Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. Оқу-тәрбие жұмысын басқару және бақылауды ұйымдастыру бойынша анықтамалар

  • 2. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша анықтамалар

  • 3. Сыныптан тыс жұмысты бақылау нәтижелері бойынша анықтамалар

  • 4. Педагогикалық үрдіске қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша анықтамалар

  • .... орта мектептің 2-ші сынып оқушыларының

  • Оқушылардың алфавиттік кітабы

  • «Оқушылардың алфавиттік кітабын» жүргізілуін

  • Мектеп қызметкерлерінің еңбек кітапшалары

  • Еңбек кітапшаларының жүргізілуін тексеру бойынша

  • ІІ. ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР

  • Жалпысыныптық бақылау бойынша анықтамалар

  • 5 «А» сыныбындағы жалпысыныптық бақылаудың қорытындылары бойынша

  • Қазақ тілі пәні бойынша әкімшілік тарапынан өткізілген бақылау жұмысының талдауы

  • ІІ. Жұмыс дәптерлерін тексеру.

  • 2005/2006 оқу жылындағы мектептің

  • Мектептегі үйірме жұмысының жағдайы туралы

  • ІV. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР

  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

  • Анықтамалар. Бл баылауды, тексеруді нтижесін баяндайтын жазбаша жат


    Скачать 137 Kb.
    НазваниеБл баылауды, тексеруді нтижесін баяндайтын жазбаша жат
    Дата20.02.2023
    Размер137 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаАнықтамалар.doc
    ТипДокументы
    #946548



    АНЫҚТАМАЛАР



    Мекеменің басқару аппаратына жататын әрбір қызметкерге түрлі бағыттағы іс-қағаздарды жазуға тура келеді. Мектепішілік барлық тексерудің нәтижесі болып АНЫҚТАМА табылады. Анықтамалар материалды жалпылайды, барлық деңгейдегі мәжілістерде талқыланады, жоғары тұрған ұйымдарға тапсырылады. Анықтама дегеніміз не?

    Анықтама – бұл бақылаудың, тексерудің нәтижесін баяндайтын жазбаша құжат.

    Анықтама басқару аппаратының кез-келген қызметкерінің бақылаушылық қызметінің нәтижесі болып табылады. Түрлі мектептердің және басшы кадрлардың анықтамаларын талдау барысында анықтамаларға тән төмендегі қасиеттер анықталды:

    1. Анықтаманың тақырыбы белгіленеді, мысалы, «5-ші

    сыныптарда математиканың оқытылуын бақылаудың

    қорытындылары», «7-ші сынып жетекшілерінің оқушы

    күнделіктерімен жұмыс жүргізуінің қорытындылары».

    2. Бақылаудың мақсаты көрсетіледі.

    3. Бақылауды өткізу уақыты.

    4. Бақылауға қатысушылар.

    5. Бақылау барысында анықталған фактілер.

    6. Ұсыныстар.

    Сондықтан анықтаманы жазу барысында төмендегі әдістемелік нұсқауларды пайдалануға болады:
    АНЫҚТАМА МАЗМҰНЫ:
    Кіріспе бөлімі:

    • зерттеу нысаны;

    • зерттеу мерзімі;

    • тексеру тақырыбы;

    • тексеру мақсаты және бағдарламасы;

    • тексерушілер;

    • орындалған жұмыс көлемі.

    Негізгі бөлім:

    • тексеру барысындағы зерттеліп жатқан мәселенің жалпы сипаттамасы;

    • мәселені шешудің жетістіктері мен кемшіліктері;

    • оңтайлы және жағымсыз жақтардың факторлары, пайда болу себептері.

    Негізгі бөлімде тексерудің әрбір сұрағына нақты жауап беру, жетістіктерге баға беру, негативтік құбылыстардың себебін анықтау қажет.
    Қорытынды бөлім:

    • талдаудың нәтижесін жалпылау, қорытындылар шығару қажет;

    • орындау мерзімін нақты көрсетіп, ұсыныстарды анықтау керек;

    • қорытындылаудың формасы мен мерзімін көрсету керек.


    Мектепте көбінде анықтамаларды директор орынбасарлары жазады. Анықтама директорға тапсырылады. Директор анықтама бойынша шешім қабылдайды. Шешімнің түрлері:

    1. Анықтама авторлары және анықтамада көрсетілген

    мұғалімдермен әңгіме жүргізу.

    2. Бақылау нәтижелерінің мектеп үшін маңыздылығына қарай

    анықтаманы төмендегі жерлерде талқылауға болады:

    - әдістемелік бірлестік отырысында;

    - директор жанындағы мәжілісте;

    • педагогикалық кеңесте;

    • өндірістік мәжілісте;

    • ата-аналар жиналысында.

    Анықтаманы жазған қызметкер анықтаманы директорға берместен алдын мұғалімдерді оның мәтінімен таныстырып, пікірлерін тыңдап, қажеттілігі бойынша түзетулер енгізу керек.

    Талқылаудан соң анықтаманың қорытындылары бойынша міндетті түрде директордың бұйрығы шығарылады.
    АНЫҚТАМА ТҮРЛЕРІ:
    1. Оқу-тәрбие жұмысын басқару және бақылауды ұйымдастыру бойынша анықтамалар:

    - тоқсан, жылдық үлгерім нәтижелері бойынша;

    - оқушылардың пәндерден білім нәтижелері бойынша;

    - тақырыптық бақылау нәтижелері бойынша;

    - персоналды (жеке) бақылау бойынша;

    - жалпысыныптық бақылау бойынша;

    - үйде оқытылатын балалардың оқытылуын ұйымдастыру

    бойынша;

    • оқушылардың сабаққа қатысуы туралы;

    • оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысының жағдайы туралы;

    • аралық аттестация нәтижелері туралы;

    • 9, 11 сынып оқушыларының мемлекеттік (қорытынды) аттестация нәтижелері туралы.


    2. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша анықтамалар:

    - жеке іс-қағаздарды;

    - сынып журналдарын;

    - тақырыптық жоспарларды;

    - қауіпсіздік техникасы бойынша журналдарды;

    - алфавиттік кітапты;

    - аттестаттарды беру кітабын;

    - әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарын;

    - үйірме жұмысының журналдарын;

    - сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарларын;

    - оқушы дәптерлерін;

    - оқушы күнделіктерін;

    - еңбек кітапшаларын;

    - қауіпсіздік техникасы және оқушылардың денсаулығын

    қорғау бойынша кіріспе инструктажды тіркеу журналын.
    3. Сыныптан тыс жұмысты бақылау нәтижелері бойынша анықтамалар:

    - үйірме жұмысының жағдайы туралы;

    - спорттық-сауықтыру жұмысының жағдайы туралы;

    - мектеп кітапханасының жұмысы туралы;

    - пән апталығын өткізу туралы;

    - аудандық, қалалық, облыстық олимпиада-байқауларға

    қатысу туралы;

    • сынып сағаттарын ұйымдастыру және өткізу туралы;

    • сыныптық ата-аналар жиналыстарын өткізу сапасы туралы;

    • сынып жетекшілерінің тәртібі қиын оқушылармен жұмысын

    зерттеу туралы;

    • мектептің және мектептен тыс мекемелердің оқушылардың

    тәрбиесі бойынша бірлескен қызметі туралы.
    4. Педагогикалық үрдіске қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша анықтамалар:

    - оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша;

    - мектепте санитарлық-гигиеналық режімнің орындалуы

    туралы;

    • барлық пәндер бойынша үй жұмысының көлемін тексеру туралы;

    • оқушылардың медициналық тексеру қорытындысы туралы;

    • химия, физика, информатика кабинеттеріндегі қауіпсіздік техникасын сақтау туралы;

    • денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алу туралы.


    І. ҚҰЖАТТАРДЫ ТЕКСЕРУ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР


    Мектептің номенклатуралық құжаттамасына төмендегі құжаттар кіреді:

    • сынып журналдары;

    • бұйрықтар кітабы;

    • 9, 11 сынып аттестаттарын беру кітабы;

    • оқушылардың жеке іс-қағаздары;

    • оқушылар қозғалысының кітабы;

    • мектеп оқушыларының алфавиттік кітабы;

    • мектеп қызметкерлерінің еңбек кітапшалары;

    • мектеп қызметкерлерінің жеке іс-қағаздары;

    • жұмысқа қабылдаудың тіркеу кітабы;

    • еңбек кітапшаларының қозғалысы кітабы.

    Сонымен қатар номенклатуралық құжаттамаға жатпайтын, дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде маңызды орны бар – ол оқушылар дәптерлері мен күнделіктері.
    Сынып журналы.

    Сынып журналы - өте маңызды мемлекеттік құжат. Ол оқушының оқу қызметінің барлық жақтарын көрсетеді. Әрбір сынып журналында оны жүргізудің арнайы инструкциясы бар. Жылда директордың оқу ісі бойынша орынбасары мұғалімдерді осы инструкциямен таныстыруы керек, әрбір мұғалім арнайы журналда инструкциямен танысқандығы туралы қол қояды.

    1. Сынып журналдарын бақылаудағы мақсаттары:

    - журналдардың жүргізілу жағдайы; бағалардың шоғырлануы;

    - І тоқсан соңындағы сынып журналдарының жағдайы;

    - сынып журналдары бойынша бітіруші 9, 11 сынып

    оқушыларының сабаққа қатысуының жағдайы;

    - сынып жетекшілерінің журналдарды жүргізу бойынша жұмыс

    деңгейін анықтау;

    - мемлекеттік бағдарламаларды және олардың практикалық

    бөлімін орындауды тексеру, тоқсан бойынша баға қоюдың

    объективтілігі;

    - пән мұғалімдерінің сынып журналдарын дер кезінде және

    дұрыс толтыруы;

    • пән мұғалімдерінің журналдағы жазуларының олардың

    тарификация бойынша оқу жүктемелеріне сәйкестігі (бұл

    тексеруді жылына 4 рет тоқсан аяқталысымен өткізу

    және кемшіліктерді дер кезінде жою тиімді).
    ІІ. Сынып журналдарын жүргізуде көп кездесетін кемшіліктер:

    - сынып жетекшілері журналдарды соңына дейін

    толтырмаған: оқушылар туралы мәліметтер, дене тәрбиесі

    бойынша мәліметтер, денсаулық парақтары, т.б.толты-

    рылмаған;

    - сабаққа қатыспаған оқушылар дер кезінде белгіленбейді;

    - жеке мұғалімдер өткізген сабақтарын журналға жазбаған;

    - төмендегі мұғалімдер бағаларды әділ қоймаған: .......................;

    - төмендегі мұғалімдердің үлгерімі нашар оқушылармен жұмысы

    жеткіліксіз: .............;

    - төмендегі мұғалімдер журналдағы пән бетін ұқыпсыз жүргізеді

    (лас, бағаларды өшіру, өзгерту): ................................................;

    - төмендегі мұғалімдер сынып журналын жүргізу бойынша

    инструкцияны бұзған: .........;

    • ............…………………………… пәні бойынша ағымдағы

    бақылау қанағаттанарлықсыз.
    ІІІ. Ұсыныстар:

    • анықтаманы директор жанындағы кеңесте талқылау;

    • көрсетілген мерзімде қайта бақылау өткізу;төмендегі мұғалімдердің және сынып жетекшілерінің журналдарды талапқа сай жүргізу бойынша жұмыстарын атап өту: .....................................................................….;

    • журналдарды жүргізудің инструкциясын бұзған мұғалімдерді директормен әңгімелесуге шақыру.



    Оқушы дәптері
    Дәптерлердің жүргізілуін тексеруде төмендегі мақсаттар жиі қойылады:

    • дәптер тексерудің нормаларын орындау;

    • оқушылардың үй жұмысын орындауы;

    • жазба жұмыстарын рәсімдеудің дұрыстығы;

    • бірыңғай орфографиялық режімнің сақталуы;

    • қателермен жұмыстың болуы (немесе жоқтығы);

    • бақылау жұмыстарға арналған дәптерлердің дұрыс жүргізілуі;

    • бастауыш мектептегі дәптерлер сыртының дұрыс толтырылуы;

    • сынып және үй жұмыстары көлемінің сәйкестігі.


    ҮЛГІ
    .... орта мектептің 2-ші сынып оқушыларының

    дәптерлерін тексеру туралы

    А Н Ы Қ Т А М А
    2007 жылдың 1-15 наурыз аралығында 2-ші сыныптардағы қазақ тілі пәні бойынша дәптерлерді тексеру жағдайын анықтау жұмыстары жүргізілді.

    Тексеру мақсаты: 2-ші сынып мұғалімдерінің дәптер тексеру

    сапасын, бірыңғай орфографиялық режімнің

    сақталуын анықтау.
    Тексеруді бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары А.Ахметова жүргізді. Барлық 2-ші сынып оқушыларының дәптерлері тексерілді. Ақпаратты жинау және талдау барысында дәптерлер жүйелі түрде тексерілетіні анықталды. Жалпы, дәптерлер тексеруінің жағдайы қанағаттанарлық.

    Тексеру барысында 2 «А» сыныбы (мұғалімі А. Аралбаева) және 2 «Б» сыныбы (мұғалімі С. Есенбекова) оқушыларының дәптерлері ең үлгілі жағдайда екендігі анықталды. Бірыңғай орфографиялық режім сақталады. Барлық оқушының дәптерінің сырты дұрыс толтырылған. Оқушылардың каллиграфиясы бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіледі, мұғалімдер оқушылар дәптерлерінде әріптер үлгілерін, оларды қосу үлгілерін үнемі көрсетіп отырады.2 «А» және 2 «Б» сынып оқушыларының 85 % әдемі және таза жазады. Күнделікті сынып жұмысы және үй жұмысындағы қателермен жұмыс жүргізіледі. Жазба жұмыстарын талдау барысында мұғалімдер А.Аралбаева және С.Есенбекова сабақта түрлі жазба жұмыстарын жүргізетіні анықталды: көшіру жұмыстары, диктант түрлері: көру диктанты, есте сақтау арқылы жазу, терме диктанты, т.б.; шығармашылық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар. Сынып жұмысы және үй жұмыстарының көлемі талапқа сай. Оқушы жұмыстарын тексеру сапасы жақсы, жіберілген қателер табылған жоқ. Мұның барлығы А.Аралбаева және С.Есенбекованың жоғары кәсібилігінің арқасында екені сөзсіз. Нәтижесінде 2 «А» және 2 «Б» сынып оқушыларының 62% қазақ тілі пәні бойынша үлгерімі жақсы.

    2 «Ә» (мұғалімі Г.Тұрсынбаева) және 2 «В» (мұғалімі Н.Алтынбекова) сынып оқушыларының дәптерлері жүйелі тексеріледі, тексеру сапасы жақсы, бірыңғай орфографиялық режім сақталады.Бірақ каллиграфияны жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмейді, әріптердің, олардың қосылу үлгілері күнделікті көрсетілмейді. Бір қатар оқушының дәптерлерінің сырты ұқыпсыз толтырылған. Кейбір оқушылар қатемен жұмыс жүргізбейді.Сабақта түрлі жұмыс жүргізіледі, сөздік жұмысы жақсы жолға қойылған, дегенмен, өзіндік жұмыстар оқушылардың жеке қабілеттерінің есебінсіз өткізіледі. Нәтижесінде оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша үлгерімі төмен: 2 «Ә» - 50%, 2 «В» - 48%.

    Тексеру барысында анықталған себептер мен нәтижелерді ескере отырып, қазақ тілі пәні бойынша оқушылар үлгерімін жақсарту мақсатында ұсынылады:

    1. Мектеп бойынша бұйрықпен мұғалімдер А.Аралбаева және С.Есенбековалардың жұмысы мадақталсын.

    2. Оқушылардың каллиграфиясын жақсарту мақсатында мұғалімдер Г.Тұрсынбаева және Н.Алтынбекова оқушылар дәптерлерінде әріптер, олардың қосу үлгілерін жүйелі түрде

    көрсетіп отырсын, дәптер тексеру барысында оқушылар

    каллиграфиясын қатал бағаласын.

    3. Өзіндік жұмысты үш деңгейде өткізу жоспарлансын.

    4. 2 «Ә» және 2 «В» сынып оқушылары дәптерлерін ішінара тексеру

    20-30 сәуір аралығында қайта өткізілсін.

    15.03.2007 ж. Директор орынбасары: ..................................

    Қорытындылай келе, оқушылар дәптерлерін тексеру барысында әкімшілік төмендегілерді анықтай алады:

    • сынып жұмыстарының көлемі;

    • үй жұмыстарының көлемі;

    • сабақта және үй жұмыстарында тапсырмалар дифференциациясы орын ала ма;

    • жеке және шығармашылық үй тапсырмалары беріле ме;

    • дәптер тексерудің жиылығы;

    • қатемен жұмыстың болуы және оның сапасы;

    • бірыңғай орфографиялық режімнің сақталуы;

    • дәптер жүргізудің ұқыптылығы;

    • жұмыстарды және дәптерлерді рәсімдеу эстетикасы.


    Оқушылар күнделігі
    Күнделік – мектеп және ата-ана арасындағы күнделікті байланыс мүмкіндігін беретін құжаттардың бірі. Ол ата-анаға өз баласының жетістіктері мен кемшіліктерін күнделікті, апта сайын, тоқсан сайын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Оқырмандар назарына күнделіктерді тексерудегі төмендегі мәселелерді ұсынамыз:

    • сабақ кестесінің және үй жұмыстарының жазылуы;

    • сабаққа қатыспауды есепке алу;

    • оқушыларға және ата-аналарға арналған ескертпелер және олардың мазмұнының этикаға сәйкестігі;

    • оқушылар білімінің ағымдағы есебі;

    • оқушылар білімінің қорытынды есебі;

    • сынып жетекшілерінің күнделіктерді тексеру сапасы және жиылығы;

    • оқушы күнделігіндегі ата-ана қолының болуы;

    • күнделікті жүргізу мәдениеті;


    Анықтамалардағы ұсыныстардың түрлері:

    1. Күнделіктермен жүйелі, мақсатқа бағытталған жұмысты жүргізетін төмендегі сынып жетекшілері мадақталсын: ..........................................................…………………………. .

    2. 9 оқушының ІІ тоқсандағы бағаларының қойылмағандығы үшін төмендегі сынып жетекшілеріне ескерту берілсін: ....................……………………………………………. .

    3. Пән мұғалімдері сабақта оқушылар бағаларын жүйелі түрде

    күнделікке қойып отырсын.

    4. Сынып жетекшілері оқушылар күнделіктерін апта сайын

    тексерсін.

    1. Кемшіліктердің жойылуын бақылау бойынша бір айдан соң

    қайта тексеру өткізілсін.
    Оқушылардың алфавиттік кітабы
    Алфавиттік кітапта мектеп ашылғаннан бері осы мектепке оқуға келген барлық оқушылар жазылады. Осы мектепті аяқтаған немесе басқа жаққа ауысқан барлық оқушылар белгіленеді. Алфавиттік кітаптағы оқушылар саны сынып журналындағы оқушылар санына сәйкес болу керек.
    ҮЛГІ
    «Оқушылардың алфавиттік кітабын» жүргізілуін

    бақылау қорытындысы бойынша

    АНЫҚТАМА



    Тексеру мақсаты: «Оқушылардың алфавиттік кітабын»

    жүргізілуінің дұрыстығын тексеру.

    Мерзімі: 16 - 29. 06. 2006 ж.
    Комиссия құрамы: мектеп директоры, директор орынбасарлары.
    «Оқушылардың алфавиттік кітабын» тексеру барысында төмендегі кемшіліктер анықталды:

    1. Тексеру барысындағы оқушылардың нақты санына қарағанда «Алфавиттік кітап» бойынша оқушылардың жалпы саны 87 оқушыға артық.

    2. Ағымдағы жылдың ІІ жартысында келген 9 оқушы тізімге

    енгізілмеген.

    3. Мектептен кеткен деп көрсетілмеген:

    а) ағымдағы жылдың ІІ жартысында басқа мектептерге

    ауысқан түрлі сыныптардағы 7 оқушы;

    ә) 2005-2006 оқу жылының 11 сынып бітірушілерінен 64 оқушы;

    б) 2005-2006 оқу жылының 9 сынып бітірушілерінен 25 оқушы.
    Ұсыныстар:

    1. Мектептің хатшысы И. Саховаға хатшы - іс жүргізушінің Қызметтік инструкциясын бұзғаны үшін тәртіптік шара қолданылсын.

    2. 2006 жылдың 15 тамызына дейін көрсетілген кемшіліктер

    жойылсын.

    1. Басқа мектепке ауысқан оқушылардың іс-қағаздарын олардың кетуі «Алфавиттік кітапта» тіркелгенге дейін беруге тыйым қойылсын.

    2. Жарты жыл сайын «Оқушылардың алфавиттік кітабындағы» жазулар тексеріліп тұрсын.


    Мектеп қызметкерлерінің еңбек кітапшалары
    Еңбек кітапшасы – қызметкердің ең негізгі құжаты, ол бойынша оның еңбек өтілі, яғни зейнетақысы белгіленеді. Одан басқа, еңбек кітапшасында оның барлық жұмыс орындары, сонымен қатар марапаттаулары мен мадақтаулары тіркеледі. Енбек кітапшасындағы жазуларды реттеу бойынша арнайы инструкция бар.
    ҮЛГІ
    Еңбек кітапшаларының жүргізілуін тексеру бойынша

    АНЫҚТАМА



    Тексеру мақсаты: еңбек кітапшаларының жүргізілуінің дұрыстығын, жазулардың инструкцияға сәйкестігін тексеру.

    Мерзімі: 3 – 5. 01. 2007 ж.
    Комиссия құрамы: директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мұғалімдер ..................................... .
    2007 жылдың 3-5 қаңтар аралығында комиссия мектеп қызметкерлерінің енбек кітапшаларын тексерді. Еңбек кітапшалары мектеп директорының сейфінің арнайы жәшігінде сақталады. Сейф кілті директор және оқу ісі бойынша директор орынбасарында болады. Барлығы елу бір еңбек кітапшасы, екі мұғалімнің (............, ............ ) оларға енбек кітапшалары 10-күндік мерзімге берілгендігі туралы қолхаты және үш қосымша істейтін (совместитель) мұғалімнің еңбек кітапшаларының көшірмесі бар.

    Еңбек кітапшаларындағы жазулар ұқыпты, қара сиямен жазылған. Жұмысқа тағайындау күндері дұрыс қойылған және мектеп бойынша бұйрықтарға сілтемелер жасалынған.

    Сонымен қатар тексеру барысында төмендегі кемшіліктер анықталды:

    1. Биология пәнінің мұғалімі А.Қожахметова жұмысқа ауысу тәртібі бойынша қабылданғандығы көрсетілмеген.

    2. Мұғалім Ш.Бәйменова бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданған, ал ол үш жылдан бері географияны жүргізеді, яғни оның бастауыш сынып мұғалімі лауазымынан география мұғалімі лауазымына ауысқандығы туралы жазу жоқ. Дәл солай мұғалім Ж.Сабырованың тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары лауазымына ауысқандығы жазылмаған.

    3. Мұғалім Р.Дәндібаеваның тұрмысқа шығуына байланысты

    фамилиясы өзгертілмеген.

    4. 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мұғалімдердің

    мадақтаулары туралы бір де бір жазу енгізілмеген (барлығы

    «Бұйрықтар кітабы» бойынша 9 мұғалім мадақталған).

    1. Еңбек кітапшасын қолға берілгендігі бойынша заң бұзышылық орын алған, өйткені қызметкер қолына тек мектеп директоры бекіткен көшірмені алуына құқы бар.



    Ұсыныстар:

    1. 2007 жылдың 1 ақпанына дейін мектептің әрбір қызметкері оның еңбек кітапшасындағы жазулармен таныстырылсын.

    2. 2007 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген кемшіліктер

    жойылсын.

    3. Мектеп директоры еңбек кітапшаларын жүргізуге жауаптының

    көрсетілген кемшіліктердегі кінәсінің дәрежесін анықтасын.

    1. 2007 жылдың 24-28 наурыз аралығында қайта тексеру жүргізілсін, мектеп директорына комиссия жұмысына қатысуына өтініш жасалсын.



    ІІ. ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР
    Оқыту жұмысы бойынша анықтамаларды көпшілігінде директордың оқу ісі бойынша және бастауыш мектептің оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары жазады. Білім беру мазмұны бойынша анықтамаларға тән төмендегі қасиеттерді ажыратуға болады:

    1. Мұғалім қызметін бағалау және оқушылардың білім, білік, дағдыларын анықтау үшін бақылау жұмыстары немесе тесттер өткізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, оқыту нәтижесі зерттеледі.

    1. Нәтижелер цифрлық кестелерде көрсетіледі, оқушылардың біркелкі қателері анықталады.

    2. Көптеген тексерушілер үрдістің динамикасын көрсету үшін графиктар сызады, ол да дұрыс, өйткені жан-жақты талдау үшін даму тенденциясын, динамикасын бақылау қажет.

    Оқыту жұмысы бойынша бір шама анықтамаларды талдай келе, мектеп директорларына төмендегі кеңестерді беруге болады:

      • Мектеп директоры оның орынбасарлары бақылаудың қандай әдістерін қолданатынын талдау керек, өйткені бір әдісті жақсы, жан-жақты меңгеріп, орынбасарлар оны қайта-қайта қолдануға әрекет жасайды. Сондықтан , ең алдымен бақылау мақсатын нақты белгілеп, содан кейін мақсатқа лайық тексеру әдістерін және түрлерін таңдау қажет.

      • Анықтаманың көлеміне көңіл аудару қажет. Кейбір анықтамалар шектен тыс көп бетті болып кетеді, олар жоғарыдан тексерушілерге арналып жазылғандай болады. Анықтамаларды нақты талдау және кемшіліктерді жою үшін жазу керек.


    Жалпысыныптық бақылау бойынша анықтамалар
    Жалпысыныптық бақылау - бұл бақылаудың ең тиімді формаларының бірі. Жалпысыныптық бақылау арқылы сынып ұжымының ұйымдастыру жағдайын, оқушылардың түрлі пәндер бойынша дайындық деңгейін анықтауға болады. Бақылау талабы бойынша оқу жоспарындағы барлық сабақтарға ену қажет.
    ҮЛГІ
    5 «А» сыныбындағы жалпысыныптық бақылаудың қорытындылары бойынша

    АНЫҚТАМА
    2006 жылдың 16 қыркүйек және 3 ақпан аралығында жалпысыныптық бақылау барысында 5 «А» сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларының деңгейі, сынып ұжымының ұйымдастыру жағдайы, құжаттамалардың рәсімделуі тексерілді. Осы мақсатта төмендегі жұмыстар жүргізілді:

    1. Барлық пәндер бойынша сабақтарға қатысу.

    2. Қазақ тілінен әкімшілік бақылау жұмысы жүргізілді.

    3. Қазақ тілі және математикадан жұмыс дәптерлері тексерілді.
    І. Пәндердің оқытылуы

    1. Қазақ тілінің оқытылуы (мұғалімі Ниязбекова Г.)



    Сабақтарға қатысу барысында Г.Ниязбекова сабақты құру әдістемесін жақсы меңгергендігі анықталды. Сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыратын түрлі жұмыс әдістері мен формаларын пайдаланады. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы, сөйлеу мәдениеті өте жақсы.
    Қазақ тілі пәні бойынша әкімшілік тарапынан өткізілген бақылау жұмысының талдауы


    Барлық оқушы саны

    Жазғаны

    Бағалары

    Орта балы

    Үлгерімі %

    Білім сапасы %

    2

    3

    4

    5

    25

    21


    2

    11

    6

    2

    3,3

    90

    38


    Бақылау жұмысында жіберілген біркелкі қателер:

    1. Тасымал – 3 оқушы.

    2. Шылаулардың жазылуы – 11 оқушы.

    3. Біріккен сөздердің жазылуы – 7 оқушы.

    4. Қос сөздердің арасындағы дефис – 5 оқушы.

    5. «Қанағаттанарлықсыз» сөзі – 8 оқушы.

    Жіберілген қателер себептері:

    Диктант мәтіні күрделі. Көптеген оқушылар шылауларды сөздермен қосып жазған, яғни сабақта бұл ереже бойынша жұмыс аз жүргізілген. «Қанағаттанарлықсыз» сөзі оқушыларға қиындық туғызды, сондықтан оның жазылуын түсіндіріп, тақтаға жазып қоюға болатын еді. Сыныптағы көптеген оқушы гриппен ауырып, 4 сыныпта өтілген тақырыптарды қайталау сабақтарына қатыспаған. Соның салдарынан 2 оқушы қанағаттанарлықсыз баға алып, жалпы диктант нәтижесі төмен болды.
    2. Әдебиеттің оқытылуы (мұғалімі Ниязбекова Г.)
    Қатысқан сабақ тақырыбы – «Қазақтың халық ертегілері». Балалар халық ертегілерін жақсы көреді. Сынып қызығушылықпен, белсенділікпен жұмыс істеді. Мұғалім сабақта иллюстрацияларды, оқушылар суреттерін пайдаланды. Бұл тақырыпты оқудың қорытындысы – оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
    3. Математиканың оқытылуы (мұғалімі Сапарова Г.)
    Математиканың бірнеше сабағына қатысу ұйымдастырылды. Мұғалім бірінші жыл жұмыс істеуде, сондықтан жұмысында жас маманға тән бірқатар қиындықтар кездесуде: жаңа тақырыпты түсіндіру және пысықтауда нақтылық жоқ, әрбір оқушыны деңгейіне қарап оқытуда қиналады, сабақта уақытты тиімді пайдалана алмайды. Дегенмен, мұғалім бойында педагогикалық шеберлікті арттыруға ынта бар.
    4. Орыс тілінің оқытылуы (мұғалімі Бейсенбаева Б.)



    Мұғалім өз сабағында оқытудың түрлі формаларын, корнекілік және ОТҚ-н тиімді пайдалана біледі. Көпшілігінде сабақта дидактикалық ойындарды қолданып, оқушылардың өз пәніне деген қызығушылығын арттырады. Ата-аналармен тығыз байланыста болып, үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар өткізеді.
    5. Ағылшын тілінің оқытылуы (мұғалімі Байтенова Қ.)
    Қ.Байтенованың сабақтары қызықты, жылдам қарқынмен өтеді. Оқушылары бағдарламаны орындай алады, үлгермеушілер жоқ. Сабақта көрнекі құралдарды, ОТҚ-н көп пайдаланады. Үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар беріп, оларды жүйелі түрде тексереді.
    6. Тарихтың оқытылуы (мұғалімі Бердешева Р.)
    Мұғалімнің сабақтары М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясына сай өткізіледі. Оқушылар пәнге қызығады, сабақта белсенді. Сабақта мұғалім интерактивті әдістерді тиімді пайдаланады. Мұғалімге оқушылар жүктемесін асырмауына көңіл аудару қажет ( үзілісте, сабақтан соң алып қалмау).

    7. Музыканың оқытылуы (мұғалімі Сулейменова А.)
    Мұғалім сабақтары эмоционалды, әдістеме жағынан сауатты. Сүлейменова А. оқытып жатқан материалды жоғары деңгейде меңгерген, аудиторияны өзіне қарата алады, оқушылар мұғалімге, оның сабақтарына қатты қызығады.
    8. Технологияны оқыту (мұғалімі Саденова А.)
    Саденова А. қыз балаларға аспаздықтың алғашқы дағдыларын үйретуде. Сабақтар эмоционалды көніл-күйде өткізіледі, оқушылар сабақта қызығып жұмыс жасайды, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы.
    9. Дене тәрбиесінің оқытылуы (мұғалімі Төребеков Б.)



    Б.Төребековтың сабақтары бағдарламаға сай жүргізіледі, енген сабақта өте қызықты сергіту жаттығуларын, жеңіл атлетикалық жаттығуларды өткізді, сабақ мақсатына жетті. Оқушылар қызығып жүгірумен айналысты және спорттың осы түрі бойынша нормаларды тапсырды.
    10. Бейнелеу өнерін оқыту (мұғалімі Ахметова Г.)
    Г.Ахметова сабақтарында графика, бейнелеу және мүсіндеуді үйретеді. Оқушылар теориялық және практикалық жұмыстарды орындайды, сабақта белсенді, әуестік білдіреді, ізденіс материалдарымен жақсы жұмыс жасайды.
    ІІ. Жұмыс дәптерлерін тексеру.

    Математика дәптерлері: 2006 жылдың 24 қыркүйегінде тексерілуге 18 дәптер тапсырылды. Дәптерлер ұқыпты, барлығының сыртында қабы бар. Мұғалім дәптерлерді аптасына бір рет тексереді, бұл 5 сынып талабына сай емес. Оқушылар қатемен жұмыс жүргізбейді.

    Қазақ тілі дәптерлері: 2006 жылдың 23 қыркүйегінде тексерілуге 24 дәптер тапсырылды. Дәптерлер ұқыпты, барлығының сыртында қабы бар. Мұғалім дәптерлерді жүйелі түрде тексереді, оқушылар қатемен жұмыс жүргізеді. Қосымша сабақтарға да дәптерлер арналған, олар да тексеріледі, сөздік дәптерлері де бар.

    Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, келесі қорытындыларды жасауға болады:

    1. Бастауыш сынып мұғалімі Жансейітова А. оқушыларды 5

    сыныптағы оқу материалын меңгеруге жақсы дайындаған.

    2. 5 сыныптағы мұғалімдер адал жұмыс жасайды, дегенмен,

    сабақтарда оқыту технологияларын кеңінен пайдалану керек.

    3. Барлық мұғалімдерге сыныпты ұйымдастыру бойынша бірыңғай

    талаптарға сай жұмыс жүргізу керек.

    4. Үлгерімі нашар оқушыларға аса көңіл аудару қажет, оларды жеке

    бақылауға қою қажет.

    5. Оқушылардың оқырмандық қызығушылықтарын және

    эрудициясын зерттеу (викториналар, әңгімелер, саулнамалар)

    бойынша 5 сынып оқушыларының аз оқитындығы анықталды,

    оқушылар белгілі балалар шығармаларының авторларын атай

    алмайды, кітап оқуға қызығушылық білдірмейді. Осы проблемаға

    мұғалімдерге көңіл аудару қажет және әдістемелік кеңесте

    мәселе қаралсын.

    ҮЛГІ

    2005/2006 оқу жылындағы мектептің

    әдістемелік жұмысын тексеру бойынша

    АНЫҚТАМА



    Мақсаты: 1. Әдістемелік жұмыстың деңгейін анықтау.

    2. Мектептің әдістемелік жұмысының рөлі.
    Мерзімі: 20 – 30.04.2007 ж.
    Комиссия құрамы: мектеп директоры, директор орынбасарлары,

    мектеп Кеңесінің төрағасы.

    Әдістер: - әдістемелік бірлестік жетекшілерімен әңгімелесу;

    - әдістемелік бірлестік отырыстарының хаттамаларын

    тексеру;

    - мұғалімдермен әңгімелесу.
    Мектепте бастауыш мектеп, гуманитарлық цикл, математика, жаратылыстану циклы, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері жұмыс жасайды.

    Тексеру барысында төмендегілер анықталды:

    1. Барлық әдістемелік бірлестіктердің (ӘБ) жылдық жұмыс

    жоспарлары бар және олар тоқсан сайын өз отырыстарын

    өткізеді.

    2. Жоспар бойынша жас мамандармен жұмыс зерттеледі, барлық

    бақылау жұмыстары талданады.

    3. ӘБ жетекшілерінің басшылығымен пән апталықтары нәтижелі

    өткізілді.

    4. Мектепішілік пән олимпиадалары өткізілген, алты аудандық

    олимпиада жеңімпазы бар (оқушылар фамилиясы, мұғалімнің

    аты-жөні, пәні).

    5. Математика пәнінің мұғалімдері деңгейлік дифференциация

    бойынша инновациялық жұмысты жалғастыруда және

    гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестігі модульдік оқыту

    технологиясын сабақтарға енгізуде.

    6. Өзара сабаққа ену кестесі толық орындалған.
    Сонымен қатар мектептің әдістемелік жұмысында бірқатар кемшіліктер де анықталды:

    1. Мектептің жалпы әдістемелік тақырыбы, ӘБ тақырыбы және

    мұғалімдердің өз білімін жетілдіру тақырыптарының

    арасында байланыс жоқ.

    2. Әрбір ӘБ тек өз жұмысымен шектеледі, әдістемелік

    бірлестіктер жұмысының арасында байланыс жоқ.

    3. Бастауыш сынып және жаратылыстану әдістемелік

    бірлестіктерінде инновациялық жұмыс жеткіліксіз.

    4. Дарынды оқушылармен жұмыс, аудандық пән олимпиадаларына

    және интеллектуалдық марафондарға қатысуға оқушыларды

    дайындау жұмысының дәрежесі төмен. Мектеп физика,

    биология, шет тілдері бойынша аудандық олимпиадаларға

    қатыспаған.

    5. Пән мұғалімдерімен әңгімелесу барысында олар өз білімін

    жетілдіру тақырыптарын ат үсті таңдағаны анықталды.
    Ұсыныстар:

    1. Әрекеттерді үйлестіру және әдістемелік жұмысты жоғары

    деңгейде жоспарлау мақсатында жалпымектептік әдістемелік

    кеңес құрылсын. Әдістемелік кеңестің төрайымы болып

    жоғары сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы бойынша директор

    орынбасары тағайындалсын.

    2. Мектептің әдістемелік кеңесі жалпы әдістемелік тақырыпты

    және оқу жылының міндеттерін ескере отырып әр әдістемелік

    бірлестіктің әдістемелік тақырыптарын анықтасын.

    3. Пән апталықтарын өткізу практикасы жалғастырылсын.

    4. Оқушылары аудандық олимпиада жеңімпаздары болған

    мұғалімдер грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен

    марапатталсын:...................................... ( алты фамилия).

    5. Физика ......., биология....., шет тілі.... мұғалімдері оқушыларды

    олимпиадаларға дайындау жұмысына көңіл аударсын.

    6. Осы мұғалімдердің аудандық олимпиадаға қатысу

    қорытындылары бойынша есептері 2008 жылдың наурыз

    айында директор жанындағы кеңесте тыңдалсын.

    7. Осы анықтама мектеп Кеңесінің отырысында және директоры

    жанындағы кеңейтілген отырыста талқылансын.


    ІІІ.. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТЫ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР
    ҮЛГІ
    ................... бойынша пән апталығын өткізу

    қорытындылары бойынша

    АНЫҚТАМА



    Тексеру мақсаты: пән апталығының оқушылардың пәнге

    қызығушылығының дамуына, білім деңгейінің

    жоғарылауына, оқушыларды дербестікке және

    шығармашылыққа үйретуіне, дарынды және

    қабілетті балаларды анықтауға әсерін тексеру.
    Мерзімі: 14 – 21. 11. 2007 ж.
    Комиссия құрамы: жоғары сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі

    бойынша директордың орынбасарлары,

    әдістемелік бірлестіктер жетекшілері.
    ....................... бойынша пән апталығының барысында келесі іс-

    шаралар өткізілді:

    • пән бойынша сыныптық олимпиадалар;

    • мектепішілік пән олимпиадасы өткізіліп, аудандық олимпиадаға қатысатын оқушылар анықталды;

    • оқушылар үшін кино көрсету ұйымдастырылды;

    • сынып газеттерінің, суреттерінің, плакаттарының, оқушылардың шығармашылық жұмыстарының байқаулары өткізілді;

    • оқушылар және ата-аналар үшін ең үздік жұмыс көрмесі ұйымдастырылды;

    • оқушылардың барлық жұмыстарын бағалау үшін төмендегі құрамда қазылар алқасы құрылды: .................................................... ;

    • төмендегі оқушылар олимпиада жеңімпазы болып аталды: ..................................... (оқушының аты-жөні, сыныбы)



    • төмендегі оқушылардың жұмыстары сыйлықтармен марапатталды: ...................................................................... .

    Аптаның өтілуіне ата-аналардың қызығушылығын атап өтуге болады.
    Ұсыныстар:

    1. Апталықтың дайындығы мен өткізілуіне белсене қатысқан

    келесі мұғалімдер грамоталармен марапатталсын:

    ......................... .

    2. Оқушылары І орын алған мұғалімдер ақшалай сыйлықпен

    марапатталсын.

    3. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар грамоталармен және

    сыйлықтармен марапатталсын.

    1. Келесі оқу жылында апталықты өткізу барысында:

    • апталық күндері нақты жоспарлансын;

    • әрбір күннің өтілуіне жауаптылар белгіленсін;

    • шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде кеңінен оқушыларға реферат жаздыру талап етілсін.


    ҮЛГІ
    Мектептегі үйірме жұмысының жағдайы туралы

    АНЫҚТАМА
    Мақсаты: мектептегі үйірме жұмысының жағдайын зерттеу;

    үйірме жұмысының тиімділігін және оның

    оқушылардың шығармашылық потенциалына әсерін

    бағалау.
    Мерзімі: 1 – 22.01. 2007ж.
    Комиссия құрамы: директордың тәрбие жұмысы бойынша

    орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп

    Кеңесінің мүшесі, кәсіподақ комитетінің

    мүшесі.

    Келесі мәселелер қарастырылды:

    • оқушыларды үйірме жұмысына қамту;

    • оқушылардың сабақ кезіндегі белсенділігі;

    • жұмыстың нәтижелілігі (кештер, көрмелер, аудандық байқауларға қатысу, т.б.)


    Тексеру барысында барлық үйірме сабақтары екі реттен тексерілді, үйірме сабақтарының жоспарлары тексерілді, барлық үйірме жетекшілерімен және оқушылармен әңгіме жүргізілді.

    Оқушылардың ең қызығатыны спорт секциялары екендігі анықталды: волейбол, баскетбол, күрес. Сабақтарда тексеру кезінде балалардың тізім бойынша 98 % қатысты. Сабақ басында мұғалімдер нақты мақсат қойып, сабақ соңында қорытынды шығарылады. Оқушылар тек ойынға емес, спорт түрінің жаңа әдістерін меңгеруге ықыласты.

    Көптеген оқушылар, әсіресе 7-8 сыныптардан, мектеп музейінің ізденіс жұмысына қамтылған. Соңғы жылдары музей өз жұмысын тоқтатпаған. Ізденіс жұмыстарына ата-аналар мен ардагерлер де тартылған. Музей секциясы сабақтарында оқушылар құжатпен жұмыс істеуді, стендтерді рәсімдеуге, оқушылар және мектеп қонақтары үшін экскурсиялар өткізуді үйренуде.

    Мектеп хоры және музыкалық студияға да оқушылар қызығып қатысады. Барлық аталған үйірмелер аудандық байқауларда жоғары нәтижелерге ие.

    Фотоүйірме сабақтарында тексеру барысында тек үш оқушы қатысып отырған. Жұмыс жоспары жоқ, жетекші үйірме журналын жүргізбейді.
    Ұсыныстар:

    1. Спорт секциясы, мектеп музейі, хор және музыкалық студия

    жетекшілерінің жұмысы жақсы деп атап өтілсін.

    2. Өлкетану үйірмесін құруға мектеп әкімшілігі материалдық

    мүмкіндіктерді қарастырсын.

    3. Фотоүйірме жетекшісінің есебі директор жанындағы кенесте

    тыңдалсын.

    4. Осы анықтама сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің

    отырысында талқылансын.


    ІV. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР
    Соңғы жылдары балалар денсаулығы барлық ата-аналарды да, бүкіл қоғамды да айрықша ойландырады. Балалар денсаулығына түрлі факторлар әсер етеді: экологиялық жағдай, тамақтандыру, күн тәртібі, мектептегі психологиялық асқын жүктеме, стрестік жағдайлар және т.б. Мектеп әкімшілігі балалардың өміріне әсер ететін мектепішілік өмірдің факторларын бақылауды күшейту керек.

    ҮЛГІ
    Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

    ережелерін сақтауды тексеру бойынша

    АНЫҚТАМА
    Мақсаты: еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері

    бойынша журналды және оның толтырылуының

    дұрыстығын тексеру.

    Мерзімі: 9 – 21. 11. 2007 ж.

    Комиссия құрамы: мектеп директоры, мектеп Кеңесінің

    төрағасы, директордың әкімшілік-

    шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары,

    медбике, ӨҚН мұғалімі.
    Аталған мәселе бойынша келесі құжаттар тексерілді:

    1. Оқушылармен болған келеңсіз жағдайларды тіркеу журналы.

    2. Қоғамға пайдалы еңбекті және сыныптан, мектептен тыс іс-

    шараларды ұйымдастыруда еңбекті қорғау және қауіпсіздік

    техникасы бойынша инструктаж журналы.

    3. Физика, химия, техникалық енбек, қызмет көрсету еңбегі,

    информатика, ӨҚН, дене тәрбиесі кабинеттеріндегі

    қауіпсіздік техникасы бойынша инструкциялар.

    4. Қауіпсіздік техникасы бойынша оқушыларды инструктаждан

    өткізілгендігі туралы сынып журналындағы жазулар.

    Тексеру барысында төмендегілер анықталды:

    1. Мектепте жоғарыда аталған журналдарының барлығы бар.

    2. Физика, химия, техникалық қызмет, дене тәрбиесі, ӨҚН

    кабинеттерінде қауіпсіздік техникасы бойынша мектеп

    директоры және кәсіподақ ұйымының төрағасымен бекітілген

    инструкциялар бар.

    3. Физика, химия, техникалық және қызмет көрсету еңбегі,

    информатика және ӨҚН пәні мұғалімдерінде қауіпсіздік

    техникасы бойынша оқушыларды инструктаждан өткізіл-

    гендігі туралы сынып журналындағы жазулар бар.

    Сонымен қатар комиссия төмендегі кемшіліктерді анықтады:

    1. Оқушылармен болған келеңсіз жағдайларды тіркеу журналында

    кейбір жағдайлар көрсетілмеген. Мысалы, 2007 жылдың 19

    қазанында 3 «А» сынып оқушысы А.Ақментаев үзіліс кезінде

    құлап, қолын сындырғаны журналда тіркелмеген.

    2. Қоғамға пайдалы еңбекті және сыныптан, мектептен тыс іс-

    шараларды ұйымдастыруда еңбекті қорғау және қауіпсіздік

    техникасы бойынша инструктаж журналында 2007 жылдың 29

    қыркүйегінде балалар театрына спектакльге барған 3 «А», 3

    «Б», 3 «В», 5 «А», 5 «Б», 5 «В» сыныптарының жетекшілері

    тарапынан жолда жүру ережелерін сақтау бойынша

    инструктаж өтілгендігі туралы жазылмаған. Жеңіл

    атлетикадан 2007 жылдың 2 қазанында спорт мерекесін

    өткізген мұғалімдердің де жазулары жоқ.

    3. Дене тәрбиесі залында, информатика, қызмет көрсету еңбегі

    кабинеттерінде қауіпсіздік техникасы бойынша Инструкциялар

    жоқ.

    4. Физика кабинетінде сынық тоқ көздері бар.

    Ұсыныстар:

    1. Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі мәселесі бойынша мектеп

    қызметкерлерінің жалпы жиналысы өткізілсін.

    2. Мектеп директорына дене тәрбиесі, қызмет көрсету еңбегі,

    информатика пәні мұғалімдеріне (фамилиялары) тәртіптік

    шара қолдануға өтініш жасалсын.

    3. Оқушылардың инструктажысыз және журналдағы оған сайкес

    жазуларсыз түрлі жұмыстарды өткізуге, театрларға баруға

    және экскурсияларға тыйым салынсын.

    4. 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық кемшіліктер

    жойылсын.

    5. 2008 жылдың 11 – 20 қаңтар аралығында қайта тексеру

    өткізілсін.

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:




    1. Фриш Г.Л. Документация. – М., 2001 г.
    2. Справочник директора школы. - В., 2007 г.
    3. Справочник заместителя директора школы по учебной работе. –

    В., 2007 г.
    4. Административное управление в школе. – В., 2007 г.

    МАЗМҰНЫ




    1. Анықтамалар ........................................................... ………….3 бет
    2. Құжаттарды тексеру бойынша анықтамалар.......…………. 7 бет
    3. Оқу-тәрбие жұмысын басқару және бақылауды

    Ұйымдастыру бойынша анықтамалар ................……………15 бет
    4. Сыныптан тыс жұмысты бақылау нәтижелері

    бойынша анықтамалар .........................................……………22 бет
    5. Педагогикалық үрдіске қатысушылардың өмірі

    мен денсаулығын қорғау бойынша

    анықтамалар ............................................................. …………25 бет
    6. Пайдаланылған әдебиет .........................................…………..27 бет






    написать администратору сайта