Бидай. азастан республикасы ауылшаруашылы министрлігі аза лтты аграрлы университеті
Скачать 321.57 Kb.
|
3.Зерттеу барысында кездескен зиянды организмдердің түр құрамы Зерттеу теңіз деңгейінен биіктікте орналасқан, топырақты Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Қазақстан шаруа қожалығының егістіктерінде жүргізілді. Егістік тәжірибелері М.Доспеховтың «Методика полевого опыта» [24] әдістемелігіне сәйкес жүргізілді. Тәжірибе кезінде Стекловидная – 24 сорты 3 түрлі мерзімде 1) 3 милион дән әр гектарына ; 2) 4 милион дән әр гектарына; 3) 5 милион дән әр гектарына себілді. Әдістемелікке сәйкес әр дақыл бойынша тәжірибелер 4 қайталаныммен, үлескілерді жүйелі тәсілмен орналастырылды. Тәжірибелік әр үлескінің көлемі 5м Х 100м (50 м2 немесе 0,5 сотық). Жалпы тәжірибе бөлтегінің көлемі – 1800 м2 немесе 18 сотықты құрады. Себу мөлшері методикалық әдістемеге сай жүргізілді Алматы облысында күздік бидай көп өсетін болғандықтан және ол негізгі дақылдың бірі болып есептелетіндіктен, біз шаруа шаруа қожалығымызда осы дақыл көп. Біз негізгі тәжірибе жұмыстарын осы дақылдың танабында орындадық. Біздің тәжірибе танабымызда себу мерзімінің күздік бидайдың өнімділігімен сапасына әсерін зерттедік. Тәжірибе жұмыстары төмендегідей себу мерзімдерінде жүргізілді: 1. 3 милион дән әр гектарына 2. 4 милион дән әр гектарына 3. 5 милион дән әр гектарына Күздік бидайды себу мерзімі парда жатқан егістік жерлерге қазан айының 15-20-нан бастап еге басталады. Егер алдында ұрықты 15–күн алдын қара күйе ауруына қарсы пратровка жасап дәрілеп қойылады. Оған бүгінгі таңда ТМТД, Сұңқар – 1 және басқа биологиялық дәрілер қолданылып отыр. Күздік бидай неғұрлым уақытылы егілсе оның өнімділігіне әсері зор. Себу мөлшері 3-4-5 милион дән әр гектарына Стекловидная – 24 сорты ерте пісуі және қысқа төзімділігі орташа, төгілуге төзімділігі жоғары, ыстыққа төзімділігі орташа. Сапасы жағынан күздік бидай қатарына жатады. Осы үлгіге байланысты төмендегідей бақылаулар жүргізілді. 1. Өсімдік биіктігі күздік бидай егістігінде 20 өсімдіктің түтік шығару, масақтану және қамырланып пісу сатыларында биіктігін өлшеп анықталды. 2. 1000 дәннің салмағын анықтау үшін құрғақ ауада кепкен таза, іріктелген тұқымдардан 500 данадан 2 рет үлгі алып, салмағын 0,09 грамм дәлдігіне дейін өлшеп, олардың салмағы 3 пайыздан аспағанға дейінгі деңгеймен анықталды. 3. Дәннің жылдық көлемдік салмағы метірлік курка көмегімен анықталды. 4. Дәннің биологиялық өнімділігі – 10 мг жер көлемінен алынған өсімдіктер үлгісін құрғақ ауалы жағдайға дейін кептіріп, сонан сон бастыру арқылы анықталады. 5. Экономикалық тиімділігі гектарға жұмсалған шығын өнім сату бағасын анықтау арқылы анықталды. 4.Қоршаған орта жағдайларына бейімделуіндегі сорттардың рөлі Сорт, ауыл шаруашылығының талаптарына толық жауап беруі үшін, оның бағалы шаруашылық және биологиялық қасиеттері, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделуі тиіс. Сонда аудандастырылған сорттардың өнімін гектарынан 1,5-4,0 центнерге арттыруға, ал бірқатар сорттар бойынша бұдан да жоғары түсім алуға мүмкіндік бар. Кезінде Қазақстанға Безостая 1 сортының орнына Опакс 1 күздік бидайының жаңа сорты келді. Ол 1993 жылы Алматы облысында 50 мың гектардан астам егістікке себілген болатын. Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институты ғалымдарының бақылаулары бойынша күздіктер үшін қыс жағдайлары өте қолайсыз болған жылдары (1981, 1985) бұл сорттың көктемге дейін сақталуы стандарттан 5,8%-ға жоғары болған, қысқа төзімділігі жоғары болуы есебінен өнімділігі де стандарттан орта есппен гектарынан 0,2-0,3 тоннаға жоғары болған. Шымкент облыстық ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясының суармалы ауыспалы егісінің қара сұр топырақтарында Безостая 1 және Днепровская 521 бидай сорттарымен жүргізген зерттеулері жоғары агротехникалық фонда Днепровская 521 сорты Безостая 1 сортына қарағанда жоғары өнімді, дәнінің сапасы жағынан да басым болатындығын көрсетті [10]. Астық тұқымдастарының интенсивті сорттарын шығарғанда мынадай физиологиялық көрсеткіштерге фотосинтездік, өнімділік, фотосинтезбен тыныс алу арасындағы қатынас және жалпы дәннің өнімділік мөлшеріне ерекше көңіл бөлінеді. Фотосинтездің тиімділігі көп жағдайда өсімдік органдарының, әсіресе, жапырақттың (сабақтың) көлеміне байланысты болады. Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін жоғарлатудың маңызды шараларының ішінде күздік бидайдың ауруларға төзімді жоғары сапалы сорттарын шығару, оларды өндіріске ендіру және олардан жоғары өнім алу ең маңыздысы болып есептеледі. Күздік жұмсақ бидайды суарылатын және тәлімі жерлерде өсіру кезінде алаңның бір бірлігінен әр түрлі деңгейде адам өміріне қажет зат алынатындығы белгілі. Соңғы жылдары, күздік бидай үшін жоғары сапа және өнімділіктің аналогтары болып саналатын Прогресс, Алматинская полукарликовая, Қарлығаш сорттары аудандастырылды. Олардың өнімділігі конкурстық сорт сынау питомнигінде, суармалы жағдайда гектарынан 7,5- 9,5 тоннаға жетті. Бұл сорттардың қысқа төзімділігі, жоғары өнімділігі мен сапалығы Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысындағы мемлекеттік сорт сынау питомниктерінің мәліметтерімен дәлелденді. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысы үшін өнімділік потенциалы 90-120 ц/га жететін, ауруларға төзімді, дәнінің сапа көрсеткіштері жоғары, суыққа, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігі жоғары сорттар шығарылуда. Мәселен, соңғы жылдары Қазақстанның біраз аймақтарында, шет елдерде, жоғары сапалы агроэкотипке жататын Прогресс, Алматинская полукарликовая, Қарлығаш сорттары аудандастырылған, Богарная 56 жэне ОПАКС сорттары тәлімі жерлерде жоғары сапалы астық өндіру талаптарына сай келеді. Тұқымы жоғары сапалы күздік бидай сорттары алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда гектарынан 80-100 ц, ал қалғандарында 20-40 ц өнім береді. Өнімнің деңгейін және тұрақтылығын жоғарлату үшін күздік бидайдың тұрақсыз метеорологиялық факторларға бейім сорттарын шығару қажет. Астық өндірісін ұлғайту және оның сапасын жақсарту, сондай-ақ осылармен байланысты еңбек өнімділігін жоспарлы дамытуда және өнімнің өзіндік құнын төмендетуде