акт спорт зала. Бекітемін Мекетеп директоры
Скачать 158.45 Kb.
|
Дене шынықтыру Оқу пәні ретінде дене шынықтыру жалпы білім беретін мектепте маңызды роль атқарады, жалпыадамзат мәдениеті саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқыту мақсаты: қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану. Оқыту міндеттері: денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту; базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру; өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу; дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру; тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау. Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент). Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді. Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары: – мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талап қалай болса да тәжірибеде жүзеге асуы тиіс; – қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай мұғалім өз жұмысын ұйымдастырады; – оқушылардың тактикалық ойлануын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге қозғалыс ойындарының әсерін есептей отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет; – оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау – сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс; – дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша (Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері). «Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін. «Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады. «Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz). Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарттарының типтік жоспарына (ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығына) сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі: 10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты; 11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды. Алғашқы әскери дайындық Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. 2014-2015 оқу жылында жалпы білім беретін мектептің 10-11- сыныптарында «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамыз айындағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери даярлауға негіз болып табылған құжаттар мыналар: 1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» атты Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 12 ақпандағы Заңы. 2) «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысы. Алғашқы әкери даярлау теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған. Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету. «Алғашқы әскери дайындық» оқу пәнінің міндеттері: оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау; оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру. Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады. Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім (ӘБ) базаларында (ӘБ басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі. 11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған. 10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады. Әрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады: қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу бөлмесі, алғашқы әскери дайындық, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме, саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы, рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын, сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын, тактикалық алаң, кедергілерден өту жолының кешені, ату тирі, әскери және еңбек даңқының бұрышы. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес АӘД пәнін оқытуға келесідей оқу жүктемесі бөлінген: 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша далалық оқу жиынына 30 және сынаққа 4 сағат вариативті бөлімнен қарастырылған; 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат. |