Бадарламаны масаты 3D лгілеу модулі пніні масаты шлшемді моделді йреніп игеру, шлшемді анимацияларды жасауды жне визуалды эфекттерді жасау. Бадарламаны міндеттері
Скачать 86.5 Kb.
|
Түсінік хат Модельдеу – бұл көп қырлы ғылым, себебі модельдеу әртүрлі болады. Жалпы алғанда, модельдеу үдерісі кезінде модель-объект құрылады, оның мақсаты – зерделеу кезінде түпнұсқа объектінің орнын басу. Бұл ретте, модельде түпнұсқаның аталған зерттеу үшін маңызды қасиеттерінің болуы шарт, ал осы тәжірибе үшін маңызсыз нәрселерді елемеуге де болады. Қазіргі кезде арнайы бағдарламаларды қолдана отырып, объекті немесе құбылыстың сипаттамасы компьютер жадында сақталатын компьютерлік модельдеу кеңінен қолданылады. Өз кезегінде, компьютерлік модельдеу де әртүрлі болады. Мысалы, математикалық: кез-келген құбылыс немесе үдеріс математикалық формулалар арқылы суреттеледі, ал есептердің барлығын компьютер орындайды. Графикалық модельдеуде құбылыс немесе үдерісті визуалдау жүзеге асырылады. Құбылыс күрделі болғандықтан, оны айқын көзге елестету қажет болғанда, графикалық модельдеуге жүгінеміз. Бұл жерде 3D модельдеудің, яғни объекті моделін үшөлшемді кеңістікте жасаудың рөлі маңызды. Шынайы уақытта модельдеуді ерекше атап өткен дұрыс болады, ол кезде жасалып жатқан нәрсе сыртта не болып жатқанын біліп тұрады, басқа сөзбен айтқанда, шынайы әлем объектілерімен әрекеттеседі. Шынайы уақыт жүйесіне мысал ретінде ойынды атауға болады. Алайда, шынайы уақытта модельдеуді қолдану саласы әлдеқайда кең әрі оның тәжірибелік және ғылыми маңызы зор. Бағдарламаның мақсаты: «3D үлгілеу модулі» пәнінің мақсаты үшөлшемді моделді үйреніп игеру, үшөлшемді анимацияларды жасауды және визуалды эфекттерді жасау. Бағдарламаның міндеттері Пәнді оқытудың негізгі тапсырмасы: - Оқушылардың Blender бойынша теоретикалық білімдерге ие болу; - Blender ортасының жұмысшы ортасының негізгі құралдарымен танысу және пайдалану; - Оқушыларға объекттерді моделдеуді, объектерге текстураны иелендіру, сақынаны жарықтандыру, сақына объекттеріне анимацияны жасау, визуалдандыру технологиясын пайдалануды үйрену; - Оқушылардың Blender модификаторларын пайдаланудың тәжірибелік білімдерді жинақтау. Бағдарламаның міндетті: Blender бойынша теоретикалық және тәжірибелік білімге, визуалды эфекттреді жасау бойынша тәжірибе мен талптарға; Blender ортасының негізгі құралдарды,текстура, жарықтандыру, визуалдау технологиясының түсінігі; Blender ортасының негізгі құралдарын пайдалану; сақынаға жарықтандыруды пайдалану, сақына объекттеріне жарықтандыру құралдарын пайдалану, визуалдау технологиясын тәжірибе жүзінде пайдалану; объекттерді жасауда, Blender ортасында өз сақынасының объекттерін қарастыруды және визуалданатын объекттерді басқару. Күтілетін нәтиже: Blender бағдарламасын меңгерген және оны кәсіби мамандығында пайдалана алатын тұлға Оқушылардың білім – білік дағдысына қойылатын талаптар: Оқушы нені білуі керек: 3D ұғымын сипаттай және талдай білу; Blender бағдарламасының интерфейсін сипаттай білу; Оқушы нені үйрену керек: 3D модельдерін құрастырып үйренеді; Бағдарламаның командаларымен жұмыс жасауды; Шығармашылықпен жұмыс жасай білу; Бағдарламаның базалық мазмұны. I-бөлім 3D кіріспе. Blender бағдарламасының интерфейсімен танысу. 3D кеңістігі. Ыстық пернелер Құрал жадықтар редакторы Blenderдегі объектілер. II -бөлім Қарапайым моделдерді құрастыру Негізгі құрал саймандар редакторы Практикалық жұмыс. Өрмекші торы. Текстпен жұмыс. Практикалық жұмыс. Смайлик қалай жасау керек? Практикалық жұмыс. Қайық жасау. III –бөлім Материялдар мен текстуралар. Материалды жасау және баптау Негізгі түс және көрініс. Текстураларды жасау және баптау. UV өрістетуі бойынша текстураны салу. Практикалық жұмыс. Алма салу IV –бөлім Анимация Blender-дегі анимация негіздері. Timeline мен қарапайым басқару. Graph Editor анимацияны дәл орнату. Анимация және деформация Практикалық жұмыс. Жұмыртқа қуыру. V –бөлім Физикалық әлем Blender-дегі Физикалық әлем.Бөлшектер жасау және баптау Практикалық жұмыс. Шаш пен теріні модельдеу. Практикалық жұмыс. Мата жасау Практикалық жұмыс. Мата жасау. Сұйықтық имитациясы. Практикалық жұмыс. Судағы іздер. VI –бөлім Жарық, камера және кокжиек Камерамен жұмыс. Практикалық жұмыс.күннің батуы. VII –бөлім Blender-дегі рендеринг жүйесі Өңдеу негіздері. Freestyle көркемдік рендер Фотореалистік рендер VIII –бөлім Blender тағы не істей алады? Жасырын мүмкіндіктер.Motion Tracking жүйесі. IX –бөлім Жобамен жұмыс Жоба жасау. Жоба қорғау «3D үлгілеу модулі » оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар
Пайдаланылған әдебиеттер Прахов А. А. - Blender 2.7 www.blender.org https://www.youtube.com/channel/UCLYrT1051M_6XkbEc5Te8PA blender3d.com.ua https://younglinux.info/blender.php http://3dtoday.ru/blogs/3dtool/help-a-lot-of-beginners-repetierhost-first-steps-part-1/ https://sites.google.com https://www.blogger.com http://picasaweb.google.com http://www.ict.edu.ru/ft/006154/collaboration2009_no_crop.pdf -әлеуметтік қарым-қатынас және желілік оқыту. Тарбағатай ауданы білім беру бөлімі КЕЛІСІЛДІ___________ БЕКІТІЛДІ_________________ Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Тарбағатай ауданы білім басқармасы бойынша сараптамалық кеңесі Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «__» _______________2021жыл «Көктүбек орта мектебі» КММ директоры М.Салқынбаев «____»_______________2021жыл Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Көктүбек орта мектебі» КММ 2021-2022 оқу жылына арналған «3D үлгілеу модулі » курсының жоспары 7 - сынып Дайындаған : Ожарбекова Н |