Главная страница
Навигация по странице:

  • Жедел коронарлық синдром кезіндегі жедел көмек

  • Этиологиясы

  • Некроздың орналасуы бойынша

  • Асқынуының болуына байланысты

  • Асқынулары

  • Диплом алды практикадан өту туралы күнделік – есеп Білім алушы

  • Науқасты УДЗ ға дайындау

  • Асқазанды рентгендік зерттеуге науқасты дайындау

  • Науқасты ирригоскопияға дайындау

  • Урологиядағы рентгенологиялық зерттеу

  • Науқасты холецистографияға дайындау

  • Науқасты холеграфияға дайындау

  • Жедел қан тамыр жетіспеушілігінде ( естен тану, коллапс, шок) жедел көмек көрсету

  • Клиникалық үш кезеңнен тұраады

  • 2 кезең – қысқа уақытқа естен тану.

  • Начало формы

  • Коллапс кезінде жедел көмек көрсету

  • Патогенитикалық терапия

  • Кардиогенді коллапста – миокард инфарктісін емдеу.

  • Шок кезінде жедел көмек көрсету

  • Патогенитикалық терапия шоктың себебіне байланысты.

  • шпаргалки. Юсупова Алмагүл 102. Диплом алды практикадан ту туралы кнделік есеп Білім алушы Юсупова Алмагл 09. 04. 2021


    Скачать 188.14 Kb.
    НазваниеДиплом алды практикадан ту туралы кнделік есеп Білім алушы Юсупова Алмагл 09. 04. 2021
    Анкоршпаргалки
    Дата29.04.2021
    Размер188.14 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЮсупова Алмагүл 102.docx
    ТипДиплом
    #200145
    страница4 из 5
    1   2   3   4   5

    Зәрдегі билирубин


    Билирубин –  қалыпты жағдайда билирубин өт құрамында болып, ішекпен сыртқа шығады. Бірақ кей кездерде қанда билирубин деңгейі аса жоғары болғанда, бұл затты сыртқа бөлу қызметін бүйрек те атқарады..

    Зәрдегі билирубин деңгейі

    Қалыпты жағдайда билирубин зәрде болмауы керек

    Билирубиннің зәрде пайда болу себебі

    Гепатит

    Бауыр циррозы

    Бауыр жетіспеушілігі

    Өт тас ауруы

    Виллебранд ауруы

    Қандағы эритроциттердің массивті ыдырауы (малярия,токсикалық гемолиз, гемолитикалық ауру, орақ тәрізді анемия)

    Жедел коронарлық синдром кезіндегі жедел көмек

    Жедел коронарлы синдром
    Жедел коронарлы синдром-тұрақсыз стенокардияға немесе жедел миокард инфарктісіне күдік тудыратын симптомдар немесе клиникалық белгілер жиынтығы. Жедел коронарлы синдромға жедел миокард инфарктісі, ST–жоғарылауымен миокард инфарктісі,
    ST-жоғарылауынсыз миокард инфарктісі, биомаркерлер бойынша, немесе ЭКГ белгілері бойынша, ферменттер өзгерісі бойынша анықталған миокард инфарктісі және тұрақсыз стенокардия жатады. Термин осы аталған жағдайлардың соңғы диагнозына дейінгі емдеу тактикасын таңдау қажеттілігіне байланысты пайда болған.
    ST жоғарылауымен жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну немесе дискомфорт және электрокардиограммадағы ST сегментінің тұрақты жоғарылауы немесе
    «жаңа» (алғаш пайда болған немесе пайда болуы мүмкін) Гисс шоғыры сол аяғының толық блокадасы тән. ST сегментінің тұрақты жоғарылауы коронарлы артерияның жедел толық бітелуін көрсетеді.Бұл жағдайда емдеудің негізгі мақсаты тамыр бітелуін тез және тұрақты жою. Осы мақсатта тромболитиктер қолданылады (егер қарсы көрсеткіштері болмаса).
    ST жоғарылауынсыз жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну және элекрокардиограммада жедел ишемия белгілерінің болуы, бірақ ST сегментінің жоғарыламауы тән. Бұл науқастарда ST сегментінің тұрақты немесе өтпелі депрессиясы, Т тісшесінің инверсиясы, тегістелуі болуы мүмкін. Түскен кезде ЭКГ қалыпты болуы да мүмкін. Бұл науқастарда ишемияны және симптомдарды жою, ЭКГ-ны қайталап түсіріп бақылау және миокард некрозының маркерлерін (жүрек тропониндері, креатинфосфокиназа) анықтау қажет. Мұндай науқастарды емдеуде тромболитиктер қолданбайды.
    Тұрақсыз стенокардия-ауырлығы және ұзақтығы миокард некрозын тудыруға жеткіліксіз жедел миокард ишемиясы. ЭКГ-да ST жоғарылауы жоқ, қанда миокард инфарктісі диагнозын қоюға жеткілікті мөлшердегі миокард некрозының биомаркерлері жоқ.


    Этиологиясы.
    -коронарлы артериялардың тромбозы
    -коронарлы тамырлардың ұзақ спазмы
    -миокардтың оттегіне қажеттілігінің кенеттен жоғарылауы
    Патогенезі.
    -коронарлы тамырлардың бітелуі
    - миокардтың оттегімен жеткіліксіз қамтылуы
    - жүрек бұлшық етінің некрозы
    Жіктелуі.
    Клиникалық өтуіне байланысты келесі түрге бөледі:
    - ауырсынулы
    -абдоминалды
    -демікпелі
    -аритмиялы
    - цереброваскулярлы
    - симптомсыз
    Некроздың орналасуы бойынша:
    -сол жақ қарынша инфаркті (алдыңғы, перделік, артқы)
    -оң жақ қарынша инфаркті (өзіндік диагноз болып табылмайды, төменгі миокард инфарктімен бірге дамиды)
    Жүрек бұлшық етінің зақымдануының тереңдігіне байланысты:
    -Q-қалыптасатын (транс-муральды немесе ірі ошақты). Аурудың алғашқы сағаттарында ST жоғарылауымен және кейіннен Q тісшесінің қалыптасуымен сипатталады.
    -Q- қалыптаспайтын (трансмуральды емес немесе ұсақ ошақты).Q тісшесінің қалыптасуы тән емес, теріс Т тісшелерімен сипатталады.
    Асқынуының болуына байланысты:
    -асқынусыз.
    -асқынумен.
    Клиникалық белгілері.
    Төс артындағы және жүрек тұсындағы қысып немесе батып ауырсыну. Ауырсыну стенокардияның әдеттегі ұстамасынан күштірек, әдеттегіден ұзақ, 15 минуттан көп сақталады. Ауырсыну сол жақ немесе оң жақ қолға, мойынға,төменгі жаққа, сол жақ жауырын астына, эпигастрий аймағына таралуы мүмкін. Науқас қозған, мазасыз, қорқыныш сезімі пайда болады. Нитраттарды тіл астына қойғанда әсері жоқ немесе ауырсынуды толық жоймайды немесе ауырсыну қысқа уақыттан кейін қайтадан пайда болады. Тері жабындары бозғылт, суық тер басқан. Жалпы әлсіздік, ауа жетпеуі мазалайды.
    Асқынулары:
    -жүрек ырғағының бұзылыстары
    -жедел жүрек жетіспеушілігі
    -кардиогенді шок
    -перикардит
    Жедел көмек.
    Нитроглицерин тіл астына 0,5-1 мг немесе спрей 0,4-0,8 мг немесе 1-2 Тдоза. Ауырсынуды басу үшін. Қажет болған жағдайда және артериалдық қысымның қалыпты деңгейінде әрбір 5-10 минутта қайталау.
    Ацетилсалицил қышқылы (егер науқас жедел жәрдем келгенге дейін өзі қабылдамаса)160-325 мг.
    Гепарин 5000 ЕД көк тамырға.
    Ауырсынуды басу үшін наркотикалық анальгетиктер енгізіледі. Морфин 1 мл 1% ерітіндіні 20 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен араластырып көк тамырға әрбір 5-10 минутта 4-10 мл-ден бөліп енгізеді. Ауырсыну синдромы мен ентікпе жойылғанға дейін немесе жағымсыз әсерлері пайда болғанға дейін.( гипотензия,тыныс алудың тежелуі, құсу).
    STжоғарылауымен және алғаш пайда болған Гисс шоғыры сол аяғының толық блокадасыменмиокард инфарктісінде қарсы көрсеткіштері болмаса тромболитиктер енгізіледі. Стрептокиназа 1500000 МЕ көк тамырға 30-60 минут ішінде енгізіледі. Гепарин енгізілмейді, ацетилсалицил қышқылын қабылдау жеткілікті. Алтеплаза-15мг көк тамырға алғашында, содан кейін 0,75мг/кг (50мг- нан көп емес) 30минут ішінде. Содан кейін 0,5мг/кг(35мг- нан көп емес) 60 минут ішінде. Ацетилсалицил қышқылымен бірге көк тамырға гепарин енгізу қажет. Тромболитиктер шеткі көк тамыр арқылы енгізіледі.
    Білім алушының қолы __________________

    2021ж. “09сәуір

    __________________________________________________________________

    (Диплом алды практиканың тікелей жетекшісі)

    2021ж. “09сәуір

    2. Білім алушының мадақтамалары мен жазалары

    __________________________________________________________________

    3.Кәсіпорыннан (ұйымнан) диплом алды практика жетекшісінің қорытындылары

    __________________________________________________________________

    Кәсіпорыннан (ұйымнан) диплом алды практика жетекшісінің қолы

    _____________________

    2021ж. “09” сәуір

    Техникалық және кәсіптік, орта

    білімнен кейінгі білім беру

    ұйымдары үшін кәсіптік

    практиканы ұйымдастыру мен

    өткізу қағидаларын және

    практика базалары ретінде

    кәсіпорындары (ұйымдарды)

    айқындау қағидаларына

    Диплом алды практикадан өту туралы күнделік – есеп

    Білім алушы: Юсупова Алмагүл

    10.04.2021

    Р/с №

    Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған)

    Жұмыстарының атауы

    Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері

    Диплом алды практика жетекшісінің қолы

    Басталуы

    аяқталуы




    Аспаптық-зерттеу әдістеріне науқасты дайындау.
    Жедел қан тамыр жетіспеушілігі (естен тану, коллапс, шок) кезіндегі жедел көмек.










    Науқасты УДЗ ға дайындау

    УДЗ алдында 12 сағат бұрын науқас сұйықтықты ішпейді және тамақ ішпейді. Іш қатумен ауыратын адамдарға клизма немесе әлсіз шам арқылы ішекті тазарту тағайындалады. УДЗ екі күн бұрын науқас дәрігер тағайындайды диетаны ұстанады:

    1. сүт өнімдері толығымен шығарылады;

    2. жемістер, шырындар, көкөністер;

    3. қара, ақ нан;

    4. алкогольді сусындар, кофе;

    5. ет май сорттарынан жасалған тағамдар;

    6. қант, кондитерлік өнімдер.

    7. Тамақ ішу әрбір үш сағат сайын аз мөлшерде болуы тиіс. Бұл ретте сұйықтықты шектеу қажет емес.

    Біздің орталықта ішкі органдардың УДЗ бейінді мамандар жүргізеді. Патология анықталған жағдайда дәрігер пациентті толық жазғанға дейін жетекшілік етеді.

    Асқазанды рентгендік зерттеуге науқасты дайындау

    Мейірбикенің іс -әрекеті:

    1. Ас қорыту жүйесінің қызметін сақтау үшін шлаксыз тағам ішу керек.

    2-3 күн қара нан, картоп жемеуін науқасқа түсіндіру қажет.

    2. Тексеру аш қарынға жүргізілетінін ескертіп, кешкі тағам сағат 19-00

    кеш ішілмеуі және жеңіл болуы қажет.

    3. Зерттеу алдында таңертең және кешке зерттеуден 2 сағат бұрын тазалау

    клизмасы жасалады.

    4. Өзімен бірге сүлгі болуы керек.(терісін,сілекейін сүртуге).

    5. Науқасты рентген кабинетіне апару, контраст зат-барий сульфат 150-

    200 мл ішуге беріледі

    Науқасты ирригоскопияға дайындау

    1. Тексеруге дейінгі үш күн бойы шлаксыз тамақ ішу.

    2. Белсендірілген көмір,фестал –күніне 3 рет 2 таблеткадан;

    3. Іш босататын дәрілерді тексерер алдында 15-16 сағат алдында ішкізу қажет

    /кастор майы 30мл немесе 2 таблетка бисакодил/.

    4. Сағат 19-00-де жеңіл кешкі ас .

    5. Сағат 21-00 де іш тазартатын 2-3 клизманы арасына 30-40 минут салып

    қоямыз.

    6. Таңертең 2-3 тазарту клизма қажет және соңғы тексеруге дейін 2сағаттан

    кеш болмау керек.

    7. Тексеріс ашқарынға жүргізіледі.

    8. Рентген кабинетте Эсмарх кружкасымен дене температурасына дейін

    жылытылған сульфат бариймен клизма жасалады.

    Ескерту:Ішектер сульфат барийден босағаннан соң жалпы әлсіздік, коллапс болуы мүмкін, сондықтан зерттеуден соң науқас 2 сағат бойы бақылауға алынады.

    Урологиядағы рентгенологиялық зерттеу

    Жиі бүйрек және зәр шығару жолдарының шолу рентгенографиясы,тамыр ішілік урография жүргізіледі.

    Науқасты бүйректің жалпы рентгенограммасына және урографияға дайындау.

    1. Зерттеуге ас қорыту жүйесінің қызметін сақтау үшін шлаксыз тағам ішу

    керек. Қара нан, сүт, жеміс-жидек, көкөніс жеуге болмайды. Ақ нан,

    пісірілген ет пен балық, ірімшік, қаймақ жеуге болады.

    2. Метеоризм кезінде дәрігердің тағайындауымен белсендірілген көмір

    беріледі. Зерттеуден 18-20 сағат алдын тамақ ішу тиім салынады.

    3. Кешке сағат 22-де және таңертең зерттеуден 1,5-2 сағат алдын тазалау

    клизмасы жүргізіледі.

    4. Зерттеуден алдын тамақ ішуге, су, дәрі қабылдауға, темекі тартуға

    болмайды. Зерттеу алдында қуық босатылады.

    5. Науқасты рентген кабинетке апару.

    6. Рентген кабинетте дәрігердің тағайындаумен 20-40-60 мл

    рентгеноконтрастты зат тамырға жәй енгізіледі.

    Ескерту: құрамында йод бар контрасты заттар кері әсер, кейде коллапс және шок беруі мүмкін. Құрамында йод бар контрасты заттардың антидоты болып 30% тиосульфат натрий ерітіндісі есептеледі.

    Науқасты холецистографияға дайындау

    1. 3 күн қатарымен шлаксыз тағам қабылдау.

    2. Белсендірілген көмір мен фесталды 2 таблетка 3 рет 3 күн бойы қабылдау.

    3. Тексерістің алдында сағат 19-00ге дейін жеңіл кешкі ас.

    4. Науқас белгіленген дәрілік препараттарды тәтті сусындармен

    қабылдайды (жиі контраст зат ретінде билитраст қабылдайды контрастты

    зат зерттеуден 14-17 сағат алдын бөлшектеніп 1 сағат ішінде әр 10 минут

    сайын тәтті шаймен қабылданады).

    5. Тексеріс таңертең ашқарынға жүргізіледі.

    6. Іш қату болатын болса ғана кешке және таңертең босату клизмасы

    қойылады.

    7. Рентген кабинетке зерттеуден 30-45 минут алдын, өт айдайтын 20 гр

    сорбит беріледі.

    Науқасты холеграфияға дайындау

    1. Сыртқы дайындау жоғарыда айтылғандай ;

    2. Тексеріс алдында 1-2 күн бұрын контрасты затқа (билигност,

    билитраст, эндографин) сезімталдық анықталады -37-38С дейін су

    моншасында жылытылған препарат 1-2мл күре тамырға жіберіледі.

    3. Зерттеу күні таңертең рентгенбөлмеде 30-40 мл 37С –ке дейін

    жылытылған контрастты зат жәй 5-8 минут ішінде, науқасқа

    горизонтальды жағдайда енгізіледі, 15 минуттан соң зерттеу

    жүргізіледі.

    Жедел қан тамыр жетіспеушілігінде ( естен тану, коллапс, шок) жедел көмек көрсету
    Естен тану кезінде жедел көмек көрсету
    Естен тану – аз уақытқа кенеттен ес-түссіз қалу. Ол мидың гипоксиясы әсерінен дамиды. Онда жүрек және тыныс қызметінің әлсіреп, қайта қалпына келуі байқалады.

    Клиникалық үш кезеңнен тұраады:

    1 кезеңалғашқы белгілер: әлсіздік, көз алдында қара дақтардың қарауытуы, құлақ шулауы, құсқысы келу, құсу, ауа жетіспеу сезімінің болуы.

    2 кезең – қысқа уақытқа естен тану.

    Қарағанда: науқас бозарған, мұздай қара тер, қол-аяғы мұздай, пульс әлсіз, артериалды қысым төмен, есі жоқ, жүрек тондары тұйықталған, дем алысы сирек, көтеріңкі. Естен тану бірнеше секундтан 3- 5 минутқа дейін созылады.

    Есі тез қалпына толық келеді, науқастың есі келген кезде айналаға ориентациясы жақсы, ес танғанға дейінгі уақытты жақсы біледі.



    3 кезең – ес танудың себебіне байланысты. Артериалды гипотонияда гипергидроз сақталады, АҚҚ төмен, бас айналады. Гипогликемиялық ес тануда жалпы әлсіздік, ет әлсіздігі, бас ауруы ұзақ уақыт бойына сақаталады.Кардиалды ес тануда төс артының ауруы, жүрек жұмысының үздік істеуі сақталады.
    Начало формы

    Конец формы

    Естен тануларда көрсетілетін жедел жәрдем
    1. Егер естен тану немесе естен танғаннан кейінгі уақыт ұзаққа созылып жатса: аурудың аяқ жағын көтеріңкі, бас жағын төменірек етіп жатқызамыз. Сонан соң киімінің түймесін ағытып, таза ауа енгізу керек. Беті мен кеудесіне суық су шашу және жағына шапалақпен ұру сияқты әдістер қолданылады.
    2 . Науқасқа нашатыр спирті, сірке қышқылы, эфир сияқты заттарды иіскету керек. Аяқтарына жылы басуға болады.
    3 . Егер науқас есіне келмесе, тері астына немесе бұлшық етке 1-2 мл кордиамин немесе 10% 1-2 мл кофеин ерітінділері енгізіледі.
    4. Қан қысымы төмен болса 5% эфедрин немесе 1% 1 мл мезатон ерітіндісі б/е енгізіледі.
    5. Аритмиялық естен тануларда: толық АВ болкадаларда (Моргани-Адамс-Стокс ұстамасы)- 0,1% 0,5-1 мл атропин ерітіндісін т/і 2,4% 5-10 мл эуфиллин ерітіндісін к/т енгіземіз;
    6. Пароксизмалды тахиаритмияларда – 10% новокаинамид ерітіндісін көк тамырға баяу енгізу керек. Ал гипогликемиялық естен тануларда 40% 40-60 мл глюкоза ерітіндісін көк тамырға енгіземіз.
    7. Науқастың пульсі мен АҚҚ қалпына келіп, есін жиған соң, тыныштық күйді сактауды талап етіп, бақылауға алу керек.
    Коллапс кезінде жедел көмек көрсету
    Коллапс – клиникалық артериялық қысымның күрт түсуімен және перифериялық қан айналымының бұзылуымен сипатталатын жедел тамыр шамасыздығының ауыр түрі.
    Қараған кезде: Науқастың есі бар, бірақ сұраққа баяу жауап береді, терісі бозарған, беті қоңырқай, мұздай жабысқақ тер, дене температурасы төмен, дем алысы көтеріңкі, жиі, пульс толықтығы да, қысымдығы да әлсіз, артериалды қысым төмендеген.
    Алғашқы көмек:

    • аяқ жағын жоғары етіп горизонталды жатқызу,

    • науқасты жылыту ( көрпе жауып, жылытқыш қою),

    • кофеин 20% - 1,0 мл тері астына,

    • оксигенотерапия,

    • преднизалон 90 мг + физ ерітіндісі натрий хлорид,

    • реополиглюкин немесе полиглюкин  400,0 ил көк тамырға тамшы ретінде.


    Патогенитикалық терапия: геморрагиялық коллапста қан тоқтататын препарттарды енгізе отырып қан кетуін тоқтату:

    • викасол - 3,0 мл бұлшық етке,

    • этамзилат натрия - 12,5% - 2,0 мл көк тамырға,

    • аминокапрон қышқылы 5% - 50,0 мл көк тамырға тамшы ретінде,

    • кальций хлорид 10% - 10,0 мл көк тамырға.

    Кардиогенді коллапста – миокард инфарктісін емдеу.
    Тактикасы: Жалпы жағдайы реттелген соң науқасты қажетті профилді бөлімшеге жатқызу. Зембілмен тасымалдау қажет.

    Шок кезінде жедел көмек көрсету
    Шок – организмге қауіпті факторлардың әсерінен өткір дамыған ауыр патологиялық процесс.
    Себептеріне байланысты: гиповолемиялық, травматикалық, күйік, салқын әсерінен, кардиогенді, гемотрансфузиялы, гемолитикалық, анафилактикалық, инфекциялы, септикалық, токсикалық.
    Гиповолемиялық шок қан кетуден, тоқтамай құсудан, диареядан, жалпы айналымдағы қан мөлшерінің азаюы және ұлпалардың сұйықтықтарын жоғалтуы олардың гипоксиясына әкеледі, метоболикалық ацидоз пайда болады.

    Сұйықтықтан айырылудың 4 дәрежесі болады:

    1 дәрежесі – салмағынан 3% - ке дейін сұйық жоғалту,

    2 дәрежесі – салмағынан 6 %- ке дейін сұйық жоғалту,
    3 дәрежесі – салмағынан 10%- ке дейін сұйық жоғалту,

    4 дәрежесі – салмағынан 10%- ке дейін сұйық жоғалту.
    Қарағанда: алғашқы кезде қозу, тахикардия, АҚҚ қысқа уақытқа көтерілуі болады. Кейбір науқастардарда есі күрт бұзылады, АҚҚ күрт төмендеп, дем алысы сиреп, көтеріңкі болады, пульсі жиі, қысымдығы және толықтығы әлсіз, терісі бозарған, анурия, дене температурасы төмендейді.
    Алғашқы көмек:

    • оксигенотерапия,

    • морфин 1% - 1,0 мл немесе промедол немесе фентанил + физ. ерітінді 10,0 мл,

    • димедрол 1% - 1,0 мл анальгетикалық препарттардың әсерін жақсарту үшін,

    • преднизолон 120-150 мг + физ. ерітінді натрий хлорид,

    • дофамин 0,5% - 5,0 мл + глюкоза 5% көк тамырға тамшы ретінде,

    • реополиглюкин 400,0- 1000,0 мл көк тамырға тамшы ретінде.

    Патогенитикалық терапия шоктың себебіне байланысты.
    Тактикасы: Науқастың жалпы жағдайы реттелген соң реанимациялық бөлімге жатқызу. Бас жағын төмен етіп, зембілмен жатқызып тасымалдау.


    Білім алушының қолы __________________

    2021ж. “10сәуір

    __________________________________________________________________

    (Диплом алды практиканың тікелей жетекшісі)

    2021ж. “10сәуір

    2. Білім алушының мадақтамалары мен жазалары

    __________________________________________________________________

    3.Кәсіпорыннан (ұйымнан) диплом алды практика жетекшісінің қорытындылары

    __________________________________________________________________

    Кәсіпорыннан (ұйымнан) диплом алды практика жетекшісінің қолы

    _____________________

    2021ж. “10” сәуір

    Техникалық және кәсіптік, орта

    білімнен кейінгі білім беру

    ұйымдары үшін кәсіптік

    практиканы ұйымдастыру мен

    өткізу қағидаларын және

    практика базалары ретінде

    кәсіпорындары (ұйымдарды)

    айқындау қағидаларына
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта