Главная страница

Бұрғылау және тампондау сұйықтары УМК. азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі . И. Стбаев атындаы аза лтты техникалы университеті


Скачать 2.8 Mb.
Названиеазастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі . И. Стбаев атындаы аза лтты техникалы университеті
АнкорБұрғылау және тампондау сұйықтары УМК.doc
Дата17.10.2017
Размер2.8 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаБұрғылау және тампондау сұйықтары УМК.doc
ТипДокументы
#9459
страница10 из 10
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.6 Өзін бақылау үшін тестік тапсырмалар
1.Ұңғыларды жуудың неше әдісі бар?

А. 2

В. 1

С. 5

Д. 4

Е. 3

2.Химиялық реагенттер ретінде не қолданамыз.

А. коллоидтық қоспалар

В. реагенттер

С. электролиттер және коллоидтар

Д. химиялық ертінділер

Е. электролидтер

3.Электролиттер қатарына қандай химиялық реагенттер жатады?

А.каустикалық сода

В.ас тұзы

С.этил спирті

Д.сілтілі қышқыл

Е.қышқылдар

4.Коллоидтар қатарына қандай химиялық реагентер жатады?

А.каустикалық сода

В.ас тұзы

С.этил спирті

Д.сілтілі қышқыл

Е.көмір сілті, шымтезек

5.Жуу сұйығының негізгі параметрлері?

А. балшық ертінділері

В. саз балшық

С. су бергіштік

Д. тұтқырлық , тығыздық , ЫСК

Е. кернеу

6.Тампондық қоспаларды дайындауға қажетті материалдар.

А. цемент

В. құм

С. гипс,әк, цемент

Д. саз,балшық

Е. балшық ертінділері

7.Тығыздықты қандай аспаппен өлшейміз.

А. ареометр

В. вискозиметр

С. танометр

Д. ГИВ-6

Е. барометр

8.Жуу сұйқтарын табиғи тазарту не жатады. науа жүйесі мен тұндырғыштар.

А. ықтиярсыз тазарту

В. механикалық тазарту

С. гидравликалық тазарту

Д. науа жүйесі мен тұндырғыштар

Е. газ арқылы тазарту


9.Жуу сұйығының тұрақты гидростатистикалық қысым мөлшерін мына формуламен анықтауға болады:

А. Р = RH

B. P = rgh

C. P = hpr

Д. P = mgr

E. P = mgh

10.Құм мөлшерін қандай аспаппен өлшейміз.

А. АГ-ЗПП

В. АБР-1

С. СНС-2

Д. ВМ-6

Е. ОМ - 2

11.Газдардан тазалаудың түрлері:

А.тура және кері

В. химиялық реагент және ілеспе газ

С. табиғи, механикалық, физика-химиялық және құрастырылған.

Д. жергілікті тазарту әдісі

Е. гидравликалық , механикалық







12.Фрезерлі-ағынды диірмен не үшін қолданылады?

А. жуу сұйықтарын ұңғыға айдау үшін

В. балшық ертінділерінің қоспасын тазарту үшін

С. ертінділерді қоспалардан тазарту үшін

Д. жуу сұйықтарын дайындау үшін

Е. жуу сұйықтарын өңдеу үшін

13.Ығысудың статикалық кернеуін қандай аспаппен өлшейміз?

А. ВМ-6

В. СНС-2

С. АГ-ЗПП

Д. ОМ - 2

Е. АБР-1

14.Гидроциклон не үшін керек?

А. ұңғыны жуу үшін

В. ұңғыда қысымды ұстау үшін

С. жуу сұйығын тазарту үшін

Д. жуу сұйығын ұңғыға айдау үшін

Е. жуу сұйғын дайындау үшін

15. Жуу сұйығын бұрғылау ұнтағынан тазалау тәсілдерін топтастыруға болады.

А.табиғи тазарту - науа жүйесі мен тұндырғыштар. Ықтиярсыз тазарту:

В.жергілікті тазарту.

