Байзуллина Кәмила АУк-18-9 ЭУИБЖ СРС №1. азастан республикасы білім жне ылым министрлігі алматы энергетика жне байланыс университеті
Скачать 45.18 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы» СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ №1 Тақырыбы: Шектеулі рұқсат қалдықтар Мамандығы: Автоматтандыру және басқару Орындаған: Байзуллина Кәмила Кенжебекқызы Тобы: АУк-18-9 Тексерген: доцент, Жандаулетова Ф.Р. ______________ _________ «_____» _______2019 ж. (бағасы) (қолы) Алматы, 2019 ж. Жоспар 1.Қалдықтардың жалпы жіктелуі. 2.Қалдықтарды жіктеу. 3.Полигондар. 4.Қалдықтар — потенциалды шикізат көзі. Кіріспе Қалалардың, өсуі ондағы адамдардың көбеюі, техникалық прогресс дамуымен байланысты өнеркәсіптің өсуі, әсіресе үлкен қалаларда тұрмыс құрып жатқан адамдардың денсаулығына, экологиялық жағдай нашарлауымен байланысты, зиянды әсер тигізеді. Қалаларда тұрмыстық қатты қалдықтар жиналуымен байланысты, оларды мезгілінде алшақтатып және зиянсыздандырмаса қоршаған табиғи ортаны ластап, зиянды заттар шығарып тіршілікке, оның ішінде адамға зиян тигізеді. Қалалардың айналасында ұйымдастырылмаған тастанды қоқыстар пайда болады, олар жердің бетін және жер астындағы суды ластауға себепші болады. Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыш деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгеиіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты олрды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қоиылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр. Қалдықтардың жалпы жіктелуі Қалдықтар шғаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылыңы жатды. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға арласқан (органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды суық ерітіндәлер жатса, сусыздарға пайдалынылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер (өртеуге болатын мен болмайтындар) жатады. Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады. Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жынстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемде сулар ағынға жіберіледі. Қалдықтарды жіктеу Адам баласының кез келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-тендікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жыюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Төмендегі 10.1 10.2-ші суреттерде қалдықтардың жалпы және өнеркәсіп қалдықтарының табиғатына қарай жіктелуі берілген. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер (өртеуге болатын мен болмайтындар) жатады. Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы баска өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады. Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі. Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша жер қойнынан жыл сайын 100 млрд. тоннаға дейін руда, құрылыс материалдары, отын (4 млрд. т мұнай жонс газ, 2 млрд. т көмір) беткі қабатқа шығарылып отырылады, шамамен 92 млн. т минералды тыңайтқыштар мен 2 млн. т. улы химикаттар пайдаланылып, олар да жер бетіне таралады. Атмосфераға 200 млн. тоннаның үстінде көміртек оксиді, 53 млн. тоннадай азот оксидтері, 50 млн. т көмірсутектері, 146 млн. т күкірттің диоксиді, 250 млн. т шаң газ тәрізді қалдық ретінде шығарылынылады. Ал су қоймаларына жыл сайын орта есеппен 32 млрд. м3 тазаланбаған су, әлемдік мұхиттарға 10 млн. т дейін мұнай тасталынылады. Осы жағдайларға байланысты қоршаған ортада пайда болган колайсыз өзгерістер қайтымсыз түрге айналып отыр. Қалдықтардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі халық шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселелерін шешу қажет. Табиғаттағыдай өнеркәсіпте де айналым болу керек. Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе өндеп пайдалы заттар шығаратын қосымша өндірістер ұйымдастырылса экономикалық тұрғыдан пайда түсірілумен қатар табиғатқа тиетін қолайсыз әсер де жойылып отырады. Өндіріс қалдықтарына бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немссс түгслімен өзінің бастапкы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардын қалдықтары жатады. Бүл топка сонымен қатар шикізатты физикалық-химиялық жолмен өңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда шыққан, бірақта өндірістік бағытталған мақсатқа жатпайтын, өнімдер кіреді. Оларды шамалы өңдегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа өндірісте, немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына сыртқа тасталынатын тсхнологиялық газдарды немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан қатты заттар да жатады. Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Олар өндіріс жағдайында белгілі тәртіппен шығынға шығарылады, ал тұрмыста тасталынады. Өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатындарға өндейтін технология болғанына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикізат, шығарылатын өнімге қосымша зат, отын, жем, тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын қалдықтар жатады. Дәл осы кезеңде өңдеу жүргізетін технологияның болмағанына және алынған өнімдерге тұтынушының жоқтығына байланысты немесе экономикалық тұрғыдан қолдануға тиімсіз қалдықтарды пайдаға асырылмайтындарға жатқызады. Өндірісте шикізатты жер қойнауынан шығарғанда, оны физикалық-химиялық жолмен өңдегенде жанама немесе қоса шыққан өнімдер қалдықтарға жатпайды. Бұл өнімдерге мемлекеттік стандарт белгіленеді және баға қойылады. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді. Жанбайтын пайдаға асырылмайтын қатты, өндірістік қалдықтарға қоқыстар, кектер, руданы байытканда шыққан қалдықтар жөне т. б. жатады. Бұларды өңдейтін технология әзірше болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді. Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтары, макулатура, тоқыма материалдарының қалдығы, құрамында резина бар қалдықтар, пайдаланылған былғаныш, істен шыққан жарамсыз майларды, еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехта жағады да, бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда пайдаланады немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыруға қолданады. Ал жағу процесінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі. Қалдықтарды жер астына, геологиялық кен орындарына (көмір шахталарының, тұз кендерінің оқпандарына, кейде арнайы жасалған орларға полигондарға) немесе теңіз түбінің терең ойпаңдарына қайтадан шықпайтындай етіп орналастырады. Радиоактивті және едәуір улы қалдықтарды мүлде қауіпсіз етіп көму амалы әлі толығымен шешімін таппаған экологиялық проблеманың бірі болып табылады. Улы қалдықтарды көму уакытша амалсыз қолданылатын шара, себебі бұл жағдайда қоршаған ортаның ластану қауіптілігі тұрақты сақталып отырады. Кейбір тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды көму алдында жағу арқылы олардың көлемін азайтуға болады. Улы қалдықтардың әр уақытта қауіптілік (уыттылық) класын негізге ала отырып, оларды көму, сактау, жинактау, тасымаддау туралы шешім қабылданады. Полигондар Полигондар бұл кәдеге асыруға жатпайтын өнеркәсіп қалдыктарын зиянсыздау мен көмуге бағытталған арнайы табиғат қорғау құрылыстары. Полигон құрудың негізгі мақсаты қалдықтарды көмуге бөлінген жерді экономикалық тұрғыдан тиімді түрде қолдану арқылы топырақты, атмосфераны, жер асты мен бетіндегі суларды улы компоненттермен ластанудан сақтау. Полигондар ретінде пайдаланатын жер 2025 жылдай мерзімге белініп беріледі. Олар қонысты аймақтан аулақтандырылады, санитарлық қорғау зонасының ені 3 км—ге тең болуға тиіс. Полигонның алшақтығы ауылшаруашылық егістік жерден және транзит жолдардан 200 мден, орман алқабынан 50 м-ден кем болмауы қажет. Санитарлық қорғау зонаны көгалдандыру және периметр бойымен ені 50 метрдей келетін орман қорғау алқабымен полигонды жабдықтандыру қарастырылады. Жергілікті суды корғау мен санитарлық эпидемиялық қызмет мекемелерімен келісілген нұсқауларда полигонға қабылданатын және қабылдауға жатпайтын улы қалдықтардың түрлері анық көрсетіледі. Қалдықтар міндетті түрде паспорттандырудан өткізіледі. Әр онеркәсіп мекемесі санитарлық ережелерді негізге ала отырып, қалдықтарды жинауға, сактауга, буып-түюге, тасымалдауға, көмуге, т.