Главная страница
Навигация по странице:

  • 846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы.

  • Осыдан соң Ұлы жүз (1846 жылдың жаз мезгілінде) Ресейдің қол астына қабылданды

  • Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу.

  • Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 ж.) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы.

  • ГОС.ЖАУАПТАР.01. азастан тарихы мемлекеттік емтихан


    Скачать 283.95 Kb.
    Названиеазастан тарихы мемлекеттік емтихан
    Дата24.05.2023
    Размер283.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГОС.ЖАУАПТАР.01.docx
    ТипДокументы
    #1157744
    страница10 из 23
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

    1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері.

    XVIII ғасырдың ортасында қазақтарға Жоңғария қауіп төндірді. Бұл жағдайды Қытай бақылап, Жоңғарияға да, Қазақ хандығына да көз салды. Ресей қазақтарға қатысты отаршылдық саясатын жалғастырды. Ал оңтүстікте кейбір қалалар Қоқан хандығының ықпалында болды. Міне, Абылай хан осындай ауыр алапат заманда дүниеге келді.
    Егер сол кездегі заң бойынша Абылай Шыңғыс тұқымынан шықпаған, яғни Шыңғысханның ұлы Жошының ұрпағы болмаса, билеуші ​​болмас еді. Оның атасы – Қанішер Абылай ержүрек және қаһарман жауынгердің даңқына ие болды. Әкесі Уәли сұлтан даңқты отбасының әскери ерлігін мұра етті. 1711 жылы сұлтанның түрікмен құлынан Әбілмансұр есімді мұрагер дүниеге келді. Бірақ 12 жасында ол жетім қалады.
    20 жасында жас жігіт өзін шебер ұрысшы ретінде көрсетті. Аңырақай шайқасының алдында ол дәстүрлі түрде қуатты жоңғар батыры Шарышпен жекпе-жекке шығып, оны жеңді. Осы оқиғадан бастап атасының есімі Абылайға қайта оралып, асыл отбасының мұрагері ретінде танылды. Көп ұзамай Атығай елінде ол сұлтан болып сайланды.

    Абылай ханның беделі күн өткен сайын арта түсті. Ол кезде Орта және Ұлы жүздің ханы Әбілмәмбет болса да, көптеген мәселені Абылай ханның өзі шешкен. Бұл жағдайдың өзі оның билігінің қаншалықты екенін көрсетеді. 1741 жылы Абылай хан жоңғар қолына тұтқынға түседі. Оны босату үшін қазақтар барлық жүзден өз күштерін жинайды. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, ұлы жүзден Төле би мен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Абылай ханды босатуға тырысты. 1743 жылдың соңында Абылай хан босатылады. Осы уақыт ішінде ол Жоңғария билеушісі Қалдан Серенмен ортақ тіл тауып, тіпті онымен дос бола бастайды. Осылайша қазақтар мен жоңғарлар арасындағы соғыс аяқталатын сияқты көрінуі мүмкін, бірақ 1745 жылы Қалдан Серен күтпеген жерден қайтыс болады.
    Жоңғарияның ішінде азаматтық соғыс басталады. Жоңғарияның билігіне Лама Доржы келеді, ал оның қарсыластары Даваци мен Әмірсана, Лама Доржыны тақтан құлату үшін Абылай ханнан көмек сұрайды. Абылай хан Давациді қолдап, Лама Доржының орнына Давацидің таққа отыруына көмектеседі. Бірақ Даваци таққа отыра алмады және оның орнына Әмірсана келді.
    Осылайша, жоңғарлардың ішкі қақтығыстарына араласып, біресе біреуін, біресе екіншісін қолдап, ол өзінің мәңгілік жауларын жеткілікті түрде басып тастайды.
    Бірақ Жоңғарияның артында Қытай тұрды. Қытайдың да көздегені Жоңғарияны жаулап алу еді. Жоңғардың жаңа билеушісі Әмірсана қытайларға қарсы тұру үшін қазақтардан көмек сұрайды. Абылай Хан, егер Қытай Жоңғарияны жойса, онда келесі мақсат Қазақ хандығы болатынын түсінгендіктен, Жоңғарияға көмектесуге келіседі. Бірақ Қытай қайткенмен де өз мақсатына жетіп, әлемдік картадан Жоңғарияны жойып тастайды. Нәтижесінде қазақтар, қытайлар және қырғыздар көз тіккен үлкен территория бос қалады.
    1756 жылдың көктемі
    Қытай үлкен әскерімен қазақ жеріне екі аймақтан басып кіреді. Қытай әскері қазақ армиясынан көп болды. Сондықтан қазақтар қытайларға қарсы партизандық соғыс жүргізіп, қарсыластарына күтпеген соққы жасайды.
    Абылай ханның жоспары мынадай еді. Ұрыс қимылдары әлсін әрі жиі емес және қыс соңына дейін шыдау. Сонда Қытай әскері әлсіреп, оларда азық таусылып, кері қайтуға мәжбүр болады. Барлығы Абылай ойластырғандай орын алды. Бұл шайқастағы жеңіс болды, әдеттегідей соғыс емес.
    Абылай хан егер бәрі осылай жалғаса берсе, оларды Жоңғарияның тағдыры күтіп тұрғанын түсінеді. Сондықтан ол Қытаймен келіссөздер жүргізе бастады. Өзінің жеңілгенін мойындайды, Әмірсананы айыптап, жоңғарды қолдағаны үшін кешірім сұрайды. Сондай-ақ, егер жоңғарлар кенеттен қайта құрылса, ол қытайлардың жағында болуға уәде береді.
    Қытай Абылай ханға сеніп, Қазақстанның шығысын қазақтарға қалдырады. Осымен Қытай мен қазақтар арасында бейбітшілік орнауы керек еді.
    Бірақ, Қытай 1762-65 жылдары қазақ жеріне жорықтар жасады. Келісім-шартқа қарамастан, «біз бұл жерлерді жаулап алдық, сондықтан олар біздікі» дегендей қарсы шығуын тоқтатпады. Ал қазақтар бұған қарамастан Қазақстанның шығысында көшіп-қонуды жалғастырды және Қытай да жорықтарын тоқтатпады. Бұл жағдай мәңгілікке жалғаса алмады және 1767 жылы қазақтар мен қытайлар бітімге келеді. Шарт бойынша қазақтар көшіп-қонуды жалғастырды, бірақ енді олар жер үшін салық төледі.
    Осылайша, қандай жағдай орын алса да тарихи жерлер қазақтарда қалды. Абылай хан алдымен соғыстағы айласымен, содан кейін дипломатиялық жолмен қытайлардан қазақтың киелі жерін қорғап қалды.


    1. 1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы.

    Жоңғарларға қарсы жанқиярлық күрес қазақ билеушілеріне – сұлтандар мен билерге үлкен сын болды. Осындай күрделі кезеңде олардың біразы халықтың көкейінен шыға алмай, сүрінді. Қалмаққа қарсы қол бастаған, қазақ даласының әртүрлі аймақтарын қорғауда ерлікпен елге танылған Кіші жүз ханы Әбілқайырды сұлтандар мен билердің үлкен тобының жалпықазақ тағына отырғызуды қолдамағаны тарихтан белгілі. Өзін менсінбейтін және өзімен тайталасқан Тәуке ханнан тараған төре тұқымдарын тұқырту үшін Әбілқайыр орыстың көмегімен бөлшектенген Қазақ хандығын біртұтас мемлекеттік жүйеге біріктіру және башқұрттарды Қазақ хандығына қосып алу жолын ұстанды. Осылайша, ол бастаған Кіші жүздің бір топ билері, батырлары және сұлтандары 1731 жылы М.Тевкелев бастаған орыс елшілігімен келісімшарт жасауға барды. Еріксізден жоңғарларға салық төлеушіге айналған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс та қиындықтан Ресейдің көмегімен шығудан үміттеніп, Әбілқайыр ордасына келген М.Тевкелевке Қонаймырза мен Сармәмбетті елші етіп жіберді. Бірақ олар қайтып кеткен М.Тевкелевпен жолыға алмай қалды. Келесі жылы Әбілқайыр хан өзінің ұлы Ералы сұлтанды басшы етіп Петерборға қазақ елшілігін аттандырды. Бұл елшілік қатарында Ұлы жүздің Аралбай және Оразкелді батырлары да болды. Әбілқайыр, осылайша, орыстар алдында өзінің шалғайдағы Ұлы жүз қазақтарына да ықпал жасай алатынын дәлелдемек еді. Десек те, бұған Әбілқайырды біржақты кінәлау орынсыз. Өйткені жоғарыда аталған Ұлы жүз батырларын орысқа аттандырғандар, шын мәнінде, Ұлы жүздің игі жақсылары – Төле би, Қодар би, Сатай батыр, Хангелді батыр, Бөлек батыр еді. Бұл кісілердің хатын алған Ресей патшайымы 1734 жылы Ұлы жүзді Ресейге бодан етіп қабылдау туралы қаулы шығарды. Мұндай қадамға Ұлы жүздің Төле би бастаған басшылары Әбілқайырдың ықпалымен емес, өз беттерінше және өз еріктерімен барды. Бірақ орыстардың Ұлы жүзді бодандыққа қабылдау туралы шешімі елдің шалғайлығына және сол тұстағы осы аймақта қалыптасқан ауыр саяси ахуалға байланысты Ұлы жүзге жетпей, Орынбор канцеляриясында қалып қойды. Орта жүз ханы Сәмеке де көп кешікпей орыс патшасына бағынышты болуға екі рет ықылас танытты. Қазақ жерін жеделдете отарлауды мақсат еткен орыс билеушілері де қарап жатпады. Сәмекенің хатына сүйенген олар, 1734 жылы Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлық шығарып үлгерді. 1735 жылы Орта жүздің тағы бір ханы Күшік пен Барақ сұлтан басқа игі жақсылардың қолдауымен Орта жүзге орыс елшілігін жіберуді сұрап, Тевкелевтің атына хат жолдады. Көп кешікпей-ақ, 1738 жылы Орта жүз бен Кіші жүздің 58 рубасы Ресей патшайымының билігін мойындап, оған адал болуға ант берді. Дәл осы жылы Ұлы жүздің ханы Жолбарыс Ор қаласынан шығып, Ташкентке тоқтаған керуеніндегі орыс елшілігінің басшысы Карл Миллер арқылы орыс патшайымына өзінің Ресейге қарайтынын айтып, тағы да хат жолдады. Бұл өтінішті 1738 жылы орыс патшайымы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы қаулыға қол қойып, В.Н.Татищевке бодан болатындардан ант қабылдауды тапсырған. Осының алдында ғана Орынбор өлкесінің жаңа губернаторы болып тағайындалған орыстың атақты тарихшысы В.Н.Татищев 1737 жылы Әбілқайыр ханнан екінші қайтара бодандыққа ант қабылдап, отаршылдық бұғауын заңдастыра түсті. Көп кешікпей, 1740 жылы осы жолға Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен қалмаққа қарсы соғыста даңққа бөленген, елге ықпалды Абылай сұлтан да түсіп, өздерінің орысқа бодан болуға келісетіндерін мәлімдеді. Абылай В.Н.Татищевке мұндай келісімді қорғаудан «қажет болған жағдайда өз жанын аямайтынын» да айтып сендірді. Алайда В.Н.Татищев Ұлы жүз басшыларынан ант қабылдап үлгермеді. Жолбарыс ханның Ресеймен жақындасуына барынша қарсы болған діндарлар (қожалар) 1740 жылы Жолбарыс ханды Ташкент мешітінде әдейі өлтірді. Ал мұның өзі Ұлы жүз басшыларының Ресейге бодандыққа ант беруін біраз уақытқа кешеуілдетіп жіберді. Бұл орайда айта кетер бір маңызды нәрсе бодандық қамытын өз еркімен кию туралы шешім қазақ басшыларының орыстарға сүйеніп жоңғарлардан қорғану пиғылынан туындаған еді. Алайда орыстан әділдік күткен және онымен тең дәрежеде одақтас болуды көздеген қазақтардың үміті ақталмады. Орыстар қазақтарды жоңғарлардан қорғаудың орнына оларға қарсы Еділ қалмақтарын, башқұрттарды және орыс казактарын арандатып айдап салып отырды. Осындайда Қалдан Серен қоңтайшы да қазаққа ауыр шарттар қойып, қазақты өзіне бағындырмақ болды. Мұның өзі Орта жүз қазақтарын тұйыққа тіреп, арғын мен керей тайпаларының 100-ге тарта билеуші өкілін, наймандардың кейбір рубасыларын 1742 жылы Ресей құрамына өтетіндерін мойындап, Құран сүйіп, ант беруге мәжбүрледі. Жаз мезгілінде болған осы ант беруге Кіші жүз ханы Әбілқайырға ілесіп, Орта жүздің ғана емес, Ұлы жүздің де батыр, би, старшындары император Елизавета Петровнаға бодан болатындарын мәлімдеді. Араға бір жыл салып, Орта жүздегі Барақ сұлтан басқарған 40 000 шаңырақ та Елизавета патшайымға екі рет өтініш жасап, Ресей бодандығын қабылдады. Бұған разы болған Елизавета Бараққа қылыш сыйлады. Ал арада үш жылдан соң Күшік сұлтан да өзінің қарауындағыларымен Ресей қарауына өтетіндігін мәлімдеді. Осындай ауыр ахуалда Барақтың Әбілқайыр ханды өлтіруі, онан соң көп кешікпей, Барақтың өзінің де өлтірілуі қазақ даласында Абылай сұлтанның рөлін көтерді. Оның саясатына үлкен ықпал жасаған аса маңызды мәселе – 1755 жылы көктемде Цинь империясының қалың әскерінің жоңғар жеріне баса-көктеп кіріп, қалмақтардың көпшілігін қырып тастауы еді. Мұның өзі Абылайханды әрі Қытай императорынан, әрі орыс патшайымынан қолдау іздеуге амалсыз мәжбүрледі. Қазақ билеушілері орысқа бодан болудың жолын іздестіріп жатқанда оңтүстіктегі Ферғана жазығында Қоқан хандығы күшейіп, оның билеушілері Ұлы жүз руларын қатыгездікпен басып-жаныштады. Енді осы аймақтағы рулар мен тайпалар бірде – Қытайға, бірде – Қоқан билігіне жалтақтап өмір сүретін заманға кез болды. Осындайда Абылай ханның жалайыр және шапырашты тайпаларына билік жасайтын ұлы Сүйік сұлтан 1819 жылы қыс мезгілінде қоластындағы жұртымен Ресей қарамағына өтті. Бұл Ұлы жүздің Ресей құрамына жаппай өтуін бастап берді. Алайда Қоқан хандығы мен Қытайды өзіне ашық жау етуден қаймыққан Жоламан Тіленшіұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстарды тұншықтырудан қолы тимеген Ресей Ұлы жүз аймағына әскер кіргізуге асыға қоймады. Сондықтан да дулат, албан, суан, шапырашты, сарыүйсін тайпалары атынан Аягөз арқылы Батыс Сібір генерал-губернаторына 1846 жылдың көктемінде барып, Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы өтініш жасаған Мәңке Нұрақовтың өтініші де аяқсыз қалды. Алайда, көп кешікпей-ақ, осы жылдың жаз айынан бастап, Кенесарының Жетісуға қоныс аударуына байланысты Ресей әкімшілігі бұл мәселеге баса назар аударуға мәжбүр болды. Генерал Н.Вишневский бастаған орыс экспедициясы жеделдете Лепсі бойына келіп, Ұлы жүздің игі жақсыларын жинап, көпсанды дулат тайпасының сұлтаны, Абылай ханның немересі Әли Әділұлына Ресейдің подполковнигі әскери шенін беріп, оның кеудесіне Андреев лентасына бекітілген алтын медальді тақты. Басқа рубасылар да сый-сияпатсыз қала қойған жоқ. Осыдан соң Ұлы жүз (1846 жылдың жаз мезгілінде) Ресейдің қол астына қабылданды. Осы рәсімде Ұлы жүздің 39 игі жақсылары орысқа адал болуға ант берді. Келесі жылдың жаз мезгілінде орыстар салып жатқан Қапал (Қопалы) бекінісінде Абылай ханның ұрпақтары Сүйік, Әли және Әкімбек сұлтандар Ресейге Ұлы жүздің бодан болғанын растап, тағы да ант берді. Осылайша қазақ елінің Ресейге отар болуының саяси-құжаттық негіздері қаланды


    1. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу.

    ХIХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкiметi Қазақстандағы хан билiгiн жоятын уақыт жеттi деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негiздер де, қажеттi бiрқатар алғышарттар да жеткiлiктi деп санады. Бiрiншiден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшiлiгiнiң алдында өздерiнiң беделiнен айырылып қалды. Жергiлiктi халық патша үкiметi тағайындаған хандарды көбiнесе Ресей империясының кәдiмгi көп шенеунiктерiнiң бiрi ғана деп қабылдады.

    Екiншiден, бұл кезде патша үкiметi Кiшi жүздi де, Орта жүздi де бiрнеше әкiмшiлiкке бөлшектеген едi. Мұның өзi патша үкiметiнiң көшпелi қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. Сөйтiп, Орта жүз бiрi – Ертiстiң оң жағалауы, екiншiсi – Ертiстiң сол жағалауы болып екiге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кiшi жүзден бөлiнген Iшкi Орда құрыл- ғанын айттық. Бiр кездегi бiртұтас жүздердiң арасын- да ендiгi жерде ешқандай да еркiн байланыс жасау мүмкiндiгi қалмады, өйткенi ондай қарым-қатынас жасауға қатаң тыйым салынды.
    Үшiншiден, ХIХ ғасырдың бас кезiнде Шыңғыс ұрпақтарының бір- қатары патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне белсендi қарсылық бiлдiрген оқиғалары көбейiп кеттi. Ал ақыр соңында, патша үкiметi Франциямен соғыс аяқталғаннан кейiн жеткiлiктi әскер күшi мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзi оның тәуелсiз қазақтардың заңды билiгiн – хан билiгiн бiржола жоюға итермеледi. Өйткенi хан билiгiнiң сақталуы патша үкiметiнiң өлкенi шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергi кел- тiрген едi.
    1822 жылғы «Сiбiр қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» және Орта жүзде хандық билiктiң жойылуы. Орта жүзде Бөкей хан мен Уәли хан қайтыс болғаннан кейiн патша үкiметi жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сiбiр генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдiң жарлығымен бекiтiлген «Сiбiр қырғыздары (қазақта- ры. – авт.) туралы Жарғы» күшiне ендi.

    Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бiрi Орта жүздегi хан билiгiн бiржола жою болатын. «Жарғы» өзiнiң мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстiк- шығыс аймақтарын iс жүзiнде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтiп, әкiмшiлiк, сот және аумақтық басқару жүйесi түбiрiмен өзгертiлдi.
    Орыс ғалымы Н. Коншиннiң айтуынша, «Сiбiр әкiмшiлiгi орталық үкiметтiң нұсқауымен Дала өлкесiне қазақтарды жаңа құрылымды қабылдауға көндiру үшiн арнайы агенттер жiбере бастады».


    1. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 ж.) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы.

    1867-1868жж. реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, 80-90жылдарға дейін қолданылды. 1886-1891жж. «Ережелер» 1867-68жж. «Уақытша ережелерді» аздаған өзгерістермен заңды тұрғыда бекітті.Сондықтан, ереженің атауындағы «уақытша» сөзі алынып тасталды.
    Ресей империясы үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.

    Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.
    Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды.
    Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруітң айқын көрінісі — қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.
    1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.
    Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.
    Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.
    1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.
    Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.
    Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот құрылысы реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835—1865 жылдары) тұрды. Ш. Уәлиханов "Сот реформасы туралы хат" атты Омбыда жазылған әйгілі еңбегінде қазақ даласындағы сот реформасы жайлы айта келіп,
    “ 'Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалынып отырғандықтан, оның материалдық мұқтаждығына шақталуы әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалынған өзгерістің бәрі де зиянды әрі аномал (жат) құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін' ”
    де ескертеді. Ғалым Шоқан Уəлиханов Қазақстанды билеуді халықттың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Өкінішке орай, Шоқанның бұл демократиялық көзқарастары кезінде ескерусіз калды.
    1865—1866 жылдары қазақ даласын аралап шыққан комиссия қазақ жерлерін басқару туралы жаңа "Ереженің" негізін жасау барысында екіге бөлінді. Олардың бір тобы "қазақ даласын жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер басқаруы қажет" деп санады, ал енді бір тобы қазақтардың өздерін-өздері басқаруын жартылай қалдыру керектігін алға тартты.
    1867 жылы 11 шілдеде II Александр Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868 жылы 21 қазанда Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы реформалардың жобасына қол қойды. Қазақ халқын басқару жөніндегі ережелер жобасы отаршыл билік өкілдерінің белсенді араласуымен жоғарыдан дайындалды.

    1. 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23


    написать администратору сайта