Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ) Тапсырмалар

  • 2.5. Студенттердің өздік жұмысы бойынша сабақ жоспары (СӨЖ).

  • Бұрғылау және тампондау сұйықтары УМК. азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі . И. Стбаев атындаы аза лтты техникалы университеті


    Скачать 2.8 Mb.
    Названиеазастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі . И. Стбаев атындаы аза лтты техникалы университеті
    АнкорБұрғылау және тампондау сұйықтары УМК.doc
    Дата17.10.2017
    Размер2.8 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаБұрғылау және тампондау сұйықтары УМК.doc
    ТипДокументы
    #9459
    страница9 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    2.3. Зертханалық жұмыстар
    Зертханалық жұмыстардың тақырыптар:


    1. Бұрғылау сұйықтарының негізгі қасиеттерін анықтау (1,2 және 3-тапсырмалар).

    2. Жуу агенттерін химиялық реагенттермен өңдеу (4-тапсырма).

    3. Тампондық сұйықтар және қоспалармен танысып, олардың негізгі қасиеттерін анықтау (5,6 және 7 тапсырмалар).

    4. Қатқан тампондық материалдардың физика-механикалық қасиеттерін анықтау (8-тапсырма).


    1-тапсырма.

    Жуу сұйықтарының негізгі параметрлерін (қасиеттерін) анықтайтын аспаптармен танысу. АГП-3ПП, АБР-1, СПВ-5, ВБР-5, СНС-2, ВМ-6, ВС-1м, ЦС-2 және т.б.

    Негізгі әдебиеттер: НӘ 1 [25-40],

    Қосымша әдебиеттер ҚӘ 6 [37-42], ҚӘ 2[2-4 жұмыстар].

    Бақылау сұрақтары:

    1. АГП-ЗПП аспабы қандай балшық ерітіндісінің қандай параметрін анықтау үшін қолданылады?

    2. СНС-2 аспабы не үшін қолданылады?

    3. ВМ-6 аспабымен су бергіштіктен басқа тағы қандай параметрлерді анықтауға болады?


    2-тапсырма.

    Саз балшық ерітіндісінің тығыздығын, тұтқырлығын, ЫСК-ін және субергіштігін анықтау.

    Негізгі әдебиеттер: НӘ 1 [26-35],

    Қосымша әдебиеттер ҚӘ 6 [42-52], ҚӘ 2 [2-4 жұмыстар]

    Бақылау сұрақтары

    1. Саз балшық ерітіндісінің тығыздығы дегеніміз не?

    2. Ертіндінің тұтқырлығы деніміз дегеніміз не?

    3. ЫСҚ қалай анықталады?



    3-тапсырма.

    Жуу сұйығының балшық қабыршағының қалыңдығын, коллоидтылығын, құммөлшерін, тәулік тұнбасын және тұрақтылығын анықтау.

    Негізгі әдебиеттер: НӘ 1 [35-40],

    Қосымша әдебиеттер ҚӘ 2 [2-4 жұмыстар], ҚӘ 6 [52-62]

    Бақылау сұрақтары

    1. Балшық қабыршағының қалыңдығы қандай болуы қажет?

    2. Ертіндідегі құм мөлшері қандай пайыздан аспауы қажет?

    3. Балшық ерітіндісінің коллоидтылығын қандай аспаппен анықтайды?



    4-тапсырма.

    Бұрғылау сұйықтарын электролиттермен бірінші және екінші қайтара өңдеу және олардың балшық ертінділерінің қасиеттеріне тигізетін әсері.

    Негізгі әдебиеттер: НӘ 1 [49-61],

    Қосымша әдебиеттер ҚӘ 6 [141-155].

    Бақылау сұрақтары

    1. Электролиттерге қандай реагенттер жатады?

    2. Бұрғылау сұйықтарын бірінші өңдеу қандай жағдайларда қолданылады?

    3. Сұйықтарды екінші рет өңдеу не үшін қажет?

    4. Қорғауыш коллидтарға қандай реагенттер жатады?

    5. ССБ және КССБ реагенттерді жуу сұйықтарына қандай әсер етеді?

    6. КМЦ қандай жағдайда қолданылады?


    5-тапсырма.

    Тампондық материалдармен тынысып, қолданатын аймақтарын оқып-білу және анықтау.

    Негізгі әдебиеттер: НӘ 2 [174-179]

    Қосымша әдебиеттер ҚӘ 5 [4-7], [15-25]

    Бақылау сұрақтары:

    1. Тампондық сұйықпен қоспалардың айырмашылықтары қандай?

    2. Цементтердің қандай түрлері бар?

    3. Тампондық цементтердің қандай түрлері бар?

    4. Қосынды тампондық қоспалар деп нені айтады?

    5. Қандай жағдайда полимерлер ұңғыларды тампондауға қолданады?


