Главная страница
Навигация по странице:

  • Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі Баға (макс - 5)

  • Асқазанды шаю техникасы Мақсаты

  • Миы зақымдалған баланы күту. Мұзды мұйық кою техникасы. Мақсаты

  • «Естен тану кезінде жедел көмек» Мақсаты

  • Гипертермия кезінде жедел жәрдем. Мақсаты

  • «Құрысып-тырысу кезінде жедел көмек» Мақсаты

  • Астмоидты тынысты сальбутамол ингаляторымен емдеу. БАБЖ бағдарламасы Мақсаты

  • Клиникалық дағды орындалу алгоритмі Баға (макс - 5)

  • аттес алгоритм-1. Балалара антропометриялы тексерулер жргізу жне бабж бадарламасы бойынша физикалы дамуды баалау


    Скачать 42.86 Kb.
    НазваниеБалалара антропометриялы тексерулер жргізу жне бабж бадарламасы бойынша физикалы дамуды баалау
    Дата02.03.2022
    Размер42.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааттес алгоритм-1.docx
    ТипДокументы
    #379721
    страница3 из 3
    1   2   3

    мұрын тазалау, дәрі тамызу

    Мақсаты: жеке басының тазалығын сақтау,емдеу




    Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі

    Баға

    (макс - 5)




    1

    Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз,рұқсатын алыңыз




    2

    Тамызатын дәрінің атын, концентрациясын, сақтау мерзімің сыртқы этикеткасынан мұқият оқыңыз




    3

    Тамызғыштаң тұтастылығын тексеріңіз




    4

    Бет перде киіңіз. Қолды антисептикпен өндеңіз, кептіріңіз, қолғапты киіңіз




    5

    Баланы жөргектеу үстөліне жатқызыңыз (ересек баланы орындыққа отырғыз).




    6

    Мұрын қуысын тазалаңыз, қабықшалар болса өсімдік майына матырылған мақталы турундамен айналдыра тазалаңыз, Шырыш болса резеңке баллонмен сорып алыңыз.




    7

    Балаға дүрыс қалып беру, басын сәл шалқайтып, тамызатын жаққа қарай бұру.




    8

    Тамызатын дәрiнi copып алыңыз




    9

    Баланың мұрынының ұшын саусақпен сәл көтерiп, 1-2 тамшы тамызыңыз, мұрын қанатын басып сәл уқалаңыз




    10

    1-2 минуттан кейiн осы ретпен дәрiнi мұрын қуысының екiншi жағына тамызыңыз




    11

    Қолданған тамызғышты, пинцетті дез.ерітіндіге салыңыз




    12

    Қолғапты ,бет пердені шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз




    13

    Жасалған іс шараны ауру тарихына жазыңыз






    Асқазанды шаю техникасы

    Мақсаты: баланың асқазанын улы заттардан тазалау




    Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі

    Баға

    (макс - 5)

    1

    Анасына  шараның өткізу ретін түсіндіріңіз,рұқсатын алыңыз




    2

    Алжапқышты киіңіз




    3

    Қолды антисептикпен өндеңіз,кептіріңіз, қолғапты киіңіз




    4

    Баланы көмекшінің алдына отырғызыңыз және мықтап ұстатыңыз

    ( омырау жасындағы баланы жөргектеу, сол жақ қырына жатқызыңыз)




    5

    Балаға көмекшінің қолының үстінен алжапқыш кигізіңіз. Шайынды суға арналған стерильді ыдысты көмекшінің немесе баланың аяғының қасына қойыңыз




    6

    Ұзындығын өлшеңіз (құлақ сырғалығынан мұрынның ұшына дейін, және одан семсер тәрізді өсіндіге дейін) және лейкопластырмен белгілеңіз




    7

    Зондтын канюлясын жабыңыз




    8

    Бітеу жағынан 7-8 см аралығында зондты қаламға ұқсас қолына алыңыз




    9

    Зондтын бітеу жағын сулап, зондты абайлап белгіге дейін асқазанға енгізіңіз (егер бала тұншығып, жөтелсе, зондты шығарып процедураны қайталаңыз)




    10

    Зондқа воронка кигізіп, асқазан деңгейінен төмен түсіріп Жане шприці көмегімен жылы су енгізіңіз




    11

    Баяу жоғары көтеріп, асқазанға сұйықтық енуін бақылаңыз. Зондтан су жоғалып кетпеуі керек.




