Главная страница
Навигация по странице:

  • Тексерген: Алматы 2021 жЖоспар Кіріспе Негізгі бөлім

  • Негізгі бөлім Зерттеу жүргізілген ауданның ауа райы мен топырақ климат жағдайы

  • 2. Әдебиеттерге шолу

  • Бидай. азастан республикасы ауылшаруашылы министрлігі аза лтты аграрлы университеті


    Скачать 321.57 Kb.
    Названиеазастан республикасы ауылшаруашылы министрлігі аза лтты аграрлы университеті
    Дата23.09.2021
    Размер321.57 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБидай.docx
    ТипДокументы
    #236185
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

    Қазақ ұлттық аграрлық университеті

    Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

    Орындаған:

    Тексерген:
    Алматы 2021 ж

    Жоспар

    Кіріспе

    Негізгі бөлім

    1. Зерттеу жүргізілген ауданның ауа райы мен топырақ климат жағдайы

    2. Әдебиеттерге шолу

    3. Зерттеу барысында кездескен зиянды организмдердің түр құрамы

    4. Қоршаған орта жағдайларына бейімделуіндегі сорттардың рөлі

    5. Бидайдың жалпы сипаттамасы

    Қорытынды

    Кіріспе

    Біздің мемлекетіміздің ірге тасы ауыл екендігі бәрімізге мәлім. Бүгінгі таңда Қазақстан халқының 43 пайыздан астамы ауылда тұрады. Ауыл еліміздің алтын бесігі, тіліміз бен дініміздің, әдет-ғұрып, салт-санамыз бен мәдениетіміздің сарқылмас бастауы. Жыл сайын халық тұрмысы түзеліп, мемлекет тарапынан ауылға бөлінген қаржы да көбейіп келеді. Алайда соған қарамастан, ауылдың жағдайы бүгін барлық жағынан жақсарып кетті деп айта алмаймыз.

    Қазақстан бойынша күздік бидайдың егіс көлемі 1,2 млн. га. шамасында, оның көбі (80 шамасы) республикамыздың оңтүстік және оңтүстік шығысында орналасқан Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тәлімі және суармалы жерлерінде егіледі. Бұл дақыл күзде және ерте көктемде болатын жауын-шашындарды өте тиімді пайдалана алатын болғандықтан өнімді жаздық бидайға қарағанда едәуір мол береді. Қазақтың ғылыми зерттеу егіншілік институтының мәліметтеріне қарағанда орта есеппен алғанда республикамыздың тәлімі жерлерінде күздік бидайдың өнімі жаздық бидайға қарағанда гектарына 4-6ц. жоғары болады екен.

    Соңғы кезде күздік бидай Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында да егіліп, тәуір өнім алып жүр.

    Біздің университет тек байырғы оқу орны ғана емес, елбасы зор сенім білдірген, мәртебелі «Ұлттық» деген атақ берген іргелі оқу орны. Оның басты ерекшелігінің өзі – еліміздің дәстүрлі кәсібіне – ауыл шаруашылығына маман дайындау. Ел мұқтаждығын өтейтін маман дайындау – стратегиялық маңызы зор жауапты іс. Нақты міндет пен ел экономикасының қазіргі таңдағы жаңаша дамуы мен бүкіл әлемде орын алған азық-түлік дағдарысы агроөнеркәсіп кешеніне де биік талаптар қоюда.

    Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған биылғы жылғы Жолдауында аграрлық саланы дамытуға ерекше көңіл бөліп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нақты тапсырма бергені белгілі. Нақты міндет пен ел экономикасының қазіргі таңдағы жаңаша дамуы мен бүкіл әлемде орын алған азық –түлік дағдарысы агроөнеркәсіп кешеніне де биік талаптар қоюда. Бұл орайда, жалпы, салаға көрсетілген мемлекеттік қолдаулар жылдан – жылға арта түсуде.

    Қазақстан Республикасының Президиенті Н.Ә.Назарбаетың Қазақстан халқына жолдауында (Қаңтар 2011 ж.) «Дамудың жаңа кезеңі агроөнеркәсіп кешенінің алдына бір қатар жаңа, аса маңызды міндетті қойып отыр» деп атап көрсетілген. [1]

    Еліміздің әлеуметтік дамуы мен халқымыздың әл ауқатын жақсартып, жоғарғы деңгейге жеткізудің бағдарламасы ауыл шыруашылық дақылдарының әр түрінің өнімін көбейтіп, сапасын жақсарту шараларын белгілеп берді. Сонымен бірге мемлекетіміздің ұзақ мерзімге ұсынған азық-түлік бағдарламасында аграрлық-өнеркәсіптік комплекстерді жан-жақты дамытып еңбектің өнімділігін арттыруға аса назар аударылып отыр. Осындай міндеттерді орындау үшін өндірістік индустрияның негізінде жетік технологияның комплексті механикаландыру – күздік бидай сорттарын, түрлерін көбейту мен сапасын жақсартудың қайнар көзі. Осыған байланысты күздік бидай дақылын өсірудің өндірістік технологиясының жетістіктерін қолданып, оларды ауыл шаруашылық машиналар комплекісімен қамтамасыз етіп, технологиялық жұмыстарды сапалы жүргізу – еңбек өнімділігін арттырып және еңбек шығыны мен өнімдердің өзіндік құқығын төмендетеді.

    Табиғат байлығы сан алуан. Соның бірі - өсімдік. «Өсімдік - өмірдің өзегі» деп бекер айтылмаған. Өсімдіксіз жер бетінде тіршілік болуы мүмкін емес. Себебі өсімдіктің бүкіл тіршілікке қажетті органикалық заттар, өндірістік шикізат, малға азық -, адамға - тағам, емдік қасиеттері бар дәрі-дәрімек екендігі ерте заманнан-ақ белгілі.

    Келешекте ауылшаруашылық саласында өндірісті жүргізуге кәсіптенген мамандар үшін кәсіпорынның экономикалық негізін, бизнес стратегиясын, негізгі бағытын, болашағын терең білгендері қажет-ақ.

    Негізгі бөлім

    1. Зерттеу жүргізілген ауданның ауа райы мен топырақ климат жағдайы

    Облыстың климат жағдайы тым алуан түрлі. Климаттың айрықша ерекшелігі – инсоляция мен жылу ресурстарының молшылығы. Жазы аңызақты, ұзақ және өте қуаңшылықты болады. Қысқы жылы, қысқа, әлсін-әлсін жылымықты, қар аз жауады және ұзақ жатпайды. Тәуліктік орташа температурасы 00С-ден асатын жылы кезеңнің ұзақтығы облыстың солтүстігінде 8 айға тең және оңтүстігінде 10 айдан асады.

    Облыс бойынша ауаның жылдық орташа температурасы 8-90-ден 140С-ге дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғары көтеріліп, өзгеріп тұрады. Облыстың түрлі аудандарының температуралық режиміне сипаттама беру үшін ауаның айлық және жылдық орташа температуралары (7-кесте) келтіріліп отыр.

    Қаңтар – жылдың ең суық айы, ондағы орташа температура облыстың териториясында – 10С-ден (оңтүстікте) 100С-ге (солтүстікте) дейін ауытқиды. Жекелеген жылдары температураның абсолюттік минимумы – 30-350С-ге дейін, ал кейбір аудандарда тіпті – 38-390С-ге дейін жетеді. Ең ыстық ай – шілде, ауаның шілдедегі – орташа температурасының мейлінше жоғары деңгейі (29-300С) – Қызылқұмда төменгісі – таулы аудандарда (20-240С) және ең төменгі деңгейі – биік таулы аудандарда. Жаз кезінде кейбір күндері облыстың оңтүстігіндегі – температураның 45-47 0С-ге дейін, солтүстігінде 43-440С-ге дейін көтерілуі мүмкін.

    Облыстың жазық бөлігінде жауын-шашынның жылдық мөлшері 130-250 миллиметр ғана, тау бөктерлерінде 400-700 миллиметр және одан да көп болады. Алайда жауын-шашын тұрақты емес, кейбір жылдары оның мөлшері ауытқып тұрады. Жауын-шашынмен нашар қамтамасыз етілетін аудандарда (жазықта) мейлінше қуаңшылық жылдары жыл ішінде 80-100 миллиметр болады, бұған керісінше, аса ылғалды жылдары 300-400 милиметрге дейін жетеді, таулы аудандардағы жауын-шашын тиісінше – 300-500 миллиметрден 1000-4000 миллиметрге дейін ауытқиды. Жауын-шашын мейлінше көп болатын екі кезең бар: ол – көктем мен күз. Жауын-шашынның ең көп болатын кезі – наурыз бен сәуір, ең аз (5-7 прцент) болатын кезі – жаз. Күздің бірінші жартысы құрғақ келеді. Қысқы-көктемгі жауын-шашын жылдық жауын-шашын мөлшерінің 70-80 проценті болады (кесте 1).

    Алматы облысы аграрлық климаттың 3 аймаққа бөлінеді.

    І. Ыстық шөлді құрғақшылық аймақ

    ІІ. Өте қуаң ыстық тау бөктерлері аймағы

    ІІІ. Таулы аймақ болып бөлінеді

    Облыс табиғи шаруашылық жағынан мынандай аймақтарға бөлінеді.

    І. Мал шаруашылық шөлді аймақ

    ІІ. Суармалы егіншілік аймақ

    ІІІ. Дамыған суармалы егіншілігі бар таулы далалық аймақ облыстың оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Териториясында Іле Алатау оңтүстік-батыс бағытқа қарай тармақталған тау тізбегі бар. Тау жоталарыныңарасында тау аралық аңғарлар мен шұңқырлар орналасқан.

    Рельефтің күрделі болуы себепті мұнда біршама жақын жерлерде мәңгілік мұз басқан тау жоталары да, шөбі мол жазғы жайылымдар да, бағалы жеміс ағаштарының қалың нуы да, тәлімі егіншілік аудандары да кездеседі, сондай-ақ едәуір көлемді интенсивті суармалы егіншілік те бар.

    Әр түрлі топырақтар рельефке және теңіз деңгейінен биіктігіне қарай орналасқан. Мұнда таулы дала және әдеттегі қара қоңыр түсті сұр топырақ басым келеді. Аймаққа Еңбекшіқазақ, Талғар, Бөлек аудандары кіреді. Аймақтың климаты ыстық жазының қзақтығымен, қысының біршама қысқалығымен сипатталады. 100С-ден жоғары жылы температуралардың жиынтығы 3200-42000С аралығында ауытқиды. Теңіз деңгейінен биіктігіне, рельефіне және беткейлердің экспозициясы қарай жауын-шашын 250-300 миллиметр мөлшерінде болады. Суықсыз кезеңнің орташа ұзақтығы – 185-200 күн.

    кесте 1.

    Көп жылдық орташа мәліметтері бойынша ауаның айлық және жылдық орташа температурасы, 0С (2019-2020ж.ж) орташа


    Теңіз деңгейінен жоғары, метр



    Айлар

    Жыл ішінде

    Жылдық амплитуда


    қаңтар


    ақпан


    наурыз


    сәуір


    мамыр


    маусым


    шілде


    тамыз


    кыр-күйек


    қазан


    қараша


    жел-тоқсан








    240


    -4,4


    -0,8


    6,5


    14,0


    20,7


    25,4


    28,0


    25,8


    19,0


    11,7


    3,9


    -0,8


    12,4


    32,4

    Егіске жарамды тәлімі жерлер жауын-шашынмен қамтамасыз етілуіне қарай тұрақты, орташа тұрақты тәлімі жерлер болып бөліндеді. Тәлімі жерлердің осылайша бөлінуін әр түрлі тәлімі аймақтардағы егін шығымының көлемі туралы нақты мәліметтер дәлелдеп отыр.

