Главная страница

жоба. Бобина Эллина 6А жоба. Шыыс азастан облысы білім басармасы Алтай ауданы бойынша білім бліміні Алтай аласы Алтай аласы 8 орта мектебі


Скачать 147.27 Kb.
НазваниеШыыс азастан облысы білім басармасы Алтай ауданы бойынша білім бліміні Алтай аласы Алтай аласы 8 орта мектебі
Дата17.11.2021
Размер147.27 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБобина Эллина 6А жоба.docx
ТипДокументы
#274077

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласы

«Алтай қаласы № 8 орта мектебі» КММ

Жобаның тақырыбы: «Қожа образына жеткіншек сарбаздардың көзқарасы»
 

Жобаның авторы:

Бобина Эллина 6 «А» сынып кадеті

Жобаның жетекшісі:

Ауталипова К.С.

«Алтай қаласының №8 орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі

Алтай қаласы

2021-2022 оқу жылы

Филология ғылымдарының магистрі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кабылбаева Гаухар Сеитжановнаның

«Қожа образына жеткіншек сарбаздардың көзқарасы» атты ғылыми жұмыспен айналысқан Бобина Эллинаның жұмысына жазған пікірі.

Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында халқымыздың ақын-жазушыларының өмірі және шығармашылығымен танысу тіл үйренуде үлкен маңызын атқарады. Сондай-ақ, әдебиетімізде балалар жазушыларының аса көп емес екендігі де айқын. Олар саусақпен санарлық. Соның ішінде балалар Ыбырай алтынсарин мен Бердібек Соқпақпаевты өте жақсы біледі. Ыбырай атамыз өзінің қысқа да нұсқа әңгімелерінде тәрбие мен білімді ұштастыра білсе, Бердібек Соқпақпаев өз заманының балаларының толық психологиялық және диагностикалық картасын жасап берген іспетті. Осы жұмыста қазіргінің Қожасн бұрынғының Қожасында бірқатар айырмашылықтар мен ұқсастықтар бар екендігі дәлелденген. Әрине, заман өзгерген соң адам да өзгереді. Ол ақиқат. Осы жұмыста оқушы Қожа образын жан-жақты талдаған. Жұмыстағы кейіпкерге деген оқушылардың көзқарасы сыни пікір қалыптастырған. Жұмыс өте сапалы және жоғары дәрежежде орындалған.

Филология ғылымдарының магистрі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кабылбаева Г.С.

Алтай қаласының №8 орта мектебі» КММ

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Ауталипова К.С. «Қожа образына жеткіншек сарбаздардың көзқарас»

атты ғылыми жұмыспен айналысқан

Бобина Эллинаның жоба жұмысына жазған пікірі

Егеменді ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуы, тіліміздің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудегі талап бәріміздің ең басты мақсатымыз болуы тиіс.

Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі: Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп, жан-жақты қарастыру.

Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда.

Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - өзге тілді аудиторияны қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық отандастардың  отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп  - өнген  аймаққа   деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі. 

ХХІ ғасырда өзің құрметтейтін мемлекет ана тілін сақтап қана қоймай, болашақ ұрпаққа жеткізуі тиіс. Сондықтан да оқушылар сабақ барысында, және сабақтан тыс тың мәселемен айналысқан. Ұлтымыздың ұлылырын дәріптеп қана қоймай, зерттей де білген.

Эллинаның осы жоба жұмысы көпшілік оқушыларды қазақ тілін жан-жақты үйреніп қана қоймай, Бердібек Соқпақпаевтың шығармаларын кітапханадан алып оқитынына шақыратынына сенімдімін.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ауталипова К.С.


Аңдатпа
Бұл жобада сүйікті балалар жазушысы Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым - Қожа» повесіндегі бас кейіпкер Қожаның және тағы да жасөспірім оқушылардың бүгінгі таңдағы білім алушы сарбаздарға жағымды жақтарынан әсер етуі, сабақ болуы, тіпті кей тұстарда үлгі көрсетуі. Балалар жазушысының жас ұрпаққа берер өнегесі мен тәрбиесін дәріптеу, бағалау, мақтаныш ету.


Аннотация

В этом проекте кадет пропагандирует творчество известного детского писателя Бердибека Сокпакпаева. Поэт оставлял поколению очень ценные рассказы и повести где писал о школьной жизни подростков. В основном образы главных героев, в том числе и Кожабергена хорошо влияет на жизнь современных подростков. И они с большим интересом читают произведения детского писателя.

Annotation

In this project, the favorite children's writer Berdybek Sokpakpayev's story "My Name Is Kozha", in which the main character of Kozha and again teenage students influence the soldiers of today's students from the positive side, have lessons, and even sometimes set an example. To glorify, appreciate, and be proud of the moral and upbringing of a children's writer to the younger generation.

Мазмұны


  1. Кіріспе:......................................................................................

  2. Негізгі бөлім:............................................................................

  • Ғылыми жобаның кезеңдері..........................................................

  • Ғылыми жобаның мақсаты...........................................................

  • Міндеті............................................................................................

  • Өзектілігі........................................................................................




  1. Практикалық бөлiм:




  • Оқушылардың шығармамен танысуы, жұмыс жүргізуі;




  • Шығарманы негізге ала отырып Қожаның образын ашу;




  • Кітапша шығару;




  • Зерттеу нәтижелерін шығару




  1. Қорытынды........................................................................................




  1. Ұсыныс................................................................................................




  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................



  1. Кіріспе

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.

Албан тайпасы Құрман руының Беснайза тармағынан шыққан.

Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949).

Нарынқол ауданында мұғалім болды.

"Жұлдыз" журналында жұмыс істеген.

"Балдырған" журналында қызмет атқарады.

Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70)."Менің атым Қожа" — 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – Бердібек Соқпақбаев.

Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.

1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.

"Менің атым Қожа повесі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.

Шығарма кейіпкерлері:

Қожа — Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.

Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.

Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.

Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.

Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.

Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.

Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.

Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.

Сәйбек қарт — Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.

Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.

Жақанов — Қожаның сыныптасы.

А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".

Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.


  1. Негізгі бөлім

Ғылыми зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңбастау кезеңі.

Алдымен сүйікті жазушымыздың өмірбаяны мен шығармашылығынан мәліметтерді тауып, оқып білдік. Жазушының өмір жолымен, жасаған қызметтерімен таныстық. Фильмнің түсірілуі жайлы да мәліметтер алдық. «Менің атым - Қожа» повесінің әлемнің көптеген тілдеріне аударылғанына өте қуандық. Бердібек Соқпақпаевтың тек жазушы емес, балалық шағында өлең жазғаны да мен үшін қызықты болды.

Екінші кезеңзерттеу, тәжірибе жұмыстарының өткізілу кезеңі.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында «Сүйікті жазушы», «Қожа – әдепті бала», «Қожа мектепте», «Жанар – ақылды қыз» тақырыптарымен таныс болғандықтан ғылыми жетекшіміз екеуіміз сыныптағы оқушылармен сауалнама жұмысын жүргіздік.

Сауалнама сұрақтары

  1. Бердібек Соқпақпаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

  2. Балалар әдебиетінің бәйтерегі қандай журналдарда қызмет еткен?

  3. «Менің атым - Қожа» повесі қандай тілдерге аударылды?

  4. Фильмнің режиссері кім?

  5. «Менің атым - Қожа» повесі алғаш қандай атпен жарияланды?


Үшінші кезең — «Менің атым - Қожа» повесіндегі негізгі кейіпкерлердің мінездемесін дайындадым. Қожаның образын толықтай суреттедім. Фильмді тамашаладым.

Ізденіс жұмысы:


  • Таңдалған тақырып бойынша ой жинақтау

  • Автордың өмірі мен шығармашылығымен танысу

  • Кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттері бойынша жұмыс жасау

  • Зерттеу жүргізу, салыстырмалы динамика жасау, ой қорыту.



Ғылыми жобаның мақсаты:
Бердібек Соқпақпаев атамыздың бізге қалдырған керемет шығармасының мазмұны мен идеясын меңгеру, шығармадағы кейіпкерлердің жақсы қылықтарын үйреніп, жаман әдеттерінен жирену, кейіпкерлердің мінездемесі мен толық образын ашу, ұлттық салт-санамыз бен халықтық педагогикамыздың жеткіншектерге беретін өнегесінен хабардар ету.
Зерттеудің ғылыми болжамы:

Белгілі балалар жазушысының «Менің атым - Қожа» повесінен өзге де жасөспірімдерді білімге, оқуға, өнерге, спортқа, үлкенге құрмет көрсетуге шақыратын шығармалары жетерлік. Ал «Менің атым - Қожа» фильмін тек қана балалар емес, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін сүйіп көреді. Осы фильм Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды.

Ғылыми жобаның міндеттері:


  1. Автор жайлы мәлімет білу

  2. Шығарманың идеясын табу, салыстырмалар жүргізу;

  3. Тақырыпты іс-тәжірибелердің деректемелерімен дәлелдеу;

  4. Ғылыми жобада жүргізілген үздік іс-тәжірибелердің жиынтық кітапшасын шығару.


Ғылыми жобаның өзектілігі:
Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі: уақыт талабына сай оқушылардың сабақтарда және қоғамдық орындарда коммуникативтік қарым-қатынасқа түсіп, сөйлесе алуы. Қазіргі заманның заманауи «Қожаларының» образын аша білу.

Әрбір оқушы балалар жазушысы Бердібек Соқпақпаев пен оның тым болмағанда «Менің атым - Қожа» шығармасын, Қожа, Сұлтан, Жанар сияқты кейіпкерлерін білуі тиіс.

Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - өзге тілді аудиторияны қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанына деген махаббатын сезініп, оның алдындағы борышын ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Қазақша фильм мен шығармаларды оқу да тіл үйренуге септігін тигізеді.



  1. Практикалық бөлім:




  • Қожаның портретін сипаттау: (08.09.2020) – (10.09.2020)

Оқушылардың арасында 7 сөйлемнен тұратын «Қожа портреті» тақырыбына шағын мәтін жазу ұсынылды. Берілген тапсырма арқылы оқушылардың сыни ойлауы мен функционалдық сауаттылығы тексерілді.

Еркін формада мәтін жазудың мақсаты:

  • Оқушылардың сауатты жазуы арқылы өз ойын еркін жеткізе білуін тексеру.

Міндеті:

  • Оқушылардың сөздік қорын тексеру;

  • Сауатты жазуға баулу;

  • Сөйлем құрылымына мән беруге баулу.

  • Сын есімдерді пайдалану


08.09.2020



Қожаның сырт бейнесі

Орта бойлы, шашы қара, қайратты, екі танауына екі саусағы еркін сыйып кетерліктей, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейген. Екі шекесі шығыңқы, басы қарбыз тәрізді доп-домалақ. Сол жақ құлағының түбінде бір түйір қалы бар.
Нәтиже шығару:
Портретті барлығы 12 оқушы жазды. Осы оқушылардың ішінде өз ойларын еркін жаза алатын оқушы кездеспесе де, сөздердің мән-мағынасын түсінетін оқушылар болды. Оқушыларды сөздердің мағынасын білуіне, сөз таптарын айыра білуіне, жалғау түрлерін пайдалана білуін зерттеуді 2-5 баллдық жүйе арқылы бағалауды жөн көрдік. Көпшілік білім алушылар сабақта оқыған үзіндіден алған мәліметтерге сүйенді. Қожаның портретін жасады.
Қожаның образын суреттеу

Оқушылар Қожаның образын жан-жақты талдап мынадай қорытынды шығарды. Қожаберген – өз заманының патриоты, себебі елін, жерін сүйді. Жақсы адамдарға еліктеді, анасы мен әжесін сыйлады. Иә, тентектігі де жоқ емес. Ақкөңіл мінезінен оған көп адамдар үйірсек болды. Сотқар Сұлтанға еремін деп басы бәлеге де қалды. Қателіктерін мойындай біледі және оларды түзетуге мүмкіндік тудыра білді. Ұлттық менталиттеттен аттап та кетпеді.

Қожа мейірімді, ақылды, тентек оқушы. Ол Жанарды қатты құрметтейді және жақсы көреді. Қожа үлгілі және тәртіпті оқушы болуға тырысады. Үнемі шытырман оқиғаларға тап болуы оның өте ізденімпаз екендігінен деп ойлаймыз.

13.10.2020




  • Жасөспірім сарбаздың кейіпкерге деген көзқарасын сипаттау: (17.11.2020)


Оқушылардың арасында еркін тақырыпта кейіпкерге деген көзқарастарын сипаттау ұсынылды. Берілген тапсырма арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттері мен жазу дағдыларын дамытуға арналған.

Еркін тақырыпта мәтін жазудың мақсаты:

  • Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеті:

  • Оқушылардың сөздік қорын тексеру;

  • Сауатты жазуға және ауызекі сөйлеуге баулу;

  • Сөйлем құрылымына мән беруге баулу;

  • Қазақ тіліне тән сөйлем құрудағы басты ережелерді ескерту.


Берілген тапсырмадан нәтиже шығару:
Көзқарастарын барлығы 12 оқушы жазды. Осы оқушылардың ішінде өз ойларын еркін жазуға тырысатын бірнеше оқушы болды (Афанасьева Александра, Бондаренко Нелли, Шакиртов Ерасыл, Минаев Ярослав, Симакова Эвелина) қалған оқушылар сөздердің мән-мағынасын тура мағынада қолданды.

Тақырып бойынша сипаттау мәтінін жазуды тексеруді тақырыпты ашуға тырысуды, төл және төлеу сөздердің ережесін сақтауды, тыныс белгілерін сақтап жазуын 1-4 балл арасында бағалауды жөн көрдік. Диаграммадан өздеріңіз көріп отырсыздар.


Қожаберген

Дәлел

Біз

Қорытынды

Нағыз жігіт

Қателіктерінен жалтармайды, мойындай біледі

(Сұлтанмен достық)

Қателігімізді мойындап, жазаланугға әрқашан дайынбыз

Ер қосы жүре түзеледі

Кейде өтірік айтуға мәжбүр болды

Майқанова апайға дүкенде өтірік айтты

Кейде әр адам өтірік айтады

Ебін тапқан ер өлмес

Еліктегіш

Сұлтанға еліктеді

Жасөспірімдер еліктегіш келеді

Батыс мәдениетіне еліктегіш келеміз

Көңілді

Күлкісі әдемі, оптимист

Үнемі алға ұмтыламыз

Күлкі – өмірдің ажары

Сыпайы

Қарт Сәйбек атаны, үлкендерді сыйлады.

Ата-аналарымызды, қарттарды сыйлаймыз

Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Тік мінезді

Ойлағанын тура айтады

Сыни пікірі қалыптасқан

Тәтті өтіріктен ащы щындық артық

Жан дүниесі таза

Ешкімге жамандық тілемейді

Ар тазалығын алға қойған сарбаздармыз

Мейірімділік- жүректен

Мейірімсіздік- білектен

Қорытынды:
«Менің атым-Қожа» повесі - Бердібек Соқпақбаевтың артына өшпес із қалдырған шығарма. Ол-балалар әдебиетінің үлкен бір белесі. Яғни бұл шығармада" қара көженің" іс-әрекеті,мінез-құлқының қалыптасуы, арман-телегі, басқалармен қарым-қатынасы суреттеледі. Қожаның балалық қылықтары оқырмандарға күлкі сыйлайды. Қара көже қандай сотқар болса да соңында адам болып қалыптасқаны қуантады. Бұл туындыны әр адам бала кезінде оқып, білуі парыз деп есептеймін. Себебі ,қайта оралмайтын шақты қызықты етіп өткізу әр адамның маңдайына жазылмаған. Қожаның балалық шағы - тәтті дәуреннің төресі.
«Менің атым Қожа» повесінде жазушы балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білді. Балдәурен әсерінің қоймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдарды тебіріне толғайды. Қожа бейнесі қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Повесте зерек, алғыр, ақкөніл, қоршаған ортасын бақылап жүретін бала туралы жазылған.
Қожа мен қазіргі балалардың айырмашылығы, ерекшелігі қандай??
Қожа- өте ақылды, қу, алдына қойған мақсатына оң көзімен карайтын, ізденімпаз бала болып өседі. 21- ғасырдағы балалар да өзгеше, ер мінезді, алдын ала ойлайтын, жауапкершілігі мол балалар. Өзіне алған істі соңына дейін жеткізетін, тік мінезді жасөспірімдер. Бұрынғы жасөспірім мен қазіргі жасөспірімның айырмашылықтары бар. Бірақ, заман талабы да сол болар. Қазіргі кезде заман дамыған, жасөспірімдердің ойлауы, іс-әрекеті өзгеше болып келеді.
Бұл повесть өте қызық, әрі күлкілі оқиға. Заман талабы өзгерсе де, әдебиеттегі озық бір шығарма болып қала берген. Бұл - оқырмандардың жүрегіне ерекше оңайлықпен жол таба алған балалар әдебиетінің кемел де дара туындысы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

https://bilim-all.kz/article/7607-Balalyq-shaqqa-sayahat

  1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

  2. Бердібек Соқпақпаев «Менің атым - Қожа»

  3. «Мақал-мәтелдер» кітабы




написать администратору сайта