Главная страница

мектбак аныктама үлгі. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а филиалы


Скачать 253 Kb.
Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а филиалы
Дата12.04.2022
Размер253 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файламектбак аныктама үлгі.doc
ТипДокументы
#465024
страница3 из 3
1   2   3

АНЫҚТАМА



Мақсаты: 1. Әдістемелік жұмыстың деңгейін анықтау.

2. Мектептің әдістемелік жұмысының рөлі.
Мерзімі: 20 – 30.04.2011 ж.
Комиссия құрамы: мектеп директоры, директор орынбасарлары,

мектеп Кеңесінің төрағасы.

Әдістер: - әдістемелік бірлестік жетекшілерімен әңгімелесу;

- әдістемелік бірлестік отырыстарының хаттамаларын

тексеру;

- мұғалімдермен әңгімелесу.
Мектепте бастауыш мектеп, гуманитарлық цикл, математика, жаратылыстану циклы, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері жұмыс жасайды.

Тексеру барысында төмендегілер анықталды:

1. Барлық әдістемелік бірлестіктердің (ӘБ) жылдық жұмыс

жоспарлары бар және олар тоқсан сайын өз отырыстарын

өткізеді.

2. Жоспар бойынша жас мамандармен жұмыс зерттеледі, барлық

бақылау жұмыстары талданады.

3. ӘБ жетекшілерінің басшылығымен пән апталықтары нәтижелі

өткізілді.

4. Мектепішілік пән олимпиадалары өткізілген, алты аудандық

олимпиада жеңімпазы бар (оқушылар фамилиясы, мұғалімнің

аты-жөні, пәні).

5. Математика пәнінің мұғалімдері деңгейлік дифференциация

бойынша инновациялық жұмысты жалғастыруда және

гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестігі модульдік оқыту

технологиясын сабақтарға енгізуде.

6. Өзара сабаққа ену кестесі толық орындалған.
Сонымен қатар мектептің әдістемелік жұмысында бірқатар кемшіліктер де анықталды:

1. Мектептің жалпы әдістемелік тақырыбы, ӘБ тақырыбы және

мұғалімдердің өз білімін жетілдіру тақырыптарының

арасында байланыс жоқ.

2. Әрбір ӘБ тек өз жұмысымен шектеледі, әдістемелік

бірлестіктер жұмысының арасында байланыс жоқ.

3. Бастауыш сынып және жаратылыстану әдістемелік

бірлестіктерінде инновациялық жұмыс жеткіліксіз.

4. Дарынды оқушылармен жұмыс, аудандық пән олимпиадаларына

және интеллектуалдық марафондарға қатысуға оқушыларды

дайындау жұмысының дәрежесі төмен. Мектеп физика,

биология, шет тілдері бойынша аудандық олимпиадаларға

қатыспаған.

5. Пән мұғалімдерімен әңгімелесу барысында олар өз білімін

жетілдіру тақырыптарын ат үсті таңдағаны анықталды.
Ұсыныстар:

1. Әрекеттерді үйлестіру және әдістемелік жұмысты жоғары

деңгейде жоспарлау мақсатында жалпымектептік әдістемелік

кеңес құрылсын. Әдістемелік кеңестің төрайымы болып

жоғары сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы бойынша директор

орынбасары тағайындалсын.

2. Мектептің әдістемелік кеңесі жалпы әдістемелік тақырыпты

және оқу жылының міндеттерін ескере отырып әр әдістемелік

бірлестіктің әдістемелік тақырыптарын анықтасын.

3. Пән апталықтарын өткізу практикасы жалғастырылсын.

4. Оқушылары аудандық олимпиада жеңімпаздары болған

мұғалімдер грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен

марапатталсын:...................................... ( алты фамилия).

5. Физика ......., биология....., шет тілі.... мұғалімдері оқушыларды

олимпиадаларға дайындау жұмысына көңіл аударсын.

6. Осы мұғалімдердің аудандық олимпиадаға қатысу

қорытындылары бойынша есептері 2011 жылдың наурыз

айында директор жанындағы кеңесте тыңдалсын.

7. Осы анықтама мектеп Кеңесінің отырысында және директоры

жанындағы кеңейтілген отырыста талқылансын.

2-4 сыныптарда мәтін оқу техникасын

тексеру нәтижелері бойынша

АНЫҚТАМА
Тексеру мақсаты: оқу жылының басындағы 2-4 сынып оқушыларының мәтін оқу деңгейін анықтау: жүргізіп оқу техникасын, оқығанды түсіну қабілетін байқау.

Тексеру мерзімдері:

2-3 сыныптар - 19-24 қыркүйек

4-ші сыныптар - 26-30 қыркүйек

Тексеруді жүзеге асырушылар: директордың орынбасары

бастауыш сыныптар кафедрасының жетекшісі .

Тексерілді:

- мәтін оқу техникасын тексеру жүйесі мен нәтижелердің сынып

журналына түсірілуі;


  • мәтін оқу техникасының өлшемдері;

  • оқу жылының басындағы мәтін оқу деңгейі.

Мәтін оқу дағдысын анықтау мақсатында төмендегілер тексерілді:

  • 4-ші сынып бойынша 108 шәкірттің мәтін оқу техникасы;

  • 3-ші сынып бойынша120 шәкірттің мәтін оқу техникасы;

  • 2-ші сынып бойынша 117 оқушының мәтін оқу техникасы.

Бірқатар оқушыларда мәтінді буынға, сөзге бөліп оқу тәсілі байқалады. Бұлайша оқу аталмыш сыныптықтар үшін жол беруге болмайтын нәрсе. Өйткені ол қалған оқу пәндерін игеруге кері ықпал ететін жәйт. 4-ші сыныптарда оқитын шәкірттердің 33 %-ы (36 оқушы) жеке-жеке сөздер бойынша оқиды, яғни сөйлемдерді түгелімен жүргізіп оқу дағдысы қалыптаспаған. Оқушылардың 67 %-ы бұл дағдыны игерген. Яғни олар жүргізіп оқи алады.

4-сынып оқушыларының мәтін оқудағы орташа екпіні мен оқылғанды түсіну деңгейі

(талап - минутына 95 сөз)



Сынып

Мәтін оқудағы орташа екпін

Оқығанды түсіну деңгейі









ортадан төмен

(в %)

орташа

ортадан жоғары (%-ы)



4 «А»

98

32




60

4 «Б»

97

42




55

4 «В»

93

32




64

4 «Г»

103

35




56



Берілген мәліметтерден көрініп отырғандай, 4-сынып оқушыларында мәтін оқу дағдысының нормативтік деңгейі қалыптаспаған, бұл, сөз жоқ, өзге пәндер бойынша үлгерім нәтижелеріне де кері ықпал ететін болады.

Мәселен, шәкірт М.Карбозовтың (4 «А») мәтін оқу деңгейі төмен - минутына 57 сөз, Р.Смаиловта (4 «А») - 46 және т. б.

Ең жоғары нәтижені 4 «Г» сыныбының оқушылары көрсетті (мұғалімі Каирова Э.Э.).
3-сынып қушыларының мәтін оқудағы орташа екпіні мен оқылғанды түсіну деңгейі

(талап - минутына 65 сөз)

Сынып

Мәтін оқудағы орташа екпін

Оқығанды түсіну деңгейі

ортадан төмен

(%-ы)

орташа

ортадан жоғары (%-ы)

3 «А»

81

45




55

3 «Б»

81

43




47

3 «В»

77

57




30

3 «Г»

94

34




62


3 «А», «Б», «В» сыныптарының мәтін оқу дағдысы жеткілікті қалыптаспаған; Байгабулов (3 «А»), Хангалдян (3 «В») және т б. шәкірттерде буындап оқу байқалады. Айткалиева, Павленко, Палтушев (3 «А»), Афуксениди, Калиев (3 «Б») және тағы басқа да бірсыпыра шәкірттер буынға,сөзге бөліп оқиды.

Мәтін оқу деңгейі Байгабуловта (3 «А») - минутына 22 сөз: Павленкода (3 «А») - 36 сөз және т. с. с.

Ең жақсы нәтиже көрсеткен 3 «Г» сынып оқушылары болды (мұғалімі Шарипова Г.Г.).
2-сынып қушыларының мәтін оқудағы орташа екпіні мен оқылғанды түсіну деңгейі

(талап - минутына 55 сөз)

Сынып




Оқығанды түсіну денгейі






Мәтін оқудағы орташа екпін

ортадан төмен 1 (%-ы)

орташа

ортадан жоғары

(%-ы)



2 «А»

73

19




78

2 «Б»

60

31




50

2 «В»

64

13




68

2 «Г»

58

30




59


2-сынып бойынша оқу нормасы қалыпты. Нормадан төмен оқитындар: Гапчук (2 «А») - минутына 37 сөз; Дүйсебаев (2 «А») - 49 сөз және т. с. с.

Оқушылардың мәтін оқу техникасын тексеру 2-4-сынып оқушыларының бірқатарында логопедтік проблемалар бар екенін көрсетті. Атап айтқанда: Жемчуговта, Закирьяровта (2 «Г») және тағы басқаларда.
Ұсыныстар:


  • Бастауыш сынып мұғалімдері мәтін оқу сабағына қатесіз оқу жаттығуларын ендіріп, шәкірттердің мәтінмен өздігінен жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыруы қажет;

  • сыныптан тыс мәтін оқу жағдайларын тұрақты қадағалап, ата-аналармен және мектеп кітапханасымен байланыс жасап отыру керек;

  • логопедтік проблемалары бар балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу арқылы логопед сабақтарына қатыстыру мәселесін анықтаған жөн;

  • мәтін оқу техникасын екінші рет тексеруді қаңтар айында жүргізген дұрыс.


Директордың орынбасары:

Бастауыш сыныптар кафедрасының жетекшісі:

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ
Жаңадан келген мұгалімдердің сабақтарына кіру

нәтижелері бойынша

АНЫҚТАМА
Тексеру мақсаты: жаңадан келген мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерімен танысу; мұғалімдердердің кәсіби біліктілігі деңгейін; олардың сынып бойынша жұмыс жүргізе білу қабілетін, сондай-ақ, ұйымдастыруға байланысты іс-әрекет дағдысын тексеру.

Тексеру мерзімі: 2011 жылғы қыркүйектің 8-інен 30-ына дейін.

Бақылау формасы:

  • Сабақтарға кіріп, соңынан нәтижесін талдау.

  • Мұғалімдердің әдістемелік қорымен танысу.

  • Мұғалімдермен әңгімелесу.

Тексеруді жүзеге асырғандар: мектеп директоры Сакенова Е. Н., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Афанасенко Л. Д., Чурикова С. А.

Тексерушілер мына сабақтарда болды:

Жанайдарова Р. А. - 5 сабақ

Махпирова Ю. М. - 3 сабақ

Пархоменко С. Г. - 2 сабақ

және т. с. с.

Орыс тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі С.Г. Пархоменко сабақтары үш бірлікті дидактикалық мақсатты орындау тұрғысынан нәтижеге жетті.Сабақтардың құрылымы жүйелілігімен, барлық кезеңдердің ойластырылғандығымен, сондай-ақ сыныптың өз ерекшелігіне сәйкес оқу материалын дұрыс таңдауымен ерекшеленеді. С.Г.Пархоменко сабақтарының тиімділігі 90%-ды құрады; сабақтарда сауатты жазу, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту және қалыптастыру бағытында мақсатты түрде жүргізілген жұмыстар нәтижесі аңғарылады. Мұғалім жаңғырту сипатындағы тапсырмалармен бірге эвристикалық және шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды да орынды қолдана біледі. Дифференциялық сипаттағы тапсырмаларға да айрықша көңіл бөлінеді. Бұл сабақта дербес жүргізілетін жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Т. А. Баум сабақтарының тиімділігі 60-81%-ды құрады. Мұғалім ағылшын тілінен сабақты кәсіби біліктілікпен жүргізетіні байқалып тұр. Танымдық қызығушылықты дамытуға байланысты елеулі жұмыстар жүргізілген: сабақта эмоционалдық жағдай жасалған, мұғалім оқушылардың интеллектуалдық белсенділігін ояту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Мұғалімнің жұмсақ үні мейірімді атмосфера тудырып, оқушылардың өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізуіне жағдай жасайды. Әйтсе де, сабақ өткізудің әдістері мен тәсілдерін таңдауда тапсырмалардың дифференциялылығын, әр түрлі деңгейлілігін ескеріп отыру қажет, өйткені оқушылардың тілді игеру деңгейі әр қилы. Бұл шәкірттердің ой қызметін дамыту және белсендендіру, оларды оқушылар жауабын талдауға, түсініктеме беруге тарту үшін керек. Жоспар жасау және сабақ өткізу кезінде сыныптың даярлық деңгейін ескере отырып, уақытты ұтымды түрде бөлу, оның көлемі мен оңтайлы түрде қолданылуынойластыру шарт. Осы мәселелерге көңіл аударған жөн. Тексеру кезінде мұғалімнің әдістемелік біліктілігі қалыпты деңгейде болды.

Р.А.Жанайдарова - математика пәнінің екінші санатты мұғалімі. Р.А Жанайдарова өткізген сабақтардың тиімділігі 40-56 %-ды құрады. Тиімділік пайызындағы бұл елеулі айырмашылықтар сабақ барысының әр қилы сипатына байланысты. Мәселен, бірінде сабақтың мақсат, міндеттері белгіленбейді, бірінде балалардың даярлық деңгейі ескерілмейді, тағы бірінде мұғалім сабақты «субъект-объект» тұрғысынан ғана өткізеді. Мысалы, Р. А.Жанайдарованың сабақ өткізу дағдысы әлі берік қалыптаса қоймаған, оқушылардың біркелкі қиындықтарданшығуын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ете алмайды. Сабақтың құрылымы, кезеңдерінің өзара байланысы өз үйлесімін таба алмай жатыр. Тексеру кезінде мұғалімнің әдістемелік біліктілігі өз деңгейінде болған жоқ. Оқушылардың ауызша есеп шығару қабілетін дамыту жөніндегі жұмыстар дұрыс жүргізілмегені байқалады.


А.Р.Мұзапарова - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Санаты жоқ. А.Р.Мұзапарова өткізген сабақтардың тиімділігі 24-54%-ды құрады. Сабақтар әдістемелік тұрғыдан алғанда дұрыс өткізілген жоқ. Барлығы жаңғырту сипатында ғана. Тапсырмалар әр қилы оқулықтардан алынған. Қосымша әдебиеттердің не үшін пайдаланылғанын түсіндіре алмайды. Мұғалім сабақ өткізудің түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануға, балалардың интеллектуалдық белсенділігін оятуға даяр емес. Оқушылардың жауаптары олардың оқылған материалды ұғынбағандығын, түсініктері атүсті, жаттан-ды, сыңаржақ, тілді білуі шолақ сөйлемдер сипатында ғана екенін керсетеді. Мұғалім әлі пәнішілік және пәнаралық байланыстарды игермеген, шәкірттерді оқытып-үйретудің дифференциялық тәсілін қолданбайды. Сабақта мұғалім көп уақытты өзі сөйлеп алады. Балалар шығармашылық үй тапсырмаларын бір жақты қысқаша сөйлемдер бойынша ғана орындайды. Оқушылардың өздігінен жүргізетін жұмыстарының үлес салмағы тым аз.

А.Г.Акулов – денешынықтыру мұғалімі, жоғары санатты маман, жұмыс өтілі 36 жыл. Сабақтарда жарақаттанудың алдын алу мәселесіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінеді. Нұсқама (инструктаж), жөн-жоба беріліп отырады. Сабақтардың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі жоғары деңгейде. А.Г. Акулов өткізген сабақтардың тиімділігі 51-60%-ды құрады. Сабақта әдістемелік талаптар орындалып отырады.

Ю. М. Махпирова – тарих пәнінің мұғалімі. Санаты жоқ. Институтты бітірген уақыты мен педагогикалық қызметті бастаған уақытының арасында үлкен үзіліс бар. Мұғалімнің сабақ тиімділігі 32-40%-ды құрады. Бұл педагогикалық қызметтің төменгі деңгейі болып табылады. Сабақ әдістемелік тұрғыдан алғанда дұрыс өткізілген жоқ. Сабақ құрылымдары сақталады, бірақ кезеңдік байланыстары жоқ. Мұғалім сыныпты жеткілікті игере алмайды. Сабақ қызықсыз өтеді. Шығармашылық тапсырмалар сабақ тақырыптары мен мақсаттарына қатыссыз беріледі.

А.Т.Намазбаева - бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш сыныптарда сабақ беру әдістемесін меңгерген. Сабақтар ойын элементтерін пайдалана отырып, дәстүрлі жүйеде өткізіледі. Тиімділік 60-80%-ды құрайды.

Ұсыныстар:

Пән мұғалімдері С.Г.Пархоменко, Т.А.Баум, А.Т.Намазбаева, А.Р.Мұзапарова, Ю.М.Махпирова, А.Г.Акулов,Р.А. Жанайдаровалар сабақ өткізудің стандартсыз формаларын зерттеп, үйренуі, сөйтіп оларды оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастыру практикасына ендіруі, дамыту бағытындағы және шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кеңінен қолданулары қажет. Әдістемелік тұрғыдан жұмыс жүргізулері шарт. Бұл орайда жүйелі жоспар жасаулары тиіс.

Пән мұғалімдері Ю.М.Махпирова, А.Р.Мұзапарова, Р.А. Жанайдаровалар сабақ өткізетін пәндері бойынша мемлекеттік стандарттарды зерттеулері, мұғалімдер Н.Н.Волошина, Н.И. Москалева, М.Ш.Исмаиловалардың жұмыс әдістерімен танысу үшін олардың сабақтарына қатысулары қажет. Әр сабақты нормативтік талаптарға сай, әдістемелік тұрғыдан сауатты өткізуге тұрақты әрі мұқият әзірлену шарт. Сабақ жоспарын жасау және оны өткізу кездерінде сол пәнге жетекшілік ететін кафедра меңгерушілері мен оқу ісінің меңгерушілерінен әдістемелік көмек сұрау керек.

Кафедра меңгерушілері А.А.Кобрина, М.Ю.Иянь, әдістемелік бірлестік жетекшісі М.Ш.Исмаилова жас мамандар А.Р. Мұзапарова, Ю.М.Махпирова, Р.А.Жанайдароваларға тәлімгерлер бекітіп, олардың жұмыс нәтижелерін қадағалаулары тиіс.

Мұғалімдер тексеру қорытындыларымен танысты.
5 мектеп-гимназия директоры:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

ІІІ.. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТЫ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР
ҮЛГІ
................... бойынша пән апталығын өткізу

қорытындылары бойынша

АНЫҚТАМА



Тексеру мақсаты: пән апталығының оқушылардың пәнге

қызығушылығының дамуына, білім деңгейінің

жоғарылауына, оқушыларды дербестікке және

шығармашылыққа үйретуіне, дарынды және

қабілетті балаларды анықтауға әсерін тексеру.
Мерзімі: 14 – 21. 11. 2011 ж.
Комиссия құрамы: жоғары сыныптардағы оқу-тәрбие үдерісі

бойынша директордың орынбасарлары,

әдістемелік бірлестіктер жетекшілері.
....................... бойынша пән апталығының барысында келесі іс-

шаралар өткізілді:

  • пән бойынша сыныптық олимпиадалар;

  • мектепішілік пән олимпиадасы өткізіліп, аудандық олимпиадаға қатысатын оқушылар анықталды;

  • оқушылар үшін кино көрсету ұйымдастырылды;

  • сынып газеттерінің, суреттерінің, плакаттарының, оқушылардың шығармашылық жұмыстарының байқаулары өткізілді;

  • оқушылар және ата-аналар үшін ең үздік жұмыс көрмесі ұйымдастырылды;

  • оқушылардың барлық жұмыстарын бағалау үшін төмендегі құрамда қазылар алқасы құрылды: ............................................. ;

  • төмендегі оқушылар олимпиада жеңімпазы болып аталды: ..................................... (оқушының аты-жөні, сыныбы)



  • төмендегі оқушылардың жұмыстары сыйлықтармен марапатталды: ...................................................................... .

Апталықтың өтілуіне ата-аналардың қызығушылығын атап өтуге болады.
Ұсыныстар:

1. Апталықтың дайындығы мен өткізілуіне белсене қатысқан

келесі мұғалімдер грамоталармен марапатталсын:

......................... .

2. Оқушылары І орын алған мұғалімдер ақшалай сыйақымен

марапатталсын.

3. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар грамоталармен және

сыйлықтармен марапатталсын.

  1. Келесі оқу жылында апталықты өткізу барысында:

  • апталық күндері нақты жоспарлансын;

  • әрбір күннің өтілуіне жауаптылар белгіленсін;

  • шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде кеңінен оқушыларға реферат жаздыру талап етілсін.


ҮЛГІ
Мектептегі үйірме жұмысының жағдайы туралы

АНЫҚТАМА
Мақсаты: мектептегі үйірме жұмысының жағдайын зерттеу;

үйірме жұмысының тиімділігін және оның

оқушылардың шығармашылық әлеуетіне әсерін

бағалау.
Мерзімі: 1 – 22.01. 2012 ж.
Комиссия құрамы: директордың тәрбие жұмысы бойынша

орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп

Кеңесінің мүшесі, кәсіподақ комитетінің

мүшесі.

Келесі мәселелер қарастырылды:

  • оқушыларды үйірме жұмысына қамту;

  • оқушылардың сабақ кезіндегі белсенділігі;

  • жұмыстың нәтижелілігі (кештер, көрмелер, аудандық байқауларға қатысу, т.б.)


Тексеру барысында барлық үйірме сабақтары екі реттен тексерілді, үйірме сабақтарының жоспарлары тексерілді, барлық үйірме жетекшілерімен және оқушылармен әңгіме жүргізілді.

Оқушылардың ең қызығатыны спорт секциялары екендігі анықталды: волейбол, баскетбол, күрес. Сабақтарда тексеру кезінде балалардың тізім бойынша 98 % қатысты. Сабақ басында мұғалімдер нақты мақсат қойып, сабақ соңында қорытынды шығарылады. Оқушылар тек ойынға емес, спорт түрінің жаңа әдістерін меңгеруге ықыласты.

Көптеген оқушылар, әсіресе 7-8 сыныптардан, мектеп мұражайының ізденіс жұмысына қамтылған. Соңғы жылдары мұражай өз жұмысын тоқтатпаған. Ізденіс жұмыстарына ата-аналар мен ардагерлер де тартылған. Мұражай секциясы сабақтарында оқушылар құжатпен жұмыс істеуді, стендтерді рәсімдеуге, оқушылар және мектеп қонақтары үшін экскурсиялар өткізуді үйренуде.

Мектеп хоры және музыкалық студияға да оқушылар қызығып қатысады. Барлық аталған үйірмелер аудандық байқауларда жоғары нәтижелерге ие.

Фотоүйірме сабақтарында тексеру барысында тек үш оқушы қатысып отырған. Жұмыс жоспары жоқ, жетекші үйірме журналын жүргізбейді.
Ұсыныстар:

1. Спорт секциясы, мектеп музейі, хор және музыкалық студия

жетекшілерінің жұмысы жақсы деп атап өтілсін.

2. Өлкетану үйірмесін құруға мектеп әкімшілігі материалдық

мүмкіндіктерді қарастырсын.

3. Фотоүйірме жетекшісінің есебі директор жанындағы кенесте

тыңдалсын.

4. Осы анықтама сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің

отырысында талқылансын.


ІV. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР
Соңғы жылдары балалар денсаулығы барлық ата-аналарды да, бүкіл қоғамды да айрықша ойландырады. Балалар денсаулығына түрлі себептер әсер етеді: экологиялық жағдай, тамақтандыру, күн тәртібі, мектептегі психологиялық асқын жүктеме, күйзеліс жағдайлары және т.б. Мектеп әкімшілігі балалардың өміріне әсер ететін мектепішілік өмірдің факторларын бақылауды күшейту керек.

ҮЛГІ
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік

ережелерін сақтауды тексеру бойынша

АНЫҚТАМА
Мақсаты: еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері

бойынша журналды және оның толтырылуының

дұрыстығын тексеру.

Мерзімі: 9 – 21. 11. 2012 ж.

Комиссия құрамы: мектеп директоры, мектеп Кеңесінің

төрағасы, директордың әкімшілік-

шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары,

медбике, ӨҚН мұғалімі.
Аталған мәселе бойынша келесі құжаттар тексерілді:

1. Оқушылармен болған келеңсіз жағдайларды тіркеу журналы.

2. Қоғамға пайдалы еңбекті және сыныптан, мектептен тыс іс-

шараларды ұйымдастыруда еңбекті қорғау және қауіпсіздік

ережесі бойынша нұсқау журналы.

3. Физика, химия, техникалық енбек, қызмет көрсету еңбегі,

информатика, ӨҚН, дене тәрбиесі кабинеттеріндегі

қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаулар.

4. Қауіпсіздік ережесі бойынша оқушыларды нұсқаудандан

өткізілгендігі туралы сынып журналындағы жазулар.

Тексеру барысында төмендегілер анықталды:

1. Мектепте жоғарыда аталған журналдарының барлығы бар.

2. Физика, химия, техникалық қызмет, дене тәрбиесі, ӨҚН

кабинеттерінде қауіпсіздік ережесі бойынша мектеп

директоры және кәсіподақ ұйымының төрағасымен бекітілген

нұсқаулықтар бар.

3. Физика, химия, техникалық және қызмет көрсету еңбегі,

информатика және ӨҚН пәні мұғалімдерінде қауіпсіздік

ережесі бойынша оқушыларды нұсқаудан өткізілгендігі туралы

сынып журналындағы жазулар бар.

Сонымен қатар комиссия төмендегі кемшіліктерді анықтады:

1. Оқушылармен болған келеңсіз жағдайларды тіркеу журналында

кейбір жағдайлар көрсетілмеген. Мысалы, 2012 жылдың 19

қазанында 3 «А» сынып оқушысы А.Ақментаев үзіліс кезінде

құлап, қолын сындырғаны журналда тіркелмеген.

2. Қоғамға пайдалы еңбекті және сыныптан, мектептен тыс іс-

шараларды ұйымдастыруда еңбекті қорғау және қауіпсіздік

ережесі бойынша нұсқау журналында 2012 жылдың 29

қыркүйегінде балалар театрына спектакльге барған 3 «А», 3

«Б», 3 «В», 5 «А», 5 «Б», 5 «В» сыныптарының жетекшілері

тарапынан жолда жүру ережелерін сақтау бойынша

нұсқаудан өтілгендігі туралы жазылмаған. Жеңіл

атлетикадан 2012 жылдың 2 қазанында спорт мерекесін

өткізген мұғалімдердің де жазулары жоқ.

3. Дене тәрбиесі залында, информатика, қызмет көрсету еңбегі

кабинеттерінде қауіпсіздік ережесі бойынша Нұсқаулар

жоқ.

4. Физика кабинетінде сынық тоқ көздері бар.

Ұсыныстар:

1. Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі мәселесі бойынша мектеп

қызметкерлерінің жалпы жиналысы өткізілсін.

2. Мектеп директорына дене тәрбиесі, қызмет көрсету еңбегі,

информатика пәні мұғалімдеріне (фамилиялары) тәртіптік

шара қолдануға өтініш жасалсын.

3. Оқушылардың нұсқауысыз және журналдағы оған сайкес

жазуларсыз түрлі жұмыстарды өткізуге, театрларға баруға

және экскурсияларға тыйым салынсын.

4. 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық кемшіліктер

жойылсын.

5. 2013 жылдың 11 – 20 қаңтар аралығында қайта тексеру

өткізілсін.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:




1. Афанасенко А.Д., Чурикова С.А. Анықтама – мектепішілік кез келген тексеру түрінің нәтижесі.//Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы, №5, 2012.
2. Фриш Г.Л. Документация. – Москва, 2001.
3. Справочник директора школы. - Волгоград, 2007.
4. Справочник заместителя директора школы по учебной работе. –

Волгоград, 2007.

МАЗМҰНЫ




1. Анықтамалар ........................................................... ………….3 бет
2. Құжаттарды тексеру бойынша анықтамалар.......………….. 7 бет
3. Оқу-тәрбие жұмысын басқару және бақылауды

ұйымдастыру бойынша анықтамалар ................……………22 бет
4. Сыныптан тыс жұмысты бақылау нәтижелері

бойынша анықтамалар .........................................……………36 бет
5. Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өмірі

мен денсаулығын қорғау бойынша

анықтамалар ............................................................. …………39 бет
6. Пайдаланылған әдебиет .........................................…………..42 бет

Ергешбаева Ш.Н., Есімханова Р.Қ.
Анықтамаларды жазу бойынша

практикалық нұсқаулық

Баспасөзге қол қойылған: 00.01.2014 ж.

Қағаздың пішімі XxY 1/16

Баспаханалық қағаз. Офсеттік мөр. Көлемі 6 б.п.

Тираж 50 дана. Тапсырыс № ... *



1   2   3


написать администратору сайта