азастан Республикасы Білім жне ылым министірлігі С. Т.денов, А. Х. Хожамл, . К. Котошева, А. Н. Кудерина
Скачать 1.55 Mb.
|
Баяндамалар мен рефераттар
Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу:
Әдебиеттер тізімі:
Алматы, 2004.
1.6 ХIХ ғасыр философиясыXIX ғасырдағы саяси, тарихи-әлеуметтік шындық экономикадағы күрделі өзгерістер және өнеркәсіп пен ғылымның өркендеп дамуы, жаңа философиялық ағымдардың қалыптасуына алып келді. Бұл философиялық ағымдардың бірқатары ақыл-ойға сүйене отырып, табиғат пен қоғам туралы өте келісімді идеяларды тудырса, енді біреулері керітартпа ойлармен тұжырымдарды алға қойды. Марксизм филрсофиясындағы принциптік жаңалық адам тек табиғатта өмір сүрмейді, оны өзгертеді, соның барысында өзі де өзгереді. Бірақ, марксизмде адам мәселесін, оның өмірінің мәнін, бостандығын, т.б. мемлекет, тап басқа да үлкен әлеуметтік бірлестіктер мүдесінің көлекесінде қалдырды. XIX ғасыр философиядағы екінші бір философиялық ағымдар, ақыл-ой және сананың дүниені танудағы мүмкіндігіне шек келтіретін идеялар мен тұжырымдар туғызады. Осының нәтижесінде классикалық философияда ақыл-ой күшіне, жеке сананың құдіретіне толық сенуін, ол ақыл-ойдың жетілуі ─ ғылымның дамуына алып келді деген тұжырымның орнына ырық, интуиция, инстинкті қойды. Неміс философтары Шопенгауэр мен Ницше ретсіз, түсініксіз, бұлдыр дүниені тануға болмайды деген тұжырымды айтты. Бұлардың көзқарасына сабақтас санасыздықты – психикалық ақиқат пен адамға тән, сонымен бірге өмір сүріп, оны билейді деген ілімді З. Фрейд ұсынды. Ал XIX ғасыр филисофиясында позитивизм, неотомизм және персонализм секілді ағымдар дүниеге келді. Маркстік философия 40-шы жылдардың ортасында қалыптасты (ХІХ ғ). Оның авторлары: Карл Маркс (1818-83) және Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс Гегельді жоғары бағалай отырып, сынады. Энгельс болса, оның еңбектерін диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегель мен Фейербахты сынау нәтижесінде диалектиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-материалистік ілім ретінде жасады. Бұл ілімді қолдану нәтижесінде ұлы шығарма ─ «Капитал» пайда болды. Марксизимнің пайда болуының тарихи алғышарттары мыналар:
Майер - бірінші заңның авторы, Г. Гельмгольц пен М. Фарадей оны теория және тәжірибе арқылы негіздеді. Дж. Джоуль мен Э. Ленц жылудың механикалық эквивалентін тапты, яғни механикалық энергияның қаншасы жылу энергиясының бірлігіне сәйкес болатынын есептеп шығарды. Неміс биологтары М. Шлейден мен Т. Шванн 1838-39 жылдары клетка теориясын жасады. Олар жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрылымы негізінен бірдей болатынын, екеуі де бір физиологиялық қызмет атқаратынын анықтады. Бұл теория барлық тірі организмнің ішкі бірлігін дәлелдеді, сөйтіп олардың шығу тегін жаңа түрде көрсетті. Дарвиннің эвоюциялық теориясы жануарлар мен өсімдік түрлерін ешнәрсемен байланыссыз, кездейсоқ, «Құдай жаратқан» және өзгермейтін деп қараушылықты жойды. Сөйтіп, алғашқы рет теориялық биологияны ғылыми негізге қойды. Ол жануарлар мен өсімдік түрлерінің өзгеріп отыратындығын, олардың бірлігін дәлелдеді. Дарвиннен бұрын Д. Дидро биология түрлерінің эволюциялық өзгеріп отыратыны жөнінде болжам айтқан еді. Марксизм ХІХ ғасырдағы қоғамдық ғылымдардың үш саласын жалғастырушы, олар:
ғылымға айналдырды). Маркстің ғылымға алып келген екі жаңалығы:
Маркс «Саяси экономияға сын жөнінде» деген еңбегінің алғы сөзінде:
Бұл мақсатқа жету, пролетариат революциясы, пролетариат диктатурасы арқылы іске асады деп санап, Маркс пен Энгельс белсенді түрде саяси істермен айналысады. Маркс пен Энгельстің кейбір тарихи болжамдары ХХ ғасырдың аяғында практикада іске аспады. Сондықтан қазіргі замандағы марксизмді сынаушылар - ХХ ғасырда оның идеяларын қолдану ауыр жағдайға алып келді, - дейді. Танымдағы практиканың рөлін философиялық негіздеудің көптеген салдары болды. Әлеуметтік философия саласында, қоғамның тарихи дамуында ол жаңа мызғымас принциптілік жолға алып келді. Гносеологияда танымның ұмтылуы мен мақсатын жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Маркстік философияда практиканың рөлі үш жақты:
Марксизм философиясындағы ойлау тәсілі мен білім құрылымының кейбір ерекшеліктері:
Марксизм теориясына қазіргі замандағы сыни пікірлер:
Өмір философиясының өкілі─А.Шопенгауэр, «Үрей метафизикасын» пайымдаушылардың бірі. А.Шопенгауэр дәулетті саудагер семьясында дүниеге келді. Өзінің өмірінде коммерция, медицина, кейін философиямен шұғылданды. Ол Берлин университетінде приват-доцент болып орналасқан соң, әйгілі Гегельмен бақталастырды. Шопенгауэр Гегельдің сабақ кестесін қарай отырып, сол уақытқа өз сабағын қояды. Әрине, студенттер дәрісті Гегельден тыңдады. Осының салдарынан ол оқытушылықты тастап, философиямен өз бетінше шұғылданды. Тірі кезінде танылмай, атаусыз қалса да, өлген соң кенеттен аты әйгілі болды. Ол өзінің «Дүние ерік пен елес ретінде» атты еңбегінде Канттың көзқарасын жалғастырды. Шопенгауэрдің пікірінше: «Дүниеде негіз де, ақыл–ой да жоқ, тек қана «ерік» бар. «Еріктің» мәні кең, оны адамның жаны емес, табиғаттағы, қоғамдағы «ұмытылыс» деп санайды. Мысалы, жануарлар дүниесіндегі «ұмтылыс» өмірін сақтап қалу талабы, физикалық дүниеде «өзіне тарту - тартылыс» бар, ал қоғамда мемлекеттің, нәсілдің, халықтың және адамдардың «еркі» бар - ол өмір сүру. Бұл ерік көмескі болғандықтан, ақыл-ой да, мақсаты да жоқ, яғни иррационалды. «Ерік» ─ дүниедегі барлық процестер мен құбылыстарды негізсіз және себепсіз тудырады. Адам деңгейінде «ерік» шектен тыс сезім күйі – ашу-ызадан уақытша естен тану, мансапқорлық, кекшілдік, жыныстық ұмтылыс, сүйіспеншілік, делебесінің қозуы, қобалжу түрінде болады. Егер дүниенің негізі «ерік» ақылсыз болса, онда дүниеде де ақыл жоқ. Ғылым - дүние құбылыстарын ақыл-ой заңдарымен негіздеуге ұмтылып, әрдайым тұйыққа тірелді. Техниканың дамуы, адамға жақсылық емес, зиян келтіреді. Шопенгауэрдің адам тағдырына, бостандығына, қажеттілігіне, бақытына байланысты көзқарасы түңілушілік (пессимистік) сипатта болды. Өмірдің мәні - дүниенің қайғы екенін түсіну. Ол адамның қоғам заңын және дүниені танудағы әлсіздігі мен үмітсіздігін алға тартты. Моральдық прогресті, бақытты және ақылға сиятын мемлекет құру мүмкіндігін жоққа шығарды. Бұл идеялар ХІХ-ХХ ғасырларда экзистенциализм философиясының қалыптасуына алып келді. Фридрих Ницше(1844-1900 ж.) қазіргі батыс философиясындағы «Өмір философиясы» тұжырымдамасының негізін салушының бірі, оның әсерімен адам және оның өмірі мәселелері терең зерттеле басталды. Ф. Ницше философиясының мақсаты ─ адамға өмірінің мәнін іске асыруына, қоршаған ортаға бейімделеуіне көмектесу. Өмір - философияның өзегі, дүниетанушы субъектіге берілген фактілерді түсіндірудің бір қыры. Нақты адам үшін жалғыз ақиқат - «ерік». Ол өмірдің бастауы және қоршаған ортаға қатынасы болады. Алғашқы кезде Ницше Шопенгауэрдің тұжырымдамасын қолдап, оны философияның негізгі мәселесі етіп «ерікті» қойды, кейіннен Ницше классикалық философияның категориялары - материя мен рухтың орнына, «билікке жету еркін» қойып, Шопенгауэрден де алшақтайды. Ницше өмірдің мәнін анықтай отырып, оны «билікке жету еркі» - деп есептеді. «Билікке жету еркі» - бұл қоғамдағы өмірдің негізгі мотиві, ол адам табиғатының өмір сүру негізінде бар. Еркектің әйелге, ақсақалдардың жастарға билігі, т. б. Әдептілік мәселесінде Ницше ниглист (барлық тұрақталған құндылықтарды жоққа шығараып, жаңа позитивтілерді ұсынады). Ол өз заманының мәдениеті төмендеп, ыдырап бара жатыр, мораль оны іштей ірітуде деп есептеген. Христиандық діндегі әдептілік қағиданы, ол моральдың құлы ретінде көрсетті. Сондықтан құндылықты қайта бағалау мәселелерін көтерді. Біздің заманда «Құдай өлді» - деп Ницше жар салды, жаңа дәуірге жаңа құндылық жүйесін алып келді. Жаңа адам – «Асқан адам» (сверхчеловек), ол өзін қоғамнан, құқық және адамгершілік қағидаларынан жоғары қоятын адам. Ол – жылпос, сұмпайы, алаяқ. Тек «Асқан адам» өмір сүруге құқылы, әлсіз, кемтарлар өле берсін - бұл әділдік Адамды сүюдің алғашқы өсиеті осы және олардың өлуіне көмектесу де керек. Ницшенің «Асқан адамы» «жақсылық пен зұлымдықтан» жоғары тұрады, ол ешқандай моральдық, әдептілік қағидаларымен байланысты емес. Ницше моральдың екі түрін: мырза мен құлды көрсетті. Тек «Асқан адам» жаратылысынан аристократ, бәрінен мүлде бос. Ол батыр да немесе Бетховен, Наполеон, Шопенгауэр, Гете секілді Ұлы адам да емес. Бұл адамның жаңа тұқымы, ол бұдан бұрын дүниеде болмаған. «Асқан адам» бір ұлттан пайда болмайды. Ол адамзат дамуының жемісі, алдымен еуропалықтардан шығады. Бұл жаңа каста адамзаттың келешек мәдениеті мен моралін өзгертеді. Олар халық үшін ескінің орына, жаңа миф жасайды. Ницшенің пікірінше: адам моральдан, ең алдымен оның рационалдық бастамасынан туған ұжымдық элементтерден арылуы керек. Ницше не жақсы? деген сұраққа: - адамның билікке деген ұмтылысы, өз билігін нығайтуы, - деп жауап береді. Не жаман? деген сұраққа - адамның әлсіздігі, - дүниеде шындық бар ма? деген сұраққа - шындық та, әділдік те жоқ – дейді. Бізді бағындыратын қолында күші болса, онда ол адамның істегенінің бәрі шын. Ницше еркі жоғары, қолынан іс келетін адамға табынуды уағыздайды. Осы ілім кейін Гитлер өкіметінің мемлекеттік идеологиясымен, философиясына айналды: өкіметті басқару үшін дана болудың қажеті жоқ, тек ерік пен күш болса болды. Ницше ұраны - «қорқынышты өмір сүр». Ницше әдептілікті релятивтік түрде түсінді, әлсіздерге не жақын болса, күштілерге сол жаман болады деді. Позитивизм (Positivism - дұрыс пікір) – оның негізін қалаушы француз философы Огюст Конт (1798-1857 жж.). Позитивизм - ғылым негізіндегі білім, ғылыми ақиқат, позитивтік дүние көрінісіне сәйкес болу деп, философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт. Оның тарихи кезеңдері мен өкілдері: Бірінші - классикалық кезең. 1830 ж - ХІХ ғ. аяғы. О. Конт, Дж. С.Милль. Екінші – эмпириокритицизм немесе махизм кезеңі ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ басы. Э. Мах, Р. Авенариус. Үшінші – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. 1920─1960 ж. Л. Витгенштейн, Б. Рассел, М. Шлик, Карнап. Постпозитивизм (лингвистикалық, аналитикалық философия ) – 1960─1970 жж. – қазіргі кезеңге дейін. Конттың пікірінше, «Метафизика», яғни философия, тиянақсыз білім құратындықтан ғылымның даму барысында қойылған сұрақтарға жауап бере алмайды. Ол танымдық ілімді үш сатыда көрсетеді. 1. Теологиялық (діни) - діннің үстемдігі, дүниедегі құбылыстарды сырт күштер, қияли қимылдар арқылы түсіндіреді. 2. Метафизикалық - философиялық ілімнің үстемдігі, табиғатты абстрактылы (мәні мен себебін) түсіндіреді. 3. Позитивтік - ең жоғары сатысы. Бұл сатыда жоғарғы екеуі жоққа шығарылады. Позитивтік немесе дұрыс пікір барлық құбылысты ғылыми жолмен түсіндіреді. Конт эмпирикалық ғылымға, тәжірибеге сүйенеді. Сондықтан философиясының зерттеуге байланысты ақиқат өзіндік пәні жоқ. Оның мақсаты ─ арнаулы ғылымдардың нәтижесін қортындылау; әрбір ғылымның пайдалы әрі пайдасыз жағы бар, тек пайдалысын қабылдап, пайдасызынан арылу. Ол, француз революциясының теориясы болған француз материализмінен бас тартып, идеализм жолына түседі. Позитивизмнің келесі сатысы – эмпириокритицизм. Ол позитивизмге қарағанда шындықтан алшақ тұрады. Позитивизм нақты ғылымды зерттеуді ұсынса, эмпириокритицизм ─ біздің сезімнен тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүние біздің сезіміміздің жиынтығы деп қорытындылайды. Сөйтіп, объективтік өмірді субъективтік өмірге айналдырды. Эрнст Мах (1836-1916 жж) физик, әрі физиолог, эмпириокритицизмнің өкілі. Субъективтік идеалист. Дүние менің санама байланысты - оны мен қайдан білемін? Махтың пікірінше: «құбылыстар маған әсер еткен жоқ, оны менің сезімдерім тудырды». Оны «түйсіктер кешені» деп атады, олар менің ғана емес, барлық «адамдардың сезіміне байланысты». «Ағаш, стол, үй» менің денемнен тыс өздігінен өмір сүреді, бірақ біз оны психологиялық қабілет арқылы қабылдаймыз дейді. Екінші өкілі Рихард Авенариус (1843-1896). Оның пікірінше, әртүрлі болмыс өзінің сапасы жағынан сезім ретінде, әртүрлігі жағынан қозғалыс ретінде ойға келеді. Авенариустың «ойды үнемдеу» деген қағидасы бойынша, ойлап түбіне жете алмайтын «материя» сияқты ұғымнан бас тарту керек. Оны біріншіден, сезім элементтеріне бөлшектеу қажет, сонда бәрі де өз орнына келеді. Екіншіден, біз заттың өзін емес, түйсіктер жиынтығын қабылдағандықтан, заттың бар-жоғына көңіл бөлмеуіміз және оған екінші рет ой энергиясын жұмсамауымыз керек дейді. Махтың танымды түйсікпен шектейтін идеалистік эмпиризмі сыннан өте алмағандықтан, ХХ ғасырда оның орнына неопозитивизм ағымы келді. Неотомизм – ХІХ ғасырдың 70 жылдары пайда болған, әсері үлкен діни – философиялық мектептердің бірі. Ф. Аквинский ілімінің негізінде сенім мен ақыл-ойдың үйлесімділігіне және сенім ақиқатының алғышартылығына жүгінеді. Ватикан шіркеуінің теориялық басты қаруы. Ол философияда христиан дінінің дәстүрін, догмалық идеялары мен теорияларын сипаттайды. Неотомизмнің көрнекті өкілдері: Жак Маритен, Этьен Жильсон т. б. Томизмнің негізгі мәселесі - құдайдың болмысын дәлелдеп, дүниедегі орнын анықтау болса, ал неотомистер оны адам болмысы мәсе лесімен толықтырды. Олар қазіргі заманның жаратылыстану теорияларын түсіндірумен шұғылданды, кейде өзіндік жемісті идеялар айтты. Соның бірі ─ Тейяр де Шарден әлемнің эволюциясы туралы ойлары. Неотомизмнің орталық мәселесі ─ Құдай. Діни ілімде құдай мәңгі және шексіз, діни философияның міндеті осы тұрақты ақиқатты ашу. Бірақ ХІХ-ХХ ғасырда адамдардың өмір сүру жағдайлары өзгеріп, олардың түсінігі ғылыми білімдерге сүйене бастады, осыған байланысты діни философияның міндеті күрделенеді. Діннің негізі болып келетін догматтарға сенуді сақтау мен оларды жаңаша түсіндірудің қажеттігі арасында қайшылықтар көбейіп, діни идеология тиянақсыз күйге түсті. Неотомизмнің басты мәселесі - адам, оның өзінің «Менін» іздеп, қайталанбайтын рухын өзгертуге, жаңартуға ұмтылуы. Олар адам мәселесін этикамен байланыстырады. Кейінгі кездерде діни философия адамдағы жақсылықтың мәнін түсіндіруге белсенді күресуде. Олар адамзаттық құндылықтарды қорғайды: ядролық қаруға қарсылық білдіреді, экологиялық мәселелерді шешу мәселесін көтереді. Неотомизм ғылымды жоққа шығармайды, бірақ ғылым өзінің даму барысында адамзатқа тигізіп отырған зияндығын сынайды. Осыған орай католицизмнің кейбір батыс Еуропа елдеріндегі және Латын Америкасындағы ықпалының күштілігі, Ватиканның материалдық қаражат мүмкіндігі, зор байлығының болуын сақтап отыр. Персонализм (лат. Perona - тұлға ) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан - жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.. |