б. істерге қатысатын адамдарға арналған кауіпсіздік техникасының нұсқауларын жасайды. Полигон басшыларымен және жергілікті санитарлық эпидемиологиялық қызмет мекемесімен келісілгеннен ксйін бұл құжатты өнеркәсіп мекемесінің басшысы бекітеді. Полигондар оңашалау, үйлер салынбаған, жақсы желденетін, нөсер жаңбыр жауғанда, қар ерігенде және тасқын болғанда судың астында қалмайтын жерлерге орналастырылады. Полигонды жиі жел тұратын бағытты анықтап, ел тұратын жсрдің ық жағында, су алатын жерден, қыстақ шұңкырлардан, уылдырық шашатын және балықтардың мекендейтін жерлерінен төмен, су жинауға арналған ашық қоймалардан тыс аймаққа орналастыру қажет. Полигон аймағында жер асты сулары 20 м-ден артық тереңдікте жатуға тиіс, сонымен қатар осы полигон орналасқан жерде топырақтың фильтрация коэффициенті 1 мкм/тәулік артық болмауы керек. Әсіресе ішуге қолданылатын жер астындағы сулардың үстінде қалдықтарды көмуге болмайды. Дүние жүзі бойынша іс жүзінде қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) айналымы келесі жолдармен ұйымдастырылады: 1) көму және жарым-жартылай өңдеу жұмыстарып жүргізуге арнайы полигондарды салу; 2) азот тыңайтқыштарын немссе биоотынды компостау (қордалау) арқылы алу; 3) сыпырынды жагатын зауыттарда қалдықтарды жағу; 4) ферментациялау (мал шаруашылығыньщ ағындарынан биогаз алу); 5) бастапқы сорттау, пайдаға асыру және қалдықтардағы құнды компоненттерді пайдалану; 6) қатты тұрмыстық қалдықты пиролиздеу ауасыз жоғары температурада (шамамен 1700 °С) қыздыру. Қалдықтарды орналастыру үшін арнайы объектілер жасалады (полигондар, шлам сақтау орындары, тау жыныстарының үйінділерін сақтайтын жерлер және т. б.). ҚТҚ сақтайтын объектілерді салар алдында геологиялық, гидрогеологиялық және басқа да барлау жұмыстары жүргізіледі, осыны негізге ала отырып, мемлекеттік экологиялық сараптау қорытындысы жасалып, полигонға рұқсат беріледі. Қоршаған табиғи ортаны ластау деңгейін төмендету мақсатында бұрынғы бақылаусыз қоқыс тастайтын жерлердің орнына үлкен қалаларда полигондар салу кеңінен дамып келе жатыр. Полигондар салу үшін 2025 жыл оданда көп жылдар уақытында қалдықтарды жинауға болатын сазды жер тандалады. Тандалған алаңның табанына фильтратты жинақтау үшін үлкен астауға ұқсастырып, терендігін 1,5 м немесе оданда тереңдеу етіп қазады. Егерде сазды жер болмаса, бірақ су жақсы өтетін жерге полигон салу қажет болса, онда астаудың түбіне қалыңдығы 0,5 м сазды басқа жерлерден әкеліп салады. Тәулік ішінде полигонның бір алаңына қалдықтарды орналастырып, оларды әр 2 м биіктікте бульдозермен тығыздап отырады. Екінші тәулікте қалдықтарды басқа алаңға әкеліп орналастыра береді, ал алдыңғы алаң қалындығы 0,25 м жекелегіш қабатпен жабылады. Бұл жекелегіш қабатпен жабу және тығыздау жұмыстарын жүргізу ауаның ластануы мен шыбын-шіркейлердің және кеміргіштердің таралуын шектейді. Полигонның алатын жерінің көлемін азайту мақсатында қалдықтарды 60 м биіктікке дейін қабат-қабатпен орналастырады. Полигон толғаннан кейін оның соңғы беткі қабатын өсімдік егуге арналған қабатпен жабады. 1 орман қорғау алқабы; 2 аралық жекелегіш қабат; 3 қалдықтар; 4 сыртқы жабынды өсімдік қабаты; 5 табиғи немесе жасанды су өтпейтін саз қабаты. КХҚ арналған полигондарды орналастыру үшін ауыл шаруашылығьша жарамсыз жерлер мен жыралар жиі пайдаланылады. Полигондар толық толтырылғаннан және өсімдіктерге арналған топырақпен беті жабылғаннан кейін оның үстінде саябақ, ойып алаңдарын ұйымдастыруға нсмесе басқа да мақсаттарға пайдалануға болады. Қалдықтар — потенциалды шикізат көзі Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады. Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев "Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" деп айтқан. Сонымен қатар ол озат технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағьпталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымеп қайта өңдеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады. Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 миллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд.т шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд.т түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады (4 млрд.т таукен өндірісінікі, 1,1 млрд.т байыту фабрикаларыныкі және 105 млн.т металлургиялық өңдеу процестерінен шыққан қалдықтар). Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының тұндырғыштарында көп мөлшерде сұйық қалдықтар жинақталған. Қалдықтардың 70-75%і тау-кен өндірістерінен, 20%-і байыту және қалғандары металлургия кәсіпорындарынан пайда болады. Қалдықтардың негізгі көлемі тау-кен казбаларынан, металлургия, химия, мұнай және газ, ағаш, қағаз, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауылшаруашылығы мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады. Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едәуір, оны оларды дұрыс пайдаланғанда білуге болады. Өндіріс қалдыктарын пайдаға асыру мәселесі шешілетін болса, ауылшаруашылығында пайдалануға жататын біраз жерлерді босатуға мүмкіншілік туады. Егерде қалдықтар шаруашылық айналымға түсірілсе, олар қоршаған ортаны жақсартумен катар, жердегі шикізат қорын да үнемдейтіні сөзсіз. Өнеркәсіп өндірістері дүниежүзілік шикізат қорының күрт елеулі азаюына окелді. Ғалымдардың бoлжayы бойынша, қазіргі пайдалану деңгей сақталған жағдайда, мұнай мен газдың қоры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс қоры 100 жылға, көмір кенін 1700 жылдай уақыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи ресурстардың қоры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтканда, аз қалдықты немесе қалдықсыз тсхнологияларды жасау және халықшаруашылығының әртүрлі салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану арқылы көбейту қажет. Түсті металлургияда негізінде пайдалы элементтердің 23% ғана алынып, 97-98% пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады. Маңызды шикізат қорына қалдықтардың ішінде күл мен қоқысты жаткызуға болады. Осы құнды материалдың кәзіргі кезде 20%-тен аспайтын бөлігі ғана өңделінеді. Күл негізінде цементке толтырғыш ретінде қолданылады. Түтін газдарынан алынған 1,3 т қоңыр көмірдің күлі 1т цементтің орнын толтырады. Қоңыр көмір күлінің құрамында 530% темірдің оксиді, 30% әк және едәуір мөлшерде коксталған көмірдің қалдығы бар екендігіне байланысты металлургияда оны темір концентратын алу үшін пайдалануға мүмкіндік бар. Қазақстанның түсті металлургиясының шикізат базасы ретінде тек күлді ғана емес, өндірілетін руданың құрамында біркатар металдардың мөлшері көптеген жылдар бойы мол жинақталған жүздеген миллион тонна шлактарды да пайдалану кеңінен қарастырылуда. Геологиялық барлау жасауға, тасымалдауға, рудниктер және байыту фабрикаларын салуға қаражат жұмсалмайтынына байланысты шлактардан алынған металдардың езіндік құны рудадан алынғаннан бірнеше есе төмен болады. Қазақстанның түсті және қара металлургия саласындағы көптеген өнеркәсіптерден бөлініп шығатын газдар күкірт қышқылын алуға шикізат ретінде найдаланылып келеді. Металлургия өнеркәсіптерінің құрамында күкірті бар газдардан алынған қышқылдың өзіндік құны, сонымен қатар, 1 т өнімге жұмсалған қаржының үлес салмағы табиғи шикізаттан өндірілген күкірт қышқылына қарағанда 2 еседей төмен. Кені бар шикізатты кешенді түрде пайдалануды мақсатқа ала отырып, Орталық және Солтүстік Қазақстанда металлургиялық өндірістерінің қалдықтарын қолдану арқылы азот, фосфор және баска да минералдық тыңайтқыштарды өндіруге бағытталған химия өнеркәсібі дамуда. Азот тыңайтқыштарын алуға оттекті өндіргенде шыққан металлургиялық өнеркәсіп қалдықтары пайдаланылады. Сульфитті рудаларды күйдіргенде бөлінген газдардан алынған күкірт қышқылы аммоний суперфосфатын, сульфатын және гидросульфатын алуға қолданылады. Металл сынықтары өнеркәсіп қалдықтарының ішінде ерекше назар аударуға тұратын қалдыққа жатады. Өндіріс процестерінен шығатын металл сынықтарының жалпы көлемінің 67% кесінділерден, металл ұнтақтарынан, жоңқадан, табақша үлгілерден, 31%-ті амортизациялық сынықтардан, қалған 2%ті қоқыстан алынған металл қалдықтарынан тұрады. Амортизациялық сынықтарга шығынға жіберілген, істен шыққан жабдықтар, саймандар, бұйымдар және т. б. инвентарлар жатады. Мысалы, вагондар мен рельстердің 30 жыл, кемелердің 25 жыл, көпірлердің 100 жыл, автомобильдердің 10 жыл, электр қуатын жүргізу жолының қолдану мерзімі 50 жыл ғана. Машина жасайтын өнеркәсіптердс амортизациялық сынықтардың 55% технологиялық жабдықтар мен саймандарды ауыстырған кезде шығады. Өндірістегі металл қалдықтарының өндеуге жататын көлемі металдар мен ерітпе коспаларының мелшеріне байланысты келеді. Қалдықтардың шығатын негізгі көздеріне металдарды механикалық өңдеу, түрлі формаларға келтіру, күю процестері жатады. Металлургиялық өнеркәсіптер тек металл сынықтары мен қалдықтар шығаратын көз ғана емес, сонымен қатар олар негізгі пайдаланушының қатарына жатады. 1 тонна электрлік болат өндіруге 940 кг, 1 т мартен болатына 500 кг, 1 т шойын алуға 20 кг-нан 700 кг-ға дейін металл сынықтары пайдаланылады. Металл сынықтарынан алынған болаттың құны рудадан алғаннан 60-70%тей арзанға түседі. Шет елдерде ерекше назар алюминий және қаңылтыр банкілерін жинау мен өңдеуге аударылады. АҚШ-та қайтадан өңделіп шығарылған алғашқы өнімдер алюминий ыдыстары болған. 1990 жылы жасалған 88 млрд. банкілердің 55 миллиарды, яғни 62,5% қайтадан өңдеу арқылы қалдыктардан алынған. Қалдықтарды өңдеу арқылы алынатын алюминий мен қаңылтыр банкілерінің мөлшері Ұлыбританияда 5%-тен, ал Батыс Еуропа елдерінде 25%-тен асқан емес, экономикалық тұрғыдан қарағанда, қолданылған банкілерді өңдеп, қайтадан өнім алу арзан түсетініне байланысты болашақта осы жол кеңінен пайдаланылатынына күмән жоқ деуге болады, себебі бастапқы шикізаттан өндіргеннен гөрі қалдықтардан банкілер шығарғанда 10 еседей аз мөлшерде энергия жұмсалады. Өте қиын және де кідіртуге болмайтын проблемаларга пластмасса мен әртүрлі полимерлі материалдарды өңдеу және қайтадан пайдалану жатады. Бұл проблемалар жарым-жартылай шешілген, себебі оларды өңдеуден өткізу үшін алдымен ұқыпты түрде сұрыптау және бөлектеу қажет. Сонан соң олар үгітіліп, жуылып, бөлініп болған соң, белгілі өнім түрлерін алуға пайдаланылады. Белгілі анықталынган сипаттамасы болмаған ала-құла (ор тскті) пластмассалар тек төменгі сортты материалдар алуға жұмсалады. Полиуретан мен жасанды талшыктардан жасалған кейбір бүйымдарды қайтадан өңдеу өте қиынға түседі, биохимиялық ыдырауға түспейтіи болғандықтан олар көмуге де жатпайды, сондыктан қазіргі кезде орын алған шешімсіз проблсмалардың бірі пластмассалық жарамсыз қалдықтар. Дүние жүзі бойынша жыл сайын 80 млн.тоннаның үстінде шығарылатын пластмассалардың 70%-нен артығы автокөліктер аккумуляторлары мен азық-түлік салатын ыдыстар түрінде қалдыққа айналып отырады. Соңғы 1520 жылда пластмассалардың жаңадан жетілдірілген түрлерін жасау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Негізгі максат мүнайдан ендірілетін әдеттегідей арзан пластмассалардың орнына табиғи жағдайда биологиялық жолмен микроорганизмдердің қатысуымен қоршаған ортаға залал келтірмейтін қосылыстарға ыдырайтын түрлерін алу. Осындай полимерлі материалдар ауылшаруашылық дақылдарынан (жүгеріден, картофельден, қатгы тағам қалдықтарынан) алынган крахмал немесе целлюлоза мен полиэтилен қоспаларынан алынады. Биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлерге химиялық, синтез арқылы алынған синтетикалық полиэфирлер және микроорганизмдердің катысуымен түзілген биополимерлер, биосахаридтер жатады. Осындай жаңа материалдар толығымен дымқылды жағдайда биохимиялық жолмен ыдырайды және әртүрлі жағдайда қордаланылады. Биополимерлерден негізінде бірсыпыра өнімдер шыгарыла басталды. Мысалы, бүрынғы полистиролдан жасалған жоңқалардың орнына амортизациялық буып-түюге арналған жоңқалар, орауыш қаптар, бір реттік әртүрлі ыдыс-аяқтар, контейнерлер және т. с. жасалуда. Москвада полимерлер негізінде жаңа материалдар жасайтын "Норпласт" атты ғылыми-өндіріс бірлестігі ұйымдастырылған. Бастапқы шикізат мұнайды үнемдеу үшін, полимерлердің белгілі бөлігі әртүрлі түрге боялатын және металмен оңай араласатын табиғи толтырғыштармен, анорганикалық қосылыстар немесе өнеркәсіп қалдықтарымен, мысалы, мақтаның жаман-жұманымен, жүзімнен алынған өнімдермен, лигнинмен айырбасталады. Бұл материалдар құбырлар, тұрмыстық химия баллондарын, электрохимиялық өнеркәсіптеріне қажетті бөлшектер, әртүрлі көпшілік қолды тауарлар жасауға қолданылады. Ағаш өңдейтін және қағаз шығаратын өнеркәсіптердің қалдықтарын өте құнды шикізатқа жатқызуға болады. Ағаш қалдықтары (қабықтар, жоңкалар, үгінділер және т.с.) энергия немесе жылу алу үшін пайдаланылады. Егерде оларды сұйық отынмен араластырып жақса, өтe жақсы ағаш тәрізді жанады. Осымен қатар үгінділер технологиялық мұқтаждықты өтеуге де қолданылады, тез кебетін қасиет беру үшін оларды шикі кірпішке де қосуға болады. Көптеген елдерде макулатураны өңдеу аркылы жазатын қағаз, типографиялық қағаз, жанбайтын қағаз және т. б. түрлерін алуға өте үлкен назар аударылуда. Мысалы, Германияда бүкіл қолданылатын қағаздың 44% макулатурадан (жылына 2,8 млн. т шамасында жиналады) алынады, бұл жағдай жыл сайын 40 млн. ағашты кесуден сақтайды. Сонымен қатар, ағаштың орнына қағазды макулатурадан алғанда 60%тей энергия үнемделеді, атмосфераның ластануы 15% және судың ластануы 60%-ке дейін төмендейді. Жеңіл өнеркәсіптің жүн жуатын саласында жүнді бастапқы өндеген кезде қалдық ретінде бөлініп шығатын жүн майы (химиялық аты ланолин) медицина және парфюмерия өнеркәсіптеріне қажетті өте құнды шикізат болып саналады. Қант өндірісінің қалдығынан спирт алынады. Мысалы, Қазақстанда шығарылатын этил спиртінің 2/3 бөлігі Тараздың қант-рафинад комбинатының қалдығынан алынады. Дүние жүзінің көптеген елдерінде шыны бұйымдар қалдықтарын тиімді пайдалану жүзеге асырылуда. Батыс Еуропаның 17 елінде шыны ыдыстарын пайдаға асыруды Еуропалық шыны ыдыстар жөніндегі федерация қадағалап және үйлестіріп отырады. Барлық елдерде түсті шынылар толығымен кайтадан өндеуге түседі. Шыны ыдыстарды халықтан жинап отыру жақсы ұйымдастырылған. Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама және аралық өнімдерінің энергетикалық, потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр, целлюлоза және т. б.); 2) жылу (болінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, суытылатын судыкі, экзотермиялық реакциялардыкі); 3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бен сүйыктықтардың кысымы. Екінші реттік энергоресурстар химиялық ондірістің азот, күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шыгаратын және мүнайхимия салаларында пайдаланылады. Жангыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Болінген жылу қалдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға колданылады, осы жағдайлармен жылуды түтыну қажеттілігін томендетуге болады. Қысым утилизациялық турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге колданылады жоне электрэнергия алуға пайдаланылады. Екініпі реттік эиергетикалық ресурстарды жүзегс асыру жылу мсн энсргияны үнсмдсумен катар, атмосфераға болінетін жылу молшсрін азайтып, қоршаған ортаны қорғауга себебін тигізеді. Череповец металлургиялық, комбинатына карасты зауытгың жылу электр орталығында барлық қазандыктар екінші реттік ресурстарды пайдалану арқылы жүмыс істеуде. Қалдықтар проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір коргснде, мысалы, күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түккс түрмайтын іс сиякты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мгдай вольфрам болады, ал оның миллионында — 10 кг. Өнерқөсіпте осы кымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін құрамында вольфрамы бар минералдар — вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес көлемі онделеді, сонымен катар, біраз энергия молшері жүмсалады. Вольфрам оксидініц геологиялық коры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін, бүрынғы Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмаганда, жылына дүниежүзі бойынша вольфрам рудасының 25 мың тоннасы ондіріледі. Бүл мәлімет вольфрам косылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл аударудың қажеттілігін керсетіп отыр. Румынияның аяқкиім өнеркәсіп институтьнда тері қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы жоқ материал шығаруга бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг қалдықтан 0,9 кг материал алынады. Ерекше назар аударуға және кідіртпей өңдеуге жататын қалдықтарға түрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық катты қалдықтардың 41%і "айрыкша кауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда 33,5%і, Францияда 6%і, Ресейде 10%і, Ұлыбританияда — 3%і, Италия мен Жапонияда — 0,3%і. Жылына Москва каласынан шыгатын түрмыстық қалдыктың мөлшері 16 млн. м , Алматыдан 3 млн. м3 үстінде. Жылына үлксн калаларда бір адамға шаккапда жалпы 300 кг түрмыстық қалдық кследі, оның ішіндс азықтүлік қалдықтарының жылдық мөлщері 8090 кг. 1 т азықтүлік қалдықтарының күнарлығы орта есеішен 250 кг дәнді жсмшонтікінс парапар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне сүйенсек, осы молшерді жем рстінде мал осіру саласында пайдаланғанда 45 кгға дейін шошқа етін алуға болады. Түрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсак, онда әртүрлі ауруларды коздыратын ошақтың козін ашумен катар, біраз жер колемін иайдасыз жерге айналдырамыз. Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен ондеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайткыш, жанатын газ және синтетикалық мұнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да коптеген заттарды алуға болады. Ең алғашқы кокысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдык өнімділігі 150 мыц тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазандықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия онеркәсібіне, ал шыққан шлактар ққрылыс материалдарын өндіруге қолданылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі максатын орындаумен бірге, зауыт басқа ондірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді жылу, металл, шлактарды да шығарады. Мысалы, Москваның N1 коқыс жагатын зауытынан шыққан шлакты зергтеу аркылы алынған мәліметтерге (Г.И. Сидоренко, 1990 ж.) сүйенсек, жылына түрмыстық қалдық жинайтын жерге тек Москваның озінен мынадай көлемде металдар тасталады екен: Мо 8,3 т, Со 11,4 т, V 12,4 т, Ag 27,6 т, Ni 75 т, Sb 115 т, Sn 244 т, F 353 т, Сг 689 т, РЬ 1573 т, Си 2180 т, Zn 6762 т. Бүл мөлшер жыл бойына үлкен кен орындарынан алынатын мөлшерге эквивалентті. Санкт-Петербург маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жылдан бастап түрмыстық коқысты өндейтін зауыт кызмет етуде, оның ең нсгізгі піығаратын өнімі компост (тыңайткыш), біракта қоқыстың 30%і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш, металдан түратын болігі өңделінбейді. Жылдық өнімділігі 110 мың тонна тоңірегіндегі зауыт 1975 жылдан бастап Ташкентте іске қосылған. Жыл сайын түрмыстық қоқыстан 400 т қара жонс 5 т түсті металдар, 20 мыц т компост алынады. Компост деп микроорганизмдермсн ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мсн жануарлар қалдыктарынан шықкан органикалық тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға коң, коң бокпесі және құстар саңғырығы, шымтезек, қала сыпырындысы, ағаштардың түскен жапырақтары, сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар қолданылады. Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадағы осімдіктер сіңіруге қолайлы коректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мелшері жоғарылайды, патогснді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері азаяды, сонымен катар тыңайтқыш топыракка еңгізуге колайлы сусымалы түрде алынады. Өте тапшы органикалық тыңайтқыштардың (көң, шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануга жатады. Тұрмыстық қалдыктардың барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азыктүлік қалдықтардың мөлшері 20%тен томен болса, олардан түрмыстық тыңайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды кордаландыру аэробты микробтардың катысуымен жүретін биохимилық процесс. Бүл микробтардан өте көп молшерде жылу болініп шыққандыктан қоқыс 70 "Сге дейін қызады. Бүл жағдайда ауру коздыратып микробтар жойылып, шикізат қызып, түрмыстық тыңайткышка айналады. Табиғи жағдайда бүл процесс айлап жүрсе, зауыт жағдайында аэрация арқылы 23 күнде аякталады. Ал қалдыктарда азықтүлікке жататын компоненттер аз болса процестіц жүру жылдамдығы күрт томендейді. Түрмыстық коқысты қайта оңдеу үшін магниттік сепарация одісі де қолданылып келеді. Откізгіштігі жоғары магниттер парамагнитті заттарды боле алады, парамагниггік касист барлық органикалық заттарға тән. Сонымен қатар куатты магнитті өрісі бактериялардың көптеген түрін де жояды. Токио ғалымдары коқыс балкытатын пеш жасаған. Алдын-ала сортталған құрамында полимерлі материалдар, консерві банкілері және әйнек сынықтары бар қоспа пеште балқытылады, осының нәтижесінде қоспа көлемі 40 есеге дейін ыкшамдалынады. Балқытылған массаны тас жолдарын салуға, қыйыршық тастың орнына, колдануға болады. Соңгы жылдары халықтын шаруашылық және тұрмыстық кажеттерін канағаттандыру үшін энергия коздерінің (көмір, мұнай, газ) жетіспеуіне карай оларға теңдес алмастырғыш іздестірілуде. Осы энергетикалық дағдарыска байланысты соңгы кезде органикалық қалдықтардан отын есебінде колдануға болатын биогаз алуга үлкен үміт арттылуда. Биогаз дегеніміз органикалық қалдыктардың (сабан, арам шөптер, ағаш ұнтағы, т. б.) немесе баска да тұрмыстық органикалық қалдыктардыц ыдырау процестсрінде пайда болатын газдардың қосындылары. Биогаздың орташа құрамы: метан 55-60%, көмірқышқыл газы 35-40%, азот, сутек, оттек, күкіртті сутек қосындылары да болады. Өнеркәсіптік биогаз алу әдістері XIX ғасырдың аяғынан белгілі. Дүние жүзінде қазіргі шақта биогаз алу үшін 8 млн. қондырғы жұмыс істейді. Биогазды қант және сүт зауыттарының, мал шаруашылығының сүйык қалдықтарынан алуды жолға қою тиімді кследі. Биогаз алу процесі екі сатылы анаэробты жағдайда, яғни ауасыз жүргізіледі. Бірінші сатыда қышқыл түзупіі бактериялар арқылы күрделі органикалық заттектер (қалдыктарда бар белоктар, майлар мен комірсулары) арнайы биорсакторларда майлы кышқылдарга, спирггерге, сутекке, коміртек оксидіне және тагы да басқа бірқатар жай заттектсрге дейін ыдыратылады. Екінші сатыда метан түзуніі бактериялар қолданылып, бірінші сатыда түзілген қосылыстардан метан, көміртек диоксиді мен шамалы мөлшерде баска косылыстар алынады. Осы процестердің нәтижесінде болінген энергия жылу энергиясына ауытырылыгі субстратты жылытуға колданылады. Биогаз алу процестерін зерттей отырып көп елдердің (АҚШ, Франция, Жапония) ғалымдары бактериялардың метандық жоне басқа түрлерін алу әдістерін жасады; кейбір фирмалар осы микроорганизмдерді сатумен айналысуда. Осы жасанды бактерияларды колдану ашыту мен биогаз алу процестерін жылдамдатады, алынған биогаз фермаларда суды жылытуға, АҚШта, Қытайда, Бразилияда, Индияда, Жапонияда тамақ пісіруіе колданылады. Ресейде де биогаз алу әдісі жасалып, ол Воронеж облысында ірі шошқа осіретін фермаларда колданылып келе жатыр. Баска жануарлардыкіне Караганда шошка кондерінсн биогаз 1,5 есе көп алынады. Биогаз алганда биомассаны ащытуды нейтралды ортада (кышкылданбау үшін ок тас колданылады) +40 "С ... +60 С аралыгында суды откізбейтін ыдыстарда жүргізіледі. Ыдыстардың колемі 612 м\ биогаздың шығу өнімділігі тәулігіне 0,15 м3/м3. Пайдаланылатын қалдыктардың құрамында комірсулар массасы кои, ал азот аз болуы (С : N = 30 : 1) керек. Егерде азоттың мөлшері көп болса, аммиак түзіліп, метандык, бактериялардың өсуін тежейді, процесс нәтижесінде биогаздың түзілуі тоқтайды. Сондықтан азоты коп биомассаға (шошқалардың сұйық қалдықтары, бұршақ дақылдарының қалдықтары) көмірсутектерді (майдаланған сабан, қант құрағының сығындысы, кант кызылшасының қалдықтары) косады. Қазіргі кезде Украинаның Запорожье қаласында дүниежүзінде бірінші рет ресурсты қалпына келтіретін зауыт іске қосылып жатыр, куаттылығы — 10001500т/тәулігіне. Оның қалдықтарды өндеуге бағытталған технохимиялық, физикалық-химиялық және биотехнологиялық бөлімдері бар. Екінші реттік ресурстар биоотын, металлолом, құрылыс материалдары және т. б. ретінде өз қолдануларын табады. Қорытынды Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады.Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе баска өндірістсрге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев "Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" деп айтқан. Сонымен катар ол озат технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен кайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады.Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 миллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтсрге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс калдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. т түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады (4 млрд. т — тау-кен өндірісінікі, 1,1 млрд. т байыту фабрикаларыныкі және 105 млн. т металлургиялық өндеу процестерінен шыққан қалдыктар). Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының түндырғыштарында көп мөлшерде сұйык қалдыктар жинақталған. Қалдыктардың 70-75%-і тау-кен өнді-рістерінен, 20%-і байыту және қалғандары металлургия көәіпорындарынан пайда болады.Қалдықтардың негізгі көлемі тау-кен қазбаларынан, металлургия, химия, мүнай және газ, ағаш, қағаз, қүрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауылшаруашылығы мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады.Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едәуір, оны оларды дүрыс пайдаланғанда білуте болады. Өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру мәселесі шешілетін болса, ауылшаруашылығында пайдалануға жататын біраз жерлерді босатуға мүмкіншілік туады.Егерде қалдықтар шаруашылық айналымға түсірілсе, олар қоршаған ортаны жақсартумен қатар, жердегі шикізат корын да үнемдейтіні сөзсіз. Өнеркәсіп өндірістері дүниежүзілік шикізат корының күрт елеулі азаюына әкелді. Ғалымдардың болжауы бойынша, қазіргі пайдалану деңгейі сақталған жағдайда, мұнай мен газдың коры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс коры 100 жылға, көмір кенін 1700 жылдай уакыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи ресурстардын қоры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда, аз қалдықты немесе калдықсыз технологияларды жасау және халық шаруашылығының әртүрлі салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану арқылы көбейту қажет. Түсті металлургияда негізінде пайдалы элементтердің 2-3% ғана алынып, 97-98% пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Экология. А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Сайнова. Алматы, 2003ж. 2. Экология негіздері. Оқулық. 3. М.Молдахметов, А.М.Газалев, С.Д.Фазылов. Қарағанды, 2002 ж. 4. Экология негіздері. Ж.Ж. Жақанбаев. Алматы, 2003 ж. |