Главная страница
Навигация по странице:

  • Аристотель мемлекеттің түрін бөлгенде қандай өлшемді басшылыққа алды

  • Платон, Аристотель, Цицерон жеке меншікке қалай қарады Неге

  • Платон мен Аристотель мемлекеттік басқарудың түрі ретінде демократияға не себепті қарсы болды

  • Орта ғасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде

  • «Макиавеллизм» деген не

  • Утопиялық социалистердің саяси көзқарастарындағы кемшіліктер қандай Олардың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық идеяларға нелерді жатқызар едіңіз

  • Қоғамдық келісім теориясы деп нені айтады

  • Батыс Еуропадағы Қайта өркендеу дәуіріндегі процестермен ұқсастық бар ма Болса қандай

  • саясаттану жауап. Баылау жне зінзі тексеруге арналан сратара жазбаша жауа бер


    Скачать 28.3 Kb.
    НазваниеБаылау жне зінзі тексеруге арналан сратара жазбаша жауа бер
    Дата09.12.2020
    Размер28.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласаясаттану жауап.docx
    ТипДокументы
    #158864

    Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жазбаша жауа бер:

    1. Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?




    1. Аристотель мемлекеттің түрін бөлгенде қандай өлшемді басшылыққа алды?

    Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның дамығаң түрі, ал кауым – отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлектті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.


    1. Платон, Аристотель, Цицерон жеке меншікке қалай қарады? Неге?

    Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады.

    Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты – адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйтіп тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.

    Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.


    1. Платон мен Аристотель мемлекеттік басқарудың түрі ретінде демократияға не себепті қарсы болды?

    Мемлекеттің дұрыс және бұрыс түрлері - ежелгі грек ойшылы Аристотель өзінің "Саясат" еңбегінде қалыптастырған түсінік. Бұл еңбегінде Аристотель Платонның "Мінсіз мемлекет" ілімін сынға алады. Платоннан өзгеше ол алдыңғы орынға мемлекеттің "шексіз жақсы" үлгісін ұсынады. Платон ұсынған мүлік, әйел, бала ортақтығы мемлекетті жояды деп түсінеді. Аристотель мемлекет билеушілерінің алға қоятын мақсаттарына байланысты мемлекеттік құрылымның дұрыс және бұрыс түрлерін ажыратады. Дұрыс түрлеріне ол басқарушының санына қарамай (біреу ме, бернешеу ме, әлде, көпшілік пе) ортақ игілікке ұмтылатын мемлекеттік құрылымды жатқызды. Дұрыс түрлері: 1) монархия (бір адамның билігі); 2) аристократия (азшылықтың билігі); 3) полития (көпшіліктің билігі). Ал, бұрыс түрлеріне - билеушілердің өздерінің жеке мүдделерін көздейтін мемлекеттік құрылым жатады. Бұрыс түрлері: 1) тирания; 2) олигархия; 3) демократия. Осылайша, Платон "мінсіз мемлекетті" іздеді, ал Аристотель, шынайылыққа бір табан жақын тұрып, "ортақ мүддені көздесе, кез келген басқару түрін қабылдауға" келісті.


    1. Орта ғасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?

    Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды /V – XVI ғасырлар/. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.

    Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік католиктік ширкеудін, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін киян-кескі қүрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.

    Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин /354 - 430/ еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Қудай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның қүнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен /күнәhар болып/ немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар.

    Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский /1225 - 1274/ болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды.

    Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты – «ортақ игілікке» жету лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.

    Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басшыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне билік иесіне бағынуы тиіс.



    1. «Макиавеллизм» деген не?

    Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли /1469 - 1527/ болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы».

    Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, саран, опасыз, қаhар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ рет қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, «мақсат әдіс, тәсілді ақтайды» деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.


    1. Утопиялық социалистердің саяси көзқарастарындағы кемшіліктер қандай? Олардың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық идеяларға нелерді жатқызар едіңіз?

    XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс /1588 - 1679/ еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға /не мемлекет ұйымдарына/ жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

    Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье /1689 - 1775/ әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға /ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б./ байланыстырды. Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

    Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо /1712 - 1778/ ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі тендік, ал тендік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.

    Руссо тікелей халық-билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо халық жиналасын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.

    Америка халкының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның /1743 - 1826/ атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат- Америка Құрама Штаттарының «Тәуелсіздік Декларациясын» жазды. Мемлекеттік өкіметті құрап, оны бақылау құқынан еш адамды шеттеуге болмайды.

    Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн /1737 – 1809/ көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық қүреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шакырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, сөз, баспасоз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды. Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады дейді. Үкіметтің мақсаты – қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Онын саяси мұраты – жалпыға бірдей сайлау құқы, тен өкілдігі бар демократиялық республика.

    Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із калдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724-1804). Оның саяси пікірлері «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтын идеялары»; «Омірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған.

    XVIIIғ. аяғы – XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы қүштін әсерімен дамыды. Оның біріншісі – капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі – алдымен Англияда, сосын Франция және басқа батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері /ірі машиналы индустрияның мануфактуралық өндірісті алмастыруы/ капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм /ерікті, азат деген сөзінен шыққан/ болды . Сонымен катар мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.

    1. Қоғамдық келісім теориясы деп нені айтады?




    1. Марксизм саяси өмірді танып білуге қандай үлес қосты Қазіргі кезде марксизмнің дағдарысқа ұшырау себебі неде?



    1. Батыс Еуропадағы Қайта өркендеу дәуіріндегі процестермен ұқсастық бар ма? Болса қандай?




    1. ХХ ғасырда қандай саяси ілімдер, идеялар кең өріс алды?

    XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басышылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.

    Бүгінгі таңда АҚШ-тың Шғыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнің өнері университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламалардың талдауға, өкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.

    Бұрыңға Кеңес елінде бұл ғылымды партияға халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі шын мәнінде, саяси сауатты адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдан артық дәурінің құра алмаған да болар еді.

    Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тұмауға тиіс. Саясаттың мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен комунизм әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.

    Саясаттануға деген көзқарас 80-жылдардың екінші жартысында бұрыңғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан жоғары аттестациялау комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бастады.1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті «Саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкерлердің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 жылдарында Балтық бойы елдерінде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық университеті бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.
    1. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер

    Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалкитын, құлдырап түсетін де кезендері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктін ошағы болып, кұлпырап гүлдену Ежелгі Шығыс – Мысыр /Египет/, Вавилон /Ирак/, Үндістан, Қытай, Парсы

    /Иран/ елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоктығы көп жоғары болып, өркениеттіліктін үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды. Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың /халиф, хан, патша, султан, король, император және и т.б./ қолында болды. «Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді» деген көзқарас қалыптасты.

    Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыранқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар /полистер/ құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір кызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.

    Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкілі – Платон мен Аристотель. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т.б. Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамак, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері кұрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т.б. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай – бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін тендестірген екен деген ой тумауы керек.

    Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель /б.з. б. 384 - 322 ж.ж./ болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті.

    Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития» , «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар.
    2. Орта ғасыр мен Қайта Өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.

    3. Жаңа замандағы саяси ой.

    Саясаттану XIX ғасырдан екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді – 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1980 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, ал 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.


    написать администратору сайта