    Жауын-шашынмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жерлер – негізінен алғанда шөл аймақта (Балқаш ауданы), ішінара суармалы егіншілік аймағында (Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары); жартылай және толық қамтамасыз етілген тәлімі жерлер таулы-далалық аймақта (Талғар, Іле, Есік, Жамбыл, Қарасай аудандары) орналасқан.

    Таулы-далалық аймақ табиғат жағдайына қарай екі аймақшаға: тұрақты және орташа тұрақты тәлімі егіншілік аймақшаларына бөлінеді.

    Тұрақты тәлімі егіншілік аймақшасында суармалы егіншілік дамыған; облыстың шығыс бөлігін – аласа және биік таулы жерлерді алып жатыр. Мұнда климат онша жылы емес, жауын-шашын облыстың қай аймағындағыдан немесе аймақшасындағынан көп болады.

    Бұл аймақшада 100С-ден жоғары температуралардың жиынтығы – 3200-39000С. Суықсыз кезеңнің ұзақтығы – 150-190 күн. Жауын-шашынның жылдық мөлшері – 500-600 миллиметрге тең және одан да көп. Өсімдіктің өсіп-жетілуі кезеңінде 200-250 милиметр және одан да көп мөлшерде жауын-шашын болады. Қар 70 күндей жатады. Орташа тұрақты тәлімі егіншілік аймақшасында суармалы егіншілік дамыған; ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Алатаудың батыс бөлігінен Күнгей Алатаудың (Еңбекші қазақ ауданы) оңтүстік шетіне дейін бүкіл облыс арқылы өтетін кең алқапты алып жатыр (8-кесте).

    Аймақшаның климаты ауаның өте құрғақтығымен, жауын-шашынның және жауынды күндердің аздығымен ерекшеленеді. 100С–ден жоғары температуралардың жиынтығы – 3900-42000; суықсыз кезеңнің ұзақтығы – 185-215 күн. Жауын-шашынның жылдық мөлшері – 300-500 миллиметр, өсімдіктің өсіп жетілуі кезеңіндегі мөлшері – 120-200 миллиметр. Топырақтың беткі қабаты – негізінен ащық түсті және оңтүстік типті сұр топырақ. Өзен жайылымдарында шалғынның тұзданбаған сұр топырағы тараған [23].

    Күздік бидай топырақ құнарлылығы мен қоректік заттарға жоғары талап қояды. Сондықтан күздік бидай өсіруде тыңайтқыштар жүйесі маңызды рөл атқарады. Бұл жүйені жасағанда 1 ц күздік бидай астығы және соған сәйкес сабанды қалыптастыру үшін аталған дақыл топырақтан орта есеппен 3,7 кг азот, 1,3 кг фосфор және 2,3 кг калий шығындайтынын ескеру қажет. Сонымен бірге танаптардың агрохимиялық катограмалар деректерін пайдалана отырып жоспарланған астық өніміне теңдестік тәсілімен тыңайтқыштардың топыраққа енгізу мөлшері қоректену элементтері бойынша анықталады. Негізгі тыңайтқыш ретінде органикалық және фосфорлы тыңайтқыштарды, себу кезінде түйіршіктелген фосфорлы тыңайтқышты, ал үстеп қоректіргенде азотты фосфорлы тыңайтқыштарды қолдануға болады.

    Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылға, танаптардың арамшөптермен ластануына, өсірілетін ауданына тағы басқаға қарай өзгереді.

    Сол түстік Қазақстан жағдайында күздік бидай негізінен ықтырмалы таза сүрі жерде өсірген дұрыс, өйткені дұрыс, өйткені онда егу қарсаңында топырақтың жыртылатын қабатында жаппай егін көгін алуға және өсімдіктердің кейін өсіп дамуына жеткілікті мөлшерде ылғал қоры мен қоректік заттар жинақталады, әрі танап арамшөптерден тазартылады. Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, ҚазАШҒИ күздік бидай өсірілетін таза сүрі жер танабын төмендегідей технологиямен дайындауды ұсынады.

    Күзгі терең қопсытудан кейін жиі ірі топырақ кесектері қалуы мүмкін, сондықтан танап ерте көктемде ине тісті БИГ – 3 тырмасымен тырмаланады. Осы агротехникалық шараның нәтижесінде ірі кесектер үгітіліп топырақтағы саңылаулар жабылады, танаптың беті тегістеледі, қыста жинақталған ылғал жақсы сақталады, арамшөп тұқымдарының өнуі жеделдейді. Көктем – жаз айларында арамшөптер көгінің өсуіне қарай 6 – 8 см тереңдікке культивацияланады. Осы мақсатпен СЗС – 2,1 тұқымсепкішін пайдалануға да болады, оның үстіне кезекті бір өңдеуде гектарына 60 кг Р2 О5 енгізеді. Бұл өсімдіктің өысөа төзімділігін арттырып қана қоймай, күздік бидайдан қосымша 2 – 4 ц/га астық жинауға мүмкіндік береді.

    Топырақта ылғал қорын молайтудың және өсімдіктің кыска төзімділігін арттырудың сенімді тәсілінің бірі – сұр қышадан ықтырма себу болып табылады. Оның тұқымын шілденің екінші он күндігінде қосқатарлы СКН – 3 тұқымсепкішімен 4- 5 см тереңдікке себеді. Қатардың бір ұзындық метіріне 40 – 50 тұқымы, немесе әр гектарға 0,5 – 0,6 кг қолайлы себу нормасы деп есептеледі.

    кесте 2.

    Еңбекшіқазақ ауданының табиғи-шаруашылық аймақтары мен аймақшалары бойынша агрометерологиялық көрсеткіштері (көп жылдардың орташа мәліметтері бойынша)


    Аймақ




    Кезеңнің ұзақтығы, күн

    100-ден жоғары жылы темпе-ратуралардың жиынтығы


    Жауын-шашын жиынтығы, мм2

    Қар жататын күндер саны

    суықсыз кезең

    ауаның темпера-турасы

    жыл ішіндегі

    100С-ден жоғары температура кезеңінде

    50-тан жоғары

    100-тан жоғары

    Тұрақты тәлімі егіншілік


    190


    245


    200


    3900


    500


    200


    70


    2. Әдебиеттерге шолу

    Бидай қоңырбастар тұқымдасына жатады да, 22 түрді біріктіреді. Дәннің гүл қабықшаларынан ажырату дәрежесіне қарай барлық бидай түрлері жалаңаш дәнді немесе нағыз бидайлар және қабықты немесе полба бидайлары болып екі топқа бөлінеді. Жалаңаш дәнді бидайлардың масағы сынбайды, қалыпты жағдайда бастырғанда дәндерді қабықшалардан жеңіл ажыратылады (жұмсақ, қатты, карлик, персикум, тағы басқа бидайлар). Қабықты (полба) түрлерінің масағы опырылғыш және бастырғанда өте қиын үгітіледі (спельта, мәдени бірдәнді, қос дәнді, зандури, тағы басқа бидайлар).

    Бидай түрлерінің ішінде барынша маңыздыларына жұмсақ және қатты бидайлар жатады [2].

    Жұмсақ бидай егіншілікте көп тараған, масағы борпылдақ, қылтықты және қылтықсыз, қылтықты формаларында қылтықтары жан-жағына шашыраңқы орналасқан және масақ ұзындығынан қысқа. Масақ қабықшасы ұзынша әжімді, оның қыры (киль) жіңішке, негізіне қарай жойылып кетеді. Масақтың бет жағы бүйірінен жалпақ. Масақ асты сабанының бөлігі қалыпты жағдайда кеуек. Дәндері жеңіл үгітіледі, ұсақ, орташа және ірі болып келеді, ұнды немесе жылтыр (шынылы). Айдары айқын ажыратылады, қылдары ұзын [3].

    Қатты бидай масағы тығыз, призма пішінді, бүйірі бет жағынан кең, негізінен қылтықты. Қылтықтары ұзын, паралель орналасқан. Масақ қабықшасының қыры (киль) негізіне дейін айқын ажыратылған. Масақ асты сабаны паренхимия ұлпасымен толтырылған. Масағы қиынырақ үгітіледі. Дәндері сопақша, ірі жылтыр, кейде әлсіз ұнды. Айдары әлсіз дамыған, қылдары қысқа [4].

    Жұмсақ және қатты бидайлар кең тараған, сондықтан сыртқы орта мен адамзат әсеріне көп ұшыраған. Осының нәтижесінде көптеген түршелерге тармақталған. Бидайда түршелерге ажырату үшін тұрақты морфологиялық бес белгісі – масақтың қылтықтылығы, масақша түктілігі, масақтың, дәннің және қылтықтың түстері алынған [5].

    Қазақстанның солтүстігінде барынша көп тараған түршелерге жұмсақ бидайдан лютесценс, барбаросса және қатты бидайдан гордейформе, леукерун жатады [6].

    Бидайдың әрібір түршесі биологиялық және өндірістік ерекшеліктер-мен бір-бірімен ажыратылатын бір қатар сорттарын біріктіреді. Бір түршеде жаздық та, күздік те, ерте пісетін және кеш пісетін, тағы басқа сорттар болуы мүмкін [7].

    Дәнді дақылдардың күздік және жаздық түрлері болады. Күздік дәнді дақылдарға күздік бидай, қара бидай және күздік арпа жатады. Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері алғашқы даму кезеңінде оларға 1 айдай 1-10°С-тай төмен температура қажет. Сондықтан оларды тұрақты суық түскенге дейін 55-60 күн қалғанда себу қажет [8].

    Күздік бидайдың өсу дәуірі өну, көктеу, түптену, буындану, түтіктену, масақтану, гүлдену, пісу сияқты бірнеше кезеңге бөлінеді.

    Дәннің өну кезеңі. Күздік бидай тұқымының (дәнінің) өнуіне 25–30% шамасында ылғалдылық керек. Осы суды өзіне тез сіңіріп, жылдам өнуі үшін, жалпы жылылық 25º– 28ºС төмен болмауы қажет.

    Күздік бидай дәндері 13º-40ºС аралығындағы жылылықта өніп өсе береді, алайда өте қолайлы жылылық 27º-33ºС болып есептеледі, ал жылулылық 41ºС-қа жетсе өну қызыметін тоқтатып, өле бастайды.

    Көктеу кезеңі. Бидай 4–5 жапырақ шығарғанға дейінгі өсу мезгілін айтады. Осы мезгілдің ішінде жас өсімдіктің тамырлары және әрбір өсетін өскін жапырақтың буынынан, болашақ өсетін жанама сабақтардың бүршіктері қаланады. Бидай дәнінің әдепкіде ұрығынан жалғыз тамыр шығып, кейін екі – екіден үш дүркін майда тамырлар көбейеді. Бұл тамырлар топырақтың жоғарғы (7–10 см) қабатында орналасады.

    Түптеу кезеңі. Бұл кезде жылылықтың мөлшеріне және қоректік заттардың молшылығына қарай түптену басталады. Егер осылар жетіспеген жағдайда түп саны кемиді және кешеуілдейді. Өсімдіктің барынша түптеу су деңгейінің тереңдігіне, күн сәулесінің түсуіне, қоректік заттарға және егілген дақылдың тығыздығына байланысты. Оған қолайы жағдай жасалғанда түптеу мерзімі 25–тен 30–күнге дейін созылады. Түптеу кезеңінде қолайлы температура + 15 – 16ºС.

