Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы.

  • Құрылғаны

  • Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу.

  • Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы .

  • Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы. Білім жүйесіндегі реформалар

  • «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.

  • ГОС.ЖАУАПТАР.01. азастан тарихы мемлекеттік емтихан


    Скачать 283.95 Kb.
    Названиеазастан тарихы мемлекеттік емтихан
    Дата24.05.2023
    Размер283.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГОС.ЖАУАПТАР.01.docx
    ТипДокументы
    #1157744
    страница19 из 23
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

    ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі.

    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң

    2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым

    Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

    Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын

    бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында

    Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер

    болып табылады.

    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның

    астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.

    туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және

    көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн

    сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында

    аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес

    бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.

    Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі,

    сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі

    сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

    • Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні

    Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда

    еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет

    басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

    Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

    Нұрсұлтан Назарбаев.

    Халықаралық тәжірибенің талдамасы патриотизмді қалыптастыру кез

    келген мемлекет үшін және барлық уақытта маңызды және бірінші кезектегі

    міндетке айналғанын көрсетеді.

    Азаматтарында патриоттық сезім қарқынды дамыған гүлденген мемлекеттер аз емес,

    онда ұлттық рәміздерге Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық

    мейрамдарға құрметтілік қалыптасқан.

    Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мемлекеттің

    оң үлгісін қалыптастырудың көзі ретінде қызмет етеді. Олар ұлттық мақтаныштың

    негізіне, патриоттық сезімдер мен еркіндікті білдіру қосымшасының объектілеріне

    айналады.

    Әрбір мемлекет мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттауда бірегей

    тәжірибемен ерекшеленеді

    1. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы.

    Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
    Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiред

    Міндеттері

    «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды

    Құрылғаны 7 мамыр 1992

    Күштер тараулары

    • Құрлық күштері

    • Әуе қорғанысы күштері

    • Әскери-теңіз күштері

    • Әуеұтқыр әскерлері

    • Ракета әскерлері мен артиллериясы

    • Арнайы әскерлер




    1. Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу.

    1988 ж кеңестік «Кооперация туралы» Заң қабылдады. Дәл осы уақыттан бастап Қазақстандағы банктік жүйе қалыптасуының Бірінші кезеңі басталды. Кооперативтік қаржылық ұйымдар банктер саласындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуына негіз болды. Кооперативтік деген статус арқылы банктер несиенің уақыты мен шарттарын, пайыздық үстеменің деңгейін анықтауда, банктік қызметтің түрлі формаларын қалыптастыру мен түскен табысты пайдалануда өзіндік ролге ие болды. Айта кету керек, Кеңес Одағындағы алғашқы кооперативті банк Қазақстанда анығырақ Шымкент қаласында «Союзбанк» деген атаумен пайда болды. 1990 ж 25 қазанда Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік суверинетті туралы Декларация қабылдады. Бұл Тәуелсіздік қарсаңындағы атаулы даталардың бірі болатын. Дәл осы жылы банк жүйесін реформалау үшін негіз болған «ҚазақССР-дегі банк және банк қызметі туралы» атты Заң қабылданды. Бірінші рет коммерциялық банк сөзіне анықтама берілді. Жекеменшік банктер мен шетелдік капиталдың қатысуымен пайда болған банктердің, ломбард, инвестициялық және зейнетақылық қор тәрізді басқада несиелеу мекемелері қызметтерінің басталу және тоқтатылу тәртібі бекітілді. Осы арқылы бұрынғы екідеңгейлі банктердің консервативтік жүйесіне тоқтау салынып, орталығы Мемлекеттік банк , екінші деңгейде коммерциялық банктер болатын, нарықтық банк жүйесі пайда болды. Мембанктің статусына да қатысты өзгерістер болды. Енді ол респбуликаның барлық банктік жүйесі туралы туралы барлық есепті Жоғары Кеңеске тапсыратын болды.
    Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ақша бірлігі қүрайды. Қазақстан ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы «Қазақстан Ұлттық валютасын еңгізу туралы» жарлығы негізінде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға еңгізілді. Сөйтіп Қазақстанның ұлттық ақшасы мен валюталық жүйесі бүрыңғы КСРО республикасының ақшасымен валюталық жүйесінен дараланды. Қазақстан Республикасы ақша бірлігі (ұлттық валюта) болып теңге бекітілді. Ол 100 тиыннан түрады. Қазақстанның айналымдағы ақша белгілері банкноттар мен монеталардан қүралады. ҚР Ұлттық Банкінің айналымға шығарған банкноттары мен монеталары Республиканың бүкіл аумағында барлық төлемдер үшін, есепшотқа салу үшін, сақтау үшін, аудару үшін, акредитивтерге айналдыру үшін ешбір шектеусіз қабылданады. Ақша қаражаттарын шығару, олардың айналымын үйымдастыру және айналымына шек қою тек қана Ұлттық банктің шешімімен жүзеге асады. Банкноттар мен монеталардың қажетті санын анықтаушы, оларды өндіруді қамтамасыз етуші және сақтаушы да Ұлттық Банк болып табылады.

    Мемлекеттік шекара - мемлекеттік аумақты белгілейтін шектер.

    Политологиялық тұрғыда шекараны ұлттық егемендік таралатын кеңістіктің шектері ретінде түсіндіреді. Мемлекеттік шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже.

    Меже ішіне енетін әуе кеңістігі мен жер қойнауы және су түбі сол мемлекеттің аумағы болып табылады. Көршілес мемлекеттердің шекара межелері өзара келісімдер мен шарттарда белгіленеді.

    Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады.

    Жер бетінің құрамына қарай (тау жоталарымен, өзен арналарымен, т.б.) жүргізілген шекара сызығы орография деп аталады.

    Жер бетіндегі екі белгі арасында тікелей тартылған шекара сызығы геометрия деп аталады.

    Әдетте шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т.б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу демаркациялау деп аталады.

    Ресми түрде белгіленген және бекітілген сызығын мемлекеттердің бір жақты бұзуы немесе қайта қарауы халықараралық құқыққа қайшы келеді. Мемлекеттік шекараны бойлай шекаралық белгілер орнатылады. Мемлекеттік шекараның күзетін шекаралық әскер (шекарадағы күзеттер, шекаралық қара-уылдар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан керекті құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өту немесе шекаралық белгілерді заңсыз алу, жылжыту не жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көршілес мемлекеттер – Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандумға қол қойды.

    ҚР Мемлекттік шекарасы

    ҚР Мемлекттік шекарасы – Қазақстан территориясындағы құрлықтың, судың, жер қойнауының және әуе кеңістігінің шегін анықтайтын түзу сызық, сол сызық арқылы өтетеін жазықтық.

    ҚР Мемлекттік шекарасын белгілеу

    ҚР-ң мемлекттік шекарасы жергілікті аймақтарда нақты көрінетін шекаралық белгілермен белгіленеді. Шекаралық белгілердің түрлері,өлшемдері,олардыңсипттамасы мен құру тәртібі ҚР Министрлер кабинеті мен халықаралық шарттар арқылы анықталады


    1. Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.

    2022 жылғы 16 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Жолдауы жарияланған болатын.
    Мемлекет басшының Жолдауы еліміздің таяу жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жолын айқындайтын стратегиялық маңызы бар құжат.
    Осыны ескере отырып, Жолдаудың негізгі басымдықтарын қала жұртшылығының арасында түсіндіру мақсатында, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің ұжымымен, тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Умирбаева Д.С. мекемеде іс-шара ұйымдастырып, ақпаратты толықтай жеткізіп, хабарлады.
    Жолдау 5 бөлімнен тұрды:


    • Заман талабына сай тиімді мемлекет

    • Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

    • Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика

    • Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі

    • Қуатты өңірлер - қуатты ел.

    Жолдаудың 7 көздеген нысаны:


    • Пандемиядан кейінгі экономикалық даму

    • Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.

    • Сапалы білім беру

    • Өңірлік саясатты жетілдіру

    • Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру

    • Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау

    • Ұлттың ұйысуы - одан әрі дамудың басты факторы.


    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өзгерістер туралы айтты, Бұл уақыт тарих беттеріне жазылып, ел дамуының жаңа бағытының - Жаңа Қазақстанның бастауы болады. Президент әрбір сөзінде халықтың пікіріне құлақ асып шешім қабылдағанын жеткізді. Соның ішінде жаңадан облыстар құру Абай, Ұлытау, Жетісу сияқты атау берудің астарында зор мағына бар. Ерекше бір айта кететіні халық егер қарсы болмаса Қапшағайдың атауын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың атына берудіде ұсынды!


    1. Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.

    Білім жүйесіндегі реформалар

    Білікті мамандар даярлау ісінде адамдарға қазіргі заманға сай озық білім берудің маңызы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның нақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі»,-деп атап көрсетті. Елбасы осы ойын дамыта келіп, «бізге экономиканы және қоғамдық өмірді жаңа сатыға көтеру қажеттігіне сай осы заманғы білім беру жүйесі керек» екендігіне назар аударды.
    Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз оқу тұжырымдамасына (концепциясына) сәйкес жасалады. Бұл жүйе: отбасылық тәрбие; мектеп жасына дейінгі тәрбие; жалпы орта білім беру: мектептен тыс тәрбие мен оқыту: кәсіптік-техни калық, орта арнаулы, жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім (аспирантура, докторантура т.б.) беру; кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; қосымша білім беру(екінші мамандық) сатыларынан құрылады.
    Орта білім алу бізідің елімізде тегін. Қазіргі Қазақстан Республикасында ерекше мәртебеге ие болған мемлекеттік жоғары білім ордасында білікті мамандар даярланады.Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік бірлестікке енуі қазақстандық жастардың шет елдерде оқуына мүмкіндік туғызды.
    Халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылатын 1997 жылғы Лиссабон Конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жұйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон Конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап берді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам.
    Тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктерді сөз еткенде ел дамуына өлшеусіз үлес қосуы тиіс білім мен ғылым саласына тоқталмай өту мүмкін емес. Әсіресе, Қазақстан жастарына жаһандағы дамыған, оқу-тоқуы жетілген мемлекеттердің есігін ашқан «Болашақ» бағдарламасының жөні бөлек.

    Әу баста «Болашақ» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылы 5 қарашадағы №1394 қаулысына сәйкес құрылды. Бұл бағдарлама 90-жылдардың күрделі кезеңіне сәйкес келгенімен, Елбасы бағдарламаның ел келешегі үшін маңызды екенін жақсы түсінген еді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміз нарықтық қатынастарға көшкен сәттегі қиындықтарға қарамастан жасалған қадамның маңызды болғанын атап өткен-ді. «Болашақ» бағдарламасын бекіту туралы қаулы қабылдаған кезде Қазақстанның төл валютасы айналымға әлі енбеген болатын. Соған қарамастан мемлекет тәуекелге барды. «Біздің «Болашақ» бағдарламасын бекіткеніміздің дұрыс болғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Еліміз үшін ең күрделі болған 1993 жылы қарттарға зейнетақысын бере алмай жатқан кезде, мұғалімдер мен дәрігерлерге, әскерилерге айлығын төлей алмай жатқан тұста жастарымызды әлемнің ең үздік ЖОО-ларына жолдап жаттық. Мемлекет әрбір жас үшін жыл сайын 30 мың-50 мың АҚШ долларға дейін төлеп отырды. Міне, осы жолмен қазір 14 мың жас өрен оқып, тағы да 20 мыңын ата-аналардың өзі жіберіп отыр. Олардың 12 мыңы қайтып келіп, біздің экономикаға жұмыс істеуде» деген еді Елбасы 2019 жылы. Яғни, экономика мен әлеуметтік салаларға қаржы табылмай тұрған қиын сәтте мемлекет білімді кадрлар даярлауды бірінші орынға шығарды. Бүгінде бағдарлама өз жемісін беріп жатыр.


    1. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.

    «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 12 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ. Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек.

    Н. Назарбаев еңбектері арасында басқаларынан өзінің пайда болу объективтілігі жағынан да, мақсаты мен міндеттері жағынан да, мазмұны мен мағанасы жағынан да, демек, дерек көзі ретіндегі ерекшелігі жағынан да оқшау тұрған еңбек, ол 1999 жылы “Атамұра” баспасынан жарық көрген “Тарих толқынында” атты кітап. Елбасының, әлем мойындаған саясаткердің тарих толқынына ден қойып, елінің, ұлтының бүгіні мен келешегін сол тарих толқындары жалғастығынан іздеу себебі туралы автор кітаптың алғы сөзінде: “Кездейсоқ болмауы керек, Қазақстанның аспан түстес туының бетінде алтынға айналған бүркіт қанат керген. Осынау тәуекелі келіскен мазмұнды да мағаналы нысанның өн бойында табиғат та, тарих та тоғысып жатыр. Қазақтар тарих толқынында… Егер саясаткер бүгінмен ғана беттесер болса, онда олардың тағдыры анағұрлым жеңілдеу болар еді. Әрекет үстіндегі саясаткерлер, мейлі күйретуші немесе көркөйтуші болсын, олардың драмаға толы тірлігі қайткен күнде де тарихтың толқындарымен шендесіп жатады. Мұны саяси театр актерінің өзі сезіне ме, жоқ па, онда тұрған ештеңе жоқ. Гәп басқада – гәп жаңағы тарих толқындарымен шендестіріп жататын күштің таза практикалық немесе өткінші істерді бірде айқындап, енді бірде көлеңкелеп жататынында болса керек. Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың “табын” сезінгендігімде деп білемін”-деп түсіндіреді [131, 4 б.]. Демек, Н. Назарбаевты тарихқа “алып келген” тарих сабақтастығы, “бүгінгі күннің оқиғалары” сырына тарих арқылы тереңірек үңілудің қажеттілігі. Тыңдай білген адамға тарих тағылымы мол ұстаз, пайдалана білген адамға тарих теңдесі жоқ таным тәсілі. Ол бәріне де, оның ішінде саясаткерге де қажетті құрал. Сондықтан да Елбасы: “Тарихқа археологиялық зерттеулердің пәні тұрғысынан қарамай, бүгінгі өмірді танудың тәсілі тұрғысынан қарағанда “саясат” деген кінәмшіл үрдіс әрқашан алдыңнан шығып отырады. Сонымен қорыта айтсақ, Н.Ә. Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты кітабының тәуелсіз Қазақстан тарихының жеке адамдық жазба дерек көзі ретіндегі басқа еңбектерінен басты айрмашылығы, автордың тәуелсіздік тарихының тамырын тарихтан іздеушілдігі. Егер, басқа еңбектерде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің пайда болуының объективті алғышарттары туралы айтылып, нақты мемлекет құру ісі бейнеленсе, “Тарих толқынында” сол мемлекеттің тереңнен бастау алған іргетасы туралы айтылған.

    1. 1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


    написать администратору сайта