Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындалған жұмыстың сапасы Баға диапазоны Алған %

  • дарис 12. Бірімқұл Еркін Срс2-5. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі стбаев университеті


    Скачать 0.54 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі стбаев университеті
    Анкордарис 12
    Дата20.12.2021
    Размер0.54 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБірімқұл Еркін Срс2-5.docx
    ТипДокументы
    #310460

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
    Автоматика және ақпараттық технологиялар институты

    «Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар» кафедрасы





    Сөж-2.5
    Тақырыбы: Аналогты –интегралды микросұлбалардағы құрылғылардың сұлбатехникасы. Операциялық күшейткіштер, компараторлар, сигналдардың аналогты көбейткіштері, таңдау және сақтау сұлбалары, таймерлер. Аналогты интегралды микросұлбалардың ұрпақтары.



    Орындалған жұмыстың сапасы

    Баға диапазоны

    Алған %

    1

    Орындалмаған

    Себепсіз сабақтан қалуы

    0%




    2

    Орындалуы және білім алушының белсенділігі

    0-50%




    3

    Жұмыстың рәсімделуі

    0-20%




    4

    Анықтамаларды, техникалық әдебиеттерді, дәріс конспектілерін, пәннің оқу-әдістемелік кешенін пайдалана білуі

    0-5%




    5

    Техникалық құралдарды пайдалана білуі

    0-5%




    6

    Жұмысты қорғауы

    0-20%







    Қорытынды

    0-100%






    Білім алушының аты-жөні:

    Бірімқұл Еркін

    Мамандық шифрі :

    6В07103

    Оқытушының аты-жөні:

    Утебаева Д.Ж

    Алматы 2021 ж
    Аналогты –интегралды микросұлбалардағы құрылғылардың сұлбатехникасы. Операциялық күшейткіштер, компараторлар, сигналдардың аналогты көбейткіштері, таңдау және сақтау сұлбалары, таймерлер. Аналогты интегралды микросұлбалардың ұрпақтары.

    Интегралды микросхема – бір технологиялық үрдіспен жасалған, өзара электрлік жалғанған, құрамында бесеуден кем болмаған актив (транзисторлар, диодтар) және пассив (резисторлар, конденсаторла дроссельдер) элементтері бар бүтін бір корпустың ішінде орналастырылған микроэлектрондықұрылғы. Интегралды микросхемалардың негізгі параметрлері болып жинақталу тығыздығы мен интеграция дәрежесі саналады. Жинақталу тығыздығы - интегралды микросхемалардың бірлік көлеміндегі элементтер санын, ал интеграция дәрәжесі - интегралды микросхема құрамына кіруші элементтер санын сипаттайды. Интегралды микросхемалар жасалу технологиясы бойынша жартылай өткізгішті, гибридті және қабыршақты болып бөлінеді.

    Жартылай өткізгішті интегралды микросхемалар - барлық элементтері мен элементтер ара байланыстары жартылай өткізгіштің бетінде немесе бүкіл көлемінде орналастырылатын құрылғы.

    Гибридті интегралды микросхема деп пассив элементтері шыны, керамика, ситалл немесе сапфир сияқты диэлектрик қабаттың үстіне әртүрлі қабрышақты жалату жолымен орналастырылған, ал актив элементтері корпуссызіліндірілген жартылай өткізгішті құрылғылардыатайды.

    Қабыршақты интегралды микросхема деп дараланған элементтері мен элементтер ара байланыстары диэлектриктің беткі қабатына жартылай өткізгішті материалдары қабыршақ (пленка) жолымен жалатылған құрылғыны атайды. Қабыршақты элементтерді жасаудағы жоғары дәлдігі біріктірілген технология бойынша жасалған микросхемаларда пайдалануы мүмкін болып, онда актив элементтері мен пассив элементтердің бір бөлігі жартылай өткізгіш көлемінде, ал пассив элементтердің қалған бөлігі оның беткі қабатында қабыршақты етіп жалату жолымен орналастырылады. Мұндай екі технологияны бірден қолдану микросхемалардың бағасын жоғарылатады, дегенмен олардың параметрлерінің дәлдігінің жоғары болғандықтан, көп қолданыста болады.Соңғы кездерде гибридті микросхемалардың іліндірілген актив элементтері ретінде жартылай өткізгіштік микросхемалар қолданылатын біріктірілген технологиялар көп қолданылуда. Мұндай технологиялар тезәрекетті электронды-есептеу машинасы үшін қолданылады.

    ОК-дегі инверттелетін және инверттелмейтін күшейткіштер

    Суреттегі күшейткіш инверттелетін болып оның шығыс сигналы кіріссигналына жұмысын қарсы фазада орналасады деген себеп бойынша аталады. Оның қарастырайық. ОК инвертті кірісіне R1 резисторы арқылы Uкір оң кернеуі берілген. Теріс кері байланыс R2 кері байланыс резисторымен орындалады. Кірістері арасындағы кернеу (+) және (-) 0-ге тең. Сондықтан ОК инвертті кірісі сондай нөлдік потенциалда орналасады, яғни жер потенциалында орналасады. Сондықтан (-) кірісін потенциалды жерге қосылған деп айтады.

    Инверттелмейтін күшейткіштің схемасы көрсетілген. Тұрақты ток бойынша инверттелмейтін күшейткіштің күшейту коэффициенті мынаған тең: K=1+R2/R1

    Инверттелмейтін күшейткіштің шығыс кернеуі кіріс кернеудікіндей полярлықтан тұрады.

    Инверттелмейтін күшейткіштің жеке жағдайы төмендегі суретте көрсетілген тасымалдаудың бірлік коэффициентңмен кернеуді қайталағыш болып табылады.

    Қайталағыш схемасындағы кіріс кернеу Uкір ОК (+) кірісіне беріледі. ОК (+) және (-) кірістері арасындағы кернеуді нөлге тең деп қарастырсақ, онда Uшығ=Uкір.Uкір полярлығын өзгертуде Uшығ полярлығы және токтар бағыты қарама-қарсыға өзгереді. Кернеуді қайталағыш жоғары кіріс кедергіге ие және жоғарыомды өлшегіш түрлендіргіштермен (ӨТ) төменомды кіріспен келесі екіншілік ӨТ келістіру үшін қолданылады



    1-сурет. Инверттелетін және инверттелмейтін күшейткіштер


    2-сурет. Инверттелетін күшейткіш



    3-сурет. Инверттелетін күшейткіштің кіріс және шығыс сигналдары.



    4-сурет. Инверттелмейтін күшейткіш



    5-сурет. Инверттелетін күшейткіштің кіріс және шығыс сигналдары.

    Қорытынды: Бүгінгі лекцияда біз интегралды микросхема туралы өттік. Интегрлды микросхема дегеніміз- құрамында акттивті транзистор, диодтар және пассивті резисторлармен конденсаторлар, дроссельдер бар микроэлектроонды құрылғы. Оның түрлері көп. Олар жартылай өткізгішті интегралды, гибриді интегралды, қабыршақты интегралды микросхема, сызықты импульстік микросхема, логикалы интегралды микросхема. Жәнеде процессорлар туралы өттік. Процессордың ішінде ядролар бар екені, жәнеде процессордың ядросы көп болған сайын оның жұмысы соншалықты тез болады. Ядро басты қызметті атқарады. Олар команданы оқып, орындай алады. Әрбір ядро тек бір тапсырманы орындай алады, бірақ бір секундта. Бір ядролы процессор әр тапсырманы дәйекті түрде орындайды. Бірақ қазіргі операциялар үшін бұл жеткіліксіз, сондықтан бір уақытта бірнеше тапсырманы орындау үшін бірнеше ядросы бар CPU қолданылады. Мысалы, екі ядролы бір уақытта екі тапсырманы орындайды, үш ядролы ― үш және оданда көп тапсырманы орындай алады. Сөйтіп мен сөж тапсырмасына байланысты Ltspice бағдарламасына Ок-дегі инверттелетін және инверттелмейтін күшейткіштердің сызбасын салдым. Және олардың кіріс және шығыс диаграммаларын алдым.


    написать администратору сайта