азастан Республикасындаы сайлау туралы
Скачать 133.73 Kb.
|
105-бап. Кандидатураны алып тастау, мәслихат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою 1. Партиялық тiзiмге енгiзiлген адам аумақтық сайлау комиссиясына және саяси партияға бұл туралы жазбаша өтiнiшпен жүгіне отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат өз кандидатурасын кері қайтарып ала алады, бұл туралы тиісті округтік сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді. 2. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта тиісті сайлау комиссиясына мәслихат депутаттығына кандидатты партиялық тізімнен шығару не кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жою туралы тиісті ұсынумен жүгіне алады. Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта округтік сайлау комиссиясына тиісті ұсынумен жүгіне отырып, мәслихат депутаттығына кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады. 3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, тиісті сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамдарды шығарып тастайды, кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат дауыс беретін күнге екі күн қалғанда өз кандидатурасын алып тастай алмайды. 4. Егер кандидатураны алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететін мән-жайларсыз жүргізілсе, аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстардың бір бөлігін оны ұсынған саяси партияның шотына жатқызуға мiндеттi. Ескерту. 105-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен. 106-бап. Саяси партияның, мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi Ескерту. 106-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдер құрамында дауысқа түсетін кандидаттар өздерінің сайлау қорларын құруға құқылы емес. 2. Саяси партиялардың әрбір партиялық тізімге сайлау қорлары: 1) саяси партияның жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір мың еседен аспауға тиіс меншікті қаражатынан; 2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінен екі мың еседен аспауға тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады. Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында екі жүз елу еседен аспауға тиіс. 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры: 1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті өз қаражатынан; 2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен екі жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады. Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен он еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында жиырма бес еседен аспауға тиіс. 4. Аудандар мен қалалар мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры: 1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен аспауға тиісті өз қаражатынан; 2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады. Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында он бес еседен аспауға тиіс. Ескерту. 106-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен. 107-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін, кандидаттарды ұсыну Ескерту. 107-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 1. Егер тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн партиялық тізімдердің, кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың екеуден аз партиялық тізімі не екеуден аз кандидат қалса, тиісті сайлау комиссиясы өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиіс. 2. Бұл жағдайда мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін, кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Ескерту. 107-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен. 108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде дауыстарды санау 1. Учаскелiк сайлау комиссиясы аудандық (қалалық) және облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде дауыс беру нәтижелерi бойынша хаттамалар жасайды, олар дереу тиiстi сайлау комиссиясына (аудандық, қалалық, қаладағы аудандық, округтік) жіберіледі. Округтік сайлау комиссиялары сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелері жөніндегі хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жібереді. 2. Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелерi бойынша округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау күнінен бастап екі күн мерзімнен кешіктірмей аудандық және қалалық мәслихаттарға депутаттар сайлау қорытындыларын белгілейді. 3. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық, округтік сайлау комиссиялары учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарын сайлау барысындағы дауыс беру нәтижелері бойынша хаттамалар жасайды, олар дереу жоғары тұрған сайлау комиссияларына жіберіледі. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары көрсетілген хаттамалардың негізінде сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына депутаттарды сайлау нәтижелерін белгілейді. Ескерту. 108-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен. 109-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiндегi қайта дауыс беру Ескерту. 109-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 № 545 Конституциялық заңымен. 109-1-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру 1. Егер сайлау бюллетенiне мәслихат депутаттығына екеуден көп кандидат енгiзiлген болса және олардың бiрде-бiрi сайланбаса, округтiк сайлау комиссиясы ең көп дауыс санын алған екi кандидат бойынша депутатты сайлау жөніндегі қайта дауыс беруді тағайындайды. Егер кандидатуралардың шығып қалуы нәтижесiнде бiр кандидат қалса, онда оның кандидатурасы бойынша қайта дауыс беру өткiзiлмейді және ол сайланды деп есептеледі. 2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткізіледі. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Ескерту. 109-1-баппен толықтырылды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 110-бап. Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау 1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған сайлаушылар тiзiмдерi бойынша өткiзiледi. 2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлауда жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi. 3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi ақпарат құралдарында хабарланады. 4. Алып тасталды - ҚР 2004.04.14 № 545 Конституциялық заңымен. Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 № 375, 2004.04.14 № 545 Конституциялық заңдарымен. 111-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау 1. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрмей анықтайды. 2. Алып тасталды – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 3. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау мен жариялауға байланысты басқа мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi. Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 № 375, 2004.04.14 № 545; 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен. 111-1-бап. Партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу 1. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының бес және одан да көп пайызын алған әрбір партиялық тізім үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша берілген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Бес пайыздық кедергіні еңсерген саяси партиялар үшін берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы таратылатын депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау бөлінді саны (квота) болып табылады. 2. Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының бес пайызын тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партияның партиялық тізімі жіберіледі. Екі саяси партия үшін берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы таратылатын депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау бөлінді саны (квота) болып табылады. 3. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысатын әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау бөлінді санына бөлінеді. Бес пайыздық кедергіні еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысатын партияның тізімі алған дауыстардың саны алғашқы сайлау бөлінді санына бөлінеді және 0,7 түзету коэффициентіне көбейтіледі. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік партиялық тізімді қалыптастырған тиісті саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады. Бес пайыздық кедергіні еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысатын саяси партия кемінде бір мандат алады. 4. Егер осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген әрекеттерден кейін бөлінбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргізіледі. Бөлінбеген мандаттар осы баптың 3-тармағына сәйкес бөлудің нәтижесінде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлігіне (қалдығына) ие болған партиялық тізімдерге бір-бірден беріледі. Ең көп қалдық тең болған кезде бұрын тіркелген партиялық тізімге артықшылық беріледі. Осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлу кезінде бөлінбеген мандаттар дауыс беру қорытындылары бойынша бес пайыздық кедергіні еңсерген партиялық тізімге беріледі. 5. Депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) басшы органы партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың арасынан сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бес күннен кешіктірмей айқындайды. 6. Депутат мерзімінен бұрын шығып қалған жағдайда оның мандаты тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен партиялық тiзiмге енгiзiлген кандидаттардың арасынан саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) басшы органы айқындайтын келесі кандидатқа берiледi. Егер тиісті партиялық тізімде кандидаттар қалмаса, мандат мәслихат депутаттарының келесі сайлауына дейін бос қалады. Ескерту. 13-тарау 111-1-баппен толықтырылды – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 24.05.2021 № 41-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен. 112-бап. Мәслихаттар депутаттарын тiркеу 1. Тиiстi сайлау комиссиясы сайланған мәслихаттар депутаттарын тiркейдi. 2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы аудандық (қалалық), округтік сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзушылық орын алса, мәслихат депутаттарын сайлауды жарамсыз деп тани алады және мәслихат депутаттарын тiркеуден бас тарта алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне қабылданған күнінен бастап он күн iшiнде партиялық тізімді ұсынған саяси партия, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттарды ұсынған саяси партия, қоғамдық бірлестік және кандидаттың өзі сотқа шағым жасай алады, сот он күн мерзімде шешiм қабылдайды. Ескерту. 112-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен. |