шпаргалки. Юсупова Алмагүл 102. Диплом алды практикадан ту туралы кнделік есеп Білім алушы Юсупова Алмагл 09. 04. 2021
Скачать 188.14 Kb.
|
Зәр қышқылдығыЗәр қышқылдығы өзгеріске көп ұшырайтын көрсеткіштердің бірі. Бір күн ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай үлкен көрсеткіштерге дейін өзгеруі мүмкін. Мұның себебі қан қышқылдығын (PH) реттеуге бүйрек қатысып, артық қышқылды заттарды зәрмен шығарып отырады.
Зәр қышқылдығының төмендеу себебі (pH >7): Қанның қышқыл –сілтілік балансының бұзылуы (тыныстық немесе метаболикалық алкалоз) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі Бүйректік каналшалық ацидоз Қандағы калий деңгейінің жоғарылауы Қалқанша маңы безінің гормонының жоғарылауы (паратгормон) Өсімдік тектес тағамдармен ғана тамақтану Ұзақ уақытқа созылған құсу Несеп жыныс жүйесінің кейбір инфекциялары (уреаплазмоз) Дәрілік заттарды қабылдау – никотинамид, адреналин Бүйрек және қуық ісіктері Зәрдің қышқылдығының жоғарылау себебі (pH<4) Қанның қышқыл –сілтілік балансының бұзылуы (тыныстық немесе метаболикалық ацидоз) Қандағы калий деңгейінің төмендеуі Сусыздану (құсудан басқа себептер) Аштық Қант диабеті Жоғары температура Дәрілік заттарды қабылдау: аспирин, метионин, диакарб Етті тағамдарды көп пайдалану Зәрдегі белок
Зәрде белок (ақуыз) пайда болуы әрдайым бүйрек зақымдалуымен байланысты бола бермейді. Зәрдегі белок (альбуминурия) несепағар, қуық қабынуы, уретрит кезінде пайда болуы мүмкін. Кейде белок сау адамдарда аса күшті физикалық жүктемеден кейін пайда болады. Сонымен қатар зәрде белок 7-16 жас аралығындағы физикалық дамуы нашар балалар мен жүкті әйелдерде көрінеді. Альбуминурия бүйректен тыс түрі аллергиялық реакция, лейкоз, эпилепсия, жүрек жетіспеушілігі кезінде болады. Бұлардың барлығы функционалды альбуминурия Енді патологиялық альбуминурияны қарастырайық. Оның себебі әрдайым бүйрекпен байланысты, сондықтан бүйрек ауруын көрсетеді 3-5% аралығындағы альбуминурия жедел гломерулонефритке тән, 0,5-1% – созылмалы пиелонефрит және гломерулонефритке тән көрініс. Нефроз кезінде зәрде белок жоғары көрсеткішке жетеді (3% жоғары). Сондықтан зәрдегі белок (ақуыз) анықтау аса маңызды диагностикалық тестердің бірі. Зәрдегі глюкоза (қант)
Зәрде глюкоза анықталу негізгі себебі қант диабеті немесе бүйрек жұмысының бұзылуы. Мұндай жағдайда қосымша зерттеу қажет. Зәрдегі глюкоза (қант) пайда болу себебі: Нефротикалық синдром Қант диабеті Желдел панкреатит Бүйректік диабет Кушинг синдромы Феохромоцитома Жүктілік Тәтті тағамдарды шектен тыс пайдалану Зәрдегі кетон денелеріКетон денелеріне – ацетон, ацетосірке қышқылы (ацетоуксусная кислота) және оксимай қышқылы жатады.
Зәрде кетон денелерінің пайда болуы, ағзадағы зат алмасудың бұзылуынан пайда болады. Бұл ағзадағы әртрүрлі схемадағы патологиялқы процесстер кезінде пайда болуы мүмкін. Зәрде кетон денелерінің пайда болу себебі Қант диабеті Алкогольді интоксикация Жедел панкреатит Балалардағы ацетемиялық құсу Ұзақ ашығу Тағам рационында белокты және майлы тағамдар көп болуы Орталық жүйке жүйесімен байланысты травмалар Қалқанша безі гормонынының көп бөлінуі (тиреотоксикоз) Иценко Кушинга ауруы |