азастан Республикасындаы сайлау туралы
Скачать 133.73 Kb.
|
98-бап. Мәжiлiс депутаттарын тiркеу Орталық сайлау комиссиясы сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркейді. Ескерту. 98-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 № 268 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 99-бап. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауын және шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткiзу 1. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауы және шығып қалған депутаттар орнына сайлау осы Конституциялық заңның Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерiне сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. 2. Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда, шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi. Ескерту. 99-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 № 375, 2004.04.14 № 545 Конституциялық заңдарымен. 100-бап. Конституциялық Соттың Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi қарауы Ескерту. 100-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн ішінде берiлуi мүмкін ұсынысы бойынша Конституциялық Сот дау туындаған жағдайда Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Мәжiлiс депутаттарын тiркеу ұсынысты қарау уақытына тоқтатыла тұрады. 2. Орталық сайлау комиссиясы Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Сотқа бередi. 3. Конституциялық Сот Конституцияны бұзу анықталған әкімшілік-аумақтық бірліктердің немесе сайлау округтерінің аумақтарындағы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауды Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің немесе сайлау округтерінің аумағындағы сайлауды жарамсыз деп тану және қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды. 4. Алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 № 375, 2004.04.14 № 545, 2007.06.19 № 268 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен. 13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы 101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау 1. Мыналар: 1) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуы, заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, кезектi сайлауды; 2) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды; 3) алып тасталды – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 4) депутат өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы не мандаттан айырылу шығып қалғандардың орнына депутаттарды сайлауды тағайындауға негіз болып табылады. 2. Мәслихат депутаттарының кезектi сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде үш ай бұрын тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда өткiзiлуге тиiс. 3. Өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Президент Жарлығының, мәслихаттың өзін-өзі тарату туралы шешімінің негiзiнде тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс. 3-1. Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы тағайындайды. Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау наурыздың соңғы жексенбісінде және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізіледі. Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясымен келісу бойынша басқа күнге тағайындауы мүмкін. 4. Алып тасталды – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 5. Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмі жөнiнен Президент сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына тұспа-тұс келмеуге тиiс. 6. Сайлау күнi туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 № 375, 2004.04.14 № 545, 2007.06.19 № 268 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.02.09 № 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен. 102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар Мәслихат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс. Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 № 375, 2004.04.14 № 545 Конституциялық заңдарымен. 103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну 1. Мәслихаттар депутаттығына: 1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға; 2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі. 2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының депутаты етіп сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жүргізіледі. 3. Саяси партиялар өздерінің мүшелері болып табылмайтын адамдарды партиялық тізімдерге енгізуге құқылы емес. 3-1. Саяси партиядан мәслихат депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес. 4. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі. 5. Адамдарды партиялық тізімге орналастыру тәртібі саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімімен айқындалады. Саяси партияның өкілі партиялық тізімді тиісті аумақтық сайлау комиссиясына саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бір мезгілде ұсынады. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс. 5-1. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсынуын азаматтар тиісті округтік сайлау комиссиясына осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы жүргізеді. Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) кандидатты ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына азаматтың ұсынуға келісімі туралы өтінішімен бірге, жоғары басшы органның хаттамасынан үзінді көшірмені, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені жіберу арқылы жүргізіледі. Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлестіктің мүшелері болып табылмайтын адамдарды кандидаттар ретінде ұсынуға құқылы. Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешім қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді. Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі: 1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі; 2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен және құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмемен бірге тиісті округтік сайлау комиссиясына жіберіледі. 6. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнде кандидат болып ұсыныла алмайды. 7. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 8. Егер тиісті сайлау округі бойынша партиялық тізімдерді немесе кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз партиялық тізім немесе кандидат тіркелген болса, тиісті сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін жиырма күннен аспайтын мерзімге ұзартады. Ескерту. 103-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен. 104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тiркеу Ескерту. 104-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдерді тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өз қаражаттарынан жергілікті атқарушы органдардың шотына партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бес және одан да көп пайызын алған саяси партиялар тиісті аумақтық сайлау округі бойынша сайлау жарнасын төлемейді. Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі пайызын алған саяси партия осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді. Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бірден үшке дейінгі пайызын алған саяси партия осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс пайызы мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді. Сайлау қорытындылары бойынша саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады. 1-1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады. 2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерiндегі мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда ұсынады. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидатты тiркеген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi. Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті. 3. Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі: 1) саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басқару органы отырысының уәкiлеттi органда саяси партияны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса берілген партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшiрме; 2) азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiм беру туралы өтiнiшi; 3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер; 4) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат; 5) мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғандығы туралы анықтамалары; 6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партиядағы мүшелігін растайтын құжат. 3-1. Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады: 1) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме; 2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші; 3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер; 4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы; 5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат. Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады: 1) осы сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш; 2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер; 3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы; 4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген санын тіркеуге жол беріледі. 4. Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс. 5. Тиісті сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына партиялық тiзiмдерді және кандидаттарды тiркеу туралы хаттама жасайды, ол бес күн мерзімде жоғары тұрған немесе аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады. 6. Аумақтық сайлау комиссиясы: 1) партиялық тізімдерді тіркегеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркеу туралы хабар жариялайды; 2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi; 3) мынадай жағдайларда: саяси партия партиялық тізімді ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған; партиялық тізімді ұсынған саяси партия, ол ұсынған кандидаттар, оның сенім білдірілген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген; сот кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрілген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсіретін жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған; бүкіл партиялық тізімнің елу пайызынан астамын құрайтын адамдар партиялық тізімінен шыққан; сот партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған; осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тізімді тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды. Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған партиялық тізімді қалпына келтіруге жол берілмейді; 4) мынадай жағдайларда: партиялық тiзiмге енгiзiлген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған; партиялық тізімге енгізілген адам өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған; партиялық тізімге енгізілген адам сайлау алдындағы үгітті партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген; сот партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенім білдірілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған; осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды. Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам сотқа шағым жасай алады, соттың шешімі түпкілікті болып табылады. Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдауға жол берілмейді. 6-1. Округтік сайлау комиссиясы: 1) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға, қоғамдық бірлестікке қатыстылығы мен қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, кандидатты тіркеу туралы хабар жариялайды; 2) тіркеу кезінде бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарға тиісті куәлік береді; 3) мынадай жағдайларда: саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаған; саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), олар ұсынған кандидаттар, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидаттар, сондай-ақ сенім білдірілген адамдар тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізген; сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), кандидаттың және (немесе) сенiм бiлдiрілген адамдардың басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсіретін жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған; сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), олар ұсынған кандидаттардың, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидаттардың, сондай-ақ сенім білдірілген адамдардың сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған; кандидат Конституциямен және осы Конституциялық заңмен өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеген; кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған; осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды; 4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды. Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді. 7. Партиялық тізімді, кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша саяси партия, қоғамдық бірлестік олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартылған немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда, мұндай шешімге кандидаттың өзі де, кандидатты ұсынған саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) де шағым жасай алады. Бұл ретте жоғары тұрған сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады. 8. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, партиялық тізімдерді, кандидаттарды тіркеу дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Ескерту. 104-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.05.2020 № 335-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 41-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен. |