Главная страница
Навигация по странице:

  • А)Ерте палеолит дәуірі

  • Б)Орта палеолит

  • Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің

  • Мезолит дәуірі

  • Неолит дәуірі

  • Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек)

  • 2.Өлеңті жазбаларының

  • Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Энеолит

  • Қола дәуірі.

  • ГОС.ЖАУАПТАР.01. азастан тарихы мемлекеттік емтихан


    Скачать 283.95 Kb.
    Названиеазастан тарихы мемлекеттік емтихан
    Дата24.05.2023
    Размер283.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГОС.ЖАУАПТАР.01.docx
    ТипДокументы
    #1157744
    страница1 из 23
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

    Қазақстан тарихы мемлекеттік емтихан





    1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.

    Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д.800-140мың

    жыл) кезеңіне жатады. 1958жыл-археолог Х.Алпысбаев Қаратау жотасынан

    (Оңтүстік Қазақстан) көптеген тұрақтар тапты.

    А)Ерте палеолит дәуірі.Бұл дәуір-600мың жылдан астам уақытқа созылды.

    Ерекшеліктері:алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай біліуі, аң аулау,

    терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын

    жасауы нәтижесінде бөлектенуі.

    Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі- жарып түсіру техникасы, яғни

    малтатас мәдениеті деп аталды. (шикізат ретінде өзен малтатастарын қолданған).

    Тасты жару үшін жұмыр тас қолданылды. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы

    мекенінен 1611тас құрал табылды. Алғашқы еңбек құралдарын ғалымдар чоппер

    және чоплинг деп атайды. Алғашқы тобыр ашель дәуіріне сәйкес келеді.

    Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:Оңтүстік

    Қазақстан: Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Ш.Уәлиханов,атындағы

    тұрақ, Аоыстанды, Қарасу;Орталық Қазақстан:Құдайкөл,

    Жаманайбат,Семізбұғы;Шығыс Қазақстан:Қозыбай;Бaтыс

    Қазақстан: Шабақтысай, Сарытас

    Б)Орта палеолит.Бұл дәуірде (б.з.д. 140-40мың ж.)ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батыста Сарысу өзенінің орта ағысынан шығыста Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтиды. Ерешеліктері:от алуды үйрену, алғашқы діни сенімнің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандертаоь адамның пайда болуы. Осы кезеңде тас өңдеу әдісі жетілдіріле түсті. Еңбек құралдарын жасау тәсілі нуклеустік. Дөңгелек өзектастың (нуклеус)шетінен ортасына қарай жару арқылы тас жарықщақтарын алу. Қыпғыш ең негізгі құрал. Мустьер дәуірінде қауымның бастапқы нысандары шыға бастады. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, біп қырымен жатқызып жерлеген. 1938ж. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандерьталдық баланың қаңқасы табылды. (антрополог Герасимов) Мустьер кезеңінің археологиялық ескерткіштері Оңтүстік Қазақстаннан, Батыс және Шығыс Қазақстаннан табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі – Обалысай тұрағы. Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері:Оңтүстік Қазақстан:Ш.Уәлиханов,атындағы, Тоқалы, Қызылрыспек, Үшбұлақ;Орталық Қазақстан:Оьалысай, Мұзбел, Өгізтау, Үлкен Ақмая;Батыс Қазақстан:Өніжек, Аққыр, Құмақаж;Шығыс Қазақстан:Бөдене, Қызылсу ;

    В)Кейінгі палеолит дәуірі. Бұл кезең уақыты: бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл – 12-10мың жылдар аралығы. Бұл – адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдік топтардың құрылған кезеңі. Ерекшеліктері: қазіргі адамға ұқсас- кроманьондықтардың қалыптасуы, жеңіл найза (дротик), ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білуі, өнер мен діни сенімнің дамуы, аналық рулық қауым белгілерінің орнауы. Кейінгі палеолитте еңбек құралдарын жасау әдістері одан әрі жетілдірілді. Бір нуклеустен бұрынғыдай 2-4 қалақ емес, 10-даған жұқа тіліктер алынды(пышақ тіліктер). Тас өңдеу әдістері де жетілдіріліп, тастарды түзету(ретушь) арқылы өңдейтін болды. Тас құралдарын жасау тәсілі - ретушьтік. Осы кезеңде еңбек құралдарының 20- ға тарта түрі болған. Болас – оқ есебінде қолдыналатын домалақ тастар. Ірі жыртқыш аңдарды аулағанда пайдаланылған. Кейінгі палеолит алңашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуысмен сипатталады. Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының алғашқы түрі – аналық рулық қауым қалыптаса бастады. Бұл – матрилиниялық (ана жағынан есептелген) және матрилокалды(ана жағымен тұйықталған) сипатта болды. Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамдар үңгірлер қабырғаларына жылқы, аң аулау сәттерін және би қимылдарын бейнеленген. Сүйектен адам мүсінін ойып жасай білген, әсіресе рудың пірі болып саналатын әйел – анна бейнесі кең тараған. Жануарлардың бас сүйектерін, ортан жіліктерін саз әуен құралдарын жасарда пайдаланған. Күрделі діни сенімдері-жерлеу кезінде әшекейлік заттарды көму, денеге қызыл бояу жағу. Қазақстанда осы кезеңге тән баспаналар табылған жоқ, қазақстандық ежелгі адамдар таулы аймақтардағы үңгірлерді, үңгіме қуыстарды және жартас қалқасын баспана еткен. Үшінші Қарабас тұрағынан 172 порфириттен жасалған заттар, Ертістегі Шүлбі тұрағынан 5000 тас құрал табылды. Негізгі шикізат – халцедон, яшма, шақпақ тас, тау хрусталі.Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан:Ащысай, Үсіктас;Орталық Қазақстан:Батпақ, Қарабас, Агренсор;Батыс Қазақстан:Аққыр, Шақпақта, Өніжек;Шығыс Қазақстан: Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай;

    Мезолит дәуірі.Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек(20 шақты тұрақтар).Ерекшеліктері: климат жылынып, мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң – құстар пайда болды, жебелі садақ, бумераг, балық аулау құралдары, қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болды. Аңщылық үшін неғұрлым жетілдірілген қару түрлері қажет бола бастағандықтан жебелі садақ пен бумеранг ойлап табылды. Садақтың доғал және домалақ ұштары терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Осымен қатар уланған немесе өртегіш жебелер де кең пайдаланылды. Шебер садақшы минутына 20 оқ атты. Садақ оғы 80-100 метр, күрделі садақ оғы 450м. жетті. Садақ пен жебенің пайда болуынан бастап шағын адам топтары мен жеке аңшылар аңшылықпен айналыса алатын болды.Тас өңдеу әдісі жетілдіріліп, пышақ тілгіштерге ағаштан сап орнату шықты. Балық аулау кең тарап, қайықты ойлап тапты. Мезолит дәуірінде адам көптеген жерлерді игерді: Еуропа мен Азия, Сібір, бірте – бірте Америка материгі.Қазақстанда бұл дәуірдің ескерткіштері негізінен солтүстік және орталық аймақтарда кездеседі. Алғашқы аңшылар солтүстікте Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзенінің бойына қоныс аударды.Мезолит кезеңінің археологиялық ескерткіштері:Солтүстік Қазақстан: Мичурин, Боголюбово, Явленка, Тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, Екібастұз;Орталық Қазақстан: Әкімбек, Қарағанды

    Неолит дәуірі. Бұл кезеңде экономиялық және қоғамдық өрлеу бастады:Жабайы жануарларды қолға үйрету;Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу;Шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру;Ғылымда бұл құбылыс «неолит төңкерісі» дап аталды. Ерекшеліктері:жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру.Неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.Бұл кезең – тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтыра тегістеуді меңгерді. Еңбек құралдарын дайындаудағы ірі жаңалық – тас сыналар(микролиттер) жасау. Тастың тұтқыр түрлерінен балта, келте, келі, келсап, ал граниттен дән үккіштер жасады.Кен өндірудің алғашқы белгілері пайда болып, мыс, алтын, қорғасын өндіру шықты. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан табылған құралдар яшма мен кварциттен жасалған. Ботай тұрағынан (Солтүстік Қазақстан) табылған жертөледегі жылқы сүйектері жабайы жануарларды қолға үйрету ісінің басталғандығын дәлелдейді. Сексеуіл тұрағынан (Арал өңірі) табылған жылқы, сиыр мен қой сүйектері де осыны растайды. Сүйек өңдеу жетілдіріліп, біз бен ине жасап, жүннен, өсімдік талшығынан мата тоқып, киім тігуді үйренді. Неолиттік ежелгі адамдардың жерлеу дәстүріндегі өзгерістер: Железинка ауылы(Солтүстік Қазақстан) маңынан табылған қабірде өрттелген мәйіттің күлі болған. Қайтыс болған адамды өзі өмір сүрген тұрағында жерлеген. Бұл дәуір – тайпалар мен тайпалық бірлестіктер құрылған кезең. Қазақстан жерінде 600 ден астам неолиттік және энеолиттік ескерткіштер бар. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай 4 түрге бөлінеді: Бұлақ бойындағы тұрақтар;Өзен жағасындағы тұрақтар;Көл жиегіндегі тұрақтар;Үңгірдегі тұрақтар.Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің – ашық үлгідегі тұрақтар.Атбасар мәдениетінің тұрақтары шоғырланған жер – Атбасар ауданы(Ақмола обл.). Таралған аумағы Есіл өзенінің аңғары-Қазақстан ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік-батысы. (б.з.б. VII мың ж. аяғы – VI мың ж. басы).Келтеминар мәдениетінің(б.з.б. IV мың ж. аяғы - II мың ж. басы, Қазақстан және Орта Азия территориясындағы мәдениет) батыс-қазақстандық варианты ерекше болып саналады. Бұл мәдениетке жататын қоныстар 1989-90 ж.ж. Атырау облысынан табылған Шатпақкөл, Құлсары-II-IV, Шаңдыауыл, Қайнар, Сарықамыс т.б. тұрақтары.Мақанжар мәденитінің көпшілігі Торғай ойпатының түбінде жатыр.Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:Арал маңы: Сексеуіл(Арал тұрақтар тобы), Ақеспе;Оңтүстік Қазақстан: Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ;Шығыс Қазақстан: Нарым, Қызылсу, Сатшықыз;Солтүстік Қазақстан: Қаратомар, Иман-Бүрлік, Дамсы, Ботай;Батыс Қазақстан: Тоқсанбай,Шатпақкөл, Құлсары;Орталық Қазақстан: Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай;

    Энеолит дәуірі.Еркешеліетері: тастан жасалған еңбек құралдарының ығыстырылуы, мыс еңбек құралдарының жасалуы, клаиматтың ылғалды болуы.Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы энеолит (мыстытас) дәуірінен басталады.Бұл кезеңде металл біз, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғыларпайда бола бастады. Тері өңдеуді тездетуге мүмкіндік беретін бүйірлі қырғыштар басым болды. Ыдыстар саз балшықтан жасалып, оған геометриялық қарапайым әшекейлер салынған. Ыдыс жұқа болса сыйымдылығы 6-7 литрге жеткен. Энеолит дәуірінде климат ылғалды болып, ірі сүт қоректілер көбейе бастады. Бұл аңшылықты күшейтті. Ботай қонысында 70 мың жылқының сүйегі табылды. Жерлеу ғұрпы мен символдық заттар тотемизмінің, ата-бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. Мәйітті қоныстағы ескі тұрғын жайға жерлеп, айналысына қабырғаларды жағалата жылқының бас сүйектерін қойған. Ботай мәдениеті Ақмола облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталғанг. Бұл мәдениет Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттайды. (б.з.б. III-II мың ж. аралығы). Ботай мәдениетін археолог В.В.Зайберт ашты. Палеолит (тас) дәуірінің ескерткіштерін зерттей келіп, Қазақстан жері-адамзат қоғамы қалыптасқан аймақтардың бірі деген ғылыми тұжырым жасалынып отыр.


    1. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек)

    Өнердің көне ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе, Жетісу, Баянауыл, Қарқаралы, Маңғыстау, Қаратау, Шыңғыстау, Іле Алатауы, Тарбағатай, Алтай тауларында жартас гравюралар жиі кездеседі.

    Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мұрасы – көне заман жайында дерек беретін жәдігер.

    Қола дәуірінде, ертедегі көшпенділер заманында ежелгі тайпалардың мифологиялық сюжеттері мен аңыз әңгімелерінің негізінде жасалған көп пішінді композициялар пайда болған.

    Орта ғасырлардағы жартасқа сурет салу өнері бұрынғы қалыптасқан дәстүрде дамыды. Бұл заман суреттерін көне петроглифтердің үстіне салу мұнда жиі кездеседі. Кейбір орта ғасырлық петроглифтердің жанында жазулар да бар. Кейінірек қазақтар өмірінің этнографиялық сюжеттерін бейнелейтін петроглифтер пайда болды.

    Жер асты суларының мол қоры мен ұлан-ғайыр жайылымды жердің болуы аумақтық және экономикалық жағынан Ұлытау көшпелі малшыларға ұзақ уақыт тұрақты қоныс болған.

    Жартастағы суреттерден ертедегі темірқорытушылардың, көшпелі керуеншілердің, малшылардың өмірінен деректер беретін сызбаларды көруге болады. Түйелі керуендер мен салт аттылар топтары бейнеленген петроглифтердің сюжеттері қазақтардың Желмая жайлы көне аңызымен үндеседі. Қола дәуірінің петроглифтері діни нанымдарды, аңшылық сахналарын, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық сюжеттерді бейнеледі.

    Суретшілер нүктелі әдіспен қашап, бояу, сызу арқылы көшпелі тұрмысты, шабандоздарды, жабайы аңдардың бейнелерін – құлан, барыс, бұқа-тұр, қасқыр, жабайы жылқы тағы басқаларды анықтап көрсеткен. Жануарлар жанды қимыл үстінде көрсетілген. Ертедегі шеберлер қос өркешті түйенің тәкаппар келбетін, тұлпарлардың сымдай сымбатын, бұғы мен киіктің әсемдігін, барыстың серіппеше атылуға әзір тұлғасын көрсете алған.

    Көптеген аңыздар Теректі-Әулиемен байланысты, Жезқазған қаласынан шығысқа қарай 80 шақырым жерде, Теректі теміржол станциясынан 20 шақырым жерде гранитті қарымның ұшар басында орналасқан.

    Суреттер – ежелгі адамдардың көшпелі өмірінің көрінісі. Аң аулауға, жабайы аңдарға арналған, ертедегі адамның санасында Көк Тәңірге, Күн рына табыну басым болған.

    Петроглифтерде мифологиялық сюжеттер, діни-нанымдар, әдет-ғұрып сахналары – «Көкке табыну», «Құрбандық шалу салты», «Көк Тәңірге жол тарту» көріністері бейнеленген. Сондықтан да, қажылыққа барып тәу етушілер мен мистиканы әр түрлі жақтаушылар мұнда жиі келеді.

    Жартас гравюраларының үлкен тобы – Байқоңыр ауылынан 20 шақырым жерде Бұланты өзенінің жартастағы жағалауында орналасқан. Көптеген жануарлар суреттерінен, аңшылық сахнасынан тұратын ондаған метр жерге созылған петроглифтердің ішінде түйелі керуен де бейнеленген. Петроглифтердің көп бөлігі қазіргі уақытта адамның аяғы жете алмайтын, шығуға келмейтін биік тік тастарға салынған. Ертедегі суретшілер аттардың керемет сымбаты мен мінезін бере алған. Сарыарқаның кеңістігіндегі петроглифтердегі ат суреттері ширақ қимылға толы.
    2.Өлеңті жазбаларының, суреттерінің өзіндік стилистикалық, көркемдік ерекшеліктері бар. Сондықтан, ескерткіштер толығымен кешенді зерттеу қажет.

    Қайрат Батталовтың айтуынша, өйткені, бұл жер - неолит пен энеолит дәуірінің мекені, қола дәуірінің жерлеу орны мен ежелгі темір дәуірінің,көшпенділердің қорғаны болған.

    Ата-бабамыз ежелден бері тас бетіне суреттер қашалған жерлерді исламға дейінгі тәңіршілдік дәстүрлеріне сай қасиетті, киелі, тәуіп ету орындары деп білген. Хронология жағынан оларды 3 негізгі кезеңге бөлуге болады: энеолит, қола және ерте темір дәуірлері. Бейнелер қынамен жазылған.
    Алғашқы хронологиялық кезеңге басы төмен қараған ірі тұмсық тәрізді мүйізі алға қарай шығыңқы бұқа көрінеді. Бұлар Шығыс Қазақстан мен Моңғолия петроглифтерімен сәйкес.


    1. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.

    Энеолит(лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Энеолит дәуіріне Орталық Азиядағы Анау мен Намазғы-Төбе мәдениеті, Украинадағы Триполь мәдениеті, Оңт. Кавказдағы Шенгавий мәдениеті, Қазақстанда Жезқазған көне құдықтары жатады. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды. Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды. Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3—2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б. Бұл тұрақтардан ірі шақпақтас құралдар, оның ішінде тері өңдеуге көп пайдаланылған бүйірлі қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғылар табылды. Қыш ыдыстары саз балшыктан қолдан жасалған.
    Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болды. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.

    1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.

    2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді».

    3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті. Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған.

    1.   1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


    написать администратору сайта