Главная страница

Бейнелеу негіздері. Бейнелеу неріні негіздері Орындаан Тлеулес А. Ж


Скачать 20.34 Kb.
НазваниеБейнелеу неріні негіздері Орындаан Тлеулес А. Ж
АнкорБейнелеу негіздер
Дата18.12.2022
Размер20.34 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаBeineleu_nerini_negizderi_6.docx
ТипДокументы
#850304

Бейнелеу өнерінің негіздері

Орындаған: Тлеулес А.Ж

  1. Бейнелеу өнеріне қажетті құралдарды пайдалана отырып білім білік дағдыларды қалыптастыру.

Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсер, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдау объектісі бола алады.                                                                                                                              

      Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғарыда және әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, сезімдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.                                                                                                                    

Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардың көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі.

          Бала есін біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды. Мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғарыда әр тарапта дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, өсімдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.
        Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам –  әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді

        Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге үйретеді.

         Баланың байқағыштығын дамыту – күрделі іс -әрекет сонымен бірге ол, оқыту әдістемесі үшін ең маңызды міндет. Баланың байқампаздығын дамыту жас кезінде, әсіресе адам қоршаған өмір шындығын жаңадан тани бастағанда маңызды. Ғылымдар қоршаған ортаны танудағы көру арқылы қабылдау басты орын алатындығын көрсеткен. Себебі олар 90% қабылданатын мәліметтердің көру арқылы алынатындығын дәлелдеген. Бұл адамға көрудің маңызды екендігін білдіреді. Сондықтан көруді дамытуды балабақшадан бастап қолға алу қажет.

Бейнелеу өнеріне қажетті құралдарды пайдалана отырып білім білік дағдыларды қалыптастыру балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім береді. Мұғалім баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.Баланың бейнелеу іс-әрекетінің  негізгі  түрлері болып  саналатын сурет салу, аппликация, мүсіндеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.    Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Түрлі-түсті қарындаштар, акварель бояу мен қылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру (сиядақ), таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.

2.Композиция

Бейнелеу өнері «композиция» ұғымына негізделген. Бұл шығарманың мәні мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Көркемдік тапсырманы шеше отырып, суретші мәнерлеу құралдарын таңдап, идеяның жүзеге асу формасын ойластырып, композиция құрастырады. Идеяны ұсыну үшін суретшіге әр түрлі құралдар қажет

Композиция(лат. сотрозійо - құрастыру, шығарма) көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас
бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте
ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем
құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке
сәттерін біріктіріл түрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне,
шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция
шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта
мен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді. 

Композиция құралдары

Әрқайсысы өзінің экспрессивтік композициялық құралдарының ауқымын жасады. Бейнелеу өнерінде бұларға сызықтар, штрихтар, түс, хиароскуро, пропорциялар және алтын арақатынас, форма жатады. Сонымен қатар көптеген өнер түрлеріне тән жалпы құралдар бар. Оларға ырғақты, симметриялы және асимметриялы, композициялық орталықты бөлектейді. Композициядағы динамика мен статика - эстетикалық ойды білдірудің әмбебап құралы. Олар кеңістіктегі және уақыттағы композицияның болуымен тығыз байланысты. Әр түрлі ақпарат құралдарының ерекше арақатынасы суретшілерге жеке және түпнұсқа туындыларды жасауға мүмкіндік береді. 

3.Интерьер және экстерьер салу

Интерьер салу — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.Пәтер интерьерін қалыптастыруда оның сәулеттік шешімі және құрылыс жабдықтары: бөлменің саны мен өзара ыңғайлы олардың көлемі мен габариті, терезе мен есіктің, үй жылытатын радиаторлардың, жап-сарластырып салынған шкафтың, санитарлық роль атқарады. Пәтер интерьері тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан және жиһаздан құралады.Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс. Пәтерді жабдықтарда үйге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен түсі, бөлменің әшекей мен болуын өзгерту-өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру керек.

Экстерьер салу деп –ғимараттың сыртқы келбетін айтамыз.Ғимаратты жобалау барысында бельгілі рольде жарнама жинақтары атқарады. Ғимаратт немесе комплекс қоршаған ортаға сай орналасуы және қала немесе ауыл ландштафына сай орналасуы тиіс.. Табиғат климаттарын , ауа температурасын, ауа дымұылдығын, жауын шашын мөлшерәін, жел бағытын ескерген жөн.Ғимараттың архитектуралық, құрылымдық жоспарлы шешңмң шектен тыс қымбат болмауы тиіс. Ғимарат жоспары эксплуатацияны үнемі пайдалануы тиіс.


написать администратору сайта