Главная страница

мектбак аныктама үлгі. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а филиалы


Скачать 253 Kb.
Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а филиалы
Дата12.04.2022
Размер253 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файламектбак аныктама үлгі.doc
ТипДокументы
#465024
страница2 из 3
1   2   3

АНЫҚТАМА



Тексеру мақсаты: «Оқушылардың алфавиттік кітабын»

жүргізілуінің дұрыстығын тексеру.

Мерзімі: 16 - 29. 06. 2013 ж.
Комиссия құрамы: мектеп директоры, директор орынбасарлары.
«Оқушылардың алфавиттік кітабын» тексеру барысында төмендегі кемшіліктер анықталды:

  1. Тексеру барысындағы оқушылардың нақты санына қарағанда «Алфавиттік кітап» бойынша оқушылардың жалпы саны 87 оқушыға артық.

2. Ағымдағы жылдың ІІ жартысында келген 9 оқушы тізімге

енгізілмеген.

3. Мектептен кеткен деп көрсетілмеген:

а) ағымдағы жылдың ІІ жартысында басқа мектептерге

ауысқан түрлі сыныптардағы 7 оқушы;

ә) 2012-2013 оқу жылының 11 сынып бітірушілерінен 64 оқушы;

б) 2012-2013 оқу жылының 9 сынып бітірушілерінен 25 оқушы.
Ұсыныстар:

  1. Мектептің хатшысы И. Саховаға хатшы-іс жүргізушінің Қызметтік нұсқаулығын бұзғаны үшін тәртіптік шара қолданылсын.

  2. 2013 жылдың 15 тамызына дейін көрсетілген кемшіліктер

жойылсын.

  1. Басқа мектепке ауысқан оқушылардың іс-қағаздарын олардың кетуі «Алфавиттік кітапта» тіркелгенге дейін беруге тыйым қойылсын.

  2. Жарты жыл сайын «Оқушылардың алфавиттік кітабындағы» жазулар тексеріліп тұрсын.


Мектеп қызметкерлерінің еңбек кітапшалары
Еңбек кітапшасы – қызметкердің ең негізгі құжаты, ол бойынша оның еңбек өтілі, яғни зейнетақысы белгіленеді. Одан басқа, еңбек кітапшасында оның барлық жұмыс орындары, сонымен қатар марапаттаулары мен мадақтаулары тіркеледі. Енбек кітапшасындағы жазуларды реттеу бойынша арнайы нұсқаулық бар.
ҮЛГІ
Еңбек кітапшаларының жүргізілуін тексеру бойынша

АНЫҚТАМА



Тексеру мақсаты: еңбек кітапшаларының жүргізілуінің дұрыстығын, жазулардың нұсқаулыққа сәйкестігін тексеру.

Мерзімі: 3 – 5.01.2013 ж.
Комиссия құрамы: директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мұғалімдер ..................................... .
2013 жылдың 3-5 қаңтар аралығында комиссия мектеп қызметкерлерінің енбек кітапшаларын тексерді. Еңбек кітапшалары мектеп директорының сейфінің арнайы жәшігінде сақталады. Сейф кілті директор және оқу ісі бойынша директор орынбасарында болады. Барлығы елу бір еңбек кітапшасы, екі мұғалімнің (............, ............ ) оларға енбек кітапшалары 10-күндік мерзімге берілгендігі туралы қолхаты және үш қосымша істейтін (совместитель) мұғалімнің еңбек кітапшаларының көшірмесі бар.

Еңбек кітапшаларындағы жазулар ұқыпты, қара сиямен жазылған. Жұмысқа тағайындау күндері дұрыс қойылған және мектеп бойынша бұйрықтарға сілтемелер жасалынған.

Сонымен қатар тексеру барысында төмендегі кемшіліктер анықталды:

  1. Биология пәнінің мұғалімі Г.Қожахметова жұмысқа ауысу тәртібі бойынша қабылданғандығы көрсетілмеген.

  2. Мұғалім Ш.Бәйменова бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданған, ал ол үш жылдан бері географияны жүргізеді, яғни оның бастауыш сынып мұғалімі лауазымынан география мұғалімі лауазымына ауысқандығы туралы жазу жоқ. Дәл солай мұғалім Ж.Сабырованың тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары лауазымына ауысқандығы жазылмаған.

  3. Мұғалім Р.Дәндібаеваның тұрмысқа шығуына байланысты

фамилиясы өзгертілмеген.

4. 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мұғалімдердің

мадақтаулары туралы бір де бір жазу енгізілмеген (барлығы

«Бұйрықтар кітабы» бойынша 9 мұғалім мадақталған).

  1. Еңбек кітапшасын қолға берілгендігі бойынша заң бұзышылық орын алған, өйткені қызметкер қолына тек мектеп директоры бекіткен көшірмені алуына құқы бар.


Ұсыныстар:

  1. 2013 жылдың 1 ақпанына дейін мектептің әрбір қызметкері оның еңбек кітапшасындағы жазулармен таныстырылсын.

  2. 2013 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген кемшіліктер

жойылсын.

  1. Мектеп директоры еңбек кітапшаларын жүргізуге жауапты

қызметкердің көрсетілген кемшіліктердегі кінәсінің дәрежесін анықтасын.

  1. 2013 жылдың 24-28 наурыз аралығында қайта тексеру жүргізілсін, мектеп директорына комиссия жұмысына қатысуына өтініш жасалсын.


ҮЛГІ
Пәндер бойынша 2011/2012 оқу жылына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды тексеру қорытындылары жөніндегі

АНЫҚТАМА
Мақсаты: пәндер бойынша күнтізбелік жоспарлаудың Мемлекеттік стандарт пен бекітілген бағдарламаларға сәйкестігін, педагогика ұжымының оқу қызметін бастауға әзірлігін тексеру. Тексеру 29-31 тамыз аралығында директордың орынбасарлары тарапынан жүргізіледі.

Тексеру барысында төмендегі анықталды:

Бастауыш сыныптар. Күнтізбелік жоспарлау МЖМББС -2010 мемлекеттік стандартына, мектептің 2011/2012 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес келеді.

Орыс тілі мен әдебиеті. Күнтізбелік жоспарлау МЖМББС -2010 мемлекеттік стандартына, мектептің 2011/2012 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сай. И.А.Кулешова жоспарды кешіктіріп тапсырған.

Математика, информатика. Күнтізбелік жоспарлау уақытылы тапсырылған, ол оқу жоспарына сәйкес келеді.

Тарих, Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері. Күнтізбелік жоспарлау МЖМББС-2010 мемлекеттік стандартына, мектептің 2011/2012 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес. Ю.П.Гребенок - баспа түрінде ресімдеуі тиіс.

Шет тілі. Жоспарлау оқу жоспарына сай. Бірақ мұғалім А.Р.Мұзапарова күнтізбелік жоспарын тапсырмаған.

География, технология, физика, сызу, музыка, биология, химия. Жоспарлау оқу жоспарына сай әзірленген. Ескертпеміз жоқ.

Денешынықтыру. Күнтізбелік жоспарлау спорт залындағы қолда бар жабдықтардың мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Мазмұны МЖМББС-2010 мемлекеттік стандартына, мектептің 2011/2012 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сай.

Барлық пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау МЖМББС-2010 мемлекеттік стандарты жұмыс бағдарламаларына сәйкес әзірленген және мектептің 2011/2012 оқу жылы жоспарында белгіленген сағаттар санына есептеліп жасалған.

