Главная страница
Навигация по странице:

  • СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС Тақырыбы: Бақылау сұрақтары

  • Бақылау сұрақтары

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

  • Бақылау сұрақтары. азастан республикасы ауылшаруашылыы министрлігі аза лтты аграрлы университеті


    Скачать 29.81 Kb.
    Названиеазастан республикасы ауылшаруашылыы министрлігі аза лтты аграрлы университеті
    Дата16.03.2021
    Размер29.81 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБақылау сұрақтары.docx
    ТипПрограмма
    #185297

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

    ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР, АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ АГРОӨНЕРКАСІПТІК КЕШЕНІН МЕХАНИЗАЦИЯЛАУ” ФАКУЛЬТЕТІ

    IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ КАФЕДРАСЫ

    СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

    Тақырыбы:

    Бақылау сұрақтары

    Орындаған: Сартаева А.

    Тексерген: Курманкулова Г.

    Алматы 2019

    Бақылау сұрақтары:

    1.Кластар диаграммасын құру ерекшеліктері.

    2.Кластар диаграммасын құру әдістері, технологиялары, аспаптары.

    3.Деректер қоры анықтамасы

    4.Деректер қорын жинау, сақтау және өңдеу

    5.Пайдаланушы интерфейсін әзірлеу.

    6.Программа алгоритмін құру және оны іске асыру.

    7.Интерфейстер қарастырылады?

    8.Әртүрлі деңгейлердегі интерфейстер қалай ерекшелінеді?

    9.Компьютерлік жүйелердің интерфейстерінің анықтамалары қандай?

    10.Пайдаланушы интерфейстер мәселелерімен қандай ұйымдар айналысады?

    1.1) Browser  терезесінің Logіcol Vіew элементіне тышқан сілтеушін қойып, контекстік менюді белсенді ету үшін оң батырмасын шертеміз.

    2) Менюде New-Class элементтерін таңдау; Browser терезесінде кескінделген ағаш (бұтақ)жаңа класқа сәйкес келетін New-Class элементімен толықтырылады.

    3) New-Class элементін таңдап және кластың қажет атауын енгізіп, оны өзгертеміз.

    2. Функциональдық және актерлармен функциялардың бірлесе қолданылуы. Ақпараттық элементтер және құрылымдар (АО) арасындағы қарым – қатынас және байланыс. Инкапсуляция, мұрагерлеу және АО полиморфизмі. Бірлесуі (уақыттық және жазықтықтық) және көрінуі (ішінде және сыртында). Декомпозициялық және құрылымдық. ҚВ, тізбекті, бірлескен (кооперативті) диаграммалары – орындалу тізбегі.

    3. Деректер қоры - бір-бірімен белгілі бір тәртіппен құрылымдық тұрғыдан байланысқан, машинамен оқылатын, нақты қолданбалы сала үшін көкейтесті, ақпараттық технология үшін жарамды нысандағы нақты дүние объектілері сипаттамаларының, сондай-ақ ЭЕМ-нің жадындағы немесе машинамен оқылатын сақтағыштағы (магаитті ленталардағы, дискеттердегі, ықшам дискілердегі) ақпарат жазбаларының жиынтығы.

    4.  Деректер қоры қоғамның барлық ақпараттық қорларымен тығыз байланысты, солардың негізінде жасалады, ал олардың көбісі ақпараттың тек құжаттық көздерімен бірге пайдаланылады. Деректер қорын жасау үшін ең алдымен мүдделілік туғызған объектілер (мысалы, жеткізушілер, тұтынушылар, кәсіпорындар, қызметкерлер, т. б.) айқындалады, сонан соң әрбір объекті үшін оның өзгешеліктерін сипаттайтын деректердің жиынтығы бөліп көрсетіледі. Мысалы, кәсіпорынның өзгешеліктеріне оның атауы, мекен-жайы, банкідегі шоты, шығаратын өнімінің түрпаты, т. б. жатады.

    5. Программалық қамтамасыз ету сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі оны пайдалану қолайлығы болып табылады. Пайдаланушы интерфейс түсініктігі, оның жұмыс істеу қарапайымдылығы, сол арқылы белгілі бір міндеттерді шешудегі еңбек сыйымдылығы, ПҚ-мен пайдаланушының жұмыс істеу өнімділігі, қателердің пайда болуы жиілігі және қолайсыздыққа байланысты арыздар сияқты сипаттамалар көмегімен сипатталады. Нақты қолайлы программаны жасау үшін оларды пайдалану контексті мен пайдаланушылар психологиясын есепке алу қажет, жаңадан үйренген пайдаланушыларға көмек көрсету және тәжірибелі пайдаланушыларға жұмыс істеу үшін барлық қажетті көмекті ұсыну қажет. Алайда аталған программа пайдаланушылар үшін нақты маңызды міндеттерді шешуге көмектесетіні ең маңызды фактор болып табылады.

    6. 1. Алгоритм дискретті информациялармен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады. 
    2. Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын.ала айқын береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай.ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
    3. Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар.
    Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда, жалпылық қасиеті деп атайды.
    4. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады. 


