|
аттес алгоритм-1. Балалара антропометриялы тексерулер жргізу жне бабж бадарламасы бойынша физикалы дамуды баалау
Балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу және БАБЖ бағдарламасы бойынша физикалық дамуды бағалау.
| Тазарту клизмасын өткізу техникасы
| Жаңа туылған балаға асфиксия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету
| Жедел стеноздаушы ларинготрахеит кезінде дәрігерге дейін көмек көрсету
| Босануға дейінгі патронаж және жаңа туылған балаға алғашқы патронаж жүргізу БАБЖ бағдарламасы бойынша
| Ларингоспазм кезінде дәрігерге дейін көмек көрсету
| Құлақты тазалу, дәрі тамызу
| Мұрыннаң қан кету кезінде көмек көрсету
| Оральды регидратация жүргізу техникасы БАБЖ бағдарламасы
| Шала туған баланы тамақтандыру
| Мұрынды тазалау,дәрі тамызу
| Асқазанды шаю техникасы
| Миы зақымдалған баланы күту. Мұзды мұйықты қою техникасы.
| Гипертермияда көмек көрсету.БАБЖ бағдарламасы бойынша
| Естен тану кезінде көмек көрсету
| Коллапс кезінде көмек көрсету
| Құрысып-тырысуда жедел көмек және БАБЖ бағдарламасы бойынша көмек
| Іш кебу кезінде жедел көмек
| Гипогликемиялық кома кезінде көмек
| Гипергликемиялық(диабеттік) комада жедел көмек
| Астмоидты тыныс алуды БАБЖ бағдарламасы бойынша емдеу
|
Балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу және БАБЖ бағдарламасы бойынша физикалық дамуды бағалау.
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау.
1 жасқа дейінгі баланың салмағын өлшеу
№
| Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі
| Баға
(макс - 5)
|
| 1
| Анасына шараның өткізу ретін түсiндiріңіз, рұқсатын алыңыз
|
| 2
| Таразыны қозғалмайтын беткейге орналастырыңыз
|
| 3
| Қолды антисептикпен өндеңіз,кептіріңіз, қолғапты киіңіз
|
| 4
| Таразының беткейiн дезертiндіге батырылған сүрткішпен өндеңіз
|
| 5
| Таразыны жұмысқа дайынданыз, арнайы кнопкаға басыңыз, индикаторда «8888888» «000000» дейін сандар пайда болады
|
| 6
| Жүк көтергiш платформаға жөргек салыңыз -индикаторда оның салмағы жарықтанады және kg деген жазылу шығады
|
| 7
| Жөргектiң салмағын "Т" кнопкасына басып, машинанын ойына тастаңыз, индикаторда нольдер және NET пайда болады
|
| 8
| Баланы таразының беткейіне жатқызыңыз, индикаторда баланың салмағы жазылады
|
| 9
| Баланы алып, анасына беріңіз
|
| 10
| Нәтижесін баланың даму тарихына жазыныз, анасына айтыңыз
|
| 11
| «Т» кнопкаға басып, жөргектің салмағын алыңыз
|
| 12
| Арнайы кнопкаға басып, таразына өшіріңіз
|
| 13
| Қолғапты шешіп, жоюға арналғал контейнерге салыңыз
|
| 14
| Қолды жуып, кептіріңіз.
|
|
| Орташа баға
|
|
1 жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу
№
| Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі
| Баға
(макс - 5)
|
| 1
| Анасына шараның өткізу ретін түсiндiріңіз, рұқсат алыңыз
|
| 2
| Көлденен бой өлшегiштi шкаласымен өзiне қаратып үстелге орнатыңыз
|
| 3
| Қолды антисептикпен өндеңіз, кептіріңіз,қолғапты киіңіз
|
| 4
| Бой өлшегiштi дез.ерiтiндiге батырылған сүрткішпен өндеңіз
|
| 5
| Жөргектi бой өлшегiштiн үстiне жайыңыз (шкала ашық болсын)
|
| 6
| Баланың басын бой өлшегiштiн жылжымайтын тақтайына тигiзiп жатқызып, анасы баланың басын ұстап тұруын сұраңыз
|
| 7
| Баланың аяқтарын қолмен тiзеге басыңыз
|
| 8
| Табандарға бой өлшегiштiн жылжымалы тақтайшасын тақаңыз
|
| 9
| Шкала бойынша баланың бой ұзындығын анықтаңыз, баланы алып анасына беріңіз
|
| 10
| Нәтижесiң баланың даму тарихына жазып, анасына нәтижесiн хабарлаңыз
|
| 11
| Бой өлшегіштен жөргекті алыңыз
|
| 12
| Бой өлшегiштiн жұмысшы беткейiн дез.ерітінге батырылаған сүрткішпен өндеңіз
|
| 13
| Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз
|
| 14
| Қолды жуып, құрғатыңыз
|
| Тазарту клизмасын өткізу техникасы
Мақсаты: баланың iшектерін босату
№
| Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі
| Баға
(макс - 5)
|
| 1
| Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз, рұқсатын алыңыз
|
| 2
| Клеенканы жайыңыз, үстiне жөргек салыңыз
|
| 3
| Қолды антисептикпен өндеңіз, кептіріңіз, қолғапты, алжапқышты киіңіз
|
| 4
| Резенке баллонның ауасын шығарып, t 20-22 0 суды сорып алыңыз. (судың мөлшерi а) нәрестеге 25-30 мл. б) сәбиге 50-150 мл в) 1-3 жас балаға-150-200мл)
|
| 5
| Баллонның ұштығына вазелин майын қүйыңыз
|
| 6
| 6 айға дейiнгi балаңы арқасымен аяғын көтерiп,6 айдан асқан баланы сол жақ қырымен тiзесiн iшiне бүгіп жатқызыңыз.
|
| 7
| Сол қолдың 1-2 саусақтарымен құйрығын ашыңыз. Баллонның ұштығын үстіне қаратқызып, оң қолдың үлкен саусағымен астынаң басып ұстаңыз .Оң қолмен ақырындап, бipiншi кiндiкке қарай 1-2 см, сонаң сон сегiзкөзге қатарластыра ұштықты енгiзіңіз
|
| 8
| Ақырындап баллонды басып, суды iшке жiберіңіз
|
| 9
| Сол қолыңмен баланың кұйрығын 3-5 мин қысыңыз
|
| 10
| Баланы арқасымен жаткызып, үстіне жөргек жауып, iшектердiң босауын бақылаңыз
|
| 11
| Ішi босағаннаң кейiн, жуындырып, қатпарларына өсімдік майын жағып, киiндiріңіз
|
| 12
| Қолғапты, алжапқышты шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерга салыңыз . Қолды жуып, құрғатыңыз
|
| Жаңа туылған балаға асфиксия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету
Мақсаты: нәрестенің өмірін сақтау
№
| Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі
| Баға
(макс - 5)
|
| 1
| Анасына шараның өткізу ретін,балаға жедел көмек көрсету туралы түсіндіріңіз
|
|
| 2
| Қолды антисептикпен өндеңіз, кептіріңіз, қолғапты киіңіз
|
| 3
| Баланы жылытылған жөргекке салып, үстелге жатқызыңыз
|
| 4
| Тыныс алуын, жүрек соғуын (кіндік пульсация арқылы) тексеріңіз
|
| 5
| Егер жүрек соғуы 100р/мин төмен болса электросорғыш көмегімен ауыз қуысы және мұрын жолдарын шырыштан тазартыңыз.
|
| 6
| 30секундтан кейін қайталап ЖСЖ мен ТАЖ санаңыз.
|
| 7
| Егер жүрек соғу жиілігі минутына 100ден төмен болса Амбу қапшығы арқылы және маска көмегімен деп беріңіз. Жасанды дем беру 30 секундта 40-60 рет жиілікте жүргізіледі. (масканың өлшемі жасына сәйкес болу керек:шала туған бала-0, мерзімінде туған бала-1) Маска нәресте иегіне тығыз киіліп, баланың аузы мен мұрынын жауып тұруы керек.
|
| 8
| Қайтадан жүрек соғу жиілігін және тыныс алу жиілігін тексеріңіз
|
| 9
| Жүрек соғу жиілігі 60рет/мин төмен болса ( көрсеткіш болса трахея интубациясы), жүрекке тікелей емес массаж жасаңыз. 1:3 қатынасында 1 минутта 30вентиляция және 90 компрессия жүргізу. Көктамырға адреналин(эпинефрин) ерітіндісін 0,1-0,3 мл/кг еңгізіңіз
|
| 10
| Баланың жағдайын бағалаңыз
|
| 11
| Егер 10 минуттан кейін баланың жағдайы жақсармаса , реанимациялық шараларды тоқтату керек.
|
| Жедел стеноздаушы ларинготрахеит кезінде дәрігерге дейін көмек көрсету
Мақсаты: көмей тұсындағы тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуын қалпына келтіру
№
| Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі
| Баға
(макс - 5)
|
| 1
| Анасына шараның өткізу ретін,балаға жедел көмек көрсету туралы түсіндіріңіз
|
|
| 2
| Баланы бас жағын жоғарлатып тегіс жерге жатқызыңыз
|
| 3
| Қысатын киімдерден босатыңыз
|
| 4
| Таза ауамен қамтамасыз етіңіз
|
| 5
| Тыныштық жағдай жасаңыз
|
| 6
| Алдандыру шараларын өткізіңіз: ыстық аяқ ваннасын жасаңыз (су температурасы 38-39), аллергиялық реакциялар болмағанда кеуде қуысына жоғарғы бөлігіне және балтырға қыша қағазын жапсыр, аяққа жылытқыш қойыңыз
|
| 7
| Ингаляция жүргізіңіз: 2% натрий бикарбонат ерітіндісімен
(тұймедақ , шалфей, эвкалипт, өгей шешесі қайнапатлары)
|
| 8
| Бұлшық етке немесе көктамырға преднизолон(дексаметозон), эуфиллин, супрастин еңгізіңіз
|
| 9
| И Оксигенотерапия жүргізіңіз
|
| 10
| Жедел тыныс алу жетіспеушілікте трахеяның интубациясын бастау керек 3-4 дәрежесінде
|
| 11
| Баланы арнайы бөлімшеге жедел госпитализациялау
|
|
|
|
|