|
аттес алгоритм-1. Балалара антропометриялы тексерулер жргізу жне бабж бадарламасы бойынша физикалы дамуды баалау
Босанғанға дейінгі патронаж және жаңа туылған балаға алғашқы патронаж жүргізу
БАБЖ бағдарлама бойынша
Мақсаты: Баланың денсаулығының жағдайын бағалау, анасының денсаулығының жағдайын бағалау, отбасының әлеуметтік –экономикалық жағдайын бақылау
Босанғанға дейінгі патронаж жүкті әйелге 2 рет жүргізіледі. Бірінші рет аяғы ауыр әйел
әйелдер консультациясында есепке турғаннан кейін 10 күн ішінде. Мақсаты: аяғы ауыр
әйелдің тұрмыс және қызмет жағдайларын,денсаулығын анықтау,акушерлік гинекологиялық анамнез жинау.
Екінші рет аяғы ауырлықтың 31-32 аптасында жүргізіледі. Мақсаты:берген кенестерді
орындауын бақылау. Омырауды тамақтандыруға дайындауды және гипогалактияны алдын
алуды, сәбидің келуіне пәтерді дайындау,күтім жабдықтарын дайындау.
Жаңа туған нәрестеге алғашқы патронаждің мақсаттары:
Қалыптасқан ережеге сәйкес, алғашқа патронаж нәрестеге перзентханадан
шыққаннан кейін, үш күн аралығанда дәрігер мен мейірбике бірге жүргізеді.
Бір айға дейін патронаж аптасына бір рет жүргізіледі. Бір айдан бір жасқа дейін айына бір рет жүргізіледі.
Дәрігер нәрестені қарағанда, оның жалпы күйіне, терісі мен көрінетін шырышты қабаттарына, кіндік шеңберіне және табиғи қатпарларына, БЦЖ вакцинасы орнына көңіл аударады. Анасына баланы дұрыс тамақтандыру, гигиеналық жағдай туғызу, күн тәртібі
туралы кеңес береді.
Мейірбике қайта келгенде, баланы қарап, дәрігер тағайындауларын
орындауын қадағалайды және қажет кеңес береді.
Дені сау сәбиді мейірбике бір айда бір рет үйінде қарайды. Осы жастағы
сәбилердің дамуына медициналық байқау, олардың жеке ерекшеліктеріне
және бірінші жылдың жауапты кезеңдерін ескере отырып жүргізеді.
«Ларингоспазм кезінде жедел көмек көрсету »
Мақсаты: жедел көмек көрсету
№
| Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі
| Баға
(макс - 5)
|
| 1
| Баланы тегіс, түзу жерге жатқызыңыз
|
| 2
| Қысатын киімдерін шешіңіз
|
| 3
| Таза ауамен дем алдырыңыз
|
| 4
| Тыныштық жағдай жасаңыз
|
| 5
| Баланың бетіне суық су шашыңыз
|
| 6
| Жамбасын шапалақтаңыз
|
| 7
| Шпательмен тілдің түбін басыңыз
|
| 8
| Мақтамен төменгі мұрын жолдарын тітіркендіріңіз
|
| 9
| Мұрнына үрле немесе мүсәтір спирті искетіңіз
|
| 10
| Көк тамырға кальций глюконатын 1мл /жасына енгізіңіз
|
| 11
| Интубация, трахеотомия керек болған жағдайда жасаңыз
|
| 12
| Жүректің сыртқы массажын керек болған жағдайда жасаңыз
|
| 13
| Оттегіні беріңіз
|
| Құлақты тазалау. Құлаққа дәрі тамызу
Мақсаты: жеке басының тазалығын сақтау,емдеу
№
| Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі
| Баға
(макс - 5)
|
| 1
| Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз,рұқсатын алыңыз
|
| 2
| Тамызатын дәріні тексеріңіз (оқы дәрінің атын, концентрациясын, сақтау мерзімін)
|
| 3
| Тамызғыштың тұтастылығын тексеріңіз
|
| 4
| Тамызатын дәріні су моншасында 360-370С дейін жылытып алыңыз
|
| 5
| Қолды антисептикпен өндеңіз,кептіріңіз, қолғапты киіңіз
|
| 6
| Басын бір жаққа қаратып, баланы жатқызыңыз (үлкен баланы отырғызыңыз)
|
| 7
| Турунданы айландыра енгiзiп, құлакты тазалаңыз
|
| 8
| Оң қолға тамызғышты ал, дәріні сорып ал, тамшының жылулыған анықтау үшін бір тамшысын кәрі жілік буының сыртына тамызыңыз
|
| 9
| 2 жасқа дейінгі баланың құлақ қалқасың артқа және төмен тартып, 2 жастан асқан баланың құлақ қалқасын артқа және жоғары тартып дәрiнi тамызыңыз
|
| 10
| Дәрілік заттын 5-6 тамшысын тамызып, құлақ төмпешігіне бір неше рет басыңыз
|
| 11
| Құлаққа 15-20 мин.мақта тампонын салыңыз
|
| 12
| Анасына оның қажеттілігін түсіндіріңіз
|
| 13
| Құлақты құрғақ мақта шаригімен сүртіңіз
|
| 14
| Қолды жуып, кептіріңіз
|
|
|
|
|
| Мұрыннаң қан кету кезінде көмек көрсету
Мақсаты: қан ағуды тоқтату
№
| Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі
| Баға
(макс - 5)
|
| 1
| Анасына шараның өткізу ретін,балаға жедел көмек көрсету туралы түсіндіріңіз
|
|
| 2
| Баланы тыныштандырыңыз
|
| 3
| Басын төмен түсіріп отырғызыңыз (аспирацианы, қанды жутуды алдын алу)
|
| 4
| Қысып түрған киімді босатыңыз , баланы терең және тегіс дем алуды сұраңыз
|
| 5
| Таза ауамен қамтамасыз етіңіз
|
| 6
| Қан кеткен жағынаң мұрын қанаттарын мұрының қабырғасына басыңыз
|
| 7
| Тамырларды тарылту үшін, мұрынға және желкеге 30 минут суық компресс қойыңыз
|
| 8
| Аяққа жылытқыш немесе ыстық ванна қойыңыз
|
| 9
| Дәкені 3% сутегі асқын тотығына немесе 0,1 % адреналин ерітіндісіне немесе 5% аминокапрон қышқылына малып, мұрын жолдарына еңгізіңіз
|
| 10
| Егер қан тоқтамаса 3% Н2О2 ерітіндісіне немесе 5% аминокапрон қышқылына малып 25-30 см ұзындығы турунданы алып мұрын қуысына тығындаңыз (турунданы 12-24 сағатқа қалдыру керек)
|
| 11
| Дицинон, кальций глюконат бұлшық етке енгізіңіз
|
| 12
| Дәрігердің нұсқауы бойынша қан тоқтататын препараттар беріңіз
|
| 13
| Себебін анықтап және оларды жойыңыз
|
|
Оральды регидратация жүргізу техникасы
Мақсаты: эксикозбен күресу, сусызданудың алдын алуы
№
| Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі
| Баға
(макс - 5)
|
| 1
| Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз, рұқсатын алыңыз
|
| 2
| Қолды антисептикпен өндеңіз,кептіріңіз, қолғапты киіңіз
|
| 3
| 1пакет регидронды 1л. қайнатылған 20-22 град. суға еpiтіңіз (колдану мерзiмi 1 тәулiк)
|
| 4
| Беретiн мөлшердi анықтаңыз ( А, Б,В жоспары) I дәр.эксикозда 50мл / 1кг салмагына, II дәр. Эксикозда 90-100 мл./1кг салмағына
|
| 5
| Беру әдici: ерiтiндi бiр шай қасығымен жиі-жиі 1-2 минут аралығында балаға беріп отыру керек. Ересек балаға әр 3-5 минут сайын ас қасықпен. I дәр. 4-сағат аралығында; IIдәр.- 6 сағат аралығында ерiтiнді берiледi
|
| 6
| Ішкен тамақтын мөлшерін, бөлінген зәрдің, дәретінің, құсық мөлшерін анасы белгілеп отыру керектігін түсіндіріңіз
|
| 7
| 4-6 сағаттан кейiн баланың жағдайын бағалаңыз (үлкен еңбегiн, терiciн, шырышты қабатын,тері ургорын, шөлдеу барма)
|
| 8
| Баланың жағдайын қайталап бағалап, сусыздану дәрежесін анықтаңыз. Ем жоспарын анықтаңыз.
|
|
Шала туған баланы зонд арқылы тамақтандыру
Мақсаты: шала туған баланы тамақтандыру
№
| Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі
| Баға
(макс - 5)
|
| 1
| Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз, рұқсатын алыңыз
|
| 2
| Қолды антисептикпен өндеңіз, кептіріңіз, қолғапты киіңіз. Бет пердесін киіңіз.
|
| 3
| Лотоктағы 60-70 0С суға қойып 36-370С дейін ана сүтін жылытыңыз .
|
| 4
| Бас жағын жоғарлатып баланы қырынан жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.
|
| 5
| Залалсыздандыралған асқазан зондын алыңыз. Зондты енгізу ұзындығын анықтау үшін мұрын ұшынан-құлақ сырғалығына дейін-төстің семсер тәрізді өсіндісіне дейін өлшеп алыңыз. Лейкопластырьмен белгілеп, канюлясын жабыңыз.
|
| 6
| Зонд ұшынан 7-8 см қашықтықта ұстап, мұрын арқылы белгіленген жерге дейін енгізіңіз. (зондты енгізген кезде балада жөтел, цианоз байқалса - зонд тыныс жолдарын енгізілді, онда зондты шығарып, балаға ылғалдатылған оттегі беру қажет).
|
| 7
| Шприцке керекті мөлшерде жылы ана сүтін жинаңыз. Зондтың қақпағын ашып, сүтi бар шприцті жалғастырыңыз.
|
| 8
| Зондты сәл көтеріп,сүттi жаймен асқазанға жiберіңіз
|
| 9
| Тамақтандырып балғаннаң кейiн шприцті зондтан шығарып алыңыз, зонд канюлясын жауып,зондты лейкопластырмен баланың бетіне жабыстырыңыз ( 24-48 сағатқа дейін зондты қалтыруға болады) немесе
|
| 10
| Ауыз құысынаң 2-3 см қашықтықта оң қолдын 1, 2 саусақтарымен зондты ұстап, дәкемен зондты шығарып алыңыз
|
| 11
| Баланы бас жағын жоғарлатып, оң жақ қырымен жатқызыңыз
|
| 12
| Дәкені, шприцті, зондті қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті дезерітінді бар ыдысқа салыңыз.
|
| 13
| Қолғапты шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз Қолды жуып, құрғатыңыз.
|
|
|
|
|