Главная страница
Навигация по странице:

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Бидай. азастан республикасы ауылшаруашылы министрлігі аза лтты аграрлы университеті


    Скачать 321.57 Kb.
    Названиеазастан республикасы ауылшаруашылы министрлігі аза лтты аграрлы университеті
    Дата23.09.2021
    Размер321.57 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБидай.docx
    ТипДокументы
    #236185
    страница5 из 5
    1   2   3   4   5

    Омская 29 - Ресейдің Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да Лютесценс 204/80-1 х Лютесценс 99/80-1 будандық популяциясынан жеке сұрыптау тәсілімен шығарылған. Лютесценс түршесіне жатады. Масағы призма пішіндес, сабағы берік, дәні сопақ және 1000 санының массасы 40-42 г. Сорт орташа мерзімде піседі, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 77-81 тәулік. Құрғақшылыққа, жапырылуға төзімді. Сорт жоғары сапалы астық қалыптастырады, қуатты бидай тобына жатады. 2002 жылдан Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген.

    Омская 30 - Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да (Ресей) Омская 20 х Лютесценс 204/80-1 будандық популяциясынан жеке сұрыптау тәсілімен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. Сорт ортадан кеш піседі, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 78-83 тәулік, Омская 18 сортынан 1-2 тәулік ерте піседі. Құрғақшылыққа және жапырылып қалмауға төзімділігі жоғары. Тозаңды қаракүйеге төзімді, ұндық шық ұнтағымен әлсіз залалданады. Сорт жоғары сапалы мол өнім қалыптастырады. Нандық сапасы жоғары. 2002 жылдан Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген

    Қорытынды
    Бидай (лат. Triticum) – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.

    Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.

    Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калийкальциймагнийфосфорт.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.

    Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады.

    Бидай, басқа дәнді дақылдар сияқты қоңыржай белдеудің өсімдігі. Дегенмен, климатқа (жылу, жауын-шашын ж.б.) талаптары бойынша сорттар арасында белгілі бір жағдайларға бейімделуінде айырмашылықтар бар.

    Елімізде өсірілетін бидай сорттары өсіп-жетілу кезеңдері әртүрлі ұзақтығымен ерекшеленеді. Кеш пісетін сорттарында бұл кезең 100 тәулік және одан жоғары, ылғалды және салқын жылдары ол 115-120 тәулікке дейін созылады, ал ең ерте пісетін сорттары 70-80 тәулікте пісіп үлгереді.Жаздық бидай өсуі мен дамуының алғашқы кезеңінде жылу ережесіне (режиміне) қажетсінуі жоғары емес.Бидай тұқымының өне бастауына қажетті ең төменгі температура 1-2оС, алайда бастапқы өсуіне 4-5оС қажет, бірақ мұндай температурада өну және көктеу үрдістері өте баяу жүреді. Егін көгі – 6оС аязды (бозқырауды) көтереді. Алғашқы өсуі мен түптенуі топырақтың температурасы 10-12оС болғанда жақсы өтеді, мұның өзі өсімдіктердің жақсы тамырлануы мен түйін тамыр жүйесінің дамуына оң әсерін тигізеді. Генеративті мүшелерінің (органдарының) дамуы мен гүлдену кезеңінде бидай температураға өте сезімтал. Бірқатар зерттеушілердің көрсеткеніндей, 12оС-дан төмен болғанда бидайдың тозаңдықтары дамымайды, 5оС-дан төмендегенде өсімдіктер ұрықтанбайды, ал 5-10оС-да ұрықтанғанмен эндосперм мен әсіресе ұрықтың өсуі өте баяу жүреді, дән қалыптасып үлгермей опат болады.Бидайда жоғары температураны көтеруде үлкен айырмашылықтар бар. 38-40оС температураның үздіксіз әсерінен саңылаулардың (үстьицелердің) сал ауруы (каралич) әртүрлі сорттарында 10-17 сағаттан соң байқалады. Бидай гүлдену кезеңінде жоғары температураға топырақтағы ылғал қоры жақсы болғанда ғана шыдас береді. Жоғары температура ылғал жеткіліксіз болғанда бидай масағының босдәнділігіне ұрындырады.Толысу кезеңіндегі - 1-2оС бозқырау өсімдік пен дәнді жарақаттайды (аяз ұрған дән).

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

    1 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың (Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан Республикасына Жолдауы, Астана, 2011 жыл.

    2 Жаңабаев Қ.Ш., Арыстанғұлов С.С.,: Агрономия негіздері: оқулық.-Астана: Фолянт, 2007.Б.23-25

    3 Жаңабаев Қ.Ш., Саудабаев Т.С., Сейітов И.С. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы: (Оқулық. – Алматы: Қайнар, 1994. 352 б.

    4 Аринов К.К., Мусынов К.М., Ахметов К.А. и др. Рекомендации по технологии возделывания озимой пшеницы в условиях Северного Казахстана. – Акмола, 1997. 215б.

    5.Әрінов Қ.К. Солтүстік Қазақстан бидайы.– Астана, 1998.23б.

    6 Әрінов Қ., Нағымтаев Ә., Ысқақов М., Серікпаев Н., Жұмағұлов И. Агрономия негіздері: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.-276 б

    7 Сулейменов И.С. Культура пщеницы в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1973.Б.45-50

    8 Хафизов А.Ш., Джезувальская Л.Л. Озимая пщеница Безостая 1. – Алма-Ата, 1972. Б.26-31

    9 Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік: Оқулық. – Алматы: ЖШС «Сөздік – Словарь». 2005.Б.36-65

    10 Научные основы и рекомендации по применению удобрений в Казахстане. Алматы, 1982.41 б.

    11 Жаңабаев Қ.Ш. Қазақстанда жиі кездесетін арамшөптер және олармен күрес. – Алматы, 1994. 58 б.

    12 Әрінов Қ.Ә.және т.б. Өсімдік шаруашылығы.- Ақмола, 1996.Б.125-128.

    13 Әрінов Қ.Ә., Апушев А.Қ. және т.б. өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және стандарттау. Ақмола-2001.341б.

    14 Елешев Р.Е. Фосфорные удобрения и урожай. Алматы, 1984.281б.

    15 Елешев Р.Е., Бекмағанбетов А. Агрохимия. Алматы, 1989.420б.

    16 Оразалиев Р.А. Қазақстан бидайы.- Алматы: Қайнар, 1984.116б.

    17 Жүргенов Ж.С. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы. – Алматы, 2009.120б.

    18 Горелова Е.И. Основы хранения зерна. – М., 1986.100б.

    19 Елешев Р., Смағұлов Т., Балғабаев Ә.. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі. – Алматы, 2000.118б.

    20 Тұрғанбаев С.Ғ. Диқан серігі (Агроөнеркәсіп комплексінің орта буын мамандарына арналған). Алматы, 1989.Б.88-90.

    21 Тұрабеков А.Т., Иванников А.В. Солтүстік Қазақстан егіншілігі. – Алматы, 1984.Б.118-119

    22 Справочник по применению удобрений. (под ред. А.Т.Пономаревой). Алматы, 1981.45б.

    23 Ауыл шаруашылығы жүйесін өркендету жөніндегі ұсыныстар – Шымкент облысы. - Алматы, 1978.Б.77-80.

    1. оспехов Б. А, Методика полевого опыта. – М. 1973.Б.74-75.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта