Главная страница
Навигация по странице:

  • СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК

  • 1 ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS 1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер

  • 1.2 Пән туралы мәліметтер: Пән атауы «Бұрғылау және тампондау сұйықтары»Кредит саны - 3Өткізу орны 701 МҒ1-кестеОқу жоспарының көшірмесі

  • 1.3. Алдыңғы реквизиттер

  • 1.5. Пәннің қысқаша мазмұны 1.5.1. Пәннің мақсаты

  • Тампондау сұйықтары бөлімінде

  • 1.6. Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі

  • 1.8. Білімді бақылау және бағалау

  • Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу

  • Студенттердің білімдерін бағалау

  • Модульдер мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі 1-ші Модуль бойынша бақылауға арналған сұрақтар

  • 2-ші Модуль бойынша бақылауға арналған сұрақтар

  • Аралық бақылауға арналған сұрақтар.

  • Бұрғылау және тампондау сұйықтары УМК. азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі . И. Стбаев атындаы аза лтты техникалы университеті


    Скачать 2.8 Mb.
    Названиеазастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі . И. Стбаев атындаы аза лтты техникалы университеті
    АнкорБұрғылау және тампондау сұйықтары УМК.doc
    Дата17.10.2017
    Размер2.8 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаБұрғылау және тампондау сұйықтары УМК.doc
    ТипДокументы
    #9459
    страница1 из 10
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

    Геологиялық барлау институты

    «Ұңғыларды бұрғылау технологиясы және техника» кафедрасы


    СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК

    ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


    «Бұрғылау және тампондау сұйықтары» пәні бойынша 050708 «Мұнайгаз ісі»мамандығы үшін

    Алматы 2006
    Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 050708 «Мұнайгаз ісі» мамандығы үшін «Бұрғылау және тампондау сұйықтары» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін профессор Таңатаров Т. жасаған.
    Құрастырған Таңатаров Т.Т. – т.ғ.к., Халықаралық академиясының мүше корреспонденті, ҰБТжәнеТ кафедрасының профессоры. Алматы: ҚазҰТУ, 2006.


    Аңдатпа

    «Бұрғылау және тампондау сұйықтары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ҚР МЖБС-ның мазмұнында, кәсіби сипаттамасына, мамандықтың типтік және жұмыс жоспарына, дайындау бағытына байланысты орындалған және оқылатын пәннің негізгі мазмұнын береді.

    Студенттің оқу-әдістемелік кешені білім алу мақсатында қойылған жетістіктер мен курстың мақсаттарын, оларды оқу барысында бұрғылау және тампондау сұйықтарының түрлері мен олардың қолдану аймақтарын нақтылап түсіндіруге және игеруге арналған. Студенттердің таңдап алған инженер-бұрғышы мамандығын меңгеру үшін білімі мен біліктілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

    © Қ.И.Сәтбаев атындағы

    Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2006


    1 ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
    1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

    Сабақ жүргізетін оқытушы Таңатаров Төлеужан Таңатарұлы

    Байланыс түрі: 92-99-97 қосымша 3-72

    Кафедрада болатын орны мен уақыты 701 МҒ
    1.2 Пән туралы мәліметтер:

    Пән атауы «Бұрғылау және тампондау сұйықтары»

    Кредит саны - 3

    Өткізу орны 701 МҒ
    1-кесте

    Оқу жоспарының көшірмесі


    Курс

    Семестр

    Кредит

    тер

    1 аптадағы академиялық сағаттар

    Дәрістер

    1 аптадағы академиялық сағаттар

    Зертханалық сабақтар


    Тәжіри

    белік/

    семин. сабақт.