    Түтіктену кезеңі. Бұл мезгілде масақтың салалы дән санының аз – көп болуына судың жылылығы әсерін тигізеді.

    Масақ кезеңі. Күздік бидайдың масақ шығаруы мен гүлдеу мерзімі бір күнде басталады. Егер масағы түстен кейін шығатын болса, ондай масақтар келесі күннен бастап гүлдейді. Масақ шығару мен гүлдеу дәуірінде жалпы жылылық керекті мөлшерінен төмен болса, дәндері өте аз болады.

    Бидайдың масақ шығару мен гүлдеу кезіне тура келген салқындық мың дәннің салмағын кемітіп, сапасын нашарлатады. Масақтау кезеңінде қолайлы температура – 18–20ºС.

    Пісу кезеңінегізінен үш дәуірден тұрады, ол сүтке айналу, қамыр болу, кейін дәннің толық пісіп жетілуі. Псіп жетілу кезеңіндегі қолайлы температура 20–25ºС.

    Күздік бидайдың өсіп дамуы екі кезеңде өтеді: біріншісі – күзде, себлуден тұрақты бозқырауға дейін және екіншісі – көктемгі жандануынан басталып дәнінің пісіп және өсімдіктің қурап қалуымен аяқталады. Күзгі кезеңде онда тамыр жүйесі мен жапырық беті қарқынды дамиды. Алғашқы салқын температураның нәтижесінде түптену түйіндері мен жапырақтарда қорлық пластикалық заттар, әсіресе қанттар, мол жинақталады. Тұрақты салқындық түскеннен кейін өсімдіктер тыныштық күйіне көшеді және қыс бойы осы күйде болады. Күздік бидайдың ойдағыдай қыстап шығуына өсімдік ткандеріндегі судың мөлшері көп әсер етеді. Оның тым көп мөлшері және аздығы өсімдіктің құрып кетуіне әкеліп соғады: жасушалардағы судың артық мөлшері, ткандер үшін өте қауіпті мұз кристалдарының түзілуіне ықпал жасайды, ал су тапшылығы - протоплазма билколлоидтарының коагуляциясына ұрындырады да өсімдіктер жойылады. Өсімдіктердің қыстап шығу кезеңдеріндегі кешенді қолайсыз жағдайларға төтеп беруі оның қысқа төзімділігі, ал өсімдіктердің төмен теріс температураға төтеп беруі аязға төзімділігі деп аталады. Күздік бидайдың аязға төзімділігі өсімдіктердің күзгі шынығуына байланысты.

    Туманов И.И. күздік дақылдардың екі шынығу кезеңін ажыратады: алғашқысы күндіз +8–10ºС жылылықта, ал екіншісі түнгі сағаттарда ОºС температурада өтеді. Екінші кезең неғұрлым тезірек өтсе, өсімдік соғұрлым шыныққан және аязға төзімді келеді. Шынығу процесі өте күрделі құбылыс, оның толық мәні әлі шешілген жоқ. Ашық, жылы күн мен салқын түн жақсы шынығуға мүмкіндік жасайды, ал бұлыңғыр және жылы ауа райы оны тежейді. Солтүстік Қазақстандағы жиі қайталанып отыратын қуаңшылықты күз өсімдіктің қысқы аязға дайындығын нашарлатады. Жақсы шыныққан күздік бидай түптену түйінінде – 30ºС аязды көтереді. Жақсы қар қабаты оны үсіктен және ерте көктемде кеуіп кетпеуден сақтайды. Шамадан ерте, кеш себілген егістік қысқа төзімділігін төмендетеді [10].

    Күздік бидайдың қалыптасу процесі жаздық бидайға қарағанда едәуір күрделі болады:

    - тұқым өніп шыққан соң өркенде жаздық бидайдағыға (3-4) қарағанда жапырақ негіздері көбірек (8-10) қалыптасады. Сондықтан жапырақ қатарының, түзілуі 30 күнге дейін созылады. Әдеттегі себу мерзімінде барлық жапырақ көбесі күзге қарай қалыпта­сады;

    - жапырақтардың дамуы қыста уақытша тоқталады. Көктемде эмбриондық және интерполярлық меристемалардың қызметі жанданады;

    - күзгі вегетация кезеңінде негізгі сабақтың 1-7 жапы-рақтарының өсуі аяқталады. Олардың бәрі де қоректендіруші мүшелер қызметін атқарады. Басқа жапырақтар өсуін тоқтатып көктемгі өсу кезінде қоректендіруге қатысады;

    - өскін пайда болғаннан кейінгі жапырақ бастамаларының эмбриондық меристемалары неғұрлым ұзақ. мерзім қызмет атқарады. Төртінші жапырақтан бастап соңғы жапыраққа дейін эмбриондық меристемалар қызметінің ұзақтығы арта береді, ал жаздық бидайда мұндай қасиет болмайды;

    • әр түрлі ярустар жапырақтарының эмбриондық кезеңі 12 күннен 50 күнге дейін созылады. Жоғарғы ярус жапырақтарының эмбриондық күйінің өте ұзақ болуы олардың қыстап шығуымен байланысты;

    • жапырақтар өсуінің жалпы ұзақтығы жаздық бидайға қарағанда көпке созылады. Жоғарғы ярустар жапырақтарының өсуі 60—70 күнге дейін созылады;

    • әр түрлі ярустар жапырақтарының интерполярлық меристемалары қызыметінің ұзақтығында айырмашылық шамалы болады. Олардың қызыметінің, барынша ұзақ болуы ортаңғы ярустар жапырақтарынан байқалады [7].

    Активті жасыл жапырақтардың сыртқы аумағы гүлдеу — толыса бастау — кезеңінде өзінің ең жоғарғы шегіне жетеді де, одан соң қурай бастауына байланысты күрт кемиді. Жапырақтардың беті өзінің әбден жетілу кезінде суармалы жағдайда өсетін сорттарда 45—50 процентке, ал тыңайтқыш мол енгізілетін суармалы жағдайда өсетін сорттарда екі есе дерлік артады. Әсіресе дәннің. сүттеніп пісу фазасында күрт айырмашылық байқалады. Бұл кезде интенсивті сорттар жапырақтарының активті беті жартылай интенсивті және экстенсивті сорттардан: 6—8 есе артық болады. Ассимиляциялық беттің артуы: тиісінше астықтың түсімін де арттырады [12].

    Біртұтас фотосинтездеуші система ретінде егістіктің, күн энергиясын және оны фотосинтез үшін пайдалану тиімділігі мен түсімнің қалыптасуы егістіктің құрылымымен, атап айтқанда, оның оптикалық тығыздығы секілді аса маңызды белгілерімен байланысты. Оптикалық тығыздық жапырақтар ауданының шамасына, олардың бағдарлануына және жапырақ тақталарының сабаққа орналасу көлбеулігі бұрышына, фитомасса элементтері жапырақ тақталарының, жапырақ қынаптарының, сабақтардың бөлінуіне және егістіктің вертикаль қабаттарына, оның биіктігі мен жиілігіне байланысты болады.

    Масағы мен дәнегі. Дақыл түптене бастаған кезде масақ қалыптасады. Бидайдың гүлшоғы — масақ. Жапырақ ішіндегі қынап сабағының өсуіне қарай масақ калыптасады да, осыдан сыртқа шығады (масақтанады). Оның негізгі қылтанағы (өзегі)—иректелген, тіс тәрізді ол бірқатар қысқарған буындар мен буын аралықтарынан тұрады. Өзектің әрбір буын аралығы тубіне қарай тарылып, ұш жағына кеңейеді. Масақ жетілмеген, түрі өзгерген өркенге айналған масақшалардан тұрады. Бидайдың масағы — қондырма масақ. Масақшада үштен беске дейін гүл болады. Жоғары гүл әдетте рудименттік мүше. Әр масақ бүйірінен бір-екі масақ қауызымен оранған, ал әрбір гулдің сыртқы және ішкі гүл қауызы бар. Гүлдің ішіне үш аталық және екі ауызды аналық орналасқан. Гүлдің ең түбінде шағын екі пленкалодикул орналасқан. Гүлдеу кезінде олар ісініп, гүл ашады. Гүлдеп болған соң лодикул солады. Тозаңқаптың пішіні жебеге ұқсайды: оның әрқайсысы гүлге жіңішке аталық жіпшесімен бекінген.

    Масақтың және гүл қауызының хлорофильді ткані, түтік шоғы және устьицелері болады. Сондықтан олар. ассимиляция және булану процестеріне қатысты [10].

    Масақтанудың соңын ала гүлдеу процесі басталады. Ең алдымен масақтың ортаңғы бөлігінің гүлдері, одан соң төменгі және жоғарғы бөліктерінің гүлдері гүлдей бастайды. Тозаңқабы ең жоғарғы шегіне жетіп, сарғаяды, ал бұл кезде аналық та жайылып өседі.

    Бидай масағы өзінің пішіні, ұзындығы, ені және тығыздық дәрежесі жағынан әр түрлі. Олардың ұршық, туйреуіш, призма, цилиндр тәрізді және басқа да пішінділері кездеседі. Бидай негізінен өзін-өзі тозаңдайды, алайда олардың айқас тозаңдануы да мүмкін, кейбір сорттарда аукроссинг 4 процентке жетеді және одан да асады (Марко, 1978). Бидайдың дәнегі ұсақ, құрғақ келеді, оның жылтыр да жұқа және жеміс қабы (перикарпийі) бар өзі бір-тұқымды жеміс болып табылады. Ол ұрықтан, эндоспермнен және қабықшадан тұрады. Дәнек қабықшасы бірігіп өскен жеміс қабы және тұқым қауызы болып табылады. Жеміс қабы төрт қабаттан тұрады.

    Жеміс қабықшасының қалыңдығы бидайдың сорты мен өсу жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Солтүстіктегі агро-экологиялық топтарда ол оңтүстіктегі агроэкологиялық топтарға қарағанда едәуір жұқа болады. Ірі дәндердің қабықшасы едәуір қалың болады.

    Тұқым қауызы үстіңғі және астыңғы қабаттан тұрады. Үстіңгі қабатта айқасып келетін клеткалардың екі қатары болады. Үстіңгі қатар қабырғасы жұқа, ұзарған, түссіз немссе сарғыштау клеткалардан, ал астыңғы ка­тар едәуір қалың қабырғалы клеткалардан тұрады. Қызыл дәнді бидайларды астыңғы қабат клеткаларының дәнге түс беріп тұратын қоңыр немесе қызыл-қоңыр пигменті болады, ал ақ дәнді бидайларда бұл қатар сары түске боялған.

    Эндосперм алейрон қабатын түзетін, белокты және крахмалды заттар түзетін екі тканьнен тұрады. Алейрон қабаты тікелей дән қабатының, астыңғы жағында болады да, призма тәрізді қалың қабырғалы клеткалардың бір қатарынан тұрады. Оларда күңгірт түске боялған белокты зат — алейрон дәндері, кейде май тамшылары болады, крахмал мүлде болмайды [5].

    Ұрық дәнек бөлігінің кемінде 16-інен '/4-іне дейінгі және одан да көп көлемін қамтиды. Ол эндоспермнен ерте жетіледі және осыған орай тіпті эндосперм семген күйінде де қалыпты шамасына жетеді. Ұрық дәнектің сырт жағына бұрыш жасай орналасады. Тамыршаның ұшы орналасқан төменгі ұшы дәнектің гүл түбіне бекінетін жапырақшасының үстіңгі жағынан сәл шығып тұрады. Ұрықта бүршік, тамырша, қалқанша және эпибласт болады. Бүршік сабақтың (эпикотиль) өте қыска бөлігінен және 2-4 жапырақшадан тұрады. Бірінші жапырақ (колеоптиль) қалған жапырақтарды қоршаған. Ол өскен кезде ұшы үшкір де қатты тысқа (қалпақшаға) айналады да, соның жәрдемімен жас өскін топырақтың механикалық кедергісін жеңіп шығады.

    Бидайдың тамыршасы жуандау келеді, бүйір жағында төмпешіктері — бүйір тамыршаларының негіздері болады. Қалқанша жалпақ та қалың төмпешік түрінде бола­ды, ол өзінің ішкі жағымен эндоспермге жанасып жатады, ал сыртқы біраз ойыс жағымен бүршік пен тамыршаны қамтиды.

    Қалқанша дегеніміз — түрі өзгерген тұкым жарнақ жапырағы. Ол тұқым өнген кезде қоректі заттарды эндоспермнен ұрыққа жеткізу қызметін атқарады. Қалқанша эпителиймен көмкерілген паренхималық тканьнен тұрады. Эпителий клеткаларының үлкен copy күші болады, бұл клеткалар ұрық өскен кезде ересек өсімдіктің тамыр түкшелері орнына қызмет атқарады.

    Эпибласт тамырдың сабаққа өтер жеріне орналасқан. Оның маңызы толық анықталмаған. Эпибласт ткані борпылдақ құрылымды, осының арқасында ол ұрык өскен кезде ылғалды барынша сіңіріп алып, оны ұрыққа береді. Иванов (1971) эпибластың бұл қызметі ұрық тіршілігінің алғашқы кезеңінде өте маңызды деп атап көрсетті. Дәнектің қалыптасуы сыртқы орта жағдайлары мен организмнің генотипіне байланысты. Жаздық бидайда дәнектің қалыптасу ұзақтығы 9—13 күн, суару ұзақтығы 11 —14 күн, пісу ұзақтығы 8—12 күн болады. Алайда ауа райы жағдайларына байланысты көрсетілген диапазондар әр жаққа қарай біршама өзгереді.

    Күздік бидайда дәнек қалыптасуының орташа ұзактығы 10—16, суару ұзақтығы 9—14, пісу ұзақтығы 8—13 күн. Дәннің қалыптасып жетілуін шартты түрде үш фазаға бөледі: сүттену, балауыздану және толық пісу фазалары. Бұл фазалардан өту процесінде өсімдіктің өзінде, сонымен қатар дәнде, морфологиялық және биохимиялық өзгерістер болады. Сүттеніп пісу фазасында дән жасыл реңді, айтарлықтай толысқан болады және сыққан кезде одан сүт реңдес қоймалжың бөлініп шығады. Ақ түсті болуы ондағы крахмал дәндеріне байланысты. Дәнде еритін қант көп болады. Ұрық әлі де жұмсақ болады. Ал құрғағаннан кейін өніп шығуға қабілетті келеді. Бұл кезде сабақ, жоғарғы жапырақтар мен масақ әлі де өзінің жасыл реңін сақтайды, бірақ өсімдік тіршілігінің тоқталу белгілері байқала бастайды. Ассимиляция процесі әлі де жалғаса береді. Балауыданып пісу фазасында дәннің құрамындағы заттар алдымен жабысқақ күйге өтеді де, соңынан балауыз секілді жұмсақ болады. Бұл кезде дәнді тырнақпен кесу оңай; көлемі жөнінен ол сүттеніп пісу фазасындағы дәннен едәуір кіші болады; біртіндеп жасыл реңнен айырылады. Сабақ, жапырақ және масақ сарғая бастайды: жапырақтар морт сынғыш болады да, бірақ сабақ өзінің иілгіштік қасиетін сақтайды. Ассимиляция процесі тоқталады. Бұл фазада заттар бір топтан екінші топқа қарқынды түрде өте бастайды, дәннің масақпен физиологиялық, байланысы жойылады, бірақ гүл және масақ қауызы дәнді ылғалмен және синтез өнімдерімен қамтамасыз ету қызметін атқара береді [6].

    Толық пісу фазасында дән қатая түседі және оның көлемі кішірейеді, сондықтан кейбір сорттарда олар оңай шашылады, пластикалық заттардың бір топтан екінші топқа ауысуы аяқталады. Пісу дәрежесіне қарай дәнектің анатомиялық құрылымы өзгереді. Дәнектің өсу процесі кезінде эндоспермнің крахмал бөлігінің, клеткалары пластидтік крахмал жинақтайды, ал жеміс қабықшасының клеткалары жұмыр крахмал дәндеріне толады. Эндосперм клеткалары пластидтік крахмалмен толған соң хондриозомдық крах­мал жинала бастайды. Эндоспермнің белоктық заттары қоюланып, бірте-бірте желімтек бола береді. Масақтың әрі түрлі бөлігінің пісуі түрліше өтеді: пi­cy ортасынан басталып, одан соң масақтың ұшы мен түбіне қарай таралады. Өсіп жетілу аймақтарын 3 кестеден көруге болады.

    кесте 3

    Күздік бидай өсімдігінің өсу кезеңіндегі судың жылылығы, градус есебімен



    Тексерілген

    сағаты

    Өсіп – жетілу аралықтары

    түптеу

    буындау

    масақ шығару

    сүтке

    айналу

    қамыр

    болуы

    1 – 2

    22,0

    23,3

    22,2

    21,1

    21,0

    3 – 4

    21,0

    22,2

    21,8

    20,5

    20,2

    5 – 6

    20,9

    21,3

    20,9

    19,9

    19,7

    7 – 8

    22,5

    22,3

    21,7

    20,3

    20,3

    9 – 10

    29,3

    25,9

    23,6

    21,7

    21,5

    11 – 12

    31,8

    29,3

    25,6

    23,6

    23,4

    13 – 14

    35,1

    31,3

    27,0

    25,1

    25,2

    15 – 16

    35,3

    31,0

    27,3

    25,2

    25,6

    17 – 18

    32,8

    29,1

    26,5

    24,3

    25,3

    19 – 20

    30,2

    27,2

    25,4

    23,5

    24,3

    21 – 22

    27,1

    25,8

    24,2

    22,8

    22,7

    23 – 24

    24,2

    24,6

    22,8

    21,9

    21,5


    Бидай дәнегінін беті оның желайдар деп аталатын түкшелер шоғы бар ұрық ұшына карама-қарсы жағындағы ұшын есептемегенде тегіс келеді. Дәннің көрініп тұрған екі жонқасының арасындағы сай дәнектің ішкі жағынан өтеді, ол тканьдердің негізгі жүйектің әр жағынан жайылып өсуі есебінен түзіледі. Негізінен алғанда масақтың дәнділігін және әр масақтағы дәндердің салмағын арттыру арқылы бидайдың өнімділікті молайту мүмкіндігі үлкен. Мол өнімді сорттарда масақ эволюциясы дән мөлшерінің саны мен массасын арттыру бағытында, сондай-ақ дәнек қалыптасуының жалпы ұзақтығын арттыру бағытында жүреді. Түсім кепілі. Түсімнің мөлшері негізінен алғанда белгілі жердегі өсімдіктердің санына, масақтың мөлшеріне, масақтағы және өсімдіктегі дәннің массасына байланысты болады.

    Күздік бидайдың жойылып кетуі мына себептердің бірінен болуы мүмкін.

    • күзгі әлсіз дамудан, қар қабатының жеткіліксіздігінен температураның күрт өзгермелігінен өсімдіктердің үсуі;

    • түптену түйінінің, тамырлардың қысылып топырақ бетіне шығып қалуы;

    • ойпаң жерлерде судың молдығынан тыныс алу режимінің бұзылуы, нәтижесінде өсімдіктің езілуі.

    • Қоректік заттардың жеткіліксіздігінен егістіктің баздануы (ашығуы)

    • Ұзаққа созылған жылмықпен қайталанған суықтың әсерінен топырақ бетінде мұз қабатының пайда болуы нәтижесінде өсімдіктердің мұзға қатуы мен механикалық жарақаттануы [11].

    Өсімдіктердің үсіп кетуіне қарсы барынша тиімді шараларға аязға төзімді

    сорттарды пайдалану, фосфорлы, калийлі тыңайтқыштарды енгізу, мерзімінде себу, тұқымды тереңірек сіңіру, ықтырма пардың көмегімен қар тоқтату тағы басқа жатады. Күздік бидайды базданудан сақтандыру үшін қар қабатын тығыздығы дұрыс, бұл жағдайда топырақ тезірек тоңазиды да өсімдіктің пластикалық заттары тыныс алуға аз шығындалады, сондай – ақ тым ерте және қою егуден, үстеп қоректендіргенде азоттың артық мөлшерін қолданудан тағы басқа сақтану қажет [5].

    Түптену түйіндері тамырлардың топырақ бетіне шығып қалмауына тұқымды ТУР препаратымен өңдеп тереңірек сіңіру және себу мен себуден кейін топырақты ЗККШ – 6А катогымен тығыздау жақсы көмектеседі [11].

    Қостанай облысы жағдайында күздік бидайдың жойылып кетуі қыстың қолайсыз жағдайларынан емес, негізінен ерте көктемдік қолайсыз жағдайларға байланысты. Қардан босаған жерлердегі өсімдіктер ерте жанданады да ылғалды буландыра бастайды, ал тамыр жүйесі әлі топырақтың тоң қабатында жатады да ылғалмен қамтамасыз етіп үлгермейтін көрінеді. өсімдіктер сондай - ақ түнгі аяздың әсерінен де әлсірейді. /-12–14ºС/ және опат болады. Сондықтан қар қабатын жасай отырып өсімдіктің ерте көктемде жандануын кешеуілдету.

    Күздік бидайдың тұқымы жаздық бидайдікі сияқты, +1–2ºС жылылықта өне бастайды, бірақ жаппай өну +12–15ºС температурада жүреді. Бұл жағдайда егін көгі 6–9 тәулікте пайда болады. Өсімдіктің көктемгі жандануы 3–4ºС жылылықта басталады алайда өсіп дамуына қолайлы жылылық 12–15ºС. Күздік бидай қысқы – көктемгі төменгі температура мен оның күрт өзгеруіне өте сезімтал. Қар қабаты болмағанда түптену түйінінде – 16–18ºС температурада өсімдік опат болады, 20см қар қабатында – 30ºС аязға, ал 30–60см – 40ºС аязға төтеп береді [12].

    Бұл қар астындағы температураның анағұрлым (10–15ºС–қа) жоғары болуымен байланысты. Күздік бидайдың қазіргі аудандастырылған сорттары 25ºС және одан да жоғары аязға төтеп береді.

    Күздік бидай күзде және көктемде 2–4ºС жылылықта түптене бастайды, бірақ ол үшін қолайлы жылылық +12–14ºС. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аймағында қолайлы мерзімде себілген күздік бидай 9–20 күннен кейін негізгі сабаққа қоса 2–3 қосымша өркендер қалыптастырады және бұл кезең 30–35 күнге созылады. Жекелеген жағдайларда, топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда, өсімдіктер түптеніп үлгермей қыстық тыныштық күйге кетеді. Күздік бидайдың көктемгі түптену қарқындылығы мен ұзақтығы температураға, топырақтағы ылғал мен қоректік заттар қорына, оттегінің жеткіліктілігіне, қыстап шыққан өсімдік күйіне байланысты өзгереді де, орта есеппен 30-35 күнге созылады [13].

      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта