Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Жүгіріп және еңбектеп өту

  • 170-тармағында

  • 169-тармағында

  • 3. Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимылы

  • 7-тарау. Ротаның, батальонның және бригаданың (полктің) саптық байқауы Жалпы ережелер

  • 2. Жаяу тәртіппен саптық байқау Ротаның байқауы

  • Батальонның байқауы

  • -аза-стан Республикасы -арулы К-штеріні-, бас-а да -скерлері мен. азастан Республикасы арулы Кштеріні, баса да скерлері мен скери ралымдарыны


    Скачать 1.88 Mb.
    Названиеазастан Республикасы арулы Кштеріні, баса да скерлері мен скери ралымдарыны
    Дата03.06.2018
    Размер1.88 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла-аза-стан Республикасы -арулы К-штеріні-, бас-а да -скерлері мен.doc
    ТипДокументы
    #45842
    страница6 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    6-тарау. Бөлімшелер жеке құрамының ұрыста жаяу тәртіппен іс-қимыл жасау кезіндегі қозғалыс әдістері мен тәсілдері

    1. «Ұрысқа», «тұр» тәсілдері

    169. «ҰРЫСҚА» командасы бойынша қаруды оң қолға алу, оң аяғымен алға қарай және біршама оңға толық адым жасау керек, онымен бір уақытта денені алға еңкейту керек, сол тізеге отыру және сол қолын өзінің алдына, саусақтарын оңға қарай жерге қою керек (53-сурет), одан кейін сол аяқтың жамбасына және сол қолдың білегіне сүйене отырып, сол бүйірге жату керек және жылдам ішке аунап түсу керек; аяқтардың ұштарын біршама сыртқа қаратып жан-жаққа созу және оқ атуға дайындалу керек (53-сурет).



    Қол оқшашарымен тәсілдерді орындау үшін «ҰРЫСҚА» командасы бойынша қаруды оң қолымен алу, сол қолмен тіреуіштерін жазу керек. Осымен бір уақытта оң (сол) аяқпен алға қарай толық адым жасау керек және алға еңкейе отырып, атыс бағытына оқшашарды тіреуіштеріне қою керек; жазылмастан жерге екі қолымен тіреліп, аяқтарын артқа жіберу, ішпен жату керек, аяқтардың ұштарын сыртқа қаратып созу және оқ ату үшін дайындалу керек (54-сурет).



    Топтық қарумен тәсілдерді орындау кезінде «ҰРЫСҚА» командасы бойынша оны жауынгерлік күйге келтіру керек, ал одан кейін ату үшін күйді қабылдау керек (55-сурет).



    170. «ТҰР» командасы бойынша қаруды оң қолына ұстай отырып, екі қолды кеуде деңгейіне тарту керек, бір уақытта аяқты бірге қосу керек (56-сурет), одан кейін қолдарын жедел соза отырып, кеудесін жерден көтеру және оң (сол) аяқты алға шығару керек (56-сурет), жылдам тұрып, сол (оң) аяқты қою және қарумен саптық қалыпты қабылдау керек (5-суретті қараңыз).

    Оқшашармен «ТҰР» командасы бойынша аяқтарын алға қарай созғаннан кейін оқшашарды алу керек, жылдам тұрып, сол (оң) аяқты қоя отырып, оқшашарды аяқ жанына қою керек (56-сурет).

    2. Жүгіріп және еңбектеп өту

    171. Жүгіріп өту үшін, мысалы: «Қатардағы жауынгер Солоненко, жыра бағытына жүгіріп өт - АЛҒА» командасы бойынша жүргізіледі.

    Алдын ала берілетін команда бойынша демалу үшін таса орындарға тоқтауға қарай қозғалу жолын белгілеп алу, ал орындалатын команда бойынша осы Жарғының 170-тармағында көрсетілгендей жылдам тұрып, сол (оң) аяғын жерге қоймастан, оң (сол) аяқты түзеумен (серпумен) бір уақытта оны алға қарай шығару және мүмкіндігінше жүгіріп өту керек.

    Демалу үшін тоқтаулар арасындағы жүгіріп өту ұзындығы жергілікті жерге және қарсыластың оқ атуына байланысты және орташа алғанда 20-40 адым болуы тиіс.

    Демалу үшін тоқтаған жерде осы Жарғының 169-тармағында көрсетілгендей жүгіріп келіп жату керек, біршама шетке қарай еңбектеп өту керек (бекіністі ауыстырудың өзге де әдісі қолданылуы мүмкін), ал командада көрсетілген орынға жеткеннен кейін, одан басқа оқ атуды жүргізуге дайындалу керек.

    Жүгіріп өту кезіндегі қарудың күйі - жүгіріп өтушінің қалауы бойынша болады.

    172. Еңбектеп өту жер бауырлап, жартылай төрт тағандап және бүйірімен өту үшін, мысалы: «Қатардағы жауынгер Солоненко, бруствер артына еңбектеп өт - АЛҒА» командасы бойынша жүргізіледі. Алдын ала берілетін команда бойынша қозғалу жолын және демалу үшін тасаланған тоқтау орындарын белгілеп алу керек, ал орындалатын команда бойынша көрсетілген әдістердің бірімен еңбектеп өту керек.

    173. Жер бауырлап еңбектеп өту үшін (57-сурет) жерге жабыса жату керек, оң қолмен қаруды жоғарғы антабкасынан қарубаудан алу және оны оң қолдың білегіне қою керек.



    Оң (сол) аяқты тарту және бір уақытта сол (оң) қолды мүмкіндігінше созу керек; бүгілген аяқпен серпіле отырып, денемен алға қарай жылжу керек, екінші аяқты тарту, екінші қолды созу керек және қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек. Еңбектеп өту кезінде басты жоғары көтермеу керек.

    174. Жартылай төрт тағандап еңбектеп өту үшін (58-сурет) тізерлеу және білекке немесе қолдардың басына тірелу керек. Бүгілген оң (сол) аяқты кеуде астына тарту керек, онымен бір уақытта сол (оң) қолды алға қарай созу керек. Денені оң (сол) аяқ толық созылғанша алға қарай жылжыту керек, онымен бір уақытта екінші бүгілген аяқты өзіне қарай тарта және екінші қолды соза отырып, қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек.

    Қаруды: білекке тірелген кезде - жер бауырлап еңбектеп өту кезіндегі сияқты; қолдардың басына тірелген кезде - оң қолмен ұстау керек.



    175. Бүйірмен еңбектеп өту үшін (59-сурет) сол бүйірге жату керек; тізесі бүгілген сол аяқты алға қарай соза отырып, сол қолдың білегіне тірелу, оң аяқты мүмкіндігінше өзіне қарай тартып өкшесімен жерге тірелу керек; оң аяқты жаза отырып, сол аяқтың күйін өзгертпей денені алға қарай жылжыту керек, одан кейін қозғалысты осындай тәртіппен жалғастыру керек.

    Қаруды сол аяқтың жамбасына қойып, оны оң қолмен ұстау керек.



    3. Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимылы

    176. Рота легіне жерүсті қарсыласының кенеттен шабуыл жасауына тойтарыс беру үшін «Қарсылас маңдайшептен (тылдан, солдан, оңнан) - «ҰРЫСҚА» командасы беріледі.

    Осы команда бойынша:

    маңдайшептен шабуыл жасалған кезде бағыттаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында, одан кейінгі взвод оңға қарай, ал тұйықтаушы взвод - бағыттаушыдан солға қарай өрістетіледі;

    тылдан шабуыл жасалған кезде рота артқа бұрылады; тұйықтаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында; лектің ортасында болатын взвод - одан оңға қарай, ал бағыттаушы взвод солға қарай өрістетіледі; солдан немесе оңнан шабуыл жасалған кезде рота тиісті жаққа қарай бұрылады; лектің ортасында болатын взвод жауынгерлік тәртіппен орнында өрістетіледі; қапталдағы взводтар: біреуі - оңға қарай, ал екіншісі - осы взводтан солға қарай өзінің сыртқы қапталдары жағына қарай өрістетіледі.

    177. Роталар легіне қарсылас әуеден шабуыл жасаған кезде «Ә-УЕ» командасы беріледі. Осы команда бойынша рота жағдайға байланысты қозғалысты жалғастырады немесе тоқтайды. Егер қозғалыс тоқтатылмаса, онда лекте жылдамдық пен машиналар арасындағы арақашықтық ұлғайтылады. Тоқтаған кезде жеке құрам өз командирлерінің командалары бойынша жылдам машиналардан секіріп түседі, жақын жердегі тасаланған орындарға взвод бойынша бекінеді, оқ атуға дайындалады және команда бойынша төмен ұшатын нысаналар бойынша оқ атуды жүргізеді.

    178. Қарсылас ядролық, химиялық және биологиялық қару қолданған кезде радиациялық қауіп немесе химиялық дабыл белгілері беріледі.

    Осы белгі берулер бойынша жеке құрам қорғаныс шараларын қабылдайды.

    7-тарау. Ротаның, батальонның және бригаданың (полктің) саптық байқауы

    Жалпы ережелер

    179. Саптық байқау жеке саптық машық және бөлімшелердің саптық үйлесімділік дәрежесін айқындау мақсатында өткізіледі. Саптық байқауда, сондай-ақ әскери қызметшілердің сыртқы пішіні, жабдықтардың, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың бар болуы мен жай-күйі тексеріледі. Саптық байқауда инспекциялау кезінде, одан басқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысында мазмұндалған тәртіппен әскери қызметшілерге сұрақтар қойылады. Әскери қызметшілерге сұрақтар қою да сонымен қатар тексеру жүргізу кезінде жүргізілуі мүмкін (8-қосымша).

    Саптық байқауды тікелей бастықтар немесе инспекциялауға (тексеруге) басшылық жасау үшін тағайындалған адамдар жүргізеді.

    Саптық байқауды жүргізетін адамдарға байқаудың мақсаттарына, міндеттеріне және жауынгерлік даярлық бағдарламасын орындауға байланысты саптық байқауды өткізу тәртібін белгілеуге рұқсат етіледі.

    Әрбір саптық байқау бөлімшенің, бригаданың (полктің) салтанатты шерумен өтуімен, ал Жауынгерлік Ту әкетілгеннен кейін - бөлімшелердің саптық әнді орындауымен аяқталады.

    Байқау қарсаңында байқауды өткізетін бастық бөлімшенің, бригаданың (полктің) командиріне байқаудың уақытын, орнын, сапқа тұрғызу және өткізу тәртібін, киім нысанын, байқауға қандай қару-жарақ, әскери және басқа да техниканы шығару қажеттігін хабарлайды.

    180. Ротаның, батальон мен бригаданың (полктің) саптық байқауы жаяу тәртіппен немесе машиналарда өткізіледі.

    Жаяу тәртіппен байқауға бригада (полк) бөлімшесінің барлық жеке құрамы жеке қарумен шығарылады, ал машиналардағы байқауға, одан басқа барлық қару-жарақ, әскери және басқа да техника шығарылады.

    2. Жаяу тәртіппен саптық байқау

    Ротаның байқауы

    181. Саптық байқау үшін рота өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады: рота командирі рота ортасының алдыңғы жағында сегіз адымда, рота сержанты - басқару тобының оң жақ қапталында, белгі беруші-барабаншы - рота сержантынан оңға қарай екі адымда, рота командирінің орынбасарлары - белгі беруші-барабаншыдан оңға қарай екі адымда, рота старшинасы ротаның сол жақ қапталына тұрады.

    182. Байқау өткізетін бастық 40-50 адым жақындағанда рота командирі «Рота, ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.

    Рота командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, байқау өткізетін бастыққа саптық адыммен келеді, оған екі-үш адым қалғанда оның алдына тоқтайды және баяндайды.

    Мысалы: «Подполковник мырза. Бірінші рота саптық байқау үшін сапқа тұрғызылды. Рота командирі капитан Дүйсекеев».

    Рота командирі баяндап болғаннан кейін оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяғымен жанына қарай бір адым жасайды және бастықты алға қарай өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адымда және қолын бас киімінен түсірмей саптың сыртқы жағынан жүреді.

    Белгі беруші-барабаншы рота командирінің «Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасы бойынша «Жорықтық маршты» соға бастайды (9-қосымша); рота командирі байқау өткізетін бастықтың алдына келіп тоқтағанда белгі беруші-барабаншы барабанды соғуды тоқтатады, ал рота командирі баяндап болғаннан кейін оны жалғастырады.

    183. Байқау өткізетін бастық оң қапталдан солға қарай рота сабының маңдайшебін шолып өткеннен кейін саптың ортасына шығады, ротаның жеке құрамымен сәлемдеседі, «ЕРКІН ТҰР» командасын беруге рұқсат етеді және рота командиріне байқауды жалғастыру туралы қажетті нұсқаулар береді.

    Бастық рота сабы ортасының алдына келгеннен кейін белгі беруші-барабаншы соғуды тоқтатады.

    Рота командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді, қолын бас киімінен түсіреді, байқауды өткізетін бастыққа саптық жазбаны тапсырады, ал одан нұсқаулар алғаннан кейін оларды орындауға кіріседі.

    184. Ротаның байқауы жеке құрамның бар болуын, әскери қызметшілердің сыртқы пішінін, жабдықтар мен қару-жарақтың жай-күйін тексеруден басталады; одан кейін бөлімшелер, взводтар мен рота жеке саптық машықтарының және саптық үйлесімділік дәрежесі, рота құрамында саптық әндерді орындау шеберлігі тексеріледі.

    185. Рота байқау өткізетін бастықтың алдынан взвод бойынша, бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықта; взводтар - «қарубауға» күйіндегі немесе байқау өткізетін бастықтың командасы бойынша басқа күйдегі қаруы бар үш (төрт) лек бойынша салтанатты шерумен жүріп өтеді. «Кеудеге» күйіндегі автоматтар сол қолмен сағағынан және ұңғы бастырмасынан ұсталады.

    186. Салтанатты шерумен жүріп өту алдында байқауға қатысатын рота командирінің тікелей бастықтары бір-екі адым артқы жақта және байқау өткізетін бастықтан оңға қарай тұрады.

    Рота командирі ротаның оң жақ қапталында лекте бір-бірден роталар өту сызығын белгілеу үшін тағайындалған сызықтықты білдіретіндері бар бола отырып, ротаны взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызып, сапқа қарама-қарсы бағыттаушы взводтың (басқару тобының) алдында сегіз адымда тұрады және: «Рота, ТІК ТҰР. Салтанатты шеруге, взвод бойынша, бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықта, бірінші взвод (басқару тобы) тура, қалғандары оң-ҒА». «Қарубау-ҒА («Автоматтарды - кеуде-ГЕ»)». «Назар оң-ҒА, адым - БАС» деп команда береді, одан кейін сол жақ қолына қарай оң аяғының ұшымен жылдам артқа бұрылады және ротамен бір уақытта сол аяғымен қозғалысты бастайды.

    «Салтанатты шеруге» командасы бойынша мыналар саптан шығады және: рота командирінің орынбасарлары - рота командирінен кейін екі адымда, взводтар командирлері - өз взводтарының алдында екі адымда, белгі беруші-барабаншы - рота командирі орынбасарларынан кейін екі адымда, рота сержанты - басқару тобының алдында екі адымда тұрады; сызық бойына тұратындар рота өтетін сызыққа жүгіріп немесе жиіленген саптық адыммен шығады, бір-бірінен 10-15 м (15-20 адым) арақашықтықта тоқтайды, өз бетімен солға қарай бұрылады, ал «Адым - БАС» командасы бойынша бір уақытта автоматтарды «кеудеге» күйіне, ал карабиндерді - «қарауылға» күйіне алады.

    Орындалатын команда бойынша барлық рота қозғалуды бастайды, сонымен қатар бірінші взвод (басқару тобы) саптық адыммен тура қозғалады, ал кейінгі әрбір взвод бірінші взвод (басқару тобы) тұрған жерге жеткен кезде солға бұрылады, орнында адым жасайды және түзеледі. Алда келе жатқан взвод командамен көрсетілген арақашықтыққа жеткен кезде кейіннен келе жатқан взвод командирі «ТУРА» деп команда береді. Осы команда бойынша взвод саптық адыммен қозғалысты бастайды.

    Взводтардағы оң жақ қапталдағылар сызықтықты білдіретіндер белгілеген сызық бойымен олардан кейін бір адымда жүреді.

    187. Рота командирлері, оның орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты бір сызықтық арақашықтыққа бастыққа дейін жетпей қолын бас киіміне апарады және онымен бір уақытта басын байқау өткізетін бастық жаққа бұрады.

    Бастық жанынан төрт адым өткеннен кейін рота командирі жанына қарай шығады, өзінің тікелей бастықтарынан оңға қарай тұрады (осы Жарғының 186-тармағы) және барлық рота өтіп болғанға дейін сол жерде тұрады.

    Взвод командирі қолын бас киіміне апарғанда оң қапталдағылардан басқа, осы взводтың барлық әскери қызметшілері бір уақытта бастық жаққа басын бұрады. Байқау өткізетін бастықтың жанынан бір сызықтық арақашықтыққа взвод өтіп кеткеннен кейін взводтың командирі қолын бас киімінен түсіреді, ал қалған әскери қызметшілер басын тік қаратады.

    188. Рота байқау өткізетін бастықтың жанынан өткен кезде сызықтықты білдіретіндер жетекшінің белгісі бойынша қаруды «қарубауға» күйіне алады, оңға бұрылады, бір лекпен жүгіріп ротаны қуып жетеді және ротаның сол жақ қапталына сапқа тұрады.

    189. Әнмен жүріп өту үшін рота командирі ротаны қайта сапқа тұрғызып, бағыттаушы взводтың алдында сегіз адымда тұрады және: «Рота, ТІК ТҰР. Әндетіп өту үшін, взвод бойынша, арақашықтық елу метр, бірінші взвод тура, қалғандары оң-ҒА». «Қарубау-ҒА». «Адым - БАС» командасын береді, одан кейін оң аяғының ұшымен сол қол жаққа қарай жылдам артқа бұрылады және сол аяғымен қозғалысты ротамен бір уақытта бастайды.

    «Әндетіп өту үшін» командасы бойынша мыналар саптан шығады және: рота командирінің орынбасарлары - рота командирінен екі адымда, взводтардың командирлері - өз взводтары алдында екі адымда, белгі беруші-барабаншы - рота командирінің орынбасарларынан кейін екі адымда, рота сержанты - басқару тобының алдында екі адымда тұрады.

    Орындалатын команда бойынша барлық рота қозғалысты бастайды, бірінші взвод (басқару тобы) әнмен жорықтық адыммен тура қозғалады және келесі әрбір взвод бірінші взвод (басқару тобы) тұрған жерге жеткен кезде солға қарай бұрылады, орнында адымдайды және түзеледі. Алда келе жатқан взвод командамен көрсетілген арақашықтыққа жеткен кезде кейіннен келе жатқан взвод командирі «Взвод, әндетіп - ТУРА» деп команда береді. Осы команда бойынша взвод әнмен жорықтық адыммен қозғалысты бастайды.

    Батальонның байқауы

    190. Саптық байқау үшін батальон взводтық лектер сызығына өрістетілген сапқа немесе екі қатарлы сапқа тұрғызылады (29 және 31-суреттер); батальон командирі батальон ортасының алдыңғы жағында 10 адымда тұрады; барлық батальонның белгі беруші-барабаншылары бағыттаушы рота (басқару тобының) командирінен оңға қарай екі адымда оң жақ қапталға бір қатарлы сапқа тұрғызылады; батальон командирінің орынбасарлары белгі беруші-барабаншылардан оңға қарай екі адымда тұрады.

    Егер батальон жанында оркестр бар болса, белгі беруші-барабаншылар қапталға шақырылмайды, ал оркестр оң жақ қапталдағы рота командирінен оңға қарай екі адымда тұрады.

    191. Бастықты қарсы алу рота үшін көрсетілген тәртіппен жүргізіледі. Бастықтың сәлемдесуіне жауап бергеннен кейін батальон командирінің «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша роталардың командирлері саптан шығады және өз роталары орта тұсының алдында бес адымда тұрады.

    192. Батальон байқауды өткізетін бастықтың алдынан рота бойынша, бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықта; роталар - үш (төрт) лекпен өтеді.

    193. Салтанатты шерумен өту басталар алдында батальон командирі бір лектегі батальонның оң жақ қапталында сызықтықты білдірушілері бар бола отырып көрсетілгендей батальонды қайта сапқа тұрғызып, (сапқа тұрғызып), бағыттаушы рота (батальон басқармасы) алдында сегіз адымда тұрады және: «Батальон, ТІК ТҰР. Салтанатты шеруге, рота бойынша, бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықта, бірінші рота тура, қалғандары оң-ҒА». «Қарубау-ҒА («Автоматтарды КЕУДЕ-ГЕ»)». «Назар оңға, адым - БАС» командаларын береді.

    «Салтанатты шеруге» командасы бойынша қысқа жолмен мыналар шығады және: батальон командирінің орынбасарлары - батальон командирінен кейін екі адымда екі қатарлы сапта, роталар командирлері - өз роталарының алдында алты адымда, олардан кейін екі адымда - олардың орынбасарлары, взводтар командирлері - өз взводтары алдында екі адымда, байланыс взводының командирі (батальон штабы бастығының көмекшісі) - батальон басқармасының алдында екі адымда тұрады. Роталық белгі беруші-барабаншылар жетекшінің командасымен алға шығады және батальон өтетін сызыққа маңдайшебімен байқау өткізетін бастыққа қарама-қарсы, батальонның бастапқы орнына бірнеше адым жақын тұрады. Егер батальон жанында оркестр болса, ол осы команда бойынша белгі беруші-барабаншыларға көрсетілген орынға тұрады.

    194. Батальонның соңғы бөлімшесі байқау өткізетін бастықтың жанынан өтіп бара жатқанда белгі беруші-барабаншылар соғуды (ойнауды) тоқтатпастан, жетекші белгі беруші-барабаншының (әскери дирижердың) командасы бойынша қозғалысты тура бастайды, ал салтанатты шерумен өту сызығына шығумен жетекші белгі беруші-барабаншының (әскери дирижердың) соңынан оң иығымен енеді және бастық алдынан саптық адыммен өтеді. Бастықтан бір-екі сызықтыққа өткеннен кейін белгі беруші-барабаншылар (оркестр) соғуды (ойынды) тоқтатады.

    195. Әнмен жүріп өту үшін батальон командирі бағыттаушы ротаның (батальон басқармасы) алдында сегіз адымда тұрады және: «Батальон, ТІК ТҰР. Әндетіп өту үшін, рота бойынша, арақашықтық 50 метр, бірінші рота (батальон басқармасы) тура, қалғандары оң-ҒА». «Қарубау-ҒА». «Адым - БАС» командаларын береді.

    «Әндетіп өту үшін» командасы бойынша қысқа жолмен мыналар шығады: батальон командирінің орынбасарлары - батальон командирінің артында екі адымда, роталар командирлері - өз роталарының алдында алты адымда, олардың орынбасарлары - олардан кейін екі адымда, взводтар командирлері - өз взводтары алдында екі адымда, роталық белгі беруші-барабаншылары - роталар командирлері орынбасарларынан кейін екі адымда тұрады.

    196. Батальонды, сызықтықты білдіретіндердің шыққанын, сондай-ақ салтанатты шерумен және әнмен жүріп өтуді тексеру роталар үшін көрсетілгендей жүргізіледі.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта