РП_СД-в-анес.реан_4к_каз. Бекітемін Оу дістемелік жне трбие Жмысы бойынша проректоры, м.. д. М.. Анартаева 2013 ж. Жмыс бадарламасы
Скачать 142.5 Kb.
|
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН Бекітемін Оқу – әдістемелік және тәрбие Жұмысы бойынша проректоры, м.ғ.д. __________ М.Ұ. Анартаева «_____» _______________ 2013 ж. ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды: Мамандық: 051101 – «Мейірбике ісі» Оқу сағатының көлемі – 180 (4 кредит) Курсы: 4 Cеместрі: 7 – 8 Шымкент, 2013 ж. Жұмыс бағдарламасы «Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі» пәні бойынша «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» құрастырылды. Кафедра мәжілісінде қаралды. Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж. Кафедра меңгерушісі ______________ м.ғ.к., доцент А.Ә.Әлдешев ОҚМФА клиникалық пәндердің әдістемелік комиссиясында талқыланды. Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж. Төрайымы ______________________ м.ғ.к., доцент А.Е.Туртаева Әдістемелік Кеңесте мақұлданды. Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж. 2. Бағдарлама: 2.1 Кіріспе Анестезист – мейірбике анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің маманы болып табылады. Анестезиология және интенсивті терапия кезінде мейірбике анестезиологиялық және реаниматологиялық бригаданың өзіндік маманы ретінде функционалдық міндеттерін уақытылы және дұрыс орындауға тиіс. Бұл мейірбике ісінің комплекстік оқу бағдарламасы маман дайындауға бағытталған өзек болып табылады. «Анестезиология және реанимациядағы мейірбике ісі» пәнінен алынатын білім мейірбикелерді дайындаудағы әр кезеңнің сапалы жаңа деңгейін сипаттайды. Тағайындалуы: анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі кәсіби сапасының талаптарын қолдау және орнатуда бірегей жұмыс атқару; анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі мамандығы бойынша мейірбикелік және мамандыққа қосымша білім берудегі, соның ішіндегі медициналық ұйымдарда мед.персоналдардың оқуындағы жетілдірілген оқу бағдарламасын және мемлекеттік оқу стандартын құру; медициналық персоналды басқарудағы кеңейтілген мәселелерді құру және шешу (денсаулық ұйымының стандартын өңдеу,мотивация жүйесі құру,маманның белсенділігін арттыру,қызметтің нұсқауы мен тарификациясын құру, теру, іріктеу, мансапты жоспарлау). 2.2 Пәннің мақсаты: Реанимациялық науқастарды күтуді ұйымдастыру және теория негіздерін үйрену, операция жасау кезінде және операциядан кейінгі кезеңде қауіпсіз анестезиологиялық нұсқау жасау. 2.3 Оқытудың міндеттері: шешім қабылдау кезінде технологиялық және методикалық түрдегі мәселелерді әртүрлі әдістермен шешу; өз жұмысының нәтижесін және науқастардың жағдайын үздіксіз бақылау; кәсіби белсенділіктің құрамын коррекциялау және бағалау, құрастыру, енгізу, бақылау; Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде науқастарды бақылаудағы теориялық және тәжірибелік машықтарын енгізу. Қауіпсіз және әсері жоғары ауырсынуды басу үшін операция жасаушы хирургқа оптаималды жағдай жасау. Операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде науқасты күтуді қамтамассыз ету. 2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі: Студент білуі қажет: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің медициналық этика нормаларын мен моралді және құқығын; Ағзаның негізгі жүйелерінің (тыныс алу жүйесі, қан айналым жүйесі, зәр шығару, гемостаз, нерв жүйесі) клиникалық анатомия, физиология, патофизиологиясын; анестезиологиялық қамтамасыз етудегі қажет дәрілік заттардың клиникалық фармакологиясы (фармакокинетика және фармакодинамика); науқасты анестезияға дайындаудағы мейірбикелік манипуляциялардың стандарттарын және емшараларын; өкпені жасанды желдендіруді жасау принциптерін және науқасты өзіндік тыныс алуға өткізуді; анестезиологиялық қамтамасыз етудің технологиясын, әдісін, түрін; операциялық анестезиологиялық қауіптің асқынуының жіктелуін және мәнін; анестезиолог – реаниматолог дәрігердің науқасты операция кезінде жүргізу тактикасын және анестезия жоспарын; операцияның негізгі кезеңдерін; анестезия кезінде қолданылатын медициналық аппаратураны, техникалық құралдар – жабдықтардың түрін және жарамдылығын тексеруді; сығылған газдармен жұмыс істеу тәртібі; медициналық құжаттардың стандарттық формаларын, анестезиология және реанимациядағы есебін; медициналық құжаттарды толтыруға қойылатын талаптар; кәсіби қызмет түріне байланысты электорондық базаларды. Студент істей білуі қажет: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің медициналық этика нормаларын мен моралді және құқығын; анестезия жасалынатын науқас жайлы қажетті ақпаратты жинауды; техникалық заттарды, аппаратураны, медициналық құралдарды жұмысқа дайындауды; медициналық аппаратураның және техникалық заттардың жұмысқа жарамдылығын тексеруді; анестезиологиялық қамтамасыз етудің жоспарына сәйкес қолданылатын дәрілік заттарды, инфузиялық орталарды, қажетті материалдарды, құрал – жабдықтарды дайындауды; науқасты мейірбикелік тексеруден өткізуді; операция және операциядан кейінгі кезеңдегі жауыржараның пайда болу қаупін болжауды; емдік диагностикалық процесстің қатысушыларымен бірге дәрігердің тағайындауы бойынша анестезияға дайындауды; тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің мониторингін жүргізуді; перифериялық веналарды пункция және катетеризация жасауды; қуықты катетеризация жасауды; асқазанға зонд енгізуді; ауыз, мұрын, жұтқыншақ, трахея және негізгі бронхтардың санациясын (экспирация) жасауды; тыныс жолдарының өтімділігін қамтамасыз ету және бақылау; өкпені қосымша және аппарат арқылы жасанды желдендіруді жүргізуді; белгіленген тәртіп бойынша бекітілген медициналық құжаттарды толтыруды. медициналық құжаттардың стандарттық формаларын, анестезиология және реанимациядағы жұмыс нәтижесінің есебін толтыруды; 2.5 Реквизитке дейінгі: Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі; мейірбике ісі негіздері 2.6 Реквизиттен кейінгі: Мейірбике ісіндегі ұйымдастырушы және менеджмент; 2.7 Тақырыптық жоспар: Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары № 1 – кредит
Кредит №4
Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары № 1 кредит
№ 2 кредит
№ 3 кредит
№ 4 кредит
3. Оқыту мен сабақ берудің әдістері (кіші топтар, пікір-талас, ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентация, кейс-стади және т.б): Практикалық сабақтар: мейірбикелік қажеттілік көлемінде науқасты курациялау; науқас төсегіндегі жұмыстар, муляж, манекен және де басқа күту құралдарымен жұмыс істеу; ауызша сұрау, ситуациялық тапсырмаларды шешу; шағын топтарда жұмыс істеу; жағдайды бейнелеу. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): өтілген практикалық сабақтар бойынша фантоммен, манекенмен, муляжбен жұмыс жасау арқылы тәжірибелік дағдыларды машықтану, тәжірибелік сабақта туындаған кейбір сұрақтарды тереңдете оқыту, науқас төсегінің қасындағы жұмыс, мейірбикелік ауру тарихын қорғау, презентация және реферат дайындау, дискуссия, мейірбикелік араласу картасын құру және науқасты қарау, медициналық құжаттаманы толтыру, жеке және топтық тапсырмаларды орындау шешімін талқылау, туындаған сұрақтар бойынша оқытушыдан консультация алу, аралық бақылау тапсыру. Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): студенттердің қосымша және электронды әдебиеттермен жұмыс жасауы, тест тапсырмаларын дайындау және шешу, мейірбикелік қажеттілік көлемінде науқасты курациялау және мейірбикелік ауру тарихын дайындау және қорғау, ситуациялық тапсырмаларды дайындау, шешу. Топтық түрде стенд, жеке түрде презентациялар дайындау және қорғау. 3.1 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері: әр деңгейде білімдерін бағалау (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау) шкаласы және белгілері, білімдерінің барлық түрлерін (аудиториялық, ОЖСӨЗ, СӨЖ) бағалау ережелері. Студенттердің білімі мен машықтарын 100-балдық шкала бойынша жүргізіледі. Бұйрық №152, 09.09.2011 ж. 3.2 Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың келесі түрлері мен үлгілері қарастырылған: Ағымдық бақылау: тестілеу, ауызша, және жазбаша сұрау, ситуациялық есептер шешу, шағын топта жұмыс жасау кезінде жеке және топтық бағалау, оқу – клиникалық орталықта немесе науқастың төсегінің қасында проактикалық дағдыларын бағалау. Аралық бақылау: тестілеу, ситуациялық есеп шешу. Қорытынды бақылау: тестілеу және оқу – клиникалық симуляциялық орталықта ОҚКЕ тапсыру түрінде өткізіледі. Емтиханға пәннің бағдарламасын толық игерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер ғана жіберіледі. Қолданылатын құрал жабдықтар: мультимедиялық проектор, ноутбук, 3D теледидар. 3.3 Ұсынылатын әдебиет: Негізгі: А.И.Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии. Санкт – Петербург. Спец.Лит. 2010г. А.А.Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 2011г. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И.Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт», 2012г. левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч.пособие под ред. И.Г.Бобринской – М., 2011г. Нормативті акт: Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 июня 2011 года №372. Қосымша: Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Минск, 2006г. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред. А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед.училищ и колледжей. – М., 2008г. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева. – М., 2004г. Тоблер Рита. Основные медицинские сестры. Изд-во Эксмо, 2003г. А.К.Белоусова, Л.А.Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов-на-Дону, 2003г. Қазақстан Республикасының «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы 2012 ж. 12.01. №33 бұйрығы. 3.4 Қосымша №1 үлгі 201__-201__ оқу жылына жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісу хаттамасы
Терапия бакалавриат кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Э.Қ. Бекмурзаева Мейірбике ісі негіздері кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.Ә. Әлдешев №2 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., доцент А.М. Жақсыбергенов |