Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 сабақ

  • Жабдықталуы: Макропрепараттар

  • Бүйрек қантамырларының фибриноидты некрозы

  • Сагодәнді көкбауыр Мезенхималық дистрофия анықтамасы

  • Мезенхималық дистрофиялардың түрлерңн атаңыз

  • Мезенхималық дистрофиялар дмуындағы морфогенетикалық механизмдерді атаңыз

  • Мукодты ісінудің сипаттамасы

  • Амилоидтың биохимиялық табиғаты

  • Амилоидогенез теорияларын атаңыз

  • Амилоидоз кезіндегі ағзалардың макроскопиялық көрінісі

  • Соңғы деңгейді анықтауға арналған тесттер

  • 1-5 тема Методичка ПатАнат 2 курс ОМ каз. азастанресей нуо казахстанско медициналы российский медицинский университеті меббм университет


    Скачать 3.12 Mb.
    Названиеазастанресей нуо казахстанско медициналы российский медицинский университеті меббм университет
    Дата14.02.2023
    Размер3.12 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-5 тема Методичка ПатАнат 2 курс ОМ каз.docx
    ТипДокументы
    #935972
    страница2 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Ситуациялық есептер


    Есеп №1. Фолликулярлы ангинамен ауыратын науқаста (дене температурасы 39° С), айқын тахикардия, несеп талдауында аздаған белок анықталды. Науқас сауыққан соң жүрек қызметі мен несеп талдауы қайта қалпына келді, несеп талдауы.

    1. Миокард пен жүректе қандай патологиялық үрдіс дамыды?

    2. Бұл ағзалардағы макроскопиялық өзгерістерді сипаттаңыз.

    3. Бұл ағзалардағы микроскопиялық өзгерістерді сипаттаңыз.

    4. Бүйрек пен миокардтағы патологиялық процесстердің дамуындағы морфогенетикалық механизм қандай?

    5. Науқас сауыққан соң не себепті миокард пен бүйрек қызметі қалпына келді?

    Есеп №2. Нефротикалық синдромды гломерулонефритпен ауыратын науқаста ұзақ мерзім бойында несеп талдауында тәулігіне 20 г дейін белок анықталды.

    1. Айтылған науқаста бүйрек түтікшелерінің проксимальды және дистальды бөліктерінің эпителиінде қандай белокты дистрофияларды анықтауға болады?

    2. Бұл дистрофия түрі айтымды ма?

    3. Олардың микроскопиялық және ультрақұрылымдық сипаттамасы қандай?

    Есеп №3. Науқас айқын анемиялы созылмалы миелоидты лейкозбен ауырады (6 ай бойы гемоглобин 50 г% дейін). Жүрек тондары тұйықталған, жүрек шекарасы солға ығысқан. Жүрек жеткіліксіздігінен науқас қайтыс болды.

    1. Жүрек декомпенсациясының морфологиялық субстраты ретінде миокардта қандай дистрофиялық өзгеріс дамыды?

    2. Патологиялық процесстің морфогенетикалық механизмі қандай?

    3. Аутопсия кезінде жүректе қандай өзгерістер кқруге болады?

    4. Миокард жасушаларының микроскопиялық өзгерістері қандай?

    5. Бұл өзгерістерді көру үшін қандай бояу түрін қолдану қажет?

    Есеп №4. Аз қозғалысты өмір сүру салты мен дұрыс емес тамақтанудан (майлы, көмірсулы) дамыған артық салмақтан зардап шегетін науқас әйел оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, кейде жүрек айнуға, запыранға шағымданады. Пальпацияда бауыры ұлғайған.

    1. Бауырда қандай патологиялық процесс дамыды?

    2. Ол патологиялық процесстің морфогенетикалық механизмі қандай?

    3. Берілген науқастың бауыр пунктатында қандай микроскопиялық өзгерістерді көруге болады?

    4. Бұл өзгерістерді көру үшін қандай бояу түрін қолдану қажет?


    Сабақ хронометражы


    Сабақ ұзақтығы 150 минут, 10 минуттық үзілісімен



    Этаптар




    Уақыты (мин)

    1

    Кіріспе. Студенттерді тізі бойынша түгендеу




    10

    2

    Тесттік тапсырма арқылы бастапқы білімді анықтау




    20

    3

    Тақырып бойынша теориялық материалдарды ауызша сұрау арқылы білімді қалыптастыру




    50

    4




    Мұғалімнің макро және микропрепараттарды көрсете отырып, сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіруі




    30

    5

    Тақырып бойынша чек парақтарды толтыра отырып, практикалық дағдыларды қалыптастыру




    30

    6

    Сабақты қорытындылау (альбомдарды тексеру, келесі сабақ туралы ақпарат)




    10



    2 сабақ Тақырыбы: Стромалы - қантамырлы дистрофиялар. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Гистион құрылымы.

    2. Стромалы-қантамырлы дистрофия анықтамасы, классификациясы.

    3. Стромалы-қантамырлы белокты дистрофиялар, классификацияся, морфогенетикалық даму механизмдері, себептері.

    4. Белокты дистрофиялардың морфологиялық сипаттамасы. Гистохимиялық реакциялар.

    5. Майлы дистрофиялардың морфологиялық сипаттамасы, себептері, маңызы, нәтижесі. Гистохимиялық реакциялар.

    6. Көмірсулы дистрофиялардың морфологиялық сипаттамасы, себептері, маңызы, нәтижесі.

    7. Тезауроз, анықтамасы, классификациясы.

    Жабдықталуы:

    Макропрепараттар:

    Микропрепараттар:

    1. Көкбауыр капсуласының гиалинозы

    2. Біріншілік бүріскен бүйрек

    3. Саго дәнді селезенка

    4. Майлы көкбауыр

    5. Бүйрек амилоидозы

    6. Аорта атеросклерозы

    1. Бүйрек қантамырларының фибриноидты некрозы, №5, гематоксилин-эозин бояуы.

    2. Көкбауыр капсуласының гиалинозы, №231, Ван-Гизон бойынша пикрофуксинмен бояу.

    3. Бүйрек амилоидозы, №87, конго-қызыл бояуы.

    4. Саго дәнді көкбауыр, №10, конго-қызыл бояуы.

    Атлас: Патологическая анатомия атлас. Под редакцией О.В.Зайратьянца ГЭОТАР-Медиа, 2019. Атлас по патологической анатомии, Серов В.В. Пирогов үстелі (студенттерге арналған тренажер): медиафайлдар, макро-, микропрепараттар суреті, патологиялық өзгерістердің 3D визуализациясы, теориялық материалдарды оқу.



    Бүйрек қантамырларының фибриноидты некрозы



    Көкбауыр капсуласының гиалинозы



    Бүйрек амилоидозы



    Сагодәнді көкбауыр



    1. Мезенхималық дистрофия анықтамасы:

    а) органдардың паренхималық элементтеріндегі заталмасу бұзылыстары,

    б) органдардың стромасы мен қантамырларындағы заталмасу бұзылыстары;

    в) органдардың паренхимасы мен стромасындағы заталмасу бұзылыстары;

    г) органдардағы қанайналым бұхылыстары;

    д) органдардың өмір сүруінің тоқтауы.

    1. Мезенхималық дистрофиялардың түрлерңн атаңыз:

    а) бұлыңғыр ісіну, түйіршікті дистрофия;

    б)цистиноз, гидропиялық дистрофия;

    в)мукоидты ісіну, гиалиноз;

    г) амилоидоз, гиалин-тамшылы дистрофия;

    д)гликогеноз, майлы дистрофия.

    1. Мезенхималық дистрофиялар дмуындағы морфогенетикалық механизмдерді атаңыз:

    а)декомпозиция, инфильтрация;

    б)резорбция, дегрануляция;

    в)инфильтрация, гипоксия;

    г)плазморрагия, гиалиноз;

    д)секреция мен синтездің жоғарылауы.

    1. Мукодты ісінудің сипаттамасы:

    а) дәнекер тінінің эасушаларында дамиды;

    б) дәнекер тінінің негізгі затында дамиды;

    в) липидтер шоғырлануымен сипатталады

    г) гликоген шоғырлануымен сипатталады;

    д) қайтымсыз процесс.

    1. Амилоидтың биохимиялық табиғаты:

    а) жануар крахмалы;

    б)белок;

    в)белокты-полисахаридті комплекс;

    г)мукопротеид;

    д)хромопротеид.

    1. Амилоидогенез теорияларын атаңыз:

    а) полиэтилогиялық, инфекционды;

    б) мутациялық, энергия жетіспеушілігі;

    в) физико-химиялық, токсикалық;

    г) жергілікті жасушалық синтез, мутациялық;

    д) вирусты, ісікті.

    1. қандай процесстер нәтижесінде гиалиноз дамуы мүмкін:

    а) бұлыңғыр ісіну;

    б) липоидоз;

    в) амилоидоз;

    г) плазморрагия;

    д) гликогеноз.

    1. Амилоидоз кезіндегі ағзалардың макроскопиялық көрінісі:

    а) кішірейген, көкшіл

    б) ұлғайған, тығыз;

    в) болбыр консистенциялы, үлкейген;

    г) тығыз, кішірейген;

    д) кескінде шұбарлы.

    1. қай ауру түрі амилоидозбен асқынуы мүмкін:

    а) гипертония;

    б) атеросклероз;

    в) созылмалы пиелонефрит;

    г) созылмалы өкпе абсцессы;

    д) созылмалы жүрек ишемиялық ауруы.

    1. мукоидты ісінуді қай бояу әдісімен көруге болады?

    а) конго қызыл;

    б)Судан 3;

    в)пикрофуксин;

    г)толуидинді;

    д)ШИК-реакция.

    Соңғы деңгейді анықтауға арналған тесттер:

      1. Мезенхималық дистрофияларға сипаттама беріңіз: а)мезенхималық дистрофия анықтамасы; б)заталмасу бүзылысына байланысты мезенхималық дистрофия түрлері: 1)..., 2)..., 3)...; в)патологиялық үрдістің орналасу орнына байланысты мезенхималық дистрофия түрлері: 1)..., 2)...; г) мезенхималық дистрофия дамуындағы морфогенетикалық механизмдер: 1)..., 2)..., 3)..., 4)....

      2. мезенхималық диспротеиноздарға сипаттама беріңіз: а) мезенхималық диспротеиноз анықтамасы; б) мезенхималық диспротеиноздар түрлері: 1)..., 2)..., 3)..., 4)...: в) олардың қайсысы дәнекер тінінің дезорганизациясы дамуының кезеңдері болуы мүмкін:1)..., 2)..., 3) ....

      3. Мукоидты әсәнуге сипаттама беріңіз: а) дәнекер тінінің қандай құрылымдары мукоидты ісіну кезінде зақымдаланыд: 1)..., 2)...; б)процесстың биохимиялық мәні: в) қантамыр-тіндік өткізгіштік жағдайы; г) мукоидты ісіну дамуының морфогенетикалық механизмі; д) қай бояу әдісімен анықталады; е) бояу нәтижесі; ж) процесс нәтижесі: 1)..., 2)...; з) қай аурулар тобына мукоидты ісіну тән.

      4. Көкбауыр амилоидозына сипаттама беріңіз: а)көкбауыр амилоидозының сатылары: 1)..., 2)...; б)бірінші сатыныі сипаттамасы: 1) көкбауыр өлшемі, 2) консистенциясы, 3) кесіндідегі көрінісі, 4) амилоидоз қайда шоғырланады; в) екінші сатысының сипаттамасы: 1)тіннің өлшемі, 2) консистенциясы, 3)кескіндегі көрінісі, 4)улы зат шоғырланған жерлер қайда орналасқан: г) көкбауырда қандай талшықтар бойымен амилоид шоғырланады

      5. Семіздікке сипаттама беріңіз: а) семіздік немесе артық салмақ деп нені айтады; б) даму механизміне байланысты семіздіктің түрлері: 1)..., 2)..., 3)..., 4)...; в) артық май тінінің жиналған орнына қарай семіздіктің типтері: 1)..., 2)...,

    3)..., 4)....


    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта