Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс Қарумен саптық қалып

  • Орнында қарумен тәсілдерді орындау

  • Қарумен бұрылыстар және қозғалыс жасау

  • 46-тармағында

  • 3-тарау. Әскери сәлемдесуді орындау, саптан шығу және сапқа қайта тұру. Бастыққа келу және одан кету

  • 2. Әскери сәлемдесуді қарумен орнында және қозғалыста орындау

  • -аза-стан Республикасы -арулы К-штеріні-, бас-а да -скерлері мен. азастан Республикасы арулы Кштеріні, баса да скерлері мен скери ралымдарыны


    Скачать 1.88 Mb.
    Названиеазастан Республикасы арулы Кштеріні, баса да скерлері мен скери ралымдарыны
    Дата03.06.2018
    Размер1.88 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла-аза-стан Республикасы -арулы К-штеріні-, бас-а да -скерлері мен.doc
    ТипДокументы
    #45842
    страница2 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Қозғалыста бұрылулар

    39. Қозғалыста бұрылулар мынадай командалар бойынша орындалады: «Оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Артқа бұрыла - БАС».

    Оңға (солға) бұрылу үшін орындалатын команда оң (сол) аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір уақытта оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.

    Артқа бұрылу үшін орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі, осы команда бойынша сол аяқпен тағы бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым шығару және біршама солға, сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрыла отырып, қозғалысты сол аяқпен кері бағытта жалғастыру керек.

    Бұрылулар кезінде қолмен қозғалыс адым ырғағымен жасалады.

    Жүгіре қозғалыс жасау кезінде оңға және солға бұрылулар адыммен қозғалыс жасау кезіндегі командалар бойынша жүгіру ырғағында екі деп санағанда бір орында бұрылумен орындалады. Жүгіру кезінде артқа бұрылу бір орында жүгіру ырғағымен төрт деп санағанда сол қол жаққа қарай жасалады.

    2. Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс

    Қарумен саптық қалып

    40. Қарумен саптық қалып қарусыз сияқты, бұл ретте «қарубауға» күйіндегі қарудың ұңғы жағын жоғары қаратып, шынтақты денеге қатты қысып - білекті тік күйде, ал жиналмалы дүмі бар автоматты - ұңғы жағын төмен қаратып ұстау керек (5-сурет - 1), 2), 4).

    «Кеудеге» күйіндегі автоматпен саптық қалыпты қабылдау кезінде автоматты оң қолмен дүмнің сабынан (ұңғы қорабынан) ұстап, сол қолды төмен түсіру керек.

    Қол оқшашарын оң аяқтың жанында ұстап, оның дүмтабаны жерде тұратындай етіп, оң қолын еркін түсіріп, аяғының жанында ұстау керек (5-сурет).

    Карабинді қол оқшашары сияқты аяқтың жанында ұстау керек, бұл ретте еркін түсірілген оң қолмен ұңғыны орап газ түтігінен ұстау керек (5-сурет).



    Орнында қарумен тәсілдерді орындау

    41. Автомат «қарубауға» күйінен «кеудеге» күйіне «Автоматты кеуде-ГЕ» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:

    бірінші тәсіл - қарубау бойынша оң қолды біршама жоғары көтеріп, автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, иықтан алу керек, оқжатарын сол жаққа қаратып, ұңғының ұшын иек деңгейінде, өзінің алдында тік ұстау керек (6-сурет);

    екінші тәсіл - қарубауды оң қолмен оңға қарай жіберу керек және оны алақанмен саусақтарды жартылай бүгілген және өзіне қарап тұратындай етіп ұстау керек; онымен бір уақытта оң қолдың шынтағын қарубаудың ішіне кіргізу керек (6-сурет);

    үшінші тәсіл - қарубауды бастан асыра тастау керек; автоматты оң қолмен дүмінің сабынан ұстап, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (6-сурет).

    Жиналмалы дүмі бар автомат «қарубауға» күйінен «кеудеге» күйіне дәл сол команда бойынша екі тәсілмен алынады:

    бірінші тәсіл - оң қолдың шынтағын қарубаудан шығармай, автоматты иықтан оң қолмен алу керек және автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, оны өзінің алдында оқжатарын төмен, ұңғы жағын солға қаратып ұстау керек (6-сурет);

    екінші тәсіл - қарубауды оң қолмен бастан асыра сол жақ иыққа тастап, онымен автоматты қарубау жанындағы ұңғы қорабынан ұстау керек, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (6-сурет).



    42. Автомат «кеудеге» күйінен «қарубауға» күйіне «Қарубау-ҒА» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:

    бірінші тәсіл - автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасының төменгі жағынан ұстау керек және онымен бір уақытта оны біршама алға жоғары қарай көтере отырып, оң қолды қарубаудың ішінен шығарып, оны дүмінің сабынан ұстау және автоматты 7-суретте көрсетілгендей етіп ұстау керек;

    екінші тәсіл - автоматты жоғары көтере отырып, қарубауды бастан асыра тастау керек және автоматты оқжатарын солға қаратып, ұңғы ұшын иек деңгейінде өзінің алдында тік ұстау керек (7-сурет);

    үшінші тәсіл - оң қолмен қарубаудың жоғарғы жағынан ұстау және автоматты «қарубауға» күйіне оң жақ иыққа асыра тастау, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (5-сурет).

    Жиналмалы дүмі бар автомат «кеудеге» күйінен «қарубауға» күйіне сол команда бойынша үш тәсілмен алынады:

    бірінші тәсіл - автоматты сол қолмен жоғарғы жағынан ұңғысы мен газ түтігінен ұстау және автоматты біршама жоғары көтере отырып, оң қолдың шынтағын қарубаудың ішінен шығару керек, оң қолмен алақанды төмен қаратып, қарубауды ұңғы қорабы жағынан алу керек (7-сурет);

    екінші тәсіл - автоматтың ұңғы қорабын жоғары қарата бұрып, қарубауды бастан асыра тастау керек және автоматты оқжатарын оңға қаратып ұстау керек (7-сурет);

    үшінші тәсіл - автоматты «қарубауға» күйіне оң жақ иыққа асыра тастау керек, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (5-сурет).

    43. Карабин (қол оқшашары) «аяққа» күйінен «қарубауға» күйіне «Қарубау-ҒА» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:

    бірінші тәсіл - оң қолмен карабинді (қол оқшашарын) оны денеден алшақтатпай, шамалы көтеру, оқжатарын (қол оқшашары - пистолет тұтқасын) солға қарай бұру керек; сол қолмен карабинді оқжатарынан (қол оқшашары - сағағынан) алу және оның ұңғы ұшын көз деңгейінде ұстау керек; оң қолдың шынтағын қысу керек (8-сурет - 1), 2);

    екінші тәсіл - оң қолмен қарубауды алу және оны солға қарай тарту керек (8-сурет);

    үшінші тәсіл - карабинді (қол оқшашарын) иыққа жылдам асырып тастау керек; сол қолды төмен түсіру керек; оң қолды білек көлденең күйде болатындай етіп, қарубау бойымен төмен түсіру керек; карабинді (қол оқшашарын) шынтақпен ақырын қысу керек (8-сурет - 4), 5).



    44. Карабин (қол оқшашары) «қарубауға» күйінен «аяққа» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады:

    бірінші тәсіл - оң қолды қарубау бойымен біршама жоғары көтере отырып, карабинді (қол оқшашарын) иықтан алу керек және оны сол қолмен сағатынан ұстап, карабинді (қол оқшашарын) оң қолмен ұңғы бастырмасының жоғарғы бөлігінен оқжатарын (қол оқшашары - пистолет тұтқасын) солға қарай, ұңғы ұшын көз деңгейіне келтіріп алу керек (8-сурет - 1), 2);

    екінші тәсіл - сол қолды жылдам төмен түсіру, ал оң қолмен карабинді (қол оқшашарын) жерге аяқ жанына жайлап қою керек (5-сурет - 3), 5).



    45. Карабин «аяққа» күйінен «иыққа» күйіне тек салынған сүңгімен «Иық-ҚА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады:

    бірінші тәсіл - оң қолмен карабинді көтере және бекітпесін алға қарай бұра отырып, оны дененің жанына сол жақ бүйірге тік ауыстыру керек және онымен бір уақытта оң қолдың алақанымен сағақ пен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек, онымен бір уақытта сол қолдың алақанын біршама алға жіберу және карабинді дүмімен сол қолдың алақанында дүмтабаны жататындай, бас бармақ алдында тұратындай, ал қалған саусақтар дүмнің сол жағын қысып тұратындай етіп қою керек; карабинді сол жақ иыққа қарама-қарсы қолды созып тік, дүмін сол аяққа тигізе отырып ұстау керек; оң қолдың шынтағы - иық деңгейінде (9-сурет);

    екінші тәсіл - оң қолды жылдам төмен түсіру керек, онымен бір уақытта сол қолмен карабинді, ол ағытқыш доғасымен иық оймасында жататындай етіп көтеру керек және оны жантайтпай ұстап тұру керек; сол қолдың білегін шынтақтан біршама төмен ұстау, дүмді белге, ал қарубауды бүйірге қысып ұстау керек (9-сурет - 2), 3).

    46. Карабин «иыққа» күйінен «аяққа» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:

    бірінші тәсіл - сол қолды жылдам төмен түсіріп, онымен бір уақытта карабинді оң қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек және оны 9-1) суретте көрсетілген күйге қою керек;

    екінші тәсіл - карабинді оң қолмен оның бекітпесін өзіне қаратып, оң аяққа қарай төмен ауыстыру керек; карабинді сол қолмен сүңгі түтігінен ұстап тұрып, оны оң аяқтың екі жаны бойымен дүмі табан жанына тиетіндей етіп ұстап тұру керек;

    үшінші тәсіл - сол қолды жылдам төмен түсіріп, ал оң қолмен карабинді жайлап жерге қою керек.



    47. Қарубауды ұзарту (қысқарту) қажет болған кезде «Қарубауды - ҰЗАРТ (ҚЫСҚАРТ)» командасы беріледі.

    «Қарубауды» командасы бойынша автоматтар мен қол гранатаатқыштарды оң қолға алып, карабиндер мен оқшашарларды аяқ жанына қою керек; жиналатын дүмі бар автоматтың дүмін жазу керек, ол үшін оң қолды қарубау бойымен біршама жоғары көтеріп, автоматты иықтан алу және оны сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, өзінің алдында оқжатарын төмен қаратып, иек деңгейінде көлденең ұстау керек. Автоматты сол қолмен ұстай отырып, оң қолмен ілмегін босату және дүмін жазу керек. Автоматты оң қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстау керек. «ҰЗАРТ (ҚЫСҚАРТ)» командасы бойынша оңға қарай жартылай айналым жасап, онымен бір уақытта сол аяқпен солға қарай бір адым жасау керек және алға еңкейе отырып, қаруды дүмімен сол аяқ табанының ішкі жағына тіреп, ал ұңғысын оң шынтақтың ішкі буынына қою керек; тізені бүкпеу керек; оң қолмен қарубаудың тоғасын ұстап тұрып, сол қолмен қарубауды қысқарту (ұзарту) және өздігінен саптық қалыпты қабылдау керек.

    48. Қару «қарубауға» күйінен «арқаға» күйіне «Қаруды арқа-ҒА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады (осы команда алдында «қарубауды ұзарт» командасын орындау керек):

    бірінші тәсіл - қарубауды сол қолмен оң иықтан біршама төмен ұстау керек, ал онымен бір уақытта оң қолмен дүмінен (жиналмалы дүмі бар автомат пен қол гранатаатқышты - ұңғысынан төменгі бекітпеден) ұстау керек;

    екінші тәсіл - қаруды оң қолмен біршама көтеру, ал сол қолмен қарубауды бастан асыра сол иыққа тастау керек; қаруды және қолды жылдам төмен түсіру керек (10-сурет).

    Автомат «арқаға» күйінен сүңгі-пышақсыз, ал карабин - жазылған сүңгісімен алынады.

    49. Қару «арқаға» күйінен «қарубауға» күйіне «Қаруды - қарубау-ҒА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады:

    бірінші тәсіл - сол қолмен қарубауды сол иықтан біршама төмен алу керек, ал онымен бір уақытта оң қолмен дүмінен (ұңғысынан, раструбынан) ұстау керек;

    екінші тәсіл - оң қолмен қаруды біршама көтеру, ал сол қолмен қарубауды бастан асыра оң иыққа тастау керек, қарубауды 5-1), 2), 4) және 8-4), 5) суреттерінде көрсетілгендей оң қолмен алу, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек.

    50. Автоматты «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне және «арқаға» күйінен «кеудеге» күйіне, сондай-ақ карабинді «арқаға» күйінен «аяққа» күйіне ауыстыру үшін қару алдын ала берілетін команда бойынша «қарубауға» күйіне алынады.

    Жиналмалы дүмі бар автоматты «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен ұңғысының бас жағынан ұстап және оны «арқаға» күйіне ауыстыру керек.

    Жиналмалы дүмі бар автоматты «арқаға» күйінен «кеудеге» күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен ұңғы жағынан ұстау керек және оны ұңғы жағынан сол иыққа қарай тартып, «кеудеге» күйіне ауыстыру керек.

    Қол оқшашары «арқаға» күйіне ыңғайына қарай алынады.



    51. «Арқаға», «Қарубауға» және «Кеудеге» командалары берілер алдында қару «Сақтандырғышқа - ҚОЙ» командасы бойынша сақтандырғышқа қойылады.

    Егер сүңгі-пышақты ағыту (сүңгіні жазу) немесе оны бекіту қажет болса, онда «Сүңгі-пышақты - АҒЫТ» («Сүңгіні - ЖАЗ») және «Сүңгі-пышақты (сүңгіні) - БЕКІТ» командалары беріледі.

    52. «Аяқ-ҚА» жалпы командасы бойынша карабиндер мен оқшашарлар «аяққа» күйіне алынады, ал автоматтар мен қол гранатаатқыштардың күйі өзгермейді.

    53. Қарудың дұрыс емес күйін түзету үшін «Қаруды - ТҮЗЕ» командасы беріледі.

    54. Қару команда бойынша жерге қойылады, мысалы: «Бөлімше, қаруды жерге - ҚОЙ».

    «Қаруды жерге» командасы бойынша автоматтар мен қол гранатаатқыштары оң қолға; карабиндер мен оқшашарлар - «аяққа» күйіне алынады; одан басқа оқшашарлардың тіреуіші жинап тасталады.

    «ҚАРУҒА» командасы бойынша бірінші қатар алға екі адым жасайды және аяғын жерге қояды, одан кейін екі қатар бір уақытта сол аяқпен алға бір адым жасайды және дүмтабанын оң аяқтың ұшына тигізе ұстап (оң тізе бүгілмейді, сол қол соңына дейін артқа жіберіледі, бастың күйі - тура, иек көтеріңкі болады), бекітпенің сабын (бекітпе рамасын) төмен қаратып қаруды жерге қояды, одан кейін сол аяқты оң аяқтың жанына қояды.

    Қол гранатаатқыштары сабын солға қаратып жерге қойылады. Оқшашарлар тіреуішіне қойылады.

    Жеке әскери қызметшілер мен бір қатарлы саптағы әскери қызметшілер орындалатын команда бойынша тек соңғы екі қимылды ғана орындайды.

    55. Қаруды жерден алу үшін «Бөлімше - ҚАРУҒА» және одан кейін «ҚАРУЛАН» командалары беріледі.

    Бірінші команда бойынша бөлімше қарудың жанына сапқа тұрғызылады. Екінші команда бойынша әскери қызметшілер сол аяқпен алға бір адым жасайды, қаруды оң қолмен алады және тік түзеліп, сол аяқты оң аяқтың жанына қояды. Екінші қатар алға екі адым жасайды, одан кейін екі қатар бір уақытта қаруды «қарубауға» күйіне алады. Оқшашарлардың алдын ала тіреуіштері жиналады.

    Қарумен бұрылыстар және қозғалыс жасау

    56. Қарумен бұрылыстар және қозғалыс жасау қарусыз жасалатын дәл сол ережелермен және командалармен орындалады.

    57. «Аяққа» күйінде орнында қарумен бұрылыстар жасаған кезде алдын ала берілетін команда бойынша қаруды біршама көтеру және онымен бір уақытта сүңгіні (ұңғы жағын) өзіне қарай тарту, ал оң қолды оң жанына біршама жақындату керек. Бұрылғаннан кейін аяқты қоюмен бір уақытта қаруды жайлап жерге қою керек.

    58. «Аяққа» күйінде «Адым» алдын ала командасы бойынша қарумен қозғалыс жасау үшін қаруды біршама көтеру керек, ал «Жүгіре» алдын ала берілетін командасы бойынша, бұдан басқа сол қолдың шынтағын жартылай бүгу керек.

    Жүгіре қозғалу кезінде қаруды ақырын бүгілген оң қолмен қарудың ұңғы жағы біршама алға қарап тұратындай етіп ұстау керек. Жинақталған сапта жүгіру кезінде сүңгіні өзіне қарай алу керек.

    59. «Аяққа» күйінде және «иыққа», «қарубауға» және «кеудеге» күйлерінде қарумен қозғалыс жасау кезінде қару ұстамаған бос қолмен, ал «арқаға» күйінде қарумен қозғалыс жасау кезінде екі қолмен дене айналасында адым ырғағымен еркін қозғалыс жасау керек.

    60. Карабинмен «иыққа» күйінде қозғалыс жасау кезінде «ТОҚТА» орындалатын командасы бойынша тоқтау керек және командасыз карабинді осы Жарғының 46-тармағында көрсетілген ережелер бойынша «аяққа» күйіне алу керек.

    61. Қозғалыста карабин аяққа «күйінен»иыққа» күйіне орнында тұрғандай (осы Жарғының 45-тармағы), сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «Иық-ҚА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады. Орындалатын команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау керек және содан кейін біртіндеп сол аяқты жерге қоюмен әрбір тәсілді орындау керек.

    62. Қозғалыста карабин «иыққа «күйінен «аяққа» күйіне орнында тұрғандай (осы Жарғының 46-тармағы), сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «Аяқ-ҚА» командасы бойынша үш тәсілмен алынады. Орындалатын команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау керек және содан кейін біртіндеп сол аяқты жерге қоюмен әрбір тәсілді орындау керек.

    3-тарау. Әскери сәлемдесуді орындау, саптан шығу және сапқа қайта тұру.

    Бастыққа келу және одан кету

    1. Әскери сәлемдесуді қарусыз орнында тұрып және қозғалыста орындау

    63. Әскери сәлемдесу нық және көрнекті орындалады.

    64. Әскери сәлемдесуді саптан тыс орнында бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда ол жаққа бұрылып, саптық қалыпты қабылдау керек және оның соңынан басын бұра отырып, оған қарау керек.

    Егер бас киім киілген болса, онда, одан басқа саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарға) тиіп тұратындай, ал шынтақ иық деңгейінде және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек (11-сурет). Бастық (атағы үлкен) жаққа басты бұрған кезде қолдың бас киімдегі жағдайы өзгеріссіз қалады.

    Бастық (атағы үлкен) әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатқанда басты тік ұстау керек және онымен бір уақытта оң қолды төмен түсіру керек.

    65. Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа бұру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оған қарау керек. Бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстау және қолмен қозғалыс жасауды жалғастыру керек.

    Бас киіммен болған кезде аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты бұру керек және оң қолды бас киімге апарып, сол қолды қозғалтпай жанында ұстау керек (12-сурет); бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты тік ұстап, оң қолды төмен түсіру керек.



    Бастықты (атағы үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстау және оң қолды төмен түсіру керек.

    66. Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді бастық (атағы үлкен) жаққа қарай басты бұрумен орындайды.

    2. Әскери сәлемдесуді қарумен орнында және қозғалыста орындау

    67. Әскери сәлемдесуді қарумен орнында саптан тыс орындау қарусыз орындау сияқты жүргізіледі (осы Жарғының 64-тармағы); бұл ретте карабиннің «иыққа» күйін қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді және қол бас киімге апарылмайды.

    Әскери сәлемдесуді карабинмен «иыққа» күйінде орындау кезінде ол алдын ала «аяққа» күйіне алынады.

    Қарумен «арқаға» күйінде әскери сәлемдесуді оң қолды бас киімге апара отырып орындау керек.

    68. Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста аяқ жанындағы, «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты ол жаққа қарай бұру және бос қолымен қозғалысты тоқтату керек; «арқаға» күйіндегі қарумен одан басқа қолды бас киімге апару керек.

    Карабинмен «иыққа» күйінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде оң қолмен қозғалысты жалғастыру керек.

    69.»Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасы бойынша «аяққа» күйіндегі карабинмен әскери сәлемдесу екі тәсілмен жүзеге асырылады:

    бірінші тәсіл - карабинді оң қолмен көтеріп, ұңғысын кеуденің орта тұсына, көздеу планкасын өзіне қаратып, оны тік ұстау керек; осымен бір уақытта сол қолмен карабинді сағағынан (төрт саусақ алдында оқжатарда, ал бас бармақ - көздеу планкасының астында) ұстау керек, сол қолдың білегі - қарубау деңгейінде болу керек (13-сурет);

    екінші тәсіл - оң қолды құндақтың мойнына ауыстыру және онымен карабинді бас бармақ артында, ал біріктірілген төрт саусақ құндақ мойнының алдында қиғаш жататындай етіп ұстау керек (13-сурет).

    Екінші тәсілді орындаумен бір уақытта басты оңға (солға) бұру және оның соңынан басын бұра отырып, бастықты көз қиығымен шығарып салу керек.

    70. Карабин «қарауылға» күйінен «аяққа» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша алынады.

    Алдын ала берілетін команда бойынша басты тік ұстау керек, ал орындалатын команда бойынша карабинді аяққа үш тәсілмен алу керек:

    бірінші тәсіл - оң қолды жоғары ауыстыру және карабинді сағағы мен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек;

    екінші тәсіл - карабинді дүмі табанның сыртқы жағына тиіп тұратындай етіп, оң аяққа ауыстыру керек; сол қолмен карабинді сүңгі түтігінен ұстау керек;

    үшінші тәсіл - сол қолды жылдам төмен түсіру керек, ал оң қолмен карабинді жерге жайлап қою керек.



    71. «Қарауылға» тәсілін орындай отырып әскери сәлемдесуді карабинмен орындау тек әскери бөлімшелер мен бөлімдер орнында олар сапта болған кезде жүргізіледі.

    «Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасы бойынша карабиндер «қарауылға» күйіне алынады; сапта тұрған барлық әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды және онымен бір уақытта басын бастық жаққа қарай бұрып, оны көз қиығымен шығарып салады. Егер саптағы әскери қызметшілерде автоматтар, оқшашарлар мен қол гранатаатқыштар бар болса, олардың күйі өзгермейді.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта