Главная страница
Навигация по странице:

  • Ежелден мал бағып, төрт түлікті тіршілік көзі санаған ата-бабаларымыз малдың етінен бастап сүйегіне дейін пайдаға асырды.


  • жоба. Жоба қалдық туралы. азастан Республикасыны Оуаарту министрлігі Абай облысы


    Скачать 1.19 Mb.
    Названиеазастан Республикасыны Оуаарту министрлігі Абай облысы
    Дата31.03.2023
    Размер1.19 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЖоба қалдық туралы.doc
    ТипДокументы
    #1027508


    Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

    Абай облысы

    Бағыты: «Ғылыми-техникалық прогресс-экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде»

    Секция: физика

    Тақырыбы: «Қалдық отын түрлері»
    Авторы: Ғафиз Еркеназ, Берікбекова Іңкар

    9 - сынып оқушысы

    Жоба жетекшісі: Мұсатай Гүлшат Мейрамбекқызы

    Физика пәні мұғалімі

    Ғылым жетекшісі: ф.-м.ғ.д,, Шәкәрім университетінің

    профессоры Берікханова Г.Е.

    2022 жыл

    Аннатоция

    Бұл ғылыми жобада қалдық отын түрлерін дайындау, экологиялық таза ағаш-2 отын жайлы баяндалады. Ғылыми жобада: іздену, жинақтау, есептеу жүргізу, салыстыру әдістері қолданылған. Ғылыми жоба нәтижесінде елеусіз жатқан қалдық отындарды игеру ісі бойынша және соған байланысты ағаш-2 отынын дайындаудағы тиімділігі жайлы дәлелдер келтіріледі.

    Аннотация

    В данном научном проекте описывается производство отработанного топлива, экологически чистого топлива древесина-2. В научном проекте использовались методы исследования, сбора, расчета, сравнения. В результате научного проекта представлены данные об эффективности производства древесного топлива-2 в случае эксплуатации заброшенных топливных отходов.

    Annotation

    This scientific project describes the production of spent fuel, environmentally friendly fuel wood-2. In the scientific project, methods of research, collection, calculation, comparison were used. As a result of the scientific project, data are presented on the efficiency of the production of wood fuel-2 in the case of the exploitation of abandoned fuel waste.

    Мазмұны:

    І. Кіріспе............................................................................................................3-бет

    1.1. Қалдықтар туралы жалпы түсінік............................................................4-бет

    ІІ. Зерттеу бөлімі

    2.1. Қағаз бен апилка қалдықтарын пайдаға асыру. «Ағаш-2» отыны....10-бет

    2.2. Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өңдеу ............................11-бет

    2.3. Тезек технологиясы.................................................................................14-бет

    2.4. Баламалы биоотын-паллет......................................................................24-бет

    ІІІ. Қорытынды................................................................................................26-бет

    Пайдаланған әдебиеттер................................................................................28-бет

    Қосымша

    Кіріспе

    Жұмыстың өзектілігі: Ауылды жерде тұратындығымнан мал шаруашылығынан қалған қалдықтарды қалай өңдеп, жүзеге асыруға болады деген сұрақ ойымызға келді. Малдың қалдықтарын тиімді жолмен пайдалануға бола ма деген сұраққа жауап бергіміз келді. Осыны мен жадымда сақтап, алдымызға мынадай максат қойып, жұмысымызды жаздық.

    Жұмыстың мақсаты: Сиыр, қой, жылқы малдарының қалдықтарын (тезегін) отын ретінде пайдаланса тиімділігі қандай болады және көмірдің ұсағымен араластыру арқылы отын ретінде пайдалансақ сыртқы ортаға бөліп шығарытын жылуы қандай? деген сұрақтарға жауап іздеу.

    Жұмыстың міндеттері:  Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды және шешілді:

    • Қағаз бен ағаш ұнтағы (апилка) қалдығынан ағаш-2 отынын дайындап,кептіру;

    • Мал қалдықтарын жинап алып кептіру;

    • Қалдықтарды ұсақ көмірмен араластыру;

    • Отын ретінде жағып, бөлінетін жылу мөлшерін салыстыру.

    Зерттеу объектісі: Отын түрлері: Малдың қалдықтарын (жапа,қи) пайдаға асыру. Қағаз бен апилка қалдығын пайдаға асыру

    Гипотеза: Тезек пен қидың жекелей және көмірмен араластырып кептіріп жағу,ағаш-2 отынын жаққан кезінде бөлінетін энергия (жылу) және отынның қуаттылығы түрліше болады.

    Эксперимент әдісі: Мал қалдықтарын жеке және ұсақ көмірмен араласқан отын түрлерін, қағаз бен апилкадан дайындалған ағаш-2 отынын жағу арқылы бөлінетін жылуды бақылау.

    1.1 Қалдықтар туралы жалпы түсінік

    Қалдықтар – табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады. Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.

    Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және т. б.); 2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі); 3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы. Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады. Екінші реттік энергетикалық ресурстарды жүзеге асыру жылу мен энергияны үнемдеумен қатар, атмосфераға бөлінетін жылу мөлшерін азайтып, қоршаған ортаны қорғауға себебін тигізеді. Череповец мсталлургиялық комбинатына карасты зауыттың жылу электр орталығында барлық казандықтар екінші реттік ресурстарды пайдалану арқылы жұмыс істеуде. Құс фабрикаларында қалдық болып шығып отырған кұс жүндері жоғары сапалы мал жемін - күрамында 85%-ке дейін белогі бар ұн алуға арзан шикізат ретінде қолдануын тауып жатыр. Мұндай өндіріс Германияда жаксы жолға қойылған, 3 т қалдықтан 1,2 т ұн алынады. Қалдықтар проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір көргенде, мысалы, күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын іс сияқты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның миллионында

    10 кг. [1]Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін кұрамында вольфрамы бар минераддар — вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес көлемі өңделеді, сонымсн қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады. Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін, бұрынғы Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі бойынша вольфрам рудасыньң 25 мьң тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет вольфрам қосылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл аударудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Румынияның аяқ-киім өнеркәсіп институтында тері қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы жоқ материал шығаруға бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг қалдыктан 0,9 кг материал алынады. Ерекше назар аударуға және кідіртпей оңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда " 33,5%-і, Францияда — 6%-і, Ресейде — 10%-і, Ұлыбританияда - 3%-і, Италия меи Жапонияда - 0,3%-і. Жылына Москва қаласынан шығатын тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м3 , Алматыдан — 3 млн. м3 үстінде. Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық мөлшсрі 80-90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250 кг дәнді жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45 кг-ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз. Қала қалдықтарында әртүрлі компоненттерге келетін мөлшер массалық %-пен алғандай: қағаз (30-40), азық-түлік қалдықтары (30-40), металдар (2-4), ағаш (1,5-3), кездемелер (2-4), шыны (3-6), тастар (1-2), тері, резина (1-2), пластмасса (1-1,5). Қала сыпырындысын жинайтын негізгі жер қоқыстар үйіндісі, шамалы мөлшері қайтадан өнделеді немесе арнайы ұйымдастырылған зауыттарда жағылады.Отын- табиғи немесе жасанды түрде алынатын,жанатын қабілеті бар, энергия көзі және химиялық өндірістерге шикізат болып есептелетін зат. Отын агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тектес үш топқа бөлінеді. Тегіне қарай: табиғи және жасанды болып екі түрге бөлінеді. Жасанды отын табиғи заттырды өңдеу нәтижесінде алынады. Болашақта сутек пен метанол, этанол, өсімдік майлары, органикалық заттар мотор және энергетикалық отын қатарына енеді. Өнеркәсіптің қай саласыда болсын, отынның маңызы зорОтынның жану жылуы- 1кг отынды толық жаққанда бөлінетін жылу мөлшері.Отынның құрамында көміртек пен сутек неғұрлым көп болса, жылу болу қабілеті соғұрлым жоғары болады.Қатты қатты отынды химиялық өңдеудің мынадай әдістері бар пиролиз, газдандыру (газификациялау), гидрогендеу және кокстеу.

    • Пиролиз- көмірді ауа қатыстырмай жабық реакторда 1000 °C шамасында қыздыру. Түзілген өнімдер одан әрі өзгерістерге ұшырамайды.

    • Газдандыру- 1000 °C температурада қатты отынның органикалық массасын ауамен, су буымен немесе олардың қоспасымен шала тотықтыру арқылы жанғыш газдарға айналдыру. Жанатын газдарды генератор пештерінде өндіретін болғандықтан, оларды генератор газдарыдеп атайды.

    • Гидрогендеу- катализатор қатысында жоғары температурада және қысымда отынды сутекпен өңдеу. Бұл кезде отын алғашқы қалпынан өзгеріп, құрамында сутек мол жаңа сұйық,газ тектес немесе қатты отынға айналады. Мысалы, көмір мен тақтатастарды осылай өңдейді.

    Отын[– жылу энергиясын алуға қолданылатын жанғыш заттар. Агрегаттық күйіне қарай – қатты, сұйық және газ тәрізді, жаратылысы бойынша – табиғи және жасанды отын деп ажыратылады.

    • Табиғи отындарға қазынды көмірлер (антрациттер, тас және қоңыр көмірлер), мұнайгаз, жанғыш сланецтер (тақтатастар), торфағаш, өсімдік қалдықтары жатады.

    • Жасанды отындарға  домна пешінің  кокстері, мотор отындары, кокстық және генераторлық газдар, т.б. жатады.

    Отынның негізгі сипаттамасы – жану жылулығы. Отынның жану жылулығы – отынның толық жану кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшері. Оны төменгі және жоғарғы, меншікті және көлемдік жану жылулығы деп ажыратады. Төм. жану жылулығы жоғарғы жану жылулығынан отын жану кезінде түзілетін суды, сондай-ақ, оның құрамындағы ылғалды буландыруға жұмсалатын жылу мөлшерінен кем болады. Мысалы, тас көмірдің жану жылулығы 28 – 34 МДж/кг, бензиндікі – 44 МДж/кг-ға жуық; табиғи газдың көлемдік төменгі жану жылулығы 31 – 38 МДж/м3. Әр түрлі отынды салыстыру және оның қосынды қорын есепке алу үшін шартты отын түсінігі пайдаланылады, оның ең төменгі жану жылулығы 29,3 МДж/кг. Техниканың жаңа салаларының дамуына байланысты “отын” термині кең мағынада қолданылады, ол энергия көзі болып табылатын барлық материалдарға да (ядролық отын, зымырандық отын) қатысты айтылады. Қазақстан қазба отын қорларына бірден-бір бай ел.
    Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты  азық-түлікпен (сүт, май, ет,т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады. Ірі қара шаруашылығы Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
    Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі.

    2.1. Қағаз бен апилка қалдықтарын пайдаға асыру. «Ағаш-2» отыны

    Қалдықтар – табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады. Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Көң үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Солардың бірі қағаз бен апилка қалдықтары. Қағаз бен апилка қалдықтарын үй жағдайында қалай пайдаға асыруға болады? Біз оны қалай дайындаймыз. Ол үшін бізге қағаз қиындысынан 1 шелек және апилка (ағаштың ұнтағы) 1 шелек, сонымен қоса су қажет.Осы қоспаларды әбден араластырамыз. Дайын қоспаны престейміз және кептіреміз. Қалдықтан дайындалған отынды біз ағаш-2 отыны деп атадық. Біз дайындаған ағаш-2 отының массасы 1 киллограм,көлемі 25х15х5 см3,яғни 0,00172 м3 болды.Ал тығыздығы 581кг/м3 Бұл отынның тиімділігі отын жанған кезде қалдық қалмайды.Ауаны ластамайды. Қажетсіз заттарды, қажеттілікке жаратып жоқтан бар жасай отырып,ауылымыздың экологиясын жақсартамыз.

    2.2 Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өңдеу.

    Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі мақсатын орындаумен бірге, зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді — жылу, металл, шлактарды да шығарады. Мысалы, Мәскеудің N1 қоқыс жағатын зауытынан шыққан шлакты зерттеу арқылы алынған мәліметтерге (Г.И. Сидоренко, 1990 ж.) сүйенсек, жылына тұрмыстық қалдық, жинайтын жерге тек Мәскеудің өзінен мынадай көлемде металдар тасталады екен: Мо - 8,3 т, Со - 11,4 т, V - 12,4 т, Аg - 27,6 т, Иі - 75 т, 5Ь - 115 т, 5п - 244 т, F - 353 т, Сг - 689 т, РЬ - 1573 т, Сu - 2180 т, Zn - 6762 т. Бұл мөлшер жыл бойына үлкен кең орындарынан алынатын мөлшерге эквивалентті. Санкт-Петербург маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жыддан бастап тұрмыстық қокысты өндсйтін зауыт қызмет етуде, оның ең негізгі шығаратын өнімі компост (тыңайткыш), бірақ-та қоқыстың 30%-і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш, металдан тұратын бөлігі өнделінбейді. Жылдық өнімділігі 110 мың тонна төңірегінлегі зауыт 1975 жылдап бастап Ташкентте іске қосылған. Жыл сайын тұрмыстык қоқыстан 400 т кара және 5 т түсті металдар, 20 мың т компост алынады. Компост деп микроорганизмдермен ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан шыкқан органикалық тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға көң, көң бөкпесі және құстар саңғырығы, шьмтезек, қала сыпырындысы, ағаштардың түскен жапырақтары, сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар колданылады. Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадагы өсімдіктер сіңіруге қолайлы қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мөлшері жоғарылайды, патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері азаяды, сонымен катар тыңайткыш топырақка еңгізуге қолайлы сусымалы түрде алынады. Өте тапшы органикалық тыңайткыштардың (көң, шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануға жатады. Тұрмыстық қалдықтардың барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен жүретін биохимилык процесс. Бұл микробтардан өте көп мөлшерде жылу бөлініп шыккандықтан қоқыс 700С-ге дейін қызады. Бұл жағдайда ауру қоздыратын микробтар жойылып, шикізат қызып, тұрмыстық тынайтқышқа айналады. Табиғи жағдайда бұл процесс айлап жүрсе, зауыт жағдайыңда аэрадия аркылы 2-3 күнде аякталады. Ал қалдықтарда азық-түлікке жағатын компоненттер аз болса процестін жүру жылдамдығы күрт төмендейді. Тұрмыстық қоқысты қайта өндеу үшін магниттік сепарация әдісі де қолданылып келеді.[2]



    Ежелден мал бағып, төрт түлікті тіршілік көзі санаған ата-бабаларымыз малдың етінен бастап сүйегіне дейін пайдаға асырды. Тезегін отын ғып жақты. Күбірін тыңайтқыш ретінде пайдаланды. Бұдан қоршаған ортаға  зиян келген жоқ. Сол себепті салық төлеу туралы сөз де қозғалған жоқ. Қазір заман өзгерген. Жаңа технология, жаңа көзқарас, тың әдіс, әйтеуір, ауыл шаруашылығы саласы қарышты дамып келе жатыр. Баяғыдай қи жағып, үй жылытып, тамақ пісіретін уақыт қалғалы қашан. «Көгілдір отын» маздап тұр.

    2.3.Тезек технологиясы

    Tезек қызуымен қазан қайнатып өскен елдің баласымыз.Бір тезектің қызуымен қазан қайнатып өскен елдің баласымыз. Және тіршілік етудің осы далалық формуласымен қазір де мақтануымыз керек. Өйткені, қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей күнкөріс көзін басқа ешбір ұлттың тарихынан таппайсыз. Күні бүгінге дейін қазақ даласында экологиялық мәселенің болмауы халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі ерекшелікпен қатар, табиғатпен де етене жақындығын әйгілейді (1-сурет). [1]

    Демек, қазіргі «жасыл экономика», «тұмса табиғат» жайы таңсық тақырып емес екен. Қоршаған ортаны қорғауды табиғаттың өзінен үйренген ұлтқа экологиялық мәселелер жат еді. Қазіргі күнгі туындап отырған проблемалар болса, ол бертінгі заманның «жетістіктері» болып саналады. Жалпы, әлемде экологиялық апат алдында тұрған елдердің тізімінен Қазақстанды таппаймыз. Демек, еліміздің қоршаған ортаны қорғау жағдайына қатысты ұстанымы айқын.

    Бұған дейін АҚШ, Еуропа елдерінің басынан өткен экология мәселесімен ендігі жерде бізге көршілес елдер де бетпе-бет келіп бастады. Мысалға, шығыстағы Қытайда бұл жағдай сын көтермейді. Елдің ішкі өлкесіндегі өндірісті қалаларда тыныстайтын таза ауа табу проблемасы туындап, тұрғындар арнайы тыныс алу аппараттарын тұтына бастаған. Демек, иек астындағы елдердің басындағы жағдайдың әсері түбінде Қазақстанды да айналып өтпесі анық. Әрине, біздің елдегі экология тақырыбын сөз еткенде, қара аспанды төндіруге болмайды. Басқа-басқа бірақ дәл Қытайдағыдай қауіп жоқ. Бұл бір жағынан алғанда, елдегі қоршаған ортаны ластайтын өндіріс ошақтарының аз болуына да байланысты. Екіншіден, Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануына өндірістік себептерден бұрын техногендік сипатты жатқызуға болады. Олардың қатарына әскери-қорғаныс мақсатында жүргізілетін сынақтар мен жоспарлы түрде жүзеге асырылған факторларды қоссақ жеткілікті. Бұл енді басқа әңгіме.

    2017 жазында Астана төрінде ЭКСПО-2017 көрмесі ұлт болмысын сипаттайтын тақырыпты қамтыды. Қазақстан ұсынған «Болашақтың энергиясы» атауының ауқымына адамзаттың игілігіне қызмет ететін заманауи жетістіктер толықтай сай келді. Ал адамзаттың игілігі үшін тер төгу дегеніміз-тұрмыс пен тіршілікке қолайлы жағдай туғызу. Адам тұтынатын энергия көздерінің қауіпсіз әрі арзан, тиімді әрі қоршаған ортаны ластамайтын түрлері жаппай қолданысқа енгізілуі жолға қойылса, әу бастағы қазақтардың табиғатпен біте қайнасып өмір сүру салтының жаңғыруы емей не?

    Тезек-кәдімгі малдың қиы. Өркениетті қоғам үшін аздаған менсінбеушілік туғызса да, осы мал қалдығының сирек кездесетін табиғи отын екенін бәрібір мойындаймыз. Біріншіден, сиыр тезегінің қызуы өте жоғары болады екен. Әрине, қазіргі қолданыстағы тас көмір, көгілдір отынмен салыстыруға келмес, бірақ тезектің шоғына қойылған шәугім мен электр шәйнектегі судың қайнауы шамалас деңгейде. Демек, табиғи өнімді тұтынып алатын энергия мен энергетика қуатын шығындап өндіретін жылудың күші тең түседі деген сөз. Мұның адамға пайдасы, алғашқысының арзан әрі зиянсыз екендігі ғана. Бірақ, қазіргі қоғам, әсіресе урбанизацияланған орта үшін тезек терудің уақыты өтті. Мал басын өсіріп, таза ет пен сүт өндіруісі кенжелеп отырған жағдайда тезек шаптау үшін сиыр ұста деу артық болар. Ендеше, әлі де толықтай газдандырылып үлгермеген Қазақстан үшін қыс бойына көмір мен мазут отынын тұтыну үрдісі жалғаса бермек. Осы көмір жағудың қымбатқа түсетіні өз алдына, экологиялық тұрғыдан зияны жоғары екенін ескере бермейміз. [1]

    Көмір қалдығының қоршаған ортаны ластауы мен отын қызуынан бөлінетін газдың зиянды әсерін еуропалықтардың өзі соңғы он жылда анық мойындап, қазір кейбір мемлекеттер отынның бұл түрін пайдалануға мүлдем тыйым салып отыр. Рас, кәрі құрлық төріндегі көгілдір отынның қолжетімділігімен анықталатын бұл жетістік қазақ ауылы үшін түске кірмейтін жағдай болуы да мүмкін. Дәлірегі, дәл қазір бізге электр энергиясы мен жанармай пештерінен бөлек үйді жылытуға баламалы отын көзі жоқ сияқты көрінеді. Жоқ, ізденіп көрсем біздің елімізде де биоотын өндірісі дамып келеді екен. Соның бір мысалы пеллет өндіретін шағын кәсіп орындар

    АҚШ үкіметі тегін отынды аяқ астынан тауыпты. Біз бұл сөзді тура мағынасында айтып отырмыз. Кәдімгі аяқ астында шашылып жататын мал қиынан қуат өндіретін әлемдегі алғашқы биореакторды салу үшін АҚШ үкіметі WESTERN PLAINS ENERGY компаниясына бес миллион доллор грант бөлген екен…

    Адамзат өз қайнарына орала бастағанының дәлелі осы ғой. Жуырда туған ауылым Арысқа жазғы демалысқа барып қайтқам. Жасы жетпіс екіге келсе де, арқасына қап салып, ақшаңқан түсте сиырдың жапасын теріп жүрген Жалғас апамды көріп америкостардың әлгі жаңалығы тағы да есіме түсіп, күлкім келіп кетті.

    Әсіресе, сырқырайтын аяғын билете басып, ауыл сыртын адақтап жүрген апамды көріп, жанымдағы қалалық құрбым аңтарылды да қалды. «Қазекемнің көгілдір отын, кесек көмір дейтін тұрмыстың жетістіктеріне қолы жетіңкіремей жүргені қандай жақсы болған бір есептен» деймін іштей.

    Арыста құбырмен келетін газ жоқ. Көршілес Өзбекстаннан баллонға сығымдай құйған отын мен Қарағанды, Екібастұздан келетін тас көмірді қашан да шекесі шылқымай жүретін ауыл қазағы қайдан сатып ала қойсын. Тезек жасау технологиясы бізде осындай кеппен сақталып отыр.[7]

    Апамыз қалалық қыздың қызығушылығын қанағаттандыру үшін тезек жасаудың технологиясымен таныстыруға шын кірісті. Өзі де әккі. Әуелі жүзімнің саясындағы тапшанға отырып, дәм сезгіш қасиетіміз арқылы теориясын ынтықтыра тыңдатты: ұсақ қиды үгітіп салып қайнатқан шоқ самаурыннан шәйді сыздықтатып құйып беріп отырды. Қи исі сіңген күрең шәй кеңсірігіңді жарып жіберердей. Оның үстіне күлге көміп пісірген жаппа нанды сары майға шылап жеп отырдық емес пе. -Еңбектенген жанның өзегі талмайды. Балаларын аяқтарынан тік тұрғызу үшін Көлбай атаң екеуміз жатпай-тұрмай жұмыс істедік,-деп әріден бастады әңгімесін. - Атаң ауылдағы бар жантақты өз қолымен орып алатын. Көп жыл бойы шопыр болды да, темір жолда да аянбай қызмет етті. Қазір ғой қарға адым жер мұң болып, қара кемпірге қарап қалғаны.

    Аяғын әзілге ұластырып жіберді. Шалының жағдайын Жалғас апа өзі жасап отыр. Енесінің талабына шыдай алмаған жас келіні мен қарашаңырақтың иесі еншілерін алып бөлек кеткен. Сегіз баланы тәрбиелеп өсірген «Алтын алқа» иегері зейнетақымен күн көреді. Таңертең үйдегі малдарын өріске айдап салғаннан кейін кірісетін күнделікті күйбеңінің бірі – отын дайындау. Бүгін үлкен ұлы Базарбай көмекке келді.

    Қазақ арасында таныс тезек дайындаудың үш түрлі әдісі біздің ауылда да тегіс қолданылады. Бірі - әлгіндей далада жатқан кепкен жапаны жинау. Кетіп бара жатып, бет жағы қаудырлап қалған жапаны төңкеріп кете бересің.

    Ал екінші түрі – қыстай үйілген көң мен биылғысына сабан қосып, аздап қойдың құмалағының үгітілген күбірін араластырып, қалыпқа салып соғатын тезек.

    Жаймашуақ жаз күндерінде ересектер сумен жібіткен көңді әбден иін қандырып араластыру үшін бала-шағаны қаптатып жібереді. Ауыл балалары таласып қалады ондайға. Себебі, башпайларын жуғаннан кейін ағарып шыға келеді. Әбден араласқан қойыртпақты қалыпқа құйып, қолмен шапаттайды. Жалғас апам бізге тырысқаны ма, тезегін құдды көрмеге қоятындай әдеміледі. Арасы дымқыл болып қалмас үшін ортасына саңылау жасады.

    «Кепкенше жаңбыр жауып кетпесе екен деп тілеп отырамыз. Кепкен соң, жеп-жеңіл болып шыға келеді. Сол кезде арбамен тасып, жабық қораға, жаппа астына үшбұрыш, пирамида, дөңгелек сықылды әдіспен жинаймыз»,- дейді ұлы Базарбай. Қидың мұндай жеңіл түрі тез жанғыш. Сондықтан оны қыста отқа тамызық қылуға пайдаланады. Үстінен керорсинді тамызып жіберсе болды, гүр ете түседі.

    Ал үшінші әдісті көбіне қорасына ақтылы қойы барлар жасайды. Қыстыгүні үйілген көңді қотанға жаймалап, атпен бастыртып алады немесе қой қамайды. Қысы-жазы малдың бауыры жылы жатады. Күздігүнгі қотан ауыстырып, әбден тапталып, кәдімгідей тектоникалық қабат түзген шымтезекті күрекпен ойып, аудара бересің. Мұндай тезек көмірдің орнына жүреді. Шоғы қызарып, ұзақ жатады.

    Арыс тұрғындары үшін тезек таптырмас өнім. Былтыр түнге қарай осы үйдің 200 тезегін кепкен жерінен ұрлап кетіпті. Ауылдың кержалқауларынан келген іс. Әйтпесе, бұл да бизнес. Тыңайтқыш ретінде тезек сатып аламын немесе сатамын дейтін жарнама қаптап тұр. Мұнда сары тезектің біркесегінің бағасы – 5 теңге болса, қара тезектікі – 8 теңге, ал ойма көң – 10-15 теңгеден сатылып жатыр.

    Ақтөбе өңірінің тұрғыны Павел Ледаков қолды былғамай-ақ тезек жасайтын агрегат ойлап тауыпты. Кәдімгі ет тартқышқа қарағанда үлкендеу. Мотордан қуат алады. Комбайнды қосып, көңді лақтырып үлгерсең болғаны. Шұжықтың ұзындығындай болып шыға келеді. Үш литр бензин құйсаң, түске дейін бітіресің.

    Осы күнгі ауылдықтар үйді жылытудың тағы бір керемет түрін ойлап тапты. Қойдың құмалағын, жапаны көмірдің ұнтағымен араластырса, шоғы ұзақ маздап жанады екен. Кесек көмірге қарағанда арзандау әрі исі де шықпайды. Тек кемшілігі – күлі көп.

    «Бұл тәсілді Әндіжанның өзбегі Садырохун Софиев ойлап тапты деп жүр жұрт. Қайдам, біз баяғыдан бері үйімізді осылайша жылытып келеміз»,- деп шындығын айтты Жалғас апа. Шамасы, электр қуаты күніне алты сағат болмайтын көрші өзбек еліндегі «өнертапқыштық та» осындай тұрмыс таршылығынан туса керек. [9]

    Былтыр көрші ауылда ошаққа көмір салып, түнде ұйқыға кеткен әйел мен екі баласы уланып, таңертең жатқан жерлерінен тұрмай қалған. Содан бері ауылдықтардың зәре-құты қалмай, тезекпен үй жылытуға көшіпті. Тезектің күлі де радиоактивті. Жас тезек шіріген кезде метан деген газ бөледі. Экологтардың айтуынша, мал жеген азығының 40% органикалық затын, 50-70% азотын, 80% фосфорын және 95% калийді қимен бөліп шығарады. Бірақ қидың исінен адам ешқашан уланбайды.

    «Әсіресе фермерлер биогаз құрылғысын орнатса, құрамындағы 60 пайызды құрайтын газды шығарып, тыңайтқыш ретінде қолдануға болады»,-дейді осындай құрылғыны ойлап тапқан қостанайлық Серік Қажиев. Ол өнертабысын жалпыластыруға инвестор таба алмай жүр.

    Ежелдегі жаугершілік заманда тезектің түтіні белгі беру үшін қолданылған көрінеді. Қышқылтым исімен «жиналыңдар» деген белгі беретін болған. Ата-бабаларымыз жаз жайлау, қыс қыстауда жүргенінде, танауын желге тосып, қи маздатқан иістен ауылдың қай маңда орналасқанын анықтаған.

    Тезекті Үндістан мен Қытай б.з.б. 3 мың жыл бұрын пайдаланып келеді. Мысалы, Қытайда тезекті кәдімгі тандырға ұқсатып, үйдің қабырғасына жапсыра береді екен. Этнограф және жиһангез М.Пессель Гималайда үй пештеріне тезек жаққанда, хош иісті шайырды еске түсіретінін еңбектерінде айта кетіпті. Ал Орталық Африкада сиыр жапаларын масаларды бездіру үшін жағады. [8]

    Лев Толстойдың «Байлық деген қи сияқты, үйілген сайын сасиды. Шашылса жер тыңайтады» деген сөзі қалай дөп айтылған. Мына қызыққа назар аударыңыз, қиға өлген жануардың денесін көмсе, тез шіриді екен. Яғни, шіріту процесін үдетеді. Үндістан, Қытай, АҚШ сияқты елдерде көп мөлшерде жиналатын қиды тезірек пайдалану жолға қойылған. Қытайда 1960-шы жылдары қаланы жылқы қиымен ластамау мақстанында шаһарға келгендердің аттарының сауырына дорба байлатқан екен. Малдың тезегіне салық салу былтырдан бастап біздің елде де пайда болды. Әзірше шаруа қожалықтарына жүретін салық ережесі бойынша мал тезегінің әр тоннасына 0,009 АЕК немесе 10 теңге көлемінде салық төлеу талап етіледі.

    Бар гәптің басы мыңжылдық мұздықтарды мүжіп жатқан жаһандық жылымықтың негізгі катализаторы – көліктен, зауыт-фабрикадан бөлінетін көмірқышқыл газ емес, зардабы одан жиырма есе күшті қой мен сиырдың желдетуі мен жапа тастауынан бөлінетін парниктік газ болып тұр ғой. БҰҰ-ның Азық-түлікпен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы жөніндегі ұйымы 2030 жылға қарай ірі қарадан келетін зиянды булы газ – метанның көлемі 60%-ға дейін артуы мүмкін деп қауіп қылады. Сондықтан да әлемнің биоинженер, агроном ғалымдарына не Зеңгі баба төлінің рационына өзгеріс енгізу керек, не ірі қара басын азайту жөніндегі ғаламдық шартты жүзеге асырамыз деп көлденең талап қойды. Екеуі де орындалуы неғайбіл іс қой. Ал американдықтардың мына бір маңызды қадамы 2017-жылға қарай баламалы қуат көздері бойынша әлемдік EXPO өткізгелі жатқан Қазақстанға да, басқасына да керек іс екен.
    «Көмір – байдың, тезек – кедейдің отыны». Бұрынғы кезде үйді тезекпен жылытқаны белгілі. Қазіргі таңда тезекке деген сұраныс қайта өсіп отыр. Софиев «Үйде тезек болу үшін мал асырау керек»,- дейді. 
    Иісі мүлде сезілмейтін тезек қойдың қиын көмірдің ұнтағымен араластыру арқылы алынады.Көмір ұнтағы өте арзан. Оның бірнеше килограмын алып, мал қораға төгіп тастауға болады. Ол қойдың құмалағымен араласып, жақсы жанатын отынға айналады. Иісі де сезілмейді.

    Мал қалдықтарын кептіру үшін жасалған бақылау күнделігі

    Даладағы ауа райының температурасы +280С-мен +350С аралығында болды.


    Р/с

    Қалдық атауы

    Жасалған күні

    Кепкен күні

    Неше күнде кепті

    Пешке жанғанда бөлген жылуы

    1

    Тезек:

    сиырдың қалдығы

    16.07.

    23.07.

    7 күн

    өте тез жанады

    2

    Тезек:

    сиырдың қалдығы көмірмен араласқан

    26.07.

    04.08.

    10 күн

    тез жанады

    3

    Қи:

    қойдың қалдығы

    06.08.

    19.08.

    14 күн

    жақсы жанады

    4

    Қи:

    қойдың қалдығы көмірмен араласқан

    19.08.

    себілді

    05.09. қи ойылды, 08.09. кепті

    18 күн

    жақсы жанады, ұзақ уақыт жылуын

    Мал қалдықтарын жағу арқылы жасалған бақылау күнделігі

    Р/с

    Қалдық атауы

    Жағылған отын мөлшері

    (кг)

    Судың мөлшері

    (л)

    Судың қайнау уақыты

    (мин)

    1


    таза қи


    7


    2


    13-14

    3

    18-19

    2

    қи мен көмір қоспасы

    7+3,5


    2


    8

    3

    12

    3


    тезек


    7


    2


    16-17

    3

    25-26

    4

    тезек пен көмір қоспасы

    7+3,5


    2


    10-11

    3

    15-16


    5

    Ағаш-2


    7


    2


    23-24

    3

    31-32

    6

    ағаш пен көмір қоспасы



    7+3,5


    2


    16

    3

    25

    Мал қалдықтарын жағу арқылы қи мен тезектің қуаттылығын анықтау

    2л және 3 л суды қайнату үшін қажетті жылу мөлшері:

    Q= cm(t2- t1) (Дж)

    Судың бастапқы температурасы 200С, қайнау температурасы 1000С

    Q1=4200*2*(100-20)=840000Дж=84*104Дж

    Q1=4200*3*(100-20)=1260000Дж=162*104Дж

    Массалары 7кг-на қи, тезек және ағашты жаққан кездегі 2л және 3л судың қайнау уақыттарын анықтап, содан кейін ол отындарды 3,5кг көмірмен араластырып жаққан кезде мөлшері 2л және 3л судың қайнау уақыттарын біле отырып, отынның қуаттылығын анықтадық.

    N=A/t (Вт)

    Р/с

    Қалдық атауы

    Жағылған отын мөлшері

    (кг)

    Судың мөлшері
    (л)

    Судың қайнау уақыты

    (мин)

    Қуаты

    (Вт)

    1

    таза қи


    7

    2

    14

    800

    3

    18

    933

    2

    қи мен көмір қоспасы

    7+3,5

    2

    8

    1400

    3

    12

    1400

    3

    тезек


    7

    2

    17

    659

    3

    26

    646

    4

    тезек пен көмір қоспасы

    7+3,5

    2

    10

    1120

    3

    15


    1120

    5

    ағаш-2


    7

    2

    24

    467

    3

    32

    525

    6

    ағаш пен көмір қоспасы



    7+3,5


    2


    16

    700

    3

    25

    672


    2.4. Баламалы биоотын-пеллет

    Пеллет дегеніміз не? Бұл-кәдімгі ағаш немесе құрамында ағаштекті жанғыш заттар қосылған қалдықтардан жасалатын өнім (2-сурет) Менің пеллет өндірісіне деген қызығушылығымды да осы қалдықтарды толықтай кәдеге жарату арттырды. Және бұл өндірістің еліміздің төрт тарапынан да табылатыны қуантты. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында таза ағаш қалдықтарын өңдеп, пеллет дайындау жолға қойылса, Алматы облысында майбұршақтың сабағы мен күріштің қауызын да биоотын үшін пайдаға жарату қолға алыныпты. Шығыс Қазақстанның орманды аудандарында осы өндіріске қызығушылық бар.

    Пеллет өндірісінің өнімдері бірнеше түрге бөлінеді. Ағаш, көмір, қағаз, майбұршақ, торф, өсімдік түйіршіктерінен жасалған, циллиндр тәрізді отын, брикеттер сияқты өнімдердің құрамы негізінен табиғи таза қалдықтардың сығымдалуынан тұрады. Яғни, жану кезінде ешқандай зиянды заттар бөлінбейді. Және тығыздалған ағаштың қызуы арта түседі дейді. Мысал үшін, кәдімгі тас көмірдің 1 килосынан алынатын жылу қуаты 4500-5300 килокалорияны құрайтын болса, дәл сондай салмақтағы пеллеттен алынатын қызу да 4800 килокалория шамасында. Бұл жердегі тұтынушының ұтатын тұсы, пеллет бағасының арзан болуымен зиянды қалдықтардың мүлдем болмауы. Тағы бір ұтымды жағы: пеллеттен шығатын күл массасы 1 пайызға жетпейтін болса, көмірден шығатын күл 8-15 пайызға дейін. [3]
    Пеллет және басқа отын түрлерінің жылуөткізгіштігі. Кесте №1

    Р\с

    Отын түрі

    Меншікті жану жылуы q (ккал\кг)

    1

    Пеллет

    4800

    2

    Ағаш отын

    2400

    3

    Ағаш көмір

    7500

    4

    Тас көмір

    6400

    5

    Мазут

    9800

    6

    Дизель

    10200

    7

    Табиғи газ

    8300


    Қорытынды
    Ғылыми зерттеу жұмысын таңдауда алға қойылған мақсатымыз сиыр, қой, жылқы малдарының қалдықтарын (тезегін) отын ретінде пайдаланса тиімділігі қандай болады және көмірдің ұсағымен араластыру арқылы отын ретінде пайдалансақ сыртқы ортаға бөліп шығаратын жылу мөлшерін есептеу арқылы отынның қуаттылығы қандай болады деген сұрақтарға жауап іздеу болатын. Отынның меншікті жану жылуларын салыстыру үшін ағаш отынын-2 ні және мал қалдығын көмірмен араластырып жағып, жылуын анықтадық.

    Шілде, тамыз айларында тезек пен қидың кептірдік. Оларды көмірмен араластырып, кебу күндерін бақыладық. Даладағы ауа райының температурасы +280С-мен +350С аралығында болды.

    Пешке сыйымдылығы 2л және 3л болатын шәугімді қойып, бірінші қиды жағып суды қайнаттым. Бір шелектей қи жағып (7кг), 2 л су 13-14минутта, 3 л су 18-19 минутта қайнағанын көрдім. Дәл осы тәжірибені тезекпен жасағанда, бір жарым екі шелектей тезек жағып (7кг) 2л су 16-17минутта, 3 л судың 25-26 минутта қайнағанына көз жеткіздім. Ағаш-2 отынын жаққанда (салмағы 7кг) 2л су 23-24 минутта, 3л су 31-32 минутта қайнады.

    Осы тәжірибені көмірмен араласқан қимен, тезекпен және ағашпен жасағанда, көлемі 2л және 3 л болатын шәугімдегі судың қайнау уақыттары: бірінші жағдайда, яғни қи-көмір жанғанда 2л 8 минутта, 3л 11-12 минутта, тезек-көмірде 2л су 10-11минутта, 3л су 15-16 минутта, ағаш-көмір қоспасы жанғанда 25-26 минутта, ағаш пен көмірді аралстырып жаққанда 2л су 16 минутта, 3л су 25 минутта қайнағанын көрдім.

    Мал қалдықтары жанған кезде бөліп шығаратын жылу мөлшерін, судың қайнау уақыттарын бақылап жаза отырып, қуаттылығын анықтадық. Таза қидың қуаты тезекке қарағанда жоғары болады. Егер қи мен тезекті көмірмен араластырып жағатын болсақ, онда оның қуаттылығы тіптен жоғары болатынына көз жеткіздік.

    Ағаш-2 отынын жасау үшін қажет шикізат Қазақстанның әр өңірінде бар. Солтүстік Қазақстан егістіктердегі қураған майбұршақ т.б дақылдардың қауызын пайдаланса, Шығыс Қазақстан ағаш өнімдерінің, тас көмір қалдықтарынан отын жасап, өз аймағын арзан әрі таза отынмен қамтамассыз етер еді. Әр жаңа өндіріс қаржыны талап етеді, сол себепті қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын дамытуға, жеке кәсіп бастауға үкімет тарапынан бөлініп жатқан қайтарымсыз микрокредиттер осындай өндіріс орындарын ашуға бөлінсе деген ұсыныс жасағым келеді. Бұндай өндірістер әр өңірде ашылса, онда бағасы да қолжетімді болар еді.

    Қорыта келе, қажетсіз заттарды қажеттілікке жаратып, жоқтан бар жасай отырып ауылымыздың экологиясын жақсартамыз. Малдың қалдықтарын да тиімді пайдалануға болады және ол тиімді энергия көзі.

    Пайдаланылған әдебиеттер:
    1.Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева « Физика және астрономия »

    7-9-сынып Алматы «Атамұра» 2007

    2.Большая Советская энциклопедия Том: 1,15,20

    3.Б.А.Воронцов- Вельяминов «Физика и энергия» Алматы «Рауан» 1992

    4.М.М. Дагаев, В.М.Чаругин «Астрофизика» Алматы «Рауан» 1994

    5.Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова «Физика және астрономия»

    6.Ертіс өңірі газеті 2009ж 1-сәуір

    7.Б.Елеусінов, Р.Мырзабаева «Физика және астрономия» 9-сынып Алматы «Атамұра» 2005

    8.Сұрақ және жауап энциклопедиясы Алматы кітап 2006

    9.Физика және астрономия журналы 2005 № 2, 2009 №3, 2012 №1

    10.Энциклопедия Каз ССР О,М, Қ,С, Т,Э

    11.https://kk.eferrit.com/биоотынның-артықшылықтары-мен/

    12.«Тезектің қызуын пеллет жылуы алмастыра аладыма?» Қалмаханбет Мұқаметқали, «Егемен Қазақстан» 5 қаңтар 2017 жыл.



    написать администратору сайта