сорттың маңызы өте зор Ғалымдардың және практиканттардың пікірінше сорт, ауыл шаруашылығының талаптарына толық жауап беруі үшін, оның бағалы шаруашылық және биологиялық қасиеттері, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделуі тиіс. Сонда аудандастырылған сорттардың өнімін гектарынан 1,5-4,0 центнерге арттыруға, ал бірқатар сорттар бойынша бұдан да жоғары түсім алуға мүмкіндік бар [11]. Кезінде Кубаның күздік бидай егілетін негізгі аудандарында, Украинаның далалы және орманды далалық аймағында алдыңғы қатарлы агротехникалық тәсілдермен қатар Безостая 1 және Мироновская 808 күздік бидай сорттарын өндіріске енгізу өнімнің жылдам өсуін қамтамасыз еткендігін көрсетті. Бірақ олар шығарғалы жарты ғасырдан астам уакыт өтті және олар басқа топырақ-климат жағдайларына арналып шығарылған болатын. Сондықтан кейінгі кезде Қазақстан үшін Безостая 1 сортының орнына Опакс 1 күздік бидайының жаңа сорты келді. Ол 1993 жылы Алматы облысында 50 мың гектардан астам егістікке себілген болатын. Бұрынғы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының бақылаулары бойынша күздік бидай үшін қыс жағдайлары өте қолайсыз болған жылдары (1981, 1985) бұл сорттың көктемге дейін сақталуы стандарттан 5,8 пайыз жоғары болған, қысқа төзімділігі жоғары болуы есебінен -өнімділігі де стандартпен салыстырғанда орта есеппен гектарынан 0,2-0,3 тоннаға жоғары алынған. Сорт ауылшаруашылық өндірісін өзгертетін негізгі буын, сондықтан жаңа сорттарды өсіру үшін олардың тұқымын жақсартып, егудің агротехникалық мәселелерін шешу қажет. Себебі, туындап отырған мәселелерді дұрыс шешу көп жылдары бойы, жоғары, әрі тұрақты өнім алуға және елдің, бүкіл ауыл шаруашылығының жоғары тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді [12]. Кезінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында егістік жердің 50 пайызынан көбін алып жататын күздік бидайдың Безостая 1 сорты болатын. Бірақ, соңғы жылдары Безостая 1 сортының орнына, қысқа төзімділіғі жоғары және өнімділігімен ерекшелінетін күздік бидайдың жаңа интенсивті сорттары өндіріске шығарылып, белсенді түрде енгізілуде. Өсімдік барлық даму немесе онтогенездің жеке этаптарының дамуының ерте немесе кеш болуы генеративті мүшелерінің қалыптасуы, гүлденуі және жеміс беруінің ерте немесе кеш болуына қатысты ерте пісетін және кеш пісетіндерді түсіндірді. Вегетациялық кезең термині өсімдіктің көктеуінен бастап, вегетацияның аяқталуын көрсетеді. Бұл толық пісушілік жаздық дақылдарда тұқымның өнуінен, түзілуіне дейінгі уақытпен аяқталады. Кейінгі жылдары, күздік бидай үшін жоғары сапа және өнімділіктің аналогтары болып саналатын Прогресс, Алматинская полукарликрвая, Қарлығаш сорттары аудандастырылды. Олардың өнімділігі конкурстық сортсынау питомнигінде, суармалы жағдайда гектарынан 7,5-9,5 тоннаға жетті, Бұл сорттардың қысқы төзімділігі, жоғары өнімділігі мен сапалығы Қазақстанның осы аймақта орналасқан мемлекеттік сорт сынау питомниктерінің мәліметтерімен дәлелденді [13]. Прогресс сорты 1984 жылы Алматы облысында аудандастырылды. Гектарынан потенциалды өнімділігі 9.0-10,0 тоннаға дейін жетті. Осы сорт 1985-1986жж қыс мезгілі жағдайларының қолайсыздығына қарамастан, Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының "Қаскелең" тәжірибе шаруашылығының егістік жерлерінде оптималды себу мерзімінде егілген бұл сорттың көктемге дейін сақталуы 86 пайыз, ал гектарынан өнімділігі жеті тонна болды. Бұл сорт басқа сорттарға қарағанда суыққа төзімділігі және жоғары өнімділігімен ерекшеленді. Интенсивті типті Алматинская полукарликовая сорты жауын-шашынмен қамтамасыз етілген тәлімі жерлерде аудандастырылған. Қысқа төзімділігі орташа. Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі жерлеріндегі мемлекеттік сорт сынау участоктарында сыналған жылдары бұл сорттың көктемге сақталуы орта есеппен алғанда 71 пайыз болды, бұл стандарт ретінде алынған Безостая 1 сортынан 5,7 пайызға жоғары еді. Сонымен қатар орташа өнімділігі де стандарттан 0,84 т/га жоғары болды. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының селекционерлері шығарған күздік бидайдың Жетісу, Алмалы және Таза сорттары суыққа және қысқа төзімділігі жоғарылығымен ерекшеленді. Конкурстық сорт сынау нәтижелері бойынша олардың орташа өнімділігі стандарт Прогресс сортымен (8,61 т/га) салыстырғанда әлдеқайда жоғары болып шықты (9,56 т/га). Бұл сорттардың қыстап шығу деңгейі де 4,9 пайызға жоғары болды [14]. Астық тұқымдастардың өнімділігін анықтағанда әдетте, бір масақтағы дәннің орташа санымен 1000 дәннің массасы негізге алынады. Көп жағдайда бұл көрсеткіштер сорттың өнімділігіне дәлірек баға береді. Селекциялық материалды бағалағанда оның белгілерінің өсу ортасына байланысты өзгерістерін ескеру керек. Азғантай көлемдегі егістіктің өнімділігі - сорттың жағдайға байланысты өзгерістерін, өнімділігі мен масақтағы дән саны, 1000 дәннің салмағы секілді көрсеткіштері орта жағдайына байланысты қатты өзгеріске ұшырайды. Сондықтан селекциялық номерлер мен сорттарды өнімділігі бойынша бағалағанда тәжірибе арасында модификациялық өзгерістің әсерін азайтатын бірдей жасау қажет. Астық тұымдастардың интенсивті сорттарын шығарғанда мынадай физиологиялық көрсеткіштерге фотосинтездік, өнімділік, фотосинтезбен тыныс алу арасындағы қатынас және жалпы дәннің өнімділік мөлшеріне ерекше көңіл бөлінеді. Фотосинтездің тиімділігі көп жағдайда өсімдік органдарының, әсіресе, жапырактың (сабақтың), көлеміне байланысты болады. Мәдени дақылдардың өнімділігі 20 ғасырдың 2-ші жартысында, 2-3 есеге артты. Яғни жердің интенсификациялық факторының арту себебі, оның зиянкестеріне, дақылдың түрлі ауруларына төтеп беруі болып табылады. Егерде жаңа дамып келе жатқан мемлекеттерде өткен ғасырдың 60-70 жылдарында дәнді-дақылдың өнімділігі біріншіден жердің құнарлығына, ал екіншіден сортына байланысты дейді. Мысалы Германияда 1952-1975 жылдар аралығында күздік бидайдың жылдық өнімі гектарына 92 ц құрады, оның 62% жаңа технологияларға байланысты болды. Кененбаев С.Б. (2008) орталық жетістіктеріне тоқатала келіп, былай деді. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының селекционер ғалымдары қазіргі уақытта ауылшаруашылығы дақылдарының 391-ден аса сорттары мен будандарын шығарып, мемлекеттік сынақ комиссиясына тапсырған. Соның ішінде, бүгінгі күні олардың 146-сы аудандастырылып, шаруашылықтарда кеңінен қолдануда. Жеке дақылдарға келетін болсақ, күздік бидайдың республикада пайдалануға рұқсат етілген сорттардың барлық саны 24, оның ішінде орталықтың шағарғаны 12, яғни 50% құрайды. Күздік бидайдың 12 сорты Қазақстан Республикасында және басқа көршілес мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Еліміздің егіс алқабының 80% немесе 500 мың гектары өз сорттарымыздың еншісінде. Осы сорттар ішінде өнім жағынан, сапасы мен ауа райының қолайсыз жағдайына төзімділігі бойынша ерекшеленетіні, суармалы жерлерде қолданылатын қарқынды Жетісу сорты мен тәлімі жерде егілетін Стеловидная 24 сорттары, олар барлық күздіктер себілетін жерлерде кеңінен қолданылады, сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжік Республикасында өсірілуде. Прогресс, Жетісу, Эритроспермум 350 және Пиротрикс 50 сорттары өнімділігімен қатар суыққа да төзімді. Богарная 56 сорты сапалы бидай ұнының негізі болып есептелінсе, Пиротрикс 50 сорты жемшөпке лайықтылығымен ерекшеленеді. Оның құрамындағы лизин мен белок 3,7%, ал кәдімгі жұмсақ бидайда 2%. Южная 12, Стекловидная 24, Эритроспермум 350, Наз, Алмалы, Жетісу, Дербес, Раусин сорттары біздің республикадан басқа іргелес Орта Азия елдерінде пайдалануға рұқсат етілген. Жаңадан шығарылған сорттар ішінде Алмалы сортына 2003 жылы пайдалануға рұсқат берілген, ал күздік себетін оңтүстік аймақтар мен Тәжікстанда қолданады. Алмалы сорты өзінің жоғары өнімділігіммен (75 ц/га дейін) және ауа райының қолайсыз жағдайына төзімділігімен ерекшеленеді. Ол сары тат ауруы мен секториозға төзімді, ұн және нан пісіру сапасы жөнінен бағалы бидай қатарына (клейковинасы-28%, ұнның күштілігі -288 Дж., нан көлемі – 850 мм3, нан пісу бағасы-4 балл жатады [15]. Оңтүстік Қазақстан өңірінде күздік бидайдан аса сапалы өнім алуы үшін, өндірісте шығынды аз жұмсап, бәсекелестікке сай сапалы дән өндіру, агротехниканы үнемі жетілдіріп отыру және аудандастырылған сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты себу мөлшерін және тыңайтқыштарды топыраққа енгізу тәсілдемесін, үнемді агротехнология жүйесін зерттеу ғылымының басым бағытына ие [16]. Күздік бидайды әртүрлі тәсілмен (жай қатармен 15 см, тар қатармен 4,5 см, тоғыспалы әдіспен) себу өзара салыстырылған. Тар қатармен және тоғыспалы әдіспен себудің жай қатарға қарағанда өнімділігі және дән сапасын төмендететіні анықталған. Сондықтан авторлар өз тәжірибелерінде күздік бидай сорттарын жай қатармен, 15 см, таспалы екі ізді (70х20х20 см) және таспалы 3 ізді (70х15х15х15 см) сеуіп, тәсілдерді өзара салыстырған. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отыра, олар төмендегідей қорытындыға келген. Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Оңтүстік Батыс ауылшаруашылығы ғылыми зерттеулер орталығының тәжірибе алқаптарында күздік бидай сорттарын 70см арақашықтықта 3 қатарлап жолға еккенде дәннің өнімділік деңгейі бақылау нұсқасынан (жаппай 15 см) қарағанда 1,4-1,7 ц/га артық дән жинауға мүмкіндік жасайды, бірақта бұл нұсқа 70 см арақашықтықпен жалға 2 қатарлап сепкенде қарағанда дән 11,7 ц/га кем жиналған. Демек, жалға 2 қатарлап 70 см арақашықтықта 2,0 млн. дана өнгіш тұқым сепкенде өнімділік көрсеткішінің едәуір артатынын байқаймыз. Сонымен қатар, дәннің сапасы да жай қатармен себілген нұсқаға қарағанда, таспалы екі ізбен себілген нұсқада жоғары болғанын байқаймыз. Оспанбаев Ж.О., Жанаев Р.К. (2005) өз зертеулері нәтижелеріне сүйене отыра, күздік бидайдың Жетісу, Алмалы, Стекловидная 24, Эритроспермум 350 сорттарының себу тәсілі мен мөлшерінің жапырақ фотосинтетикалық қызметі мен дән өнімділігіне әсерін анықтаған. Тәжірибеде күздік бидай сорттары жай қатармен 15 см гектарына 5,0 млн. дана тұқыммен, кең жалды 70 см – 4,0 млн. дана, жалды таспалы екі қатармен (70х20х20 см)-1,5; 2,0; 3,5 млн. дана; жалды таспалы үш қатармен (70х15х15х15см) 1,5; 2,5; 3,5 млн. дана тұқыммен себілген [17]. Астық түсімінің мөлшері тек жапырақ алаңшасының көлеміне ғана емес, сонымен қатар өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңіндегі өтімді қызметіне тәуелділігін көрсетеді. Сирек және орташа жиіліктегі егістіктердегі әрбір өсімдіктің жапырақ алаңы көлемінің үлкен болып, биомассасы артады, бірақ егістің жалпы ассимиляциялаушы жапырақ көлемі, әсіресе өнім беретін масақтар саны үйлесімді деңгейге жетпейді. Осының әсерінен сирек және орташа жиіліктегі егістер дән өнімін аз мөлшерде құрайды. Кейін пайда болған жанама сабақтар масағындағы дәндердің нашар толысып, толық піспеуі әсерінен өнім сапасы төмендейді. Қазақстанның оңтүстік шығысындағы ашық қара-қоңыр топырақты суармалы жерлерде жалдап себу тәсілімен өсірілген күздік бидайдың құрғақ биомасса өніміне азот тыңайтқыштардың мөлшері, мерзімі, тәсілдерінің әсері анықталған. Азот тыңайтқыштарының өсімдіктердің құрғақ биомасса өнімділігіне оң әсері дәлелденген [18]. Жамбыл облысының құрғақ далалы тәлімі жерлерінде күздік бидайдың Богарная 56, Наз, Стекловидная 24, Адыр, Арап сорттарын өзара түсімділігі және дәннің негізгі сапа көрсеткіштері бойынша бағалаған [19]. Ізденушінің деректері бойынша, аталған күздік бидай сорттары орташа есеппен тәлімі жерлерде 14,4-17,9 ц/га өнім беріп, оның дәніндегі белоктар мазмұны 14,1-15,9% жеткен, дәннің көлем салмағы 705-840 г/см3, 1000 дән массасы 39-44,8 г аралығында ауытқыған. Ең жоғары өнімді Қырғыз селекциясының Арап сорты қалыптастырған 15,1-20,9 ц/га. Соңғы жылдары күздік бидайдың сары, қоңыр та және септориоз ауруларына шалдығуы жиілеп кеткен. Әсіресе, республикада 1980-1993 жылдары аудандастырылған Стекловидная 24, Богарная 56, Жетісу, қарлығаш, Прогресс сорттары жапырақ ауруларына төзімсіз. Егістікте ауруға төзімсіз сорттардың көптеп себілуі сары және қоңыр тат ауруларының жаппай талалуына себеп болып отыр. Сондықтан сары тат ауруларына төзімсіз сорттарды жақсарту үшін иммунді сорттармен «донор» будандастыру қажет. Ауруға төзімді сорттарға Наз, Алмалы және Дербес жатады. Сондықтан да оларды селекция жұмысында жергілікті төзімсіз сорттардың иммундік қасиеттерін арттыру үшін донор ретінде қолдануға болады. Алмалы сорты будан тәсілімен алынған күздік бидайдың жаңа сорты. Оны республиканың оңтсүтік облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Жаңа сорт 1999-2003 жылдары дән өнімділігі жағынан сорттық сынаққа түсіп, барлық 19 сорт сынақ пункітінде тексеріліп, олардың 17-інде бірінші орын алған. Әсіресе, Безостая 1, Стекловидная 24, Богарная 56, Южная 42, Жетісу сорттарымен салыстырғанда әр гектардан 3-20 ц артық өнім берген [20]. Алмалы сорты жоғары өнімді, ауруға және экологиялық жағдайларға төзімді, сондықтан оны барлық облыстарда әртүрлі топырақ типтерінде, суармалы, тәлімі жерлерде өсіруге болады. Айтымбетова Қ.Ш. және т.б. (2009) тәжірибелерінде, күздік бидайдың 45 сортары мен үлгілері экологиялық сынақтан өткізілген. Оларды өсімдіктер биіктігі, масақтағы дән массасы, 1000 дән салмағы, өнімділіг бойынша бағалаған. Алмалы, Ақ дән, Стекловидная 24 сорттары стандарт сорт Жетісудан өнімділігі бойынша басымдық байқатқан. Сол себепті, Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы жерлерінде күздік бидайдың сортүлгілері экологиялық сынақтан өтіп, морфологиялық ерекшеліктері, өнімділігі, фитопатологиялық төзімділігі бойынша келешегі бар сортүлгілер мемлекеттік сорт сынау комиссиясына ұсынылған [21]. Батыс Қазақстан облысы жағдайында күздік бидай сорттарының өнімінің сапасын белок мөлшері, дән өнімділігі, дән сапасы, нанның шығымдылығы, жалпы нан пісіру және т.б. көрсеткіштер бойынша бағаланған. Аталған бағалау деректері бойынша сорттар күшті, құнды, күштілігі шамалы бидайлар тізіміне енгізілген [22]. Облыс жағдайында күздік жұмсақ бидай сорттарының сапа көрсеткіштерін бағалау нәтижелері бойынша бидайлардың сорттық құрамы мен сапасын жақсарту мақсатында перспективалы Саратовская 90, Ершовская 11, Левобережная 2 және 3, Жемчужина, Поволжья, Смуглянка сорттарын пайдалану керектілігі айтылған. Аталған сорттар өнімділігімен қатар қамырдың жақсы физикалық қасиеттері мен жақсы нан пісіру артықшылығына қарай бағаланған. Әдебиеттерге шолу бөлімін сараптай келе, төмендегідей тұжырымға келеміз. Күздік бидай өсіру технологиясымен айналысушы ғалымдар әрбір топырақ-климат жағдайында әрбір аудандастырылған сорттарға сорттық агротехника жасау керек деген пікірге келеді. Сондай көзқарасты біздер де мақұлдап, оларды жергілікті жағдайға бейімдеу қажеттілігін жұмыстың негізгі мақсаты деп білеміз. Себебі шаруашылықта өсірілетін күздік бидай сорттары негізінен республиканың оңтүстік-шығысында шығарылған сорттар, сондықтан олардың жергілікті топырақ-климат жағдайларына бейімделген сорттық агротехникасы жасалынбаған. Сондықтан, өңірде аудандастырылған күздік бидай сорттарын шаруашылықтық құнды белгілері бойынша салыстырмалы бағалаудың ғылыми-практикалық маңызы зор. Дәннің сапалық көрсеткіштері. ТМД елдерінде күздік дақылдар барлық дәнді және дәнді бұршақ өсімдіктер өнімдерінің 33% береді. Дәнді дақылдарды өсіргенде басты назарды өнімділікпен қатар дән сапасына аударады. Дәннің негізгі сапалық көрсеткіштеріне ақуыз бен клейковина мазмұны жатады. Себебі, аталған көрсеткіштермен негізінен дәннің технологиялық, ұнды-наубайханалық