Методичка. Метод.СД.ТМІ.3к.каз.. Фармацевтика академиясы терапия бакалавриат кафедрасы
Скачать 193.79 Kb.
|
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ ТЕРАПИЯ БАКАЛАВРИАТ КАФЕДРАСЫ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ Пән: Терапиядағы мейірбике ісі Пән коды ТМI 3302 Мамандық 5В110100 «Мейіргер ісі» Оқу сағатының (кредиттің) көлемі 90 (2 кредит) Курсы 3 Оқу семестрі 6 ШЫМКЕНТ, 2015 Кафедра мәжiлiсiнде талқыланқан №_______хаттамасы _________2015ж. Кафедра меңгерушiсi м.ғ.д.,проф. Бекмурзаева Э.Қ._________ № 1 сабақ. 1) Тақырып: Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасының мәселелері. Ауру тарихының схемасы. Науқастарды сұрастыру. Тыныс алу мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері (сұрастыру, қарау). 2) Мақсаты: Науқасты тексеру әдістерін, сонымен қатар аурудың жекелеген клиникалық көріністерінің мағынасын және олардың пайда болу механизмдерін оқыту. Осы тапсырмалар семиотика пәні, яғни ішкі мүшелер ауруларының симптомдарын және синдромдарының пайда болу механизмдері туралы ғылым. Науқастың тексеру жоспарымен, ауру тарихының сызбасымен танысу. 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері. Тыныс алу мүшелерінің ұалыпты физиологиясы. Студент істеуге білу тиісті: Студенттерге тыныс алу мүшелері аурулары кезінде зерттеу әдістерін, пальпация жүргізуді үйрету (дауыс дірілін анықтау). Студенттерге тыныс алу мүшелері аурулары кезінде зерттеу әдістерін, перкуссия жасауды үйрету (топографиялық және салыстырмалы). Студенттерге тыныс алу мүшелері аурулары кезінде зерттеу әдістерін, аускультация жүргізуді үйрету (везикулярлық және бронхиалдық тыныс, патологиялық сырылдар). Студенттерге тыныс алу мүшелері аурулары кезінде науқастардағы диагностикалық белгілерін анықтауды үйрету. Студенттерге тыныс алу мүшелері аурулары кезінде негізгі симптомдар және синдромдарды анықтауды үйрету. 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: Тыныс алу, қанайналым, асқорыту, зәр шығару, қан түзу, эндокринді жүйесі мүшелерінің анатомиясы. Кеуде торшасы, іш қуысы мүшелерінің топографиялық анатомиясы. Тыныс алу, қанайналым, асқорыту, зәр шығару, қан түзу, эндокринді жүйесі мүшелерінің физиологиясы. Пассивті қалып дегеніміз не? Мәжбүрлі қалып дегеніміз не? Конституцияға түсінік беріңіз. Тері жамылғысы түсі қалай өзгереді? Жалпы қарау жүргізу әдістемесі. Науқастың жалпы жағдайын бағалау. Тыныс алу мүшелері аурулары бар науқастарды сұрастыру кезеңділігі Тыныс алу мүшелері аурулары бар науқастарды жалпы қарау әдістемесі 5) Білім беру және оқыту әдістері: кіші топтарда жұмыс, жағдайларды талдау. 6) Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014 2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014 3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012. 4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет. 5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007. 6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007. Қосымша: 1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007. 2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007 7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер). Сұрақтар: 1. Ішкі аурулар пропедевтикасының негізгі мақсаты қандай? 2. Ауру тарихы схемасындасындағы сұрастырудағы маңызды мәлімет? 3. Науқастарды сұрастыру неден тұрады? 4. Кеуде торшасының қандай түрлерін білесіздер? Тесттер: 1. Науқастарды сұрастыру схемасын өнер деңгейіне дейін жеткізген ңалым-терапевт: Л. Ауэнбруггер Р.Лаеннек Г.А. Захарьин Куссмауль Эйнтховен 2. Перкуссия әдісін ұсынған ғалым... Г.А. Захарьин Р.Лаеннек Куссмауль Л. Ауэнбруггер Эйнтховен 3. Науқастарды аускультациялау әдісін ұсынған: Г.А. Захарьин Л. Ауэнбруггер Куссмауль Эйнтховен Р.Лаеннек 4. Ресейде ауру тарихын кеңінен зерттеген орыс ғалымы: Г.А. Захарьин С.П. Боткин М.Я. Мудров С.С. Зимницкий Р.Лаеннек 5. Науқастарды субъективті зерттеу әдістері: сұрастыру қарау пальпация перкуссия аускультация 6. Науқастан өмір тарихын жинауда маңызды емес: жанұялық жағдай және тұқымқуалаушылық ауырған аурулары зиянды әдеттері еңбек және тұрмыс жағдайы ауа райы 7. Науқастың ауру тарихы ... құжаты болып табылады. экономикалық медициналық, заңдық, финанстық, статистикалық фармацевтикалық экологиялық психологиялық 8. Науқастарды объективті әдісі: сұрастыру, пальпация сұрастыру, пальпация, перкуссия сұрастыру, аускультация сұрастыру, пальпация, перкуссия, аускультация сұрастыру, қарау, пальпация, 9. Науқастың төсектегі қалпы мәжбүрлі, төсек жиегіне сүйеніп, алға қарай еңкейіп отыруға тән ауру: Бүйрек шаншуы жүрек астмасы перикардит бронх демікпесінің тұншығу ұстамасы миокард инфарктысы 10. Ойық жара ауруы асқынуы бар науқастың төсектегі мәжбүрлі өалпы: Тізе шынтақтық қалпы артқа шалқая отыру алға еңкейіп отыру жамбас сан және тізе буындарын бүгіп отыру аяқтарын ішіне бүгіп жату Есептер: 1. Науқас айналасындағыларға ориентирі нашар, сұрақтарға кешігіп жауап береді. Науқастың жағдайы қандай? Қандай жүйелердің және мүшелердің ауруларында кездеседі? 2. Науқаста дене қалпы цилиндр тәрізді, бұғанаүсті шұңқырлары жазылған. Төстің сабы мен денесінің жалғасқан орны айқын емес; эпигастралды бұрыш 90 градустан төмен. Науқастың кеуде торшасының формасы? № 2 сабақ. 1) Тақырып: Тыныс алу мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері. Тыныс алу мүшелері аурулары кезінде синдромдар. Себептері, симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері. 2) Мақсаты: Тыныс алу мүшелері ауруларын зерттеу әдістерін:өкпені пальпацилау, перкуссиялау, аускультациялауды үйрету, тыныс алу мүшелері ауруларын шағымына, анамнезіне және объективті мәліметтеріне сүйене отырып диагностикалық белгілерін анықтауды үйрету (пальпация, перкуссия, аускультация), салыстырмалы диагностикасын жүргізуді үйрету. Тыныс алу мүшелері аурулары кезінде негізгі симптомдарын және синдромдарын, себептерін, симптомдарын және даму механизмдерін оқыту. 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Қанайналым мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері. Қанайналым мүшелерінің физиологиялық ерекшеліктері. Студент істеуге тиісті: Студенттерге қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдерін сұрастыру, жүрек аймағын және ірі тамырларды қарауды, пальпация, перкуссия, аускультация әдістерін үйрету. Пальпация әдісін меңгеру, қалыпты және патологиялық жағдайларда жүрек ұшы соққысын анықтауды үйрету. Перкуссия әдісін меңгеру, абсолютті және салыстырмалы жүрек тұйықтығын қалыпты және патологиялық жағдайларда анықтауды үйрету. Қалыпты және патологиялық жағдайларда жүрек аускультациясын жүргізу әдісін меңгеру. 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Пальпация мақсаты 2. Кеуде клеткасына пальпация жасау әдістемесі 3. Кеуде клеткасының резистенттілігі мен серпімділігін анықтау әдісі 4. Дауыс дірілін анықтау 5. Перкуссия мақсаты 6. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы, жүргізу әдісі. 7. Өкпенің топографиялық перкуссиясы. Өкпенің жоғарғы және төменгі шекараларын, өкпенің төменгі жиегінің өозғалысын анықтау. 8. Аускультация мақсаты. 9. Өкпе аускультациясын жүргізу әдісі. 10.Негізгі тыныс шулары. Везикулярлық, бронхиалдық тыныс. 11.Қосымша тыныс шулары. Құрғақ және ылғалды сырылдар, крепитация, плевраның үйкеліс шуы. 12.Бронхофония туралы түсінік. 13.Өкпе тінінің тығыздалу синдромы. Себептері. Симптомдары, олардың механизмі. Диагностика әдістері. 14.Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы. Себептері. Симптомдары, олардың механизмі. Диагностика әдістері. 15.Плевра қуысына сұйықтық және ауа жиналу синдромы. Себептері. Симптомдары, олардың механизмі. Диагностика әдістері. 16. Созылмалы тыныс жеіспеушілігі. Себептері. Симптомдары, олардың механизмі. Диагностика әдістері. 5) Білім беру және оқыту әдістері: тәжірибелік дағдыларды жасау. 6) Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014 2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014 3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012. 4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет. 5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007. 6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007. Қосымша: 1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007. 2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007 7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер). Сұрақтар: 1. Дауыс дірілін анықтау қандай тексеруге жатады 2. Тыныс алу мүшелері перкуссиясының қандай түрлерін білесіз? 3. Қандай физиологиялық және қосымша шуларды білесіз. 4. Тыныс алу мүшелері ауруларында қандай синдромдар кездеседі. Тесттер: 1. Перкуторлық дыбысты төмендететін негізгі фактор: Мүшенің тығыздығы Дыбыс толқындарының амплитудасының төмендеуі тері және теріасты клетчаткасы Қабынуға байланысты мүшенің тығыздалуы Кеуде торшасының айқын қалыңдауы 2. Перкуторлық дыбыстың негізгі параметрлері: а) мүше тығыздығы b) ұзақтығы c) биіктігі d) күші e) Кеуде торшасының айқын қалыңдауы 3. Перкуторлық дыбыстың күшеюі неге байланысты: а) тіндердегі тербеліс амплитудасына b) дыбыстың ұзақтығына c) мүше ауалағының жоғарылауы d) соққы күшіне e) дыбыс толқындарының амплитудасының жоғарылауы 4. Тікелей аускультацияның негізгі кемшілігі: а) шағын аймақтан дыбыстың естілмеуі b) ыңғайсыз c) гигиенаға сай емес d) әдепсіз e) жүргізілмейді 5) Тікелей аускультацияның негізгі кемшілігі: а) төмендегілердің жиынтығы b) кейбір дыбыстардың естілмеуі c) кеуде торшасының тербелісінің болмауы d) дыбыстардың сықырлауы e) шектеу мүмкіндігі 6. Амфоралық тыныс пайда болады: а) өкпенің ауалығының жоғарылауы b) бронхпен байланысқан қуыстың болуы c) тығыздалудың болуы d) плевра қуысында сұйықтықтың болуы e) плевра қуысында қанның болуы 7. Ылғалды сырылдар қандай жағдайда естіледі: а) плевралдық қуыста қабыну үдерісі болса b) бронхтардың тарылуы c) альвеолалардың жабысуы d) бронхта сұйықтықтың жиналуы e) плевра қуысында сұйықтықтың болуы 8. Қандай өкпелік синдромда перкуторлық тұйықтық болып, тыныс шулары болмайды? а) өкпелік инфильтрат b) эмфизема c) пневмоторакс d) гидроторакс e) дренаждалған өкпе абсцесі 9. Крепитация пайда болуының негізгі себебін атаңыз: а) альвеолаларда аздаған экссудаттың болуы b) бронхтардың шырышты қабатының ісінуі c) бронхоспазм d) гидроторакс e) бронхтарда тұтқыр қақырықтың жиналуы 10. Айналасындағы тіндердің зақымдалуынсыз бронхтарда сұйық секреттің болуы кезінде тыңдалады: а) дыбыссыз ылғалды сырылдар b) ысқырықты сырылдар c) крепитация d) дыбысты ылғалды сырылдар e) ызыңдаған құрғақ сырылдар Есептер: 1. Дәрігер науқастың кеуде торшасын қараған кезде оң жақ қабырғааралықтардың жазылуын, кейбір қабырғалардың ісінгенін байқады. Сонымен қатар оң жақ кеуде торшасының тыныс актісінде қалыңқылығы анықталады. Дәрігер қандай патологиялық үдеріс туралы және қай жердің зақымданғаны туралы ойлауы керек? 2. Соңғы 2-3 айда И атты науқасты, 42 ж, жұмыс аяғында әлсіздік, шаршағыштық мазалаған. Температурасы жоғарыламаған, 4 кг арықтаған. Құрғақ жөтел мазалай бастаған. Түскен күні сол жақ кеуде торшасында ауырсыну және жөтелгенде қанды қақырық бөлінуі байқалған, бозарған, азғын. АІТ жағынан ешқандай шағымдары болмаған. Тромбофлебитпен ауырмаған. Сол жақ мойын, бұғана аймағында тығыз ауырсынусыз түйін сезіледі. ТЖЖ 28рет мин. Перкуссияда сол жақта жауырынның төмен деңгейінде перкуторлық дыбыстың қысқаруы, тыныс әлсіреген бронхиалды реңмен. Пульс 100 рет. мин., жүрек тондары анық, шекаралары қалыпты. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдарды атаңыз, тексеру жоспарын құрастырыңыз. № 3 сабақ. 1) Тақырып: Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері 2) Мақсаты: Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері (сұрастыру, жүрек аймағын және ірі тамырларды қарау, пальпация, перкуссия, аускультация), қанайналым мүшелері аурулары кезінде науқастардан диагностикалық белгілерді шағымдарына, анамнезіне, жалпы қарау және объективті мәліметтеріне сүйене отырып анықтауды үйрету (пальпация, перкуссия, аускультация ). 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Қанайналым мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері. Қанайналым мүшелерінің физиологиялық ерекшеліктері. Студент істеуге тиісті: Студенттерге қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдерін сұрастыру, жүрек аймағын және ірі тамырларды қарауды, пальпация, перкуссия, аускультация әдістерін үйрету. Пальпация әдісін меңгеру, қалыпты және патологиялық жағдайларда жүрек ұшы соққысын анықтауды үйрету. Перкуссия әдісін меңгеру, абсолютті және салыстырмалы жүрек тұйықтығын қалыпты және патологиялық жағдайларда анықтауды үйрету. Қалыпты және патологиялық жағдайларда жүрек аускультациясын жүргізу әдісін меңгеру. 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Жүрек қантамыр жүйесімен науқастардың негізгі шағымдары, аурудың даму және өмір тарихы. 2. Жүрек аймағын және ірі тамырларды қарау. 3. Жүрек аймағын пальпациялау. Жүрек ұшы соққысын анықтау. 4. Жүрек перкуссиясы. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекарасын анықтыу. 5. Жүрек перкуссиясы. Жүректің абсолютті тұйықталу шекарасын анықтау. 6. Жүрек тұйығы шекараларын анықтау. 7. Жүрек аускультациясы. Жүрек тондарының пайда болуы. 8. Жүрек аускультациясы. Жүрек аускультациясы ережесі. 9. Жүрек тондарының өзгеруі. Екі тонның да әлсіреуі. Екі тонныі да күшеюі. 10. Жүрек тондарының өзгеруі. 1 тонның да әлсіреуі. 1 тонны да күшеюі. 11 2 тонның әлсіреуі. 2 тонның күшеюі. 12.Тондардың қосарлануы. 13.Патологиялық шулар. Систолалық және диастолалық шулар. |