С.механикалық - елеуіштердің көмегімен;

Д.гидравликалық елеуіштердің көмегімен;

Е.физика - химиялық яғни флокулянттар мен сұйытқыш ерітінділерді пайдалану.

16.Балшық ертінділерін дайындау үшін арнайы құрылғылар керек олар:

А. механикалық және гидравликалық балшық араластырғыштар қолданылады.

В.фрезерлі ағынды диірмен

С. гидроциклон

Д. ареометр

Е.СНС-2

17. Жуу сұйығының тығыздығы деп нені аамыз.

А.сұйықтың газға қатынасы

В.массаның ауағу қатынасы

С. жуу сұйығы көлемінің газға қатынасы

Д. ккөлемнің массаға қатынасы

Е. жуу сұйығының көлем бірлігінің массасын айтады.


18.Бұрғылау сұйықтарының жұтылуы, оларды болдырмау және де жою үшін не қолданамыз.

А.цемент

В. саз балшықтвр

С. тампондық материалдар

Д. химиялық реагенттер

Е. бентонит

19.Бұрғылау сұйықтарының жұтылу себептері.

А. қатты қысымның әсерінен

В. кеуектілігі жоғары тау жыныстарының әсерінен

С. тығыздықтың әсерінен

Д. құм мөлшерінің аздығының әсерінен

Е. дұрыс жауап жоқ


20.Су мен ауаның қосындысынан пайда болады.

А. полимерлі ертінділер

В. балшық ертінділер

С көпіршіктер

Д. аэрацияланған ертінділер

Е. газ тәрізді ертінділер

2.6. Емтихан сұрақтары


  1. Бұрғылау сұйықтарының (БС) түрлері (жіктелуі)?

  2. БС атқаратын міндеттері?

  3. Сазбалшық ерітінділерінің негізгі қасиеттері қандай?

  4. Жуу сұйықтарын дайындау үшін қолданылатын сазбалшықтың түрлері?

  5. Ұңғыларды жуу әдістері? Мұнай және газға бұрғылағанда ең көп қолданылатын әдіс?

  6. Бұрғылау сұйықтары қай жүйеге жатады және оны қалай анықтауға болады?

  7. Көмірсутекті бұрғылау сұйықтарының түрлері және оларды қандай жағдайда қолдануға болады?

  8. Полимерлі бұрғылау сұйықтары?

  9. Сакропельді және торфты бұрғылау сұйықтары. Артықшылық және кемшіліктері?

  10. Экологиялық таза бұрғылау сұйықтарын атап өтіңіз?

  11. Бұрғылау сұйығының дисперстігі қандай өлшеммен өлшенеді?

  12. Электролиттер қатарына қандай химиялық реагенттер жатады?

  13. Коллоидтар қатарына қандай химиялық реагентер жатады?

  14. Коагуляцияны қалай болдырмауға болады?

  15. Жуу агенттері тау жынысын талқандауға әсер етеме? Әсері қалай?

  16. Жуу сұйықтарының рН өлшемі дегеніміз не және оны қалай анықтайды?

  17. Бұрғылау сұйығының су бергіштігі қандай аспаппен анықталады және су бергіштік бұрғылауға қандай әсері бар?

  18. Балшық ерітіндісінің балшық қабыршығының қалыңдығы қандай болу қажет, оны қалай анықтайды?

  19. Саз балшықтар өндіріске қандай түрде әкелінеді?

  20. Балшық ерітінділерін дайындау үшін қандай балшықтар пайдаланылады?

  21. ССБ және КССБ не үшін қолданылады? Олардың қасиеттрі?

  22. Гипанды қандай жағдайда қолдану қажет және не үшін?

  23. Битумдарды қандай жағдайда бұрғылау сұйықтарына қосуға болады?

  24. Газды жуу агенті ретінде қолдану жағдайлары қандай?

  25. Мұнайды жуу агенті ретінде қалдануға болама, қандай жағдайларда?

  26. Ұңғы дегеніміз не? Ұңғының элементтері?

  27. Ұңғылардың топтастырылуы?

  28. Жуу агенті ретінде көпіршіктер қандай жағдайда қолданылады? ҚР көпіршіктер қолданылама?

  29. Аэрацияланған жуу агентін қандай жағдайда қолданады?

  30. Жатық екі білікті жуу сұйығын дайындайтын араластырғыштар қандай жағдайда қолданылады?

  31. Гидравликалық балшық араластырғыштардың қандай ерекшеліктері мен артықшылықтары бар?

  32. Қалыпты жағдайда балшық ерітіндісінің параметрлері қандай балуы қажет?

  33. Жуу сұйығының құм мөлшерін қалай және қандай аспаппен анықтайды?

  34. Каустикалық пен кальцийлендірілген соданы не үшін қолданады?

  35. Көмірлі және шымтезекті сілті реагенттерді қолдану жағдайлары?

  36. Ұңғыны ауамен тазарту үшін қандай қондырғылар қолданылады?

  37. Жуу сұйықтарының физика-химиялық әдіспен тазартудың негізі неде?

  38. Бұрғылау сұйықтарын газдан тазартудың қандай әдістері бар?

  39. Шет елдерде қандай химиялық реагенттер кеңінен қолданылады?

  40. Бұрғылау сұйығының қоймасын (зумфты) жою әдістері?

  41. Бұрғылау сұйықтарын табиғи тазарту?

  42. БС ықтиярсыз тазарту үшін қолданылатын құрылғылар. Гидроциклон.

  43. БС екі қайта өңдеу неге қажет?

  44. Ингибирленген сұйықтарыдың түрлері және оларды қолдану аймақтары?

  45. Гипсті, әкті және сапропелдерді қандай жағдайларда қолданады?

  46. БС ауырлату үшін қандай реагенттер қолданылады?

  47. Беттік әсерлі заттардың түрлері және оларды не үшін қолданады?

  48. Фрезерлі-ағынды диірмен не үшін қолданылады?

  49. БС аэрациялау әдістерінің түрлері?

  50. Аэрацияланған БС қандай жағдайда қолданады?

  51. БС газдан тазарту және оны ең шегіне дейін тазартуға қандай факторлар әсер етеді?

  52. БС деп қандай сұйықтарды атайды?

  53. Бұрғылау агенттеріне нелер жатады?

  54. Негізгі органикалық тампондық сұйықтарға нелер жатады?

  55. Негізгі органикалық тампондық қоспалар мен сұйықтықтар?

  56. Мұнай қандай сұйықтар жүйеге жатады және БС неге, қандай жағдайда қолданылады?

  57. Коагуляция және пептизация дегеніміз не? Қалай коагуляцияны болдырмауға болады?

  58. БС тығыздығы дегеніміз не, оны қандай аспаппен және формуламен анықтауға болады?

  59. БС тұтылған жағдай қандай жуу агенттерін қолданады және неге?

  60. Тұзды ерітінділерді дайындауға болатын тұздардың түрлері? ҚР олар қай жерде қолданады?

  61. «Бентонит» деген термин қайдан шыққан және бентонитті БС дайындау үшін қандай сазбалшықтар (минералдары) қолданылады?

  62. Тампондық сұйықтар және қоспалардың (ТСжҚ) түрлері (жіктелуі)?

  63. Қосынды ТСжҚ құрамы қандай?

  64. ТСжҚ қойылатын негізгі талаптар қандай?

  65. Ұңғыларды тампондаудың негізгі мақсаты?

  66. Ұңғыларды БС жоғалып кету себептері неде?

  67. Геологиялық себептердің (факторлар) түрлері?

  68. Технологиялық факторлар?

  69. Полимерлер цементтің түрлері және қолдану аймақтары?

  70. ТСжҚ қосылатын толтырғыштардың түрлері қандай?

  71. Ауырлатылған және жеңілдетілген цементтер, оларды қолдану аймақтары?

  72. ТСжҚ ұңғыдағы БС жұтылатын аймаққа қалай жеткізуге болады?

