1-5 тема Методичка ПатАнат 2 курс ОМ каз. азастанресей нуо казахстанско медициналы российский медицинский университеті меббм университет
Скачать 3.12 Mb.
|
Ситуациялық есептерЕсеп №1. Науқаста митральды қақпақшаның ревматоидты ақауы болған. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінен науқас қайтыс болды. Аутопсияда митральды қақпақшаның жармалары қалыңдаған, ұлғайған, тығыз, ақ түсті. Қай дистрофияның нәтижесінде жармаларды осындай өзгеріс орын алды? Қандай өзгерістер реттілігі бойынша қақпақша эндокардында осы өзгерістер жүзеге асты (патологиялық процесс сатылары)? Осы кезеңдердің ірқасысындағы өзгерістердің мәні неде? қай сатыда процесс қайтымды еді? Есеп № 2. Науқас гипертониямен ауырған және миокард инфарктінен қайтыс болды. Микроскопиляық зерттеу барысында көптеген ағзаларда артериолалардағы өзгерңстер анықталды: артериола қабырғалары тығыздалған, қуысы тарылған, интима қабатында ашық қызыл түсті гомогенді масса. Аутопсияда бүйрек көлемі кішірейген, беті майда түйіршікті. Қантамыр қабырғасындда қандай дистрофия дамыды? Аталған дистрофия кай процесс нәтижесінде пайда болды? Бүйрек көлемінің кішіреюі мен бетінің майда түйіршіктелуі немен басланысты? Бүйректе дамыған осы процесс қалай аталады? Есеп №3. Науқас бірнеше жылдар бойы бронхоэктазды аурумен зардап шеккен. Соңғы жыл бойында несепте тәулігіне 10 г дейін белок анықталған, плазмадағы белок мөлшері төмендеген. Ісінулер байқалған. Соңында науқаста гиперазотемия болады, науқас бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды. бүйректегі қандай процесс бронхоэктазды ауруыдң өршуіне себеп болды? Осы процесс тағы қандай органдарда дамуы мүмкін? Осы кездегі бүйректің макро және микроскопиялық сипаттамасы қандай? Есеп №4. Науқас (кондитер) дәрігерге келесі шағымдармен келді: артық салмақ, жүргенде етігу, аяқтарының ісінуі. Емдеу курсынан кейін (диета, физикалық жаттығулар) науқастың салмағы төмендеді, ентігуі тоқтады. науқастағы ісіну дамуының механизмі қандай? Осы кедегі жүректегі өзгерістерді сипаттаңыз Жүрек жеткіліксіздігінің белгісінің (ентігу) пайда болу себебі? Есеп №5. Миокард инфарктінен қайтыс болған науқас аутопсиясы кезінде аортаның және оның ірі тармақтарының интимасының өзгерістері анықталған. Интима тегіс емес, онда тығыз, қантамыр қуысын тарылтатын ақшыл сары табақшалар мен сары дақтар көрінеді. Аорта мен артерияларда қандай процесс дамыды? Осы патологиялық процессті анықтау үшін микроскопиялық зерттеуде қандай бояу әдісін қолдану қажет? Сабақ хронометражыСабақ ұзақтығы 150 минут, 10 минуттық үзілісімен
№3 сабақ Тақырыбы: Аралас дистрофиялар. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Аралас дистрофия анықтамасы және түрлері. Хромопроидтер анықтамасы, классификациясы, сипаттамасы, организмдегі ролі. Гемоглобиногенді пигменттер: түрлері, олардың алмасуының бұзылыс механизмдері. Гемосидериннің алмасуы бұзылысының макро- микроскопиялық сипаттамасы, функционалды маңызы. Билирубиннің алмасуы бұзылысының макро- микроскопиялық сипаттамасы, функционалды маңызы. Протеиногенді пигменттер: түрлері, олардың алмасуының бұзылыс механизмдері, макро- микроскопиялық сипаттамасы. Липидогенді пигменттер: түрлері, олардың алмасуының бұзылыс механизмдері, макро- микроскопиялық сипаттамасы. Нуклеопротеидтер алмасуы бұзылысының түрлері мен даму механизмдері. Нуклеопротеидтердің алмасуы бұзылысының макро- микроскопиялық сипаттамасы, функционалды маңызы. Жабдықталуы:
Атлас: Патологиялық анатомия атлас. О.В.Зайратьянц, Айтқұлов аударған ГЭОТАР-Медиа, 2019. Пирогов үстелі (студенттерге арналған тренажер): медиафайлдар, макро-, микропрепараттар суреті, патологиялық өзгерістердің 3D визуализациясы, теориялық материалдарды оқу.
|