Главная страница
Навигация по странице:

  • ЭКГ түсіру.

  • Кардиогендік шок

  • Қауіп-қатерлі факторлар

  • Кардиогендік шоктың емдік бағдарламасы

  • 1. Өкпеде айқын іркіліс болмаса

  • 2. Өкпеде айқын іркіліс жəне ОВҚ жоғарылаған белгілер болмаса

  • Негізгі асқынулар мен қауіптер

  • Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі

  • шпаргалки. Юсупова Алмагүл 102. Диплом алды практикадан ту туралы кнделік есеп Білім алушы Юсупова Алмагл 09. 04. 2021


    Скачать 188.14 Kb.
    НазваниеДиплом алды практикадан ту туралы кнделік есеп Білім алушы Юсупова Алмагл 09. 04. 2021
    Анкоршпаргалки
    Дата29.04.2021
    Размер188.14 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЮсупова Алмагүл 102.docx
    ТипДиплом
    #200145
    страница5 из 5
    1   2   3   4   5

    Диплом алды практикадан өту туралы күнделік – есеп

    Білім алушы: Юсупова Алмагүл

    12.04.2021

    Р/с №

    Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған)

    Жұмыстарының атауы

    Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері

    Диплом алды практика жетекшісінің қолы

    Басталуы

    аяқталуы

    1

    ЭКГ – түсіру .
    Кардиогенді шок кезінде жедел көмек көрсету.










    ЭКГ түсіру.

    1. Науқасты белдікке дейін шешіндіріп,балтырларын да киімдерінен босату.
    2. Науқасты кушеткаға шалқасынан жатқызу.
    3. Білектерін және балтырларының төменгі тұстарын ылғалдандыратын гелмен сүрту.
    4. Ылғалданған теріге бекітетін қысқыштар арқылы электродтардың металл пластинкаларын қою.
    5. Электродтардың металл пластинкаларын бекіту реті:
    • Оң қолға – қызыл электрод
    • Сол қолға – сары электрод
    • Сол аяққа – жасыл электрод
    • Оң аяққа – қара электрод
    6. Кеуденің электродтар қойылатын тұстарына ылғалдандыратын гелді сүрту.
    7. Науқастың кеудесіне электродтарды 6 позицияда резеңке сорғыштар жәрдемімен бекіту:
    - IV қабырға аралығы төстің оң қыры
    - IV қабырға аралығы төстің сол қыры
    - IV- V қабырға аралығы сол төс маңы сызығы
    - V қабырға аралығы бұғана орта сызығы
    - V қабырға аралығы сол қолтық алды сызығы
    - V қабырға аралығы сол қолтық орта сызығы
    8. ЭКГ аппаратын қосып, «жүргізу» тетігін басу арқылы ЭКГ жазу ( әр тіркемеде үш жүрек комплексінен кем жазылмауы тиіс).
    9. 12 тіркемеде ЭКГ –ны жазып болғаннан кейін аппаратты ажырату. Науқастың денесіндегі электродтарды алу.
    10. ЭКГ таспасына науқастың аты-жөні, жасы, ЭКГ түсірілген күні жазылады.

    Кардиогендік шок – миокардтың жиырылу қасиетінің айқын төмендеуімен сипатталатын сол жақ қарынша жеткіліксіздігінің ауыр дəрежесі, ол тамырлық кедергінің жоғарылауымен қалпына келмейді жəне барлық тіндер мен ағзалардың, бəрінен бұрын тіршілік үшін маңызды ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына əкеледі. Өлім-жітім 70%-тен 95%-ке дейін.

    Қауіп-қатерлі факторлар:

    1. Миокардтың жайылмалы трансмуральді инфаркті.

    2. Миокардтың қайталамалы инфаркттары, əсіресе ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылысымен жүретін.

    3. Сол жақ қарынша миокарды массасының 40% жоғары немесе тең некроз аймақтары.

    4. Миокардтың жиырылу функциясының төмендеуі.

    5. Жіті коронарлық окклюзия дамуының алғашқы сағаттары мен күндерінен кейін басталатын ремодельдеу процесі нəтижесінде жүректің насостық функциясы төмендеуі.

    6. Жүрек тампонадасы.

     

    Нағыз кардиогендік шок

    Шағымдары: айқын сезілетін жалпы əлсіздік, бас айналу, “көз алдындағы тұман”, жүрек қағуы, төссүйек артындағы ауыру сезімі, тұншығу.
     1. Шеткі қанайналым бұзылу симптомдары:

    - сұр цианоз немесе бозғылт цианозды, “мəрмəр түсті”, ылғалды тері;

    - акроцианоз;

    - венаның жабылуы;

    - суық алақан мен табан;

    - шеткі қанайналымы жылдамдығының азаюы.
    2. Естің бұзылуы: тежелу, қозу.

    3. Олигурия (диурездің 20 мм/ сағ-тан төмендеуі, ауыр ағымда-анурия).

    4. Систолалық АҚ-ның 90 – 80 мм с.б.-нан төмендеуі.

    5. Пульстік АҚ-ның 20 мм с.б.- нан төмен түсуі.
     

    Перкуссия бойынша жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі, аускультацияда жүрек тондары тұйық, аритмия, тахикардия, протодиастолалық шоқырақ ырғағы. (айқын байқалатын солқарыншалық жетіспеушілік). Тыныс алуы жиі, үстіртін.Кардиогендік шоктың ауыр ағымы жүрек демікпесі мен өкпе ісінуінің дамуымен сипатталады. Тұншығу пайда болады, көбік қақырықты жөтел. Өкпе перкуссиясында төменгі бөліктерде перкуторлық  дыбыс тұйықталған. Осы жерде крепитация жəне ұсақ көпіршікті сырылдар. Альвеолалық ісіну дамығанда сырылдар өкпенің 50%-тен жоғары бетінде естіледі.
     Диагноз систолалық АҚ-ның 90 мм Hg төмен түсуіне, гипоперфузия жəне өкпелік жеткіліксіздігінің клиникалық белгілеріне негізделген


    Кардиогендік шоктың 3 ауырлық дəрежесін бөледі:

    1. Бірінші дəрежесі:

    - ұзақтығы 3-5 сағаттан артық емес;

    - АҚ систолалық 90 -81 мм Hg;

    - пульстік АҚ 30 - 25 мм Hg;

    - шок симптомдары əлсіз;

    - жүректік жеткіліксіздік жоқ немесе əлсіз;

    - емдік шараларға тез тұрақты прессорлық реакция береді.
     

    2. Екінші дəрежесі:

    - ұзақтығы 5 – 10 сағ.;

    - АҚ систолалық 80 – 61 мм Hg;

    - пульстік АҚ 20 – 15 мм Hg;

    - шок симптомдары айқын;

    - айқын солқарыншалық жіті жеткіліксіздік симптомдары;

    - емдік шараларға прессорлық реакциясы баяу, тұрақсыз.
     

    3. Үшінші дəрежесі:

    - 10 сағаттан ұзақ;

    - систолалық АҚ 60 мм Hg төмен, 0-ге дейін түсуі мумкін;

    - пульстік АҚ 15 мм Hg төмен;

    - шоктың ағымы ауыр;

    - жүректік жеткіліксіздігінің ағымы ауыр, өкпе ісінуі қарқынды;

    - емдік шараға прессорлық реакция жоқ, ареактивті жағдай дамиды.

    Кардиогендік шоктың емдік бағдарламасы:

    1. Жалпы шаралар:

    1.1. Ауырсынуды тыю.

    1.2. Оксигенотерапия.

    1.3. Тромболитикалық терапия.

    1.4. ЖЖЖ коррекциясы, гемодинамикалық мониторинг.

    2. Сұйықтықты көк тамырға енгізу.

    3. Шеткері тамырлық кедергіні азайту.

    4. Миокардтың жиырылуын күшейту.

    5. Аортаішілік баллонды контрапульсация.

    6. Хирургиялық ем.

    Жедел көмекті кезең бойынша жүргізеді, алдыңғысынан əсер болмаса келесісіне көшеді.

    1. Өкпеде айқын іркіліс болмаса:

    - науқастың аяғын 20° бұрыш деңгейінде көтеріп қойып жатқызу;

    - оксигенотерапия жүргізу;

    - ауырсынуды тыю – морфин 2 – 5 мг к/т, 30 мин кейін қайталап немесе фентанил 1-2 мл 0,005% (0,05 - 0,1 мг дроперидолмен 2мл 0,25% венаға, психомоторлық еліру болса диазепам 3-5 мг.;

    - тромболитиктер көрсетімдер бойынша;

    - гепарин 5000 ЕД венаға жылдам;

    - ЖЖЖ коррекциясын жасау.
     

    2. Өкпеде айқын іркіліс жəне ОВҚ жоғарылаған белгілер болмаса:

    - АҚ ОВҚ, тыныс жиілігін, өкпе мен жүректің аускультациялық көріністерін бақылап отырып, 200 мл 0,9% натрий хлориді венаға 10 минут аралығында құяды;

    - трансфузиялық гиперволемия белгілері болмағанда реополиглюкин немесе декстран немесе 5% глюкоза ерітіндісін 500 мл/сағ-қа дейін жылдамдықпен инфузиялық терапияны жалғастырады, əрбір 15 минут сайын көрсеткіштерді бақылап отыру керек;

    - тез арада АҚ тұрақтандыру мүмкін болмаса келесі этапқа көшү керек.

     3. Венаға сұйықтық құюға қарсы көрсетімдер бар жағдайда немесе олар көмектеспесе, перифериялық вазодилататорларды қолдану – натрий нитропруссиді 15 - 400 мкг/мин жылдамдықпен немесе изокет 10 мг инфузиялық ерітіндіде к/т тамшылатып.
     4. Допамин (200 мг-ды 400 мл 5 % глюкоза ерітіндісіне қосып венаға инфузия түрінде) ең қажетті артериалық қысымға жеткенше 5 мкг/кг/мин-тан жылдамдықпен құю керек;

    Эффект болмаса – қосымша норадреналин гидротартратының 4 мг-ын 200 мл 5% глюкоза ерітіндісінде к/т, енгізу жылдамдығын 5 мкг/мин-тан қажетті минимальды артериялық қысымға жеткенше.
     

    Негізгі асқынулар мен қауіптер:

    - артериалық қысымды тұрақтандыра алмау;

    - артериялық қысым жоғарылауында немесе сұйықтықты көк тамырға енгізгендегі өкпе ісінуі;

    - тахикардия, тахиаритмия, қарыншалардың фибрилляциясы;

    - асистолия;

    - ангинозды ауырудың қайталауы;

    - бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі.
     

    Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

    1. *Морфин гидрохлориді 1% 1 мл, амп.

    2. *Гепарин 5 мл фл, 1 мл-ге активтілікпен 5000 Бір.

    3. *Алтеплаза 50 мг инфузиялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, фл.

    4. *Стрептокиназа 1 500 000 ХБір., ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, фл.

    5. *Натрий хлориді 0,9% 500 мл, фл.

    6. *Глюкоза 5% 500 мл, фл.

    7. *Реополиглюкин 400 мл, фл.

    8. *Допамин 4% 5 мл, амп.

    Білім алушының қолы __________________

    2021ж. “12сәуір

    __________________________________________________________________

    (Диплом алды практиканың тікелей жетекшісі)

    2021ж. “12сәуір

    2. Білім алушының мадақтамалары мен жазалары

    __________________________________________________________________

    3.Кәсіпорыннан (ұйымнан) диплом алды практика жетекшісінің қорытындылары

    __________________________________________________________________

    Кәсіпорыннан (ұйымнан) диплом алды практика жетекшісінің қолы

    _____________________

    2021ж. “12” сәуір
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта