Главная страница
Навигация по странице:

  • ББК 74.204 УДК 371.1

  • Пікір айтушы

  • Практикалық нұсқаулық «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының ғылыми кеңесінде баспаға ұсынылған, №1 хаттама 00.01.2014ж.

  • © «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институты

  • 1. Оқу-тәрбие жұмысын басқару және бақылауды ұйымдастыру бойынша анықтамалар

  • 2. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша анықтамалар

  • 3. Сыныптан тыс жұмысты бақылау нәтижелері бойынша анықтамалар

  • 4. Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша анықтамалар

  • .... орта мектептің 2-ші сынып оқушыларының

  • Оқушылардың алфавиттік кітабы

  • «Оқушылардың алфавиттік кітабын» жүргізілуін

  • мектбак аныктама үлгі. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а филиалы


    Скачать 253 Kb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а филиалы
    Дата12.04.2022
    Размер253 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файламектбак аныктама үлгі.doc
    ТипДокументы
    #465024
    страница1 из 3
      1   2   3

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
    «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ

    ОҚО БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

    БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

    АНЫҚТАМАЛАРДЫ ЖАЗУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ


    Мектеп басшыларына арналған

    ШЫМКЕНТ «Өрлеу» - 2014ж.


    ББК 74.204

    УДК 371.1
    А 56



    Анықтамаларды жазу бойынша практикалық нұсқаулық./ Құраст.: Ергешбаева Ш., Есімханова Р. – Шымкент: «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ, 2014 – 44 б.
    Ұсынылып отырған практикалық нұсқаулықта басқарушылық қызмет барысында жазылатын анықтамалар туралы мәлімет берілген. Анықтама мазмұнының бөлімдері, анықтама түрлері сипатталып, бірнеше үлгілері көрсетілген.

    Практикалық нұсқаулық мектеп басшыларына арналған.
    Пікір айтушы:

    Искакова Л.Т. – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ОҚО

    бойынша ПҚБАИ директоры, п.ғ.д., профессор.
    Атабаев Қ.Ө. – Шымкент қаласы №89 жалпы орта мектебінің директоры, п.ғ.к.


    Практикалық нұсқаулық «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының ғылыми кеңесінде баспаға ұсынылған, №1 хаттама 00.01.2014ж.

    © «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институты

    АНЫҚТАМАЛАР



    Мекеменің басқару әкімшілігіне жататын әрбір қызметкерге түрлі бағыттағы іс-қағаздарды жазуға тура келеді. Мектепішілік барлық тексерудің нәтижесі болып АНЫҚТАМА табылады. Анықтамалар материалды жалпылайды, барлық деңгейдегі мәжілістерде талқыланады, жоғары тұрған ұйымдарға тапсырылады. Анықтама дегеніміз не?

    Анықтама – бұл бақылаудың, тексерудің нәтижесін баяндайтын жазбаша құжат.

    Анықтама басқару әкімшілігінің кез-келген қызметкерінің бақылаушылық қызметінің нәтижесі болып табылады. Түрлі мектептердің және басшы қызметкерлердің анықтамаларын талдау барысында анықтамаларға тән төмендегі қасиеттер анықталды:

    1. Анықтаманың тақырыбы белгіленеді, мысалы, «5-ші

    сыныптарда математиканың оқытылуын бақылаудың

    қорытындылары», «7-ші сынып жетекшілерінің оқушы

    күнделіктерімен жұмыс жүргізуінің қорытындылары».

    2. Бақылау мақсаты.

    3. Бақылауды өткізу уақыты.

    4. Бақылауға қатысушылар.

    5. Бақылау барысында анықталған жағдайлар.

    6. Ұсыныстар.

    Сондықтан анықтаманы жазу барысында төмендегі әдістемелік нұсқауларды пайдалануға болады:
    АНЫҚТАМА МАЗМҰНЫ:
    Кіріспе бөлімі:

    • зерттеу нысаны;

    • зерттеу мерзімі;

    • тексеру тақырыбы;

    • тексеру мақсаты және бағдарламасы;

    • тексерушілер;

    • орындалған жұмыс көлемі.

    Негізгі бөлім:

    • тексеру барысындағы зерттеліп жатқан мәселенің жалпы сипаттамасы;

    • мәселені шешудің жетістіктері мен кемшіліктері;

    • оңтайлы және жағымсыз жақтар, олардың пайда болу себептері.

    Негізгі бөлімде тексерудің әрбір сұрағына нақты жауап беру, жетістіктерге баға беру, оңтайсыз құбылыстардың себебін анықтау қажет.
    Қорытынды бөлім:

    • талдаудың нәтижесін жалпылау, қорытындылар шығару қажет;

    • орындау мерзімін нақты көрсетіп, ұсыныстарды анықтау керек;

    • қорытындылаудың формасы мен мерзімін көрсету керек.


    Мектепте көбінде анықтамаларды директор орынбасарлары жазады. Анықтама директорға тапсырылады. Директор анықтама бойынша шешім қабылдайды. Шешімнің түрлері:

    1. Анықтама авторларымен және анықтамада көрсетілген

    мұғалімдермен әңгіме жүргізу.

    2. Бақылау нәтижелерінің мектеп үшін маңыздылығына қарай

    анықтаманы төмендегі жерлерде талқылауға болады:

    - әдістемелік бірлестік отырысында;

    - директор жанындағы мәжілісте;

    • педагогикалық кеңесте;

    • әдістемелік кеңесте;

    • ата-аналар жиналысында.

    Анықтаманы жазған қызметкер анықтаманы директорға берместен алдын мұғалімдерді оның мәтінімен таныстырып, пікірлерін тыңдап, қажеттілігі бойынша түзетулер енгізу керек.

    Талқылаудан соң анықтаманың қорытындылары бойынша міндетті түрде директордың бұйрығы шығарылады.
    АНЫҚТАМА ТҮРЛЕРІ:
    1. Оқу-тәрбие жұмысын басқару және бақылауды ұйымдастыру бойынша анықтамалар:

    - тоқсан, жылдық үлгерім нәтижелері бойынша;

    - оқушылардың пәндерден білім нәтижелері бойынша;

    - тақырыптық бақылау нәтижелері бойынша;

    - жеке бақылау бойынша;

    - жалпысыныптық бақылау бойынша;

    - үйде оқытылатын балалардың оқытылуын ұйымдастыру

    бойынша;

    • оқушылардың сабаққа қатысуы туралы;

    • оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысының жағдайы туралы;

    • аралық аттестаттау нәтижелері туралы;

    • 9, 11 сынып оқушыларының мемлекеттік (қорытынды) аттестаттау нәтижелері туралы.


    2. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша анықтамалар:

    - жеке іс-қағаздарды тексеру;

    - сынып журналдарын тексеру;

    - тақырыптық жоспарларды тексеру;

    - қауіпсіздік ережесі бойынша журналдарды тексеру;

    - алфавиттік кітапты тексеру;

    - аттестаттарды беру кітабын тексеру;

    - әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарын тексеру;

    - үйірме жұмысының журналдарын тексеру;

    - сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарларын тексеру;

    - оқушы дәптерлерін тексеру;

    - оқушы күнделіктерін тексеру;

    - еңбек кітапшаларын тексеру;

    - қауіпсіздік ережесі және оқушылардың денсаулығын

    қорғау бойынша кіріспе нұсқауды тіркеу журналын тексеру.
    3. Сыныптан тыс жұмысты бақылау нәтижелері бойынша анықтамалар:

    - үйірме жұмысының жағдайы туралы;

    - спорттық-сауықтыру жұмысының жағдайы туралы;

    - мектеп кітапханасының жұмысы туралы;

    - пән апталығын өткізу туралы;

    - аудандық, қалалық, облыстық, республикалық олимпиада-

    байқауларға қатысу туралы;

    • сынып сағаттарын ұйымдастыру және өткізу туралы;

    • сыныптық ата-аналар жиналыстарын өткізу сапасы туралы;

    • сынып жетекшілерінің тәртібі қиын оқушылармен жұмысын

    зерттеу туралы;

    • мектептің және мектептен тыс мекемелердің оқушылардың

    тәрбиесі бойынша бірлескен қызметі туралы.
    4. Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша анықтамалар:

    - оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша;

    - мектепте санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы

    туралы;

    • барлық пәндер бойынша үй жұмысының көлемін тексеру туралы;

    • оқушылардың медициналық тексеруі қорытындысы туралы;

    • химия, физика, информатика кабинеттеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы;

    • денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алу туралы.



    І. ҚҰЖАТТАРДЫ ТЕКСЕРУ БОЙЫНША


    АНЫҚТАМАЛАР
    Мектептің номенклатуралық құжаттамасына төмендегі құжаттар кіреді:

    • сынып журналдары;

    • бұйрықтар кітабы;

    • 9, 11 сынып аттестаттарын беру кітабы;

    • оқушылардың жеке іс-қағаздары;

    • оқушылар қозғалысының кітабы;

    • мектеп оқушыларының алфавиттік кітабы;

    • мектеп қызметкерлерінің еңбек кітапшалары;

    • мектеп қызметкерлерінің жеке іс-қағаздары;

    • жұмысқа қабылдаудың тіркеу кітабы;

    • еңбек кітапшаларының қозғалысы кітабы.

    Сонымен қатар номенклатуралық құжаттамаға жатпайтын, дегенмен, оқу-тәрбие үдерісінде маңызды орны бар – ол оқушылар дәптерлері мен күнделіктері.
    Сынып журналы.
    Сынып журналы – өте маңызды мемлекеттік құжат. Ол оқушының оқу қызметінің барлық жақтарын көрсетеді. Әрбір сынып журналында оны жүргізудің арнайы нұсқаулығы бар. Жылда директордың оқу ісі бойынша орынбасары мұғалімдерді осы нұсқаулықпен таныстыруы керек, әрбір мұғалім арнайы журналда нұсқаулықпен танысқандығы туралы қол қояды.

    1. Сынып журналдарын бақылаудағы мақсаттары:

    - журналдардың жүргізілу жағдайы; бағалардың шоғырлануы;

    - І тоқсан соңындағы сынып журналдарының жағдайы;

    - сынып журналдары бойынша бітіруші 9, 11 сынып

    оқушыларының сабаққа қатысуының жағдайы;

    - сынып жетекшілерінің журналдарды жүргізу бойынша жұмыс

    деңгейін анықтау;

    - мемлекеттік бағдарламаларды және олардың практикалық

    бөлімін орындауды тексеру, тоқсан бойынша баға қоюдың

    объективтілігі;

    - пән мұғалімдерінің сынып журналдарын дер кезінде және

    дұрыс толтыруы;

    • пән мұғалімдерінің журналдағы жазуларының олардың

    тарификация бойынша оқу жүктемелеріне сәйкестігі (бұл

    тексеруді жылына 4 рет тоқсан аяқталысымен өткізу

    және кемшіліктерді дер кезінде жою тиімді).
    ІІ. Сынып журналдарын жүргізуде көп кездесетін кемшіліктер:

    - сынып жетекшілері журналдарды соңына дейін

    толтырмаған: оқушылар туралы мәліметтер, дене тәрбиесі

    бойынша мәліметтер, денсаулық парақтары, т.б.толты-

    рылмаған;

    - сабаққа қатыспаған оқушылар дер кезінде белгіленбейді;

    - жеке мұғалімдер өткізген сабақтарын журналға жазбаған;

    - төмендегі мұғалімдер бағаларды әділ қоймаған: .......................;

    - төмендегі мұғалімдердің үлгерімі нашар оқушылармен жұмысы

    жеткіліксіз: .............;

    - төмендегі мұғалімдер журналдағы пән бетін ұқыпсыз жүргізеді

    (лас, бағаларды өшіру, өзгерту): ................................................;

    - төмендегі мұғалімдер сынып журналын жүргізу бойынша

    нұсқаулықты бұзған: .........;

    • ............…………………………… пәні бойынша ағымдағы

    бақылау қанағаттанарлықсыз.
    ІІІ. Ұсыныстар:

    • анықтаманы директор жанындағы кеңесте талқылау;

    • көрсетілген мерзімде қайта бақылау өткізу;

    • төмендегі мұғалімдердің және сынып жетекшілерінің журналдарды талапқа сай жүргізу бойынша жұмыстарын атап өту: .....................................................................….;

    • журналды жүргізу нұсқаулығын бұзған мұғалімдерді директормен әңгімелесуге шақыру.


    Оқушы дәптері
    Дәптерлердің жүргізілуін тексеруде төмендегі мақсаттар жиі қойылады:

    • дәптер тексерудің нормаларын орындау;

    • оқушылардың үй жұмысын орындауы;

    • жазба жұмыстарын рәсімдеудің дұрыстығы;

    • бірыңғай орфографиялық талаптың сақталуы;

    • қатемен жұмыстың болуы (немесе жоқтығы);

    • бақылау жұмыстарға арналған дәптерлердің дұрыс жүргізілуі;

    • бастауыш мектептегі дәптерлер сыртының дұрыс толтырылуы;

    • сынып және үй жұмыстары көлемінің сәйкестігі.


    ҮЛГІ
    .... орта мектептің 2-ші сынып оқушыларының

    дәптерлерін тексеру туралы

    А Н Ы Қ Т А М А
    2013 жылдың 1-15 наурыз аралығында 2-ші сыныптардағы қазақ тілі пәні бойынша дәптерлерді тексеру жағдайын анықтау жұмыстары жүргізілді.
    Тексеру мақсаты: 2-ші сынып мұғалімдерінің дәптер тексеру

    сапасын, бірыңғай орфографиялық талаптың

    сақталуын анықтау.
    Тексеруді бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары А.Ахметова жүргізді. Барлық 2-ші сынып оқушыларының дәптерлері тексерілді. Ақпаратты жинау және талдау барысында дәптерлер жүйелі түрде тексерілетіні анықталды. Жалпы, дәптерлер тексеруінің жағдайы қанағаттанарлық.

    Тексеру барысында 2 «А» сыныбы (мұғалімі А. Аралбаева) және 2 «Б» сыныбы (мұғалімі С. Есенбекова) оқушыларының дәптерлері ең үлгілі жағдайда екендігі анықталды. Бірыңғай орфографиялық талап сақталады. Барлық оқушының дәптерінің сырты дұрыс толтырылған. Оқушылардың каллиграфиясы бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіледі, мұғалімдер оқушылар дәптерлерінде әріптер үлгілерін, оларды қосу үлгілерін үнемі көрсетіп отырады. 2 «А» және 2 «Б» сынып оқушыларының 85 % әдемі және таза жазады. Күнделікті сынып жұмысы және үй жұмысындағы қателермен жұмыс жүргізіледі. Жазба жұмыстарын талдау барысында мұғалімдер А.Аралбаева және С.Есенбекова сабақта түрлі жазба жұмыстарын жүргізетіні анықталды: көшіру жұмыстары, диктант түрлері: көру диктанты, есте сақтау арқылы жазу, терме диктанты, т.б.; шығармашылық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар. Сынып жұмысы және үй жұмыстарының көлемі талапқа сай. Оқушы жұмыстарын тексеру сапасы жақсы, жіберілген қателер табылған жоқ. Мұның барлығы А.Аралбаева және С.Есенбекованың жоғары кәсібилігінің арқасында екені сөзсіз. Нәтижесінде 2 «А» және 2 «Б» сынып оқушыларының 62% қазақ тілі пәні бойынша үлгерімі жақсы.

    2 «Ә» (мұғалімі Г.Тұрсынбаева) және 2 «В» (мұғалімі Н.Алтынбекова) сынып оқушыларының дәптерлері жүйелі тексеріледі, тексеру сапасы жақсы, бірыңғай орфографиялық талап сақталады. Бірақ каллиграфияны жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмейді, әріптердің, олардың қосылу үлгілері күнделікті көрсетілмейді. Бір қатар оқушының дәптерлерінің сырты ұқыпсыз толтырылған. Кейбір оқушылар қатемен жұмыс жүргізбейді.Сабақта түрлі жұмыс жүргізіледі, сөздік жұмысы жақсы жолға қойылған, дегенмен, өзіндік жұмыстар оқушылардың жеке қабілеттерінің есебінсіз өткізіледі. Нәтижесінде оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша үлгерімі төмен: 2 «Ә» - 50%, 2 «В» - 48%.

    Тексеру барысында анықталған себептер мен нәтижелерді ескере отырып, қазақ тілі пәні бойынша оқушылар үлгерімін жақсарту мақсатында ұсынылады:

    1. Мектеп бойынша бұйрықпен мұғалімдер А.Аралбаева және С.Есенбековалардың жұмысы мадақталсын.

    2. Оқушылардың каллиграфиясын жақсарту мақсатында мұғалімдер Г.Тұрсынбаева және Н.Алтынбекова оқушылар дәптерлерінде әріптер, олардың қосу үлгілерін жүйелі түрде

    көрсетіп отырсын, дәптер тексеру барысында оқушылар

    каллиграфиясын қатал бағаласын.

    3. Өзіндік жұмысты үш деңгейде өткізу жоспарлансын.

    4. 2 «Ә» және 2 «В» сынып оқушылары дәптерлерін ішінара тексеру

    20-30 сәуір аралығында қайта өткізілсін.

    15.03.2013 ж. Директор орынбасары: ..................................

    Қорытындылай келе, оқушылар дәптерлерін тексеру барысында әкімшілік төмендегілерді анықтай алады:

    • сынып жұмыстарының көлемі;

    • үй жұмыстарының көлемі;

    • сабақта және үй жұмыстарында тапсырмалар дифференциациясы орын ала ма;

    • жеке және шығармашылық үй тапсырмалары беріле ме;

    • дәптер тексерудің жиылығы;

    • қатемен жұмыстың болуы және оның сапасы;

    • бірыңғай орфографиялық талаптың сақталуы;

    • дәптер жүргізудің ұқыптылығы;

    • жұмыстарды және дәптерлерді рәсімдеу эстетикасы.


    Оқушылар күнделігі
    Күнделік – мектеп және ата-ана арасындағы күнделікті байланыс мүмкіндігін беретін құжаттардың бірі. Ол ата-анаға өз баласының жетістіктері мен кемшіліктерін күнделікті, апта сайын, тоқсан сайын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Оқырмандар назарына күнделіктерді тексерудегі төмендегі мәселелерді ұсынамыз:

    • сабақ кестесінің және үй жұмыстарының жазылуы;

    • сабаққа қатыспауды есепке алу;

    • оқушыларға және ата-аналарға арналған ескертпелер және олардың мазмұнының этикаға сәйкестігі;

    • оқушылар білімінің ағымдағы есебі;

    • оқушылар білімінің қорытынды есебі;

    • сынып жетекшілерінің күнделіктерді тексеру сапасы және жиылығы;

    • оқушы күнделігіндегі ата-ана қолының болуы;

    • күнделікті жүргізу мәдениеті.


    Анықтамалардағы ұсыныстардың түрлері:

    1. Күнделіктермен жүйелі, мақсатқа бағытталған жұмысты жүргізетін төмендегі сынып жетекшілері мадақталсын: ..........................................................…………………………. .

    2. 9 оқушының ІІ тоқсандағы бағаларының қойылмағандығы үшін төмендегі сынып жетекшілеріне ескерту берілсін: ....................……………………………………………. .

    3. Пән мұғалімдері сабақта оқушылар бағаларын жүйелі түрде

    күнделікке қойып отырсын.

    4. Сынып жетекшілері оқушылар күнделіктерін апта сайын

    тексерсін.

    1. Кемшіліктердің жойылуын бақылау бойынша бір айдан соң

    қайта тексеру өткізілсін.
    Оқушылардың алфавиттік кітабы
    Алфавиттік кітапта мектеп ашылғаннан бері осы мектепке оқуға келген барлық оқушылар жазылады. Осы мектепті аяқтаған немесе басқа жаққа ауысқан барлық оқушылар белгіленеді. Алфавиттік кітаптағы оқушылар саны сынып журналындағы оқушылар санына сәйкес болу керек.
    ҮЛГІ
    «Оқушылардың алфавиттік кітабын» жүргізілуін

    бақылау қорытындысы бойынша
      1   2   3


    написать администратору сайта