созылмалы холецичтит. созылмалы холецистит у деете. Балалардаы холециститті клиникалы жіктелуі Аымы бойынша жіті созылмалы айталамалы. абыну трі бойынша
Скачать 48.56 Kb.
|
Созылмалы холецистит – бұл өт қабы қабырғасының созылмалы қабыну ауруы, ауру өте баяу дамиды және өт қабының склероздануымен, деформациясымен жүреді. Балалық шақта холецистит көбінесе лямблиозбен және ішекқұртты инвазиямен байланысты болады. Балалардағы холециститтің клиникалық жіктелуі : Ағымы бойынша: • жіті; • созылмалы; • қайталамалы. Қабыну түрі бойынша: • катаральды; • флегмонозды; • гангренозды. Ауру кезеңі бойынша: • ушығу; • толық емес ремиссия; • ремиссия. Диагностика Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі: Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер: • ЖҚТ (6 параметр); • ЖНТ; • Қанның биохимиялық талдауы ( АСТ, АЛТ, билирубинді анықтау); • Нәжісті зерттеу (копрограмма); • Дуоденальды сүңгілеу; • Іш қуысы ағзаларының УДЗ; Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер: • Қанның биохимиялық талдауы (альфа-амилаза, глюкоза, сілтілі фосфатаза, холестеринді анықтау) • ФГДС; • Тамырішілік холангиохолецистография; • Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ) • ЭКГ. Диагностикалық критерийлер: Шағымдары және анамнез: Шағымдары: Оң қабырға доғасы аймағындағы тұйық ұстамалық ауру (әсіресе майлы және қуырылған, ащы тағамдарды, газдалған сусындарды қабылдаған соң), ауызда ащы дәмнің сезілуі : • құсу; • кекіру; • тәбеттің төмендеуі; • іш өту не іш қату; • дерматиттер; • бас ауруы; • әлсіздік; • шаршау. Анамнез: • дұрыс тамақтанбау; • билиарлы жолдың дисфункциясы; • аз қозғалу; • кейбір дәрілік препараттарды көп қолдану; • өт қабының атониясы; • даму ақаулығы; • тұқымқуалау. Физикальды зерттеу : Оң қабырға аймағындағы бұлшықеттер резистенттілігі, «өт қаптық» симптомдардың оң болуы: Кер (өт қап нүктесіндегі ауру сезімі), Ортнер (оң қабырға доғасын қиғаш қолмен соққылағандағы ауру сезімі), Мерфи (демді ішке тартқан қалпында оң қабырға аймағын пальпациясы кезіндегі ауру сезімі), оң қабырға доғасының пальпациясы кезіндегі ауру сезімі созылмалы холециститті көрсетеді. Зертханалық зерттеулер : ЖҚТ (лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жылдамдауы), дуоденальды сұйықтық құрамын бактериологиялық, цитологиялық және биохимиялық зерттеу (салыстырмалы тығыздықтың төмендеуі, тұтқырлығының жоғарылауы, рН қышқылды ортаға ауысуы, өт қышқылдарының мөлшері, билирубиннің төмендеуі). Аспаптық зерттеу : УДЗ – өт қабының 2 мм-ден артық тығыздалу мен қалыңдануы, жоғарғы бөлігінің қалыптыдан 5 мм-ден артық ұзаруы, паравизикальды эхонегативтіліктің болуы, сладж-синдромы (Өт қабы қабынуының халықаралық критериі, Вена, 1998); ФГДС – асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімдерінің шырышты қабатын, соның ішінде Одди сфинктерін көруге мүмкіндік беретін диагностиканың эндоскопиялық әдісі. Сонымен қатар ФЭГДС кезінде өт зерттеуге алынады; Холангиохолецистография — өт қабы мен өт жолдарының анатомиялық және функциональдық жағдайын, олардағы конкременттердің, (өттас ауруы), қабынулық өзгерістердің (холецистит, холангит), іш босауының бұзылыстарының (дискинезиялар) бар жоғын анықтауға мүмкіндік береді; Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография – зерттеу кезінде барлық өт шығару жолдарының көрінісін, сонымен қатар әртүрлі толу ақауларын көруге болады. Диагностикалық мүмкіндіктермен қатар, өт шығару жолдарының дистальды бөлімінде орналасқан тастарды алып тастау және папиллосфинктеротомия секілді емшараны жасауға болады; Дуоденальды сүңгілеу – өт үлесінің пайда болуы мен көлеміне қарай өттің типін анықтайды. Өтте шырыш, билирубин, холестерин анықталса, оны микроскоптайды: лейкоциттардың, билибирубинаттардың, лямблийдің болуы диагнозды растайды. В үлесіндегі өзгерістер өт қабындағы, ал С үлесіндегі өзгерістер өт жолдарындағы үрдістерді көрсетеді. Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер • ЛОР кеңесі – мұрын-жұтқыншаққа санация жасау мақсатында; • Стоматологтың кеңесі – ауыз қуысының санациясы мақсатында; Дифференциальды диагноз
ЕЕмдеу тактикасы Емнің мақсаттары: • аурудың асқындыры алмау; • моторикалық бұзылыстарды қалпына келтіру; • қабынулық, ауру, диспепсиялық синдромдарды тоқтату Емнің тәсілі Дәрі-дәрмексіз емдеу №5 диета холецистит кезінде – емнің ең маңызды бөлімдерінің бірі, тағам қабылдауы күніне 4-6 рет жиілейді. Тәуліктік калория мөлшері дені сау бала қабылдайтын калорияға сәйкес болады. Стационарда науқас Певзнер бойынша № 5 үстелін қолданады. Минералды су өттің бөлінуін ынталандырады, оның тұтқырлығын төмендетіп, сұйылтады. Суды 1 кг салмаққа 3мл келетіндей, аз жұтымдап ішеді. Көбінесе Ессентуки № 4, 17 боржом қолданады. Егер холецистит гиперацидты гастритпен асқынатын болса, онда минералды суды (ессентуки № 4 боржом) астан 1–1,5 сағат бұрын, гипоацидты не нормацидты гастритпен асқынса – 40 мин. бұрын береді. Емнің курсы 2 апта, 3-6 ай үзіліспен. Емдік дене шынықтыру емнің маңызды бөлігі, өттің ағуын жақсартады, созылмалы холециститпен және билиарлы жолдың функциональды бұзылыстар кезінде қолданылады. Санаториялық-шипажай емделу. Санаториялық емделуге ауру ағымы ұзаққа созылған және ауруы жиі асқынатын балалар жіберіледі. Дәрі-дәрмекпен емдеу
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу: Негізгі дәрілік препараттар (100% қолдану мүмкіншілігі бар) • Триметоприм+Сульфаметоксазол 240-480 мг таблетка; • Амоксициллин 250 мг, табл.; 250 мг, 500мг капсула, 500 мг, 1000 мг инъекционды ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 125/5 мл флакондағы суспензия; • Азитромицин, 250 мг таблетка; • Интраконазол оральды ерітінді 150 мл - 10 мг/мл; • Домперидон, 10 мг, таблетка; • Силимарин, 100 мг, капсула; • Панкреатин, 10 000 ХБ, капсула; • Алгелдрат+Магния гидроксид, 15 мл пакет; • Пирантел, 250 мг таблетка; • Мебендазол, 100 мг шайнайтын таблетка; • Дротаверин 40 мг, 80 мг таблетка; • Гиосцин бутилбромиді 10, 20мг таблетка; • Платифиллин, 0,2% ампула; Қосымша дәрілер препараттар ( қолдану мүмкіндігі 100%-н аз). • Ретинол пальмитаты (Вит А), 100000 ХБ капсула; • Альфа-токоферилацетат (Вит Е), 100мг. капсула; • Пиридоксинагидрохлорид (Вит В6) 0,01 г, 0,002 г. таблетка; • Тиаминобромид (Вит В1) 40 мг таблетка. й Пайдаланған әдебиеттің тізбесі Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014 Пайдаланылған әдебиеттер: 1 Дәлелді медицина негізіндегі клиникалық ұсыныстар: Ағыл ауд. / И.Н.Денисова, В.И.Кулакова, Р.М. Хаитова ред. бойынша. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2001. - 1248 б.: 2. Клиникалық ұсыныстар+фармакологиялық анықтама: И.Н.Денисова, Ю.Л. Шевченко ред. бойынша- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004.-1184б. («Дәлелді Медицина сериясы») 3. Society of Nuclear Medicine Procedure Guideline for Hepatobiliary Scintigraphyversion 3.0, approved June 23, 2001. Society of nuclear medicine procedure guidelines manual; Мarch 2003. – 357р. 4. Еvidence-based clinical practice guidelines on the diagnosis and treatment of cholecystitis Domingo S. Bongala, Jr., MD, FPCS, Committee on Surgical Infections, Philippine College of Surgeons, Epifanio de los Santos Avenue, Quezon City, Philippines 5. Ересектеу балалардың ауруы, дәрігерлерге арналған басшылық, Р.Р. Шиляев және т.б.., М, 2002 6. Холециститте қолданылатын емдәм рецепттері, М Смирнова; РИПОЛ классик, 2013, 150б. 7. Холецистит және өт қабының басқа да аурулары Г. В. Болотовский; М., 2007. 160б. 8. Өт жолдарының созылмалы аурулары, Р. А Иванченкова. М.: «Атмосфера» басылымы, 2006. 416 б.: ил. 9. Балалар гастроэнтерологиясы, Т.Г. Авдеева, Ю.В. Рябухин, Л.П. Парменова; М., 2009, - 210 10. Педиатрға арналған практикалық гатсроэнтерология, М.Ю. Денисов, М. 2004, 204б 11. Поликлиникалық педиатрия, А.С. Калмыкова, М., «ГЭОТАР-Медиа» басылымы, 2007. 621 б. |