Бұрғылау және тампондау сұйықтары УМК. азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі . И. Стбаев атындаы аза лтты техникалы университеті
Скачать 2.8 Mb.
|
8-дәріс. Бұрғылау сұйықтарын өңдеу. Шет елдерде көп тараған химиялық реагенттердің түрлері . Бұрғылау ерітінділердің су негізінде жасалған жуу сұйықтары. Duratherm - су негізінде жоғары қабаттық температурада (260°С-ге дейін) және қысымда бұрғылауға арналған бұрғылау ерітіндісі. Кальций, натрий және көмір қышқылдар әсеріне тұрақты, осының нәтижесінде бентонит төменгі дәрежеге жетіп оның орнына полимер пайда болады. K-MAG - су негізіндегі бентониттік сланецтің ісінуін болдырмайтын бұрғылау ерітіндісі. Ингибрлеу үшін жүйеге калий бар өнімдер қосылады. Бұл жүйе тұщы, минералданған және тұзы көп суларда дайындалуы мүмкін. Poly-Plus - тұщы және тұзды су негізіндегі полимерлік бұрғылау ерітіндісі. Бұл жүйені қолданғанда жылжу жылдамдығы аз, тұтқырлығы төмен болғандықтан бұрғылаудың механикалық жылдамдығы өте жоғары болады. Су негізіндегі ерітінділер жүйесі үшін реагенттер мен материалдар. Ауырлатқыштар мен саз ұнтақтары Lo-Water - тығыздығы 2,8 г/см3 жоғары сапалы тазаланған арнайы ұнтақталған эк. Материал 43,3°С 15 % -тік тұз қышқылында толығымен (98%) ериді. Мұнай (1,4 г/см3 дейін) және су (1,6 г/см3 дейін) ерітінді тығыздығын арттыру үшін қолданылады. Қабаттың ластануын қышқылдармен өңдеу арқылы жойылуға болады. Салмағы 45,45 кг-нан қабатты қаптарға салынады. M-1 Bar - химиялық инертті, абразивтік емес ауырлатқыш. Американдық мұнай институтының (АНИ) техникалық талаптарына жауап береді. Бұл материал жуу сұйығының тығыздығын 2,6 г/смг-ке дейін арттыру үшін қолданады. Салмағы М-1 Bar 45,45 кг көп қабатты қаптармен өндіріске жіберіледі. FEP-ОХ - экологиялық зиянсыз тотықтанбайтын тығыздығы жоғары 5,0 г/см3 ауырлатқыш материал. Оны бариттің орнына барлық ерітінділерге араластырып қолдануға болады. 45,45 кг мөлшерімен қаптарға салынады. KWIK-think - тұтқырлығы 15 МПа-с, суға 1000 кг порошоктан 38,0 м3 бұрғылау ерітіндісі шығатын бентонитті суға қосқанда тұтқырлығы тез көтеріледі және бұрғылау үшін қажет ерітінділерді дайындауға, ерітіндінің суға бұрғылау кезінде кетіп қалуынан сақтауда қолданылады. Көп қабатты 22,7 кг массалық қаптарда сақталады. М-1 Jel - Вайоминг сортты бентониттік сазды ұнтақ. Бұрғылау сұйықтарын қоюлату, СНС мөлшерін реттеу және тұзды суда ерітіндінің су бергіштігін азайту үшін қолданылады. Алдын ала гидротациялаудан өткен минералданған ерітінділерде де қолданылуы мүмкін. Көп қабатты қағаз қаптарға 45,45 кг-нан сақталады. Сұйықтатқыштар мен диспергаторлар Causti lig - жуу сүйықтарының реологиялық қасиеттер мен су бергіштігін төмендету үшін, термотұрақтылықты жоғарылатуға, мұнайды эмульгациялауға, флокуляцияны төмендетуге және ерітінділердің басқа да сипаттамаларын тұрақтандыруға қолданылатын универсалды реагент. Өтімділігі аз жұқа және тегіс саздық қабыршақ алуға көмектеседі. Көп қабатты қағаз қаптарда салмағы 22,7 кг сақталады. К-17 - модификацияланған лигнин, олар диспергатор ретінде қолданылады. Калий ерітіндісіне реагентті қосу арқылы калий концентрациясын арттыруға болады. PHOS - тиімділігі жоғары полифосфат. рН мәні төмен ерітінділерін күйдіру үшін қолданылады. Реагент шығыны өте аз. PHOS Tannathin сұйықтатқыштармен бірге энергетикалық күшті әсер береді. Quebracho - күшті органикалық диспергатор. Ерітіндінің реологиялық қасиетін бақылау үшін және тығыз жұқа қабыршақ алу үшін қолданылады. Көбінесе коллоид ретінде және рН төмен ерітінділерде цемент ерітінділерінің ластануын жояды. SАРР - негізгі атқаратын міндеті бойынша PHOS-қа ұқсайды. Бұрғылау сұйықтарын цементпен ластанудан сақтайды. Spersene CF - хромсыз лигносульфонат. Экологиялық талаптар бойынша Spersene CF қолдануға болмайтын аудандарда судың негізіндегі ерітінділер диспергаторлары ретінде қолданылады. Spersene - химиялық модификацияланған лигносульфат. Дефлокулянт және су бергіштікті төмендетуші ретінде әрекет етеді. рН мәнінің диапазонында белсенді. Белгілі бір мөлшерде бұрғыланған жыныстарды ингибрациялайды. Tackle - арнайы концентрацияланған сұйық. Реагентті қалыпты және жоғары (250°С дейін) температураға қолдануға болады. Барлық су бергіш сұйықтатқыштар және төмендеткіштермен үйлесімді. Ыдыстарда салмағы 25 кг сұйық күйінде өндіріске жеткізіледі. Resinех - суда еритін термотұрақты синтетикалық смола. Жоғары температурада және ластаушы заттар бар болса, сүшгіштік және реологиялық қасиеттерді реттеуді қамтамасыз етеді. Tannathin - лигниттік сұйықтатқыш. Жоғары температурада сүзгі қайтымдылықты жақсы реттеуді қамтамасыз етеді. ХР-20 - үш валенттік химиялық модификацияланған хромлигнин, энергетикалық әсер беретін лигносульфонаттармен бірге қолданылады. Реагент сонымен бірге суға сезімтал сланецтерді тұрақтандырады. ХР-20 N - сұйықтатқыштар, сланецтер ингибиторы және сүзгі қайтымдылығын төмендетуші ретінде қолданылатын арнайы жасалған хромдық лигнин. Жоғары температурада сүзгілік және реологиялық қасиеттерді жақсы реттейді. Resinех 11 - қалыпты және жоғары температурада реологиялык қасиеттермен сүзгі қайтымдылығын реттеу үшін смола негізіндегі реагент. Melanex-Т — күшті дефлокулянт, натрий, калий, магний және темірдің көп болуы кезінде реологиялық қасиеттерін реттеуді қамтамасыз етеді. Әсіресе жоғары температурада өте тиімді реагент. Қоюлатқыштар, сүзгі қайтымдылығын төмендеткіштерфлокулянттар мен экстендерлер Р-101 - сазбалшык ерітінділерінің су бергіштік көрсеткішін төмендететін жоғары молекулалық полиакрилат. Құрамында қатты фазалар аз ерітінділерде тұтқырлықты төмендетуші ретінде қолданылады. Реагент 200°С дейін қызуға берікті. СМС - карбоксилметил целлюлоза. Үш түрде шығарылады: техникалық сорт; қалыпты тұтқырлық және жоғары тұтқырлықты. Негізгі қолдану мақсаты су бергіштікті төмендету және ауырлатқыш ретінде де қолданылады. Реагент бактериялық деградацияға ұшырамайды. Бұрғылау сұйығын дайындайтын судың минералдығы 5 % асып кетсе, реагенттің тиімділігі бірден төмендеп кетеді. ХСD - попогендік бактериядан жасалынатын полисахарагентік полимер. Реагенттің судағы қоспалары оның қоюлануына әкеледі. ХСВ негізінде ерітінділердегі ығысудың статикалық деңгейі жоғары болса, жуу сұйығының тұтқырлығын төмендетеді және керісінше ЫСД төмен кезде тұтқырлық жоғарылайды. ХСD хром иондарының әсеріне тұрақты реагент. РОLҮ-РАС - полианиондық целлюлозалы полимер. Сүзгі қайтарымдылығы тығыз және тұзы көп ерітінділердің тұтқырлығын реттеу үшін қолданылады. РОLҮ-РАС UL - молекулярлық салмағы жоғары аниондық, целлюлозалы полимер, тығыз және тұзы көп ерітінділерде жақсы ериді. POLY-SAL - химиялық өңделген полисахарид, тұзы көп ерітінділердің тұтқырлығын және су бергіштігін реттеу үшін пайдаланылады. Реагент ферментацияға ұшырамайды. MY-LO-JEL - алдын ала желатиндендірілген крахмал. Минералдандырылған және кальцийлендірілген қатты фазалары аз ерітінділердің сүзгіштігін бақылауға арналған. Реагент биологиялық деградацияланады, сондықтан оны қолданғанда кұрамына қосымша бактерицид енгізу қажет. Floxit- синтетикалық суда еритін полиэлектролит, мықты органикалык флокулянт негізінен суда бұрғылау кезінде бөлшектері тиімді. Реагенттің айырбастаушылары Select-Floc, Amoko Chemikal фирмасының және Rotary Drilling Services фирмасының МF - 1 болып табылады. POLY-PLAC - бұрғылау сұйықтарының тұтқырлығын және сланецтердің ингибирлік қасиеттерін реттеу үшін қолданылатын жоғары молекулярлық аниондық полимер. Thermpac UL - тұтқырлығы өте төмен жуу сұйықтарының сүзгілік қасиетін реттеу үшін қажет карбоксилметилдік реагент. Тығыз минералданған және тұзы көп ерітінділерде қолданылады. Айналымдылықты жоғарылатумен күресетін материалдар. Flake - химиялық қайта өңдеуге ұшыраған целлофан. Мұнай негізіндегі ерітінділерге қолдануға болмайды. Cedar-Fiber - су ерітіндісінде қолданатын майдаланған талшық. Diaseal М - ерітіндінің жоғалып кету аралығын бекіту үшін сүзілу -қайтымдылығы жоғары ерітінді ретінде пайдаланылады. Бұрғылау ерітіндісінің тығыздығын осы реагентпен қажетті мөлшерге дейін ауырлатуға болады. Kwik Seal - су негізіндегі ерітіндідегі қатты фазалардың бөлшектерімен (әртүрлі өлшемдерімен) дұрыс араласуы үшін қолданылатын материалдар. Өндірісте ұсақ, орташа және ірі болып шығарылады. МІСА - қайта өңделген слюда. Ұсақ және ірі болып екі түрде шығарылады. Өте ұсақталған слюда толығымен дірілдеуіш елек арқылы өткізіледі, сондықтан жуу ерітіндісінің кеуектік, ұсақ жарқыншақтық қабаттарға жұтылып кетпеуіне кедергі жасайтын алдын алуға арналған қосынды ретінде қолданылады. Nut Plug - майдалаған жаңғақ қабығы. Үш сортта шығарылады, оның өте ұсақталған түрі МІСА сияқты қосынды ретінде қолданылады. Роlsеаl - бөлшектердің мөлшері әртүрлі бірнеше заттардың қосындысы, олар су негізіндегі ерітінділерде қосылып кішігірім жарқыншақтарды толтыру үшін пайдаланылады. Ven Fiber - майдаланған туынды целлюлоза. Мұнай негізіндегі жуу сұйықтарына қоспа ретінде қолданылады. Мұнай негізіндегі ерітінділер және оларға өңдеуге арналған реагенттер мен материалдар Oil Faze - құрамында суы аз мұнай негізіндегі нағыз ерітінділердің жүйесі. Oil Faze жүйесі қышқыл газ электролиттер және минералданған сулармен байланысу негізінде алынған ерітінді. Vezsadrie - мұнай негізіндегі ерітінді жүйесі, оларды қолданып құрамында (қаныққан тұзы) көп инвертті жуу ерітінділерін эмульсияға айналдыру оңай. Мұндай ерітінділер қатты фаза өте көп бұрғылау ерітіндісімен ұңғы оқпанының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Versaclean - қоршаған ортаны ластайтын мұнай негізіндегі ерітіндінің ерекше жүйесі. Мұндай ерітінділер шөлейтті, жер асты сулары кездеспейтін жағдайларда, ұңғы қабырғасының орнықты болуы үшін қолданылады. Versamul - көбінесе ұңғыларды бұрғылап бастағанда және екінші ретті өңдеу (Versamul мен Versaclean жүйесі) үшін ұңғы оқпанын ылғалдандыратын агент. Сонымен қатар осы ерітінділердің реологиялык көрсеткіштерін тұрақтандырады. Versagel - мұнай негізіндегі ерітіндіні дайындау үшін қолданылатын органофильдік саз. VG-Gq - органикалық заттармен өңделген бентонит. Мұнай негізіндегі ерітінділердің ұстап қалу қасиетін төмендету және оларды қоюлату үшін қолданылады. Wersawet- жоғары активті зат, суландырушы агент. Қандай болмасын қатты фазаны мұнай негізіндегі суландырғыш ретінде пайдаланылады. Versa Swa - суландыратын агент, тұздардың жиналып қалуы аймағында пайдаланған тиімді. Versacoat -Vezsadrie, Versaclean және Оіl Faze стандартты жүйелері үшін көмекші эмульгатор. Салыстырмалы түрде олар жоғары мұнай негізіндегі ерітінділер үшін бастапқы эмульгатор. Versafhin - мұнай негізіндегі ерітінділер үшін сұйық диспергацияланған қоспа реагент. Мұнай су қатынасын өзгертпей немесе араластырмай ерітінділердің тұтқырлығын төмендетеді. Versalig - ерітіндінің сүзгі қайтымдылығын бақылау үшін қолданылатын алдын ала өңделген лигнин. Sе-11 - Vezsadrie, Versaclean және Оіl Faze ерітінділерінің тиімділігін арттыратын көмекші эмульгатор. Реагент эмульгатормен суландыратын агенттердің қосындыларынан жасалатын сұйық агент. DV-33 - баритпен ауырлатылған Vezsadrie, Versaclean және Оіl Faze жүйелерінде қолданылатын мұнайды ылғалдаушы агент. DEL - сүзгі қайтымдылыққа талабы төмендетілген мұнай негізіндегі ерітінділер үшін бастапқы эмульгатор және Vezsadrie, Versaclean және Оіl Faze стандартты жүйелері үшін екінші ретті эмульгатор DWA - ПАВ, Ғер-ОХ ауырлатқышы, барит немесе оның қоспалары ретінде қолданған кезінде мұнай негізіндегі ерітінділерге суландырушы агент ретінде пайдалануға болады. Шет елдерде осылармен қатар өнеркәсіпте және басқа елдерде кең танымал химиялық реагенттерді шығарып сатады: бромит кальцийі, хлорид кальцийі, каустикалық сода, гипс және тағы басқа көпіршік басушыларды, майландыратын қоспалар мен эмульгаторлар. Сонымен қатар ұңғыларды аяқтау мен жөндеу жүргізу үшін бірнеше түрлі сұйықтықтарды және химиялық реагенттерді дайындайды. Қазіргі кезде шет елдерде 800-ден асқан әртүрлі химиялық реагенттер мен оның қоспалары белгілі. Бірақ өндірісте тек қана 80-ге жуығы пайдаланылады. Негізгі әдебиеттер: НӘ 1 [41-61] Қосымша әдебиеттер ҚӘ 6 [41-55], [85-105] Дәріс бойынша сұрақтар:
9-дәріс. Жуу сұйықтарын талқандалған тау жыныстарынан және газдардан тазалау. Қолданылатын техникалық тәсілдер мен құралдар. Ұңғыларды бұрғылау кезінде балшық ерітіндісінін құрамына жынысының ұнтақтары қосылады. Әсіресе ұңғыны тұтас түппен және құм шөгінділерін бұрғылағанда ерітіндінің кұрамында бұрғылау ұнтақтары өте көп болады. Егер балшық ерітіндісін бұл ұнтақтардан тазаламаса, бұрғылаудың жылдамдығы азаяды, бұрғылау құрал - саймандары жылдам тозады және бұрғы тізбегінің тау жынысы ұнтақтарымен басылып немесе сыналанып ұңғыда қалып қоюы мүмкін. Сондықтан ұңғыдан шыққан жуу ерітіндісін бұрғылау ұнтактарынан (шламнан) айырып тазаламай, ұңғыға қайта жіберуге болмайды. Жуу сұйығын бұрғылау ұнтағынан тазалау тәсілдерін төмендегідей топтастыруға болады. 1. Табиғи тазарту - науа жүйесі мен тұндырғыштар. 2. Ықтиярсыз тазарту: а) механикалық - елеуіштердің көмегімен; ә) гидравликалық центрифуга және гидроциклон арқылы; б) физика - химиялық яғни флокулянттар мен сұйытқыш ерітінділерді пайдалану. 3. Құрастырылған әдіспен тазарту - жоғарыда көрсетілген екі әдісті бірдей қолдану арқылы. Тазалаудың табиғи әдісі - жуу сұйығының құрамындағы ұнтақ бөлшектердің ауырлық күшіне байланысты науа жүйесінде тұнуына негізделген. Науа жүйесін металдан, ағаштан немесе жерден қазып жасауға болады. Науаның көлденең өлшемінің 250-300 миллиметрден, биіктігінің 200-250 миллиметрден, ал ұзындығының 5-20 метрден кем болмауы керек. Мұнай мен газға және суға терең ұңғылар бұрғылау кезінде науаның ені 600-700 миллиметрден, қабырғасының биіктігі 400-600 миллиметрден, ал ұзындығы 35 метрге дейін жетеді. Бұрғылау ұнтақтарын тұндыратын науа жүйесінің түрлері 9.1. -суретте көрсетілген. Балшық ерітіндісі науа жүйесімен ағатын болса, яғни ағын жылдамдығы секундына 16-18 сантиметрдей болса, ұнтақтар науа жүйесінде жақсы тұнады. Мұның себебі жылдам аққанда ерітіндінің құрылымы жақсы бұзылады және ұнтақ тастарды көтеріп әкету қабілеті азаяды. Осыған байланысты науа жүйесінің көлбеулігін 1:100 қатынасынан 1:150 қатынасындай мөлшерде алу керек. Тосқауылдардың ара қашықтығын 1-2 метрдей болғаны дұрыс. Сұйық ағатын науа жүйесінде екі тұндырғыш, жуу бұлқыны, сұйық алатын екі қамба болуы керек. Қамбаның көлемі бұрғыланатын ұңғының көлемінен үш есе үлкен болуы тиіс. Бұлай болу себебі мынада: сұйықтың бірінші көлемі ұңғының ішін ұдайы толтырып отыру үшін, екінші көлемі ұңғыда жоғалатын сұйықтың орнын толтыру үшін және сұйықтың айналма ағысын тоқтатпау үшін, ал үшінші көлемі қор ретінде сақтау үшін қажет. Науа жүйесін, жұмыс бітісімен смена сайын тазалап отыру керек. Тұндырғыштар 2-3 тәулікте бір рет тазаланады. Бұлқын, сұйық алатын қамбаның біреуін пайдаланғанда, екіншісінің тазалануына қажет. Әдетте тұндырғыштың көлем өлшемі 1,0 м х 1,0 м х 1,0 метрдей, ал қамбаның көлем өлшемін 1 м х 1,5 м х 1,5 метрдей етіліп қазылады. 9.1 —сурет. Науа жүйелерінің түрлері. а - өзі жүретін қондырғылармен ұңғы бұрғылағанда пайдаланылатын науа жүйесі; ә - екі қатарлы науа жүйесі; б - бұранды науа жүйесі. Науа жүйесінің көлбеулігін мына формуламен анықтайды: (9.1.) мұнда - ығысудың статикалық кернеуінің мөлшері, г/см ; - ұнтақтардың түріне байланысты коэффициент, айналмалы бұрғылауда 2,75-ке тең; - балшық ерітіндісінің сыбағалы салмағы, г/см3. (9.2.) мұнда - науаның көлденеңі, см; - науадағы сұйық ағынының тереңдігі, см. Мысалы: ;г/см3; см-ге тең болса, онда Басқаша түсіндіргенде, науа жүйесінің 1 м ұзындығына 6 мм көлбеулік болуы керек. Науа жүйесінің ұзындығын мына формуламен анықтайды: (9.3.) мұнда - бұрғыланған тау жынысының көлемі, м3 /сағ. мұнда 0,785 - ұңғы түбінің ауданы, м ; - бұрғылаудың механикалық жылдамдығы, м/сағ; - науа жүйесінің тазаланғыштығына байланысты коэффициент (әдетте 0,0008-ге тең). Науаның көлденеңін мына формуламен анықтайды: (9.4.) мұнда - науаның көлденеңі, м; - бұлқын өнімділігі, м3/сек; - науадағы сұйық ағынының тереңдігі, м; - сұйық ағынның жылдамдығы, м/сек. Науа жүйесін иректеп жасаған пайдалы. Мұндай жүйе, біріншіден жұмыс ауданын азайтады, ал екіншіден қысқы күндері, жүйені бұрғылау қондырғысының астына жасауға немесе орналастыруға болады. Жуу сұйықтарын науа жүйесі арқылы тазартудың артықшылығы, оның қарапайымдылығы. Бірақ науа жүйесін, тұндырғышпен қабылдағыш қамбаларды тазарту қолмен, күректерді пайдаланып орындалатындықтан тау жынысының ұнтақтарымен бірге 10-15%-ке дейін жуу сұйықтарыда шығынға ұшырайды. Сонымен қатар бұрғы қондырғыларының аймағын ластап, қоршаған ортаға зиян келтіреді. Егер балшық ерітіндісін құрамындағы ұнтақтардан ажырату үшін науа жүйесінің көмегі аз болса, онда басқа әдістерді қолдану қажет. Ықтиярсыз тазарту әдістерінің ішіндегі ең тиімдісі, әрі өндірісте көп қолданылып жақсы нәтиже беріп жүргені - гидравликалық әдіс, яғни балшықтарды ОГХ-8А немесе ОГХ-8Б гидроциклон қондырғыларымен тазарту. Гидроциклон (9.2.- сурет) тұлғасы воронка 1, жоғарғы жағы қысқа цилиндр және төменгі ұзартылған конустан тұрады. Тұлғаның ішкі сауытынан жоғарғы қақпағы арқылы түтікше 4, ал конустың түбінен жиналған ұнтақтарды сыртқа түсіретін қақпағы бар шығарма түтік 3жасалған. 9.2-сурет. Гидроциклонның нобайы. Гидроциклон қондырғысымен тазалау үшін бұрандалы бұлқын күшімен жанама түтік 2 арқылы воронкаға тазартылатын балшық ерітіндісін жібереді. Құбыр воронкаға жанай орнатылғандықтан, воронкаға кірген ерітіндінің қозғалысы айналмалы ағысқа айналады. Центрден тепкіш күштің әсерімен ерітіндінің ішіндегі ірі ұнтақтар воронаканың ішкі қабырғасына жиналып, оның бүйірімен төмен қарай сырғанап түседі де, воронканың астына орналасқан шығарма түтік арқылы сыртқа шығарылады. Гидроциклон жұмыс істегенде оның ішіндегі сұйық қысымының мөлшерін 3-тен 5 атмосфераға дейін ұстау керек. Тазалаған ерітіндіні ішкі диаметрі 35-45 мм-лік жоғарғы құбыр арқылы қамбаға жіберіледі. Гидроциклонның тазарту дәрежесін болжау және анықтау үшін келесі түсініктер енгізілген: тазалау қабілеттік коэффиценті тазарту тиімділігі сұйықтың тазарту кезінде жоғалуын анықтайтын өлшем Тазалау қабілеттік кофиценттік деп бастапқы сұйықтың құм мөлшері мен тазартылған сұйықтың құм мөлшерінің қатынастарын айтады: (9.5.) Тазарту тиімділік коэффиценті (9.6.) Сұйықтың жоғалуына қатынасты өлшем гидроциклонның жуу сұйығын тазартудың үнемділігін бағалау үшін қолданылады. (9.7.) мұнда - ұнтақтармен қаныққан жуу сұйығының жалпы шығыны, л/сек; - нақтылы ұнтақтың (шламның) шығыны, л/сек. және мәндерін анықтау үшін, гидроциклонның бір қалыпта жұмыс істеуі басталғаннан кейін, тазартылған және тазартылмаған ерітінділерден және төменгі түтіктен шыққан бұрғылау ұнтақтарынан сынама үлгі алу қажет. Гидроциклондардың техникалық сипаттамалары 9.1.-кестеде келтірілген. 9.1.- кесте. Гидроциклондардың техникалық сипаттамалары
Ауырланған балшық ерітінділерді ұнтақтардан тазалауға дірілдеуік елеуіштер қолданылады. Ол үшін ұңғыдан шыққан тазаланатын ерітінді минутына 1400-1500 рет шайқалып тұратын елеуіштің торына жіберіледі. Елеуіштен өткен ерітінді науа арқылы қамбаға құйылады. Физика-механикалық тазалау әдісінің негізі, ол балшық ерітінділерін флокуляциялау, коагуляциялау және араластыру болып табылады. Бұндай әдісті ерітіндіден балшықтың қатты фазасын толығымен шығаруға қолданылады. Флокулянттық реагент ретінде көбінесе 0,01 пайыздан 0,15 пайызға дейін акрилді полимерлерді пайдаланады. Коагуляциялық әдісті әдетте ерітіндіден ұнтақтарды жартылай тазалау үшін қолданады. Коагулянт ретінде галоидты қоспалар полиакрилит, полиакриламин және полиаминдерді пайдаланады. Жуу сұйығының кұрамына газ бен ауа, оларды аэрациялаған кезде немесе газ және көмір кен орындарына ұңғы бұрғылағанда қосылады. Газдардан тазалаудың қазіргі кезде төрт түрі бар: табиғи, механикалық, физика-химиялық және құрастырылған. Келтірілген төрт әдістің ең тиімдісі әрі қарапайымы физика-химиялық болып есептеледі. Себебі мұндай әдісте арнайы аспаптар мен қондырғылар қажет емес. Жуу сұйығына арнайы көпіршіктерді басқыш, беттік активті заттарды (ПАВ) қосу арқылы газдардан тазалайды. Көпіршік басқыш ретінде өте жақсы нәтиже көрсететін реагент полиметисилоксан. Газданған жуу сұйығына 0,005 пайыздан 0,05 пайызға дейін полиметисилоксан қосқанда көпіршіктер толығымен жойылды. Негізгі әдебиеттер: НӘ 1 [62-67] Қосымша әдебиеттер ҚӘ 6 [157-173] Дәріс бойынша сұрақтар:
|