қасиеттері және тауарлық бағалылығы тығыз байланысты. Әлем нарығында дән бағасы оның құрамындағы белок мазмұнына тікелей тәуелді. Сондықтан, күшті бидайлардың сатылу бағасы, егер ол стандартқа сәйкесті болса, онда сапасы төмендеу бидай дәнінен бағасы 30-50% жоғары. Дән құрамының маңызды бөлігіне- ақуыз жатады. Ақуыз негізнен аминқышқылдарынан тұрады, олардың ішінде 8 ауыстырылмайтын аминқышқылдары. Олар тірі организмдердің қалыпты тіршілігіне өте қажетті. Бірақта аталған аминқышқылдары адам және жануар организмдерінде синтезделмейді, тек қана өсімдік тағамдары арқылы толықтырылады. Дәннің белоктылығы және клейкоина сапасы тұқым қуалайтын қасиет, сондықтан көбінесе дәнді дақылдар сорттары арқылы анықталады. Дәндердің ақуыздылығы аймақтың топырақ-климат ерекшеліктеріне және нақтылы жылдың агрометеорологиялық жағдайларына байланысты өзгереді. Дәннің химиялық құрамы ғалымдарды ертерек қызықтырған. Дәннің биохимиялық дамуының бастапқы этапы француз ғалымы Ж.Б.Бусенго (1802-1887гг) байланыстырады. Ол тыңайтқыштардың және топырақ-климат жағдайының бидй дәнінің химиялық құрамына және клейковина мазмұнына әсерін зерттеген. Дәннің химиялық құрамын зерттеумен 19 ғасырдың ортасында белгілі неміс ғалымы Юстус Либих айналысқан. Ол өзінің көптеген еңбектерінде ұн мен дән мазмұнындағы минералдық заттарды талдаған. 19 ғасырдың аяғында, француз ғалымы Э.Жирардың (1830-188жж.) және Т.Кожутани (1848-1915жж.) еңбектерінде дән биохимиясының дамуына үлкен мән берілген. Э.Жирар өзінің бидай дәнінің химиялық құрамы және бидай ұнын даярлау технологиясын жазған. Кожутани клейковинаның физикалық қасиеттерін сипаттайтын құрал жасаған. Белгілі орыс ғалымдары ішінде, дәннің химиялық құрамын зерттеген К.С.Кургоф болды, ол 1814 жылы ферменттердің іс әрекетін ашқан. Ол анықтаған ұн құрамында ферменттер бар, ол крахмалдан қант түзелу процессін жеделтеді. 19 ғасырдың ортасында Москва университетінің профессоры Н.Е.Лясковский (1865) бидай дәнінің химиялық құрамы жұмысында төмендегідей маңызды қорытындыға келген, оның ұйғарымы бойынша батыстан-шығысқа қарай бидай егісін жылжыту, яғни құрғақ аудандарға, онда дән құрамындағы белок мазмұны көбееді екен. Сондықтан Н.Е.Лясковский алғаш рет дән сапасының клима жағдайларымен байланысын анықтаған. 20 ғасырда академик Д.Н.Прянишников дән сапасына және оның құрамындағы белокқа суғару режимінің әсерін зерттеген. Қазақ революциясынан кейін, дән құрамындағы белокты зерттейтін ғылым дән химизмі өте тез екпінді дами бастаған. Барлық дүние жүзінде өсірілетін бидай сорттары негізінен екі түрден тарайды. Осы екі түр бір-бірінен дәннің химиялық құрамы және биологиялық қасиеттері, сонымен қатар технологиялық сапасы бойынша ажыратылады. Сондықтан бидай сорттары дәндерінің сапа көрсеткіштерін анықтаудың ғылыми-практикалық маңызы зор және оны әртүрлі топырақ-климат жағдайларында тексеруді қажет етеді. Сол себепті, біздер шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойып, онда перспективалы күздік бидай сорттарын нақтылы топырақ-климат жағдайында дән өнімділігі және сапасы бойынша зерттедік. |