    6-тапсырма.

    Тампондық сұйықтардың негізгі параметрлерін анықтайтын аспаптармен жете танысып, оқып үйрену.

    Негізгі әдебиеттер: НӘ 2 [179-186],

    Қосымша әдебиеттер ҚӘ 65 [6-14], [25-36]

    Бақылау сұрақтары

    1. Тампондық қоспалардың иілімділік беріктігін қандай аспаппен анықтайды?

    2. ВИН инесінің құрылысы қандай?

    3. Консистометрлер қандай параметрді анықтау үшін қолдыналады?

    4. АзНИИ аспабының құрылымына нелер кіреді?

    5. Пикнеметрді не үшін пайдаланады?


    7-тапсырма.

    Тампондық сұйықтар мен қоспалардың параметрлерін анықтау.

    Негізгі әдебиеттер: НӘ 2 [186-199], НӘ 1 [179-186]

    Қосымша әдебиеттер ҚӘ 5 [4-7], [15-25]

    Бақылау сұрақтары

    1. Тампондық сұйықтардың (ТС) тығыздығы қалай және қандай аспаптармен анықталады?

    2. ТС қату уақытын қалай анықтайды?

    3. Су мен цементтің қатынасы дегеніміз не?

    4. ТС пен қоспалардың су бергіштігін қалай анықтауға болады?


    8-тапсырма.

    Қатқан ТС мен қоспалардың физика-механикалық қасиеттерін анықтау.

    Негізгі әдебиеттер: НӘ 2 [186-192]

    Бақылау сұрақтары

    1. Тампондық тастардың (ТТ) қысуға беріктігін қалай анықтайды?

    2. ТТ иілу қаттылығын қандай аспаппен және қалай анықтайды?

    3. ТТ созылу беріктігін қалай анықтауға болады?

    4. ТТ су өткізгіштігін қалай анықтауға болады және қандай аспаппен?



    2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)
    Тапсырмалар




    Тапсырма

    Әдістемелік ұсыныс

    Өткізу түрі

    Әдебиеттер

    1

    2

    3

    4

    5

    1

    Ұңғылар жайлы түсініктер. Ұңғыларды жуу.

    Макеттерді және әдебиеттерді пайдаланып берілген тапсырманы нақты білу, ұңғы конструкцияларын салу.

    Зертханада макеттермен және әдебиеттерді қолданып талдау жасау.

    НӘ -1 [4-10]

    ҚӘ-14 [5-11]

    ҚӘ-19 [5-16]

    2

    ҚПКО, жер асты суларын және мұнайгазды барлау бұрғылау саласында аса еңбек сіңірген қызметкерлер.

    Арнайы әдебиеттермен жұмыс жасай отырып ғалымдар жайлы мағлұматтар жинау.

    Тапсырма бойынша реферат жазу

    ҚӘ-19 [17-28]

    3

    Бұрғылау сұыйқтарын дайындау үшін саз балшықтарын таңдау

    Арнайы ғылыми әдебиеттер мен ақпараттарды қолданып, қолданылатын аймақтарға байланысты сазбалшықтарды таңдау қажет.

    Тақырыпқа байланысты талдау жасап сұрақ-жауап карточкаларын құрастыру

    НӘ -1 [16-21]

    ҚӘ-10 [7-21]


    4

    Сазбалшық ертіндісін дайындауға ҚР және ТМД елдеріндегі көзқарастар

    Кафедрадағы және кітапханадағы ақпараттармен техникалық әдебитеттерді оқып-білу

    Берілген тақырып бойынша топ-топқа бөлініп сайыс өткізу

    НӘ -1 [55-61]

    ҚӘ-4 [31-54]

    Интернеттегі мәліметтер


    5

    Бұрғылау сұйықтарының негізгі параметрлерін жаңа әдістермен анықтау әдістері.

    Арнайы аспаптармен әдістемелік нұсқаулармен танысып, нақтылы қолданылатын жағдайларды нақтылау.

    Кафедраның «Ұңғыларды жуу және жуу сұйықтары» зертханасында анықталған параметрлерге талдау жасау-«сұрақ-жауап»

    НӘ -1 [25-40]

    ҚӘ-2 [37-63]

    ҚӘ-6 [5-37]



    6

    Химиялық реагенттер- электролиттердің қолданылатын аймақтарын анықтау.


    Зертханадағы аспаптармен реагенттерді пайдаланып жуу сұйықтарының қасиеттерінің өзгеруін тексеру.

    Жасалған жұмысқа талдау жасау-«сұрақ-жауап».

    НӘ -1 [41-42]

    ҚӘ-2 [87-106]

    ҚӘ-6 [54-83]


    7

    УЩР, ТЩР және ССБ реагенттерімен зертханалық жұмыс ретінде, оларды ҚР пайдалы кен орындарында қолдануға болатынын іздестіру.

    Арнайы ғылыми әдебиеттерді қолданып УЩР, ТЩР және ССБ реагенттерін қолдану аймақтарын нақтылы анықтай білу.

    Жұмыстың негізінде карта салу.

    НӘ -1 [42-48]

    ҚӘ-2 [64-86]

    ҚӘ-4 [84-103]

    Интернеттегі мәліметтер


    8

    КССБ, окзил, ФХЛС, лигнин және сунил химиялық реагенттерді ҚР ұңғыларды бұрғылау кезінде, оларды қолданылатын аймақтарын анықтау

    Ғылыми әдістемелік жұмыстар мен нұсқауларды қолданып аталған реагенттермен жұмыс жасап қолдану аймақтарын анықтау.

    Реагенттердің шамасын білу үшін есептер шығару.

    НӘ -1 [42-48]

    ҚӘ-2 [64-86]

    ҚӘ-11 [43-61]


    9

    КМЦ, ГКЖ-10 және РС-2 реагенттерінің жуу сұйығына қосу пайызын зерттеу.

    Зертханада зерттеу жұмыстарын жасау. 6-8 жұмыстарды қорытындылау.

    Тапсырма бойынша есептер шығару және реферат жазу.

    НӘ -1 [42-48]

    ҚӘ-2 [64-86]

    ҚӘ-11 [43-61]


    10

    Бұрғылау және сұйықтарын өңдеу және аэрациялау.

    Бұрғылау сұйықтарын өңдеуді жетілдіру және аэрациялау макетін жасау.

    Бұрғылау сұйықтарын өңдеу туралы студенттік ғылыми конференцияға баяндама дайындау.

    НӘ -1 [33-53]

    ҚӘ-2 [64-86]

    ҚӘ-4 [64-97]

    Дәрістер, зертханалық жұмыстар және СОӨЖ


    11

    Бұрғылау және сұйығы ретінде полимерлерді қолдану

    Жаңа полимерлермен зертханалық жұмыстар жүргізу.

    Зертханалық жұмысқа талдау жасау.

    НӘ -1 [22-25]

    ҚӘ-2 [110-113]

    17 [97-104]


    12

    Бұрғылау сұйықтары жарым-жартылай жұтылғанда қолданылатын тампондық қоспалар түрлерімен танысып, қажетті материалды анықтау.

    Зертханада, кейінгі ақпараттарға байланысты материалдармен жұмыс жасау.

    Зертханада және мүмкіндік жағдайға байланысты өндірістен қажетті құрал жабдықтарды іздестіру

    НӘ -1 [20-21]

    ҚӘ-2 [130-131]

    10 [112-137]

    Интернеттегі мәліметтер


    13

    Арнайы цементтер жайлы мағлұматтарды жинақтау. Толтырғаштарды таңдай отырып тампондаудың арзан және тиімді жағын іздестіру.

    Арнайы тампондық цементтерді пайдаланып зертханалық жұмыстар жүргізу.

    Арнайы цементтер мен толтырғаштар туралы реферат жазу.

    НӘ -1 [20-21]

    ҚӘ-2 [130-131]

    10 [112-137]

    14

    Ұңғыны тампондау үшін қажетті материалдарды және тампондау материалдарына қосылатын химиялық реагенттердің мөлшерін есептеп анықтау.

    Істелген зертханалық жұмыстардың нәтижелерін қорытындылау.

    Тақырып бойынша есептер шығарып химиялық реагенттерді анықтау.

    НӘ -1 [62-67]

    ҚӘ-2 [156-173]

    4 [142-178]


    15

    Жергілікті материалдары, цементті, полимерлерді және химиялық реагенттерді пайдаланып, тампондау сұйығын жасаудың ретін іздестіру.

    Жергілікті материалдардың жетістік-кемшіліктерін анықтау. 13-15 негізінде

    Тапсырма бойынша жергілікті тампондық сұйықтар мен қоспаларға арнап реферат жазу

    НӘ -1 [62-67]

    ҚӘ-2 [156-131]

    4 [142-178]

    Интернеттегі мәліметтер





    Өткізу түрі:сөз сайысы, реферат, іскерлік және кроссвордтар құрастыру.

    Әдістемелік нұсқау: жуу сұйықтарының түрлері, сұйықтардың қасиеттерін анықтайтын құрал-аспаптар, химиялық реагенттер және зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар, ғылыми әдебиеттер мен интернеттегі мәліметтер.

    2.5. Студенттердің өздік жұмысы бойынша сабақ жоспары (СӨЖ).




    Тапсырма

    Әдістемелік ұсыныстар

    Әдебиеттер тізімі

    1

    Мұнайгаз ұңғыларды бұрғылау тарихы.

    Кітапханадағы ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей отырып, берілген тақырыпқа реферат жазу.




    2

    «Бентонит» балшығының шығу тарихы, неге олар сияқты балшықтар мұнай мен газ ұңғыларында кеңінен қолданылады.

    Кафедрадағы әдебиеттерді пайдалана отырып қысқаша реферат жазу.

    НӘ -1 [17-19]

    ҚӘ-2 [116-130]


    3

    «Су» және «Ауаны» жуу агенттері ретінде қолдану тарихы.

    Кітапханадағы және кафедрадағы әдебиеттермен танысып реферат жазу

    НӘ -5 [147-149]

    НӘ-2 [16-17]

    ҚӘ-2 [113-115]


    4

    Жуу сұйығына байланысты пептизация және коагуляция жөнінде химиялық мағлұматтар.

    Келісім бойынша химия зертханаларында тапсырманы орындау, реферат жазу.

    НӘ -1 [18-21]

    ҚӘ-2 [5-24]


    5

    Сазбалшықтардың түрлері.

    Кітапханадағы ғылыми әдебиеттермен танысып реферат жазу.

    НӘ -1 [17-18]

    ҚӘ-2 [77-84]


    6

    Ғылыми зертханаларда қолданылатын бұрғылау және тампондық сұйықтардың параметрлерін анықтайтын аспаптар

    Техникалық әдебиеттермен ақпараттарды оқып, реферат жазу

    НӘ -1 [25-40]

    ҚӘ-2 [37-62]

    6 [3-39]


    7

    Полимерлік ертінді және полимерлік реагенттер

    Кітапханадағы және кафедрадағы әдебиеттермен ақпараттар арқылы реферат жазу.

    НӘ -1 [22-24], [42-53]

    ҚӘ-2 [93-105]

    10[81-88]

    17[63-91]


    8

    Торфты және сопрофельді химиялық реагенттер

    Техникалық әдебиеттерді пайдаланып дәрісте берілген материалды толықтырып реферат жазу

    НӘ -1 [21-23]

    ҚӘ-2 [133-134]


    9

    Жуу және тампондау сұйықтарын дайындайтын ТМД елдерінде қолданылатын аспаптар.

    Республикалық әдебиеттерді оқып, дәрісте көрсетілген материалды пайдаланып реферат жазу.

    НӘ -1 [54-61]

    ҚӘ-2 [414-156]

    4[29-52]


    10

    Алыс шетелдерде тампондау және жуу сұйықтарын өңдеу үшін кеңінен пайдаланатын құрылғылар.

    Университет кітапханасындағы және Республика кітапханасындағы ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей отырып берілген тақырыпқа реферат жазу.

    Кітапханадағы әдебиеттер.

    11

    Жуу мен тампондау сұйықтарын ауырлатуға ТМД елдерінде қолданылатын ауырлатқыштар. Тампондық материалдарды жеңілдету тәсілдері. Ауырлатылған тампондық қоспалар және оларды қолдану жағдайлары

    Университет кітапханасы мен кафедрадағы әдебиеттерді қолданып реферат жазу.

    ҚӘ-2 [131-133]

    Кітапханадағы әдебиеттер


    12

    Ұңғылардың тереңдігі мен шиеленістің түрлеріне байланысты тампондық материалдарды таңдау.


    Кітапханадағы ғылыми әдебиеттермен танысып тапсырма бойынша реферат жазу.

    Кітапханадағы әдебиеттер

    13

    Бұрғылау сұйығы ұңғыда толық жоғалған жағдайда қолданылатын тампондық материалдары мен сұйықтарды таңдау. Бұрғылау сұйығы түгел жоғалғанда қандай тампондық сұйықтар қолданылатынын анықтау.

    Республикалық және университеттің кітапханаларындағы әдебиеттерді қолданып құрылғылардың сүлбелері мен суреттерін келтіріп альбом жасау.

    Кітапханадағы әдебиеттер

    14

    Дәрісте, зертханалық жұмыстарда және СОӨЖ берілмеген бұрғылау және тампондау сұйықтарды техникалық-әдеби кітаптардан жинақтап студенттердің конференциясына реферат дайындау.

    Ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып өз пікірлері туралы қолжазба жазу.

    НӘ -1 [54-53]

    ҚӘ-2 [141-156]


    15

    Жуу және тампондау сұйықтарын дайындау әдістері мен құрал-жабдықтарды жетілдіріп, оларды өндіріске ендіру жөніндегі пікірлерін келтіру. Бұрғылау және тампондау сұйықтарын қолдану барысында табиғатты және жер асты суларын қорғау шаралары туралы реферет жазу.

    Көрсетілген тақырыптардың материалдарын пайдаланып, толықтырып реферат жазу.

    НӘ -1,

    ҚӘ-2,4,6,9,10


    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта