Главная страница
Навигация по странице:

  • 4 сабақ

  • Жабдықталуы: Макропрепараттар

  • Бүйректегі кальцийлі метастаздар

  • Миокард инфаркті

  • 1-5 тема Методичка ПатАнат 2 курс ОМ каз. азастанресей нуо казахстанско медициналы российский медицинский университеті меббм университет


    Скачать 3.12 Mb.
    Названиеазастанресей нуо казахстанско медициналы российский медицинский университеті меббм университет
    Дата14.02.2023
    Размер3.12 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-5 тема Методичка ПатАнат 2 курс ОМ каз.docx
    ТипДокументы
    #935972
    страница5 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Ситуациялық есептер


    Есеп №1. Лейкозбен зардап шегетін науқаста қайта қан құюдан кейін анемия, терінің сарғаюы пайда болды. Миына қан құйылудан науқас қайтыс болды. Аутопсияда бауыр мен көкбауыр көлемі ұлғайған, сүйек кемігі қоңыр түсте.

    1. түсті өзгерістің пайда болуы қай пигменттің түзілуіне байланысты?

    2. анықталған өзгерстің негізінде қандай патологиялық үрдіс жатыр?

    3. патологиялық процесстің даму механизмі қандай?

    4. науқаста сарғаюдың қай түрі дамыды?

    Есеп №2. Өкпе рагымен ауыратын науқаста көптеген метастаз ошақтары (оның ішінде бүйрекүсті безінде де) бар. Науқастың денесінде қоңыр түсті дақтар пайда болды, айқын әлсіздік, адинамия, гипотония байқалады.

    1. Терідегі пайда болған өзгерістер қалай аталады?

    2. Трінің қоңыр түске енуі қай пигментке байланысты?

    3. Ол пигментті қандай жасушаларда анықтауға болады?

    4. Меланин синтезі жүретін жасушалық құрылымды қалай атаймыз?

    5. Осы пигменттің шамадан тыс өндірілуінің механизмі қандай?

    Есеп №3. Өңеш рагымен ауыратын науқас кахескиядан қайтыс болды.

    Аутопсияда: жүрек көлемі кішірейген, миокард қоңыр түсті.

    1. Жүректе байқалған өзгерісті қалай атаймыз?

    2. Осы сияқты өзгерістерді тағы қай органдар мен тіндерде байқай аламыз?

    3. Ағзалардың қоңыр түске енуң қай пигментке байланысты?

    4. Ол пигмент қай топқа жатады?


    Сабақ хронометражы


    Сабақ ұзақтығы 150 минут, 10 минуттық үзілісімен



    Этаптар

    Уақыты (мин)

    1

    Кіріспе. Студенттерді тізі бойынша түгендеу

    10

    2

    Тесттік тапсырма арқылы бастапқы білімді анықтау

    20

    3

    Тақырып бойынша теориялық материалдарды ауызша сұрау арқылы білімді қалыптастыру

    50

    4




    Мұғалімнің макро және микропрепараттарды көрсете отырып, сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіруі




    30

    5

    Тақырып бойынша чек парақтарды толтыра отырып, практикалық дағдыларды қалыптастыру

    30

    6

    Сабақты қорытындылау (альбомдарды тексеру, келесі сабақ туралы ақпарат)

    10



    4 сабақ Тақырыбы: Минералды дистрофиялар. Некроз. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Организмнің метаболикалық процестеріндегі минералдардың рөлі. 2. Кальциноз түрлері, олардың даму механизмдері, морфологиялық сипаттамасы, ағза үшін маңызы.

    1. Мыс алмасуының бұзылуы.

    2. Калий алмасуының бұзылуы.

    3. Тас түзілу механизмдері, тастардың түрлері, тас түзілуінің ағза үшін маңызы.

    4. Некроз ұғымының анықтамасы.

    5. Некроздың морфологиялық белгілері (ультрақұрылымдық, микроскопиялық, макроскопиялық).

    6. Этиологиялық факторларға және даму механизмдеріне байланысты некроздың түрлері.

    7. Некроздың клиникалық-морфологиялық формалары, морфологиясы, нәтижелері, ағза үшін маңызы.

    8. Инфарктты анықтау, даму механизмі мен кезеңдері. Әртүрлі органдардағы инфаркттың түрлерінің морфологиялық сипаттамасы, маңызы мен нәтижелері Жабдықталуы:

    Макропрепараттар:

    Микропрепараттар:

    1. Өкпедегі петрификаттар.

    2. Бүйрек тастары.

    3. Өт тастары.

    4. Көкбауырдың ишемиялық инфарктісі.

    5. Миокард инфарктісі.

    6. Аяқтың гангренасы.

    1. Бүйректегі кальцийлі метастаздар, №305, гематоксилинэозиннің бояуы.

    2. Бүйректің ишемиялық инфарктісі, №1а, гематоксилинэозин бояуы.

    3. Миокард инфарктісі, №166, гематоксилин-эозин бояуы.

    4. Некротикалық нефроз, №3, гематоксилин-эозин бояуы.

    Атлас: Патологиялық анатомия атлас. О.В.Зайратьянц, Айтқұлов аударған ГЭОТАР-Медиа, 2019.

    Пирогов үстелі (студенттерге арналған тренажер): медиафайлдар, макро-, микропрепараттар суреті, патологиялық өзгерістердің 3D визуализациясы, теориялық материалдарды оқу.





    Бүйректегі кальцийлі метастаздар





    Бүйрек ишемический инфаркті



    Миокард инфаркті



    Некротикалық нефроз


    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта