Главная страница
Навигация по странице:

  • Менеджер уақытының мынадай мәселелерге шешуге жұмсайды

  • 2. Басқару және лидерлік.

  • Басқару түсінігіне қатысты берілген әртүрлі авторлардың анықтамаларын жазып келу.

  • 1 тақырып. Басқару психологиясына кіріспе.. Басару жне менеджмент. Менеджмент


    Скачать 29.87 Kb.
    НазваниеБасару жне менеджмент. Менеджмент
    Дата11.10.2020
    Размер29.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 тақырып. Басқару психологиясына кіріспе..docx
    ТипДокументы
    #142218

    1. Басқару және менеджмент . 

    «Менеджмент» (ағылшын тілінде — manage) «басқару» деген мағынаны білдіреді. «Менеджмент» түсінігінің анықтамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады.

    Мағынасы бойынша «менеджмент» термині «басқару» терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша «басқару» ұғымынан «менеджмент» ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады. Мысалы, автомобильді және басқа да неғұрлым күрделі техникалық жүйелерді басқару. Ал «менеджмент» термині ұйым деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық процестерді, шаруашылық қызметті, жеке тұлғаны және қызметшілерді басқаруды сипаттайды.

    Басқару (басқару процесі) — мақсатқа жетуге бағытталған іс-қимылдарды ұйымдастыру. Менеджмент — өзіне міндетті әлемент ретінде адамдарды басқаруды, әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы. Менеджмент — бұл нарық жағдайындағы басқару. «Менеджмент» түсінігінің мазмұнын бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:

    • Менеджмент — бұл әр түрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі, функциясы, басқару

    • Менеджмент — бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің облысы. Бұл ғылыми пән.

    • Менеджмент — басқару бойынша жұмыс жасаушының әлеуметтік табы.

    Менеджментке байланысты бірнеше авторлардың анықтамалары бар:

    Адамдық қатынастар мектебінің өкілі Паркер — Роллеттің анықтамасы: Менеджмент — басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету.

    Менеджмент — ұйымның мақсатына жетуге және құруына қажетті бақылау, мотивация, ұйымдастыру жоспарлау процестері (Мескон, Альберт, Хедоуридің, Менеджмент негіздері оқулығы).

    Фирманы басқарудың теориясы мен тәжірибесі және нарьқ жағдайындағы оның қызметшілері (Веснин, Менеджмент негіздері).

    «Өндірістің тиімділігін жоғарылату мақсатымен болатын принциптер, әдістер, құралдар мен өндірісті басқару формаларының жиынтығы» (1988 ж. шетелдік сөздер сөздігі).

    «Өзіне міндетті элемент ретінде, адамдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы  (Американдық энциклопедия).

    Менеджменттің 3 маңызды факторын байланыстырады — мақсат, тиімділік, адам.

    Бәсеке жағдайында тиімділік — фирманың өміршеңдігінің басты шарты. Фирманы табыстылықпен, жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның бейімділігін талап етеді: сыртқы орта бөлігінде тұтынушының, ал ішкі орта бөлігінде қызметшінің.

    Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы мынадай компоненттерден тұрады: стратегиялың менеджмент қызметшілерді басқару (қызметші немесе кадрлық менеджмент), технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржыны басқару (қаржылық менеджмент), материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, жаңартпашылың менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.

    • Стратегиялық менеджмент — басты стратегиялық шарттарды құру және жету. Мақсаткерлікті таңдау, оқиғалық анализ, стратегиялық маркетинг, қызметті стратегиялық жоспарлау, ұйымдық құрылымдарды құру және түзету, стратегияларды жүзеге асыруды басқару стратегиялық менеджментке жатады.

    • Қызметшілерді басқару — маңызды менеджмент құраушысы. Ұйымньң барлық максаттары адамдар арқылы жүзеге асады.

    • Технологиялық процестперді басқаруда машина, аппаратура, механизмдер, сондай-ақ компьютерлер және басқа арнайы құрылғылардың көмегімен адамдар арқылы жүзеге асады.

    • Қаржыны басқаруда кәсіпорынның өндірісті-шаруашылық қызметі қаржыны таратуды тиімділікпен қамтамасыз ету реттеледі.

    • Материалдық-техникалық жабдықты басқару шикізатты, материалдарды, құрал-саймандарды қажетті өнімдермен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

    • Өткізуді басқару сыртқы ортаның мониторингісін қосатын маркетингтік қызмет арқылы жүзеге асады.

    • Жылжымайтын мүлікті басқаруда эксплуатация, сату, сатьш алу, айырбас, жал және жылжымайтын мүлікпен байланысты басқа да қозғалыстар сипатталады.

    • Жаңартпашылық менеджменті дамуды басқару, өзгермелі жағдайдағы ұйымның тиімділігін жоғарылату мен сақтау үшін қажет. Жаңа өзгерістер жоспарланады, ұйымдастырылады, ынталандырылады және бақыланады.

    • Сапаны басқару нарықтық бәсеке жағдайындағы фирманың бәсекеге тұрақтылығын қолдау үшін міндетті болып табылады.

    Басқару — белгілі бір бағыттағы іс-қимылды өзгерту мақсатында ақпарат арқылы бір жүйенің келесі жүйеге ықпал жасауы.

    Менеджмент пәні ұйымның мақсаттарына жету мақсатындағы еңбектік, материалдық, қаржылық, ақпараттың ресурстармен басқаруды игереді.

    Менеджмент дегеніміз — бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату мен пайданы молайту мақсатында қолданылатын принциптер, әдістер және өндірісті басқару амалдарының жиынтығы.

    Менеджменттің міндеті тиімді өндірістік күшке ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт беру:

    • Өндірістің автоматтандырылуын және жұмысшылардың жоғары маманды болуын қамтамасыз ету;

    • Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғарғы еңбек-ақымен ынталандыру жөне еңбекке жағдай жасау;

    • Фирма қызметінің тиімділігін бақылау, бөлімшелер жұмысын біріктіру.

    • Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу;

    • Нақты мақсаттарды анықтау;

    • Мақсаттардың басымдылығын, олардың кезектілігін, шешімдердің дәйектілігін анықтау;

    • Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылық міндеті мен оларды шешу жолдарын өндіру.

    Нарық жағдайында басқару былайша құрылған:

    — Нарықтық сұранысы мен тұтынуына байланысты фирманың бейімділігінде;

    • Өндіріс тиімділігін жоғарылатуға үнемі талпынуында

    • Шаруашылық өздігінде, соңғы нәтижесіне жауапты болатын адамның шешім қабылдау бостандығында;

    • Нарық жағдайына байланысты міндеттер мен мақсаттарды үнемі түзетуінде;

    • Шешім қабылдау кезінде көптеген есептер үшін компьютерлік техниканың қазіргі негізін қолдану қажеттілігінде.

    Басқарудың иерархиялық деңгейі көтерілген сайын менеджер стратегиялық және перспективтік мәселелерді шешуге уақытты көбірек жұмсайды. Төменгі деңгейде, керісінше, менеджер уақытының негізгі бөлігін ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсайды.

    Кесте 1

    Менеджер уақытының мынадай мәселелерге шешуге жұмсайды

     

    Басқару деңгейлері

    Стратегиялық мәселелерге жұмсайтын уақыты

    Практикалық мәселелерге жұмсайтын уақыты

    Ағымдағы мәселелерге жұмсайтын уақыты

    Жоғарғы

    60%

    25%

    15%

    Ортаңғы

    25%

    50%

    25%

    Төменгі

    10%

    257,,

    65%

     
    2. Басқару және лидерлік.

    Менеджмент психологиясы- әртүрлі әлеуметтік құрылымдардағы адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынас мәселелерін зерттейтін  қазіргі әлеуметтік психологияның маңызды саласы.

    «Менеджер» ағылшын тілінен аударғанда басқарушы деген ұғымды білдіреді. Менеджер – бұл экономикалық және өндірістік құрылымдарда  басшылық іс-әрекетті жүзеге асыратын маман.

    «Менеджмент» - бұл нарықтық экономика жағдайында қолданылатын басқару принциптері мен құралдарының жиынтығы. 

    Менеджмент – мақсаты практика жүзінде басқарудың жалпы принциптерін қалыптастырып қолдануды көздейді.  Бұл принциптерге келесілерді жатқызамыз:

            басқарудың мақсаты мен міндетін анықтау;

            міндеттерді белгілі түрлер мен кезеңдерге бөлу;

            оларды шешу үшін нақты шараларды өңдеу;

            ұжым ішіндегі әртүрлі бөлімшелердің өзара әрекеттестігін реттеп міндеттерді бөлу;

            ұжымдағы формальды иерархиялық құрылымдарды жетілдіру;

            ұжымдағы формальды емес  кіші құрылдымдардың  талдауы мен есебі;

            шешімді қабылдау және коммуникация процестерін дамыту;

            іс-әрекеттің адекватты мотивацияларын, басшы стильдерінің тиімділігін, әлеуметтік жауапкершіліктерді іздестіру және қалыптастыру;

            басшы тұлғасының индивидуалды сапаларынан талаптарды белгілеу.

    Сонымен, аталған іс-әрекет түрлерін жүзеге асыруда басшы рөлі  маңызды  орын алады.

    Басқару «әртүрлі биологиялық, әлеуметтік, техникалық жүйелердің ұйымдасқан элементарлы функциясы, оның белгілі бір құрылымын сақтауды, іс-әрекет тәртібін қолдайтын бағдарламаларды жүзеге асыратын іс-әрекет мақсаттарын қамтамасыз етеді».

    Жүйелі бағыт шеңберінде У.Росс-Эшпидің  көзқарасынша,  алдымен бір жүйені одан кейін екінші, үшінші және тағы басқаларды зерттегенше, қарама-қарсы принцип бойынша – алдымен көптеген жүйелер бойынша қарастырып, одан кейін  рационалды шектерге дейін қысқарту тиімді болады.

    Жүйелердің ең күрделісіне мақсатқа бағытталған және өзіндік ұйымдасушы түрлерін жатқызамыз. Мақсатқа бағытталған жүйе дегеніміз -   қызметкерлердің мінез-құлқы белгілі мақсаттарға жұмылдырылады, ал өзіндік ұйымдастырушы  жүйелер қызмет жасау процесі барысында өз құрылымдарын  өзгертуге, жаңа мақсаттар белгілеуге қабілетті.

    Кез келген басқару жүйесі екі жүйеден тұрады:

           басқарушы;

           басқарылушы, олардың әрқайсысын дербес жүйелер ретінде қарастыруға болады.

    Басқарушы субъект басқару іс-әрекетін жүзеге асырады. Басқарылушы жүйе немесе басқарылу объектісі ұйымдасқан, жүйеленген, басқару субъектісінің жоспарлы әсерлері бағытталған басқару жүйесінің бөлімі.

    Басқару стилі – басшының бағынушыларға әсер ету әдісі, сонымен бірге бұл әдістерді жүзеге асыру формалары.  Басқару әсерлерінің нақты әдістері өте көп.  Аналитикалық мақсатта үш негізгі типті көрсетеді.

    1)     әкімшілдік;

    2)     экономикалық;

    3)     әлеуметтік-психологиялық.

    Көрсетілген типтердің  әрқайсысы  қолдану аймақтары, өзіндік абройлылығы және кемшіліктері бар.  Басшының шеберлігі  қай уақытта, қай кезде және қандай жұмысшылар тобы үшін басшылық әсер ету кешенін  таңдап, жұмысшы тобының максималды тиімділігін қамтамасыз етуде.

    Біздің елімізде басшы қызметін атқарушы адамдар өзіндік  басшылық стилін көп жағдайда  интуитивті түрде, яғни жылдар бойы тәжірибелер жинақтау негізінде қалыптастырады.

    Әлеуметтік психология және менеджментте – басшы стилі феноменін зерттеу  жарты ғасыр бойы жүргізіліп келеді.  Көптеген эмпирикалық мәліметтер жинақталып, көптеген теориялық модельдер құрастырылды. Қазіргі кезге дейін 30-шы жылдары неміс психологы Курт Левин ұсынған  басшының индивидуалды стилінің  типологиясы танымал болып келеді.

    Бұл типологияда басшы стилінің үш жетекші түрлері беріледі: авторитарлы, демократиялық, босаң стиль.

    Лидерліктің негізгі теориялары. 1) Тұлғалық сипаттамалар теориясы. Бұл теория ағылшын психологі және антропологі Ф.Гальтонның әсерінен өріс алды. Ол лидерлік табиғатындағы тұқымқуалаушылық идеясын ұсынды.

    2) Лидерліктің жағдайлық теориялары. Бұл теорияларға сәйкес лидердің пайда болуы субъект, орын, уақыт және жағдайдың кездесу нәтижесі ретінде қарастырылады.

    3) Жағдайлық-тұлғалық теориялар. Бұл лидерлік теориялар нұсқасын 1952 жылы Г.Герт және С.Милз ұсынған [1]. Олар лидерлік феноменін қарастырғанда төмендегі 5 факторды ескеру қажеттігін көрсетеді:

    1. Лидердің адам ретіндегі сипаттамалары.

    2. Оның мотивтері.

    3. Лидердің әлеуметтік рөл ретіндегі тұлғалық сипаттамалары.

    4. Интуициялық контекст.

    5.Лидер және мотивтер бейнелері (лидердің артынан еретін адамдардың бейнесі).

    4) Күтілер өзара әсерлесулер теориясы. Бұл теорияны көптеген американдық зерттеушілер қарастырды. (Дж.Хоманс, Р.Стогдим, Фидлер, Эванс) Фидлер лидерліктің екі мүмкін болатын стилін қарастырды:

    1.Міндетке бағытталушылық (құралдық лидерлік).

    2. Тұлғааралық қатынастарға бағыттылық (эмоциялық лидерлік).

    5) Гуманистік бағыт теориясы. Бұл концепция бойынша тұлға күрделі мотивацияланған ағза. Кез келген ұйым басқарылады.

    6) Мотивациялық теория. С.Митчел, С.Эванс және т.б. айтуларынша, лидердің тиімділігі оның артынан ерушілердің мотивациясына әсер етуіне байланысты. Олар лидерлік мінез-құлықтың типтерін ұсынады:

    1. Қолдаушы лидерлік.

    2. Директивті лидерлік.

    3. Табысқа бағытталған лидерлік.

    4. Мотивациялық теория.

    7) Атрибутивті теориялар. Мұнда лидер марионетка ретінде қарастырылады. Лидер билікті тікелей өзінің ізбасарларынан алады.

    Менеджерлер  көбінде  психологиялық бағалаулардың объектісі болады.

    Г.Кунц, С.О. Доннелдің көрсетулері бойынша, басшының кадрлармен бағасы  жұмыстағы ең әлсіз жері болып табылады. Басшы тұлғасының оптималды диагностикасы және болжамы  психологиялық көзқарасы бойынша әлі күнге дейін шешілмеген мәселе. Оның күрделілігі  техникалық және экономикалық жылдам даму жағдайына байланысты, белгісіз жағдайларға қатысты оптималды мінез-құлық шарттарын тура белгілеу мүмкіндігі жоқ.

    Сонымен бірге басшы тұлғасына қойылатын әмбебап  талаптар  жүйесін  өңдеу  жақсы басшылық, оның критерийлері, мақсаттары, әдістерінің  әртүрлі түсінігінің болуына байланысты қиындайды.

    Америкада мың жарым менеджерге жасалған зерттеу қорытындысы  келесі сапаларды бөліп көрсетті:

                       стратегиялық жоспарлауға қабілеттілік;

                       жұмысшылармен ресурстарды  бөлу жайлы оптималды және дер кезеңдегі перспективалық шешімдерді қабылдай алу;

                       іс-әрекет масштабын кеңейту негізінде немесе деңгейі жоғары жұмысқа аусуының нәтижесінде өз міндеттерін көбейтуге талпыныс;

                       жоғары тәуекелшілдік жағдайында шығармашыл және рационалды шешім қабылдау шеберлігі;

                       өз күшіне деген нық сенім;

                       мәнді құқықтарға ие болуға және үлкен жауапкершілік артуға талпыныс;

                        белгілі құрбандықтарды қажет ететін  өжет шешімдер қабылдау;

                       Байланыстарда  және қарым-қатынастарда өзіндік білім алуға талпыныс;

                       Күрделі процестер және  экстрималды жағдайлардың даму барысында  интуитивті ойлауға және абстрактілі талдауға қабілеттілік;

                       Жұмысқа барлық қабілеттері мен күшті жұмсайтын ең маңызды құндылық ретіндегі қатынас;

                       Қызметкерлер арасында мәселені  шешудегі кінәліләрді іздестірмей, оны шешуге  барлық зейінін шоғарландыру;

                       Жүзеге асатын идеялармен оларды ендіру нәтижелеріне өзіндік қатынас

    Берілген тізімдерді салыстыра отырып, Жапония басшыларының іс-әрекетте өз зейіндерін  жұмысшылардың бірлескен іс-әрекетінде  әлеуметтік психологиялық шарттарды  қалыптастыруға, ал Америкалық басшылар индивидуалды басмашылдыққа бағытталады . 

    Басшының  сипаттық ерекшеліктерін анықтай отырып, тұлғаның индивидуалды психологиялық ерекшелігін  басшылық іс-әрекетте көрсететін  көп жағдайда басшы стилі түсінігіне көп көңіл аударылады.

    Басқарудың маңызды элементі басқарушылық шешімдер болып табылады. Әдетте басқарушылық шешімдер басқару мақсаттарына сәйкес басқару объектісін берілген жағдайдан басқаға ауыстыруға бағытталған. Басшының басқарушылық шешім процесін шартты түрде  келесідей жіктеуге болады:

    1)     шешім қабылдау;

    2)     қабылданған шешімді тапсырма формасында орындау үшін жіберу;

    3)     стимуляциялау, яғни бағынушылар үшін ынтаны жоғарлату жағдайларын қалыптастыру;

    4)     бақылау.

    Шешім қабылдау басқару процесінің  негізгі және белгілеуші  сипатына ие.  Шешім қабылдау формасына байланысты біржақты, коллегиалды және ұжымдық болып бөлінеді.

    Коллегиалды шешім  мәселені мамандардың  талдау негізінде,  ұсынылған идеялардың оптималды нұсқауын іздестіру негізінде қабылданады, бірақ  шешімнің  толықтығы үшін жауапкершілік басшыға жүктеледі.  

    Ұжымдық шешім ұжым мүшелерімен  дауысқа салу негізінде қабылданады, шешімнің  нәтижесі үшін жауапкершілік барлық ұжымға жүктеледі. 

    3.Басқару психологиясының негізгі зерттеу әдістері. 

    Жетекшінің басқару стилін анықтауға арналған тесттер, анкета әдісі, тренингтік жаттығулар, әңгімелесу, бақылау, сауалнама жүргізу, ұжым мүшелерімен пікір алмасу, олардың көзқарастары жайлы әңгіме жүргізу.

    Басқару  түсінігіне  қатысты  берілген әртүрлі авторлардың анықтамаларын жазып келу.

    Д.Н.Бобрышев осы категорияға басқару процесiне біршама жалпылама анықтама бередi. Басқару процесi- бұл шешiмдi шығаруды, қабылдауды қабылдаған шешiмнiң орындалуы жөнiндегi жұмыс барысын үйлеструдi, қабылдаған шешімнiң орындалу барысын бақылауды бірiздiлiкпен жүзеге асыру.

    А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегенiмiз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестiру және бақылау». Бұл қызмет басқарудын теориялық категориясы ретiнде әдебиеттерде кеңiнен пайдаланылады, бiрақ бiр жақты емес.


    написать администратору сайта