иии. 2020-2021МЕКТЕП ЖОСПАРЫ1. Бекітемін Мектеп директоры Ж.рмашев арасай негізгі орта мектебіні
Скачать 163.69 Kb.
|
«Бекітемін» Мектеп директоры: Ж.Құрмашев_________ Қарасай негізгі орта мектебінің 2020-2021 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары 29 тамыз 2020 жылы № 1 мектептің педагогикалық кеңесінде талқыланды Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке жаратып, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір - тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2020 – 2021 оқу жылындағы білім беру қызметі Мектептің оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы негізгі тақырыбы: БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҚҰЗЫРЕТТІ - ТҰЛҒАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ОҚЫТУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫ: Мұғалімнің педагогикалық ізденісін тудыра отырып, әрбір сабақта инновациялық, ақпараттық технологияларды пайдалану, әр баланың жеке интеллектуалдық мүмкіндігін ашу, заман талабына лайықты жеке тұлға қалыптастыру ӨЗЕКТІЛІГІ: Қазіргі заман талабына сай қабілетті, жан - жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу – әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңғыртуын, шығармашылық ізденістерін, қажет етіп отыр. Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс – тәсілдерін игерген, психологиялық – педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәрбиелік іс – әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог – зерттеуші, жаңашыл мұғалім болуды қажет етеді. Осы орайда қоғам талабы мен әлеуметтік сұранысқа сай болу – бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет. Бұл тұрғыда бүгінгі таңда білім жүйесінің стратегиялық бағытына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс – тәсілдеріне деген жаңаша көзқарастар қалыптастыруда. Вариативті бағыттағы оқу жоспарлары, авторлық және адаптивтік бағдарламалар енгізілсе, қосымша білім беру жүйесі ата – аналар мен оқушыларға таңдау мүмкіндігін қалыптастырып отыр. Оқу – тәрбие жүйесіне ұсынылып, енгізіліп жатқан жаңалықтар жетерлік. Атап айтсақ: Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын енгізу; Мектеп құрылымын мазмұнына сәйкес жаңарту; Оқу жоспарының, оқытудың мазмұны мен әдіс – тәсілдерінің вариативтігіне таңдау мүмкіндігінің болуына жағдай жасау; Педагогикалық – кәсіптік, әдістемелік жұмыстарды, мектепті басқарудағы ғылыми жетілдіру негізінде жаңа деңгейге алып келу; Осыларды жүйелеп іске асыру арқылы мектептің негізгі миссиясы – өзін – өзі дамыта алатын, өз бетімен білім ала алатын және өз білімін бағалай жетілдіре алатын қоғамның белсенді азаматын – бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру жүзеге асырылады. Осы тұжырымдаманы құрастыру барысында Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы, «Білім» Мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекеттік білім стандарттары мен білім басқармаларының нормативтік құжаттары мектептің ішкі – сыртқы мүмкіндіктері негізге алынды. Сонымен қатар мектебіміздің барлық буындарындағы (дайындық топтар, бастауыш, бағдарлы орта білім) педагогикалық процестердің біртұтастығын, бірлігі, бірізділігін іске асыру көзделді және әлеуметтік сұраныс негізінде профильдік сыныптар мен арнайы, қосымша білім беру бағыттары анықталды. Оқыту мен тәрбие жүйесінің ата – ана, оқушы сұранысы, қызығушылығы мен ынта ықыласын зерттеу, бақылау арқылы мемлекеттік стандартқа қосымша кәсіби бағдарлы білім берудің мазмұны мен әдіс – тәсілдерін ұйымдастыру көзделді. 2019– 2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ТАЛДАУ ЖАСАЙ ОТЫРЫП, 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАБЫЛДАНҒАН МІНДЕТТЕР: Оқу мен тәрбие процесінде педагогикалық жаңа технологияны енгізу; Озық іс-тәжірибелерді тарату және насихаттау; Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада жүлдегерлерін дайындау; Оқушыларды пәндер бойынша қашықтық олимпиадаларына қатыстыру; Жас мамандардың кәсіптік шеберлігін арттыру, жас маман мен ақылшы ұстаздың байланысын күшейту; ОҒҚ-ның жұмысын, шығармашылық топтардың жұмысын нәтижеге бағыттау; Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулуды жалғастыру; 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА КЕМШІЛІКТЕРДІ БОЛДЫРМАУ БАҒЫТЫНДА БЕЛГІЛЕНГЕН ЖҰМЫСТАР: Мұғалімдерді педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білуге үйрету; Ғылыми- техникалық прогресстен қалыспай, педагог кадрлардың біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруды назарда ұстау; Педагогикалық басылымдарда жарияланған озық тәжірибемен күнделікті танысып, оны сабақ үрдісінде тиімді пайдалану; Әріптестерінің сабақтарына қатысып, оның жетістігін, кемшілігін сауатты талдау, бағалау. Тәжірибе алмасып отыру; Оқушы білімін әділ, объективті бағалау өлшемдерін ұстану. Мектептегі оқушының жылдық бағасы мен ОЖСБ-ның қорытындысы арасындағы сәйкессіздікті болдырмау; Мұғалімдерді өз әрекетін талдай алуға, яғни рефлексиялық толғаныстарды күнделікті қажеттіліктілікке айналдыру; Оқушы дәптерін тексеруде бірыңғай талаптың орындалуына, жазу ажарына, тазалығына, оны жүргізу мәдениетіне басты назар аудару; Мемлекеттік құжат- сынып журналдарын дұрыс толтыру, жүргізу мәдениетін қалыптастыру; 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АЛҒА ҚОЙҒАН МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ БАРЫСЫНДА КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Білім берудің барлық деңгейінің қолжетімділігі мен сабақтастығы және жариялылық; Кадрларды кәсіби шыңдау мен әлеуметтік мәртебесі артады; Оқу –тәрбие үрдісіндегі ғылымилық пен инновация; Интелектісі дамыған, жоғары мәдениетті жеке тұлға қалыптасады; Басқаруда білім берудің барлық суьектілерінің кең түрде қатысуын, оқыту формаларының демократиялы түрде болуы қамтамасыз етіледі; Әр балаға құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым –қатынас орнатылады; Оқушыларда зерттеу – ізденіс жұмыстарының тәсілдері меңгеріледі; Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесі жаңартылады; ОҚУ - ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ Мектептің оқу- тәрбие қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын негізге ала отырып, мемелекеттік білім беру стандарты талаптар тұрғысында әзірленген оқу жоспарларына сәйкес жұмыс жүргізеді. Білім беру бағдарламалары жеке адамның бүкіл дүниелік рухани қазыналарды білім мен мәдениетті үйрену, қоғамдық өмірге бейімделу міндеттерін шешуге және белгілі бір кәсіптік мамандықты саналы таңдап, меңгеруіне бағытталған. Сынып комплектісі - 9 Сабақ екі ауысымда өтеді. І ауысымдағы сыныптар саны – 5, оқушы саны -27 ІІ ауысымдағы саныптар саны –4, оқушы саны - 22 Сабақтың басталуы: І ауысымда 8 00-де , аяқталуы 1355-де ІІ ауысымда 1415-те, аяқталуы 1935 –те Әр сабақтың арасындағы үзіліс – 5 минут, үш сабақтан соң үлкен үзіліс - 15 минут. Екі ауысым арасындағы үзіліс – 20 минут. Әр аптаның дүйсенбісі - әкімшілік мүшелерінің (директор, орынбасарлары, кәсіподақ комитеті, психолог) жұмыстарды қорытындылау, талдау. Әр оқу тоқсанынынан кейінгі каникул күнінде педагогикалық кеңестің мәжілісі өтеді. Мектеп директоры жанындағы отырыс айына 1 рет – жоспарда белгіленген күні өтеді. Әр оқу тоқсанынан соң сыныптық ата-аналар жиналысы, жарты жылдықтан соң мектеп бойынша ата-аналар жиналысы өтіледі. Әр дүйсенбіде мектеп оқушыларының жалпы жиыны үлгерім, сабаққа қатысу, тәртіп, тазалық мәселесін талдап қорытындыланады. БАСШЫЛЫҚҚА АЛЫНАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАУЛЫЛАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР, НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАР: (2020 – 2021 оқу жылын бастау туралы әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа алу) МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ МАҚСАТЫ: Мектептегі білім берудің нәтижелілігі мен сапасын басқару механизмін жетілдіру; Әрбір білім алушының мемлекеттік білім стандартын меңгеру нәтижелілігін бағалау; Мектептегі білім беру жүйесі дамуының оң немесе кері бет алысын талдау және болжам жасау; Мектеп ұжымы қызметі нәтижелерінің тиімділігін арттыру; Білім беру жүйесінде мемлекеттік саясат ұстанымдарын жүзеге асыру. МІНДЕТІ: Білім беру саласында Республикалық заңнамалардың, мақсатты республикалық, облыстық, аудандық білім беруді дамыту бағдарламасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Бұйрықтарды, мектептің басқа да жергілікті актілерін іске асыруды талдау, олардың сақталуы мен жетілдірілуі жөнінде шаралар қабылдау; Білім беру үдерісін дамыту бағыттарын болжау, талдау және диагностикалау; Ұжым мен жекелеген мұғалімдердің күтілетін нәтижеге қол жеткізген жұмыстарының нәтижелілігін талдау және бақылау; Әрбір мұғалімнің жұмыс тәжірибесін зерделеу, оның күшті, әлсіз жақтарын айқындау, шығармашылық ізденісін қолдау; Мектептің жұмыс жоспары бойынша әрбір қызметкердің қызметтік міндеттер мен тапсырмаларды орындауын тексеру, Мектеп жарғысында белгіленген мұғалімдер мен оқушылардың өз құқықтарын жүзеге асыруын бақылау; Мектептегі оқу – тәрбие жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар, шешімдер дайындау үшін ақпараттарды іздестіру, жинақтау, оларды өңдеу және қор жинау; Педагогикалық қызметкерлердің аттестациясына сараптық материалдарды дайындау және білім беру мекемесін кезекті аттестациядан өтуге дайындау. ӘДІСТЕМЕЛІК ПӘН БІРЛЕСТІКТЕРІ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ
|