  73. Мұнай мен газ ұңғыларын бұрғылауда ТСжҚ қандай әдістермен жеткізеді?

  74. Мұнай мен газға бұрғылағанда қандай тампондық құрылғылар қолданады?

  75. Тампондық снарядтар мен құрылғылардың жіктелуі, оның себептері?

  76. Терең емес ұңғыларға ТСжҚ жеткізу үшін қандай әдістер және снарядтар пайдаланады?

  77. Тез қататын ТСжҚ ұңғыдағы жуу сұйығы жоғалатын жерге жеткізу үшін қандай құрылғыларды қолдануға болады?

  78. ТСжҚ қалай дайындауға болады?

  79. Ұңғыларды цементтеуге арналған цементтеу агрегаттарының қандай түрлері бар?

  80. Өздігінен қататын сазбалшық ертінділердің құрамы және оларды қандай жағдайда қолданады?

  81. Латекс-сазбалшық сұйықтарын қолданатын жағдайлар?

  82. ТСжҚ дайындағанда қандай еңбек қорғау шараларын сақтау қажет?

  83. БС пайдаланғандағы еңбек қорғау шаралары қандай?

  84. ТСжҚ пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау шаралары?

  85. Ұңғыларды бұрғылап болған соң БС оларды қандай жағдайда екінші рет пайдалануға болады?

  86. Ұңғыларды бұрғылау кезінде қоршаған ортаны қорғау шаралары?

  87. Тампондық тастардың қандай физика-механикалық қасиеттерін қалай және қандай аспаптармен анықтайды?

  88. ТСжҚ қату мезгілін қалай азайтуға немесе тездетуге болады?

  89. «Салқын» және «Ыстық» ұңғылар деген не? Оларды тампондау үшін қандау ТСжҚ қолданылады?

  90. Техника-экономикалық жағынан қарағанда ТСжҚ және БС ең тиімділерін келтіріңіз?


2.7. Глоссарий
1. Геология - Жер туралы ғылым, грекше "Гео " - Жер, ал "логос " - ғылым.

2. Атмосфера - Жердің ауа қабаты.

3. Биосфера - Жердің тіршілік қабаты.

4. Гидросфера - Жердің су қабаты.

5. Жер қыртысың - литосферанын беткі бөлігін құрайтын, төменгі жапсары Мохоровичич денгейімен шектелген (орташа 33 км) Жер шарының ең үстіңгі қабаты.

6. Конрад жазықтығы - гранитті және базальтты қабаттардың аралығында, тек қана материктерде кездесетін сеисмикалық шекара (немесе қысқаша К-денгейі).

7. Мантия - қалыңдығы жер қыртысының табаны (бұл денгей Мохоровичич деңгейі деп аталады) мен 2900 км тереңдікте орналасқан Жер ядросы аралығы.

8. Астеносфера - Мантия қабаттарын кұрайтын заттардың балқығын күйде болатын аймақтары.

9. Литосфера - астеносферадан жоғары аймақ, Жер қыртысын қоса есептегенде литосфераны құрайды.

10. Минералдар - әр түрлі элементтердің химиялық қосындыларынан түзілген, физикалык қасиеттері мен химиялық құрамы тұракты табиғи қосындылар.

11. Магмагрекше "магма " - қамыр, қоймалжың, ал құрамы күрделі силикаттардан тұрады.

12. Метаморфизм - грекше "метаморфозис" - өзгеру.

13. Шөгінді таужыныстар - бұрын пайда болған таужыныстарының үгіліп ыдырыған қалдықтарынан құралған таужыныстары.

14. Пайдалы қазбалар - бір минералдан немесе бірнеше минералдардың агрегатгары жиынтығынан тұратын металдық, бейметалдық кен көздері.

15. Геологиялық процестер - Жердің ішкі қойнауында және бетінде үздіксіз жүріп жатқаи, әрі Жердің ішкі құрылысына, кұрамына, оньщ рельеф пішіндеріне тікелей әсер ететін процестер немесе әрекеттер.