    1. Соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аяқталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану принциптерін негіздеуге мүмкіндік береді.

    2. - пайдаланушының клиенттік программамен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;

    - клиенттік машинамен сервер машина арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейспен;

    - - сервердің шеттік программамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;

    9.Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің ролі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр түрлі салаларында қолданылады.

    10.Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы – Адам–Компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (The Human-Computer Interface Standard Committee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа да елдерде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитет (International Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Қолданушының интерактивті жүйелермен қатынасына қандай факторлар әсер етеді?

    2. Оператор қызметінің түрлері қандай?

    3. Адам –оператор қызметінің кезеңдері қандай?

    4. Адам –оператор жүрісінің түрлері қандай?

    5. Операторлар өзінің қызметінде қандай моделдерді қолданады?



    1. - адам қажеттілігі, яғни сұхбат жүргізетін серіктеспен түсіністікте болу;

    - қолданушының қабілетілігі, оның шапшандылығымен (ең біріншіден пернетақта мен тышқанды қолдануында), лингвистикалық қабілеттілігі, есеп шығару қабілеттілігінен тұрады;

    - өзіндік қасиет, яғни үйренуге қабілеттілігі, шыдамдылығы, қатеге төзімділігі, шығармашылық қабілеттілігі.

    - компьютерлік білім деңгейі. Бұл жерде көбінесе программалаушы немесе программалаушы емес қолданушылар , соңғыларын үш санатқа бөлуге болады:

    - дайындалған қолданушылар, шығармашылық есеп шығарушылар, аналитиктер және зерттеушілер (яғни, жұмыс іскерлігі толықтырылғандар)

    - дайындалған қолданушылар, операцияларды орындаушылар (яғни, жұмыскерлігі тұйықталған)

    • жай қолданушылар, компьютерлік білімі аз.

    1. Оператор – жетекші, ұйымдастырушы және директивтік сипаттағы қызметтерді орындайды. Оператор – жобалаушы, АЖЖ құрамына кіретін, машинамен жобалауға қосылған.

    3. Тапсырманы орындау барысында барлық деңгейдегі операторларға тән 5 кезең бөлінеді:

    • анықтау – есептің шешілуін реттейтін белгілер тобын оператордың қабылдауы.

    • классификация – жағдайды тану және бақылану процесінің және техникалық жүйенің жағдайын анықтау.

    - жоспарлау – тапсырманың орындалуына әкелетін іс-шаралардың тізбегін құру және шешім қабылдау.

    - орындау – бар ресурстарды қолдана отырып, жоспарды орындау.

    - тексеру – іс-әрекеттің орындалуын және оның тиімділігін тексеру.

    4. Операторлармен шешілетін тапсырмалар 3 деңгейге бөлінеді:

    - процессті реттеу, ол кішігірім динамикалық теңестіруді қарастырады және процесстің жеке параметрлеріне түзетулер енгізуді қарастырады.

    - режимді өзгерту, ол процесстің түбегейлі өзгеруіне алып келеді және ауыспалы процесстерді қарастырады, операцияның көп бөлігін және оператордың іс-әрекетінің күрделі алгоритмдерін қарастырады.

    5.Оператор тапсырманы шешкенде 5 типті молдельді қолданады:

    - физикалық, жүйедегі процесстердің математикалық баяндалуынан тұрады;

    - функционалдық, негізгі ішкіжүйелерді, оның қызметін және өзара байланыстарын сипаттайды.

    • экономикалық, негізгі басқару операциялардың құн шамаларын байланыстырады;

    • процедуралық,қондырғыны басқару ережелерін баяндайды;

    • когнитивтік, оператормен қалыптасатын, процесстің интуитивтік моделін сипаттайды.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Қолданушы интерфейстері қандай кластарға бөлінеді?

    2. GUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

    3. WUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

    4. HUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

    5. Компьютер жүйелерінің әртүрлі деңгейлерінің ақпараттық өзара қатынасы қалай ұйымдастырылады ?

    6. Компьютер жүйелерінің деңгейлерінің өзара қатынас протоколы термині қандай мағына береді, мысал келтіріңіздер?

    7. Компьютер жүйелерінің деңгейлерінің өзара қатынас интерфейсі термині қандай мағына береді, мысал келтіріңіздер?

    8. Компьютер жүйелердегі инкапсуляция және протоколдар стегі терминдері қандай мағына береді?

    9. Қосымшаның өзара қатынас интерфейстері қалай орынлдалады?

    10. Web-қосымша мысалында, өзара қатынас интерфейсінің негізгі құрамдастарын атаңыз?

    11. CGI интерфейсі қандай қызмет атқарады?

    1. - WIMP-интерфейсі, оның компоненттер: window-терезе, icon-пиктограмма, menu-мәзір, pointer-көрсеткіш болып табылады.
    - SILK-интерфейсі, speech-сөз, icon-пиктограмма, language-тіл, knowledge-білім.
    2. Графикалық қолданушы интерфейс (Graphical User Interfase – GUI) “қолданушы-компьютер” қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда мынандай негізгі элементтер қолданылады: терезелер, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер. Кейде GUI-интерфейсін WMP-интерфейсі деп атайды.

    GUI-интерфейсінің негізгі қасиеттері – ол манипуляция жасау мүмкіндігі, тышқан немесе көрсеткіштің қолданылуы, графиканың қолдануы, функция мен мәліметтер қосымшасы ауданының болуы.

    1. - хабар әдетте, бір терезеде беріледі. Ол броузер деп аталынады, бірақ мәліметтерді қосымшада көрсету үшін бірнеше броузер терезесін қолдануға болады;

    - броузер Web - қосымшаны мәзірмен қамтамасыз етеді ;

    - әрекеттердің таңдауы шектелген, себебі функцияға қатынасты қамтамасыз ететін мәзірдің, қосымшамен өзара қатынасы күрделі;

    - Web–парақ арнайы, кездейсоқ шығып қалатын мәзірді ашу үшін, клиенттік облысқа ішкі бақылау жүргізе алады.

    - арнайы мәзірді жасау, қосымша программалау жұмыстарын талап етеді ;

    - клиенттік облыстың дәстүрлі пиктограммалары жоқ ;

    - көптегендер қосымшалар графикті және анимацияны эстетикалық немесе навигациялық мақсаттарда қолданады.

    - броузер және оның қосымшалары WEB-парақтардағы графиктердің өшу мүмкіндіктерін қана­ғат­тандырады, сондықтан бізге тек мәтіні көрінеді.

    - көрсеткіштің сүйеуі негізінен тышқан батырмасын шерту арқылы немесе навигациялық сілтеулерді таңдау арқылы іске асыры­ла­ды. “Drag and drop” технологиясы, белгілі ортадағы арнайы программалаудан басқа жерлерде, қолданылмайды. 2 батырмасының және тышқанның істейтін функциялары шектеулі.

    4.

    1. Пиктограммалар көптеген PDA-ларда қолданылады. Олардың мүмкіндікте­рі көрсету құрылғысының түріне сәйкес өзгереді. Пик­то­граммалар GUI-интерфейсіндегі секілді объектілерді, атрибуттарды және әрекеттерді ұсыну үшін қолданылады.

    б) Мәзір қатарлары және де мәзірдің өзі талап ету арқылы көрінеді, және осындай компоненттерге сай қасиеттерге ие болады.

    в) Қалам бір шерту секілді көрсеткіш ретінде жұмыс істейді. Сұхбаттар шақы­ры­лып жатқан объекттерді жауып тұратын терезелерде көрсетіледі. Мұндай терезелер GUI-терезелердің стандартты безендірулерін қабылдай алмайды. Олардың орнын ауыстыруға немесе өлшемдерін өзгертуге болмайды.

    5. Ақпараттық өзара қатынас интерфейстерін WEB-қосымша мысалында қарастырайық. Бұдан бұрын қарастырылған қолданушылық WUI, қосымша деңгейінің программалық интерфейсімен тікелей байланысты екенін атап өту керек. Интернет торабындағы түрлі обектілердің өзара қатынасы ISO 7498 (ISO – International Organization for Standardization) жалпы халықаралық стандарттық ережелері мен талаптарына сай құрылады.

    6.Протокол – аттас деңгейлердің объектілерінің өзара қатынас алгоритмдерінің (ережелері ) жиынтығы.

    7.Интерфейс – берілген деңгейдің объектісімен өзара қатынасы сәйкес жүзеге асатын ережелердің жиынтығы.

    8.Инкапсуляция – фрагментелген мәліметтер блогының бір деңгейден басқа деңгейдегі мәліметтер блогына орын ауыстыру процесі.

    Стек – өзара қатынас протоколдарының иерархиялық ұйымдасқан тобы.

    1. Тораптық өзара қатынастың иерархиялық ұйымдасуы, мәліметтердің тасымалдау технологияларында орны басылған өнделген құрылымдарды және олардың өзгерістерге тез бейімделуін қамтамасыз етеді.

    2. WEB- қосымшаның өзара қатынас интерфейсін орындағанда ( Hypertext Transfer Protocol – гипертекст тасымал протоколы) қолданылады, WWW- World Wide Web торабында орналасқан, қолданбалы деңгейдегі протокол және әртүрлі ақпаратқа кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуші. НТТР протоколы - берілген мәліметтердін түріне байланысыз, ақпаратты көбейтідің жоғарғы өндіргіштік механизмін иемденеді.

    11. Common Gateway Interface (CGI) – бұл WWW жүйесін кеңейту стандарты. WWW серверларға аргументтерді қолданушы анықтай алатын программа құруға мүмкіндік береді. CGI интерфейсі қолданушының мүмкіндігін арттырады және аталмыш Web парақпен байланысты программа орындауға мүмкіндік береді.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

    ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР, АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ АГРОӨНЕРКАСІПТІК КЕШЕНІН МЕХАНИЗАЦИЯЛАУ” ФАКУЛЬТЕТІ

    IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ КАФЕДРАСЫ

    СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

    Тақырыбы:

    Бақылау сұрақтары

    Орындаған: Сәуірбек Ж.

    Тексерген: Курманкулова Г.

    Алматы 2019


    написать администратору сайта