    12

    Зондты қайта төмен түсіріп, асқазан бөліндісін шайынды суға арналған ыдысқа төгіңіз(шыққан судың көлемі енгізілген судың көлемінен кем болмауы керек).. Су тазарғанға дейін осы іс шараны қайталаңыз.




    13

    Су мөлшері бала жасына 1 литр көлемінде есептеледі.




    14

    Қажет жағдайда асқазан бөліндісін зерттеуге жинаңыз.




    15

    Жолдама жазып зертханаға жіберіңіз




    16

    Пинцетті, зондтті дез.ерітінді бар ыдысқа салыңыз




    17

    Қолғапты, алжапқышты шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерга салыңыз. Қолды жуыңыз, құрғатыңыз





    Миы зақымдалған баланы күту. Мұзды мұйық кою техникасы.

    Мақсаты: баланың мәселелерін дер кезінде анықтау, өмірге қажеттіліктерін қанағаттандыру, миы зақымдалған баланы күту




    Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі

    Баға

    (макс - 5)




    1

    Анасына  шараның өткізу ретін түсіндіріңіз, рұқсатын алыңыз




    2

    Керекті құралдарды дайындаңыз




    3

    Қолды антисептикпен өндеңіз, кептіріңіз, қолғапты киіңіз




    4

    Мұз кесектерін жөргекке салып, ағаш балғамен ұрып ұсақтаңыз




    5

    Мұйықтың 1/3 бөлігін мұзбен, 2/3 бөлігін сумен толтырыңыз




    6

    Мұйықты басу арқылы ауасын шығарыңыз




    7

    Мұйықты төмен қаратып, жақсы жабылғанын тексеріңіз




    8

    Мұйықты жөргекке ораңыз




    9

    Мұйықты баланың басынан 2-3 см арақашықтықта орналастырыңыз




    10

    Мұзы бар флакондарды салфеткамен орап ірі тамырлар маңына орналастырыңыз




    11

    Мұйықты, мұзды флакондарды 20-30 минутқа қалдырыңыз ( қажет болған жағдайда 10-15 минуттан соң қайталауға болады)




    12

    Мұздың еруіне байланысты мұйықтың ішіндегі суды төгіп қайта мұз салып, су құйып отыру керек.




    13

    20-30 минуттан соң мұздықты алы тастап баланың дене температурасын өлшеңіз.




    «Естен тану кезінде жедел көмек»

    Мақсаты: жедел көмек көрсету



    Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі

    Баға

    (макс - 5)




    1

    Баланың аяқ жағын жоғарылатып жатқызыңыз немесе басын төмен салып отырғызыңыз.




    2

    Қысатын киімдерден босатыңыз.




    3

    Таза ауамен қамтамасыз етіңіз.




    4

    Бетін сумен бүркіп,мүсәтір спиртін немесе сірке қышқылын иіскетіңіз.




    5

    Егер есін жимаса,кордиамин 6 айға дейінгі балаға 0,1мл/жас,6-12 ай-0,1-0,2мл/жасына,1 жастан жоғары 0,3-0,5мл/жасына тері астына енгізіңіз.






    Гипертермия кезінде жедел жәрдем.

    Мақсаты: дене қызуын түсіру




    Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі

    Баға

    (макс - 5)




    1

    Анасына  шараның өткізу ретін түсіндіріңіз, рұқсатын алыңыз







    2

    Баланы төсекке жатқызыңыз




    3

    Қысатын киімдерін шешіңіз




    4

    Таза ауамен қамтамасыз етіңіз.




    5

    37,0-37,5 С -көп мөлшерде сұйықтық беріңіз




    6

    37,5-38 С –физикалық әдістер қолданыңыз: суық басу, шешіндіру, суық орамалмен сүрту,мұздық қою, желдеткішті  қосу, шекесіне компресс қойыңыз.




    7

    38,5 және одан жоғары болса- ыстық түсіретін препарат парацетамол беріңіз.




    8

    Оксигенотерапия  жүргізіңіз.




    9

    Ем жүргізгеннен бастап 20-30 минут ішінде баланың зәрін шығаруын қадағалау




    10

    20-30 мин кейін термометрияны қайта жүргізіңіз.




    «Құрысып-тырысу кезінде жедел көмек»

    Мақсаты: жедел көмек көрсету



    Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі

    Баға

    (макс - 5)




    1

    Баланы түзу жерге жатқызыңыз.




    2

    Қысатын киімдерінен босатыңыз




    3

    Таза ауамен қамтамасыз етіңіз.




    4

    Баланың жағдайын бағалаңыз (құрысып-тырысу, есін, дене температурасын және АД өлшеу, Ps, ТАЖ санау).




    5

    Азу тістерінің арасына мақтамен немесе бинтпен оралған шпатель немесе салфетка салыңыз және басын бір бүйіріне бұрыңыз, тілдің артқа ығысуын алдын алу үшін тілін ұстап тұрыңыз.




    6

    Амбу қапшығы және маскасы арқылы оксигенотерапия жүргізіңіз.




    7

    Құрысуға қарсы препараттарды бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіңіз:

    Реланиум/сибазон,брузепам/-0,1 мл/1 жасына;

    Дроперидол 0,1-0,2 мл/1 жасына ;

    Магнезий сульфат 25% - 0,1-0,2 мл/салм

    Немесе ГОМК 50-100 мг/салм




    8

    БАБЖ бағдарламасы бойынша 5 жасқа дейінгі балаларға диазепам немесе паральдегидті ректалды (тік ішекке) енгізіңіз (қажет дозаны туберкулин шприціне жинақтап, 4-5 см деңгейінде енгізіңіз, жамбасын бір-біріне жақындатып, бірнеше минут ұстаңыз).




    9

    Баланың жағдайын 10 минуттан кейін бағалаңыз, егер құрысып-тырысу басылмаса ем-шараны қайталаңыз.




    Астмоидты тынысты сальбутамол ингаляторымен емдеу. БАБЖ бағдарламасы

    Мақсаты: жедел көмек көрсету




    Клиникалық дағды орындалу алгоритмі

    Баға

    (макс - 5)

    1

    Анасына іс-шара барысын түсіндіріп, келісімін алу.




    2

    Баланы отырғызыңыз, анасының немесе көмекшінің қолына мықтап ұстатыңыз.




    3

    1литрлік пластик бутылкадан қолдан спейсер дайындаңыз. Спейсер көлемі 750 мл кем болмауы керек.




    4

    Спейсерді баланың аузына кигізіңіз.




    5

    Сальбутамол шашыратқышының бас жағын спейсерге қаратып, 2 рет (200мкг) басыңыз. Бала осы құралдан 30 секунд аралығында дем алу керек. Жағдайы жақсаруы байқалмаса әр 20 минут сайын 3 циклдан қайталау қажет.




    6

    Әр 20 минут сайын бала жғдайын бағалаңыз( кеуде торының тартылуы, астмоидты тыныс бар ма, стридор бар ма, ТАЖ санау, дене қызуын өлшеу.




    7

    3 циклдан кейін жақсару байқалмаса бала стационарға жолданады.




    8

    Сальбутамол ингаляциясынан кейін бала жағдайы жақсарса үйіне қайтарылады.




    9

    Анасына үй жағдайында астмоидты тынысты сальбутамолмен ингалятор арқылы емдеуді түсіндіріңіз.



    1   2   3


    написать администратору сайта