16. Магматизм - жердің ішкі геосфераларында өтетін күрделі эндогендік геологиялық процесс және жер қыртысының калыптасуында алатын ролі орасан зор.

17. Судың минералдылығы- судың құрамындағы барлық минералды заттардың қосындысы.

18. Сутектік көрсеткіш (рН) - теріс таңбамеи алынған, судағы сутегі ионы шоғырынының ондық логарифмі рН=-lg (Н+).

19. Судың кермектігі –ондағы Са++ мен Mg иондарының қосындысы.

20. Сулы горизонт - қалыптасу жағдайлары бірдей және олардағы судың бірдей қозғалысымен сипатталатын бір немесе бірнеше сулы қабаттар.

21. Сулы кешен - гидравликалык арақатынастағы, өткізгіштігі әлсіз, қалыптасу жағдайы бірдей бірнеше сулы қабаттар.

22. Су айналымы - жердегі су ауысуынын толассыз процесі.

23. Су қайтарымдылық - суға қаныққан тау жыныстарынын су денгейі немесе қысымының төмендеуінен суды қайтару қабілеті.

24. Суғақанығу (суды сіңіру) - судың денгейі немесе қысымының жоғарылауынан тау жыныстарының суды сіңіру қабілеті.

25. Шынайы ерітінділер - иондық күйдегі еріген заттар.

26. Ылғалдану дәрежесі -табиғи ылғалданудың толық ылғал сыйымдылыққа қатынасы.

27. ЬІлғалдылық коэффициенті - белгілі бір кезеңдегі жауын-шашын мөлшер мен булануының арасындағы қатынас.

28. Ылғалсыйымдылық – тау жыныстарының судың белгілі бір мөлшерін сіңіріп, өзінде ұстау қабілеті.

29. Фильтрция (сүзілу) коэффициенті -тау жыныстарыньщ су сіңіргіш қасиеттерінін көрсеткіші.

30. Түрпілік (абразивный) – Тау жыныстарын талқандауша аспаптарды, бұрғы құбырларын және басқаларды бұрғылау процестерінде жыныстардың қажап тоздыру қасиеті.

31. Абсолюттік (ақиқаттық) ылғал сыйымдылық – тау жыныстарының қуыстарын толық толтырғаннан кейін бос не байлаулы ылғалды сақтап қалу қасиеті. Судың массасының қатты тау жыныстарының массасына қатынасы арқылы процентті түрде айқындалады.

Алмаз қашау – алмаспен армировкаланған матрицасы тұрық пен қосылған кескіш типті қашау. Тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттеріне байланысты түрі мен дүмінің пішіндері әр түрлі алмас қашаулар қолданылады.

Анизотроптік – тау жыныстарының әртүрлі криссталлографиялық бағыттарында физика-механикалық қасиеттерінің бірдей болмауы.

32. Вертлюг – сальнигі – бұрғылау құбырларының тізбегін іліп, оған еркімен айналуға және ішімен жуу сұйығын немесе газ жіберуге мүмкіншілік тудыратын құрылғы.

33. Дірілдек елеуіш – дірілдету әсерімен жуу сұйықтарын тазалауға арналған құрылғы.

34. Вискозиметр – калибрленген тесігімен өлшегіш аумағы бар коронка тәрізді жуу сұйығының шартты тұтқырлығын анықтайтын прибор.

Сулы горизонт – қайтарып беру қабілеті бар кеуек немесе жарықшақ сулы тау жыныстарының жатқан жері.

35. Су беру – су мен шылыққан (қанған) тау жыныстарының салмақ күшінің әсерінен су беру қабілеті.

36. Жуу сұйығының су бергіштігі – қысым айырылымы бар кезде жуу сұйықтарының дисперсиялық ортадан сүзіліп өту мүмкіншілігін сипаттайтын параметр, белгілі бір уақыт аралығында, белгілі аумақтан фильтраттың көлемімен өлшенеді.

37. Сорғыш түтік – қабылдау қамбасының жуу бұлғынына жуу сұйығын тасымалдауға арналған иілгіш (қатты, оралымды) құбыр.

Герметикалық құрылғы - кері жуып немесе үрлей бұрғылағанда ұңғының аузын герматизациялауға қолданылатын құрылғы.

38. Ареометр – сұйықтардың тығыздығын анықтайтын қалқыма түрлі аспап, арнайы жасалған түрі жуу сұйықтарының тығыздығын анықтауға қолданылады.

39. Суды желпу - суды ауамен тазарту, ауаландыру.

40. Аэрацияланған (ауа қосқан) ерітінді – ауа көпіршігі бар түрлі құрамды жуу сұйығы. Механикалық немесе химиялық тәсілмен (көпіргіштердің көмегімен) жасайды. Сұйық бағанасының гидростатикалық қысымын азайту үшін қолданылады.

41. Ұңғыны бұрғылау – негізінде жер қыртысында ұңғы болатын операциялар комплексін орындау.

42. Жуу сұйықтарының жергілікті шыр айналысымен бұрғылау – бұрғылау снарядын әрлі-берлі қозғалту нәтижесінде, ұңғының забойға жақын бөлшегінде, шыр айналатын жуу сұйықтары арқылы, талқандағыш тау жыныстарының ұнтағы забойдан шлам құбырына көтерілетін колонкалы бұрғылау тәсілі.

43. Жуу бұлқынының қуаты – белгілі қысым бойынша, бір өлшем уақытында, жуу бұлқынымен белгілі мөлшерде сұйық беру керек, есептелген қуат.

44. Қабатты сұйықпен жару - пластық гидроүзіліс.

45. Гидроциклон – конус тәрізді құралдың ішінде жанама қозғалушы сұйық ағысының сыртқы тепкіш күшін пайдаланып, жуу сұықтарын тазартуға арналған құрылғы.

46. Ұңғыларды саздандыру.

Балшық ерітіндісі – құрамындағы балшық дисперсиялық фаза, ал су - дисперциялық орта болатын суспензиялы жуушы сұйық. Жоғары сапалы балшық ерітінділері өздерінің қасиеттеріне қарай коллоидты ерітінділерге жақындайды.

47. Балшық станциясы – балшықты ерітінділерді бір орталықта дайындауға арналған жабдықтардың және оның сапасын тексеріп отыратын приборлардың құрамы.

48. Жуу сұйығының қысымы – бұрғылау құбырлары арқылы ұңғыға жуу сұйығын жібергендегі статикалық қысым мен сипатталатын бұрғылау тәртібінің өлшемі.

49. Жуу бұлқынының қысымы – белгілі өнімділік беріп тұрған жуу бұлқынында пайда болатын жуу сұйығының қысымы.

50. Дисперсия ірімтіктік – бір заттың екіншісінің ішінде шашырап таралуы.

51.Дисперсность – Батырау, бөлшектену.

52. Ұңғының шламдануы – Ұңғыда өте көп мөлшерде үгілген тау жыныстарының жиналуы.

53. Каверналық – тау жыныстарында кездесетін (бұжыр) қуыс.

54. Коагуляциялық – жуу сұйығындағы дисперсия дәрежісінің және дисперсия системасындағы бөліктер санының азаю процесі. Коагуляция уақытында ерітінді ішіндегі коллоидты бөліктер бүрісіп, бір-біріне жабысып, ерітінді түбіне тұнады.

55. Балшық қабыршағының жабысқақтығы – үйкеліс коэффициентімен сипатталатын параметр. Бұл стандартты денені балшық қабыршағының бетімен қозғауға керекті күштің, сол дененің қабыршағына түсірген қысым қатынасына тең.

56. Механикалық балшық араластырғыш – балшықты ерітінділерді дайындағанда балшықтыы сумен механикалы түрде орналастыру үшін қолданылатын құрал.

57. Кері жуу – бұрғылау снаряды мен ұңғы қабырғасы аралығындағы сақиналы саңлау арқылы жуу сұйығы (газ) берілетін және бұрғылау снаряды арқылы сорылатын ұңғыны жуу (процесі).

58. Тұндырғыш – жуу сұйықтарын тұндырып тазалауға арналған тазалау жүйесінің бөлігі.

59. Тазалау жүйесі – қабылдау қамбасынан, тұндырғыштан және ағыс науасынан тұратын жуу сұйықтарын тазалауға және сақтауға арналған жүйе.

60. Жуу сұйықтарының параметрлері – жуу сұйығының белгілі қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Оған тығыздық, шартты тұтқырлық, ығысудың статикалық кернеуі, су бергіштік, сүзбе қабыршағының қалыңдығы, тұрақтылық, тұнбалық, рН, газ мөлшері, температура т.б. жатады.

61. Көбік жайғыш – көбіктендіргіш әрекетіне кері әсер етуші реагент.

62. Көбіктендіргіш – сұйық және газ фазасының аралық бетінде шоғырланған, беттік энергияны осы шекарада қатты төмендетуші реагент.

63. Пикнометр – шыныдан жасалған белгілі көлемді ыдыстан тұратын заттардың тығыздығын анықтайтын аспап.

Жуу сұйығының көлем бірлігінің массасын сипаттайтын және куб сантиметрдегі граммен сипатталған параметр г-см3.

64. Ұңғыны жуу немесе үрлеу – ұңғыны талқандалған тау жынысы ұнтағынан (шламнан) тазарту және талқандаушы аспаптарды салқындату процесі, сондай-ақ жуу ұңғының осал, берік емес қабырғаларын бекітуге, бұрғылау снарядтарының ұңғының қабырғасын үйкеліс күшін және қажауын азайтуға, кейбір ұңғының ішінде істейтін машиналар мен механизмдерді іске қосу үшін қолданылады.

65. Жуу сұйығы – ұңғыны жууға арналған түрлі құрамды сұйық.

66. Жуу алаңы (сектор) – алмасты және қатты қорытпалы коронкалардың, сол сияқты кейбір алмас қашаулардың жуу каналдарының екі аралығы.

67. Жуу бұлқыны – ұңғыға жуу сұйығын қысыммен беруге арналған машина.

68. Жуу сальнигі – айдағыш шлангасынан айналып тұрған бұрғылау құбырының колоннасына жуу сұйығын немесе газды жіберуді қамтамасыз ететін жабдық.

69. Ерітінді – бұрғылау сұйықтарын кейде ертінді деп те атайды.

70. Мұнай негізгі ерітінділер - құрамындағы мұнай және оның туындылары, дисперсиялық орта болатын, ал диспесиялық фаза тотықталған битумнан тұратын суспензиялы сұйық.

71. Ерігіштік - Жуу сұйығының мөлшері белгілі бір уақыт ішінде берілетін жуу сұйығының мөлшерімен анықталатын бұрғылау тәртібінің мөлшері, л/мин.

72. Реагенттер – жуу сұйығының (газдың) параметрлерін реттеу мақсатымен оны өңдеуге арналған химиялық заттар.

73. Силикатты – тұзды балшық ерітіндісі – орнықсыз опырылып құлайтын сланец жұмыстарын бұрғылағанда және тұзды су ағыны бар жағдайда қолданылатын силикатты натрий (сұйық шығын) және хлорлы натриймен өңделген балшық ерітіндісі.

74. Қоспалауыш – реагенттерді араластыруға және оларды жуу сұйығының ағысына қосуға керекті құрал, жер бетіндік және забойлық қоспалаушы түрлеріне бөлінеді.

75. Газ мөлшері – жуу сұйығындағы табиғи газ мөлшерінің қанша екенін сипаттайтын параметр, процентпен көрсетіледі.

76. Құм мөлшері – жуу сұйығындағы құмның, дисперсияланбаған балшық бөлшектерінің және талқандалған тау жыныстарынының ұнтақтарының мөлшерін сипаттайтын параметр, процентпен өлшенеді.

77. Жуу сұйығының тұздылығы – жуу сұйғының сүзбесіндегі ерітілген тұздардың концентрациясының мөлшері – мг/л.

78. Тампондау- (лат.медициналық сөз, тампон-затычка раны)-ұңғылардың қабырғасында кездесетін жарықшақтарды, кеуектерді, қуыстарды және т.б. тығындау.

79. Тампондық сұйықтар (ТС) – органикалық немесе органикалық емес заттардың судағы, я болмаса басқа сұйықтардағы ерітіндісі.

80. Тампондық қоспалар (ТҚ) – цементпен сазбалшықтың қоспаларының аздаған судағы қоспасы. ТҚ-ы бұлқындарымен ұңғыға айдауға (жеткізуге) болмайды.

81. Тампондық снарядтар мен құрылғылар – ТҚ ұңғы ішіне жеткізетін (апаратын) аспаптар.

82. Бұрғылау сұйығын жоғалуы – жуу агенттерінің ұңғы қабырғасындағы жарықшақтарға, кеуектерге немесе қуыстарға еніп жоқ болуы (жоғалуы).

83. Полимерлі тампондық қоспалар – синтетикалық смолалардан тұратын қоспалар.

84. Полимерцементті қоспалар –синтетикалық смола мен цементтен тұратын тампондық материалдар.

85. Әк сұйықтары – цементтің тез қатуы үшін (әк қосылған) қолданылатын сұйықтар.

86. Цементті сұйықтардың қатуы – цементті тампондық сұйықтың қату мезгілі. Қату мезгілі – «алдыңғы» және «соңы» болып бөлінеді.

87. Толтырғыштар – тампондық сұйықтармен қоспаларға қосылатын заттар. Оларға – құм, сазбалшық, ағаштар ұнтағы (опилка) және т.б. жатады.

88. «Салқын» ұңғылар – ұңғыдағы температура 700С аспайды.

89. «Ыссы» ұңғылар - ұңғыдағы температура 700С асқандағы жағдай.

90. Тампондық сұйықтардың аққыштығы – сұйықтардың дайын кезіндегі ағылу шамасы, оның мөлшерін АзНИИ конусы аспабымен анықтайды.

МАЗМҰНЫ


  1. Пәннің оқу бағдарламасы (SYLLABUS) ..................................................................................3

    1. Тапсырмалардың тізімі мен түрлері

және оларды орындау кестесі................................................................................................4

    1. Оқу-әдістемелік жадығаттар.................................................................................................5

    2. Білімді бақылау және бағалау...............................................................................................6

    3. Пәннің саясаты мен процедурасы........................................................................................9

  1. Негізгі таратылатын материалдар тізімі...................................................................................9

2.1. Курстық тақырыптың жоспары..........................................................................................9

2.2. Дәрістік сабақ конспектілері..............................................................................................11

2.3. Зертханалық жұмыс жоспары............................................................................................60

2.4. СОӨЖ жоспары..................................................................................................................62

2.5. СӨЖ жоспары.....................................................................................................................64

2.6. Емтихан сұрақтары...........................................................................................................66

2.7. Глоссарий.............................................................................................................................68

СП ОӘК ҰБТ және Т кафедрасының

мәжілісінде талқылынған

2006ж. «____»__________№__ хаттамасы
СП ОӘК Геологиялық барлау институтының

Ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып,

мақұлданған

2006ж. «____»__________№__ хаттамасы

050708 «Мұнайгаз ісі» («Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау») мамандығына арналған

«Бұрғылау және тампондау сұйықтары» пәні бойынша

оқу-Әдістемелік кешен

Таңатаров Төлеужан


Басуға __.__.2006ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітап-журнал қағазы. Көлемі __,__ес.-б.т. Таралымы __ дана. Тапсырыс №___.


Қ.И.Сәтбаев атындағы баспа типографиясында басылған

Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


написать администратору сайта