азастан Республикасындаы сайлау туралы
Скачать 133.73 Kb.
|
113-6-бап. Әкім болуға кандидатураны алып тастау, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою 1. Әкім болуға кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, тіркелген күннен бастап және дауыс беру күніне екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді. Саяси партия немесе жоғары тұрған әкім ұсынған әкім болуға кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беру күніне екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді және кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалын (өкілдігін) немесе жоғары тұрған әкімді хабардар етеді. 2. Кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы немесе жоғары тұрған әкім тіркеуге екі күн қалғанда кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады, бұл туралы кандидатқа хабарлайды және кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жібереді, ол осының негізінде кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды. 113-7-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін ұсыну 1. Егер кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күнге әкім болуға екеуден аз кандидат тіркелген жағдайда, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспауға тиіс. 2. Егер тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиісті сайлау округі бойынша әкім болуға екеуден аз кандидат қалған жағдайда, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспауға тиіс. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген жағдайларда, кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. 113-8-бап. Әкімді сайлау кезінде дауыстарды санау 1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жеткізіледі. 2. Дауыстарды санау нәтижесін айқындауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі. 113-9-бап. Әкімді қайталама сайлау 1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса, аумақтық сайлау комиссиясы қайталама сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды. 2. Егер кандидаттар ең көп бірдей дауыс санын жинаса, аумақтық сайлау комиссиясы қайталама сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды. 3. Қайталама сайлау бастапқы сайлаудан кейін бір ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Дауыс беру сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сайлаушылардың сол тізімі бойынша жүргізіледі. Қайталама сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы айқындайтын мерзімдерде өткізіледі. 113-10-бап. Әкімді сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау 1. Сайлау қорытындылары учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясының отырысында сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей анықталады. Сайлау қорытындылары туралы хаттама жасалады, оған тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды. 2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың басқа кандидаттармен салыстырғанда ең көп дауыс санын жинаған кандидат әкім болып сайланды деп есептеледі. 3. Сайлау қорытындыларын анықтау мен жариялаудың өзге де мәселелері осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі. 113-11-бап. Әкімді тіркеу 1. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімдерді учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде тіркейді. 2. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау кезінде не сайлау нәтижелерін айқындау кезінде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, учаскелік сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың жолданымдары бойынша әкімді сайлауды жарамсыз деп тани алады және әкімді тіркеуден бас тарта алады. Бұл ретте, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының осы шешіміне кандидаттар шешім қабылданған күнінен бастап бес күн ішінде сотқа не жоғары тұрған сайлау комиссиясына шағым жасай алады, олар бес күн мерзімде шешім қабылдайды. 13-2-тарау. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу Ескерту. Конституциялық заң 13-2-тараумен толықтырылды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 113-12-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау 1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу үшін бастама жасауға сайлаушылардың сенімін жоғалту, оның ішінде сайлау алдындағы бағдарламаны орындамауға байланысты сенімін жоғалту негіз болып табылады. 2. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау депутат жұмыс істеген бірінші жыл және соңғы жыл ішінде қолданыла алмайды. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға қайта бастама жасауды депутаттың мандаты сақталатын, дауыс беру қорытындылары жарияланған кезден бастап бір жыл өткенге дейін қолдануға болмайды. 3. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау құқығы тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушыларына тиесілі. 113-13-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау және бастамашы топты қалыптастыру тәртібі 1. Тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушысы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу туралы өтінішпен тиісті аумақтық сайлау комиссиясына осындай кері шақырып алуға бастама жасау негіздерін баяндай отырып, жүгінеді. 2. Сайлау комиссиясы өтінішті осы Конституциялық заңның 113-14-бабының және осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарап шығып, бастамашыны және жоғары тұрған комиссияны өтінішті тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы үш күннен кешіктірмей хабардар етеді. Өтінішті тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде бас тарту бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін. 3. Аумақтық сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша қол жинау үшін қол қою парақтарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, олардың нысанын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. 113-14-бап. Қол жинау тәртібі мен мерзімдері 1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу үшін азаматтардың қолын жинауды бастамашы тиісті аумақтық сайлау комиссиясында өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұйымдастырады. 2. Қол жинау мерзімі аяқталғаннан кейін: 1) қойылған қолдар саны тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының он пайызынан астам болған кезде бастамашы қол қою парақтарын тиісті сайлау комиссиясына ұсынады; 2) қойылған қолдар саны тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының он пайызына жетпеген не тиісті сайлау комиссияларына қол қою парақтары ұсынылмаған кезде тиісті сайлау комиссиясы қол қою парақтарын жарамсыз деп тану, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу жөніндегі қызметті тоқтату туралы шешім қабылдайды. Тиісті сайлау комиссиялары құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтарындағы осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі азаматтары қолының және тұрғылықты жерінің дұрыстығын он күн ішінде тексереді. 3. Әрбір азамат қол қою парағына тек бір рет қана қол қоюға құқылы. Азаматтың қолы оның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тіркеу орны, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері және параққа қол қою күні толық көрсетіле отырып толықтырылады. 4. Белгіленбеген үлгідегі қол қою парақтары жарамсыз болып табылады. Осы баптың талаптары бұзыла отырып толтырылған қол қою парақтары дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды. 113-15-бап. Дауыс беруді өткізу тәртібі мен мерзімдері 1. Тиісті сайлау комиссиясы ұсынылған қол қою парақтары осы Конституциялық заңның 113-14-бабының талаптарына сәйкес келген кезде дұрыстығын тексеру мерзімі өткен соң бір күннен кешіктірмей, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды. 2. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатқа оны кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы хабарлама жібереді. 3. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру – дауыс беруді тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. 4. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатқа және оны кері шақырып алу бастамашысына: бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутатын кері шақырып алуға қатысты үгіт жүргізу құқығын – күнтізбелік бес күн ішінде; бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алуға қатысты үгіт жүргізу құқығын күнтізбелік үш күн ішінде береді. 113-16-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру тәртібі 1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу дауыс беруді өткізу арқылы жүзеге асырылады. 2. Дауыс беру осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, депутаттарды сайлау сияқты тәртіппен өткізіледі. 3. Егер дауыс беруге тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының кемінде үштен бірі қатысса, дауыс беру өткізілді деп есептеледі. 4. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамы оны кері шақырып алуға дауыс берсе, кері шақырып алынған болып есептеледі. 5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің немесе мәслихаттың депутатын кері шақырып алу бойынша дауыс беру қорытындылары тиісінше Орталық немесе аумақтық сайлау комиссиясының отырысында шығарылады, хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелері қол қояды. Сайлау комиссиясының бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу туралы ресми хабары дауыс беру өткізілген күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 6. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат кері шақырылып алынған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңның ережелеріне сәйкес депутаттарды сайлауды тағайындайды. 14-тарау. Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау Ескерту. 14-тарауға өзгерту енгізілді - ҚР 2007.06.19 № 268 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 114-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау тағайындау 1. Мыналар: 1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң аяқталуы сайлау тағайындауға; 2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғанның орнына мүше сайлауын тағайындауға негiз болып табылады. 2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын аумақтық сайлау комиссиясы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын тағайындайды және олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде бiр ай уақыт қалғанда өткiзiлуге тиiс. Сайлауларды өткiзу тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңға сәйкес айқындайды. 3. Сайлау күнi туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Ескерту. 114-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.04.14 № 545 Конституциялық заңдарымен. 115-бап. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне қойылатын талаптар Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi болып сайлану үшiн азамат Қазақстан Республикасының тиiстi заңымен белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ оның Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес сайлау құқығы болуға тиiс. Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.04.14 № 545 Конституциялық заңдарымен. 116-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау округтерi мен сайлау комиссиялары Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде: 1) халық топтары жинақы тұратын ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардың аумақтары сайлау округтерi болып табылады; 2) алып тасталды – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 3) сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi учаскелiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 117-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну 1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну құқығы сайлау құқығы бар әрi ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтарда жинақы тұратын кемiнде елу азамат болған жағдайда құқылы азаматтар жиналысында, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтарда болады. 2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына кандидаттар ұсыну туралы шешiмдi жиналысқа қатысқан азаматтар санының көпшiлiк даусымен қабылданады, ол тиiстi хаттамамен ресiмделедi. 3. Азаматтар жиналысының шешiмi: 1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi; 2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi. 4. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне тиiстi ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағы бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi. 5. Осы ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағында тұрмайтын азамат жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып ұсыныла алмайды. 6. Ұсынылатын кандидаттар саны шектелмейдi. 7. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiнгi келесi күннен басталып сайлау күнiнен он төрт күн бұрын аяқталады. 8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күні жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол жиырма күннен аспауға тиiс. 9. Аумақтық сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды. Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 № 375, 2004.04.14 № 545 Конституциялық заңдарымен. |