    СӨЖ*

    СОӨЖ*

    Барлығы,

    1 аптадағы академ. Сағаттар

    Бақылау түрі

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    3

    5

    2

    2

    1

    -

    3

    3

    9

    Емтихан (ауызша)



    1.3. Алдыңғы реквизиттер: химия, жалпы мұнай геологиясы, жалпы гидрогеология.
    1.4. Соңғы реквизиттер: ұңғыларды бұрғылау, ұңғыларды мұнай мен газға және жер асты суларына бұрғылау технологиясы мен техникасы, ұңғыларды шиеленісті жағдайларда бұрғылау, ұңғыларды аяқтау.
    1.5. Пәннің қысқаша мазмұны
    1.5.1. Пәннің мақсаты:

    «Бұрғылау және тампондау сұйықтары» пәнді оқытудың негізгі мақсаты «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығында оқитын студенттерді ұңғыларды жуу әдістерімен, бұрғылау және тампондау сұйықтарымен жете таныстыру.

    Пәннің бұрғылау сұйықтары (жуу агенттері) бөлімінде оқып үйренетін, талданып игеретін тақырыптар:

    - ұңғыларды жуу әдістерімен таныстыру және олардың қолданатын аймақтарын оқып білу;

    - бұрғылау сұйықтарының түрлерін анықтап, оларды қолданатын жағдайлар жайлы толық мәліметтер алып игеру;

    - бұрғылау сұйықтарының негізгі қасиеттерін (параметрлерін) анықтауды жете меңгеру;

    - жуу агенттерін өңдеу тәсілдері туралы негізгі түсініктерді алу және тәжірибелік жұмыстар арқылы меңгеру;

    - бұрғылау сұйықтарын тазарту және дайындау әдістерімен таныса отырып, қолданылатын техникалық жабдықтарымен технологиясын оқып, болашақ маман ретінде толық меңгеру;

    Тампондау сұйықтары бөлімінде студенттерді ұңғыларды тампондаудың негізі мақсаттарымен, олардың түрлері және қолдану аймақтарымен таныстыру. Сонымен қатар тампондық материалдардың түрлерімен, олардың негізгі қасиеттерін (параметрлерін) анықтау және қатаюын реттеу тәсілдерімен таныстыру.

    Бұл бөлім «Ұңғыларды аяқтау» пәнін оқығанда өз жалғасын табады.
    1. 5.2. Пәннің міндеті.

    Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер – болашақ маман ретінде мұнай және газ ұңғыларын жуу және тампондау, ұңғыларды бұрғылау және аяқтау барысындағы бұрғылау және тампондық сұйықтарының ролі, құрамы, қасиеттері, қолдану аймақтары, олардың қасиеттерін реттеу тәсілдері туралы толық танысып, үйреніп білім алуы тиіс.

    Пәнді толықтай өткеннен кейін студенттер ұңғыларды жуу және тампондау технологиясының ерекшеліктерін, бұрғылау және тампондық сұйықтарының қасиеттерін анықтау, реттеу тәсілдерін меңгерулері тиіс. Тәжірибе жүзінде бұрғылау және тампондау сұйықтарының құрамын, оларды дайындау және реттеуге қажетті зерттеулерді жүргізе алуы қажет.
    1.6. Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:




    Бақылау түрі

    Жұмыс түрі

    Тақырыптар атауы (ұсынылатын әдебиеттер мен нақты беттері)

    Бал-дар (рейтингтік

    шкалаға сәйкес)

    Тапсы-ру уақыты

    (нешін-ші апта)

    Зертханалық жұмыстар


    1

    2

    3

    4

    5

    6

    1

    Ағымдық бақылау

    Зертха-

    налық жұмыс

    Бұрғылау (жуу) сұйықтарының негізгі қасиеттерін (параметрлерін) анықтайтын аспап-құралдарымен танысып, оқып үйрену. НӘ 1 [25-40], ҚӘ 2[17-19]

    5

    -

    2

    Ағымдық бақылау

    Зертха-налық жұмыс, ЕШ

    Сазбалшық ерітіндісінің негізгі сипаттамаларының тығыздығы, тұтқырлығы, ЫСК-і және су бергіштігін анықтау. НӘ 1 [34-62], ҚӘ2 [19-21]

    10

    2-3

    3

    Ағымдық бақылау

    Зертха-налық жұмыс,

    Жуу сұйығының балшық қабыршағының қалыңдығы, коллоидтығы, құм мөлшері, тәулік тұнбасы және тұрақтылығын анықтау. НӘ 1 [15-40], ҚӘ 2 [37-62]

    5

    4-5

    4

    Аралық бақылау

    Рефераттарды тапсыру және жұмыс-тарды қорғау

    Химиялық реагенттер –электролиттер, жоғары молекулалық қоспалардың (ВМС) сазбалшықтардың түрлеріне байланысты олардың негізгі қасиеттеріне әсерлерін анықтау. Қорғауыш коллоидтардың жуу сұйықтарын өңдегенде, оларға тигізетін әсерлерін анықтау. НӘ 1 [41-61], НӘ 2[85-100]

    10

    6

    5

    Ағымдық бақылау

    Зертха-налық жұмыс

    Тампондық материалдармен танысып, қолданылатын аймақтарын анықтау. НӘ 2 [192-213], ҚӘ 5 [4-6], [15-24]

    5

    9-10

    6

    Ағымдық бақылау

    Зертха-налық жұмыс, есеп шығару

    Тампондық сұйықтардың негізгі параметрлерін анықтайтын аспаптармен танысып, оқып үйрену. НӘ 2 [179-186], ҚӘ 5 [6-14]

    5

    11-12

    7

    Аралық бақылау

    Зертха-налық жұмыс

    Тампондық сұйықтардың технологиялық қасиеттерін анықтау. НӘ 2 [179-186], ҚӘ 5 [6-14], [25-37],

    10

    13

    8

    Қорытын-ды бақылау

    Зертха-налық жұмыс-ты қорғау

    Қатқан тампондық материалдардың физика-механикалық қасиеттерін анықтау. НӘ 2 [184-192], ҚӘ 13 [ ],

    10

    14-15







    Емти-хан







    40






    1. Тапсырмалардың түрі реттік нөмірі көрсетілген ағымдық және аралық бақылаудан тұрады. Бір аптаның ішінде екіден артық бақылау түрін өткізу жоспарланбайды.

    2. Жұмыстың түрлеріне: зертханалық жұмыстар, рефераттар, есептер, баяндамалар және т.б. жатады.

    3. Тақырыптарды жазғанда сөздерді қысқартуға болмайды.

    4. Төртінші бағанада әдебиеттің реттік нөмірі көрсетіліп, тік жақша ішінде беттің нөмірі көрсетілген.

    5. Бесінші бағанада балдар бүтін санмен берілген.

    6. Алтыншы бағанада тапсыру уақыты (жетілер) көрсетілген.
    1.7. ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖАДЫҒАТТАР
    1.1. Негізгі:

    1. Таңатаров Т.Т. Ұңғыларды жуу және жуу агенттері. Оқу құралы. Алматы: ҚазҰТУ, 2004, 74 б.

    2. Ивачев Л.М. Промывочное жидкости и тампонажные смеси. М.: Недра, 1987, 242 с.


    1.2. Қосымша:


    1. Таңатаров Т. Суға ұңғыларды бұрғылау. Оқулық. – Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1977, 371 бет.

    2. Таңатаров Т. и др. Буровые растворы. Лабораторный практикум. Часть 1- Алматы:КазНТУ, 1997, 40 с.

    3. Таңатаров Т., Лиманов Е. Барлама бұрғылаудан орысша-қазақша терминологиялық түсіндірме сөздік. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1994.

    4. Лиманов Е.Л., Билецкий М.Т., Таңатаров Т.Т. Расчет расхода и давления промывочной жидкости в скважине с применением ЭВМ ЕС-1022. Алма-Ата: КазПТИ, 1989 31 с.

    5. Танатаров Т. и др. Тампонажные материалы и смеси. Лабораторный практикум. Алматы, КОУ, 2005. 62с.

    6. Таңатаров Т.Т. Ұңғыларды жуу және жуу агенттері. Курстық жұмыс жасауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: ҚазҰТУ, 2006.

    7. Булатов А.И., Проселков Ю.М., Рябченко В.И. Технология промывки скважин. – М.: Недра, 1981.

    8. Кистер Э.Р. Химическая обработка буровых растворов. М.:Недра, 1972.

    9. Паус К.Ф. Буровые растворы. М:Недра, 1973

    10. Рязанов Я.А. Справочник по буровым растворам. М:Недра, 1979

    11. Резниченко И.Н. Приготовление, обработка и очистка буровых растворов. М: Недра, 1982

    12. . Булатов А.И., Данюшевский В.С. Тампонажные материалы. Учебник. –М.:Недра, 1987.

    13. Данюшевский В.С. и др. Справочное руководство по тампонажным материалам. –М.:Недра 6 19877

    14. Аманқұл Ә.С. Ұңғыларды аяқтау. Оқулық. –Алматы, 1997. Қосымша.

    15. .Булатов А.И., Новохатский Д.Ф. Тампонажные шлаковые цементы и растворы для цементирования глубоких скважин. М.Недра, 1975.

    16. Булатов А.И. Управление физико-химическими свойствами тампонажных систем. М.:недра, 1976

    17. Танатаров Т.Т. Способы и технические средства доставки тампонажных материалов. Учебное пособие. Алма-Ата, КазПТИ, 1987, 76стр.


    1.8. Білімді бақылау және бағалау

    Мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарына енгізілген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 балдық шкаламен бағаланады.

    Әрбір пәнге келесі бақылау түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау.

    Ағымдық бақылау түріне: бақылау жұмысы, реферат, семестрлік тапсырма, лабораториялық жұмыстарды орындау жатады. Қорытынды бақылау түріне байланысты бақылау түрлерінің балдық көрсеткіштері осы пән бойынша 1 кестедегі балдар қолданылады.

    1-кесте
    Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу




    Қорытынды бақылау түрі

    Бақылау түрлері

    Балы

    1

    Емтихан (ауызша)

    Емтихан

    40

    2




    Аралық бақылау

    20

    3




    Ағымдық бақылау

    40



    Ағымдық бақылаудың қорытындысын өткізу мерзімі пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесімен белгіленеді (2-кесте)

    «Бұрғылау және тампондау сұйықтары» пәні бойынша бақылаудың барлық түрлерін өткізу үшін күнтізбелік кесте (2-кесте).

    2-кесте


    Апталар

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

    Бақылау түрлері

    З ҚА

    З

    Р

    З

    ҚА

    З

    Р

    З

    ЕШ


    АБ

    З

    ҚА

    З

    Р

    З

    ЕШ

    З

    Р

    З ҚА

    З

    Р

    З

    АБ

    З

    Р ЕШ

    Қб

    ЕШ

    Балл

    2

    2

    3

    6

    6

    10

    3

    3

    2

    3

    3

    2

    10

    2

    3

    Бақылау түрлері:

    З – зертқаналық жұмыс; ҚА– бұрғылау және тампондау сұйықтарының қасиеттерін анықтау, Еш-есеп шығару, Қб- қортынды бақылау, Р – реферат; АБ – аралық бақылау.


    Студент жалпы ≥ 30 рейтинг балы есебімен қорытынды бақылауға жіберіледі. Қорытынды бақылауға ≥ 20 балл жинаған жағдайда ғана өткізіледі деп есептелінеді. Пәннің қорытынды бағасы шкала бойынша (3-кесте) анықталады.

    3-кесте

    Студенттердің білімдерін бағалау


    Баға

    Әріптік эквивалент

    Рейтингтік балл

    пайызбен (%)

    Балмен

    Өте жақсы

    А

    А-

    95-100

    90-94

    4

    3,67

    Жақсы

    В+

    В

    В-

    85-89

    80-84

    75-79

    3,33

    3,0

    2,67

    Қанағаттанарлық

    С+

    С

    С-

    D+

    D


    70-74

    65-69

    60-64

    55-59

    50-54

    2,33

    2,0

    1,67

    1,33

    1,0

    Қанағаттанарлықсыз

    Ғ

    0-49

    0



    Модульдер мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

    1-ші Модуль бойынша бақылауға арналған сұрақтар
    1.Бұрғылау ерітіндісі дегеніміз не?

    2. Бұрғылау сұйықтары қандай жүйеге жатады?

    3. Дисперстік деген не?

    4. Суспензиялар мен эмульсиялар қандай жүйеге жатады?

    5. Күкіртсутегісі бар сұйықтар қандай жағынан қауіпті?

    6. Қандай заттар беттік активті деп аталады?

    7. Коагуляция деп нені айтады?

    8. Пептизация дегеніміз не?

    9. Жуу әдістері неше түрге бөлінеді?

    10. Жуу сұйықтарының негізгі атқаратын міндеттері қандай?

    11. Тұтқырлық және шартты тұтқырлық деп нені айтады?

    12. Бұрғылау сұйығының тығыздығы деген не және оны қалай анықтайды?

    13. Жуу сұйығының су бергіштігі дегеніміз не?

    14. Қалыпты жағдайда фильтрациялық қабыршықтың қалыңдығы қандай болуы қажет?

    15. «Бентонит» деген термин қайдан шыққан?

    16. Тампондық сұйықтарға (ерітінділерге) қойылатын негізгі талаптар?

    17. Тампондық цементтердің қандай түрлері бар?

    18. Цементтердің құрамы қандай?

    19. Қандай полимерлер ұңғыларды тампондау үшін қолданылады?

    20. Сазбалшықтар қай жағдайда ұңғыларды тампондауға қолданылады?

    21. Бұрғылау сұйықтарының жоғалу себептері?

    22. Ұңғыларды тампондау түрлері?
    2-ші Модуль бойынша бақылауға арналған сұрақтар

    23. Толтырғыштар не үшін жуу сұйығына қосады?

    24. Химиялық реагенттер қандай қасиеттерімен топтастырылады?

    25. Жуу сұйығын ауырлату үшін қандай реагенттер қолданылады?

    26. Қаныққан тұзды ертінділер қандай жағдайларда қолданылады?

    27. Беттік әсерлі заттар не үшін қолданылады?

    28. Полимерлік ертінділер қандай жағдайларда қолданылады?

    29. Аэрацияланған жуу сұйығын қалай дайындайды?

    30. Суды жуу сұйығы ретінде қандай жағдайды қолдануға болады?

    31. Ауаны жуу агенттері ретінде қандай жағдайды қолдануға болады?

    32. Жуу сұйықтарын тазалаудың қандай әдістері бар?

    33. Жуу сұйықтарын ықтиярсыз тазарту әдісінің негізі неде?

    34. Табиғи тазарту әдісінің принципі неде?

    35. Жуу сұйығын дайындау үшін қандай әдістер мен құрылғылар (қондырғылар) қолданылады?

    36. Жуу сұйықтары мен химиялық реагентер қолданғанда қоршаған ортаны және еңбекті қорғау шаралары?

    37. Жуу сұйықтарын жетілдіру үшін қандай жұмыстар (ғылыми және өндірісте) жүргізу қажет?

    38. Гипс тасының негізгі өзіндік қасиеті қандай?

    39. Портландцементінің құрамындағы кремнем қандай қасиет береді?

    40. Тампондық цементтік тастың пайда болуына қандай процесс әсер етеді?

    41. Сазды цементтің құрамы қандай?

    42. Гельцементтер қандай жағдайда тампондық материал ретінде қолданылады?

    43. Полимерлерді тампондық цементтерге не үшін қолданылады?

    44. Тампондық материалдарды неге аэрациялайды?

    45. Тампондық материалдарды не үшін ауырлатады?
    Аралық бақылауға арналған сұрақтар.


    1. Жуу сұйығының дисперстігі қандай өлшеммен өлшенеді?

    2. Электролиттер қатарына қандай химиялық реагенттер жатады?

    3. Коллоидтар қатарына қандай химиялық реагентер жатады?

    4. Коагуляцияны қалай болдырмауға болады?

    5. Жуу агенттері тау жынысын талқандауға әсер етеме?

    6. Жуу сұйықтарының рН өлшемі дегеніміз не?

    7. Бұрғылау сұйығының су бергіштігі қандай аспаппен анықталады?

    8. Балшық ерітіндісінің балшық қабыршығының қалыңдығы қандай болу қажет?

    9. Саз балшықтар өндіріске қандай түрде әкелінеді?

    10. Балшық ерітінділерін дайындау үшін қандай балшықтар пайдаланылады?

    11. ССБ және КССБ не үшін қолданылады?

    12. Гипанды қандай жағдайда қолдану қажет?

    13. Битумдарды қандай жағдайда жуу сұйықтарына қосуға болады?

    14. Газды жуу агенті ретінде қолдану жағдайлары?

    15. Мұнайды жуу агенті ретінде қалдану жағдайлары?

    16. Ұңғы дегеніміз не? Ұңғының элементтері?

    17. Ұңғылардың топтастырылуы?

    18. Жуу агенті ретінде көпіршіктер қандай жағдайда қолданылады?

    19. Аэрацияланған жуу агентін қандай жағдайда қолданады?

    20. Жатық екі білікті жуу сұйығын дайындайтын араластырғыштар қандай жағдайда қолданылады?

    21. Гидравликалық балшық араластырғыштардың қандай ерекшеліктері мен артықшылықтары бар?

    22. Қалыпты жағдайда балшық ерітіндісінің параметрлері қандай балуы қажет?

    23. Жуу сұйығының құм мөлшерін қалай анықтайды?

    24. Каустикалық пен кальцийлендірілген соданы не үшін қолданады?

    25. Көмірлі және шымтезекті сілті реагенттерді қолдану жағдайлары?

    26. Ұңғыны ауамен тазарту үшін қандай қондырғылар қолданылады?

    27. Жуу сұйықтарының физика-химиялық әдіспен тазартудың негізі неде?

    28. Жуу агенттерін газдан тазартудың қандай әдістері бар?

    29. Шет елдерде қандай химиялық реагенттер кеңінен қолданылады?

    30. Жуу сұйығының қоймасын (зумфты) жою әдістері?

    31. Ұңғыларды тампондау дегеніміз не?

    32. Ұңғыларды тампондаудың қандай түрлері бар?

    33. Тампондық материалдарды қалай ұңғылар ішіне тасымалдайды?

    34. Цементтердің қандай түрлері бар?

    35. Жуу сұйығы қандай жағдайларда жоғалады?

    36. Ұңғы дегеніміз не және оның элементтері?

    37. Мұнай мен газ ұңғыларының конструкциясы?

    38. Мұнай және газға ұңғыларды бұрғылағанда қандай жуу әдістері қолданылады?

    39. Бұрғылау сұйықтарын қандай жағдайда ұңғыларды тампондау үшін қолданады?

    40. Ұңғыларды жуу сұйыға не себептен жоғалады?

    41. Тампондық портдландцементтің тығыздығы қандай?

    42. Тампондық ерітіндінің аққыштығы қандай аспаппен анықталады?

    43. Тампондық тастың қаттылығы қандай аспаппен анықталады?

    44. ВИК инесі не үшін қолданылады?

    45. Ыстық ұңғыларда қандай тампондық материалдар қолданылады?

    46. Суық ұңғыларды тампондайтын материалдардың қандай түрлері бар?




      1. Пәннің саясаты мен процедурасы




    1. Барлық студенттер дәрістер, лабораториялық және СОӨЖ қатысуға міндетті. Жіберілген сабақтарды өздігінен игеріп шығулары қажетті.

    2. Жоспар бойынша белгіленген СӨЖ және тәжірибелік жұмыстар ағымдық және аралық бақылауларға сәйкес тапсырылуы керек.

    3. Белгіленген уақытта тапсырылмаған жұмыстар үшін қорытынды балдар төмендетіліп отырылады.

    4. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауларды дәріс және зертханалық сабақ беретін мұғалімдер жүргізіп, олар рейтинг балдарын шығарыды.

    5. Емтихан ауызша жүргізіледі.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта