Главная страница
Навигация по странице:

  • Диплом алды практикадан өту туралы күнделік – есеп Білім алушы

  • Науқастардың анализдерін талдау

  • Гемоглобин жоғарылау себебі

  • Гемоглобин төмен болу себептері

  • Эритроциттер төмендеу себебі

  • Эритроциттер санының жоғарылау себебі

  • Лейкоциттердің жоғарылау себептері

  • Вирусты инфекциялық аурулар

  • Гематокрит

  • Гематокрит төмендеу себебі: Анемия,Бүйрек жетіспеушілігі;Жүктіліктің екінші жартысы;Лейкоцитарлы формула

  • Нейтрофилдер Сегментоядролы форма 47-72%

  • Тромбоциттер жоғарылау себебі: (тромбоцитоз)

  • Тромбоциттердің төмендеу себебі (тромоцитопени)

  • ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығы)

  • шпаргалки. Юсупова Алмагүл 102. Диплом алды практикадан ту туралы кнделік есеп Білім алушы Юсупова Алмагл 09. 04. 2021


    Скачать 188.14 Kb.
    НазваниеДиплом алды практикадан ту туралы кнделік есеп Білім алушы Юсупова Алмагл 09. 04. 2021
    Анкоршпаргалки
    Дата29.04.2021
    Размер188.14 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЮсупова Алмагүл 102.docx
    ТипДиплом
    #200145
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    Техникалық және кәсіптік, орта

    білімнен кейінгі білім беру

    ұйымдары үшін кәсіптік

    практиканы ұйымдастыру мен

    өткізу қағидаларын және

    практика базалары ретінде

    кәсіпорындары (ұйымдарды)

    айқындау қағидаларына

    Диплом алды практикадан өту туралы күнделік – есеп

    Білім алушы: Юсупова Алмагүл

    09.04.2021

    Р/с №

    Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған)

    Жұмыстарының атауы

    Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері

    Диплом алды практика жетекшісінің қолы

    Басталуы

    аяқталуы




    Науқастардың анализін талдау.
    Жедел коронарлық синдром кезінде жедел көмек көрсету.










    Науқастардың анализдерін талдау

    Қ
    алыпты жағдайдағы ЖҚА


    Гемоглобин. Ер адамдарда 130-160 г/л, әйелдерде 120-140 г/л

    Гемоглобин (Hb) –бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз). Гемоглобин эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі грамм/литр. Гемоглобин деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды, себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады.

    Гемоглобин жоғарылау себебі:
    Сусыздану (су ішудің азаюы, шөлдеу, бүйрек жұмысының бұзылуы, қант диабеті, көп мөлшеде құсу және іш өту, зәр айдағыш заттарды пайдалану);
    Жүректің немесе өкпенің туа пайда болған ақауы;
    Жүрек немесе өкпе жетіспеушілігі;
    Бүйрек аурулары (бүйрек артериясының стенозы, қатерсіз ісіктер)
    Қан түзу ағзаларының аулары (эритемия);


    Гемоглобин төмен болу себептері:
    Анемия,
    Лейкоз;
    Қан жүйесінің туа пайда болған аурулары (талассемия, орақ тәрізді анемия);
    Темір жетіспеу;
    Дәрумендер жетіспеу;
    Ағаза шектен тыс ару (истощение);
    Қан жолғалту;
    Эритроциттер
    Эритроциттер –қанның қызыл түйіршіктері. Бұл қанның ең көп жасушалары. Негізгі қызметі оттегіні тасымалдау, оны ағза тіндеріне жеткізу. Эритроциттер түрі екі жағынан ішке қарай дөңес диск. Эритроцит ішіде көп мөлшерде гемоглобин болады. Қызыл дискінің көп бөлігін дәл сол алып жатады.

    Эритроциттер төмендеу себебі:
    Эритроциттер санының төмендеуі анемия деп аталады. Бұл патологиялық жағдайдың себептері көп, және ол әрдайым қан түзу жүйесімен байланысты емес.
    Дұрыс тамақтанбау (белок және дәрумендерге кедей тағам);
    Қан жоғалту;
    Лейкоздар;
    Гемолиз (токсикалық заттардың немесе аутоиммунды процесс арқасында қан жасушаларының өлуі)


    Эритроциттер санының жоғарылау себебі:
    Ағзаның сусыздануы (көп құсу, диарея, сұйықтық ішуді азайту);
    Эритемия

    Жүрек және өкпенің аурулары. Өз кезегінде тыныс алу және жүрек қызметінің жетіспеушілігіне алып келетін;
    Бүйрек артериясының стенозы;


    Лейкоциттер
    Лейкоциттер қан ағымындағы ақ түсті жасушалар. Бұл жасушалар иммунды жүйенің негізі десе болады. Ағзаға инфекция, токсикалық заттар, бөгде заттар түскенде осы лейкоциттер сонымен күресіп, ағзаны қорғайды. Лейкоциттердің түзілуі қызыл сүйек кемігінде және лимфа түйіндерінде жүреді. Лейкоциттер бірнеше түрге бөлінеді, олар: нейтрофильдер, базофильдер, моноциттер, лимфоциттер. Олардың әрқайсысы сыртқы түріне және атқаратын қызметіне байланысты ажыратылады.

    Лейкоциттердің жоғарылау себептері:
    Физиологиялық лейкоциттердің жоғарылау:
    Тағам қабылдаудан кейін,;
    Белсенді физикалық жүктемеден кейін;
    Жүктіліктің екінші жартысында;
    Егу жасалғаннан кейін;
    Етеккір кезінде;
    Қабыну реакциясы кезінде (патологиялық):

    Іріңді қабыну аурулары (абсцесс, флегмона, бронхит, гайморит, аппендицит және т.б);
    Күйіктер және травмалар;
    Операциядан кейін;
    Ревматизмнің асқыну кезінде;
    Онкологиялық аурулар кезінде;
    Лейкоз кезінде (иммунды жүйе стимуляциясы жүргенде);
    Лейкоциттердің төмендеу себебі:

    Вирусты инфекциялық аурулар (тұмау, вирусты гепатит, сепсис, қызамық, малярия, қызылша, эпидемиялық паротит, ЖИТС және т.б);
    Ревматикалық аурулар (ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі);
    Лейкоздардың кейбір түрлері;
    Гиповитаминоз;
    Ісіктерге қарсы препараттар (цитостатиктер, стероидты препараттар);
    Сәулелі ауру;


    Гематокрит – зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді.
    Гематокрит жоғарылау себептері:
    Эритемия;
    Жүрек немесе тыныс жетіспеушілігі;
    Сусыздану (көп мөлшердегі құсу, диарея, қүйіктер, диабет)
    Гематокрит төмендеу себебі:
    Анемия,
    Бүйрек жетіспеушілігі;
    Жүктіліктің екінші жартысы;
    Лейкоцитарлы формула
    Лейкоцитарлы формула бұл лейкоциттердің әр түрлерінің жалпы қандағы пайыздық қатынасы. Әртүрлі патологиялық жағдайларда осы пайыздық көрсеткіштер өзгеріске ұшырайды.

    Нейтрофилдер Сегментоядролы форма 47-72%
    Таяқшаядролы форма 1- 6%
    Эозинофил 0,5-5%
    Базофил 0-1%
    Моноциттер 3-11%
    Лимфоциттер 19-37%

    Лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы қалыпты жағдайда тек сүйек кемігінде болатын жас, жетілмеген нейтрофилдердің қанда пайда болуы және мөлшерінің көбеюін айтады. Мұндай жағдай жеңіл және ауыр түрдегі инфекциялық аурулар кезінде, қабыну аурулары кезінде (ангина, малярия, аппендицит), сонымен қатар қан жоғалту кезінде, дифтерия, пневмония, скарлатина, сепсис және интоксикация кезінде байқалады.

    Лейкоцитарлы формуланың оңа жылжуы қанда кәрі, яғни сегментоядролы нейтрофильдердің көбеюін атайды. Мұндай көрініс радиациялық фоны жоғары аумақта тұратын сау адамдарда байқалады. Сонымен қатар В12 жетіспеушілік анемия, фолий қышқылының жетіспеушілігі, өкпенің созылмалы аурулары бар және обструктивті бронхитпен ауыратын адамдарда кездеседі.

    Тромбоциттер

    Тромбоциттер кіші көлемдегі ядросыз жасушалар. Негізгі қызметі қаню ұюға қатысу. Соның арқасында зақымдалған тамыр жылдам тромбтармен жабылып, қан ағу тоқтайды.
    Тромбоциттер нормасы 180 — 320×109 клеток/л

    Тромбоциттер жоғарылау себебі: (тромбоцитоз):

    Көкбауырды алу;
    Қабыну процестері (ревматизм асқынуы, остеомиелит, туберкулез, басцесс);
    Анемиялардың әр түрлері (гемолитикалық, теміржетіспеушілік),
    Хирургиялық операциядан кейін;
    Әртүрлі локализацияда орналасқан рак;
    Физикалық қажу;
    Эритемия;
    Тромбоциттердің төмендеу себебі (тромоцитопени):
    Қан жүйесінің туа пайда болған аурулары;
    Идиопатиялық аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура;
    Дәрілік тромбоцитопения;
    Жүйелі қызыл жегі;
    Инфекциялар (вирусты, барктериалды);
    Апластикалық анемия;
    Evans синдромы (аутоиммунды гемолтикалық анемия және тромбоцитопения);
    Қан құю;
    Шала туылған балалар;
    Жүрек жетіспеушілігі;
    Бүйрек венасының тромбозы;

    ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығы)
      Сау адамдарда эритроциттер мембранасы теріс зарядта болып, бір бірінен тебіледі (алшақтайды). Бұл олардың тұну жылдамдығын баяулата түседі.Бірақ кейбір ауруларда қанда келесідей өзгерістер туындайды:
    Фибриноген мөлшері көбейеді. Сонымен қатар альфа- және гамма-глобулин және С-реактивті белок жоғарылайды. Бұлар эритроциттер бетіне жабысып, олардың салмағы жоғарылауына алып келеді.
    Альбумин концентрациясы төмендеу. Мұндай жағдайда эритроциттер жабысуына кедергі туады.
    Қанның электролиттік балансы жоғарылайды. Соның әсерінен эритроциттер заряды өзгеріп, олар бір бірінен тебілмейтін болады.
    Осындай өзгерістер нәтижесінде қанның қызыл түйіршіктері бір бірімен жабысады. Біріккен және ауырлаған эритроциттер пробирка түбіне жылдам түсетін болады. Нәтижесінде ЭТЖ жоғарылайды.

    Қалыпты жағдайдағы ЖЗА





      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта