Главная страница
Навигация по странице:

  • 3. Машиналардағы саптық байқау

  • 8-тарау. Бригада (полк) Жауынгерлік Туының саптағы жағдайы, оны шығару және әкету 1. Жалпы ережелер

  • 2. Жауынгерлік Тудың саптағы жағдайы

  • 3. Жауынгерлік Туды шығару және оны әкету тәртібі

  • Саптық жарғыға

  • -аза-стан Республикасы -арулы К-штеріні-, бас-а да -скерлері мен. азастан Республикасы арулы Кштеріні, баса да скерлері мен скери ралымдарыны


    Скачать 1.88 Mb.
    Названиеазастан Республикасы арулы Кштеріні, баса да скерлері мен скери ралымдарыны
    Дата03.06.2018
    Размер1.88 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла-аза-стан Республикасы -арулы К-штеріні-, бас-а да -скерлері мен.doc
    ТипДокументы
    #45842
    страница7 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Бригаданың (полктің) байқауы

    197. Саптық байқау үшін бригада (полк) Жауынгерлік Тумен 33-суретте көрсетілгендей роталық немесе взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызылады, бригада (полк) командирі бригада (полк) сабы орта тұсының алдында 20-30 адымда тұрады. Оркестр болмаған кезде белгі беруші-барабаншылар жетекшінің командасы бойынша оркестр үшін көрсетілген орынға сапқа тұрады.

    Бастықты қарсы алу және әскери сәлемдесуді орындау рота мен батальон үшін көрсетілгендей жүргізіледі; бұл ретте баяндауда бригадаға (полкке) берілген құрмет атақтары мен ордендерін атай отырып, оның атауы толық айтылады. Әскери сәлемдесуді орындағаннан кейін бригада (полк) командирінің «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша батальон командирі саптан шығады және өз батальондары орта тұсының алдында он адымда, ал жеке роталардың (батареялардың) командирлері - бес адымда тұрады.

    198. Бригада (полк) байқау өткізетін бастықтың алдынан салтанатты шерумен батальон бойынша немесе рота бойынша жүріп өтеді.

    Бригаданың (полктің) жүріп өту тәртібі: бригада (полк) командирі алда жүреді, одан кейін бір немесе екі қатарда үш адымда - бригада (полк) командирінің орынбасарлары, олардан кейін екі адымда ассистенттерімен ту ұстаушы, олардан кейін үш адымда - үш (төрт) лекте бригада (полк) басқармасының қалған құрамы және одан әрі - белгіленген арақашықтықтарда бригада (полк) бөлімшелері.

    Егер саптық байқауды бригада (полк) командирі өткізетін болса, онда бригаданың (полктің) алдында оның орнына орынбасары тұрады.

    199. Салтанатты шерумен жүріп өту үшін бригада (полк) командирі: «Бригада (полк), ТІК ТҰР. Салтанатты шеруге, рота бойынша (батальон бойынша), мынанша сызықтық арақашықтықта, бірінші рота (батальон, бригада (полк) басқармасы) тура, қалғандары оң-ҒА». «Қарубау-ҒА («Автоматтарды КЕУДЕ-ГЕ»); «Назар оңға, адым - БАС» командаларын береді.

    «Салтанатты шеруге» командасы бойынша бригада (полк) командирінің орынбасарлары саптан шығады және Жауынгерлік Тудың алдында төрт адымда тұрады, ал штаб бастығының аға көмекшісі саптан шығады және Жауынгерлік Тудың алдында екі адымда тұрады, батальондар, роталар, взводтар командирлері, оркестр (белгі беруші-барабаншылар) саптан шығады және осы Жарғының 186, 193-тармақтарында көрсетілгендей тұрады.

    «БАС» командасы бойынша оркестр марш ойнай (белгі беруші-барабаншылар - «Жорықтық марш» соға) бастайды, ал бағыттаушы рота (батальон, бригада (полк) басқармасы қозғалысты тура саптық адыммен бастайды. Қалған бөлімшелер оңға бұрыла отырып, бағыттаушы рота тұрған жерге дейін келеді, солға бұрылады (иықпен енеді), өз командирлерінің «ОРНЫНДА» командасы бойынша түзеледі, белгіленген арақашықтықты орнатады және «ТУРА» командасы бойынша алда келе жатқан бөлімшенің соңынан жүреді. Ту ұстаушы мен ассистенттер салтанатты шерумен жүріп өту кезінде бастық жаққа басын бұрмайды.

    200. Бригаданың (полктің) соңғы бөлімшесі байқауды өткізетін бастықтың жанынан өткенде оркестр (белгі беруші-барабаншылар) әскери дирижердың (жетекші белгі беруші-барабаншының) командасы бойынша ойнауын (соғуын) тоқтатпастан, қозғалысты тура бастайды, ал салтанатты шерумен жүріп өту сызығына келгенде әскери дирижердың (жетекші белгі беруші-барабаншының) соңынан оң иықпен енеді және бастықтың алдынан саптық адыммен өтеді, бастықтың жанынан бір-екі сызықтық өткеннен кейін ойнауды (соғуды) тоқтатады.

    201. Әнмен жүріп өту үшін бригада (полк) командирі бригаданы (полкті) қайта сапқа тұрғызып: «Бригада (полк), ТІК ТҰР. Әнмен жүріп өту үшін, рота бойынша (батальон бойынша), арақашықтық 50 метр немесе басқа арақашықтық көрсетіледі, бірінші рота (батальон, бригада (полк) басқармасы) тура, қалғандары оң-ҒА». «Қарубау-ҒА. Адым - БАС» командаларын береді.

    «Әндетіп өту үшін» командасы бойынша бригада (полк) командирінің орынбасарлары саптан екі адымға шығып, бригада (полк) басқармасының алдына тұрады.

    202. Бригаданы (полкті), сызықтықты білдіретіндердің шыққанын, сондай-ақ салтанатты шерумен және әнмен жүріп өтуді тексеру батальон үшін көрсетілгендей жүргізіледі.

    3. Машиналардағы саптық байқау

    203. Рота, батальон және бригада (полк) саптық байқау үшін машиналар алдында жеке құраммен өрістетілген сапқа тұрғызылады:

    рота - машиналар сызығына, жеке құрам - екі қатарлы сапқа;

    батальон - машиналар және жеке құрам - роталық немесе взводтық лектер сызығына;

    бригада (полк) - машиналар мен жеке құрам - роталық лектер сызығына.

    204. Машиналардағы жеке құрамның саптық байқауы жаяу тәртіппен байқау үшін көрсетілгенге сәйкес жүргізіледі.

    Қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың бар болуы және жай-күйін, сондай-ақ машиналардағы әрекеттерге жеке құрамның дайындығын тексеру саптық байқауды өткізетін бастық көрсеткен тәртіппен жүргізіледі. Ол машиналармен салтанатты шерумен жүріп өту тәртібін де айқындайды.

    205. Машиналармен салтанатты шерумен жүріп өту роталық немесе батальондық жорықтық лектермен жүргізіледі. Бригада (полк), сондай-ақ екі және одан да көп лекпен жүріп өтуі мүмкін.

    Байқау өткізілетін роталар, батальондар командирлерінің, бригада (полк) командирінің машиналарындағы кабиналардың люктері мен әйнектерінен басқа, машиналар кабиналарының люктері мен әйнектері жабық болуы тиіс. Одан басқа, салтанатты шерумен қозғалыс жасаған уақытта люкте болуға рұқсат етілген бөлімшелер командирлерінің машиналарындағы люктер ашық болуы тиіс.

    Байқау өткізетін бастықтың рұқсатымен кабиналардың люктері мен әйнектері басқа да машиналарда ашық болуы мүмкін.

    Салтанатты шерумен қозғалыс жасаған кезде машинаның командирлік люгінде (қораптың оң жақ алдыңғы бұрышында) мыналар тұрып тұрады: рота байқауында - рота командирі, взводтар мен машиналар командирлері; батальон байқауында - батальон командирі, роталар және взводтар командирлері, бригада (полк) байқауында - бригада (полк) командирі, батальондар мен роталар командирлері.

    Автомобильде қозғалыс жасаған кезде бөлімшелер мен бөлімдер командирлері машина жүргізушісінің жанында отыруы мүмкін.

    206. Салтанатты шерумен қозғалыс жасау «Лекпен - ЖҮР» командасы (белгісі) бойынша басталады. Қозғалысты барлық машина бір уақытта орнында тұрған сол сапта немесе командирдің командасы бойынша жүріс кезінде белгіленген арақашықтық пен аралықты қабылдап, қайта сапқа тұрғызылып бастайды. Егер машиналар арасындағы арақашықтық 10 метрден аспайтын болса, онда машиналар белгіленген арақашықтықты, ал екі және одан да көп лекпен жүріп өту кезінде аралықты да ала отырып, қозғалысты кезекпен бастайды.

    Байқау өткізетін бастыққа дейін екі-үш сызықтық қалғанда машиналардың командирлік люгінде (кабинасында) отыратын командирлер қолын бас киіміне апарады және онымен бір уақытта басын бастық жаққа бұрады. Қалған әскери қызметшілер осы Жарғының 167-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді, бұл ретте «кеудеге» күйіндегі автоматтар сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұсталады.

    Байқау өткізетін бастықтың жанынан бір сызықтық арақашықтыққа өткеннен кейін бөлімшелер мен бөлімдердің командирлері бас киімінен қолын төмен түсіреді және басын тік қаратады, ал қалған әскери қызметшілер «еркін отыр» күйін қабылдайды.

    207. Бөлімнің Жауынгерлік Туы салтанатты шерумен жүріп өту алдында бөлім командирі машинасының жоғарғы люгінде (десанттық бөлігінде, қорабында) жайылған түрінде орнатылады. Ту ұстаушы мен ассистенттер жүріп өту уақытында бастық жаққа басын бұрмайды. Автоматтармен қаруланған ассистенттер оларды «кеудеге» күйінде және сол қолымен сағақ пен ұңғы бастырмасынан ұстауы тиіс.

    8-тарау. Бригада (полк) Жауынгерлік Туының саптағы жағдайы, оны шығару және әкету

    1. Жалпы ережелер

    208. Бөлім бойынша бұйрықпен Жауынгерлік Туға көбіне ордендермен және медальдармен наградталған сержанттар немесе офицерлер қатарынан ту ұстаушы мен екі ассистент тағайындалады.

    Одан басқа, бригадаға (полкке) Жауынгерлік Туды шығарған және сақтау орнына әкеткен кезде оған ілесіп жүру үшін бөлім бойынша бұйрықпен туды алып жүруші взвод тағайындалады. Туды алып жүруші взвод Жауынгерлік Туды сақтау орнына алып бара жатқанда оның жанында ту ұстаушы, ассистенттер және белгі беруші-барабаншы болуы тиіс.

    Жауынгерлік Туды алып жүрген кезде ту ұстаушы мен ассистенттерде аспа бау болуы тиіс (10-қосымша).

    Бөлімге Жауынгерлік Ту үнемі жайылған түрінде шығарылады. Елеулі қашықтыққа қозғалыс жасағанда Жауынгерлік Ту қабында алып жүріледі (тасымалданады).

    2. Жауынгерлік Тудың саптағы жағдайы

    209. Саптағы орнында ту ұстаушы Жауынгерлік Туды еркін түсірілген оң қолмен аяқ жанында ұстайды. Сабының төменгі ұшы оң аяқ табаны жанының ортасында болуы тиіс (60-сурет).

    Қарумен тәсілдерді орындаған кезде Жауынгерлік Тудың жағдайы өзгертілмейді.

    210. Қозғалыс жасау үшін «АДЫМ» алдын ала командасы бойынша ту ұстаушы Жауынгерлік Туды сол жақ иығына ауыстырады және оны сабы бойымен созылған сол қолымен ұстайды, ал оң қолын төмен түсіреді. Бұл реттегі Жауынгерлік Тудың жағдайы сабының төменгі ұшы жерден 50-60 см биіктікте болуы тиіс (61-сурет).

    Парадтарда салтанатты шерумен жүріп өту кезінде Жауынгерлік Ту 62-суретте көрсетілгендей алып жүктеледі.



    211. Жауынгерлік Тумен қозғалыс кезінде автоматтармен қаруланған ассистенттер мен туды алып жүруші взвод оларды «кеудеге» күйінде, ал карабиндермен қаруланғандар - «иыққа» күйінде (қылыштармен қаруланған ассистенттер - «иыққа» күйінде) ұстауы тиіс. Бұл ретте «кеудеге» күйіндегі автоматтар сағақ пен ұңғы бастырмасынан сол қолмен ұсталады.



    212. Бөлімнің өрістетілген сабында Жауынгерлік Тумен ту ұстаушы және екі ассистент 33-суретте көрсетілгендей тұрады.

    3. Жауынгерлік Туды шығару және оны әкету тәртібі

    213. Туды алып жүретін взвод Жауынгерлік Туды сақтау орнына үш (төрт) лекпен алып жүреді. Взвод командирі алда алты адымда, одан кейін екі адымда - ассистенттерімен ту ұстаушы, ту ұстаушыдан кейін екі адымда - белгі беруші-барабаншы жүреді.

    214. Жауынгерлік Туды сақтау орнына келгеннен кейін туды алып жүретін взвод саптың орта тұсы үй-жайдың (сақтау орнының) есігіне қарама-қарсы келетіндей болып өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады.

    Взвод командирі белгі беруші-барабаншыдан оңға қарай взводтың оң жақ қапталына тұрады, ал взвод командирінен оңға қарай екі адымда ту ұстаушы мен ассистенттер бір қатарға тұрады. Жауынгерлік Туды қабылдау үшін штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) ту ұстаушыны шақырады: «Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым - БАС».

    Осы команда бойынша ту ұстаушы мен ассистенттер штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) соңынан жүреді.

    215. Штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) қарауыл бастығынан Жауынгерлік Туды қабылдап алып, оны ту ұстаушыға тапсырады және қарауыл бастығының қатысуымен Ішкі қызмет жарғысында көрсетілген тәртіппен Жауынгерлік Туды қарап шығады.

    Одан кейін штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) қолын бас киіміне апарады, «Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым - БАС» командасын береді және туды алып жүретін взводқа қарай жүреді.

    Жауынгерлік Ту кіреберісте көрінгенде туды алып жүретін взвод командирі мынадай команда береді: «Взвод, Туға - ТІК ТҰР», ал егер взвод карабиндермен қаруланған болса мынадай команда береді: «Взвод, Туға - ТІК ТҰР, қарауыл-ҒА». Бірінші команда бойынша взвод саптық қалыпты қабылдайды, взвод командирі қолын бас киіміне апарады, ал екінші команда бойынша взвод, одан басқа карабиндерді «қарауылға» (осы Жарғының 69-тармағы) күйіне алады; белгі беруші-барабаншы «Туға» маршын соға бастайды.

    Ту ұстаушы ассистенттерімен взвод командирінен оңға қарай екі адымда қозғалыс жағына маңдайшебімен бір қатарға тұрады. Штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) ту ұстаушының алдыңғы жағында екі адымда тұрады және бас киімінен қолын түсіреді; белгі беруші-барабаншы соғуын тоқтатады.

    Ту ұстаушы ассистенттерімен өз орнына тұрғаннан кейін взвод командирі бас киімінен қолын түсіріп, «Взвод, оң-ҒА» командасын береді, ал егер взводта «қарауыл» күйінде карабин болса, онда алдын ала «Взвод, аяқ-ҚА» және одан кейін «Иық-ҚА» командаларын береді.

    216. Жауынгерлік Тумен қозғалу штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) «Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым - БАС» командасы бойынша басталады. Осы команда бойынша штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары), ту ұстаушы мен ассистенттер қозғалысты жарты адыммен бастайды. Взвод командирінің «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым - БАС» командасы бойынша туды алып жүретін взвод жүру кезінде осы Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей қайта сапқа тұрғызылады. Қайта сапқа тұрғызылғаннан кейін штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) «ТУРА» командасы бойынша барлығы толық адыммен қозғалысты бастайды.

    Жауынгерлік Тумен қозғалыс мынадай тәртіппен саптық адыммен жасалады: штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары), одан кейін екі адымда - ту ұстаушы ассистенттерімен, ту ұстаушыдан кейін үш адымда - взвод командирі; белгі беруші-барабаншы взвод командирінен кейін екі адымда, ал белгі беруші-барабаншыдан кейін екі адымда - взвод жүреді.

    Белгі беруші-барабаншы туды алып жүретін взвод жүрген кезде «Жорықтық маршты» соға бастайды және оркестр (белгі беруші-барабаншылар) ойнай бастағанда соғуды тоқтатады.

    217. Ту алып жүруші взвод Жауынгерлік Туымен бригадаға (полкке) 40-50 адым жақындағанда бригада (полк) командирі: «Бригада (полк), Туға - ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)», ал егер бригада (полк) карабинмен қаруланған болса: «Бригада (полк), Туға - ТІК ТҰР. Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасын береді.

    Бірінші команда бойынша взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері қолын бас киіміне апарады; барлығы басын Жауынгерлік Ту жаққа бұрады және оның соңынан басын бұра отырып, оны көз қиығымен шығарып салады; оркестр «Қарсы алу маршын» ойнайды. Екінші команда бойынша, одан басқа, карабиндер «қарауылға» күйіне алынады (осы Жарғының 69-тармағы). Егер бригада (полк) жанында оркестр болмаса, оркестр орнына алдын ала сапқа тұрғызылған белгі беруші-барабаншы «Туға» маршын соғады. Ту алып жүруші взвод бригаданың (полктің) сол жақ қапталына келіп тоқтайды және егер взвод карабинмен қаруланған болса, взвод командирінің командасы бойынша оларды «қарауылға» күйіне алады. Ту ұстаушы ассистенттерімен штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) командасы бойынша бригада (полк) маңдайшебі бойымен оң жақ қапталға қарай қозғалысты жалғастырады және олар үшін сапта белгіленген орынға тұрады (33-сурет).

    Ту ұстаушы өз орнына тұрғаннан кейін бригада (полк) командирі оркестрге (белгі беруші-барабаншыларға) ойнауын (соғуын) тоқтату үшін белгі береді және: «Еркін тұр» командасын береді, ал егер бригадада (полкте) «қарауылға» күйінде карабин бар болса, алдын ала «Бригада (полк), аяқ-ҚА» командасын береді.

    Бригада (полк) командирінің «Еркін тұр» командасынан кейін ту алып жүруші взводтың командирі взводты бригаданың (полктің) сол жақ қапталына апарады.

    218. Жауынгерлік Туды әкету үшін бригада (полк) командирі «Ту алып жүруші взвод - АЛҒА» деп команда береді.

    Осы команда бойынша ту алып жүруші взвод үш (төрт) лек бойынша белгі беруші-барабаншымен шығарылады және алға сол иықпен ене отырып, сол жақ қапталдағы бөлімшенің орта тұсы алдына бригада (полк) маңдайшебіне қарама-қарсы 20-25 адымда тоқтайды.

    Ту алып жүруші взвод тоқтаған кезде бригада (полк) командирі: «Бригада (полк), Туға - ТІК ТҰР, назар оң-ҒА» командасын береді, ал егер бригада (полк) карабинмен қаруланған болса: «Бригада (полк), Туға - ТІК ТҰР. Оң жақтан қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасын береді.

    Осы команда бойынша бригада (полк) осы Жарғының 217-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді (ту алып жүруші взвод солға түзеледі); оркестр «Қарсы алу маршын» ойнайды (белгі беруші-барабаншылар «Туға» маршын соғады); штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) ту ұстаушыға: «Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым - БАС» командасын береді және оны ассистенттерімен бригада (полк) маңдайшебі бойымен ту алып жүруші взвод жаққа қарай алып жүреді.

    Жауынгерлік Туы бар ту ұстаушы ту алып жүруші взвод қатарына теңелген кезде ту алып жүруші взводтың командирі: «Взвод, адым - БАС» командасын береді, ал егер взвод карабинмен қаруланған болса, алдын ала «Взвод, аяқ-ҚА» және «Иық-ҚА» командаларын береді. Взвод Жауынгерлік Тумен, оны сақтау орнына кетеді.

    Ту алып жүруші взвод 40-50 адымға алыстағанда бригада (полк) командирі оркестрге (белгі беруші-барабаншыларға) ойнауын (соғуын) тоқтатуға белгі береді және: «ЕРКІН ТҰР» командасын береді, ал егер бригадада (полкте) «қарауылға» күйінде карабиндер бар болса, алдын ала «Бригада (полк), аяқ-ҚА» командасын береді.

    219. Жауынгерлік Туды сақтау орнына келгенде ту алып жүруші взводтың командирі осы Жарғының 214-тармағында көрсетілген тәртіппен взводты сапқа тұрғызады және: «Взвод, Туға - ТІК ТҰР», ал егер карабиндермен қаруланған болса: «Взвод, Туға - ТІК ТҰР, қарауыл-ҒА» командаларын береді. Осы командалар бойынша взвод осы Жарғының 215-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды. Белгі беруші-барабаншы «Туға» маршын соғады. Штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) бас киіміне қолын апара отырып, ту ұстаушыға: «Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым - БАС» командасын береді және оны ассистенттерімен соңынан алып жүреді. Жауынгерлік Ту үй-жайға кіргізілген кезде ту алып жүруші взводтың командирі бас киімінен қолын түсіреді, белгі беруші-барабаншы барабанды соғуын тоқтатады; егер взводта «қарауылға» күйінде карабиндер бар болса, взвод командирі «Взвод, аяқ-ҚА», содан кейін «Қарубау-ҒА» командаларын береді және взводты рота орналасқан жерге алып жүреді.

    Саптық жарғыға

    1-ҚОСЫМША

    Сапты басқаруға арналған белгілер кестесі

    Р/с



    Белгі

    Шартты белгілер

    Қолмен

    Жалаушалармен

    Қолшаммен

    1

    2

    3

    4

    5

    1.

    Назар сал

    (назар сал,

    мен сияқты

    жаса, жауап

    беру)

    Оң қолды

    жоғары көтеру

    және жауап

    бергенге

    дейін ұстау

    керек (Назар

    сал белгісін

    қайталағанға

    дейін)

    Оң қолмен ақ

    жалаушаны

    көтеру және

    жауап бергенге

    дейін ұстау

    керек (Назар

    сал белгісін

    қайталағанға дейін)



    Ақтүсті

    қолшаммен

    - бірнеше

    нүктелер



    2.

    Командирлер-

    ді (бастық-

    тарды) жинау

    Оң қолды

    жоғары көтеру

    және оны

    басынан асыра

    айналдыру,

    одан кейін

    қолды жылдам

    түсіру керек

    Сол сияқты,

    оң қолға қызыл

    және ақ

    жалаушалармен



    Ақ түсті қолшаммен

    жартылай шеңбер

    жасай отырып,

    басынан асыра

    оңға және солға

    бұлғау керек



    3.

    Барлығын

    маған кел

    (сапқа тұр)

    Оң қолды

    жоғары көтеру

    және оны

    басынан асыра

    үлкен

    амплитудамен

    айналдыру

    керек

    Сол сияқты,

    оң қолда ақ

    жалаушалармен



    Қызыл

    түсті қолшаммен

    - бірнеше нүктелер



    4.

    Машиналарға

    Екі қолды

    жоғары көтеру

    және

    орындалғанға

    дейін ұстау

    керек

    Сол сияқты, оң қолында ақ,

    ал сол қолда қызыл

    жалаушаны ұстап тұрып



    Ақ түсті қолшаммен

    өз алдында

    иық деңгейінде

    оңға және солға

    бұлғау керек



    5.

    Орындарына

    Екі қолды

    жоғары көтеру

    және жаны

    арқылы жылдам

    түсіру керек

    Сол сияқты, оң қолда ақ, ал

    сол қолда қызыл жалаушаны

    ұстап тұрып



    Ақ түсті қолшаммен

    тік жоғары және төмен

    бұлғау керек



    6.

    От алдыр

    Оң қолмен

    өзінің алдында

    айналдыру

    керек

    Сол сияқты,

    оң қолында ақ

    жалауша ұстап тұрып



    Ақ түсті қолшаммен

    өз алдында

    айналдыру керек



    7.

    Қозғалтқышты

    өшір

    Түсірілген

    екі қолмен

    өзінің алдында

    бұлғау керек

    Сол сияқты, оң

    қолда ақ, ал

    сол қолда

    - қызыл жалауша

    ұстап тұрып



    Төмен ұсталған

    қызыл түсті

    қолшаммен жартылай

    шеңберді көрсетіп

    өзінің алдында бұлғау

    керек



    8.

    Адымда

    (алға,

    бұрынғы

    немесе жаңа

    бағыттарда

    қозғалысты

    жалғастыр,

    жол ашық)

    Оң қолды

    жоғары көтеру,

    қозғалыс жаққа

    бұрылу және

    иық деңгейінде

    қозғалыс

    бағытына

    қолды түсіру

    керек

    Сол сияқты,

    оң қолында ақ

    жалауша ұстап тұрып



    Жасыл түсті

    қолшаммен тік және

    төмен бұлғау

    керек



    9.

    Арақашықтық-

    ты ұлғайт

    Сол қолды

    жоғары көтеру,

    ал оң қолды

    жанына

    көлденең созу

    керек және

    онымен иық

    деңгейіне

    дейін төмен

    және жоғары

    бұлғау керек

    Сол сияқты, оң

    қолда ақ, ал

    сол қолда

    қызыл жалауша

    ұстап тұрып



    Жасыл түсті

    қолшаммен сегіздікті

    көрсете отырып,

    тік жазықтыққа

    бұлғау керек



    10.

    Тоқта

    (тоқтат)

    Сол қолды

    жоғары көтеру

    және

    орындағанға

    дейін

    қайталап,

    өзінің алдында

    жылдам түсіру

    керек

    Сол сияқты,

    сол қолында

    қызыл жалаушамен



    Қызыл түсті

    қолшаммен тік жоғары

    және төмен бұлғау

    керек



    11.

    Арақашықтықты

    азайт

    Оң қолды

    жоғары көтеру,

    ал сол қолды

    жанына

    көлденең созу

    керек және

    онымен иық

    деңгейіне

    дейін төмен

    және жоғары

    бұлғау керек

    Сол сияқты, оң

    қолда ақ, ал сол қолда

    қызыл жалауша ұстап тұрып



    Қызыл түсті

    қолшаммен сегіздікті

    көрсете отырып,

    тік жазықтықта

    бұлғау керек



    12.

    Машиналар

    сызығына

    (жаяу жүру

    тәртібімен -

    бөлімшелер

    сызығына)

    Екі қолды

    жанына

    көлденең созу

    және жауап

    бергенге

    дейін ұстау

    керек

    Сол сияқты, оң қолда ақ, ал

    сол қолда қызыл жалауша

    ұстап тұрып



    Жасыл түсті

    қолшаммен

    өзінің алдында

    иық деңгейінде

    оңға және солға

    бұлғау керек



    13.

    Тізбекке

    өрістеу

    Өрістеу

    жағына бұрылу

    және қолдарын

    өзінің алдына

    иық деңгейіне

    дейін көтеру

    керек

    Сол сияқты, оң

    қолда ақ, ал

    сол қолда

    қызыл жалаушаны

    ұстап тұрып



    Жасыл

    түсті қолшаммен

    - бірнеше нүктелер



    14.

    Взводтық

    лектер

    сызығына

    Екі қолды

    жоғары көтеру

    және олармен

    бастан асыра

    айқастыра

    бұлғау керек

    Сол сияқты, оң

    қолда ақ, ал

    сол қолда

    қызыл жалауша

    ұстап тұрып



    Жасыл түсті

    қолшаммен жартылай

    шеңберді көрсете

    отырып, бастан

    асыра оңға және

    солға бұлғау керек



    15.

    Роталық

    лектер

    сызығына

    Екі қолды

    жоғары көтеру,

    оларды бастан

    асыра

    бір-біріне

    айқастыра қою

    және

    қозғалыссыз

    ұстау керек

    Сол сияқты, оң

    қолда ақ, ал

    сол қолда

    қызыл жалауша

    ұстап тұрып



    Жасыл түсті

    қолшаммен жартылай

    шеңберді көрсете

    отырып, бастан

    асыра оңға бұлғау

    керек.

    Қолшамды бастапқы

    жағдайға қайтару

    жартылай сөндірілген

    немесе жарықты

    қабылдайтынға

    көрсетпей жауып

    жүргізу керек



    16.

    Лекке

    Оң қолды

    жоғары көтеру

    және оны

    білекті тік

    ұстай отырып

    түсіру керек

    (жауап

    бергенге дейін

    қайталау

    керек)

    Сол сияқты, оң

    қолда ақ

    жалаушамен



    Жасыл түсті

    қолшамды қозғалыс-

    сыз ұстау, ал одан

    кейін «Алға»

    белгісін жауап

    бергенге дейін қайталау



    17.

    Барлығың

    артқа бұрыл

    Сол қолды

    жанына

    көлденең

    созу, ал оң

    қолды жоғары

    көтеру және

    басынан асыра

    айналдыру

    керек

    Сол сияқты, оң

    қолда ақ, ал

    сол қолда

    қызыл жалауша

    ұстап тұрып



    Жасыл түсті

    қолшаммен

    өзінің алдында

    айналдыру керек



    18.

    Барлығың

    оңға (солға)

    бұрыл

    Сол қолды

    жанына

    көлденең

    созу, ал оң

    қолды жоғары

    көтеру керек,

    бұрылыс жағына

    бұрылу және оң

    қолмен иық

    деңгейіне

    дейін жоғары

    және төмен

    бұлғау керек

    Сол сияқты, оң

    қолда ақ, ал сол қолда

    қызыл жалауша

    ұстап тұрып



    Жасыл түсті

    қолшаммен жоғарыдан

    төмен қарай және

    бұрылу жағына

    қарай бұлғау керек



    19.

    Авария

    (мәжбур

    болған

    тоқтаулар)

    Оң қолды

    жанына

    көлденең созу,

    ал сол қолды

    жоғары көтеру

    және онымен

    бастан асыра

    оңға және

    солға бұлғау керек

    Сол сияқты, оң қолда ақ, сол

    қолда қызыл жалауша ұстап

    тұрып. Белгіні бергеннен

    кейін қызыл

    жалауша машинаға 45

    градустық бұрышпен

    орнатылады



    Жасыл түсті

    қолшаммен иық

    денгейінде өзінің

    алдында оңға және

    солға бұлғау керек


    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта