Главная страница
Навигация по странице:

  • Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.

  • Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері

  • Тасмола мәдениеті: қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері.

  • Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы

  • Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары.

  • ГОС.ЖАУАПТАР.01. азастан тарихы мемлекеттік емтихан


    Скачать 283.95 Kb.
    Названиеазастан тарихы мемлекеттік емтихан
    Дата24.05.2023
    Размер283.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГОС.ЖАУАПТАР.01.docx
    ТипДокументы
    #1157744
    страница21 из 23
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

    Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Моңғолия, Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы тау бөктерлерінде жылына 500 миллиметрден астам ылғал түседі. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында, ежелден егіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, жұмсақ климатты Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік дамып, орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де шаруашылық-мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда климаттық ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілік шаруашылық пен тұрмыс қалыптасса, (мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді бір замандарда (қола, ерте темір дәуірі, соңғы орта ғасырлардан XX ғ. басына дейін) жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық мәдени тұрпаты қалыптасты.



    1. Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.


    Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезеңін ерте темір дәуірі деп атап кеткен.

    Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металлмен байланысты болды.

    Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. 

    Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ.
    Шаруашылығы

    Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар өмірінде шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл дәуірде шығыстағы Монғолиядан батыстағы Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін бақташы, бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды маусымдық шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген малшылық шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне көшуіне тура келді.

    Жана және кейінгі жана заманның евроцентристік ғылымы дала жағдайында мал шаруашылығын өрбітудің бұндай айрықша түрлерін "көшпелі "жартылай көшпелі" шаруашылык деп атады.

    Мал шаруашылығын жолға қоюдың жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикалық дамуының нәтижесі болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, беғазы-дәндібай заманында қаланды

    Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізі байқалады

    1. Тасмола мәдениеті: қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері.

    Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.
    Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946 – 59 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетек. Ә.Марғұлан мен оның шәкірті М.Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Осы өңірлерде басқа жерде кездеспейтін “мұртты обалар” сияқты айрықша ескерткіш түрлері бар екенін байқаған ғалымдар Сарыарқада бұған дейін беймәлім жаңа мәдениет белгілері табылуы мүмкін екенін пайымдады.
    1958 – 68 ж. жүргізілген екінші кезеңде Қарқаралы, Балқаш, Шідерті өлкелерінде көптеген жаңа зираттар зерттеліп, көлемді деректер алынды, аса маңызды қорытындылар жасалынды.
    1957 жылдан бастап Орт. Қазақстан экспед. құрамында ерте темір дәуірін зерттеушілердің жеке тобын басқарған Қадырбаевтың 1959 – 63 ж. Павлодар облысы Екібастұз ауданындағы Шідерті өзені бойындағы Тасмола-1, -2, -3, -5, -6, Қарамұрын-1, -2, Нұрмамбет-1, -2, -4 зираттарында жүргізген қазбалары шешуші нәтижелер берді. Жинақталған материалды қорытындылай келе Қадырбаев 1966 ж. Сарыарқада сақ заманында гүлденген жаңа археол. мәдениетті жариялап, оны Шідерті бойындағы аса құнды деректер берген Тасмола алқабының атымен байланыстыра, Тасмола мәдениеті деп атады.
    1970 – 99 ж. 3-кезеңнің жұмыстары атқарылды. Осы жылдары Тасмола мәдениетінің таралу ауқымы анағұрлым кеңейтілді, жаңа өлкелердің жәдігерлері ғыл. айналымға түсті.
    1994 ж. М.Хабдулина Солт. Қазақстандағы, яғни Көкшетау қыраты, Есіл өз. бойындағы обаларды зерттеу нәтижелерін қорытындылап, ұлыбай-тасмола мәдениетін ашты және де оның үлкен Тасмола мәдениетінің солт. өлкелеріндегі жалғасы екенін атап көрсетті. Сарыарқа археол. экспед. (жетек. А.Бейсенов) далалық зерттеулері барысында (2000 жылдан) Қарқаралы өңірінен ерте темір дәуірінің Едірей, Керегетас, Сарыбұйрат, Қызылсүйір сияқты жалпы саны 20-дан астам қоныстың, сондай-ақ Есіл археол. экспед. (жетек. Хабдулина) тарапынан Сілеті өз. маңындағы Тасқора-1, -2 қоныстары ашылды. Қазіргі сипаттамалар бойынша Тасмола мәдениетінің негізгі ескерткіштері түріне обалар, “мұртты обалар”, қоныстар, кен орындары, петроглифтер жатады. Қоныстарға байланысты мүлдем тың деректер ғылыми айналымға жаңадан еніп отырғандықтан, Тасмола мәдениетін сипаттауда осыған дейін тек жерлеу ескерткіштері, яғни обалар басты орында болып келді. Жалпы саны 180-ге жуық жерлеу ескерткіштерінің деректері бойынша қалыптасқан ішкі кезеңдемесі бойынша Тасмола мәдениеті бірін-бірі алмастыратын үш хронол. сатылардан тұрады: 1 саты (б.з.б. 7 – 6 ғ.), 2 саты (б.з.б. 5 – 4 ғ.) және ерекше топтың жәдігерлерін біріктіретін 3 саты (б.з.б. 3 – 1 ғ.). Алдыңғы екі сатының мәдени ерекшеліктері бір-біріне өте жақын болғандықтан, бұларды бір тасмола кезеңіне біріктіреді. Соңғы сатының, яғни қорғантас кезеңінің ескерткіштері мәдениеттің аяқталар уақытымен сәйкес келетіндіктен, мұнда сақ дәуірімен қатар, ғұн-сармат дәуіріне тән біршама жаңа элементтер байқалады. Аз зерттелген бұл кезеңге байланысты 30-ға жуық оба ескерткіштері ғана зерттелген. Ерте кезеңнің қорымдары көлемі жағынан неғұрлым шағын, көбіне 2 – 5 обаны біріктіреді, 10 – 20-дан астам нысандардан тұратын ірілері сирек кездеседі. Тас, топырақтан үйілген пішіні дөңгелек обалардың диам. 5 – 10, 15 м, биікт. 0,3 – 1, 1,5 м болатын шағын және орташа түрлері кеңірек танымал. Диам. 30 – 40 м-ден жоғары, биікт. 3 – 5 м-ден үлкен обалары аз зерттелген, іс жүзінде мұндай ірі нысандардан тек Нұркен-2 қорымынан ғана деректер бар. Қорғантас кезеңінің тастан үйілген обалары көлемі жағынан әлдеқайда шағын, қоршаусыз, орсыз келеді. Мүрделер шұңқыр қабірлер мен тас жәшіктерде басымен солт.-шығысқа қаратыла жерленеді. Ғұн дәуіріне өте-мөте тән белгілерге қабірдің бас жағындағы арнаулы орынға мал бастары мен аяқ сүйектерінің көптеп салынуы жатады.

    Тасмола кезеңінің ғұрыптық ескерткіштеріне жататын “мұртты обалар” жүздеп саналады. Ғылыми пайымдаулар бойынша күншығысқа тартылған ұзын тас тізбектері бар мұндай күрделі құрылыстар қайтыс болған беделді адамдардың рухымен қоштасу, еске алу салтанаты кезінде жасалатын болған (қ. Мұртты обалар). Орталық Қазақстанда ашылған ерте темір дәуірі қоныстары ағынды су көздерінен жырақта, жазық дала деңгейінен биікте, тау беткейлерінің күнгей, яғни шығыс, оңт.-шығыс жақтарында орналасатыны байқалды. Бұл қоныс тұрғындарының Орталық Қазақстанда ұдайы соғатын батыс желдерінен және қар қабаттарынан сақтануға мәжбүр болғандығын аңғартады. Заттық деректердің негізгі тобын құрайтын қыш ыдыс көбіне тікбүйірлі көзелер түрінде, сондай-ақ бүйірі дөңгеленген көзелер, аяқтар, сирек кездесетін шүмекті, тіктұтқалы, табанды ыдыстардың бөлшектері де бар. Ыдыстар ерекшелігінің бірі “маржандармен” шұңқыршалармен ғана шектелген өрнектерінің жұтаңдығында. Бұл қыш ыдыстар мерзімдік ерекшеліктеріне қарай генетик. жағынан Орталық Қазақстанда қола және ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан доңғал кезеңінің ыдыстарына біршама жақындайды. Тас құралдардың арасында көптеп кездескен кетпендер мен дәнүккіштер тұрғындардың мал ш-мен қатар қосалқы сала ретінде егіншілікпен шұғылданғанын байқатады. Бір есептен, бұл егіншіліктің кейінгі қазақ тұрмысында қолданылған астық қыстау маңында өсірілетін формасы болса керек. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің өте аз зерттелген соңғы екі түрін ежелгі кен алған орындар мен петроглифтер құрайды. Мыс., алтын, т.б. металдар өндірілген кен орындарының бірқатары Солт. Балқаш өңірінде (Тесіктас, Саяқ, Сорқұдық, т.б.), Нұра өзенінің жоғарғы алабында (Алтынсу, Бесшоқы), т.б. аумақтарда белгілі. Солт. Балқаш өңірінде, Абыралы-Дегелең таулары маңында, Нұраның жоғ. бойында, Баянауыл тауларында және бірқатар орындарда ашылған петроглифтер қашау әдісімен орындалған аң, адам пішіндерін, аңшылық көріністерін, садақшылар қақтығысын және жайылып жүрген тағы аңдар мен үй жануарлары үйірлерін, түйе жегілген арбаларды, түйе керуенін бейнелейді. Обалардан алынған заттық деректерге сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; ә) ат әбзелдері; б) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар. Тасмола қоғамында қола құю ісінің үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен қатар темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) өзінде-ақ пайда болған. Ерте кезеңнің екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетик. тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, шағын, кейде 4 – 6 аяқты тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. “Хайуанаттық нақышта” дайындалған көп тұлғалы композициялардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс – алыстағы Туваның “алдыбел” ескерткіштеріне ұқсас. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.
    Тасмола мәдениеті жоғары дамыған, мүліктік теңсіздік белгілері терең белең алған, дамыған қоғамдық құрылым түрінде сипатталады. Тасмолалықтарда металлургия мен металл өңдеу гүлденіп, экономикасының негізі көшпелі мал ш. болған. Шашыраңқы шаруашылыққа бірнеше туыстас отбасылардан тұратын кішігірім қауымдар жүйесі сәйкес келді. Мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері осының алдындағы беғазы-дәндібай заманы қоғамының экожүйесінде туындаған бағыттардың нәтижелері ретінде бой көрсетеді. Археологиялық зерттеулер барысында алынған деректер бойынша сыртқы әсерлердің (мұның ішінде Қытай, Иран, Грекия, т.б. мәдени ағымдар) барынша аз, мәдени келбетінің неғұрлым төлтума сипатта болуы Тасмола мәдениетінің басты ерекшеліктерінің біріне жатады. Ғылsvb пікірлерге сәйкес, Қазақтың қатпарлы таулары толығымен Қазақстанның өз ішінде, сыртқы көршілермен жапсарлас шекаралық өлкелерден тыс жатқан далалық геогр. аймақ болғандықтан, бұл аумақтың мәдениеті ең алдымен жергілікті алғышарттар негізінде өмір сүрген. Ертеден қалыптасқан дәстүрлі пікір Тасмола мәдениетін Иран тілдес тайпалармен байланыстырады, сонымен бірге, оны байырғы түркілерге жатқызатын көзқарастар бар. Еуразияның басқадай скиф-сақ мәдениеттерінде ұшыраспайтын ерекше ескерткіштер болып саналатын “мұртты обалар” семантик. тұрғыдан ортағасырлық түркілердің тас балбалдар қатары шығысқа тартылған ғұрыптық қоршауларына біршама ұқсас


    1. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.


    Б.з.б. VII—IV ғасырлардағы Евразияның этникалық және саяси картасы барынша ала-күла болуымен ерекше. Сонымен бірге жақын және алыс тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасында біршама тұрақты экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнады, соғыс қақтыгыстары да аз болған жоқ. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар Орта Азияның, Алтайдың, Хакасияның, Тува мен Солтүстік Моңғолияның туыстас халқымен өзара байланыс орнатып, қарым-қатынас жасады. Солтүстік-шығыста және солтүстікте Қазақстанның мал өсірумен айналысқан ежелгі халқы Орал тілді қауымның угор тектес тармағының орманды далалар мен ормандарды мекендеген тайпалармен — мансилер мен хантылардыя арғы тегімен шектесіп жатты.

    Батыстың савромат тайпалары Қара теңіз өнірінің скифтерімен көрші болды, олармен сауда-саттық жасады, соғыс одағын құрды немесе қарулы қақтығыстарға түсіп жүрді. Оңтүстікте савроматтар өз тағдырын өте ертеде, Ахеменид заманына дейін-ақ, Үлкен Хорезм және Бактрия патшалығы сияқты мемлекеттік құрылымдармен байланыстырды.

    Жазбаша деректемелер мен археологиялык деректер б.з.б. VШ-VІІ ғасырларда-ақ Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен - Ассириямен жәнс Мидиямен, ал б.з.б. VI ғасырдың ортасынан, Ахеменидтер мемлекеті құрылған уакыттан бастап - Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарихи оқиғаларға қатысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Лидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алды. Одақ жасасуды қанағаттанбаған Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болды. Парсылардың жорықтары кескілескен карсылыкка кездесті, Кир жорығы күйреп тынды, оның әскерлері талқандалып, өзі қаза тапты. Геродот мынадай аңызды келтіреді: парсыларды женгенпен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтыра қан құйғызып, «Сен қанға кұмартып едін, енді шөлің қансын!» деп оған Кирдін. басын салдырған

    Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын I Дарий (521-486) жалғастырды. Ол аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпаларын. оның ішінде хаумаварга-сақтарды немесе амюргийлік сақтарды, сондай-ақ каспилерді бағындырып алды. Бүл тайпалар Ахемснидтердін XV сатрапиясыпың (салық аймағының) құрамына кірді және алым төлеуге тиіс болды, бірақ алым мезгіліндс төленіп тұрмады және көбіне сыйлықтар сипатында боллы. Сақтар Ахеменидтердің әскерінде қызмет атқарды. Тіпті олардын біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын жеке ұланына да кірлі.

    Б.з.б. 518 жылы I Дарий, өзінің алдындағы патша сияқты, массагет- сақтарға қарсы жорық бастады, бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарихшысы Полиен массагет-сақтардың парсыларға қарсы күресінің қызықты бір оқиғасы жайындағы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға қашып өтеді, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өз руластарынан кек алғысы келетінін мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардын көбі қырылып калады.

    Б.з.б. VI ғасырдың аяғында - V ғасырдың басында ежелгі Шығыста (грек-парсы соғыстарының басталуымен байланысты ірі-ірі саяси оқиғалар пісіп-жетілді. Кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты. Гавгамелы маңындағы ұрыста, мәселен, сақтардың жеңіл атты әскері қатысқан.

    Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500-449 жылдары) парсылардың жеңілуімен аяқталды. Ал бұл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс күрт өршіді, құл иеленушілер бұдан шығудың жолы шығысқа басқыншылық жорық ұйымдастыру деп білді. Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдарында македондық-гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид, ІІІ Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға баса-көктеп кірді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға бет алды.

    Гректердің баса-көктеп енуіне Орта Азия тайпалары мен халықтары табан тіресе қарсыласты. Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланды. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауын пайдалана отырып, сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық-гректер әскерлерін бірнеше дүркін талқандады. Көтерілісшілердің арасына жік салу үшін Александр Македонский олардың кейбір көсемдерін азғырып алды. Үш жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македоңдык-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырып алда. Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап калды.

    Александр Македонский өлгеннен кейін онын ұлан-байтақ империясы ыдырады, өйткені ол берік экономикалык және саяси байланыстары жоқ тайпалар мен халықтардың әлдеқалай біріктірілген, бірімен бірінің байланысы аз құрамасы болған еді.

    Б.з.б. VII ғасырдан бастап «аң стилі» пайда болды. «Аң стилінің» негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болса, негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікпен байланысты болған. Ру, тайпалар өздерінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған және оларды қасиетті тұмар деп санаған

    Бұл өнердің дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тараған. Қызылордадан 300 шақырым жерде, апасиак-сақтардың астанасы Шірік-Рабат орналасқан. Қаланың орталығынан күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) табылды. Археологтар цитадел орталығынан жебе ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл заттардың жасалған мерзімі б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады.

    Есік обасынан табылған қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстардың арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша ерекшеленеді. Камал Ақышевтің пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді. Есік обасына 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы жерленген. Оның киімі басынан аяғына дейін алтын түймешелер, қаптырмалармен қапталған. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына байланысты «Алтын киімді адам» - деп аталды. Сақ ханзадасының жанынан семсер, қанжар-акинак, алтын ұшты жебе, қамшы, жібек қоржын, алтын түймешелер, алтынмен қапталған қола теңгелер, мөр-жүзік табылды. Барлығының саны – 4000-нан астам

    Алматының күншығысында 50 шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында 40-тан астам оба табылды. Соның бірі – Есік обасы, диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Бәбіш-Молда қаласының қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Қала ішінен қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылды. Бұл заттық деректер қала тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді

    Сарыарқаның ерте темір дəуірі ескерткіштері «тасмола мəдениеті» деп аталады. Алғашқы ескерткіштері табылған жер – Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірі. Бұл мəдениетті исседон тайпалары қалдырған. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі – «мұртты обалар». Ол екі жерлеу орнынан тұрады. Обалардың біреуіне адамды, екіншісіне атын жерлеген. Обалардан шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас екі тас құрылыс тартылған. «Мұртты обалардың» 4 түрі кездеседі. Біріншісі – үлкендеу обаның шығыс жағынан салынған кішілеу оба. Екіншісі – екі оба оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады. Үшіншісі – алдымен үлкен оба салынады, оның үстінен кіші оба тұрғызылады. Төртіншісі – үшіншіге ұқсас, бірақ бұл обалардың ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады. «Мұртты обалар» бағдаршам рөлін атқарған. Белгілі бұрышпен салынып, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысты көрсеткен.

    «Мұртты обалар» Орталық Қазақстаннан басқа Солтүстік, Шығыс Қазақстан және оңтүстік өңірлерден де табылған. Қысқы жайылымға қар кеш жауып, ерте еріп кететін аймақ таңдалынды. Қыста жел соқпайтын жерлерге орналасу көзделді. Қысқы жайылымдар солтүстік аймақтың оңтүстігіне таман орналасты.

    Солтүстік аймақтағы шаруашылықтың басым түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелілерде қой көп болды. Шаруашылықта басты орында жылқы болған. Қазақ даласында жұт болып тұрған. Жұт кезінде жерді қалың мұз басып, мал шөп тауып жеу үшін тұяғымен оны жара алмайды. Жұт 6-8 жылда, кейде 10-12 жылда бір қайталанып тұрған.

    Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптасуына Тасмола мәдениетінің әсері болған. Ұлыбай атырабының ескерткіштері Тасмолаға ұқсас келеді. Өйткені олар да «мұртты обаларға» иесімен бірге атын қоса көмген.


    1. Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары.

    Темір дәуірі немесе темір ғасыры — тас дәуірі және мысты мен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі тарихи кезең болып табылады. Темір дәуірінің ерте кезеңі ерте темір дәуірі деп аталған. Оның басталу мерзімі әр елде әрқалай. Қазақстан және оған көршілес аймақтарда ерте темір дәуірі б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында басталып, б.з. 1 мыңжылдығының орта шеніне дейін жалғасады. Ал жалпы темір дәуірінің аяқталу уақытын кей ғалымдар Еуропадағы өнеркәсіп төңкерісінің басталу мерзімімен байланыстырса, ал енді бір тарихшылар үшін темір дәуірі бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Себебі темірдің қорытпасы болып табылатын болат пен шойын осы заманның да негізгі конструкциялық материалы болып табылады. Ерте темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді. Сақтар мен сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтаҚазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген. Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мәдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстікшығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген.
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


    написать администратору сайта