Методичка. Метод.СД.ТМІ.3к.каз.. Фармацевтика академиясы терапия бакалавриат кафедрасы
Скачать 193.79 Kb.
|
Есептер: 1. Науқас С. 23 жаста, тәбетінің төмендеп, сол жақ мықын аймағының ауырсынуына, іш қатуға шағымданып түсті. Қандай патология туралы ойлау керек? Науқасты қараудығы мәліметтерді айтыңыз. Әш қуысы пальпациясында қандай өзгерістерді анықтауға болады? 2. Науқас 60 жаста, эпигастриалды аймағының тамақ ішкеннен кейін 1-1,5 сағаттан соң ауыратынына және ашқарында ауыратынына шағымданып келді. Диспепсиялық шағымдарынан: қыжылдау, кекіру. Анамнезінде: ауырсыну 3-жылдан бері мазалайды, күз, көктем айларында күшейеді. Объективті: науқас бозарған, тітіркенгіш, жылағыш. Ішті пальпациялағанда пилородуоденалды аймақта ауырсыну байқалады. Сіздің алдын ала диагнозыңыз? Диагнозды нақтылау үшін не керек? № 6 сабақ. 1) Тақырып: Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі синдромдар. Себептері, симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері. 2) Мақсаты: Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі синдромдарын: асқазан және ішек диспепсиясы, сарғаюлар, бауырлық клеткалық жетіспеушілігі, асқазан ішектен қанкетулері. Себептерін, симптомдарын, олардың механизмін. Диагностика тәсілдерін оқыту. 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Асқазан және ішектардің құрылымының ерекшеліктері. Билирубиннің қалыпты жағдайда бөлінуі. Бауырдың анатомо – физиологиялық ерекшеліктері. Студент істеуге білу тиісті: Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі синдромдарын: асқазан және ішек диспепсиясы даму себептерін, симптомдарын, олардың механизмін, диагностика тәсілдерін оқыту. Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі синдромдарын: сарғаюлар, бауырлық-клеткалық жетіспеушілігі даму себептерін, симптомдарын, олардың механизмін, диагностика тәсілдерін оқыту. Студенттерге асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі синдромдарын: асқазан және ішек диспепсиясы, сарғаюлар, бауырлық-клеткалық жетіспеушілігі кезіндегі синдромдарды анықтауды үйрету. 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Асқазан диспепсиясы туралы түсінік, даму себептері. 2. Асқазан диспепсиясының клиникалық белгілері, даму механизмі. 3. Асқазан диспепсиясының диагносталық әдістері. 4. Ішек диспепсиясы туралы түсінік, даму себептері . 5. Ішек диспепсиясысының клиникалық белгілері,даму механизмі. 6. Ішек диспепсиясының диагностикалық әдістері. 7. Сарғаю туралы түсінік, себептері, түрлері. 8. Гемолитикалық сарғаю, себептері, клиникалық белгілері, диагностикасы. 9. Паренхиматозды сарғаю, себептері, клиникалық белгілері, диагностикасы. 10. Механикалық сарғаю, себептері, клиникалық белгілері, диагностикасы. 11.Бауырлық- клеткалық жетіспеушілік сидромы туралы түсінік, этиологиясы, даму патогенезі. 12. Бауырлық- клеткалық жетіспеушілігінің клиникалық белгілері. 13. Бауырлық -клеткалық жетіспеушілігінің диагностикалық әдістері. 5) Білім беру және оқыту әдістері: тәжірибелік дағдыларды жасау. 6) Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014 2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014 3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012. 4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет. 5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007. 6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007. Қосымша: 1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007. 2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007 7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер). Сұрақтар: Асқазан және ішек диспепсиясына әкелетін жиі себебі қандай факторлар? Асқазан ішектен қанкетулердің негізгі себебі қандай? Бауыр- клеткалық жетіспеушілігінің басты белгісі? Тесттер: Өңеш ауруларына тән белгіні атаңыз: ауырсыну құсу жүрек айну дисфагия қанкету 2. Ойық жара ауруы асқынуына жатпайды: пенетрация ішек өтімсіздігі привратник стенозы қанкету малигнизация 3. Энтероколит даму себебі: химиялық заттармен интоксикация іш қатулар АІТ аурулары алиментарлық фактор барлығы 4. Ішек дискинезиясына тән емес симптом: метеоризм іш қатулар ауырсыну іш өтулер құсу 5. Энтероколиттер кезінде терәнәі және шырышты қабаттардың құрғауының себебі: профузды іш өтулер сіңірілудің бұзылуы ішек диспепсиясы синдромы асқазан диспепсиясы синдромы іш қатулар 6. Бауырдың қандай патологияларында мұрыннан,қызыл иектен қанкетулер және теріасты қанқұйылулар кездеседі: жіті холецистит вирусты гепатит холангит өттас ауруы өт жолдары дискинезиясы 7. Гепато-лиеналды синдром белгілерін атаңыз: бауырдың ұлғаюы бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы іштің асцитке байланысты ұлғаюы барлығы 8. Холциститті анықтайтын өтті зерттеу нәтижелері: порция А: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш порция С: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш холестерин тұздарының кристлдары порция В: лейкоциттер 30 – 40 к.а, шырыш порция А: лейкоциттер 50 – 60 к.а, шырыш 9. Холангиттер кезінде өттегі өзгерістер: порция В: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш порция А: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш холестерин тұздарының кристлдары порция В: лейкоциттер 30 – 40 к.а, шырыш порция А: лейкоциттер 50 – 60 к.а, шырыш 10. Дуоденитті анықтауда өтті зерттеу нәтижелері: порция В: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш порция А: лейкоциттер 10 – 20 к.а, шырыш холестерин тұздарының кристлдары порция В: лейкоциттер 30 – 40 к.а, шырыш порция А: лейкоциттер 50 – 60 к.а, шырыш Есептер: 1. Науқас ас содасын немесе аздаған тамақ ішкенде басылатын «аштық сезімі» тәрізді, түнгі кеш ауырсынуларға, қыжылға, құсуға, іш қатуға шағымданады. 5 жылдан бері ауырады, асқыну кеш күзде пайда болады. Асқынулар арасында жағдайы жақсарады. Объективті: іші сәл қатыңқы және оң жақ эпигастралды аймақта ауырсынады. Мендель симптомы оң жақта ортаңғы сызықта кіндіктен жоғары оң мәнді. Бұл симптом қандай ауруға тән? 2. Науқас С., 37 жаста, кешке екі рет құсқанына шағымданады. Құсығы күңгірт сұр түсті. Таңертең іші өткен. Объективті: бозарған, әлсіреген, суық тер басқан. Берілген жағдайдың себебі қандай? № 7 сабақ. 1) Тақырып: Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдері. Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі синдромдар. Бүйрек жетіспеушілігі туралы ұғым. Себептері, симптомдары, олардың механизмі. Диагностика тәсілдері. 2) Мақсаты: Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдерін оқыту. Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі сұрастыру, объективті қарау, пальпация және перкуссия әдістері оқыту. Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі негізгі симптомдарын және синдромдарын анықтауды, олардың диагностикалық маңызын оқыту. Бүйрек жетіспеушілігі себептерімен және олардың диагностикасымен танысу. 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Бүйрек және зәр шығару жүйесінің анатомиялық ерекшеліктері. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің физиологиясы. Рениннің ағзадағы рөлі. Студент істеуге білу тиісті: Студенттерге бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі зерттеу тәсілдерін үйрету. Студенттерге бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі симптомдар және синдромдарын үйрету. Студенттерді бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезіндегі лабораторлық – аспаптық тексеру әдістерімен таныстыру. Студенттерді негізгі синдромдардың даму механизмдерімен таныстыру (несептік және нефротикалық). Студенттерге бүйрек жетіспеушілігін анықтауды үйрету. 4) Тақырыптың негізгі сұрақтары: - Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезінде науқастарды сұрастыру. - Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезінде науқастардың ауру анамнезі. - Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезінде науқасқа пальпация, перкуссия жүргізу. - Бүйрек және зәр шығару жүйелері аурулары кезінде негізгі симптомдар және синдромдарды анықтау. - Несептік синдромның себептері, симптомдары және даму механизмдері. - Нефротикалық синдромның себептері, симптомдары және даму механизмдері. - Бүйрек жетіспеушілігі синдромының себептері, симптомдары және даму механизмдері. 5) Білім беру және оқыту әдістері: муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау. 6) Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Ахметов К.Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері;оқу құралы.-Эверо,2014 2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы:оқулық. -Эверо 2014 3. Санов С. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі оқулық. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012. 4. Айтбембет, Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқулық . - Алматы , 2009. - 568 бет. 5. Ахметов Қ. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе, 2007. 6. Қаражанова Л. Қ. Ішкі аурулар семиотикасының негіздері: оқулық.- Семей, 2007. Қосымша: 1. Айтбембет Б. Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : оқу құралы. - 3-бас. - Алматы, 2007. 2. Ахметов Ә. Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері: оқу құралы. - Ақтөбе : М. Оспанов атындағы БҚММА, 2007 7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер). Сұрақтар: Бүйректі пальпациялау әдісін ұсынған кім? Нефроптоздың анықтамасы қандай? Бүйрек жетіспеушілігінің қандай кезеңдерін білесіңдер? Тесттер: 1 Бүйректік гематурия : зәр «ет жуындысы» тәрізді зәр тұнбасында эритроциттер болуы гематурия мен қатар протенурия болуы зәр қызыл бурыл түсті лайлы болуы 2 Бүйректік гематурия ... кездеседі. нефриттерде нефроздарда бүйрек тас ауруында қуық тас ауруында простатиттерде 3 Бүйректен тыс гематурия : бүйрек тас ауруы нефроздар нефриттер бүйрек туберкулезі бүйректедің төмен ығысуы 4 Зимницкий сынамасындағы зәрдің меншікті салмақтары ішінен гипоизостенурия: 1005-1008 1008-1025 1008-1015 1015-1007 1010-1018 5 Бүйрек жетіспеушілігі кездеспейтін зәрдің меншікті салмағының ауытқу деңгейі: 1010-1019 1006 -1008 1005-1010 1006-1010 1005-1012 6 Аддис – Каковский сынамасының қалыпты деңгейі: эритроциттер 1 млн, лейкоциттер 2 млн, цилиндрлер 20000 эритроциттер 2 млн, лейкоциттер 1 млн, цилиндрлер 10000 эритроциттер 500000, лейкоциттер 4 млн эритроциттер 4 млн, лейкоциттер 500000 эритроциттер 1 млн, лейкоциттер 1 млн 7 Нефритке тән Реберг сынамасы нәтижесі: ШФ – 50 мл\мин, Р – 99%, МД – 0,6 мл ШФ – 100 мл\мин, Р – 98%, МД – 2 мл ШФ – 120 мл\мин, Р – 60%, МД – 2 мл ШФ – 110 мл\мин, Р – 98%, ШФ – 100 мл\мин, Р – 10%, 8 Пиелонефритке тән Реберг сынамасы нәтижесі: ШФ – 120 мл\мин, Р – 60%, МД – 2 мл ШФ – 100 мл\мин, Р – 98%, МД – 2 мл ШФ – 50 мл\мин, Р – 99%, МД – 0,6 мл ШФ – 110 мл\мин, Р – 98%, ШФ – 100 мл\мин, Р – 10%, 9 Нечипоренко сынамасы үшін: зәрдің ортаңғы бөлігі алынады жарты тәуліктік зәр жиналады бір бөлінген зәрдің бәрі тәуліктік зәр жиналады зәрдің соңғы бөлігі 10 Аддис – Каковский сынамасы нәтижесінің ... нефритке тән. эритроциттер 4 млн, лейкоциттер 500000 эритроциттер 2 млн, лейкоциттер 1 млн, цилиндрлео 10000 эритроциттер 500000, лейкоциттер 4 млн эритроциттер 1 млн, лейкоциттер 2 млн, цилиндрлео 20000 эритроциттер 1 млн, лейкоциттер 1 млн Есептер: 1. Науқас Т., 23жаста, бас ауыруына, температурасының субфебрилді цифрға жоғарылауына, қызыл, бұлыңғыр зәрдің бөлінуіне шағымданады. Зәр анализінде: гематурия, протеинурия 1,6 г/тәулігіне, дәнді және аздап балауыз тәрізді цилиндрлер анықталды. Зәр шығару жүйесінің қандай ауруларына тән симптомдар? 2. Науқас Ш., 38 жаста, бетінің және аяқтарының ісінуіне шағымданады. Анамнезінде созылмалы іріңді бронхит. Инспекция кезінде: ісінулер бозғылт, жылы, қозғалғыш, басқанда шұңқырлар қалмайды. Ісіну қандай синдромға тән? № 8 сабақ. 1) Тақырып: Бронхиттер. Бронхиалды астма. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру. 2) Мақсаты: Студенттерді бронхиттің және бронх демікпесінің негізгі симптомдарын анықтауды оқыту. Бронхит және бронх демікпесі кезіде зерттеу әдістерін оқыту. Бронхит және бронх демікпесі кезінде науқастарды аспапты зерттеу әдістерімен, емдеу принциптерімен таныстыру, мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруды үйрету. 3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Бронхтардың құрылымының ерекшеліктері. Бронхиолдардың физиологиясы. Бронх демікпесінің заманауи жіктелуі. Студент істеуге білу тиісті: Студенттерді бронхиттің және бронх демікпесі кезінде зерттеу әдістеріне үйрету (ауру анамнезі, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация). Студенттерді бронхиттің және бронх демікпесі кезінде симптомдарын және синдромдарын анықтауды үйрету. Студенттерді бронхиттің және бронх демікпесі кезінде лабораторлық –аспаптық тексеру әдістерімен таныстыру. Студенттерді бронхиттің және бронх демікпесінің емдеу принциптерімен таныстыру. Студенттерді бронхиттің және бронх демікпесі кезінде мейірбикелік үдерісті ұйымдастыруға үйрету. |