: викторина түрінде өткізу, болады. Жарыса отырып, сауалдарға дұрыс, әрі шапшаң жауап беру қажет. Дұрыс жауап берген балаға фишка беріледі. Фишканы көп жинаған бала ойын жеңімпазы аталады. Сөйлеудің түрлерін ата? Қай ай үйдегі тұрмыстық заты білдіреді? Волганның ортасында не бар? Дауысты және дауыссыз дыбысқа жататын әріп ата? Дастарханның сәні не? Құрғақ тасты қайдан таба алмаймыз? Пілдің баласы неге ұқсас? 25 қазан қандай мереке? Тұрлаулы мүшелерді ата? Күләш Байсейітова кім? Анамның анасы кім болады маған? Екі дыбыстан тұратын әріптерді ата? Абай Құнанбаевтің туған жерін ата? Ұшпайтын құстарды ата? Көшеде келе жатқан адамның артынан не көруге болады? «Сандар әлемі» ойыны. Мақсаты: сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу арқылы еске түсіру қабілеттерін жетілдіру. Сөзді қорларын кеңейту. Ойын шарты: ойынды жұптық жұмыс ретінде өткізуге болады. Қай жұп құрамында сан есімдері бар сөздерді көп жазса, сол жұп жеңімпаз атанады. Мысалы: 2+бастұз, к+3+ік, тағы басқа. «Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКК Ойындар жинағы (курстық жұмысқа қосымша) Орындаған: КФ-41 топ студенті Жаналыкова Жанарган Тексерген: Махметова А.А. 2019-2020 оқу жылы |