эссе по архитектуре. СРС 1. азастан Республикасындаы азаматты имараттар мен рылымдарды даму болашаы
Скачать 109.32 Kb.
|
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХЗСТАН Международная образовательная корпорация СРС (ЭССЕ) по дисциплине «Архитектура» На тему: « Қазақстан Республикасын-дағы азаматтық ғимараттар мен құрылымдардың даму болашағы » Выполнил (а) ст.гр: Қажымұрат А.Қ Проверила: Мурзалина Г.Б. Алматы 2020 Қазақстан Республикасын-дағы азаматтық ғимараттар мен құрылымдардың даму болашағы Ғимарат – сәулет өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі үлгідегі (жеке, көптекшелі, т.б.) тұрғын үйлер,қонақ үйлер, әр түрлі мақсатқа арнап салынған сарайлар (мәдениет сарайы, спорт сарайы, оқушылар сарайы, т.б.) мен мәдени-қоғамдық құрылыстар (театр, клуб, т.б.), мекеме үйлері, балабақша, мектеп үйлері мен басқа оқу орындары үйлері, кесенелер мен ғибадатханалар, дүкендер мен сауда үйлері, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының үйлері, т.б. архитектуралыққұрылыстар жатады. Ғимарат (парсыша – үй деген ұғымды білдіреді) салыну мақсатына және әр елдің ұлттық, тұрмыс-салт, кәсіби-мәдени, діни-қоғамдық, шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ салынатын орнының табиғи жағдайына,сәулетшінің талғамы мен жобасына да байланысты қилы-қилы үлгі мен түрлі кейіпте бола береді. Ғимарат міндеттеріне байланысты: өндірістік, азаматтық және ауылшаруашылық болып бөлінеді. Негізгі бөлім. Ғимараттар міндеттеріне байланысты әртүрлі болып бөлінеді. Бірақ олардың бәрін: азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық деген үлкен үш топқа бөлуге болады. Азаматтық ғимараттарға, адамдардың тұрмыстық және қоғамдық-мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған ғимараттарды жатқызады, мыса-лы: тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, театрлар, вокзалдар, дүкендер, мекеме-лер және тағы басқалар. Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың, зауыттардың, шеберханалардың, электр станцияларының, паровоз деполарының және тағы басқалардың корпустары кіреді. Ауылшаруашылық ғимараттарға, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: сиыр қоралар, шошқа қоралар, теплицалар (өсімдіктер өсіретін жылы жайлар), ауылшаруашылық өнім-дерінің қоймалары және басқалар. Ескеретін жағдай: бұндай бөлу белгілі мөлшерде шартты, себебі негіздері бірдей ғимараттардың кейбір түрлерін әртүрлі топтарға жатқызуға болады. Әр түрлі міндет атқаратын ғимараттардың сыртқы және ішкі пішіндерінің арасында бар өзгешіліктерде, үлкен айырмашылықтарға қарамастан, олардың бар-лығы өзара байланысқан, бірнеше негізгі сәулеттік-конструктивті, толығынан ай-қын функция атқаратын элементтерден тұрады. Ғимараттардың негізгі элементтерін келесі топтарға бөлуге болады : а) ғимараттарда пайда болатын, негізгі жүктеуді қабылдайтын, күштеу көтеруші; б) қоршаушы, бөлмелерді бөлуші, сонымен қатар атмосфералық әсерлерден оларды қорғаушы және ғимараттарда айқын температураны қамтамасыз етуші; в) күштеу көтеруші және қоршау функцияларын атқарушы элементтер. Ғимараттардың негізгі элементтеріне (немесе бөлімдеріне): іргетастар, қабырғалар, жабындар, бөлек тіректер, жабулар, қалқалар, сатылар, терезелер, есіктер, шамдар жатады (1.1 сурет). Жабындар тіке бағаналарға немесе, көбіне, олардың үстіне орналастырылған прогондар немесе ригельдер деп аталатын арқалықтардың (белағаштардың) үстіне сүйенеді. Бағаналар мен белағаштар ғимараттың ішкі қаңқасын құрастырады . Жабу ғимаратты үстіңгі жағынан атмосфералық тұнбалардан, күн сәулесінен және желден қорғаушы конструкция болып табылады. Жабудың жоғарғы су өткізбейтін қабығы шатыр деп аталады. Жабу шатыр жабынымен бірге ғимарат жабуын құрастырады. Көбіне азаматтық және өндіріс ғимараттары шатырсыз салынады. Бұл жағдайда шатыр жабынымен жабудың функциясын шатырсыз жабу деп аталатын бір конструкция атқарады. Қалқалар деп салыстырмалы, бір қабат шектерінде ішкі кеңістікті бөлуге қызмет етуге арналған жіңішке қабырғаларды атайды. Қалқалар әрбір қабатта жабындарға сүйенеді және өзіне меншікті салмақтан басқа, ешқандай жүктеуді алып жүрмейді . Сатылар(баспалдақтар) қабаттар арасын байланыстыру үшін қызмет етеді. Өртке қарсы ережелерге байланысты, саты торлары деп аталатын, арнайы, қабырғалармен қоршалған бөлмелерде орналастырылады. Бөлмелерді табиғи жарықпен жарықтандыру және оларды желдендіру үшін терезелер, ал көршілес бөлмелер мен бөлме арасын және сыртқы кеңістікпен қатынас үшін есіктер қызмет етеді. Бөлмелерге ірі жабдықтарды кіргізу немесе көлік құралдарын енгізу үшін кейбір жағдайларда есіктерден басқа қақпалар орналастырады. Күн тартарлар (фонарьлар) деп арнайы контрукцияларды атайды. Олар бөлмелерді жарықтандыру және желдету үшін (егер бұл мәселе терезелер көмегі арқылы шешілмесе) жабында орналастырылады. Негізінен күн тартарлар бір қабатты өнеркәсіп және салыстырмалы сирек азаматтық ғимараттарда құрылады. Жоғарыда келтірілгендерден басқа, конструктивті элементтер бар, (мысалы: балкондар, кіріс алаңдар, терезелер алды орлар, үй астылар және тағы басқалар). Оларды ешбір көрсетілген топтарға жатқызуға болмайды. Талап қойылатын еңбектің гигиеналық және тұрмыстық шарттарын қамтамасыз ету үшін, ғимарат арнайы санитарлық-техникалық және инженерлік қондырғылармен (жылыту, желдету, газбен қамтамасыз ету, тамақ дайындауға арнал-ған плиталар немесе пештер, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, канализа-ция, қоқыстарды шығару, жасанды жарықтандыру, радиоландыру және тағы бас-қалармен) жабдықталады. Ғимаратта іргетастар, қабырғалар, бөлек тіректер, ригельдер, жабындар не-гізгі күш көтеруші контрукциялар болып табылады және жиынтықта ғимараттар-дың негізгі қаңқасын құрастырады. Негізгі қаңқа ғимаратқа ықпал ететін жүктеу-лерді қабылдауы және барлық мүмкін ыңғайсыз комбинацияларда әсерлі күштерге оның кеңістікті қаттылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиісті. Негізгі қаңқа түріне байланысты көбінесе қолданылатын ғимараттардың конструктивті желілері келесідей бөлінеді: - сыртқы және ішкі жүктеу көтеруші қабырғалы ғимараттар; - қаңқалы ғимараттар, бұларда барлық жүктеуді тіректер жүйесі (бағаналар) қабылдайды. Соңғылар көлденең байланыстармен бірге (арқалықтар, белағаштар) жиын-тықта ғимарат қаңқасын құрастырады . Жабу ғимаратты үстіңгі жағынан атмосфералық тұнбалардан, күн сәулесінен және желден қорғаушы конструкция болып табылады. Жабудың жоғарғы су өткізбейтін қабығы шатыр деп аталады. Жабу шатыр жабынымен бірге ғимарат жабуын құрастырады. Көбіне азаматтық және өндіріс ғимараттары шатырсыз салынады. Бұл жағдайда шатыр жабынымен жабудың функциясын шатырсыз жабу деп аталатын бір конструкция атқарады. Қалқалар деп салыстырмалы, бір қабат шектерінде ішкі кеңістікті бөлуге қызмет етуге арналған жіңішке қабырғаларды атайды. Қалқалар әрбір қабатта жабындарға сүйенеді және өзіне меншікті салмақтан басқа, ешқандай жүктеуді алып жүрмейді . Сатылар(баспалдақтар) қабаттар арасын байланыстыру үшін қызмет етеді. Өртке қарсы ережелерге байланысты, саты торлары деп аталатын, арнайы, қабырғалармен қоршалған бөлмелерде орналастырылады. Қорытынды: Азаматтық ғимараттарға мектеп, ауруана және тағы басқалар жатады, яғни олар адамдарға тікелей байланысты. Адамдар осындай ғимараттарда оқиды, емделеді және тағы басқа. Азаматтық ғимараттар болмаса бұл өмірді елестету мүмкін емес сияқты. |