Педагогикалық ұжым оқу жылын бастауға әзір. И.А.Кулешова күнтізбелік жоспарын кешіктіріп тапсырған, А.Р.Мұзапаров күнтізбелік жоспар жасау ісін жалғастыруда. Денешынықтыру мұғалімдері күнтізбелік жоспар жасау кезінде қолда бар жабдықтардың мүмкіндіктерін ескермеген.
Ұсыныстар:

  • А.Р.Мұзапарова 2011 жыолдың 5 кыркүйегінен қалдырмай күнтізбелік жоспарын тапсырсын;

  • Денешынықтыру жөніндегі әдістемелік бірлестік меңгерушісі Л.В.Дербенева мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары спорт жабдықтарының мүмкіндіктеріне сәйкес өзгертілуін және түзетулер ендірілуін қамтамасыз етсін. Күнтізбелік жоспарлар 10 қыркүйекке дейін тапсырылсын.



Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары_______________
Бастауыш сыныптардың сынып журналдарын тексеру қорытындылары бойынша

АНЫҚТАМА
Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 15-31 қыркүйек аралығында №5 мектеп-гимназия әкімшілігі тарапынан 1-4 сыныптардың сынып журналдары тексерілді.

Тексерудің мақсаты: сынып журналдарын жүргізу кезінде бірыңғай орфографиялық талаптың; үй тапсырмалары хронометражының сақталуын; жазба жұмыстар үшін берілген бағалардың журналға дер кезінде қойылуын бақылау.

Тексерушілердің Ф.А.Ә. және лауазымдары:_______________

Тексеру кезінде төмендегі анықталды:

Барлық пән мұғалімдері журналға үй тапсырмаларын жазады, хронометраж нормативтік талаптардан аспайды.

Мұғалім Г.Ж.Сартбаева 2 «А», «В», «Г» сыныптарының жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағаларын журналға дер кезінде қоймаған; 3 қазаннан бастап сөздік бойынша жүргізілген жұмыстарға орай оқушылардың алған бағалары журналға қойылмаған немесе түгел қойылмаған.

Ағылшын тілінің мұғалімі А.Р.Мұзапарова 2 «А», «Б», «В», «Г» сыныптарының журналдарына тақырыптарды уақытылы жазбаған (соңғы тақырып 10 қазанда түсіріліпті). 3 «А», «Г» сыныптарының журналдарына тақырыптар алдын ала жазылған (1 және 2 қарашаға). 3 «Б» сыныбының журналына 11 және 17 қазан күнгі тақырыптарды түсіру барысында түзетулер жасалған.

Денешынықтыру мұғалімі М.М.Айтбакиев 4 «В» сыныбы журналына 9 қыркүйек күнгі сабақтың тақырыптарын жазып, өтілген мерзімін қою кезінде күнін қалдырып кеткен; бастауыш сыныптар мұғалімі Г.В.Симакова 3 «Б» сыныбының журналына 13 қаңтар күнгі орыс тілі пәні бойынша; бастауыш сыныптар мұғалімі Н.В.Заикина 2 «В» сыныбының журналына 19 қазан күнгі орыс тілі пәні бойынша өтілген күндерін жазбаған.

Сабақтардың тақырыптары мен өтілген күндерін жазу барысында мына мұғалімдер тарапынан түзетулер жасалуына жол берілген: И:Г:Матвеева «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» парағында – 14 қазан күніне түзету жасаған; Г.Капалбаева «Қазақ тілі» парағында – 21 қазан күнін түзеткен; М.М.Айтбакиев 4 «В» сыныбының журналындағы «Денешынықтыру» парағына – 18 қазаннан 28 қазанға дейінгі күндерге түзетулер жасаған, 4 «Г» сыныбының журналында -26 қазан күні түзетілген.

Тексеру қорытындылары бойынша ұсыныстар:

Пән мұғалімдері сынып журналдарын толтыру кезінде қатаң есептеліктегі құжаттарды жүргізуге қойылатын нормативтік талаптарды сақтауы тиіс. Сынып журналдарына түзетулер ендірілуіне жол берілмеуі қажет. Тақырыптар мен күндерді қалдырмас үшін журналды уақытылы толтырып отыру шарт.

Тексеру қорытындылары бойынша А.Р.Мұзапароваға, М.М. Айтбакиевке, Г.В.Симаковскаяға, Н.В. Заикинаға ескертулер жасалсын.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары_______________

Орыс тілі мен математика бойынша бастауыш мектеп оқушыларының дәптерлерін тексеру

қорытындыларына байланысты

АНЫҚТАМА
2011 жылғы 17 қазан мен 29 қазан аралығында бастауыш мектептің орыстілі мен математика пәндері бойынша дәптер тексеру жайы зерттелді.

Тексеру мақсаты: орыс тілі мен математика бойынша дәптер жүргізу кезінде бірыңғай орфограялық талапты сақтау; оқушылардың орфографиялық қырағылығын күшейту жөніндегі мұғалімдер жұмысының тиімділігін арттыру.

Тексеруді төмендегі құрамдағы сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады:



1-4 сыныптардағы барлық оқушылардың орыс тілі мен математика бойынша жұмыс дәптерлері тексерілді. Жинақталған ақпараттар және оларды талдау нәтижелері бойынша қорытынды пікірлер төмендегіше:

1 «А», «Б», «В», «Г» сыныптарында жазбаша жұмыстар «Алматы кітап» баспасы негізінде шығарылған жұмыс дәптерлеріне бағдарламалық материалға сәйкес жүргізіледі. Сынып жұмыстарының көлемі 1 сыныптың бағдарламалық материалына қойылатын нормативтік талаптардан аспайды. Дәптерлер тұрақты түрде тексеріледі, мұғалімдер каллиграфия дағдысын игертуде, бағдарламалық материалдар орындалу

үстінде.

2 «А», «Б», «В», «Г» сыныптарындамұғалім дәптерлерді тексеріп,қол қойған, жұмыс мазмұны бағдарламалық материалмен сай келеді. Мұғалім бірыңғай орфографиялық талапты сақтау жөнінде оқушылармен айтарлықтай жұмыстар атқару үстінде. Оқушылардың каллиграфиясына байланысты елеулі жұмыстар жүргізілуде. Мұғалім жүйелі түрде әріптердің үлгілерін, әріптердің бірігу үлгілерін, сөз үлгілерін оқушы дәптерлеріне жазып отырады. Сыныпта және үйде орындалатын тапсырмалардың көлемі талапқа сәйкес, тұрақты түрде қателерді түзету жұмыстары атқарылады. Оқушы жұмыстарын тексеру сапасы жақсы, мұғалім тарапынан жіберілген қателер байқалған жоқ. Жазба жұмыстарын талдай отырып, келесі қорытындыға келуге болады: мұғалім И. В. Макарова сабақта дәріс берудің әр түрлі формаларын қолданады. Атап айтқанда: орыс тілі бойынша - айту арқылы жазу, көшіріп жазудың түрлі тәсілдері, есте сақтау арқылы жазу, шығармашылық жұмыстар; математика бойынша - математикалық диктант, кері есептерді шешу және құрастыру, геометриялық материалдар бойынша жұмыс жүргізу,теңдеулерді шешу.

3 «А», «Б», «В», «Г» сыныптарында дәптерлерге оқушылар қол қойғанжұмыстардың мазмұны бағдарламалық материалға сай. Мұғалім бірыңғай орфографиялық ережені сақтау жөнінде оқушылармен жақсы жұмыс жүргізген. Сынып жұмыстары мен үй жұмыстарының көлемі талапқа сәйкес.

Мұғалім бірыңғай орфографиялық талапты сақтау жөнінде оқушылармен айтарлықтай жұмыстар атқару үстінде. Оқушылардың каллиграфиясына байланысты елеулі жұмыстар жүргізілуде. Мұғалім жүйелі түрде әріптердің үлгілерін, әріптердің бірігу үлгілерін, сөз үлгілерін оқушы дәптерлеріне жазып отырады. Сыныпта және үйде орындалатын тапсырмалардың қателерін түзету жұмыстары атқарылады. Оқушы жұмыстарын тексеру сапасы жақсы, мұғалім тарапынан жіберілген қателер байқалған жоқ. Жазба жұмыстарын талдай отырып,келесі қорытындыға келуге болады: мұғалім сабақта дәріс берудің әр түрлі формаларын қолданады. Атап айтқанда: орыс тілі бойынша - айту арқылы жазу, көшіріп жазудың түрлі тәсілдері, есте сақтау арқылы жазу, шығармашылық жұмыстар; математика бойынша - математикалық диктант, кері есептерді шешу және құрастыру, геометриялық материалдар бойынша жұмыс жүргізу, теңдеулерді шешу.

4 «А», «Б», «В», «Г» сыныптарында дәптерлерге оқушылар қол қойған жұмыстардың мазмұны бағдарламалық материалға сай. Мұғалім бірыңғай орфографиялық ережені сақтау жөнінде оқушылармен белгілі бір дәрежеде жұмыс жүргізген. Дәптерлер тұрақты түрде тексеріліп отырады. Бірақ, оқушылардың каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастыруға байланысты жүргізілген жұмыстар байқалмайды, әріптердің үлгілері жүйелі түрде беріліп отырмайды, қателер бойынша жұмыс жүргізілмейді.

4 «Б» сыныбы (мұғалімі Титоренко Э. Э.). Дәптерлерге оқушылар қол қойған, жұмыстардың мазмұны бағдарламалық материалға сай. Мұғалім бірыңғай орфографиялық ережені сақтау жөнінде оқушылармен біраз жұмыс атқарылған. Оқушылардың каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастыруға байланысты жұмыстар тұрақты жүргізілмейді. Сыныпта және үйде орындалатын тапсырмалардың қателерін түзету жұмыстары байқалмайды. Сынып жұмыстары мен үй жұмыстарының көлемі нормаға сәйкес. Мына дәптергекөңіл аудару керек:____ . Оқушы мәліметтері сынып жұмысының көлеміне сай емес.

4 «В» сыныбы (мұғалімі Матвеева И. Г.). Дәптерлерге оқушылар қол қойған, жұмыстардың мазмұны бағдарламалық материалға сай. Мұғалім бірыңғай орфографиялық ережені сақтау жөнінде оқушылармен жақсы жұмыс жүргізген. Оқушылардың каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастыруға байланысты жұмыстар тұрақты жүргізіледі, бірақ мұғалім оларды әрдайым бағалап, түзетіп отырмайды. Сыныпта және үйде орындалатын тапсырмалардың қателерін түзету жұмыстары байқалмайды. Сынып жұмыстары мен үй жұмыстарының көлемі талапқа сәйкес. Жазба жұмыстарын талдай отырып,келесі қорытындыға келуге болады: мұғалім сабақта дәріс берудің әр түрлі формаларын қолданады. Атап айтқанда: орыс тілі бойынша - айту арқылы жазу, көшіріп жазудың түрлі тәсілдері, есте сақтау арқылы жазу, шығармашылық жұмыстар; математика бойынша - математикалық диктант, кері есептерді шешу және құрастыру, геометриялық материалдар бойынша жұмыс жүргізу, теңдеулерді шешу.

4 «Г» сыныбы (мұғалімі Каирова И. И.). Дәптерлерге оқушылар қол қойған, жұмыс мазмұны бағдарламалық материалмен сай келеді. Мұғалім бірыңғай орфографиялық талапты сақтау жөнінде оқушылармен айтарлықтай жұмыстар атқарған. Оқушылардың каллиграфиясына байланысты елеулі жүмыстар жүргізілуде. Мүғалім жүйелі түрде әріптердің үлгілерін. әріптердің бірігу үлгілерін, сөз үлгілерін оқушы дәптерлеріне жазып отырады. Сыныпта және үйде орындалатын тапсырмалардың көлемі нормаға сәйкес, түрақты түрде қателерді түзету жұмыстары атқарылады. Оқушы жұмыстарын тексеру сапасы жақсы, мұғалім тарапынан жіберілген қателер байқалган жоқ. Жазба жұмыстарын талдай отырып, келесі қорытындыға келуге болады: мұғалім сабақта дәріс берудің әр түрлі формаларын қолданады. Атап айтқанда: орыс тілі бойынша - айту арқылы жазу, көшіріп жазудың түрлі тәсілдері, есте сақтау арқылы жазу, шығармашылық жұмыстар; математика бойынша - математикалық диктант, кері есептерді шешу және құрастыру. геометриялық материалдар бойынша жұмыс жүргізу, теңдеулерді шешу. Қателер бойынша тиісті жұмыстар күн сайын жүргізіледі.
Тексеру қорытындылары бойынша ұсыныстар:

  • Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың каллиграфиялық жазу дағдыларын дамытуға байланысты жұмыстарды күшейтуі қажет.

  • Орыс тілі мен математикаға арналған дәптерлерді жүргізу кезінде бірыңғай орфографиялық талаптың қатаң сақталуын қадағалау шарт.

  • Қателер бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуі керек.

  • Дәптерлер жүйелі түрде тексеріліп, орфографиялық қателердің орын алуына, бағалардың асырып қойылуына жол бермеген жөн.


Сараптау комиссиясы:

ІІ. ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР
Оқыту жұмысы бойынша анықтамаларды көпшілігінде директордың оқу ісі бойынша және бастауыш мектептің оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары жазады. Білім беру мазмұны бойынша анықтамаларға тән төмендегі қасиеттерді ажыратуға болады:

  1. Мұғалім қызметін бағалау және оқушылардың білім, білік, дағдыларын анықтау үшін бақылау жұмыстары немесе тесттер өткізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, оқыту нәтижесі зерттеледі.

  1. Нәтижелер цифрлық кестелерде көрсетіледі, оқушылардың біркелкі қателері анықталады.

  2. Көптеген тексерушілер үрдістің динамикасын көрсету үшін графиктар сызады, ол да дұрыс, өйткені жан-жақты талдау үшін даму тенденциясын, динамикасын бақылау қажет.

Оқыту жұмысы бойынша бір шама анықтамаларды талдай келе, мектеп директорларына төмендегі кеңестерді беруге болады:

    • Мектеп директоры оның орынбасарлары бақылаудың қандай әдістерін қолданатынын талдау керек, өйткені бір әдісті жақсы, жан-жақты меңгеріп, орынбасарлар оны қайта-қайта қолдануға әрекет жасайды. Сондықтан , ең алдымен бақылау мақсатын нақты белгілеп, содан кейін мақсатқа лайық тексеру әдістерін және түрлерін таңдау қажет.

    • Анықтаманың көлеміне көңіл аудару қажет. Кейбір анықтамалар шектен тыс көп бетті болып кетеді, олар жоғарыдан тексерушілерге арналып жазылғандай болады. Анықтамаларды нақты талдау және кемшіліктерді жою үшін жазу керек.


Жалпысыныптық бақылау бойынша анықтамалар
Жалпысыныптық бақылау – бұл бақылаудың ең тиімді формаларының бірі. Жалпысыныптық бақылау арқылы сынып ұжымының ұйымдастыру жағдайын, оқушылардың түрлі пәндер бойынша дайындық деңгейін анықтауға болады. Бақылау талабы бойынша оқу жоспарындағы барлық сабақтарға ену қажет.
ҮЛГІ
5 «А» сыныбындағы жалпысыныптық бақылаудың қорытындылары бойынша

АНЫҚТАМА
2012 жылдың 16 қыркүйек және 3 ақпан аралығында жалпысыныптық бақылау барысында 5 «А» сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларының деңгейі, сынып ұжымының ұйымдастыру жағдайы, құжаттамалардың рәсімделуі тексерілді. Осы мақсатта төмендегі жұмыстар жүргізілді:

1. Барлық пәндер бойынша сабақтарға қатысу.

2. Қазақ тілінен әкімшілік бақылау жұмысы жүргізілді.

3. Қазақ тілі және математикадан жұмыс дәптерлері тексерілді.
І. Пәндердің оқытылуы

1. Қазақ тілінің оқытылуы (мұғалімі Ниязбекова Г.)



Сабақтарға қатысу барысында Г.Ниязбекова сабақты құру әдістемесін жақсы меңгергендігі анықталды. Сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыратын түрлі жұмыс әдістері мен формаларын пайдаланады. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы, сөйлеу мәдениеті өте жақсы.
Қазақ тілі пәні бойынша әкімшілік тарапынан өткізілген бақылау жұмысының талдауы


Барлық оқушы саны

Жазғаны

Бағалары

Орта балы

Үлгерімі %

Білім сапасы %

2

3

4

5

25

21


2

11

6

2

3,3

90

38


Бақылау жұмысында жіберілген біркелкі қателер:

1. Тасымал – 3 оқушы.

2. Шылаулардың жазылуы – 11 оқушы.

3. Біріккен сөздердің жазылуы – 7 оқушы.

4. Қоссөздердің арасындағы дефис – 5 оқушы.

5. «Қанағаттанарлықсыз» сөзі – 8 оқушы.

Жіберілген қателер себептері:

Диктант мәтіні күрделі. Көптеген оқушылар шылауларды сөздермен қосып жазған, яғни сабақта бұл ереже бойынша жұмыс аз жүргізілген. «Қанағаттанарлықсыз» сөзі оқушыларға қиындық туғызды, сондықтан оның жазылуын түсіндіріп, тақтаға жазып қою қажет еді. Сыныптағы көптеген оқушы гриппен ауырып, 4 сыныпта өтілген тақырыптарды қайталау сабақтарына қатыспаған. Соның салдарынан 2 оқушы қанағаттанарлықсыз баға алып, жалпы диктант нәтижесі төмен болды.
2. Әдебиеттің оқытылуы (мұғалімі Ниязбекова Г.)
Қатысқан сабақ тақырыбы – «Қазақтың халық ертегілері». Балалар халық ертегілерін жақсы көреді. Сынып қызығушылықпен, белсенділікпен жұмыс істеді. Мұғалім сабақта иллюстрацияларды, оқушылар суреттерін пайдаланды. Бұл тақырыпты оқудың қорытындысы – оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
3. Математиканың оқытылуы (мұғалімі Сапарова Г.)
Математиканың бірнеше сабағына қатысу ұйымдастырылды. Мұғалім бірінші жыл жұмыс істеуде, сондықтан жұмысында жас маманға тән бірқатар қиындықтар кездесуде: жаңа тақырыпты түсіндіру және пысықтауда нақтылық жоқ, әрбір оқушыны деңгейіне қарап оқытуда қиналады, сабақта уақытты тиімді пайдалана алмайды. Дегенмен, мұғалім бойында педагогикалық шеберлікті арттыруға ынта бар.
4. Орыс тілінің оқытылуы (мұғалімі Бейсенбаева Б.)



Мұғалім өз сабағында оқытудың түрлі формаларын, көрнекілік және ОТҚ-н тиімді пайдалана біледі. Көпшілігінде сабақта дидактикалық ойындарды қолданып, оқушылардың өз пәніне деген қызығушылығын арттырады. Ата-аналармен тығыз байланыста болып, үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар өткізеді.
5. Ағылшын тілінің оқытылуы (мұғалімі Байтенова Қ.)
Қ.Байтенованың сабақтары қызықты, жылдам қарқынмен өтеді. Оқушылары бағдарламаны орындай алады, үлгермеушілер жоқ. Сабақта көрнекі құралдарды, ОТҚ-н көп пайдаланады. Үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар беріп, оларды жүйелі түрде тексереді.
6. Тарихтың оқытылуы (мұғалімі Бердешева Р.)
Мұғалімнің сабақтары М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясына сай өткізіледі. Оқушылар пәнге қызығады, сабақта белсенді. Сабақта мұғалім интербелсенді әдістерді тиімді пайдаланады. Мұғалімге оқушылар жүктемесін асырмауына көңіл аудару қажет ( үзілісте, сабақтан соң алып қалмау).

7. Музыканың оқытылуы (мұғалімі Сулейменова А.)
Мұғалім сабақтары эмоционалды, әдістеме жағынан сауатты. Сүлейменова А. оқытып жатқан материалды жоғары деңгейде меңгерген, аудиторияны өзіне қарата алады, оқушылар мұғалімге, оның сабақтарына қатты қызығады.
8. Технологияны оқыту (мұғалімі Саденова А.)
Саденова А. қыз балаларға аспаздықтың алғашқы дағдыларын үйретуде. Сабақтар эмоционалды көніл-күйде өткізіледі, оқушылар сабақта қызығып жұмыс жасайды, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы.
9. Дене тәрбиесінің оқытылуы (мұғалімі Төребеков Б.)



Б.Төребековтың сабақтары бағдарламаға сай жүргізіледі, енген сабақта өте қызықты сергіту жаттығуларын, жеңіл атлетикалық жаттығуларды өткізді, сабақ мақсатына жетті. Оқушылар қызығып жүгірумен айналысты және спорттың осы түрі бойынша нормаларды тапсырды.
10. Бейнелеу өнерін оқыту (мұғалімі Ахметова Г.)
Г.Ахметова сабақтарында графика, бейнелеу және мүсіндеуді үйретеді. Оқушылар теориялық және практикалық жұмыстарды орындайды, сабақта белсенді, әуестік білдіреді, ізденіс материалдарымен жақсы жұмыс жасайды.
ІІ. Жұмыс дәптерлерін тексеру.

Математика дәптерлері: 2012 жылдың 24 қыркүйегінде тексерілуге 18 дәптер тапсырылды. Дәптерлер ұқыпты, барлығының сыртында қабы бар. Мұғалім дәптерлерді аптасына бір рет тексереді, бұл 5 сынып талабына сай емес. Оқушылар қатемен жұмыс жүргізбейді.

Қазақ тілі дәптерлері: 2012 жылдың 23 қыркүйегінде тексерілуге 24 дәптер тапсырылды. Дәптерлер ұқыпты, барлығының сыртында қабы бар. Мұғалім дәптерлерді жүйелі түрде тексереді, оқушылар қатемен жұмыс жүргізеді. Қосымша сабақтарға да дәптерлер арналған, олар да тексеріледі, сөздік дәптерлері де бар.

Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, келесі қорытындыларды жасауға болады:

1. Бастауыш сынып мұғалімі Жансейітова А. оқушыларды 5

сыныптағы оқу материалын меңгеруге жақсы дайындаған.

2. 5 сыныптағы мұғалімдер адал жұмыс жасайды, дегенмен,

сабақтарда оқыту технологияларын кеңінен пайдалану керек.

3. Барлық мұғалімдерге сыныпты ұйымдастыру бойынша бірыңғай

талаптарға сай жұмыс жүргізу керек.

4. Үлгерімі нашар оқушыларға аса көңіл аудару қажет, оларды жеке

бақылауға қою қажет.

5. Оқушылардың оқырмандық қызығушылықтарын және

эрудициясын зерттеу (викториналар, әңгімелер, саулнамалар)

бойынша 5 сынып оқушыларының аз оқитындығы анықталды,

оқушылар белгілі балалар шығармаларының авторларын атай

алмайды, кітап оқуға қызығушылық білдірмейді. Осы проблемаға

мұғалімдерге көңіл аудару қажет және әдістемелік кеңесте

мәселе қаралсын.

ҮЛГІ

2010/2011 оқу жылындағы мектептің

әдістемелік жұмысын тексеру бойынша
1   2   3


написать администратору сайта